Гельминтоспориозды тамыр шірік ауруы 19 страница



                                                          Жапырақтардың бұрышты дағы. Патогені - Pseudomonas glycinia Coerper бактериясы. Қытай бұршағының жер бетіндегі мүшелерін дамудың барлық кезеңінде зақымдайды. Өскіндердің тұқым жарнағы мен гипокотилінде майлы ашық-қоңыр түсті дақтар пайда болады. Дамудың соңғы кезеңінде жапырақтар мен бұршақтардағы дақтар кішірек және қызғылт қоңыр түсті, ал шіріген жерлері тесіліп қалады. Ауру сабақтарда қоңыр қызыл түсті, ұзынша жолақтар түрінде білінеді. Зақымданған дәндер бүрісіп қалады, олардағы дақтар басылған, ақшыл қоңыр түсті.

Жоңышқа мен беденің арам шырмауығы (арамсояу). Cuscuta текті гүл тоғышарлары. Сабақтары жіңішке, жіп тәрізді. Арамтшырмауық жарықсүйгіш, көбінесе өсімдіктің орталық және төменгі бөліктерінде тығыз оратылып дамиды. Аязға төзімді. Сабақтары мен тұқымдары қыстайды, ал тұқымның өнгіштігі 5 жылға дейін сақталады. Күресу шаралары: арам шырмауық өскен жерлерді айналасындағы екі метр жерді қамтып гүлдегенге дейін орып тастайды және тұқымды мұқият тазалайды.

                                                              

Қызылша тамырының қатерлі ісігі. Қоздырғышы – Pseudomonas tumefaciens бактериясы (2-сурет). Бактериялар топырақта сақталып, жиналады және өсімдікке тамырдағы жаралар арқылы енеді. Олардың дамуына қолайлы жағдайлар – топырақ РН реакциясының 7-ге тең болуы және жоғары (25-30°С) температура. Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; аурудан сау аналық өсімдіктерді отырғызу.

Қызылшаның пероноспорозы- Peronospora schachtii Fuck. (Oomycetes класы, Peronosporales қатары). Пероноспороз бірінші жылғы және тұқымдық қызылшаны залалдайды. Ауру негізінен өсімдіктердің жас мүшелерінде байқалады. Орталық жапырақтар ақшылданып, шеттері қайрылады, жуандайды және сынғыш келеді

Күресу шаралары: тыңайтқыштар енгізу; механикалық зақымдануды болдырмау; қоймаға салар алдында ауру жемістерден тазарту; «Тізім...» бойынша дәрілермен тұқымды дәрілеп және тұқымдықтарды фунгицидпен ңөдеу қажет.

                                                          Қызылшататы- Uromyces betae (Pers) Lev. (Basidiomycetes класы, Uredinales қатары) (сурет-4). Қызылшаныңбарлықтүрлерінзақымдайды. Ауруқоздырғышыбірқожалықтатсаңырауқұлағы. Өсімдіктербіріншіжәнеекіншіжылдарызақымданады. Жаздыңбасындаөскіндердіңтұқымжарнағыжапырақтарындажәнетұқымдықтардыңжасжапырақтарындаұсақ, сарыұнтақтүріндегісаңырауқұлақтыңэцидиалдысатысыдамиды. Эциоспораларжелментарапқызылшаныңсаужапырақтарынзақымдайды. Жаздажапырақтардыңекібірдейжағында, жапырақсағағындадиаметрі 1ммдейінжекенемесебіріккенашық-қоңыртүстіурединилерпайдаболады. Пісіпжетілгенурединиоспораларжазбойытарапқызылшанызақымдайды. Күздеескіжапырақтардакөбінесеурединиилердіңайналасындақара-қоңыртүстітелиопустулаларшығады. Аурутопырақтағыөсімдікқалдықтарындасақталатынтелиоспоралардантарайды, соныменқаМақтажәнетемекіаурулары.

                                                          Мақта дақылы тамыр шірігі, вилт (солма), гоммозбен залалданады. Аурулардың әсерінен өсімдіктердің солуы жиі байқалады, дамымай қалған қауашақтар саны көбейеді, шитті мақта түсімі азайып, сапасы нашарлайды.

                                                          Тамыр шірігі.Топырақта тіршілік ететін әртүрлі саңырауқұлақтар мен бактериялар туғызады Залалданған өскіндерде тамырлары, сабақтарының негізі қоңырқайланып, жіңішкеріп кетеді. Аурудың қоздырғыштары өсімдік қалдықтары мен тұқымда сақталады.

 

11.Өсімдік тамырларының паразиттері, даму және көбею ерекшеліктері, олардан өсімдіктерді қорғау тәсілдерін баяндаңыз.

Фузариум, вертицилиум және т.б. туыстығының саңырауқұлақтары тамыр шірігін қоздырушылар. Зығырдың фузариялық солуын тудыратын Fusarium oxysporum f. lini.

Тамыр шірігі тәжірибелік танаптарда таралды. Оның ішінде Helmіnthosporіum satіvum – саңырауқұлағы. Жаздық бидайдың тамыр жүйесі және собық негізі залалданды. Бұл аурумен бидай ерте залалданса, онда өскін 3-5% сирейді. Ондай өсімдіктің дамуы бір кезеңге кешігеді Бұл ауру қоздырғышы көптеген өсімдіктерді залалдайды, сонымен қатар үлкен зиян келтіреді.

Тамыр шірігінің қоздырғыштары түрлі туыстарға жататын саңырауқұлақтар – Fusarium, Drechslera (син. Helminthosporium), Orhiobolus, Cercosporella және т.б. Қазақстанда тамыр шірігінің негізгі қоздырғышы Drechslera sorokiniana Sub. Саңырауқұлағы.

Залалданған өскіндердің колеоптиль ұлпасында түсі сары немесе ашық-қоңыр сызықтар мен созылған дақтар пайда болады. Сонымен қатар өсімдік тамырлары мен жер асты буынаралықтары залалданады. Дақтар өсе келе сабақты орап, ұлпалары шіріп, залалданған бөліктен иіліп сынады. Өсімдік түптене бастағанда жер асты буынаралықта бойлаған қоңыр дақтар пайда болады. Саңырауқұлақ 20-27'C температура мен ылғалды ортада жақсы дамиды. Инфекция қоры – тұқым мен топырақ.

Тамыр шірігі Fusarium туысына жататын саңырауқұлақтар да қоздырады. Бұл жағдайда жер асты буынаралықтары мен қосымша тамырлары алғаш қызарып, кейін қоңырланып, ыдырайды. Ылғалды ауа-райында саңырауқұлақ конидияларынан тұратын қызыл-сары көпшікшелер түзіледі. Саңырауқұлақ 20-22'C температура мен 40% топырақ ылғалдылығында жақсы дамиды.

Кесел белгісі тұқымның өну, өскін, түтіктену және гүлдеу кезеңдерінде білінеді. Қоздырғыш өсімдіктің негізгі және қосымша тамырларын, жер асты буынаралықтарын, сабақ негізін залалдайды. Ауруға шалдыққан өсімдіктің тамырлары мен сабақтарының төменгі бөліктері қоңырланады.

Кесел көбінесе теңіз деңгейінен 1000 м биіктіктегі құрғақ, тығыз топырақта шоғырланып кездеседі. Залалданған өсімдіктер аса түптеніп, көптеген сабақ (5-50 дана) түзеді. Кеселге шалдыққан өсімдіктердің биіктігі сауларынан 2-4 есе аласа болады. Залалданған масақтар тығыздау, сәл қысқалау, иректеліп орналасады.

Питиум (немесепитиозды тамыр шірігі) – бұл топырағы ауыр және жоғары ылғалды аймақтарда неғұрлым өзін танытатын дәнді дақылдардың кең таралған ауруы. Өсімдіктің өсуі кезінде белсендене түсіп, барлық тамыр жүйесін зақымдайды. Нәтижесінде, өсу жылдамдығы баяулайды, барлық вегетативтік кезеңде сабақтардың дамуы нормадан қалып қояды, ал мүлдем нашар жағдайда сабақтар өліп кетеді. анықтау қиын емес – тамырларда қара-қоңыр кермелер пайда болады, ал тамыр шашақтардың өздері жоқ болады. Біртіндеп тамырлар ұштарынан бастап шіріп, кеуіп, өле бастайды. Өсімдіктің өзі тамырдан ажырап соңында кеуіп кетеді. Кейде бұл ауру өзінен кейін аса көп зардап қалдырмайды, тек өсуде бойының кешеуілдеуі мен жапырағының түсінің өзгеруімен шектеліп қояды. Егер жоғары ылғалдылық жалғасса, онда сабақта, бүршіктің жанында, қалың ақ өңез пайда болады (грибница). Питиум үшін ең қолайлы орта — салыстырмалы түрде төмен температура (18 градустан төмен), күн көзінің болмауы және үнемі ылғалды орта. Профилактикалық мақсатта және емдеу үшін фунгицидтер мен фосфонаттарды пайдалану ұсынылады.

Гельминтоспориозды тамыр шірік ауруы

Өсімдік қорғау шараларының тиімділігі, өсімдік қорғау шараларын ауыл шаруашылығы өндірісіне өндірудің негізгі көрсеткіші болып саналады.

Өсімдік қорғау шараларының экономикалық тиімділігі деп шаралар жүйесін атқаруға кеткен құралдардың шығындарын өтеуді айтады. Өсімдік қорғау шараларының тиімділігін экономикалық жүйелер көрсеткіші бойынша анықталып көрсетіледі.

Жаздық бидайды гельминтоспориоз ауруынан қорғау шараларының экономикалық тиімділігі төмендегідей реттеп анықтап ұсынылады:

-тәжірибелердің экономикалық тиімділігін есептеу жолдарын ұйымдастыру;

- тәжірибе және бақылау учаскелерін бөлу;

- өсімдік қорғау шараларын атқаруға кеткен шығындарды есептеу;

- қосымша немесе сақталған өнімді жинау және тасу шығындарын есептеу;

-тәжірибе және бақылау учаскелеріндегі өнімді бағалау немесе есептеу;

- жеке экономикалық көрсеткіштердің саны мен сапалық маңыздарын анықтау және оларды жылдық көрсеткіштерімен салыстыру.

Экономикалық тиімділікті анықтау жұмысының негізгі кезеңі, ол өсімдікті қорғау шараларын атқаруға кеткен шығындарды есептеу. Шығындарды есептеудің алғашқы бұлақтары орындалған жұмыс нарядтары, ауруларымен күресуге кеткен материалдық және ақшалай шығындардың бухгалтерлік кіріс пен шығыстың есепті жазулары. Қалыпты нормалық көрсеткіштерді қолдану ұсынылады. Бұл көрсеткіштердің ауылшаруашылық дақылдарын өндірудің технологиялық нормасын құрастыру кезінде анықталады.

Химиялық өсімдік қорғау құралдарын қолдануға кеткен шығындар төмендегі көрсеткіштерден: қолдану шығындары; улы заттардың құны, қосымша өнімді жинауға, тасымалдауға және өңдеуге кеткен шығындардан құралады.

Шығындар жиынтығын анықтап болған соң химиялық құралдарды қолдану нәтижесінде қосымша өнімнің сапасының артуын ескергендегі құны анықталады. Бұл үшін ауылшаруашылығы өнімдерін қабылдау бағаларымен пайдалану керек. Ауылшаруашылығы өнімдерін қабылдау бағалары аумақтардың ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болады. Сондықтан өндірістік практика кезінде шаруашылықтағы нарықтық бағалармен таныс болу керек.

12.Эпифитотий дамуының қандай факторларға тәуелді екенін кесте құрып көрсетіңіз

Эпифитотий дамуының қандай факторларға тәуелді екенін кесте құрып көрсетіңіз.

Өсімдіктердің жаппай ауруға шалдыққанда өнімнің саны мен сапасы күрт төмендейді. Белгілі бір территорияда аурудың жаппай таралуы эпифитотия деп аталады.

Аурудың жаппай таралуының заңдылығын білу оның таралуын болжап, қорғау шс-шараларын жүргізуге қажет. Эпифитотий даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы эпифитотиология деп аталады.

Ауруды қоздырушылар түрлері генетикалық жағынан біркелкі емес. Түр ішінде әртүрлі вируленттік пен белсенділікке ие физиологиялық нәсілдерге бөлінеді. Мысалы, бидайдың сабағының тотығуын қоздырушының (Puccinia graminis) 300-денастамфизиологиялық нәсілдері бесгілі. Өз кезегінде мәдені өсімдіктер түрлерінің көпшілігі ауруларға қарсы тұруымен төзімділігі әртүрлі сорттар бөлінеді. Табиғатта патоген популяциясы мен өсімдік-иесі популяциясы қоршаған ортаның белгілі жағыдайында кездеседі. Осы үш компоненттің өзара әрекеттесуін келесе сызба-нұсқамен көрсетуге болады:

Қоршаған орта

          Өсімдік иесі                                                                       Қоздырушы

Өсімдік пен паразиттің ара қатынасы қоршаған ортаның жағдайымен байланысты: температура, ылғалдылық, рН, т.б. Эпифитотий дамуы кезінде патогендердің-вирустар, саңырауқұлақтар, микоплазмалар мен бактериялар саны жылдам артады. Эпифитотий дамуы қоздырушының көбею қабілетіне, қасиеттеріне, таралуы мен өсімдікке жұғуына тәуелді. Ван дер Планк фитопатолог бұл процестің сандық сипаттамасына теңдеу ұсынды:

Xt=Xoert

Мұнда: X-бақылау кезіндегі (t) ауру деңгейі, алқаптағы ауру өсімдіктер санымен анықталады; Xo-аурудың бастапқы деңгейі; e-натуралды логарифм негізі; r-аурудың таралу жылдамдығы; t-уақыт.

 Эпифитотий болуы екі көрсеткішпен сипатталады: жұқпалы аурудың бастапқы қоры және жұғу шапшаңдығы. Жұғу шапшаңдығы патогеннің биологиялық ерекшеліктеріне, өсімдіктің қарсылығына, ауа райының жағыдайына байланысты. Осы факторлар эпифитотий типін қалыптастырады: баяу жүретінін «тардивтік» шапшаң жүретінін «эксплозивтік» деп атайды. Баяу жүретін эпифитотий көпжылдық өсімдіктерде байқалады. Шапшаң дамитын эпифитотий патогеннің көбеюі мен таралуына тәуелді. Инфекцияның таралуы ауа райының жағыдайына да байланысты.

Эпифитотий дамуында үш кезең ажыратылады: бастапқы эпифитотикалық немесе дайындық, аурудың жаппай таралуы немесеэпифитотикалық, және депрессиялық немесе аурудың басылуы.

Бастапқы дайындық кезеңінде эпифитотии дамуына қолайлы жағыдай келесі: мәдени өсімдік популяциясы патогенге қарсы тұралмайды; ауру қоздырушы жоғары белсенділік пен вирулентіке ие; аурудың жұғуы мен дамуына қоршаған ортаның жағыдайы қолайлы болуы тиіс. Эпифитотии дамуына кейбір ауруларға өсімдіктің бір вегетативтік кезеңі жеткілікті, кейбіреуні бірнеше жыл қажет. Өсімдік тамырының шіруін тудыратын топырақтағы патогендер саны дақылды бір алқапта жиі өсіруге байланысты.

Мысалы, фузариум, вертицилиум және т.б. туыстығының саңырауқұлақтары тамыр шірігін қоздырушылар. Солай зығырдың фузариялық солуын тудыратын Fusarium oxysporum f. lini. Аурудың дайындық кезеңі бірнеше жылға созылады. Мақтаның вертициллездық вилті (қоздырушы – Verticillium dahliae) бір алқапта үздіксіз еккенде эпифитотий дайындық кезеңі тез өтеді. Ауа арқылы тарайтын аурулар қоршаған ортаның жағымды жағыдайында бұл кезең бір вегетацияда өтеді (картоп фитофторозы, пияздың алдамшы ұнтақты шығы).

Бастапқы кезеңнен кейін жаппай ауру таралады. Бұл кезеңнің белгісі қолайлы жағыдайда аурудың жылдам өсуі. Оның ұзақтығы сыртқы жаңыдайға тәуелді. Біраз уақыттан кейін эпифитотидің басылуы, немесе депрессия байқалады. Депрессия көрсеткіші – ауыру өсімдіктердің санының азаюы, жұғу белсенділігінің төмендеуі, ауданының қысқаруы. Оның себептері ауа райының өзгеруі, түнгі суықтар, немесе құрғақшылық, вегетативтік кезеңнің өзгерістері, т.б. Мысалы, қызылшаның тамыр кемірушісі қоздырушысы (топырақ саңырауқұлақтары – Pythium debarianum Hesse, Aphanomyces cochlioides Drechsl т.б.)қызылшаның өскіндерін зақымдайды. Бір-екі жұп жапырақтар фазасында өсімдіктің ауруға қарсыласуы күшейеді, эрифитотии тоқталады.


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 1223; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!