Рецепт на настойку пустырника 20 страница



- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

7.6 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

2. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

1. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

2. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

3. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

4. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

5. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

6. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

7.7 Бақылау (сұрақтар, тестілер. тапсырмалыр, т.б.)

1. Адреномиметикалык дәрілер.

2. Адренорецепторлардың әртүрлі түрлеріне әсер етуіне қарай тіке эсердегі адреномиметиктердің жіктелуі.

3. Альфа- жэне бета-адренорецепторларды стимуля- ция жасайтын заттар. А

4. дреналиннің негізгі қасиеттері (жүрек-кантамыр жүйесіне, тегіс бұлшықеттерге, көзге, заттар алмасуына эсері), норадреналин эсерлерінің ерекшеліктері, оларды қолдану.

5. Альфа - адреномиметиктер.

6. Мезатонның негізгі эсерлері және қолданылуы.

7. Нафтизиннің, галазолиннің әсер ету жэне қолданылу ерекшеліктері.

8. Альфа - адре- номиметик (клофелин).

9. Бета-адреномиметиктер.

10. Селективті емес адреномиметиктер (изадрин) фармако- динамикасының ерекшеліктері. Бета - адренорецепторлар (добутамин) мен бета 2 - адренорецепторларға (салбутамол, фенотерол) эсер ететін дэрілер. Қолданылуы.

11. ¥зақ эсер ететін бета 2 - адреномиметиктер (формат, салмет).

12. Тікелей емес эсер ететін адреномиметиктер (симпатомиметиктер).

13. Эфедриннің эсер ету механизмі. Негізгі әсерлері. Қолданылуы.

14. Адреномиметиктердің жағымсыз эсерлері, олардың алдын алу жэне жою шаралары.

 

 

7.1 Тақырып №11 Адреноблокаторлык дәрілер. Альфа-адреноблокаторлар. Селективті жэне селективті емес альфа - адреноблокаторлар. Бета – адреноблокаторлар. Симпатомиметикалык дәрілер.

7.2 Мақсаты:Білімгерлергеадреномиметикалык дәрілер. Альфа – және бета-адреномиметиктер. Селективті емес адреномиметиктер. Бета – адренорецепторлар мен бета 2 – адренорецепторларға әсер ететін дэрілер. ¥зақ эсер ететін бета 2 - адреномиметиктер. Тікелей емес эсер ететін адреномиметиктер (симпатомиметиктер).

7.3.Оқытудың міндеті

Альфа – және бета-адреномиметиктер, селективті емес адреномиметиктер, бета – адренорецепторлар мен бета 2 – адренорецепторларға әсер ететін дәрілер, ұзақ әсер ететін бета 2 – адреномиметиктер, тікелей емес әсер ететін адреномиметиктер (симпатомиметиктер) туралы толық мағлұмат беру. Препараттарға рецепт жазуды үйрету.

7.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Адреноблокаторлык дәрілер (фентоламин, празозин, пропранолол, метопролол)

2. Альфа-адреноблокаторлардың фармакодинамикасы.

3. Селективті жэне селективті емес альфа - адреноблокаторлар. Колданылуы. Туындайтын асқынулар.

4. Бета - адреноблокаторлардың негізгі қасиеттері және қолданылуы.

5. Таңдамалы әсердегі (атенолол) жэне ішкі симпатомиметикалықбелсенділіктегі (окспренолол) бета-адре- ноблокаторлар.

6. Бета - адреноблокаторлардың жағымсыз әсерлері.

7. Симпатомимети- калык дәрілер.

8. Октадин және резерпшшің шектелуі, әсер ету механизмі және негізгі эсерлері, олардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы. Жағымсыз эсері.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

Ақпараттық-дидактикалық блок.

Адренотежегіштер

Адренотежегіштер – шеткері медиаторлы жүйенің адренорецепторларына тікелей тежегіш әсер көрсететін адренергиялық заттар болып табылады.

Кесте 5.2.1. Адренотежегіштердің жалпы сипаттамасы

Әсер ету ықпалы Қолданылуы Кері көрсеткіші Жанама әсерлері
Адренорецепторларға тежегіш әсер етеді: α1 және α2, β1 және β2 , адренергиялық физиологиялық ықпалдарды тежеуге әкеледі Артериалды гипертензия, гипертониялық криз, геморрагиялық және кардиогенді шок, стенокардия, тахиаритмия, феохромоцитома, глаукома, шеткі қан айналымының бұзылыстары (эндартериит, Рейно ауруы, акроцианоз ж.т.б.), аталық безінің қатерлі емес гиперплазиясы Брадикардия, артериалды гипотензия, Жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігі, атрио- Вентрикулярлы тежелу, бронх демікпесі, атеросклероздың ауыр түрлері, бүйрек және бауыр жетіспеушлігі, жүктілік Басу ауыру, бас айналу, тахикардия, ортостатикалық коллапс, жүрек жетіспеушілігі, бронхоспазм, қышыну мен терінің гиперемиясы, мұрынның шырышты қабаттың ісінуі, жүректің айнуы, құсу, іштің өтуі

 

α - адренотежегіштер

Фентоламин (Phentolaminum) талдамсыз α-адернотежегіштерге жатады, бір мезгілде синапстан кейінгі α1 және синапстың алдындағы α2 адренорецепторларға әсер етеді, ол бұлшық еттің, терінің, шырышты қабақтың қан айналымын жоғарылатып, тарылуларды шеттетеді және шеткі тамырларды кеңейтеді, әсіресе артериолдар мен прекапилярларды және қан қысымын төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Феохромоцитома кезіндегі гипертензивті кризді шеттетеді, шеткі қан айналым бұзылыстврында (Рейно ауруы, эндартерит, акроциноз, атеросклерозды гангренаның бастапқы сатысында), аяқтың трофикалық жараларын емдеу үшін, жазылмайтын трофикалық жаралар мен үсулерде қолданылады. Ересектерге ішке таблетка түрінде 0,05г және балаларға 0,025 г тәулігіне 3 – 5 рет.

Кері көрсеткіштері.Жүректің және тамырлардың органикалық бұзылыстарында.

Жанама әсерлері. Тахикардия, бас айналуы, терінің қызаруы және қышуы, мұрынның шырышты қабатының ісінуі, кейде лоқсу, құсу және іш өту.

 Шығарылу түрі.25 мг таблеткада.

Рецепт үлгісі.   Rp.: Phentolamini 0,05

D.t.d. № 6 in tab.

S. 1 таблеткадан күніне 3-4 реттен.

#

Троподифен(Tropodifenum), тропафен. Троподифен әлсіз холинотежегіш қасиеті бар, белсенді α-адренотежегіш болып табылады. Негізінен шеткері тамырларды қатты кеңейтеді және артериялық қан қысымын төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Шеткі қан айналым бұзылыстарымен байланысты ауруларды емдеу үшін (эндартериит, Рейно ауры, акроцианоз ж.т.б.), аяқтың трофикалық жараларын және жазылмайтын жараларды емдеу үшін, гипертониялық кризді шеттету үшін, феохромоцитоманы диагностика жасау мен емдеу үшін. Тері астына немесе бұлшықетке 1% немесе 2% ерітіндіні 0,5-2 мл-ден күніне 1-3 реттен.

Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Жүрек пен тамырлардың органикалық өзгерістері кезінде.

Жанама әсерлері.Ортостатикалық коллапстың, тахикардияның дамуы мүмкін, бастың айналуы, терінің қызаруы мен қышынуы, мұрынның шырышты қабатының ісінуі, жүректің ануы мен құсу, іштің өтуі.

Шығарылу түрі. Егуге арналған 20 мг-нан тұратын лиофилизирленген флакондағы ұнтақ .

 Рецепт үлгісі.         Rp.: Tropapheni 0,02

D.t.d. № 6 in amp.

S. Ампуланың ішіндегісін егу үшін еріту керек.

#

Празозин (Prazosinum) тамырлардың синапстан кейінгі α1 – адренорецепторларына талдамды әсер етеді, осы әсеріне байланысты ол норадреналин медиаторының тамырларды тарылту ықпалын тежейді. Празозин бір мезгілде артерио – мен веналарды кеңейтетін әсер көрскетеді, осыған байланысты жүрекке венозды қанның қайтып келуін шектейді және шеткі қарсыласудың азайтуы арқасында оның жұмысын жеңілдетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Әртүрлі артериялды гипертензия, шеткі қан айналым бұзылыстары (Рейно ауруы), ерте кезеңдегі аталық безінің аденомасын емдеу. Аз мөлшерін 0,5 мг жатар алдында тағайындайды, содан соң 1 мг-нан күніне 2-3 реттен.

Кері көрсеткіштері.Жүктілік, 12 жасқа дейінгі балалар және бүйрек ауруы.

Жанама әсерлері. «Бірінші мөлшер феномені» дамуы мүмкін – постуралды гипотензия естен тануға дейін, бас айналу, бастың ауыруы, ұйқысыздық, әлсіздік, шаршағыштық, лоқсу, іш өту, іш қату, ауыз құрғауы, кей жағдайларда жүрек соғу жиілігінің жиілеуі мүмкін. 

Шығарылу түрі.0,5, 1, 2 және 5 мг таблеткада N. 30, 100.

 Рецепт үлгісі.  Rp.: Prazosini 0,001

D.t.d. N 10 in tab.

S. 1 таблеткадан ұйықтар алдында.

#

Доксазозин (Doxazosinum), артезин, кардура, тонокардин. Доксазозин таңдамалы α1– адренотежегіштер.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Негізінен артериялды гипертензия, тоқыраулы жүрек жеткіліксіздігі, аталық безінің қатерсіз гиперплазиясы. Ішке 1-8 мг күніне 1 реттен (таблеткалар 1, 2, 4 және 8 мг N10, 20, 30) тәулігіне 8-16 мг-ға дейін қолданады.

Кері көрсеткіштері.Аорталды және митралды қақпақшаның стенозы, бауыр қызметінің бұзылуы, жүктілік.

Жанама әсерлері.Ортостатикалық гипотензия, тахикардия, аритмия, дірілдеу, лоқсу, іштің қатуы, ұйқышылдық.

Шығарылу түрі. 1, 2, 4 және 8 мг таблеткада N. 10, 20, 30.

 

Пророксон(Proroxanum), пирроксан. Пророксан шеткері және орталықтағы α-адренотежегіш болып табылады, сонымен қатар қышынуға қарсы әсері бар.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Симпатикалық тонустың жоғарылауында (психикалық бұзылыс пен қорқыныш), диэнцефалды және гипертониялық криздерде, морфинді және алкоголды абстиненция, вестбулярлы аппараттың қозуы (теңіз және әуе ауруы, Меньер синдромы), қышыну дерматозы. Ішке 15-45 мг-нан тағайындайды, тері астына және бұлшықетке 20-30 мг-нан күніне 2-3 реттен тағайындайды.

Кері көрсеткіштері.Атеросклероздың ауыр түрлері, стенокардия ұстамасымен жүретін жүректің ишемиялық ауруы, ми қан айналымының бұзылуы, айқын жүрек жеткіліксіздігі.

Жанама әсерлері.Брадикардия, стенокардияны шақыру, стенокардиямен ауыратын науқастардың жүрек тұсының ауыру сезімі күшеюі мүмкін.

Шығарылу түрі. 15 мг таблеткада N.50; 1% 1 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді.

Бутироксан(Butyroxanum) шеткері және орталықты α – адренорецепторлар мен орталықты Н-холинорецепторлардың тежегіші болып табылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Вегетотамырлық дистониялар, артериялды гипертензия, гипертониялық криздер, маскүнемдік пен наркомания кезінде абстенетті синдромды емдеу, қышыну дерматозында (экзема, есекжем, нейродермит). Ішке 10 мг-нан тәулігіне 1-4 рет, тері астына және бұлшықетке 10-20 мг-нан 1-2 мл 1% ерітіндіні тәулігіне 1-2 рет тағайындау қажет.

Кері көрсеткіштері.Артериялды гипотензия, жүрек жеткіліксіздігі, ми қан айналымының бұзылысы, стенокардия, глаукома.

Жанама әсерлері.Артериялды қан қысымының төмендеуі, стенокардия ұстамасының жиіленуі.

Шығарылу түрі.10 мг таблеткада N.50; 1% егуге арналған 1 мл ампуладағы ерітінді.

 

Теразозин (Terazosinum), корнам, сетегис. Теразозин химиялық құрылымы бойынша празозинге ұқсас және таңдамалы α1 – ұзақ әсерлі адренотежегіштерге жатады. Тамырлардың, аталық бездің және қуықтың синапстан кейінгі α1 – адренорецепторын тежейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Артериялды гипертензияда, аталық безінің қатерсіз гиперплазиясында және зәр шығарудың бұзылуы. Ішке 5-20 мг-нан күніне 1 рет тағайындайды.

Кері көрсеткіштері.Артериялды гипотензия, жүктілік, емшекпен емізу.

Жанама әсерлері.«Бірінші мөлшердің феномені» - артериялды қан қысымының кенеттен ортостатикалық коллапсқа дейін түсуі, тахикардия, аритмия, шеткері ісінулер, ұйқышылдық, бас ауыруы, бас айналу, лоқсу, құсу, артралгия, миалгия, лейкопения, либидоның төмендеуі, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі.1, 2, 5 және 10 мг таблеткада N.20, 28.

 

Тамсулозин(Tamsulosinum), омник. Тамсулозин таңдамалы α1 –адренотежегіш әсер көрсетеді, айрықша аталық бездің, қуық мойынына және уретраның простатикалық бөліміне таңдамалы α1 – адренотежегіш әсер береді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Қатерсізаталық безінің гиперплазиясы, зәр шығаруының қиындауы. Ішке 0,4 мг-нан күніне 1 рет тағайындайды.

Кері көрсеткіштері.Анамнезінде ортостатикалық гипотензия болса, айқын бауыр және бүйрек жетіспеушілігі.

Жанама әсерлері.Ортостатикалық гипотензия, бас айналу, бас ауыру, астения, либидоның төмендеуі.

Шығарылу түрі.0,4 мг таблеткада және капсулада N. 10, 30. 

 

Альфузозин (Alfuzosinum), дальфаз. Альфузозин аталық безінің, уретраның және қуықтың адренорецепорларына айрықша әсер ететін α1– адренотежегіштер.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Негізінен аталық безінің қатерсіз гиперплазиясында зәр шығарудың қиындауы кезінде. Ішке 10 мг-нан тәулігіне 2 реттен тағайындайды.

Кері көрсеткіштері.Анамнезінде ортостатикалық гипотензия болған кезде.

Жанама әсерлері.Диспепсиялық бұзылыстар, тахикардия, ортостатикалық гипотензия, стенокардия симптомының өршуі, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі.2,5; 5 және 10 мг таблеткада N. 14, 56.

  

β – адренотежегіштер

Пропранолол(Propranololum), анаприлин, индирал, обзидан. Пропранолол β1 және β2 - адренорецепторларын тежейді. Жүректің β1 адренорецепторларын тежеуге байланысты, ол жүректің жиырылу күші мен жиілігін азайтады, жүрек лақтырысын және миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендетеді және біртіндеп қан қысымын төмендетеді. β2 адренорецепторларын тежеу нәтижесінде емнің басында тыныс алу жолдарының бронхтарында және шеткі тамырлардың тонусы жоғарлайды. Пропранолол май тіндерінде липолизді басады, ал қан сары суында триглициридтер деңгейін жоғарылатады, қан сары суында ренин белсенділігін азайтады, бүйрек қан айналымын және шумақ фильтрациясының жылдамдығын төмендетеді. 

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Стенокардияның алдын алу шаралары мен емдеу үшін, артериалды гипертензия, суправентрикулярлы тахикардия, экстрасистолия, қарыншалардың жыпылықтауы; диэнцефалды синдроммен ауыратын науқастардағы симпатико-адреналды криз кездерінде; босану барысын қоздыру мен күшейту үшін, сонымен қатар жатыр белсенділігінің жиырылуымен байланысты босанудан кейінгі асқынулардың алдын алу шаралары үшін, ашық бұрышты глаукома кезінде көз қысымын төмендетуде қолданылады. Препаратты әдетте ішке 40-80 мг-нан 3 – 4 реттен тағайындайды, жүрек ырғағын шеттету үшін көк тамырға баяу басында 1 мг-нан, кейін тиімділігіне байланысты 5-10 мг-нан.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 612; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!