Гельминтоспориозды тамыр шірік ауруы 21 страница



Жартылай құрғақтай дәрілеу. Бұл әдіспен сұлы мен арпаның тұқымы формалиннің ерітіндісімен уланады. 1 тонна дәнге 0,5 процентті 15 – 30 литр ерітінді жұмсалады. Уланған тұқым полиэтилен пленкасымен немесе қанармен 3 – 4 сағат бойы жабылып, тұншықтырылады. Осы мерзімде Иммунизациялау үшін пайдаланылады. Бұл препараттармен бірнеше рет бапталған өсімдіктердің кеселге беріктігі 2-3 жылға дейін сақталады. Өсімдіктерді иммундаудың тағы бір жолы-оларды патогеннің әлсіз немесе  шалажансар штаммдарымен вакцинациялау. Бұл әдіс фитопатологияда кең қолдау таппағанмен, оны бірен- саран патогендермен күресу үшін теплицада көкеніс дақылдарының ауруларына қарсы қоолдануға болаы. Профессор Ю. И. Власов қиярдың вирус ауруларымен күресу үшін өсімдіктерді оның әлсіз штаммдарымен баптауды өндіріске ұсынады.

17.Тұқым арқылы таралатын аурулар

Көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары тұқым арқылы таралады. Ауру қоздырғыштардың ұзақ мерзім бойы тыныштық қалпында сақталуға бейімделген хламидоспора, ооспора сияқты органдары тұқымның сыртына жабысып, оларды ластайды. Мәселен, қатты қаракүйе ауруларына қоздыратын саңырауқұлақтардың хламидоспоралары астықты орған кезде тозаңданып, дән үстіне қонады. Олар дәнмен бірге қоймада қыстап шығып, көктемде топыраққа сіңірілген тұқыммен қатар өніп, жас өскіндерді зақымдайды. Астық дақылдарынан тозаңда қаракүйелері де тыныштық қалпындағы мицелий күйінде дәннің ұрығында сақталады.
Тұқым арқылы аурудың тез таралуын темекінің жалған ақ ұнтағынан да байқауға болады. Біздің жерімізде тұңғыш рет 1955 жылы байқалған бұл өсімдік ауруы тұқыммен тез таралып 1966 жылы бүкіл Молдавия мен Закарпатьені және Краснодар өлкесін жайлады.

Дәнді – дақылдардың альтернариоз, гельминтоспориоз, капустамен сәбіздің, қызылшаның, т.б. дақылдардың, бір жылдық және көп жылдық шөптердің фомоз, аскохитоз, антракиоз, альтернариоз, макроспориоз, басқа да саңырауқұлақтар қоздыратын аурулары тұқым арқылы таралады. Бактериоз бен вирус ауруларының көпшілігі де тұқым мен көшеттерде және басқа да вегетативті көбеюге арналған органдарда сақталады. Инфекциямен тұқымның тек сыртқы қабықшасы ғана зақымданып қоймай кейде ауру бүкіл өсімдік органдарын қуалай таралып тұқымның ішкі қабаттарына да енеді. Оны зақымдауда насекомдардың да әсері үлкен. Бір өсімдіктен екіншілеріне инфекция, жел жаңбыр арқылы таралады. Өсімдіктерді тұқымда сақталатын инфекциядан айықтыру үшін төмендегі іс – шараларды жүзеге асыру қажет:

 

1) тұқым мен вегетативті көбеюге арналған материалдарға фитопотолргиялық экспертиза жасап, олардың аурулармен зақымданғаның, анықтау;

2) егуге және отырғызуғаа арналған материалдарды зақымсыздандыру

3)  тұқымның қайта зақымданып жол бермеу. Тұқымның ауру қоздырғыштармен зақымданғаның тұқымдық бақылау инспекциялары анықтайды.Дәнді дақылдар тұқымының қаракүйе түйірлерімен ластану мөлшері 0.002 % асатын болса, оны егіске пайдалануға болмайды.Сонымен қатар дәннің ,қаракүйемен споралану мөлшерін анықтауға болады.Бұл үшін жүз дән алып,оларды арнайы пробиркаларға салып үстіне он мл ден су құйылады да , бес минут центрафугада мұқият шайқалады.Центрифугалау кезінде дән үстіндегі спораладың бәрі пробирканың түбіне тұнатындықтан , онда, 0.5 см куб суспензия ғана қалдырылады да қалған су төгіледі. Пипеткамен бірнеше тамшы су әйнекке тамызылып , микроскоп арқылы ондағы хламидоспорпалар саны анықталады.Бұл әдіспен қаракүйе спораларымен қатар дән үстіндегі фузарнум, гельминтоспориум, макроспориум т.б саңырауқұлақтардың конидияларын да анықтауға болады.

Ауру қоздырғыштар тұқымды зақымдап, оның ішкі қабаттарында мицелий ретінде сақталады да, сыртта байқалмайды.Олар факультативті паразит болған жағдайда дәннің сырты спиртпен немесе калий перманганатының ерітіндісінде стерильдендіріліп , Петри шыныларындағы дымқыл сорғыш қағазға 25-50 тұқым егіледі де , термостатта төрт бес күн бойы 20-25 градус температурада қалдырылады. Осы мерзімнен кейін Петри шыныларын ашып қарасақ , зақымданған тұқымдардың үстіне жұқа ақшыл, күлгін-қызғылт немесе қаракөк зең пайда болғанын.Бактерния ауруларына шалдыққан тұқымдардан ақшыл мөлдір немесе сарғыш шық тәріздес тамшылар бөлінеді.

Тұқым тозаңды қаракүйемен және т.б облигатты паразиттермен зақымданса, ылғалды ортада дәннің үстінде саңырауқұлақтың споралану органдары түзілмейді. Олардың зақымданғаның анықтау үшән гистологиялық әдіс қолданылады.Тұқым натрий сілтісінің ерітіндісінде қайнатылып ,оның жармағы эндоспермадан бөлініп алынады да ,анелин бояуларымен боялады. Жарнақ жапырақшаларын бір тамшы еретіндіде әйнектің үстіне жазып микроскоп арқылы қарасақ, боялмаған өсімдік тканьдерінің арасынан көкшіл қаракүйе мицелийлерін байқаймыз.

                                                          Тұқымның вирус және бактерия ауруларымен зақымданғанын білу үшін олар теплицада немесе жабық грунтте өсіріледі, ауруға шалдыққан өсімдіктер санв анықталады.

Тұқымның инфекциямен зақымданғанын анықтау үшін физикалық және химиялық әдістерді кеңіне пайдалануға болады. Тұқымдық материялдарға фитипатологиялық экспертиза жасауда люминесценция әдісі кең қолданылады.

18.Еліміздің фармацевтика саласы

Қазіргі проблемалар

Өнімді өткізудің кепілдікті нарықтарының болмауы
Бірлескен кәсіпорындар (БК) құру және стратегиялық инвесторларды тарту үшін фармацевтикалық компаниялар мен медициналық жабдықтарды өндірушілерге мемлекет тарапынан ұзақ мерзімді кепілдікті тапсырыстар және барлық тараптар үшін инвестицияларға кепілдікті қайтару қажет.
Инновациялық жобалар бойынша кепілдік беру мүмкіндіктерінің бірі өндірушілермен олардан дәрілік препараттар, ММБ және инвестициялық жобалар немесе БК шеңберінде шығарылатын медициналық жабдықтар сатып алуға «off-take» ұзақ мерзімді шарттарға қол қою болуы мүмкін.
Білікті кадрлардың тапшылығы
Қазіргі таңда барлық компаниялар фармацевтикалық, және медициналық өнеркәсіпте білікті кадрлардың тапшылығын, сондай-ақ тәжірибелі қызметкерлердің салыстырмалы жоғары құнын атады. Өндірушілер ұлттық басымдықтың бірі ретінде осы салада кадрлар даярлауды жақсартуды және шетелде даярлауды қаржыландыруды және елге шетелдік мамандарды тартуды (әсіресе GMP тәжірибесі бар) ұсынады.
Кредит қаражатының тапшылығы
Әлемдік қаржы дағдарысы қазақстандық компаниялардың кредит нарықтарына кіруін шұғыл шектеді. «Баумгартнер» компаниясын зерттеу барысында компанияның зауыттарды жаңғыртуға жоспарлаған 35,552 млрд. теңге мөлшеріндегі инвестицияны, шамамен 16,3 млрд. теңгені не Қазақстан Даму Банкі, не басқа мемлекеттік қаржылық даму институттары, не жергілікті немесе шетелдік инвесторлар бере алмайтыны анықталды. Жергілікті ойыншылар инновациялық жобаларды іске асыру үшін жабдықтар сатып алуға арзан кредит алуға бірнеше рет қызығушылық білдірді, алайда коммерциялық банктердің кредит ресурстарының құны дағдарыс кезінде өсті.
Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру
Мерзімдер мен шығыстар заттардың, өсімдік шыны ыдыстар мен қақпақтардың импортына кеденнің рұқсатын шикізатының алудың мерзімдері мен шығыстары проблемалардың бірі болып табылады. Салық заңнамасына GMP халықаралық стандарттарды енгізу жөніндегі кәсіпорынға келтірілген шығыстарға 150 %-ға корпоративтік табыс салығы бойынша салық салынатын базадан шегеру коэффициентін көбейту бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады. Даму үшін фармацевтикалық кәсіпорындарда халықаралық стандарттардың (GMP) болмауы және енгізуді тежеу айтарлықтай проблема болып табылады. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуеті халықаралық стандарттардың деңгейіне сәйкес келетін өзінің қуаттарының болмауымен қатты шектеледі.
Сауда саясаты
Қазақстан Республикасында өндірілетін дәрілік құралдарға, медициналық жабдықтарға және ММБ арналған Еуропалық Одақпен ұқсаспауы бойынша, қосалқы станциялар, сондай-ақ дәрілік құралдарды жасауға арналған басқа да қосалқы заттарды шығаратын өндірушілер үшін жабдықтаушы бөлшектерді әкелу жөніндегі заңнамалық базаның сәйкессіздігі, 2014 жылдан бастап халықаралық стандарттарға сәйкес келетін дәрілік құралдарды отандық өндірушілер препараттарды тіркеу куәліктерін өзара танылмауы

Кәсіпорындардың негізгі қорлары

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың негізгі қуаттарының тозуын бағалау кезінде 2014 жылға қарай міндетті енгізілуі заңнамамен бекітілген тиісті өндірістік тәжірибенің талаптарына (GMP) сәйкес келтіру үшін оларды жаңғырту мүмкіндігі негіз қалаушы факторға айналады. Басқаша айтқанда, GMP стандарттарына сәйкес келмейтін цехтарды пайдалануға беру 2014 жылдын аяғында тоқтатылатын болады.
Тиісті өндірістік тәжірибе талаптарына сәйкестікті бағалау жөніндегі ұлттық инспекция (GMP) әлі құрылған жоқ, төмендегі бұл сәйкестік туралы болжамдар талқыланып отырған өндірістік қуаттарда GMP сертификаттарының болуын білдірмейді. Технологиялық жарақтанушылықтың, сондай-ақ орама цехы мен «толық цикл өндірісіне» инвестициялардың арасындағы түбегейлі айырмашылықтарды ескере отырып, бұл тарауда тек соңғысы ғана қаралады.
Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ - отандық фармацевтика өнеркәсібі жетекшісінің құрылғанына 125 жылдан асты. Негізгі өндірістік қуаттар жарты ғасырдан астам пайдаланылып келеді, алғашқы елеулі жаңғырту өткен ғасырдың 90 жылдардың ортасы - аяғында болды, 2007 жылы тиісті өндірістік тәжірибенің талаптарына сәйкес келетін «жұмсақ» дәрі нысандарының жаңа цехы пайдалануға берілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылға қарай отандық өндірушілер нарығының 50%-дың үлесіне қол жеткізу туралы тапсырмасына сәйкес компания басшылығы өндіріс ауқымын елеулі түрде ұлғайтуды болжай отырып, Астана қаласында қатты дәрілік нысандар мен ұнтақ антибиотиктер шығару жөніндегі фармацевтика фабрикасын және Шымкент қаласында екпе, әрі инфузиялық ерітінділер өндірісі бойынша, оның ішінде модульдік технология бойынша цехтар салатынын мәлімдеді.
Бүгінгі күні өнім ассортименті қатты (таблеткалар, капсулалар) және зарарсыздандырылған (ампулалардағы екпе ерітінділер мен екпеге арналған сауыттағы антибиотиктер) дәрілік нысандарды, зарарсыздандырылмаған сұйық ерітінділерді, сироптарды, тұнбаларды, жұмсақ дәрілік нысандарды (жақпалар, гельдер, линименттер мен суппозиторийлер) қамтиды.
«Глобал Фарм» БК ЖШС өндіріс көлемі бойынша республикада екінші болып табылады. 2000 жылы негізі қаланған, Оңтүстік Корея тарабымен бірлескен кәсіпорын қатты дәрілік нысандарын қомақты көлемде өндіреді және шетел өндірісінің ампуладағы препараттарын орайды. Негізгі қорлардың тозу уақыты келмегенімен, жұмыс істеп тұрған шектеулі алаңдарда кәсіпорындарды GMP стандартына дейін жаңғыртудың орынсыздығы салдарынан Алматы облысында «Глобал Нью-Лайф» зауытын салу жоспары айтылды. Оны пайдалануға беру 2013 - 2014 жылдары күтіліп отыр.
Павлодар қаласындағы «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС өзін полипропиленнен, қатты дәрілік нысандардан (бұл цехтың GMP стандарттарына сәйкестігі айтылды), баға тобы төмен инфузиялық ерітінділерден жасалған ММБ, өндіру зауыттары мен биологиялық қоспалар дайындау цехын қамтиды, кеңес кезіндегі ғимараттардағы ауқымды алаңы бар, оларды қазіргі заманғы цехтарды орналастыру үшін жаңғырту қомақты инвестицияларды талап етеді. «Ромат» ФК өнім ассортименті мен көлемін ұлғайту жоспарын белсенді мәлімдеп отыр және үздіксіз стратегиялық әріптес немесе инвестор іздеу үстінде.
«Нобел Алматы фармацевтика фабрикасы» АҚ бірінші кезекте Алматы фармацевтика фабрикасының ғимаратына күрделі жөндеу, тиісті өндірістік тәжірибе (GMP) талаптарына сәйкес қатты және сұйық дәрілік нысандарды өндірісінің толық циклін жүргізе отырып, өз өндірісінің бірінші кезегін аталған фабрика базасына орналастырды. «Нобель АФФ» АҚ қолда бар өндіріс қуаттарын жаңғырту бойынша бірінші инвестициялық жобаны жүзеге асыруда, сондай-ақ қолда бар аумақта дәрілік заттарды шығару бойынша қосымша цехтарды салуды және пайдалануға беруді жүргізуде. Бұл ғимаратта зарарсыздандырылған дәрілік нысандар өндірісін орналастыру мүмкін болмағандықтан, зауыт басшылығы 2012 - 2015 жылдары Алматы қаласында зарарсыздандырылған және зарарсыздандырылмаған дәрілік заттарды шығару жөніндегі жаңа өндірісті салудың екінші инвестициялық жобасын жүзеге асыратын болады.
«Нұр-Май» компаниясы «Ayat Pharm» брендімен Алматы облысында қазіргі заманғы пластикалық пакеттерде оралған төменгі баға тобының инфузиялық ерітінділерін шығаруға мамандандырылады. Аталған компания цехы 2005 жылы пайдалануға берілді, алайда болжанған қуаттылыққа шығу кәсіпорын өнімінің жоғары өзіндік құны мен бұл өнімге Қытай және Ресей өндірушілерінің әсері арқылы ҚР нарығында қалыптасқан төменгі баға арасындағы сәйкессіздікпен қиындай түсуде, осылайша аталған ерітінділерді «орнында» дайындайтын ауруханаішілік дәріханалар тарапынан бағаның бәсекелестікке орай көліктік-логистикалық құрамын барынша азайтады.
«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ химия, фармакология, ботаника және биотехнология бейіміндегі 12 ғылыми-зерттеу зертханасын, 42 га алаңы бар ботаникалық бақты, сондай-ақ Қарағанды фармацевтика зауыты (ҚФЗ) мен «Қарағанды фармацевтика кешені» ЖСШ-ті (ҚФК) қамтитын ірі ғылыми-өндірістік кешенді білдіреді. 190 қызметкер жұмыс жасайтын орталыққа ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі басшылық етеді.
«Фитохимия» ХҒӨХ 43 отандық фитопрепаратқа клиникалық-фармакологиялық зерттеулердің толық кешенін жүргізді, оның ішінде ең танымалы — ісікке қарсы «Арглабин» препараты болып табылады. Қазіргі кезде екі: «Арглабин» және «Салсоколлин» дәрілік препараттарын шығару жолға қойылды.
Бүгінгі күні өндірістік қуаты жылына 850 мың «Арглабин» сауытын және 250 мың «Салсоколлин» түйіршіктері мен капсулаларын құрайды. Қазіргі бағаларды ескере отырып, компанияның әлеуетті түсімі 628 млн. теңгеге (4,3 млн. АҚШ доллары) бағаланып отыр.
2005 жылмен салыстырғанда зауыт «Арглабин» шығаруды құндық және заттық көріністе төрт есеге ұлғайтты.
«Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС дәрілік өсімдік шикізатынан бірегей препараттар өндіруге маманданған және Қарағанды қаласының шегінде:
а) 2008 жылы салынған субстанцияларын тұндыру және синтезі,
б) сублимациялайтын және ампулалайтын (2005 жылы салынған) екі цехы бар, ол жалпы алғанда тиісті өндіріс тәжірибесінің (GMP) талаптарына сәйкес келетін зарарсыздандырылған екпе нысандарын шығару бойынша елдегі жалғыз цех болып табылады. Аудитті «Pharmaplan» компаниясының ресейлік өкілдігі жүргізген.
Зауыттың жаңа менеджменті ассортиментті, ең бірінші дженериктер, оның ішінде ТМККК-ға енгізілген және Бірыңғай операторы, жүйесі бойынша сатып алынатын екпе препараттар есебінен елеулі түрде ұлғайтуға иек артып отыр.
Ақтөбе қаласындағы «СВС-Фармация» ЖШС қатты дәрілік нысандар өндірісінің толық циклін жүзеге асырады. Ғимарат күрделі жөндеуден өтті, 2002 - 2004 жылдары әлі тоза қоймаған жабдықтармен жабдықталды. Коммерциялық сату үшін импорттық «балка» орамын жасау да болжанып отыр. Компания жоспарында тиісті өндіріс тәжірибесінің (GMP) талаптарына сәйкес келетін өндірістің екінші кезегін салу бар.
«Екафарма» ЖШС Алматы облысында орналасқан, сашеттер бойынша ұнтақ, сондай-ақ сироптар мен импорттық «балка» орамын жасау мүмкіндігін қоса алғанда, қатты дәрілік нысандар өндірісіне арналған жабдығына ие. Ғимараты жеке орналасқан, 2002 - 2003 жылдары жаңғыртылған; жабдығы - тозу деңгейлері әртүрлі Еуропа және Қытай өндірушілерінен.
Осылайша, қолдағы қуаттардың тозуын «Химфарм» АҚ және «Ромат» ФК негізгі цехтары үшін (айтылған ерекшеліктерді ескере отырып) елеулі (60%-дан астам), «Глобал Фарм» БК ЖШС үшін орташа (40 - 60%) және қалған кәсіпорындар үшін жоғары емес (40%-ға ) деп бағалауға болады.
Ақтөбе қаласындағы «Ақтөберентген» АҚ 68 жыл бойы, жылжымалы және тұрақты рентген аппараттарын, флюорографиялық аппараттарды, рентген диагностикалық кешендерді қоса алғанда, рентген және өзге де диагностикалық жабдықтарды жобалайды, әзірлейді және шығарады.
Компанияның өнімділік көрсеткіштері құндық мәнде еңбекті қажет ететін қатынасы бойынша 5208 теңгені (35,3 АҚШ долл.) және капиталды қажет ететін қатынасы бойынша 5935 теңгені (40,2 АҚШ долл.) құрайды. 2006 - 2008 жылдары инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде «Ақтөберештен» АҚ рентген техникасы өндірісін жаңа өндірістік алаңда толық жаңғыртуды жүргізді, бұл шығарылатын өнімнің сапасы мен оның тұтынушылық сипаттамаларын елеулі түрде жақсартуда айқындаушы фактор болды.


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 418; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!