Рецепт на настойку пустырника 17 страница



Шығарылу түрі. 1% егуге арналған ерітінді 1 мл ампулада. 

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Lobelini 1%-1 ml

                                      D.t.d. N.10 in amp.

                                    S. Көк тамырға баяу 1-2 минут ішінде 0,3-0,5 мл –ден физиологиялық ерітіндіде.

#

Цитизин (Cytisinum), цититон. Цитизин 0,15% сулы ерітіндісінің алкалоидынан тұрады және әсер етуі бойынша лобелинге жақын, бірақ тыныс орталығын күштірек белсендіреді, сонымен қоса қысқа мерзімді «итермелеу» сипаты бар.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Тыныстың рефлекторлы тежелуі кезінде тыныс аналептигі ретінде, шок және коллаптоидты жағдайларда қолданылады. Ресми түрде 1 мл-ден тұратын 0,15% сулы ерітіндісі.

Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Лобелинге ұқсас.

Шығарылу түрі. Ресми түрінде 1 мл сулы алкалоид ерітіндісі цитизиннің.

Рецепт үлгісі. Rp.: Cytitoni 1 ml

                              D.t.d. N. 6 in ampull.

                              S. Көк тамырға 1 мл-ден глюкозамен бірге.

                                                #

Таблетка түріндегі біріктірілген препараттар «Табекс» ол цитизиннен және лобелиннен тұратын«Лобесил»,сонымен қатар анабазин алкалоиды шайнайтын сағыз«Гамибазин»,темекіден бас тарту үшін қолданылады

Табекс(Таbех) құрамына м-холиномиметикалық зат кіретін цитизин таблетка түрінде шығарылады немесе трансдермальды терапиялық жүйеден Ципераутин ТТЖ тұрады. Темекі тартудан айыру үшін қолданылады. 1 таблеткадан немесе пластырь ретінде 1 – 5 рет тәулігіне.

Шығарылу түрі. 1,5 мг таблеткасыN.20, пластырь 125 мг/30см2.

Лобесил(Lobesilum), құрамына м-холиномиметикалық зат кіреді, лобелин таблетка түрінде шығарылады. Темекіден бас тартуды жеңілдету үшін қолданылады. 1 таблеткадан тәулігіне 1 – 5 реттен.

Шығарылу түрі. Таблетка2 мг –нан N.50.

 

Никотиннің адам ағзасына әсері

Темекі шегуде уытқорлықтың бір түріне жатады.Темекінің түтінінде көміртегі тотығы, никотин, 3,4-бенз(а)пирен, азот тотықтары, никель, хром, кадмий т.с.с. көптеген зиянды заттар болады.

Химиялық құрылысына байланысты никотин ОЖЖ медиаторы болып табылатын — ацетилхолинге ұқсас болып келеді. Медиаторлар — табиғи түрде ОЖЖ-нің қалыпты қызметін қамтамасыз ететін заттар. Никотин қолданған кезде ацетилхолинге сезімтал ми бөліктерінің қызметі бұзылады. Ал ондай орталықтар өте көп. Мысалы, олардың қалыпты қызметіне көңіл күй, интелектуальды жұмыс қабілеті, бұлшықет тонусы, көптеген ішкі ағзалар қызметі, ерлердің сексуалды потенциясы, әйелдердің менустралды циклының сипаты, тері және оның барлық қосалқыларының (тер, май бездері, туктері) жағдайы және жүрек қан тамыр жүйесі қызметі байланысты. Шылым шегетін адамдарда осы жүйелер зардап шегіп, олардың қызметі бұзылады.

Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу ағзаларының созылмалы аурулары бронхит, қорғаныш жүйесінің әлсізденуі, астма, эпителий қабатының өлуі, шырыш бөлінуінің жоғарылауы, дауыс қатпарларының қабынуы. Өкпе туберкулезі — Туберкулезбен сырқаттанға 100адамның 95% темекі шегетіндер. Өкпе рагі — Ракпен сырқаттанған науқастардың 97% темекі шегетіндер. Көмей рагі темекі шегетіндерде 6-10 есе жоғары.

Жүрек қантамыр жүйесі.

· Қан қысымының көтерілуі, тамырдың қысылуы, холестерин деңгейінің өсуі, жүрек талмасы.

· Темекі шегетіндерде стенокардия 13 есе жоғары болады.

· Миокард инфарктісі 13 есе жиі кездеседі. Әсіресе 40жасқа дейінгі адамдарда.

· Жедел миокард инфарктісі 35 дейінгі темекі шегетіндерде кездеседі. 80% мектеп қабырғасынан бастап темекі шегетіндер.

· Темекі шегу атеросклероз табақшаларының түзілуіне, гипертоникалық аурулардың түзілуіне және миға қан құйылуына әсер етеді.

Жүйке жүйесі

· Никотин бастапқыда ми қан тамырларын кеңейтеді. Ақыл ойдың жалған жақсару сезімін тудырады. Кейіннен олардың бірден тарылтады.

· Ми жасушаларын уландырады (есте сақтау, көру, ақыл ойдың жұмыс істеу қабілеті нашарлайды, ұйқысыздық және бас ауруы пайда болады).

· Шылым шегетін оқушыларда сабақты меңгеруді нашарлатады. Тітіркенгіш, шашыранды, жалқау, дөрекі және тәртіпсіз қылдырады.

· Жүйке жүйесінің аурулары дамиды — невралгиялар, невриттер, жүйке өрімдері мен түйіндерінің ауруы.

 Ас қорыту жүйесі

· Тіс шегісі пайда болады.

· Тәбеті және иіс сезуі нашарлап,дәм сезуі бұрмаланады.

· Асқазан ішек спазмдары дамиды,ішек өтімсіздігі өлімге әкелуі мүмкін.

· Созылмалы гастрит, колит, асқазан және он екі елі ішек ойық жарасы дамиды.

· Бауыр циррозына әкеледі

· Ауыз қуысы, өңеш, ұйқы безі рагі дамиды.

 Зәр шығару жүйесі

· Бүйрек және қуықтың созылмалы ауруы дамиды,тіпті қуық рагіне әкелуі мүмкін. Мұндай заттар пассивті темекі шегушілерде де байқалады.

· Бүйрек рагі 5 есе жиі кездеседі.

Тірек қимыл жүйесі.

· Қан тамырлары спазмы салдарынан бұлшық еттердің қанмен қамтамасыз етілуі нашарлап, жұмысы төмендейді.

· Эндоартрит- аяққа жиі ампутация жасауды талап ететін ақсақтық.

· Никотин бұлшық ет жүйесінің салдануына әкелетін улы әсер көрсетеді. Әрбір жетінші темекі шегуші зардап шегеді.

Басқа жүйелерге әсері:

· Терінің уақытынан бұрын қартаюы, құрғауы, қоңыр түстес болуы, бозаруы, әжімдеуі байқалады.

· Тері эластикалық және балғындық қасиетін жоғалтады.

· Ішкі секреция бездері – барлық бездердің қалыпты қызметі бұзылады.

· Қант диабеті дамиды.

· Зат алмасу төмендейді, витамин жетіспеушілік дамиды.

Темекі тартумен күрсе жүргізуде қолданылатын дәрілер: Табекс (цитизин) таблеткалары, құрамында аз дозада никотины бар дәрілер (Никоретте шайнайтын сағыздар,Никотинелл жабыстырғыштары). Бұл дәрілер никотинге физикалық тәуелділікті төмендетеді.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

7.6 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

2. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

1. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

2. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

3. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

4. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

5. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

6. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

7.7 Бақылау (сұрақтар, тестілер. тапсырмалыр, т.б.)

1. Н-холинорецепторларға әсер ететін дәрілер.

2. Н-холиномиметикалық дәрілер (цититон, лобелин гидрохлориді).

3. Негізгі эсерлері. Қолданылуы.

4. Никотиннің уытты әсері.

5. Н - холиномиметикалық заттарды темекі тартумен күрес жүргізуде колдану.

 

 

7.1 Тақырып №9 Н - холиноблокаторлык дәрілер. Ганглиоблокаторлык дәрілер. Шеткерлік әсердегі миорелаксанттар. Антидеполяризациялаушы миорелаксантгардың антагонистері.

7.2 Мақсаты:Н - холиноблокаторлык дәрілер, оның ішінде ганглиоблокаторлык дәрілер, шеткерлік әсердегі миорелаксанттар, антидеполяризациялаушы миорелаксантгардың антагонистері туралы толық мағлұмат беру.

7.3.Оқытудың міндеті

Н - холиноблокаторлык дәрілер, оның ішінде ганглиоблокаторлык дәрілер, шеткерлік әсердегі миорелаксанттар, антидеполяризациялаушы миорелаксантгардың антагонистері туралы толық мағлұмат беру. Дәрілерге рецепт жазуды үйрету.

7.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Н - холиноблокаторлык дәрілер.

2. Ганглиоблокаторлык дәрілер (бензогексоний, пентамин, гигроний, пирилен). Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Негізгі әсерлері. Қолдану көрсетілімдері. Жағымсыз әсерлері.

3. Шеткерлік әсердегі миорелаксанттар (тубакурарин хлориді, панкуроний бромиді, дитилин). Жіктелуі.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

Ақпараттық-дидактикалық блок.

Ганглиотежегіштер

Ганглиотежегіштер симпатикалық және парасимпатикалық жүйке түйіндерінің паравертебральды торап арқылы жүйке импульстарының өтуін тежейді, сонымен қатар бүйрек үсті безінің милы қабатының және каротидті шумағының холинорецепторына тежегіш әсер етеді.

Әсер ету механизмі бойынша ганглиотежегіштер жалпы антидеполяризиялаушы әсері бар, бірақ кейбіреулері ашық ионды өзектерді тежейді, сонымен қатар Н-холинорецепторларды да тежейді. Симпатикалық және парсимпатикалық тораптар деңгейіндегі негізгі әсерлері бірінше кезекте қан қысымының төмендеуімен жүретін және мүшелер мен тіндерде қан айналымды жақсартатын қан тамырларының кеңеюіне әкеледі. Екінші жағдайда ішкі мүшелердің секреция бездері мен АІЖ моторикасын тежеумен байқалады. Негізгі жанама әсерлері вегетативті тораптардың тежелуімен байланысты болатын ортостатикалық коллапс дамиды, нәтижесінде науқас талып қалады. Осы жағдайлардың алдын алу үшін науқас 2 сағат бойы төсекте жатуы қажет.

Таблица 4.5.1. Ганглиотежегіштердің жалпы сипаттамасы.

Әсер ету механизмі Қолданылуы Қарсы көрсеткіштер Жанама әсерлері
Антидеполяризациялаушы әсері бар, ал кейбір препараттар ашық ионды өзектерді тежейді.   Негізінен гипертониялық кризде, бас миының ісінуі, шеткі тамырлардың тарылуы және т.б. Негізінен артериялық гипотензия, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі, тромбофлебит. Ортостатикалық коллапс, мидриаз, тахикардия, әлсіздік, ауыздың құрғауы, бас айналуы.

Гексаметоний бензосульфонат(Hexamethonii benzosulfonas), бензогексоний. Бензогексонийдің белсенділігі жоғары, ішекте нашар сіңіріледі, сондықтан парентералдық әдіспен енгізіледі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Бұны гипертониялық ауру, жүрек демікпесі, қарын және 12 елі ішектің ойық жарасына, шеткі тамырлардың тарылуы кезінде 100 мг тәулігіне 3-6 рет, егуге арналған 2,5% ерітінді -1 мл қолданылады.  

Кері көрсеткіштері.Миокард инфарктісінің жедел кезеңінде, айқын гипертензияда, дамып жатқан шокта, тромбоз, ОЖЖ-нің дегенеративті өзгерістерінде және кәрі адамдарға сақтықпен тағайындау қажет.

Жанама әсерлері.Әлсіздік, бас ауыруы және айналуы, жүректің соғуы және ортостатикалық коллапс байқалуы мүмкін.

Шығарылу түрі. 100 және 250 мг таблеткасы; 2,5% ерітіндісі егуге арналған 1 мл ампуласы.

Рецепт үлгісі.Rp.: Sol. Hexamethonii benzosulfonatis 2,5%-1 ml

                                   D.t.d. N. 6 in amp.

                                   S. 1 мл-ден тері астына күніне 1 реттен.

#

 Азаметоний бромид(Azamethonii bromidum), пентамин. Азаметоний бромид белсенді ганглиотежегіштер, бензогексонийге ұқсас, бірақ жанама әсерлері аз болып келеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Гипотензиялық және спазмолитикалық әсері бар. 0,2 – 0,5 мл 5% ерітіндісін 20 мл физиологиялық ерітіндіде күре тамырға егу ретінде қолданылады.

Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Бензогексониймен бірдей.

Шығарылу түрі. 5% ерітіндісі күре тамыр арқылы егуге арналған 1 және 2 мл ампуласы N. 10.

   Рецепт үлгісі.Rp.: Sol. Azamethoni bromidi 5%-1 ml

D.t.d. N. 10 in amp.

S. Бұлшықетке 1 мл-ден күніне 1 рет.

#

Трепирий йодид (Trepirii iodidum), гигроний. Трепирий йодид симпатикалық тораптарды тежеу арқылы қан қысымын тез төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Гипертониялық кризде және тромбтарды алып тастау үшін ірі тамырларға операция жасау кездерінде, 0,1 г. Затты 10 мл физ. ерітіндіде ерітіп, қан қысымын бақылау арқылы көк тамырға енгізеді.  

Шығарылу түрі. 100 мг ұнтақ ампуласы.  

Рецепт үлгісі. Rp.: Trepirіi iodidі 0,1

                              D.t.d. N. 10 in ampull.

                          S. Ампула ішіндегі ұнтақты ex tempere ретінде ерітіп, көк тамырға егіледі.

                                                    #

Миорелаксанттар

Миорелаксанттар – қаңқа бұлшықеттерінің шеткі холинорецепторларын тежейтін кураре тәрізді заттар (кураре – қаңқа бұлшықеттерінің салдарын туғызатын, өлім әкелетін у). Әсер ету механизмі бойынша олар үшке бөлінеді:

1) үйексізденуге қарсы дәрілер – тубокурарин хлорид, панкурония бромид, пипекурония бромид,

2) үйексіздеуші дәрілер – суксаметония хлорид.

3) араластық түр әсері бар – диоксоний.

Орталыққа әсер ететін миорелаксанттар – мелликтин, баклофен.

Миопаралитикалық ықпалының ұзақтығына байланысты:

1) қысқаша әсерлі 5-10 минут – суксаметония йодид,

2) орташа әсерлі 20-30 минут – атракурий, векуроний,

3) ұзақ әсерлі 30-40 минут – тубокурарин, пипекурония, панкурония.

Препараттардың әсер ету механизмі ацетилхолиннің үйексіздену әсеріне кедергі жасайтын Н-холинорецепторларды тежеумен байланысты. Үйексізденуші заттардың әсер ету механизмі Н-холинорецепторларды шамадан тыс қоздырумен байланысты және нәтижесінде синапсттан кейінгі мембрананың тұрақты үйексізденуі жүреді. Бұл бұлшықеттің тарылуымен, кейін миопаралитикалық ықпалы басталады.

Аралас түрде әсер ететін препараттар үшін үйексізденудің бірігуі, үйексізденуге қарсы тежелумен байланысты болатын үйексізденуге қарсы ықпалдармен бірге жүруі тән. Миорелаксанттар бет, мойын, аяқ, тұлға және соңында көк еттің бұлшықеттерінің жүйке- бұлшықет синапстарын тежейді, ол тыныстың тоқтауына әкеледі, сондықтан алдын ала жасанды тыныс алу жабдығына қосылады.

 Үйексізденуге қарсы препараттар үшін антагонист ацетилхолинэстеразаны тежейтін прозерин және галантамин болып келеді, нәтижесінде синаптикалық саңылауда ацетилхолин құнарлығы жоғарлайды, ол Н-холинорецепторлармен байланысқан препараттарды ығыстырады және жүйке-бұлшық өткізгіштерін қалпына келтіреді.

Үйексізденуші заттар үшін (дитилин) антагонисттер жоқ, бірақ мөлшерден тыс қолданғанда плазмада болатын жаңа цитратты қан енгізеді, холинэстераза дитилиннің әсерін бейтараптайды.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 815; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!