Гельминтоспориозды тамыр шірік ауруы 26 страница



25. Өсімдіктер селекциясы жайында түсініктеме беріңіздер

Өсімдік селекциясы (лат.selectіo – таңдау, сұрыптау) — ауыл шаруашылықтың өсімдіктерінің жаңа сорттарын, гибридтерін шығаратын және бұларды шығару әдістерін зерттейтін ғылым, өсімдік сорттары мен гибридтерін шығару әдістері туралы ғылым. Өсімдік селекциясы ғылым ретінде агрономия ғылымы саласына жатады, бірақ егіншілікке, агрохимия, өсімдік өсіруге қарағанда селекция ғылымы өсімдіктің өз табиғатына әсер ету жолдарын іздеп, тұқым қуу қасиетін қажет бағытқа өзгертуді көздейді. Сондықтан өсімдік селекциясының теориялық негізі - генетика. Өсімдік селекциясы ботаника, цитология, өсімдік физиологиясы, өсімдік өсіру, экология т.б. ғылымдар мен тығыз байланысты. Өсімдік селекциясы жұмыстары нәтижесінде шығарылған жаңа сорттарды өндіріске енгізу - алғашқы шыққан өндірісі өнімін арттырудың ең бір тиімді әдісі.

Өсімдік селекциясы тарихи адамның егіншілікпен айналасуынан басталады. Селекцияның қарапайым түрі ерте заманда-ақ ірі дәнді келесі жылы себуге қалдырып отырудан басталады. Бұндай халық селекциясы шығарған бірқатар сорттардың маңызы әлі күнге дейін орасан зор. Өсімдік селекциясы дамуына Батыс Еуропа елдері селекционер-практиктері 1774 жылы Париж маңында құралған Вильмонер селекция фирмасы жұмыстарының қорытындысы, Ч.Дарвинның «Түрлердің пайда болуы» деген еңбегі, К.А.Тимирязевтің тұқым қуу және өзгергіштік туралы ілімі, И.В.Мичуриннің сұрыптау нәтижесінде жемістердің жаңа сорттарын шығару жұмыстары үлкен әсер етті. КСРО-да өсімдік селекциясы алым ретінде 19 ғ. аяғы мен 20 ғ-дың басында қалыптаса бастады. Ең алғашқы ғылыми мекеме 1885 жылы Полтавада құрылды. 1903 жылғы Мәскеу құрамында селекциялық арнаулық тәжірибе станциясы құрылып, дәнді дақылдар мен зығырдың алғашқы жаңа сорттары шығарылған.1909жылы Харьковте т.б. қалаларда тәжірибе станциялар құрылды. 1921 жылы В.И.Ленин қол қойған «Тұқым туралы» декрет шықты, бұл селекция, тұқым мәселелерімен айналысатын мекемелер жұмысының негізіне алынды. 1924 жылы Бүкілодақтық ботаника және жаңа екпе дақылдар интернаты құрылып, ол 1930 жылы Бүкілодақтық өсімдік өсіру интернатына айналды. Бұл интернатты ұзақ уақыт Н.И.Вавилов басқарып, өсімдік селекциясының теориялық негізін құрды және елімізде тәжірибе-селекция жұмысын ұйымдастыруға көп еңбек сіңірді. П.П.Лукьяненконың басшылығымен Краснодар ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтында күздік бидайдың жоғары өнімді «Безостая-1», «Аврора» және «Кавказ» деген сорттары шығарылады. Бұлар бұрынғы аудандастырылған (12-18 ц өнім беретін) сорттарға қарағанда гектарынан 60-70 ц өнім береді.

Қазақстанда өсімдіктер селекциясы' саласындағы жүйелі зерттеулер 20 ғ-дың 30-жылдары басталды, қазіргі уақытта Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты, Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ мал азығын өндіру және жайылым ғылыми-зерттеу институты, Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, т.б. бірқатар ауыл шаруашылығы институттары, облыс ауыл шаруашылығы және селекциялық тәжірибе станциялары шұғылданады. Өсімдік сорттары мен гибридтерін шығарудағы негізгі мақсат – өсімдіктің өнімділігін, аязға, қуаңшылыққа төзімділігін арттырып, аурулар мен зиянкестерге қарсы тұру қабілетін күшейту, т.б. Қазіргі кезде жеміс-жидектің, дәнді дақылдардың, картоптың, көкөніс-бақша дақылдарының, т.б. бірнеше сорттары.[

26.Селекцияның негізгі әдістері жайында түсініктеме беріңіздер

Селекцияның негізгі әдістері

Селекцияның негізгі әдістері сұрыптау, гибридизация, полиплоидия, мутагенез және клеткалық және ген инженериясының түзіліп жатқан салыстырмалы әдістері есептеледі.

Сұрыптау және гибридизация

Сұрыптау мен гибридизацияға материал ретінде жабайы және жасанды жолмен алынған сорттар мен қолтұқымдар алынады. Салыстырма үшін: барлық тіршілік етуші тірі организмдер қатарынан адам шамамен 200-ге жуық өсімдік түрлері мен 20 омыртқалы жануарлардың түрлерін мәдениеттендірді.

Селекция сұрыптаудың екі формасын қолданады: жаппай сұрыптау және жеке сұрыптау.

Жаппай сұрыптауда алынған популяция дараларынан, демек қолтұқым немесе сорт шығатын қаситтерге ие болатын ұрпақ алады. Сұрыптауды бірнеше ұрпақтар бойында қайталап жүргізеді, мақсаты – қызықтырушы белгінің сортта немесе қолтұқымда өзіндік сипатқа ие болуы. Осындай жолмен алынған сорт генетикалық жағынан бірыңғай емес, сұрыптауды уақыт сала қайталайды.

Жеке сұрыптауда әр дарадан жеке ұрпақ алады және өсімдіктерде өзін-өзі ұрықтандыру және жануарларда жақын туыстық дараларды шағылыстыруда инбридинг, таза линиялар алынады, генетикалық біртұтас гомозиготалық даралар топтары. Бұның пайда болу себебі, әр жаңа ұрпақта шағылысатын гетерозиготалардың жартысынан астамы гомозиготалы, осылайша әр ұрпақ сайын гомозиготалар саны арта түседі. Мысалы, өсімдіктің өзін-өзі ұрықтандыруда гомозиготалықтың 100 % деңгейі ұрпақтың 7-8 ретінде тура келеді. Жеке сұрыптау өзін-өзі ұрықтандыратын өсімдіктерге тән болып келеді. Осылайша, енгізілген сорттар генотип тұрақтылығын сақтап қалады.

Алынған материал неғұрлым алуан түрлі болған сайын сұрыптау тиімдірек болады. Оны ұлғайтудың бірден-бір жолы гибридизация – генетикалық алуан түрлі дараларды байланыстыратын тұқымқуалаушылық материалы. Түрішілік және түраралық гибридизацияны ажыратады, нәтижеде әр түрлі жұп гендерден тұратын генотиптер пайда болады.

Түрішілік гибридизацияның негізін адамға тиімді белгілері бар түрге жататын дараларды шағылыстыру құрайды, ары қарай ұрпақтарды да іріктеу жүреді, себебі оларда белгілер айтарлықтай көрінген. Осындай жақын туыстық шағылыстыруда даралардың гомозиготалық деңгейі арта бастайды, сол арқылы рецессивті аллельдермен анықталатын белгілер толық көріне бастайды, олар бұрын гетерозиталық күйде болған.

Түрлі линиялар дараларын шағылыстыру барысында – аутбридингте немесе линияаралық шағылыстыруда ол ұрпақтардың гетерозиготалығының артуына алып келеді, ата-аналарынан бірнеше қасиеттері жағынан арта түсетін даралар алуға мүмкіндік береді. Гибридтердің тіршілік қабілеттіліктері мен өмір сүру ұзақтығының кенеттен артуы, демек таза линиялардан алынған ұрпақтарды гетерозис деп атайды. Гетерозис бірінші ұрпақ гибридтерінде жиірек орын алады. Мысалы, жүгері тұқымдарының гибридтерін шашқаннан соң алынған өнім 20-30%-ға артқан.

Алыс гибридизация өсімдіктер мен жануарлардың әр түрлі түрлерін шағылыстырғанда орын алады, ол гибридте адамға қажетті ата-аналық қасиеттерді біріктіруге мүмкіндік береді. Алайда организмнің түрлі топтарының биологиялық ерекшеліктерінің салдарынан, шағылысуға кедергі жасағандықтан, алыс гибридизация қиындықпен іске асады. Мұндай гибридтер хромосомалардың мейоз барысында бір-бірімен коньгацияланбай қалуы салдарынан ұрпақсыз болады. Алайда кейбір жағдайларда өсімдіктердің түраралық гибридтерінің ұрпақсыздығын өсімдіктің полиплоидтық түрін түзу арқылы жеңуге болады.

Мутагенез және полиплоидия

Индукциялық (жасанды пайда болған) мутагенез селекция үшін алынған материалдың генетикалық алуантүрлілігін арттыруға кең мүмкіндіктерін ашады. Әсіресе микроорганизмдер және өсімдіктер селекциясында қолдану тиімді.

Адамға қажетті белгілерді анықтайтын мутациялар жиіліктерін арттыру организмге түрлі мутагендік факторлармен әсер еткенде іске асады: иондаушы және ультракүлгін сәулелермен сәулелендіру, кейбір химиялық заттармен әсер ету, мысалы, этиленимин, азоттық иприт және т.б.

Селекцияда үлкен назарды өнімділікті арттырушы өсімдіктердің полиплоидты түрлерін алуға аударылады. Полиплоидты түрлер алу арқылы, сонымен қатар өсімдіктердің түраралық ұрпақсыздықты құртуға болады. Алғаш рет оған 1924 жылы генетик Г.Д.Карпеченко қол жеткізген болатын. Онымен қырыққабат пен тұрыптың өнімді түрі рафанобрассика алынған болатын. Қырыққабат пен тұрыптың кәдімгі түрлері өнімділігі төмен болуда, себебі мейоз барысында олардың хромосомаларының коньюгациялау мүмкінсіздігінен. Г.Д.Карпеченко гибридтің хромосомалар санын екі есе арттырды, осылайша әр хромосома өзіне жұп тауып алады, сол арқылы гибридтің өнімділігі қайта қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта полиплоидтық түрлерді алу үшін колхицин пайдаланылады. Бұл препарат ахроматин жіпшелер шумақтарын бұзып, мейоз барысында гомологтық хромосомалардың тарқатылуын болдыртпайды. Нәтижеде екі еселенген хромосомалары бар клеткалар пайда болады.

27.Будандастырудың түрлері

28Будандастыру мен гибридтеудің биологиялық ерекшеліктері 27 28 29 бирге    

29. Будандастыру мен гибридтеудің биологиялық ерекшеліктері

Будандастыру малдың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттеріне тікелей әсер ететін, адам баласының ежелден қолданып келген тәсілі. Біз осы әдіс арқылы жаңа нәсілдік қасиеті бар, белгілі бір қасиеті жетік дамыған немесе әр түрлі өнімдік қасиеттердің жаңа бірлестігі бар будан аламыз. Оларды мұхият сұрыптау және белгілі бағытта жұп құру арқылы жаңа мал тұқымы шығарылады. Бұлардың негізінде будандастыру арқылы алынған ұрпақта, гетерозиготалықтың күшеюі, соның нәтижесінде белгілердің комбинативтік өзгергіштігінің көбеюі жатыр. Соңғы жағдай жоғырыда айтқан мал тұқымын шығаруға мүмкіншілік туғызды. Будандастырған уақытта гетерозиготтылықтың күшеюіне байланысты будандарда гетерозис атты биологиялық құбылыс жиі кездеседі. Гетерозистік құбылыс деп будандардың аталық және аналық тұқымдардан өнімі жағынан басымдылығын айтады. Өндірістік мал шаруашылықтары үшін маңызы зор. Мал тұқымдарын будандастыруда көздеген мақсатқа жететін нәтижеге байланысты будандастыру мынадай бес түрге бөлінеді: сіңіре будандастыру, қан араластыра будандастыру, заводтық будандастыру, өндірістік, кезек будандастыру. Будандастырудың әр түрлі жолдарын пайдалану арқылы мына төмендегі зоотехниялық мәселелерді шешуге болады:

1. Өнімі төмен жергілікті мал тұқымын тез арада түбегейлі өзгерту;

2. Өсіріп отырған мал тұқымының кейбір кемшіліктерін қысқа мерзімде жақсарту;

3. Жаңа мал тұқымын шығару;

4. Гетерозис құбылысын барынша пайдалану. Гибридтеу деп - екі түрге жататын малды шағылыстыруды айтады. Гибридтеудің ғылыми тәсіл ретінде жануарлардың өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығын және ұрықтану процестері мен олардың шығу тегін тексеруде маңызы өте үлкен. Дегенмен де гибридтеуді пайдаланудағы негізгі мақсат - жабайы және жартылай жабайы жануарлардың адам игілігіне пайдалану. Осы тұрғыдан гибридтеуді екі түрге бөледі. Оның бірі күнделікті пайдалануға жарайтын мал алу үшін, ал екіншісі - малдың жаңа тұқымдарын шығару үшін кеңінен қолданылады. Сонымен қатар гибридтеудің қан араластыру немесе бір түрді екінші түрмен сіңіре будандастыру мақсатымен қолданылады. Бірақ бұл гибридтеудің сирек кездесетін түрлері. Күнделікті пайдалануға жарайтын мал алу үшін қолданылатын гибридтеу көне заманнан белгілі. Адам осыдан төрт мың жылдай бұрын жылқыны есекпен будандастырып, жүк артуға, қара жұмысқа пайдалануда басқа малдан анағұрлым төзімді, әрі күшті, ұзақ тіршілік ететін алғашқы ұрпақ қашырды алды. Сол сияқты айыр түйе мен аруананы будандастырудан қоспақ алу ертеден қалыптасқан; бұдан алынған ұрпақ ата-енесіне қарағанда жұмысқа көнбісті, әрі өнімді болды. Гибридтеу. Әр түрге жататын жануарларды шағылыстыруды гибридтеу (түраралық немесе шалғай будандастыру) деп атайды. Осының нәтижесінде алынатын ұрпақты гибридтер дейді. Гибридтерді шығу тегі бірдей және әр түрлі гибридтермен шағылыстыруды да мал өсіру әдісі ретінде гибридтеуге жатқызады. Бүл өте қиын будандастыру әдісінің негізгі міндеті - адамның материалдық мәдениетіне жануарлардың бағалы жабайы және жартылай жабайы формаларын енгізу. Гибридтеу - тіршілікті зерттеу ғылымдарында қолдану шеңбері кең тәсіл. Өсімдіктер мен жануарлардың өзгергіштігі мен тұқым куалаушылығын, үрықтану процестері мен шығу тегін тексеруде маңызы өте үлкен. Гибридтердің ұрпақ беру немесе бермеу қабілетіне қарай гибридтеуді былайша бөледі: шаруашылыкқа пайдаланылатын жануарларды (мысалы, қашырдың шығарылуы) шығаратын және жануарлардың жаңа тұқымдары мен түрлерін шығару үшін пайдаланылатын гибридтеу. Осыған байланысты жануарларды гибридтеудің мынадай төрт түрі бар: өнеркәсіптік, сіңіре, тұқым түзуші және түзетуші (кірістіре) гибридтеу. Бүлардың ішіндегі кең таралғандары - өнеркәсіптік (пайдаланушы) гибридтеу және тұқым түзуші гибридтеу

Мал шаруашылығында гибридтеуді пайдаланудағы негізгі мақсат - жабайы және жартылай жабайы жануарларды адам игілігіне пайдалану. Осы түрғыдан гибридтеу екі бағытта қолданылады:

1) өндірістік будандастыру жолымен, яғни екі түрдің өкілдерін шағылыстыру арқылы, мол өнімді тек бірінші ұрпақ гибридтерін алу. Мысалы, жылқының биесін есектің айғырымен шағылыстыру арқылы жүк тартуға, мініске жылқыдан да, есектен де анағүрлым төзімді, әрі күшті және үзақтіршілік ететін қашыр алу ертеден қалыптасқан тәсіл.

2) жаңа мал тұқымын шығару. Бүл бағыттағы жүмыс зауыттық немесе кірістіре будандастыру жолымен жүргізіледі. Мысалы АҚШ-та шортгорн сиырын үнді зебуімен гибридтеу нәтижесінде санта-гертруда, шароле мен герефорд сиырларын бизонмен шағылыстырудан бифали атты етті бағыттағы жаңа тұқымдар шығарылған.

Табиғи жағдайдың өзінде екі түр өкілінің бір-бірімен шағылысуы сирек кездесетін қүбылыс. Себебі эволюция барысында екі түрдің шағылысуына жол бермейтін біршама кедергілер қалыптасқан. Осы кедергілерден өту жолдарын ашу биология саласындағы ғылымдардың басты мәселелерінің бірі. Өйткені, бір түрмен селекция келешекте мүмкіншілік шегіне жеткен уақытта оның жететін жаңа белестерін ашудың жолы басқа түрмен гибридтеу болмақ.

Жануарларды гибридтеуде көптеген қиывдықгар кездесуде. Олардың ішівдегі ең бастылары мыналар: 1) түрлердің өзара будандаспауы; 2) гибридтердің ішінара немесе толық бедеулігі. Түрлердің будавдаспауының және гибридтердің бедеу болуының негізгі себептері генетикалық факторлар болып табылады: гаметалардағы хромосомалардың әр түрлі жиынтығы мен қүрылымы, олардың тіршілікке қабілетті зигота түзе алмауы, өзінің морфологиялық және биохимиялық ерекшеліктеріне қарай сперманың бөгде жүмыртқа клеткасының қабықшасын бүзып, оған ене алмауы. Егер гибридті зигота түзілген болса да, эмбрионалдық патологияның нәтижесінде іштегі төл қалыптасуының алғашқы сатыларында ақ жойылып кетеді. Мүның себебі, организмнің иммунды қорғаныш денелері ішке енген бөгде белоктарға қарсы күресіп, оны жояды. Ата-енелеріндегі айырмашылықтарға байланысты гибридтерде аталық және аналық жыныс клеткаларының түзілу процесі бұзылып, олар бедеу болып шығады. Гибридтердің стерильдігі гонадалар мен митоздың дамуындағы ауытқушылықтарға байланысты.


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 619; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!