Рецепт на настойку пустырника 2 страница



Инъекцияға арналған дәрі-дәрмектер, сипаттамасы Дәрі-дәрмектің баска түрлері. Улы дәрілік заттар туралы, сипаттамасы Әсері күшті дәрілік заттар, сипаттамасы Наркотикалық дәрілік заттар, сипаттамасы Дәрілік заттардың қасиеті Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі ереже А және В тізімі 7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.). - семинар; - аз топтармен жұмыс; - жұмыстың орындалуы; - анализ нәтижелерінің есептелінулері. Ақпараттық-дидактикалық блок. Егуге арналған дәрілік түрлер Егуге арналған дәрілер (pro injectionibus) - егу арқылы дәрілік заттарды ағзаға енгізеді: тері астына, бұлшық етке, көк тамырға, күре тамырға, жұлынға ж.т.б. Егуге арналған дәрілік заттарды тікелей қолданар алдында дайындайды. Бұндай жағдайларда дәрілер арнайы залалсыздандырылған шыны ыдыста (ампулада немесе флаконда) ерітінді немесе ұнтақ түрінде шығарлады. Ампулада (ampullis) 1 мл-ден, 10 және 50 мл-ге дейін, ал ішіндегі дәрі ерітінді немесе ұнтақ түрінде болады. Rp.: Sol. Novocaini 0,5 % - 5 ml D.t.d. N. 10 in ampull. S. Өткізгіштік жансыздандыру үшін. # Флакондар (рецептте флакон жазылмайды) 200 мл-ден, 500 және 1000 мл-ге (1 литр) дейін болады. Мысалы: тримекаиннің флаконды жазбасы. Rp.: Sol. Trimecaini 0,25% - 400 ml D.t.d. N. 2 S. Инфильтрациялық жансыздандыру үшін.     Аэрозоль және басқада дәрілік түрлер. Аэрозоль (Aerosolа) – бұл аэродисперсиялық жүйе, онда ауа, газ немесе газ қоспаларынан тұратын дисперсиялық орта мен көлемі 1 мкм-ден бірнеше ондаған микрометрге жететін қатты немесе сұйық дәрілік бөлшектерден тұратын дисперсионды фазадан жасалған. Мысалы: «Эфатин» аэрозоль жазбасы. Rp.: Aerosolum «Ephatinum» N. 1 D.S. Тәулігіне 3 рет бүркеуге. # Көз қаптағыштары (Membranulae ophthalmicae) – көз сұйықтығында еритін, белгілі мөлшердегі дәрілік заттардан тұратын, залалсыздандырылған полимерлі қаптағыштар. Көз тамшыларынан айырмашылығы: дәрілік заттарды дәл мөлшерлейді, препараттың емдік құнарлығын ұзақ сақтайды, залалсыздығын жеңіл сақтайды, тұрақтылығы жоғары. Басқада түрлер: крем (Crem), гель (Gel), лосьон (Lotionеs), гранулалар (Granulae), карамель (Caramtl), пластырь (Emplastrum), сироп (Sirupus), тамшылар (Guttae), шырыш (Mucilagines), бальзам (Balsama), шырын (Succi) және т. б. Rp; Crem Clobetasoli 0,05% - 25,0 D.S. Терінің зақымдалған жерлеріне жағу үшін. # Rp.: Gel Fiucinolone acetonide 0,025% - 15,0 D.S. Терінің зақымдалған жерлеріне тәулігіне 2 рет жағу үшін. # Rp.: Lotionis Mometasone 0,1% - 20 ml D.S. Терінің зақымдалған жерлеріне жағу үшін. # Rp.: Granuli Ibuprofeni 0,6 – 3,0 D.S. Грануланы алдын –ала 100 мл суға ерітіп, күніне 1 шай қасықтан 3 рет. # Дәрілік заттардың қасиеттері Дәрілік заттардағы көп қасиеттердің ең маңыздыларына — олардың агрегатты күйі, сақталу мерзімі, ұшқырлығы, жылу өткізгіштігі, ерігіштігі және адсорбциялық қасиеті жатады. Мысалы, бір ғана дәрілік заттардың кристалл күйіндегісі, олардың басқа түрлеріне қарағанда басқаша әсер етеді. Кейде кристал күйіндегі инсулин аморфты түріне қарағанда екі есе ұзақ әсер етеді. Пішін түзгіш заттар мен толықтырғыш заттар дәрілік заттардың әсерін өзгертіп жібереді. Дәрілік заттарды микроұнтақтау, амидопириннің, стеройдтардың, гризеофульиннің және басқа да көптеген заттардың белсенділігін 2-4 есеге дейін арттырып жібереді. Дәрілік заттардың әсері күрделі болған сайын, нәтижелілігі де жоғары болады, көптеген гормондар миллиардтың бір бөлігіндей мөлшерде дозаланады. Көптеген дәрілік заттардың әсері олардың физикалық қасиетіне байланысты келеді. Мысалы майлар қабынған ұлпаны жұқа қабықпен жауып, оның сезімтал жүйкелеріңдегі экстерорецепторларын сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан қорғайды, ал белсендірілген көмір уытты заттарды адсорбциялап ұлпалардың қабынуын бәсеңдетеді. Дәрілік заттардағы балластты заттар мен қоспалар препараттың нәтижелілігін төмеңдетіп, ал қолайсыз әсерін күшейтіп жіберуі мүмкін. Сол себепті таза заттар бағалы препараттар ретінде бағаланады. Сондай — ақ, препаратты толық тазарту да жақсы нәтиже бере бермейді, қайта препаратттың белсенділілігін төмендетіп жібереді. Егер препарат жартылай тазаланған болса, онда оларды жартылай фабрикатттар дейді, ал тіптен тазаланбаса — тазаланбаған препараттар дейді (нативті). Дәрілік заттардың қасиеті мен әсері оларды сақтаған кезде де өзгереді. Сол себепті әрбір препараттың сақталу мерзімі анықталады. Мұндай кезде әртүрлі препаратта әртүрлі кұбылыстар жүріп, олардың өзгеру бағытыда жан жакты келеді. Олардың кейбіреулерінің белсеңділігі төмеңдейтін болса (пенициллин, сутегі асқын тотығы), енді біреулерінің уыттылығы артады (мышьяктың . органикалық қосылыстары). Дәрілік заттар әртүрлі жағдайларда біркалыпты өзгермейді: олардың өзгеруіне ылғалдылық, температура және жарық және т.б. факторлар әсер етеді. Әрбір дәрілік заттың өздеріне ғана тән қолдану ерекшелігі болады. Егер қолдану ерекшелігі сақталмаса, олар қолайсыз өсер етеді, кейде тіпті уландыруыда мүмкін. Сол себепті оларды абайлап қолданған жөн. Жалпы дәрілердің барлығы (фармакопеяға енгізілген) үш тобқа бөлеміз: (А):тізімі - уытты заттар. (Б):тобы - қатты әсер ететін заттар. Жалпы топқа - қатты әсер етпейтін заттар жатады. Фармакопеяға енгізілген барлық препараттар үш топқа бөлінеді: 1) А – тобы – улы заттар (улар – venena); олар аузына құлып салынған жеке шкафта сақталады. Улы дәрілік заттар қүйылған шөлмектің сыртындағы қара қағазға ақ түсті әріптермен есігінің ішкі жағына «А — Venena» деп жазып қояды.. Шкафтардың (сейфтердің) ішкі қабырғасына сақтаулы тұрған улы дәрілік заттардың тізімі мен қанша бар екендігі жазылып қойылуы керек;                                                 2) Б – тобы – күшті әсер ететін заттар (heroica); бұлар да құлып салынған жеке шкафта сақталады. Күшті әсер еткіш заттар қүйылған шөлмектін сыртындағы ақ қағазға қызыл түсті әріптермен жазылады; Шкафта «Б-Heroica» (күшті әсер ететін дәрілер) деген жазу болады.                                                  3) Улы және қатты әсер ететін дәрілік заттардан басқа дәрілер (жай әсер ететін) кәдімгі шкафтарда жалпы ережелер бойынша сақталады. Шөлмектін сыртындағы жазу ақ фонда, қара түсті әріптермен жазылады. Дәріханаларда дайындалған дәрілік зат формаларының жапсырма қағазы (этикетка) да әр түсті болады; ішуге арналған дәрілердің жапсырма қағазы ақ сыртқа қолданылатын дәрілердікі көк түсті.   ҚҰРАМЫНДА ЕСІРТКІ ҚҰРАЛДАРЫ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР МЕН ПРЕКУРСОРЛАР БАР ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ҚОСПАҒАНДА, ДӘРІЛІК ЗАТТАРҒА РЕЦЕПТ ЖАЗЫП БЕРУ ЖӘНЕ ДӘРІГЕРДІҢ РЕЦЕПТІСІ БОЙЫНША БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕРДІ БЕКІТУ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 3 ақпандағы N 38 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 14 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3440. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 21 мамырдағы N 289 Бұйрығымен Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008.05.21 N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен. Рецептілерді жазып беруді және рецептімен берілуі тиіс дәрілік заттарды беруді реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі Ереже бекітілсін. 2. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшылары (келісім бойынша) мен республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы Ережені басшылыққа алсын және орындалуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (Пак Л.Ю.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі А.А.Ақановқа жүктелсін. 6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді және 2005 жылғы 15 наурыздан қолданысқа енгiзiледi. Министр Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 3 ақпандағы N 38 бұйрығымен бекітілген Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі Ереже 1. Рецептілерді денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері өз құзыреті шегінде осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша бланкілермен тиісті медициналық айғақтар болған кезде береді. Рецептілер рецептіні жазып беретін медицина қызметкерінің қолымен және мөрімен бекітеді. 2. Дәрілік заттармен тегін немесе жеңілдікпен қамтамасыз етілуге құқығы бар науқастардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда алуға рецептілер осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес бланкілерге жазып беріледі. Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда алуға арналған рецептілерге денсаулық сақтау ұйымының басшысы қосымша қол қояды және мөрімен бекітеді. Фельдшерлік-акушерлік пункттің меңгерушісі дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда алуға рецептіге қол қояды және фельдшерлік-акушерлік пункттің мөрімен бекітеді. 3. Қазақстан Республикасында тіркелмеген және қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарға рецептілер жазып беруге жол берілмейді. 4. Рецептілер науқастың жасы және дәрілік заттың құрамына кірген ингредиенттер әрекетінің сипаты ескеріле отырып жазып беріледі. 5. Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікпен алуға арналған рецептінің мазмұны мен нөмірі науқастың амбулаториялық картасында көрсетіледі. Рецептілердің бланкілері осы Ереженің 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша рецепт бланкілерін есепке алатын арнайы кітапта тіркеледі. 6. Рецептілер бланкілердегі көрсетілген барлық бағандар міндетті түрде толтырыла отырып, анық жазумен жазып беріледі. 7. Рецептіде осы Ереженің 4 қосымшасына сәйкес қысқартуларға жол беріледі. 8. Дәрілік затты қолдану тәсілі қабылдау мөлшері, жиілігі мен ұзақтығы көрсетіле отырып, мемлекеттік немесе орыс тілінде жазылады. Жалпы нұсқаулармен ("Белгілі", "Ішке", "Сыртқа") шектеуге болмайды. 9. Бір рецепт бланкісіне бір дәрілік зат жазылып беріледі. 10. Дәрілік затты жоғары бір реттіктен артық мөлшерде жазып берген кезде дәрігер рецептіге дәрілік заттың мөлшерін жазумен және леп белгісімен белгілейді. Дәрігер осы талапты сақтамаған жағдайда фармацевтика қызметкері жазып берілген дәрілік затты белгіленген жоғары бір реттік мөлшердің жартысын береді. 11. Рецептілер стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында айрықша қолданылатын дәрілік затқа (ингаляциялық және ингаляциялық емес наркозға арналған заттар және басқалары) жазылып берілмейді. 12. Рецептілер жеті күннің ішінде жарамды. 13. Тұрақты (ұзақ) емдеуді қажет ететін науқастарға дәрілік заттарды (дәріханалардан тегін немесе жеңілдікті жағдайларда берілетін дәрілік заттарды қоспағанда) жазып беру кезінде рецептілердің жарамдылық мерзімі 1 айға дейін белгіленеді. Мұндай жағдайда рецептілерде дәрігердің қолымен және денсаулық" сақтау ұйымының мөрімен бекітілген "Арнайы тағайындалған" деген жазу болуы тиіс. 14. Жоғарыда санамаланған талаптарға сай келмейтін және/немесе үйлеспейтін компоненттерден жасалған дәрілік зат жазылған рецепт жарамсыз болып есептеледі. 15. Жарамсыз рецептілер "Рецепт жарамсыз" деген мөртаңбамен күші жойылады, осы Ереженің 5 қосымшасына сәйкес дұрыс жазылып берілмеген рецептілерді есепке алатын арнайы журналға тіркеледі. Бұл орайда фармацевтика қызметкері науқасқа үйлеспейтін компоненттерден жасалған дәрілік заттарды қоспағанда, жазылып берілген дәрілік затты береді де, дұрыс жазылып берілмеген рецептілер туралы ақпаратты денсаулық сақтау ұйымының басшысына береді. 16. Тегін немесе жеңілдікті жағдайлардағы рецептілер бойынша дәрілік заттарды беруді денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен келісім-шарты бар дәріхана ұйымдары жүзеге асырады. 17. Дәрілік затты рецептіде көрсетілген санымен беру қажет болған кезде дәріхана орамына дәріхана ұйымының атауын, дәріні, санын, мөлшерін, сериясын және жарамдылық мерзімін міндетті түрде көрсете отырып, түпнұсқа орамды бұзуға болады. 18. Әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (аудан, қала, облыс) жарамды тегін немесе жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттарға арналған рецептілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттарға жазылып берілген рецептілер республиканың бүкіл аумағында жарамды. 19. Дәрілік заттарға арналған рецептілерді сақтау мерзімі: 1) тегін және жеңілдікті жағдайларда босатылғандар - 3 жыл; 2) басқалары - 3 ай. 20. Сақтау мерзімі асып кетісімен рецептілер жойылуы тиіс. 21. Рецептілерді жою үшін құрамында дәріхана ұйымының басшысы мен материалдық жауапты адамы бар комиссия құрылады. Комиссия жою туралы акт жасайды, онда жойылған рецептілердің саны жазумен көрсетіледі. Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі Ережеге 1 қосымша А 8 форматы Рецепт бланкісінің нысаны ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ АТАУЫ

РЕЦЕПТ

БАЛАҒА АРНАЛҒАН ЕРЕСЕККЕ АРНАЛҒАН
(астын сызу керек)

20 __ жылғы "___" ___________
(рецептінің жазылған күні)

Науқастың Т.А.Ә., жасы _____________________________________________
Дәрігердің Т.А.Ә., _________________________________________________

Rp:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

D.S.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Дәрігердің қолы мен жеке мөрі __________________________ м.о.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 564; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!