Гельминтоспориозды тамыр шірік ауруы 22 страница



19.Дәрілік заттар технологиясының тарихы

Алғашқы қауымдық кезеңде дәрілер, табиғаттағы бастапқы түрінде яғни табиғатта қалай кездессе сол түрінде қолданылды. Дәрілік заттар ретінде негізінен өсімдіктер сонымен қатар жануар тектес және минералдық заттар қолданылған. Содан кейін дәрілік заттарды өңдеудің қарапайым түрі пайда болды, оның негізінде өсімдіктекті және минералды шикізатты ұсақтау немесе ұнтақтау болып табылады. Құлиеленушілік кезеңінде дәрілік заттарды пайдалануда үлкен тәжірибе жиналды және әртүрлі дәрілік формалардың түрлері белгілі бола бастады. Ежелгі заманда Мысырда, Қытайда, Үндістанда фармация үлкен дамуға ұшырады. Ол жақтарда өсімдіктекті, жануартекті және минералтекті әртүрлі дәрілік заттар қолданылды. Дәрілер технологиясының дамуына ежелгі грек фармациясының да ықпалы зор болды. Ерте заманғы Грецияда ауруларды емдеу үшін өсімдіктер мен жануар текті шикізаттар қолданылған. Дәрілік заттар көбіне қоспаларсыз болған және дәрігерлермен дайындалған. Ежелгі Грецияның атақты дәрігерлерінің бірі Гиппократ (б.э.д. 460—377 жж.) гигиеналық режимге және дәрі-дәрмектерге қатты көңіл бөлген. Ол шөптермен емдеген және олардың дұрыс сақталуын қадағалаған. Ол дәрілік заттар табиғатта дайын түрінде және қажетті мөлшерлемеде кездеседі деп есептеген. Ежелгі Римде де дәрі-дәрмектерді дайындау едәуір дамыды. Сол заманның атақты дәрігері және фармацевті Клавдий Гален (б.э.131—201 жж.) сол заманда белгілі болған дәрілерді дайындау әдістерін жүйеледі. Ол өсімдік және жануар текті материалдарда пайдалы қасиеттерімен қатар зиянды қаиеттері де бар екендігін айтты және табиғи материалдардан кеңінен шикізат алды. Шығыста атақты философ, дәрігер және фармацевт (Абу-Али Ибн-Сина) (шамамен980—1037 жж.) үлкен атаққа ие болды. «Медицина ғылымының канондары» атты бес кітаптан тұратын еңбектің иегері (авторы). Оның екеуі дәрі ісін жүргізуге арналған. Авиценна көптеген дәрілік заттарды сипатттап, дәрілік формаларды жазбаша жетілдірілді. Авиценнаның еңбектері бірнеше ғасырлар бойы дәрігерлер мен фармацевтерге нұсқаулық ретінде қызмет етті. Феодолизм кезеңінде фармацияның дамуына алхимия үлкен ықпалын тигізді. Осы кезеңге тән күрделі дәрі-дәрмектерді пайдалана бастау қолданысқа ие болды. Яғни құрамында бірнеше ингридиенттері бар дәрілер. Дәрілік заттардың арсеналына және оларды дайындауда жаңа бағыт химия және медицинада (ятрохимия) шықты. Оны дәрігер Теофраст Парацельс (1493— 1551 жж.) ашты. Парацельс және оның шәкірттері дәрілерді дозалау (мөлшерлеу) және дәрілік заттарды дайындауда приборлардың түрлерін ұсынды. Сонымен қатар емдеу тәжірибесінде өсімдік шикізатынан көптеген химиялық препараттарды алуды енгізді. XI ғасырда дәрілік өсімдіктерден шырындар, тұнбалар, қайнатпалар және ароматты сулар дайындай бастады.

Фармакология туралы ұғым. Фармакология – (pharmacon – дәрі; logos –

ғылым немесе сөз) – сау және ауру организмге немесе оның жеке органдарына дәрі-дәрмек заттардың қандай әсер ететіндігін зерттейтін ғылым.

Фармакологияның ең дәл анықтамасы – фармакодинамика, немесе химиялық қоспалардың әсерінен органдар мен тканьдер қызметінің өзгеруін зерттеу.

Фармакологияның даму тарихы. Фармакология, соның ішінде малдәрігерлік фармакология өте ерте заманда пайда болған. Түрлі заттардың адам мен жануарға тигізетін әсерін бақылаудың нәтижесінде бұл салада толып жатқан білімдер жиналады, ал бұл заттардың өздерін адам организміне қолданып сынауға да жиі негіз болды. Ертедегі Греция дәрігері Гиппократ (б.з. д. 460-377 жыл) оларды жүйеге келтіруге тұңғыш рет әрекет жасады, Гиппократтың ілімін рим дәрігері Гален (б.з. 131-201 ж.ж.) және араб оқымыстылары,әсіресе тәжік ұлтынан шыққан Авицена (Абу Али ибн Сина) дамытты. Орта ғасырларда Парацельс фармакологияда негізінен өзгерістер туғызды. Алайда XVIII ғасырға дейін бұл ғылым эмпиризмге, яғни ғылыми дәлелденбеген бақылауға ғана сүйеніп келді. Тек XVIII ғасырдың аяғында ғана эксперименттік фармакологияның дәуірі басталды.

Біздің елімізде эксперименттік фармакологияның негізін салушылар

Андриевский, Кайданов, Лукин, Нелюбин, Забелин, Соколовский, Дыбковский, ал олардың ісін алға апарушылар – Е. Пеликан, И. Догель, Богославский, И.Павлов, Кравков т.б. болды. Н.П. Кравковтың ерекше еңбектері оны отандық эксперименттік фармакологияның негізін қалаушы деп есептеуге мүмкіндік береді.

Зоофармакологиялық (малдәрігерлік фармакология) нұсқау құралды тұңғышрет Ликин жазған еді.

Ғылымның бұл саласында біздің отандастарымыз Сошественский мен Савичтың және олардың шәкірттерінің зор еңбегі бар. Проф. Н.А.Сошественский шын мәнінде кәзіргі отандық малдәрігерлік фармакологияның негізін салушы болып саналады.

Фармакологияның басқа ғылымдармен байланысы. Фармакология мәнінің анықтамасы – ол басқа ғылымдармен: өсімдіктер шикізатын зерттейтін фармакогнозиямен, дәрілік заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеумен шұғылданатын фармацевтикалық химиямен, фармацияман немесе дәрілер дайындау және аптекалық істі ұйымдастыру туралы ғылымдармен тығыз байланысты екендігін көрсетеді. Аталған ғылымдардың әрқайсысы дербес, бірақ фармакологияға қатысы жөнінде оған бағынышты болып келеді.

Малдәрігерлік техникумдарда бұл пәндер өз алдына оқылмайды;

фармакология курсына олардың кейбір тармақтары, негізінен рецептуралары ғана енгізіледі.

Мұның үстіне, фармакология физиологиямен және жалпы патологиямен тығыз байланысты, өйткені органдардың, тканьдердің нормадағы және патологиядағы әрекеттерін білмей, дәрілердің тигізетін әсерін түсіну мүмкін емес.

Фармакологияның бактериология және паразитологиямен байланысы дезинфекциялайтын және паразиттарға қарсы қолданылатын заттарды оқып үйренгенде өте көзге түседі.

Фармакологияға ішкі секреция бездерінің қызметі туралы ғылым –

эндокринология (физиологияның бір бұтағы) өте жақын тұрады; емдік заттардың ішінде органдардан жасалған препараттар айтылады; бұларды қолдану үшін осы органдар жасаған дарығыш негіздерді және олардың организмге тигізетін ықпалын білу талап етіледі.

Дәрілік заттар көбінесе таза лабораториялық және ауылшаруашылық

малдарына тигізетін әсері арқылы зерттеледі. Бұл зерттеудің негізгі

мақсаттары:

1. қандай да болса қолданылатын зат малдың организміне және жеке

органдарына қалай және неліктен әсер ететіндігін анықтау;

 

2. көтере алатын (емдеу), улайтын (уытты) және өлтіретін (летальді)

дозаларды табу.

Фармакология қандай затты болса да осындай зерттеулерден кейін ғана

клиникадағы ауру малдарға қолданып сынауға ұсынады. Міне сондықтан да фармакология клиникамен, сондай-ақ фармакологиялық емдеу өте маңызды орын алатын дәрігерлік практикамен тығыз байланысты деп есептеледі.

 

 

20.Еліміздегі биофармацияның маңызы

Биофармациядегеніміз дәрілік заттардың ағзаға тигізетін әсерін зерттейтін ғылым саласы.

Ол дәрілердің физикалық химиялық қасиеттірін зерртеп, адам немесе жануар ішке қабылдағаннан кейін қандай әсер беретінін анықайды.

Қазіргі кезде барлық зерттелетін дәрілік формалар биофармацевтикалық салада қаралады. Биофармацияның ең басты мақсаты – ол дәрілік заттардың ағзаға емдік қасиетін арттыру және жанама әсерін азайту болып табылады.

Сапалық бағасы және сатуға дайындау

Сұйық дәрілік формалардың сапасын былай бақылайды:

Жазбаша

Сауалнама

Түрі (түсі, дәмі, иісі)

Физикалық (жалпы мөлшері нормадан аспауы тиіс)

Химиялық бақылау (ішінара)

Сатуға дайындау

Ішкі және сыртқы затбелгісі (этикетка), улы еріткіштерге «Сақтықпен қолдану» деген қосымша этикетка, егер дәрілік зат ерекше сақталу керек болса «Салқын жерде сақталу к

Дәрілік формалар технологиясы жас ғылым. Тек 1924 ж. ол эмпирикалық білім болуды қойып ғылымға айналды. Содан бастап белсенді зеррттеу басталды. Біздің елде биофармацевтикалық сұраққа қатты көніл бөледі.

Егер талапқа сәйкес дәрілік формасы берілмесе, бірде бір дәріні қолдануға рұқсат етілмейді.

Қазіргі таңда сұйық дәрілік формалар дәріханалық рецептурада бірінші орын (45-50%) алып тұр. Көптеген сұйық дәрілер зауыттық жағдайда шығарылады. Еріткіштер ең маңыздысы болып келеді. Көптеген жаңа ашылған дәрілік заттар суда ерігіштігі өте нашар болып келеді, сондықтан бұл салада күшті еріткіш табуда мамандар терең жұмыс жасауда.

Дәріханалық технологияда сұйық дәрілік формалар жиі қолданыста.

Дәрі және у туралы ұғым. Жануарға қолданылатын дәрілік заттардың қолайлы формасын (ұнтақтар, ертінділер, микстуралар, таблеткалар, сүртпе майлар, т.б.) дәрі деп атайды. Аурудан сақтайтын, оны өзгертетін, оны асқындыратын немесе ауру процесін тоқтататын барлық заттар дәрі бола алады. Бұған өсімдіктерден, жануарлардан алынатын минерал және синтезбен шығарылатын химиялық заттар жатады.

Белгілі жағдайларда және организмнің белгілі қалпында оның қалыпты тіршілік әрекетін бұза алатын, яғни оны улай алатын (токсикалық), немесе өлтіре алатын химиялық заттар у деп аталады.

Дәрілік заттардың оганизмге тигізетін әсерін фармакология, ал улардың тигізетін әсерін – токсикология зерттейді.

Дәрі мен удың арасында дәл шек болмайды. Мысалы: наперстянка белгілі мөлшерде жүрек қызметін жақсартады, ал бұл заттың дозасын көбейтсе, осы органның қызметін нашарлатады.

Дәрілік заттардың тигізетін әсерінің түрлері. Дәрілік заттар қолданылатын жеріне және жалпы (резорбтикалық; resorptio – сору) әсерін тигізеді.

Егер бұл зат қандай да болса тканьмен (терімен, кілегей қабықпен) жанасып, көбінесе жанасқан жерінде осыған сәйкес өзгерістер туғызатын жағдайда, қолданылған жеріне тигізетін әсері байқалады.

Қолданылған жеріне әсер тигізетін заттардың көпшілігін шағын мөлшерде қан сорып алады. Бұл сорылған заттың мөлшері аз болады, сондықтан қандай да болсын органдардың қызметіндегі өзгерістерді жәй қарағанда көруге болмайды. Дәрілік заттың жалпы әсері ол қанға, демек, барлық органдар мен тканьдерге түскенде көрінеді. Жалпы әсер тигізетін химиялық заттар кейбір жағдайларда барлық тканьдерге, бірақ түрліше дәрежеде (протоплазмалық әсер); екінші жағдайда жеке органдарға (таңдап әсер ету) ықпалы болатыны анықталады.

Таңдап әсер ету нақ сол орган басқа органдарға қарағанда, дәріні көбірек жыйнап алатындығын немесе оның бұл дәріні сезгіш екендігімен түсіндіріледі: мысалы, наперстянка жүрекке, адреналин симпатикалық нерв системасының ұштарына, карбохолин мен ареколин – парасимпиялық нерв системасының ұштарына таңдап әсер етеді т.б.

Қолданылған жеріне және жалпы әсер тигізгенде: 1) зат байланыс жасайтын қандайда болсын тканьге, органға немесе системаға тікелей бағытталған тура бірден әсер ететін және 2) тура емес яғни жанама, айнымалы түрлері бар, бұл кейінгі түрі тура әсер ететін түрдің салдары болып келеді.

Емдеуде жанама әсер етудің болғаны жөн; мысалы, жүрек глюкозидтері жүрекке тікелей әсер етіп, оның жұмысын жақсартады – бұл оның таңдамалы, сонымен бірге тура әсер етуі; мұның нәтижесінде қан айналысы, тканьдер қорегі жақсарады, ісігі қайтып, несеп бөлінуі (дируез) көбейеді т.б. бұл тура емес немесе шамалап тиген әсер болады.

Жанама әсердің ерекше түрі- нерв жолымен жүзеге асырылатын рефлекторлық әсер болып келеді. Мысалы, аммиакпен деп алғанда тыныс және жүрек қызметі уақытша тоқтауы мүмкін; мыс сульфаты қарын кілегейін тітіркендіріп құстыруы ықтимал т.б.

Дәрілік заттарадың тағы да қосымша әсері бар; ол әрқашанда бола бермейді, бірақ есептесу керек, оның көбінесе болмағаны жақсы. Мысалы, хлороформды бірнеше рет, немесе бір рет ұзақ уақыт қолданғанда паренхиматоздық органдар майлы өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Егер бұл жағымсыз әсер едәуір орын алса, онда мұндай заттың емдеу қасиеті азаяды немесе мүлде жоғалады.

Фармакологияда ауру қоздырғыштарға әсер тигізетін заттардың зор маңызы бар; оларды этиотроптық, яғни каузальдық деп атайды; бұған фенол, т.б. микробтарды өлтіретін (бактерицидтық) және олардың өсуін тежейтін сульфаниламидтық дәрілер жатады. Емдеудің мұндай әдісін каузальдық емдеу әдісі деп атайды.

Этиотроптық әсердің бір түрі – химиотерапевтикалық әсер, ол заттың белгілі құрылысымен және оның микроорганизмдердің белгілі түріне таңдамалы әсер етуімен байланысты. Егер дәрі ауру себептерін жоймай, ауру белгілерін бәсеңдетсе, немесе тоқтатса, оны симптоматикалық дәрі деп атайды. Мысалы, кейбір ыстық төмендеткіш заттар аурудың температурасын уақытша басады, бірақ аурудың себебіне әсер етпейді.

Сондай-ақ, дәрілік заттардың қайтатын және қайтпайтын әсері болады. Қайтатын әсерде орган функцияларындағы өзгеріс уақытша сыйпатта болады; енгізілген дәрілерден арылуына қарай функция қызметі қалпына келеді. Егер енгізілген зат түзілмейтін шұғыл морфологиялық және функциялық өзгерістер туғызса, мұны қайтпайтын әсер деп атайды.

Дәрілік заттардың мәні және олардың әсер ету сыйпаты. Дәрілік заттардың тканьдермен, органдармен, системалармен, өзара әсерлес болуы өте күрделі процесс; оның өзі мынадай:

1) химиялық реакциялар, мысалы: қалпына келтіру, тотығу, ажырау, тұндыру, қос қабат алмасу реакциялары т.с.с. жолмен;

2) физикалық – химиялық процесстер, мысалы, осмостық қысым, диффузия, беткі кіріс т.с.жолмен.                    

3) биохимиялық процесс, мысалы: клеткадағы биохимиялық реакцияның өзгеруі (энзимдердің, ферменттердің, катализаторлардың тыныс алудағы, алмасудағы әрекеттері т.с.) жолмен жүреді.    

Клеткаларға, тканьдерге, органдарға және системаларға фармакологиялық заттардың тигізетін әсерінен: қозу, меңдеу және функция параличтері пайда болады. Бұл реакцияларды бірінен бірін бөліп алып, оқшау қарауға болмайды, оларды органдар нервтік және гуморалдық өзара қатынаста болғандықтан бүкіл организмнің жауап реакцияларының күрделі комплексі деп қарау керек.

Орган функциясының күшеюін қозу, ал оның әлсіреуін меңдеу деп түсіну керек. Мысалы, карбохолин ішектердің перистальтикасын, сілекей, қарын, ішек және тер бездерінің серекциясын күшейтеді, антропин ішек перистальтикасын баяулатып, бұл бездердің серекциясын әлсіретеді.

Тіршілік әрекетінің мүлдем, ал кейде тіпті қайтпастай болып әлсіреуін паралич деп атау әдет болып кеткен.

Тітіркену – міндетті түрде жалпы ткань реакциясы гипермия (қан толып қызару) мен трансуданцияның (қан сары суының сыртқы тканьдерге шығуы) пайда болуымен өзгерілген функция. Тітіркендіру әсері бір жерге әсер етумен тынбайды, ол организмнің әрқашанда біліне бермейтін реакциясынан да туады.


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 472; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!