Рецепт на настойку пустырника 13 страница



Рецепт үлгісі. Rp.: Ung. Bismuthi subnitratis 10% - 25,0

                              D.S. Тері ауруларына жағу үшін.

Rp.: Sol. Plumbi acetatіs 0,25% - 50 ml

D.S. Для полосканий ран.

#

Rp.: Aluminis 4,0

Ac. borici 10,0

Aq. destill. 200 ml

M.D.S. Для обработки ран.

                                                         #

Қармаушы дәрілер

Қаптағыш дәрілер сумен қосылып, коллоидты ерітінді түзейді, ол шырышты қабықшаны жауып, сезгіш жүйке ұштарына тітіркендіргіш заттардың әсеріне кедергі жасайды. Бұл заттарға негізінен крахмал кілегейі (Mucilago Amyli), зығыр дәнінің кілегейі жатады. Олар жергілікті қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер көрсетеді. Гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларында және энтероколитте қолданылады. Дәрілермен бірге ауыруды басатын бір реттік клизма ретінде, қышқылдар мен негіздермен уланғанда ұзақ уақыт ішке шырышты қабатты жаралардан қорғау мақсатында тағайындайды.  

Рецепт үлгісі. Rp.: Chlorali hydratratis 1,5

                              Mucilaginis Amyli

                              Aq. destill aa 15 ml.

                              M.D.S. 1 клизма жасауға. 

                                                 #     

                                 Сорғыш дәрілер

Жануарлардан және өсімдіктерден алынатын, үлкен белсенді беткейден тұратын, нәтижесінде басқа химиялық қосылыстармен немесе дәрілік препараттармен жақсы әрекеттесіп, өздерінің бойына сіңіріп алып, жүйке талшықтарын тітіркенуден қорғайтын сорғыш дәрілер. Бұл заттарға белсенді көмір, тальк және т.б. жатады. Бұлар іш өту кезінде және улы заттардың сіңірілуін тоқтату үшін қолданылады.

Белсенді көмір(Carbo activatus), карболен, карбактин, энтеросорбент, арнайы өнделген, сорғыш беткейі бар, ерімейтін қара түсті ұнтақ. Белсенді көмірөзіне улы заттарды (токсиндерді, газдарды, алкалоидтарды) сіңіріп алады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ішектегі ашу және шіру үрдістерімен жүретін диспепсияда (метеоризм), қышқылдықтың жоғары болуы мен асқазан сөлінің гиперсекрециясында, іштің өтуінде, жедел улануларда (алкалоидтармен, жүрек гликозидтерімен, ауыр металдардың тұздарымен және т.б.), токсикалық синдром ауруларында – тамақ токсикоинфекцияларында, дизентерия, сальмонеллезде, күйік ауруларының токсемия және септикотоксемия сатысында, созылмалы бауыр жетіспеушілігінде, бронх демікпесінде, атопиялық дерматитте, рентгенологиялық зерттеулерге дайында кезінде (газдардың түзілуін азайту үшін). Сулы жүзгінді уланғанда және интоксикация кезінде 20-30г; қышқылдық жоғары болғанда және іштің кебуінде - 1-2 таблеткадан (таблетка 0,5-0,25 г.) тәулігіне 3 – 4 реттен. Сулы жүзгінін ересектер үшін тамақтың арасында 10 г (бір пакет) тәулігіне 3 реттен; 7 жасқа дейінгі балаларға – 5 г, 7-14 жастағыларға – 7 г қабылдау. Емдеу курсының ұзақтығы 3-15 күн.

Кері көрсеткіштері. Асқазан ішек жолдарының ойық жараларында және асқазаннан қан кетулерде, әсіресе басқа дәрілермен бірге беруге және жоғары сезімталдықта болмайды.

Жанама әсерлері.Диспепсия болуы мүмкін, асқазан ішек жолдарында майлардың, ақуыздардың, витаминдердің, гормондардың, қоректі заттардың ж.т.б. сіңірілуі төмендейді; іштің қатуы немесе іштің өтуі, нәжістің қара түске боялуы, белсенді көмір арқылы гемоперфузия кезінде эмболияның дамуы мүмкін, геморрагия, гипокалемия, гипокальцемия, гипотермия және гипотензия, ағзада витаминнің, гормондардың, майлардың және ақуыздардың азаюы. Дәрілермен бірге қолданғанда олардың ықпалының төмендеуі мүмкін.

Шығарылу түрі. 200 мг капсуласы; 230, 250, 500 мг (N.10) таблеткасы; 5, 10, 15, 25, 30, 50, 100, 150 г ұнтағы пакетте; 100, 200 г флаконы; 100, 250, 450, 700, 850, 1300 г пастасы; 2,5; 3, 5, 10, 60, 100, 650 пакеттегi грануласы; 10, 12, 15, 24, 25 г флаконда.

Рецепт үлгісі. Rp.: Granularum Carbonis activati 5,0                            

                              D.t.d. N.10  

                              S. 1 – 2 пакеттен 5 – 6 рет тәулігіне.

                                                      #

 Тальк (Talcum) тер бездерінің бөліп шығарғандарын өзіне сіңіреді және теріні механикалық тітіркенуден қорғап, оны кептіреді. Оны сеппе ретінде қолданады.

Рецепт үлгісі. Rp.: Zinci oxydi 10,0

                              Talci 40,0

                              M. f. pulv.

                              D.S. Ұнтақ түрінде, сеппе.                  

                                                     #

Тітіркендіргіш дәрілер

Тітіркендіріш заттар сезімтал жүйке ұштарын белсендіреді және тітіркендіріп қозу әрекетін арттырады. Сонымен қатар, зақымдалған мүшені немесе тінді иннервациялайтын орайлас жүйкеге орталық жүйке жүйесі арқылы алаңдатумен, ауыру сезімін басады. Олар сонымен, теріге жергілікті әсер көрсетеді, ол биологиялық белсенді заттардың – гистаминнің, брадикининнің және серотониннің бөлінуіне әкеледі. Бұл топқа жататын негізгі тітіркендіргіш дәрілер: қыша қағаз, скипидар, ментол, аммиак ерітіндісі, терпентиннің тазаланған майы жатады.

 Қыша қағазы(Charta sinapis)– қағазға жұқалап жағылған майсыз қыша қоспасының ұнтағы, ол мирозин және синигрин гликозид ферменттерінен тұрады. Әсер етуші заттардың ықпалынан ыдырап - өткір иісі бар, шырышты қабатты және теріні қатты тітіркендіретін қыша майының эфирі. Емдік ықпалы терінің жүйке ұштарын тітіркендіру салдарынан рефлекторлы реакциялар пайда болады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Қабынуға қарсы дәрілер ретінде ( алаңдатушы) тыныс жолдарының аурулары, жүрек соғуы, невралгия, миалгия және т.б. аурулар кезінде қолданылады. 4-5 қыша қақазды күніне 1 рет. Эфирлі қышы майын 2% спирттік ерітінді түрінде жергілікті тітіркендіруші және алаңдатушы заттар ретінде қолданады.

 Кері көрсеткіштері.Тері зақымдануларында, іріңді ауруларда, нейродермитте, сулы экземада, псориазда.

Терпентиннің тазаланған майы(Oluеm Terebinthinaе rectificatum) скипидар – эфирлік май. Бұл кәдімгі қарағай бүршігін айдаудан алған өнім, тері арқылы өтіп, сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіреді, ауыруды басатын (алаңдатушы) және антисептикалық әсер көрсетеді. «Финалгон», «Капсикам» майларының құрамына кіреді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бұл заттардың екі мақсатта қолданады: біріншіден, жарақаттанған жердегі ауырсынуды басу үшін, яғни көңілді басқаға аудару, екіншіден, патологиялық үрдіс кезінде ішкі денедегі трофиканы жақсарту үшін. Невралгия, радикулит, миалгия, аяқ-қол қақсағанда, миозитте, полиартриттерге, сонымен қатар бумен дем алу үшін ірінді бронхитте, бронхоэктазияда қолданылады.

Кері көрсеткіштері.Бауыр мен бүйрек паренхимасының зақымданулары кезінде.

Шығарылу түрі.  20 % жағынды 15 және 25 г банкада және 15, 25 және 50 г тубаларда және 10, 30 және 50 мл флакондағы майлы ерітінді.

 Рецепт үлгісі. Rp.: Oleum Terebinthinae rectificati

                              Chloroformi aa 15 ml

                              Methylsalicylatis 10 ml

                              M. f. linimentum

                              D.S. Буын тұсына жағу үшін.

                                              #

Ментол(Mentholum) жалбыз майынан алатын (бұрыш жалбызының жапырағында) – салқындатқыш рецепторларды тітіркендіреді, аздап жансыздандырады, рефлекторлы жолмен қан тамырларының қысымын өзгертеді. Бұл қасиетін жүрек-қан тамырларын кеңейтетіндігінен байқауға болады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Невралгия, миалгия артралгия кездерінде 2% спирттік ерітіндісі немесе 10% майлы жүзгіні ұсынылады; қышымалы дерматозды емдеуде 1% ланолинді-вазелин май немесе 0,5% спирттік ерітінді қолданылады. Жоғары тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында (тұмау, фарингит, ларингит, трахеит) бумен дем алу немесе интраназальды тамшы түрінде береді. «Валидол» құрамына кіреді, сондықтан стенокардияда қолданылады. Сонымен қатар, ментол көптеген сыртқа қолданылатын алаңдатушы дәрілердің құрамына кіреді (броментол, меновазин, кафомен, эфкамон).

Кері көрсеткіштері. Жас балалардың мұрнына жағуға, өңешіне бумен дем алуға болмайды. Өйткені тынысы нашарлап, демі тоқтап қалуы мүмкін.

Шығарылу түрі.1% вазилин майындағы ерітінді (тамшы); 1 және 2% флакондағы спиртті және майлы (ментол майы) ерітінді 10, 20, 25 және 30 мл және флакон-тамшыда 10 мл; ментол каламы.

  Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Mentholi spirituosae 5%-5 ml       

                             D.S. 1-2 тамшыдан тілдің астына. 

                                                          #

Rp.: Olеum. Mentholi 2% - 10 ml

D.S. 5-10 тамшыдан мұрынға тамызу үшін.

#

Аммиак ерітіндісі(SоІ. Ammonii caustici) мүсәтір спирті. Өткір иісі бар, ұшқыш сұйықтық. Тыныс алғанда жоғары тыныс жолдарының сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіріп, тыныстың орталығына қоздырушы әсер береді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жедел жәрдем ретінде естен танған кезде тынысты қоздыру үшін, мақтаға тамызып мұрынға 1 сек. иіскетеді. Кейде құстыру үшін 5-10 тамшысын 100 мл суға қосып береді. Жәндік шаққанда сыртқа дәріленген дәкені басу ретінде қолданады.

Кері көрсеткіштері.Дерматитте, экземада және тері ауруларында.

Жанама әсерлері.Жоғары шоғырымда тынысты рефлекторлы тоқтатуы мүмкін және өңеш пен асқазанның күйіктерін туғызады.

Шығарылу түрі. 10% ерітінді 10, 40 және 100 мл флаконда және 1 мл ампулада. 

  Рецепт үлгісі. Rp.: SоІ. Ammonii cаustici 1 ml

                               D.t.d. N. 10 in amp.

                              S. Есін жиғызу үшін иіскетеді.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

7.6 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

2. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

1. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

2. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

3. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

4. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

5. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

6. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

7.7 Бақылау (сұрақтар, тестілер. тапсырмалыр, т.б.)

1. Тұтастырғыш дәрілер (танин, емен кабығының кайнатпасы, висмуттыңын негіздік нитраты, өсімдіктен жасалған дәрілер), жіктелуі, әсер ету механизмі, негізгі әсерлері, қолдану көрсетімдері, жағымсыз әсерлері, қарсы көрсеткіштері.

2. Бүркеуіш (каптағыш) (крахмал шырышы) дәрілер, жіктелуі, әсер ету механизмі, негізгі әсерлері, қолдану көрсетімдері, жағымсыз әсерлері, қарсы көрсеткіштері

3. Сіңіргіш (белсендірілген көмір) дәрілер, жіктелуі, әсер ету механизмі, негізгі әсерлері, қолдану көрсетімдері, жағымсыз әсерлері, қарсы көрсеткіштері

4. Тітіркендіргіш (амииак ертіндісі, ментол, қыша қағазына) дәрілер, жіктелуі, әсер ету механизмі, негізгі әсерлері, қолдану көрсетімдері, жағымсыз әсерлері, қарсы көрсеткіштері

 

 


 

 

7.1 Тақырып №6 М-және Н-холиноренепторларға әсер ететін дәрілер. М- жэне Н-холиномиметикалық дәрілер (антихолинэстеразды дәрілер). М- және Н-холиноблокаторлық дәрілер.

7.2 Мақсаты:М-және Н-холиноренепторларға әсер ететін дәрілер. М- және Н-холиномиметикалық дәрілер (антихолинэстеразды дәрілер), М- және Н-холиноблокаторлық дәрілертуралы мәлімет беру. Ацетилхолин, карбахолин, циклодол дәрілік заттарға рецепт жазуды үйрету.

7.3 Оқытудың міндеті

М-және Н-холиноренепторларға әсер ететін дәрілер. М- жэне Н-холиномиметикалық дәрілер (антихолинэстеразды дәрілер), М- және Н-холиноблокаторлық дәрілертуралы мәлімет беру. Ацетилхолин, карбахолин, циклодол дәрілік заттарға рецепт жазуды үйрету.

7.4 Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. М-және Н-холиноренепторларға әсер ететін дәрілер. Анықтамасы. Жіктелуі.

2. М- жэне Н-холиномиметикалық дәрілер(ацетилхолин, карбахолин)

3. Ацетилхолиннің негізгі әсерлері (М- және Н-холиномиметикалық)

4. Карбахолин әсерінің ерекшеліктері

5. Антихолинэстеразды дәрілер (прозерин, галантамин гидробромиді, физостигмин салицилаты, фосфакол). Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Негізгі әсерлері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы және қолданылуы.

6. Антихолинэстеразды дәрілердің жағымсыз және уытты әсерлері. Улануды емдеу.

7. М- және Н- холиноблокаторлық дәрілер (циклодол).

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

Ақпараттық-дидактикалық блок.

Холинергиялық жүйеге әсер ететін заттар белсендіргіш және тежегіш болып бөлінеді. Осыған байланысты олар келесі топтарға жіктеледі:

1. М - және Н – холиномиметиктер – (антихолинэстеразды дәрілер)

2. М-холиномиметиктер

3. Н-холиномиметиктер

4. М-холинотежегіштер

5. Холинолитиктер (ганглиотежегіштер және миорелаксанттар)

Антихолинэстеразды дәрілер

 Антихолинэстеразды заттар холинергиялық синапста ацетилхолинэстеразаны баяулату арқылы, ацетилхолиннің гидролизіне кедергі жасайды, соның салдарынан ацетилхолин синапстық саңылауда жиналады және холинергиялық жүйке талшықтарымен байланыстағы ағзада барлық үрдістердің белсенуін туғызады. Осыдан туындаған ықпалдар эндогенді ацетилхолиннің әсерімен байланысты. Бұл кезде: көз қарашығының тарылуы, аккомодация тарылуы, брадикардия, ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшықет тонусының жоғарылауы (бронх, асқазан ішек жолдары, қуық), бронх, асқазанның, тер бездерінің секрециясының жоғарылауы байқалады. Антихолинэстеразды дәрілердің жүйке-бұлшықет синапстарына белсендіруші әсері айқын болады, осыған байланысты бұл дәрілер қаңқа бұлшықет тонусын жоғарылатады. Қан мен ми арасындағы тосқауылдан жақсы өтетін анихолинэстеразды дәрілер ОЖЖ-не қоздырушы әсер көрсетеді.

Қазіргі кезде қолданылатын көптеген препараттар уақытша ферменттің белсенділігіне тежегіш әсер көрсетеді. Олардың салыстырмалы әсері ұзақ емес, себебі ферменттің белсенділігі тез қалпына келеді. Әсер ету ұзақтығы 2-10 сағат.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 766; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!