Рецепт на настойку пустырника 4 страница



39. Рецепттің фармацевтік экспертизасын жүргізеді:

A). дәрігер

B). провизор

C). тіс дәрігері

D). фельдшер

E). акушерка

40. Құрамында улы заты бар дәрілік түрді безендіруге қандай қосымша этикетка қажет:

A). Қорғалған жерде сақтау

B). Балалардан сақтау

C). Салқын жерде сақтау

D). Абайлаңыз! От қауіпті!

E). Абайлап қолданыңыз! У!

41. Үздіксіз жұмыс істейтін дәріхана бұл:

A). дәріханалық киоск

B). ауруханалық дәріхана

C). ауруханааралық дәріхана

D). 2 сменге жұмыс істейтін дәріхана

E). кезекші дәріхана

E). Амбулаторлық науқастарды дәрімен қамтамасыз ету

43. Наркотикалық дәрілік заттар дәріханада есептеледі:

A). зертхана журналында

B). рецептуралық журналында

C). орамдау журналында

D). дефектуралық журналында

E). заттық-сандық есеп кітабында

45. ЕПМ қызметкері дәріханадан жалпы тізімдегі дәрілік препараттарды дәріханадан алу үшін сенім хат жарамды:

A). жыл
B). ай

C). 5 күн

D). квартал

E). 10 күн

46. ЕПМ қызметкері дәріханадан наркотикалық дәрілік препараттарды дәріханадан алу үшін сенім хат жарамды:

A). жыл
B). ай

C). 5 күн

D). квартал

E). 10 күн

50. Ішке қолдануға арналған дәрілік түрлерді келесі этикеткалармен безендіреді:

A). күлгін

B). сарғылт

C). қызғылт

D). көк

E). жасыл
51. Дәрігер рецепті бойынша дәрілік түр дайындайтын дәріхананы анықтау:

A). дайын дәрілік түр дәріханасы

B). арнайы дәріхана

C). дәріханалық дүкен

D). өндірістік дәріхана

E). дәріханалық пункт

52. Дұрыс жазылмаған рецептер дәріханада қалдырылады және тіркеледі:

A). рецептуралық журналда

B). орамдаушы журналда

C). дәріханаішілік бақылау журналда

D). зертхана журналда

E). дұрыс жазылмаған рецептер журналына тіркеу

54. Улы және күшті әсер ететін дәрілік заттардың жоғарғы реттік дозасын артырып жазуға құқылы:

A). дәрігер

B). провизор

C). тіс дәрігері

D). фельдшер

E). акушерка

56. Рецепті қабылдауда провизор-технологқа келесі міндеттер жүктеледі:

А). ауру диагнозын білу

В). дәрі дайындалуын

С). дәрі сапасын тексеру

D). науқастың тұлғалығын анықтайтын құжаттарының болуын

Е). рецепттерді қабылдау және дайындалған түрлерді босату

57. Дәріханалық киоскте келесі дәрілік заттар мен ММБ босатылады:

А). сульфаниламидты препараттар

В). гормоналды препараттар

С). прекурсорлар

D). дәрігердің рецептсіз босатылатын дәрілік заттар

Е). антибиотиктер

 

Жауаптар эталондары


1 – B

2 – C
3 – B

4 – A
5 – D

6 – C
7 – E

8 – B
9 – A

10 – E
11 – A

12 – B
13 – E

14 – A
15 – E

16 – A
17 – A

18 – E
19 – B

20 – E
21 – E
22 – E
23 – D

24 – E
25 – D

26 – E

27 – A

28 - Е
29 - D


7.1 Тақырып №3 Дәрі-дәрмектердін фармакодинамикасы, анықтамасы және мазмұны.

7.2 Мақсаты:Дәрі-дәрмектердің фармакодинамикасы, анықтамасы және мазмұны жайлы мағлұмат беру.

7.3 Оқытудың міндеті

- білімгерлерді фармакология пәні бойынша дәрі-дэрмектердін фармакодинамикасы, анықтамасы және мазмұны туралы түсінік беру

7.4 Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. дәрілік заттардың жергілікті және резорбтивті (жүйелік) әсерлері.

2. тікелей және рефлекторлы әсер. әсер ету орны және механизмі.

3.   дәрілік заттарға арналған «нысана».

4.  қайтымды және қайтымсыз әсері. таңдамалы әсері

5. фармакотерапиялық әсердің дәрілік заттардың қасиеттеріне және оларды қолдану жағдайларына тәуелділігі

6. дәрілік заттардың химиялық құрылысы, физико-химиялық және физикалық қасиеттері

7. мөлшерлер және концентрациялар

8. дәрілік заттарды қайталап қолдану

9. дәрілік заттардың өзара әсерлесуі

10. дәрілік заттардың әсер көріністері үшін

11. ағзаның және оның жағдайларының жекеше ерекшеліктерінің маңызы

12. а) жасы

13. б) жынысы

14. в) генетикалық факторлар

15. г) ағзаның жағдайы

16. д) тәуліктік ырғақтың маңызы

17. дәрілік емнің негізгі түрлері

18. негзгі және жанама әсерлер.

19.  аллергиялық реакциялар.

20. идиосинкразия. уытты әсерлер

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК.

Дәрілік заттардың жергілікті және резорбтивті (жүйелік) әсерлері. Тікелей және рефлекторлы әсер. Әсер ету орны және механизмі. Дәрілік заттарға арналған «нысана». Қайтымды және қайтымсыз әсері. Таңдамалы әсері

Дәрілік заттың қолданған жерде пайда болган әсерін ж е р г і л і к т і деп атайды. Мысалы, қаптаушы заттар шырышты қабатты жауып тұрады, афференттік жүйкелердің ұштарын тітіркенуден қорғайды. Беткейлік анестезия кезінде жергілікті анестетиктерді шырышты қабатқа жанастырғанда, тек препаратты жанастырған жерде сезімтал жүйке ұштарының тежелуіне әкеледі. Бірак, нағыз жергілікті әсер өте сирек байкалады, себебі дәрілік заттардың кейбір бөлігі не сіңеді, немесе рефлекторлы әсер көрсетеді.

Дәрілік заттың сіңгеннен кейін, жалпы қан айналымға және одан тінге түскеннен соң дамитын әсерін резорбтивті (Латын тілінен rеsоrbео – сіңіремін) (жүйелік) деп атайды. Резорбтивті әсер дәрілік заттың енгізу жолына және олардың биологиялық тосқауыл арқылы өту қабілетіне байланысты.

Дәрілік заттар жергілікті және резорбтивті әсері кезінде т і к е л е й, немесе рефлекторлы әсер көрсетеді. Біріншісі заттың тінмен тікелей жанасқан жерінде жүзеге асады. Рефлекторлы әсер еткен кезде, заттар экстеро- және интерорецепторларға әсер етеді және әсері тиісті жүйке орталықтарының немесе атқарушы мүшелердің жағдайының өзгеруімен көрінеді. Тыныс алу мүшелерінің патологиясында кыша қағазын осылайша қолданғанда, олардың трофикасын рефлекторлы түрде жақсартады (эфирлік қыша майы терінің экстерорецепторларын ынталандырады). Көк тамырға енгізілген лобелин препараты каротидтік шумақтың хеморецепторларына қоздырғыш әсер көрсетеді және тыныс алу орталығын рефлекторлы ынталандыра отырып, тыныстың көлемін және жиілігін ұлғайтады.

Фармакодинамиканың негізгі мәселесі – дәрілік заттар әртүрлі әсерлерді шақыра отырып, кай жерде және қалайша әсер ететінін аныктау. Әдістемелік қабылдауларды жетілдіруіне орай, бұл сұрақтар тек жүйелік және мүшелік қана емес, сондай-ақ жасушалық, субжасушалық, молекулалық, субмолекулалық деңгейлерде шешіледі. Атап айтқанда, нейротроптык заттар үшін берілген қосылыстарға аса жоғары сезімталдығы бар синаптикалық түзілулерден тұратын, жүйке жүйесінің кұрылымдары айқындалады. Метаболизмге әсер ететін заттар үшін, әсіресе олардың белсенділігі айтарлықтай ерекше өзгеретін әртүрлі тіндерде, жасушаларда, субжасушалық құрылымдарда ферменттердің орналасуы анықталады. Барлық жағдайларда дәрілік заттар өзара әсерлесетін биологиялық субстраттар - «нысаналар» жөнінде әңгіме жүреді.

Дәрілік заттар үшін «нысаналар» ретінде рецепторлар, иондық каналдар, ферменттер, тасымалдаушы жүйе және гендер қызмет атқарады.

Рецепторлар деп заттар байланысатын субстраттардың макромолекулалык белсенді топшаларын атайды. Дәрінің әсер көріністерін қамтамасыз ететін рецепторларды а р н а й ы деп атайды.

Рецепторларды келесі төрт түрге бөледі:

Иондық каналдардың қызметіне тікелей бақылау жүргізетін
рецепторлар. Иондық каналдармен тікелей кездесетін, рецепторлардың бұл
түріне н-холинорецепторлар, ГАМКА-рецепторлар, глутаматтык рецепторлар
жатады.

«С-белоктар - екіншілік таратқыштар» немесе «О-белоктар - иондық
каналдар» жүйесі арқылы эффектормен кездесетін рецепторлар. Көптеген
гормондар мен медиаторлар (м-холинорецепторлар, адренорецепторлар) үшін
осындай рецепторлар бар.

Ш. Эффекторлық ферменттердің қызметін тікелей бақылайтын рецепторлар. Олар тирозинкиназамен тікелей байланысқан және белоктардың фосфорлануын реттейді. Осы принцип бойынша инсулиндік рецепторлар, бірқатар өсу факторлары құрылған.

IV. ДНҚ-ның транскрипциясын бақылайтын рецепторлар. І-III типті мембраналық рецепторлардан айырмашылығы, бұл жасуша ішілік рецепторлар (ерігіш цитозолдық немесе ядролық белоктар). Осындай рецепторлармен стероидты және тиреоидты гормондар байланысады.

Рецепторлардың тип тармақтарын (II. 1 кестені қара) және онымен байланысты әсерлерін зерттеу аса жемісті болып шықты. Осындай түрдегі бірінші зерттеулердің қатарына жүрек-тамыр жүйелерінің әртүрлі ауруларында кеңінен қолданылатын көптеген β-адреноблокаторлардың синтезделуі бойынша жұмыстар жатады. Содан кейін асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруларында әсерлі заттар - гистаминдік Н2- рецепторлардың блокаторлары пайда болды. Кейінгі кезде, α-адренорецепторлардың, дофаминдік, опиоидтық рецепторлардың және басқалардың әртүрлі тип тармақтарына әсер ететін көптеген басқа препараттар синтезделген болатын. Бұл зерттеулер медицина практакасьшда кеңінен қолданылатын, таңдамалы әсер ететін дәрілік заттардың жаңа топтарын алуда үлкен рөл атқарды.

Дәрілік заттардың постсинаптикалық рецепторларға әсерін қарастыра отырып, эндогенді де (мысалы, глицин) және экзогенді де (мысалы, бензодиазепиндік қатардың анксиолитиктері; 11.4 тарауды қара) текті заттардың аллостериялық байланысу мүмкіндіктерін белгілеген жөн. Рецепторлармен аллостериялық1 өзара әсерлесу «сигнал» шақырмайды. Дегенмен, негізгі медиаторлық әсердің қалпына келуі (модуляциясы) болады, ол күшеюі де және әлсіреуі де мүмкін. Осындай түрдегі заттарды алу, ОЖЖ-нің кызметін реттеудің жаңа мүмкіңдіктерін ашады. Аллостериялык әсерлесетін нейромодуляторлардың ерекшеліктері - олардың негізгі медиаторлык берілулерге тікелей әсер көрсетпеуінде, тек қажетті бағытта оның түрін өзгертуінде.

Синаптикалық берілулердің реттелу механизмін түсіну үшін п р е-синаптикалық рецепторлардың ашылуы маңызды рөл атқарады. Медиаторлардың босап шығуының гомотропты аутореттелу (бөлінген медиаторлардың сол жүйке ұштарының пресинаптикалық рецепторларына әсері) және гетеротропты реттелу (басқа медиаторлар арқасында пресинаптикалық реттелу) жолдары зерттелген болатын, ол көптеген заттардың әсер ету ерекшеліктерін жаңаша бағалауға мүмкіндік берді. Бұл мәліметтер бірқатар препараттарды (мысалы, празозин) мақсатты бағыттап іздеудің негізі болды.

11.1. Кесте.Кейбір рецепторлар және олардың тип тармақтары

 

Рецепторлар   Тнп тармакіары'  
Аденозиндік рецепторлар      α,-адренорецепторлар α2- адренорецепторлар β-адренорецепторлар Ангиотензиндік рецепторлар Брадикининдік рецепторлар ГАМҚ- рецепторлары Гистаминдік рецепторлар Дофаминдік рецепторлар Лейкотриендік рецепторлар    М - холинорецепторлар Н - холинорецепторлар Опиоидтық рецепторлар Простаноидтық рецепторлар Пуриндік рецепторлар Р Амин қышқылдарын қоздыратын рецепторлар (ионотропты) Нейропептидтердің рецепторлары Ү Жүрекшелік натрийуретикалық пептидтердің рецепторлары Серотониндік рецепторлар   Холецистокининдік рецепторлар А1, А2A, А2B, А3 α1A,α1В,α α2A,α2В,α β1 , β2 , β3 АТ1 , АТ2 в1, в2 GABAА, GABAВ, GABAС Н1,Н2,Н3,Н4 D1,D2,D3,D4,D5 LTВ4, LTС4, LTD4 м 1, м2, м3, м4 Бұлшық ет типті, нейроналдық типті  μ,δ,κ,  DР, ҒР, ІР, ТР, ЕР1, ЕР2,  ЕР3  Р2X, Р2Y, Р2Z, Р2T, Р2U NMDA, AMPA   Ү 1, Ү 2 ANPA, ANPB   5-НТ1(А-F), 5-НТ2(А-C), 5-НТ3, 5-НТ4, 5-НТ5(А-B), 5-Н T6, 5-НТ7 сскА,сскв

1 Халықаралық номенклатура келтірілген

Заттың рецептормен туыстығын, онымен «зат-рецептор» кешенінің түзуіне әкелуін «а ф ф и н и т е т» (Латын тілінен affіпіs – туыстық) терминімен белгілейді. Рецептормен өзара әсерлескенде, оны ынталандырып, заттың қандайда бір әсер шақыратын қабілетін ішкі белсенділік деп атайды.

Арнайы рецепторлармен өзара әсерлескенде, оларда биологиялық әсерлсрге әкелетін өзгерістер шақыратын заттарды агонистер (Грск тілінен аgопіst –бәсекелес) деп атайды (олардың ішкі белсенділігі де бар). Агонистің рецепторларға ынталандырғыш әсері, жасуша қызметінің белсенденуіне немесе тежелуіне әкелуі мүмкін. Егер агонист, рсцспторлармен өзара әсерлесіп, максималды әсерлер шақыратын болса, оны толык агонист деп атайды. Жартылай агонистердің соңғыдан айырмашылығы, сол рецепторлармен өзара әсерлескен кезде, максималдык әсерді шақырмайды. Рецепторлармен байланысып, бірақ олардың ынталануын шақырмайтын заттарды антагонистер (Грек тілінен апtagoпіsmа - күрес, бәсскелестік (ant - қарсы, аgoп - күрес)) деп атайды. Олардың ішкі белсенділігі жоқ (О-ге тең). Олардың фармакологиялық әсерлері эндогенді лигандалармен (медиаторлармен, гормондармен) антагонизміне, сонымен қатар экзогенді заттарға - агонистерге байланысты. Егер олар агонистер өзара әсерлесетін рецепторлардан орын алатын болса. онда бәсекелес антагонистер жөнінде, егер арнайы рецепторға жатпайтын, бірақ онымен өзара байланысқан макромолекуланың басқа бөліктері болса онда бәсекелес емес антагонистер жөнінде сөз болады. Дәрілік зат агонист сияқты рецептордың бір тип тармағымен және антагонист сияқты - басқасымен әсерлескен кезде, оны агонист-антагонист деп белгілейді. Мысалы, пентазоцин анальгетигі (μ- антагонисті және δ-мен к-опиоидтық рецепторлардың агонистері болып табылады.

Арнайымен функционалды байланысты емес арнайы емес деп аталатын рецепторларға да бөледі. Оларға қан сарысуының белоктарын, дәнекер тіндердің мукополисахаридтерін және басқаларды жатқызуға болады, олармен заттар байланысады, ешкандай әсерлер шақырмайды. Осындай рецепторларды кейде «үндемейтін» деп атайды немесе заттың «жоғалған орны» деп те белгіленеді. Бірақ рецепторлар деп, тек арнайы рецепторларды атаған жөн; арнайы емес рецепторларды арнайы емес байланысу орны сияқты белгілеген дұрыстау болады.

«Зат-рецептор» өзара әсерлесулері молекула аралық байланыстардың арқасында жүзеге асады. Ең берік байланыстардың бір түрі - ковалентті. Ол шамалы препараттар (α-адреноблокатор феноксибензамин, бластомаға қарсы кейбір заттар) үшін белгілі. Заттардың рецепторлармен электростатикалык өзара әсерлесуі арқасында жүзеге асатын кең тараған иондық байланыстың тұрактылығы аздау болып табылады. Соңғысы ганглиоблокаторлар, кураре тәрізді заттар, ацетилхолин үшін тән. Гидрофобтық өзара әсерлесудің негізін кұраушы ван-дер-ваальстік күштер, сонымен қатар сутектік байланыстар маңызды рөл атқарады.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 835; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!