Рецепт на настойку пустырника 18 страница



Кесте 4.6.1. Миорелаксанттардың жалпы сипаттамасы.

Әсер ету механизмі Көрсеткіштері Кері көрсеткіштері Жанама әсері
Үйексізденуге қарсы: Н-холинорецепторларды тежеу арқылы мембрананың үйексізденуіне кедергі жасайды. Үйексізденуші: мембрананың толық үйексізденуі жүреді. Көкірек және құрсақ қуыстарына операция жасауда; аяқ және қолдарға жасалатын операциялар. Үйексіздену үшін поликлиникалық жағдайларда қысқа операция кездерінде. Миастения, жүктіліктің ерте мерзімдерінде, емшектегі балалараға, глаукома, бауыр, бүйрек, жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, гиперкалемия. Тахикардия (ваголитикалық әсері), аритмия (қаңқа бұлшықетінен К шығуынан), бронх тарылуы (гистаминнің шығуынан), көзішілік қысымның жоғарлауы, бұлшықет ауырсынулары ж.т.б.

Тубокурарин хлориді(Tubocurarini chloridum) басым түрде қаңқа бұлшықеттерінің Н-холинореактиві жүйелерін тежейді, аз дәрежеде вегетативтік жүйке тораптарындағы холинорецепторларына әсерін тигізеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Анестезиологияда операция кезінде қаңқа бұлшықетін босаңсыту үшін миорелаксант ретінде, сынықтың репозициясы кезінде, күрделі буын шығуын салу үшін, тоникалық тырысуларды шеттету үшін, сіреспеде және стрихнинмен уланған кезде қолданылады. Ересек адамдар үшін мөлшері 15-25мг құрайды, бірақ мөлшері қолданылатын наркозға байланысты болады. Препаратты науқасты өкпенің жасанды желдетуге ауыстырғаннан кейін енгізу керек.

Кері көрсеткіштері.Миостения, егде жастағылар, бауыр мен бүйрек қызметінің айқын бұзылыстары.

Жанама әсерлері. Кейде бронх бұлшықеттерінің тарылуы мүмкін, гипотензия, терінің қызаруы және басқа да анафилактикалық реакциялар.

Шығарылу түрі. 1% ерітіндісі егуге арналған 1 мл ампулада (10 мг-1мл).

 Рецепт үлгісі Rp.: Sol. Tubocurarini chloridi 1%-1,5 ml

D.t.d. N. 6 in amp

S. Көк тамырға 0,5-1,4 мг/кг дене салмағына.

#

 

 Суксаметоний йодиді (Suxamethonii iodidum), дитилин. Суксаметоний иодиді өзінің химиялық құрылымы бойынша қосарланған ацетилхолин молекуласынан тұрады және ацетилхолин тәрізді синапстан кейінгі мембрананың үйексізденуін туғызады, нәтижесінде қаңқа бұлшықеттерінің тарылуына әкеледі. Бұның барлығы жүйке-бұлшықет өткізгіштігін бұзады және қаңқа бұлшықетін босатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Трахея интубациясы, эндоскопиялық емшаралар, қысқа операциялар (буын шығуларын салу және сүйек сынықтарын қалпына келтіру), сіреспе кезіндегі тоникалық тырысулар. Ересектер үшін мөлшерлемесі салмағына шаққанда 1 мг/кг, сүйемелдеуші мөлшерлемесі 0,3 мг/кг. 1 ден 12 жасқа дейінгі балаларға -1-2 мг/кг.

Кері көрсеткіштері.Емшектегі балаларға, глаукома, гиперкалиемия кездерінде, қан плазмасында холинэстеразаның төменгі белсенділігінде.

Жанама әсерлері.Аритмия, тахикардия, көз іші қысымының жоғарылауы, гиперкалиемия, гипертермия байқалуы мүмкін.

Шығарылу түрі. Егуге арналған 2% ерітіндісі 5 және 10 мл ампулада N. 10.

  Рецепт үлгісі Rp.: Sol. Suxamethonii iodidi 2%-5 ml

D.t.d. N. 6 in tab.

S. Көк тамырға 0,0015 г/кг дене салмағына.

                                                     #

Панкуроний бромиді (Pancuronii bromidum), павулон. Панкуроний бромиді - құрылымы стероидты үйексізденуге қарсы миорелаксант, ол әлсіз М-холинотежегіш қасиетке ие. Жүйке-бұлшықет өткізгіштігінің тежелуі көк тамыр ішіне енгізгеннен кейін 2-3 минуттан соң дамиды және 35-45 минутқа созылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Операциялық араласулар кездерінде миорелаксация үшін береді. Ересектерде интубация үшін бастапқы мөлшерлемесі 0,05-0,1 мг/кг, 4 аптадан асқан балалар үшін - 0,6-0,1 мг/кг, нәрестелерге 0,3-0,4 мг/кг.

Кері көрсеткіштері.Тахикардия, бронхообструктивті аурулар, артериалдық гипертензия, жүрек, бауыр және бүйрек жеткіліксіздіктерінде.

Жанама әсерлері.Артериалды қысымның ауытқулары, тахикардия, домбығулар, бронх тарылуы, анафилактикалық шок және аллергиялық реакциялар орын алуы мүмкін.

Шығарылу түрі.Егуге арналған 0,2% ерітіндісі 2 мл ампулада.

 

Пипекуроний бромиді(Pipecuronii bromidum), ардуан. Пипекуроний бромиді - ұзақ әсер ететін миорелаксант, панкуроний бромидінің аналогы. Одан айырмашылығы ваголитикалық және симпатомиметикалық әсерге ие емес және жүрек-тамыр жүйесіне әсері жоқ.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Эндотрахиалдық интубациядағы әртүрлі наркоздар түрінде. Ересектерге интубация үшін бастапқы мөлшерлемесі 0,7-0,8 мг/кг, балаларда 0,8-0,9 мг/кг және нәрестелерде 0,5-0,6 мг/кг.

Кері көрсеткіштері.Миастения және жүктіліктің ерте мерзімдерінде, бүйрек, бауыр қызметтерінің бұзылыстары мен айқын жүрек жеткіліксіздігінде.

Жанама әсерлері.Қаңқа бұлшықетінің салымен болатын тыныс алужетіспеушілігінің дамуы, артериалды гипотензия, брадикардия, аритмия, миокард ишемиясы, гипогликемия, гиперкалиемия, анурия ж.т.б.

Шығарылу түрі.Егу ерітінділеріне арналған лиофилизирленген ұнтақ 4 мг, сонымен бірге 2 және 4 мл NaCI изотоникалық ерітіндісі ампулада.

 Рецепт үлгісі. Rp.: Pipecuronii bromidi 0,004

                               D.t.d. N. 10 in amp                                                 

                               S. Күре тамырға 0,07 мг/кг дене салмағына.

                                                      #

Векуроний бромиді(Vecuroniі bromidum), норкурон. Векурония бромиді – үйексізденбейтін әсері орташа болып келетін миорелаксант, шамалы ағзада жиналатын қабілеті бар, гистаминді босатпайтын және жүрек-тамыр жүйесіне әсер етпейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Түрлі операциялық араласуларда, күрделі шығып кетулерді орнына салу және сүйек сынықтарын репозициялағанда. Интубация үшін ересектерге және 5 айдан асқан балаларға бастапқы мөлшерлемесі 0,8-1 мг/кг; сүйемелдеуші мөлшерлемесі 0,2-0,3 мг/кг; нәрестелер мен 4 айға дейінгі емшектегі балалар үшін 0,1-0,2 мг/кг.

Кері көрсеткіштері.Миастения, бронх демікпесі және жүктілік.

Жанама әсерлері. Артериалды гипотензия, бронх тарылуы, аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін.

Шығарылу түрі. Егу ерітіндісі үшін лиофилизирленген ұнтақ 4 мг, сонымен бірге 1 мл су ерітіп егуге арналған.  

Рецепт үлгісі. Rp.: Vecuronii bromide 0,004

                              D.t.d. N. 10 in amp                                                     

                              S. Күре тамырға 0,08 мг/кг дене салмағына.

                                                              #

Атракурия безилаты(Atracuriі besilatum), тракриум. Атракурия безилат – үйексізденбейтін әсер етуі орташа болатын миорелаксант, жинақталатын қабілеті аз және бұлшықетті босататын ықпалы жеңіл және тез қайтымды.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Әртүрлі операцялық араласулар кезіндегі жалпы анестезия үшін. Ересектер мен 1 айдан асқан балаларға кеңірдектің интубациясы үшін көк тамырына 0,3-0,6 г/кг егеді, қосымша мөлшерлемесі 0,1-0,2 мг/кг.

Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері.Алдында аталған препаратқа ұқсас.

Шығарылу түрі.Егуге арналған 1% ерітіндісі 2,5 және 5 мл ампуласы N. 5.

Мелликтин (Mellictinum) препарат өсімдіктен алынған және әсер ету механизмі бойынша тубокураинге ұқсас, ол жүйке-бұлшықет өткізгіштігін тежейді, сонымен қатар, аздаған ганглиотежегіш әсері де бар. Мелликтин үшін антагонист - прозерин мен галантамин.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Негізінен Паркинсон ауруындағы пирамидтік жеткіліксіздік кезіндегі, арахно-энцефалиті мен арқа арахноидитте және өзгеде экстрапирамидттік аурулардағы бұлшықет тонусын төмендету үшін қолданады. Таблетка түрінде 20 мг мөлшерлемесінде күніне 1 реттен бастап, кейіннен 5 ретке жеткізіп береді, емдеу ұзақтығы 3 аптадан 2 айға дейін.

Кері көрсеткіштері. Миастения және өзгеде бұлшықет тонусы төмендеумен жүретін ауруларда, жүрек қызметінің декомпенсациясында, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылыстарында.

Жанама әсерлері. Әлсіздік сезімі мен тыныс алу күйзелістерінің белгілері дамуы мүмкін. Мұндай жағдайларда оттегіні тағайындаумен бірге өкпенің жасанды желдетуін өткізу керек және атропинмен қоса прозерин енгізу қажет.

Шығарылу түрі.20 мг таблеткалар.

 

Баклофен (Baclofenum), баклосан, лиорезал. Баклофен - орталыққа әсер ететін миорелаксант, ол гамма-аминомайқышқылының (ГАМҚ-белсендіргіш) туындысы. Афферентті сезімтал талшықтарының шеткері бөлімінің қоздырылуын төмендету және аралық нейрондарды тықсыра отырып, жүйке импульстарының моно- және полисинаптикалық өткізгіштігін тежейді; бұлшықет тарамдарының алдын ала тырысу қызметін азайтады. Жүйке-бұлшықет берілісіне әсер көрсетпейді. Қаңқа бұлшықеттерінің тарылуымен жүретін жүйке аурулары кезінде, ауырсыну тарылулары мен клоникалық тырысуларды босатады; буындарда қозғалыс аумағы жоғарылайды, белсенді және пассивті кинезотерапияны жеңілдетеді (дене шынықтыру жаттығулары, массаж, мануалды терапия).

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Шашыранды беріштену кезінде,инсультте, бас қаңқасы-ми жарақаттарында, менингитте, арқа ауруларындағы (инфекциялық, дегенеративтік, ісікті және жарақаттық генездегі), балалардың церебралдық салданудың тарылу кездерінде; маскүнемдік кезіндегі спазмдар кезінде. Ішке, тамақтану кезінде: бастапқы мөлшерлемесі - 5 мг тәулігіне 3 реттен, кейіннен әр 3 күнде 5 мг әсер алғанша ұлғайтып, әдетте тәулігіне 3 реттен 20-25 мг асырмайды. 10 жасқа дейінгі балаларға тәуліктік мөлшерлемесі – 0,75-2 мг/кг, 10 жастан асқандарға – 2,5 мг/кг; бастапқы мөлшерлемесі – 1,5-2 мг/кг тәулігіне 4 рет.

Кері көрсеткіштері.Жоғарысезімталдық, қояншық, тырысып-дірілдеулер (анамнез мәліметтері бойынша), психоздар, Паркинсон ауруы, цереброваскулярлық жеткіліксіздік, бас миы тамырларының атеросклерозы, асқазан мен 12-елі ішектің ойық жара ауруы, жүктілік, емізу кезінде, егде жастағыларға, жас балаларға (12 жасқа дейін).

Жанама әсерлері.Лоқсу, құсу белгілері, маужырау сезімі, бас айналуы, астения, ауыз кебуі, естің шатасу белгілері, жүріс бұзылыстары, зәр кідірісі, іш қатулар немесе іш өтулері, артериалды қысымның төмендеуі, апатия; эйфория, депрессия, парестезиялар, миалгия, миастения, атаксия, тремор, нистагм, аккомодация парезі, елестеулер (галлюцинациялар), дизурия, энурез; тырысып-дірілдеулер, тырысу шамасының төмендеуі. Ұзақ уақыт қолданғанда - бауыр қызметтерінің бұзылуы.

Шығарылу түрі.10 және 25 мг таблеткасы N. 50.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

7.6 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

2. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

1. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

2. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

3. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

4. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

5. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

6. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

7.7 Бақылау (сұрақтар, тестілер. тапсырмалыр, т.б.)

1. Н - холиноблокаторлык дәрілер.

2. Ганглиоблокаторлык дәрілер (бензогексоний, пентамин, гигроний, пирилен). Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Негізгі әсерлері. Қолдану көрсетілімдері. Жағымсыз әсерлері.

3. Шеткерлік әсердегі миорелаксанттар (тубакурарин хлориді, панкуроний бромиді, дитилин). Жіктелуі.

 

 

7.1 Тақырып №10 Адреномиметикалык дәрілер. Альфа – адреномиметиктер және бета-адреномиметиктер. Селективті емес адреномиметиктер. Бета – адренорецепторлар мен бета 2 – адренорецепторларға әсер ететін дэрілер. ¥зақ эсер ететін бета 2 - адреномиметиктер. Тікелей емес эсер ететін адреномиметиктер (симпатомиметиктер). Эфедриннің эсер ету механизмі. Негізгі әсерлері. Қолданылуы. Адреномиметиктердің жағымсыз эсерлері, олардың алдын алу жэне жою шаралары.

7.2 Мақсаты:Адреномиметикалық дәрілер, жіктелуі,  альфа – және бета-адреномиметиктер, селективті емес адреномиметиктер, бета – адренорецепторлар мен бета 2 – адренорецепторларға әсер ететін дәрілер. ¥зақ эсер ететін бета 2 - адреномиметиктер. Тікелей емес эсер ететін адреномиметиктер (симпатомиметиктер). Эфедриннің эсер ету механизмі. Негізгі әсерлері. Қолданылуы. Адреномиметиктердің жағымсыз эсерлері, олардың алдын алу жэне жою шараларытуралы толық  мағлұмат беру.

7.3.Оқытудың міндеті

Адреномиметикалық дәрілер, жіктелуі, альфа – және бета-адреномиметиктер, селективті емес адреномиметиктер, бета – адренорецепторлар мен бета 2 – адренорецепторларға әсер ететін дәрілер. ¥зақ эсер ететін бета 2 - адреномиметиктер. Тікелей емес эсер ететін адреномиметиктер (симпатомиметиктер). Эфедриннің эсер ету механизмі. Негізгі әсерлері. Қолданылуы. Адреномиметиктердің жағымсыз эсерлері, олардың алдын алу жэне жою шараларытуралы толық мағлұмат беру. Препараттарға рецепт жазуды үйрету.

7.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Адреномиметикалык дәрілер.

2. Адренорецепторлардың әртүрлі түрлеріне әсер етуіне қарай тіке эсердегі адреномиметиктердің жіктелуі.

3. Альфа- жэне бета-адренорецепторларды стимуля- ция жасайтын заттар.

4. Адреналиннің негізгі қасиеттері (жүрек-кантамыр жүйесіне, тегіс бұлшықеттерге, көзге, заттар алмасуына эсері), норадреналин эсерлерінің ерекшеліктері, оларды қолдану.

5. Альфа - адреномиметиктер.

6. Мезатонның негізгі эсерлері және қолданылуы.

7. Нафтизиннің, галазолиннің әсер ету жэне қолданылу ерекшеліктері.

8. Альфа - адре- номиметик (клофелин).

9. Бета-адреномиметиктер.

10. Селективті емес адреномиметиктер (изадрин) фармако- динамикасының ерекшеліктері. Бета - адренорецепторлар (добутамин) мен бета 2 - адренорецепторларға (салбутамол, фенотерол) эсер ететін дэрілер. Қолданылуы.

11. ¥зақ эсер ететін бета 2 - адреномиметиктер (формат, салмет).

12. Тікелей емес эсер ететін адреномиметиктер (симпатомиметиктер).

13. Эфедриннің эсер ету механизмі. Негізгі әсерлері. Қолданылуы.

14. Адреномиметиктердің жағымсыз эсерлері, олардың алдын алу жэне жою шаралары.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 630; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!