Гельминтоспориозды тамыр шірік ауруы 25 страница



Будандастыру әдісі. Өсімдіктердің сорттарын, жануарлардың жаңа тұқымын шығару үшін будандастыру әдісін қолданады. Олар туыстық будандастыру (инбридинг) және туыстық емес будандастыру (аутбридинг) болып бөлінеді. Туыстық будандастыру немесе инбридинг будандастыруда туған ұрпақта гендердің гомозиготалы күйге ауысуына байланысты гомозиготалы даралардың үлесі арта түседі. Мал шаруашылығында бір ата-анадан туған төлдерді бір-бірімен, не ата-анасын өз төлімен шағылыстырады. Бұл өсімдіктердің өздігінен тозаңдануына ұқсайды және гомозигота санын кебейтуге әкеледі. Осымен қатар ұрпақта пайда болған (рецессивті гомозиготалы жағымсыз) мутациялар даралардың өнімділігіне, тіршілік қабілетіне кері әсер етеді. Жақын туыстарды бір-бірімен будандастырудың тиімді жағы да бар. Ұрпақта бағалы белгілер беки түседі және бұл қасиет ата-анасында бірдей болса, болашақ ұрпақтарына беріліп отырады. Туыстас будандастыру жануарлар мен өсімдіктердің селекциясы үшін қажетті сорттармақтар алу үшін кеңінен қолданылады. Туыс емес организмдердің будандасуын аутбридинг деп атайды. Аутбридинг: түр ішіндегі будандастыру және әріден будандастыру болып бөлінеді.

Гетерозис.

Гетерозис кезінде ата-анасымен салыстырғанда буданның тіршілік қабілеті артып, мол өнім береді. Бірақ бұл қасиет кейінгі ұрпақтарында біртіндеп төмендеп өше бастайды. Гетерозис құбылысын өсімдіктер және жануарлар селекциясында жиі қолданады. Бұл құбылысты ең алғаш 1914 жылы Америка ғалымы В. Шелл жүгері өсімдігінен байқайды. В. Шеллдің тәжірибесі бойынша, жүгері өсімдігі гетерозисті буданының бірінші ұрпағының өнімі екінші ұрпағының өніміне қарағанда — 35%-ға, үшінші ұрпағында 50%-ға төмендегенін көрсеткен. Гетерозистің швед ғалымы А. Густафсон анықтағандай, өсімдіктерде бірнеше түрі бар. Олар жыныстық гетерозис — жыныс органдарының жақсы дамуына байланысты тұқым мен жемістің өнімі артады. Денелік гетерозис — вегетативті органдарының іріленуі. Бейімделгіш гетерозис — будан өсімдіктердің ортаға бейімделіп тіршілік қабілетінің артуынан туады. Гетерозис ірі қара малдарда жиі кездеседі. Мысалы, ірі қара малдың Герефорт және Шортгорн тұқымдарын будандастырғанда, будандардың еті мол және өте жоғары сапалы болған. Ал қазақтың Ақ бас сиырын Санта-гертруда тұқымымен будандастырғанда, будан ұрпақтары етті болады. Бір өркешті түйені (нарды) екі өркешті түйемен будандастырғанда, сондай-ақ жылқы мен есекті будандастырғанда, ұрпақтарында гетерозис құбылысы байқалады. Қашар — екі түрге жататын жылқы мен есекті шағылыстыру нәтижесінде алынған ұрпақ, бермейтін будан. Күші жағынан ата- анасынан бірнеше есе артық болады. Гетерозигота құбылысының табиғаты, оның молекулалық сыры әлі толық анықталған жоқ. Әріден будандастыру. Әр түрге және туысқа жататын организмдердің будандасуын әріден будандастыру дейді. Мұндай шағылыстырудың мақсаты — бір түрге жататын дараларды будандастыруда беріле алмайтын белгілер мен қасиеттердің тұқым қуалауын зерттеу. Өсімдіктердің мәдени сортымен жабайы түрін будандастыру арқылы сапалы будан алуға болады. Мысалы, қарабидай мен бидайдың бидай мен эгилопсдеп атайтын жабайы астың тұқымдастың будандары бар. Әріден будандастыруды алғаш зерттеген И.Г. Кельрейтор болды. Ол 1760 жылы темекі мен махорканың арасынан алғаш рет будан алды. Әріден будандастырумен Г. Мендель, И.В. Мичурин, Н.В. Цицин, т.б. ғалымдар айналысты. Түраралық, туысаралық будандардың саны аз, тіршілік қасиеті төмен, ұрпақ бермейді. Ұрпағының болмау себебі, бір жағдайда — жыныс органдарының дұрыс дамып, пісіп жетілмеуінен болады. Өсімдіктерде тозаңның толық пісіп жетілмеуінен тозаңқап толық ашылмайды. Екінші жағдайда — будандастыруға алынған организмдердің хромосомалар санының және жұптарының өзгеруінен туады. Мысалы, будандастыруға алынған А түрге жататын организмнің 14 хромосомасы, Б түрге жататынның 28 хромосомасы бар делік. Бірінші ұрпақ буданында 21 хромосома болады. Сонда Б түрге жататын дараның 7 хромосомасымен конъюгацияға түсетін жұп (гомологті) хромосомалар жоқ. Бұл жағдай мейозда хромосомалардың ретсіз бөлінуіне және тіршілігі жоқ гаметалардың пайда болуына әсерін тигізеді. Кейбір будандардың ұрпақ, бермейтін кемшілігін, оларды полиплоидті түрге ауыстыру арқылы түзеуге болады. Бірінші рет Ресейде 1924 жылы Г.Д. Карпеченко қырыққабат пен шомырды будандастыру арқылы мол ұрпақ беретін түраралық будан алды. Бұл жағдайда будан өсімдіктердің хромосома санын екі есе көбейтеді. Хромосомалар санының екі еселенуі барысында мейоз процесі дұрыс жүріп, шомыр мен қырыққабат хромосомалары өз жұптарын тауып, конъюгацияланады. Әріден будандастыруда академик Н.В. Цицин бидайды бидайықпен будандастыру арқылы дәнді дақылдардың құнды сорттарын алды. И.В. Мичурин жұмыстарында әріден будандастыруды пайдаланып, сиырбүлдірген мен таңқурайдың, алхоры мен шомырттың, шетен мен сібір доланасының будандарын алды. Оларды вегетативті жолмен көбейтті. Мутациялық селекция. Өсімдіктердің сорттарын микроорганизмдердің жаңа штампыларын шығаруда дәстүрлі әдістермен қатар мутацияларды да пайдаланады. Мутацияны шығу табиғатына қарай: табиғи (спонтанды) және қолдан тудырған мутациялар деп бөледі. Табиғи мутациялар ғалымдардың пікірі бойынша, зат алмасу кезінде ДНҚ ретінің рекомбинациясы, екі еселенуі, репарация және репликация процестерінен туындайды деген болжам бар. Табиғи мутациялар: гендік, хромосомалық, соматикалық, генеративтік мутациялар болып бөлінеді. XX ғасырдың 20—30-жылдарында рентген сәулелері және химиялық қосылыстардың кейбір түрлері тірі организмде тұқым қуалайтын мутациялар тудыратыны анықталды. Селекция үшін генетиктер мутацияны қолдан тудыратын әдістерді жасай бастады. Сонымен мутациялық селекция пайда болды. Мутация тудыратын факторларды мутагендер деп атады. Мутацияның пайда болу процесін мутагенез дейді. Көпшілік жағдайда организмде пайда болған мутациялар жағымсыз әсері болғандықтан, оның тіршілік қасиеттерін төмендетеді. Сонымен қатар селекция үшін маңызы бар мутациялар да кездеседі. Әсіресе олар микроорганизмдер селекциясында кеңінен қолданылады. Мысалы, ультракүлгін сәулемен әсер ету арқылы пенициллиум саңырауқұлағының жаңа штампысы алынды. Олар бастапқы түрлеріне қарағанда пенициллинді мың есе көп түзеді. Сол сияқты рентген және басқа да сәулелермен әсер етіп, практикада мукор, ашытқы саңырауқұлақтарының, азотобактериялардың жаңа қасиетке ие жаңа түрлері алынды. Осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының микробиология және вирусология институтында сүт қышқылы бактерияларынан жемшөпті сүрлеуге қажетті арнаулы ашытқылар алынып, солардың көмегімен мыңдаған тонна сүрлем дайындалды. Институт ғалымдары пропион қышқылы бактерияларынан жаңа ашытқылардың штампыларын шығарып, оларды сынақтан өткізді. Жүгеріні пропион қышқылы бактериялары мен ашытқы саңырауқұлақтарды қосып сүрлегенде, азықтың сапасы жақсарып, ондағы "В" витаминдерінің мөлшері артты. Осының әсерінен сиыр сүтінің майлылығы, тауықтың, үйректердің жұмыртқалағыштығы артатындығы байқалды. Әр түрлі мутагендерді пайдалана отырып, өсімдіктердің де жаңа сорттары алынды. Дүние жүзінде осы әдістің көмегімен 500-ден астам өсімдіктердің жаңа тиімді мутанттары алынған. Мысал ретінде Новосібір қаласындағы Цитология және генетика институтының ғалымдары шығарған жаздық бидайдың "Новосибирская-67" сортын айтуға болады. Бұл сорт "Новосибирская-7" сортының тұқымын рентген сәулелерімен өңдеу арқылы, сұрыпталу нәтижесінде алынған. Қазақстанда Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу институтында химиялық және физикалық факторларды қолдану нәтижесінде күздік және жаздық бидайдың және басқа дақылдардың мол өнім беретін, жоғары сапалы мутантты түрлері алынды. Полиплоидия. Полиплоидия — жасушаның хромосомалар санының өзгеруінен туындайтын геномды мутацияларға жатады. Егер эукариотты организмдер жасушасының хромосома жиынтығы екіден артық рет еселенсе, ондай организмдерді полиплоидті дейді. Полиплоидия табиғатта кең тараған құбылыс. Бұл әсіресе гүлді есімдіктерде жиі кездеседі. Полиплоидия жасушаның митоздық, мейоздық бөліну фазаларына ішкі-сыртқы орта факторларының әсер етуінен және будандастырудан да пайда болуы мүмкін. Бұл құбылыс жануарларда сирек кездеседі. Академик Б.А. Астауров жібек құртының жұмыртқаларына әр түрлі температурамен әсер ету арқылы партеногенез жолымен полиплоидті түрін алды. Өсімдікте полиплоидия құбылысын қолдан тудыру арқылы, олардың өнімділігін арттыруға болады. Мысалы, ғалымдар қызылша өсімдігінің тұқымын алкалоид колхицин ерітіндісімен өңдеу арқылы полиплоидті түрін алып, Оңтүстік Қазақстан облысының шаруашылықтарына енгізді. Өсімдіктердің ішінде маңызды полиплоидтік топқа астық тұқымдастарын жатқызады. Дүние жүзінде кең тараған бидайдың түрі — жұмсақ бидай. Оның жасушаларында 2п = 42 хромосома бар. Жұмсақ бидай осыдан 8000 жыл бұрын орталық Еуропада өсірілген 2п=28 хромосомасы бар бидайдың түрі, 2п=14 хромосомасы бар жабайы бидай түрімен табиғи жағдайда будандасу нәтижесінде пайда болған. Ертеде олардың қажетті қасиеттерін байқаған диқандар егіп, өсіріп, ұрпақтан-ұрпақка қалдырып отырған. Ал жұмсақ бидайдың арғы тегінің бірі — 28 хромосомалы бидай. Таяу Шығыста өскен (2п х 14) хромосомалы жабайы бидайдың екі түрінің будандасуынан шыққан. Қазір 28 хромосомалы бидайдың түрлерін, 42 хромосомалы бидайлармен қатар егіп жүр. Қазақстанда 28 хромосомалы қатты бидайдың сорттары "Алмаз", "Меляно-пус-40", "Харьковская-46" "Саратовская-40" Солтүстік және Орталық аумақтарда егіліп, сапасы жоғары болғандықтан макарон жасауда қолданылады. Табиғатта өсімдіктердің полиплоидті түрлерін, адамның қатысуынсыз қоршаған орта жағдайлары іріктейді. Сондықтан өсімдіктер дүниесін жартысынан артығы — полиплоидті. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің ішінде бидайдан басқа, полиплоидті мақта, балқурай, банан, картоп және басқа мәдени өсімдіктердің түрлері бар.

24.Жануарлар селекциясы жайында түсініктеме беріңіздер

Жануарлар селекциясы және оның жетістіктері[өңдеу]

Жануарлар селекциясында қолданатын жалпы әдістер, өсімдіктер селекциясына ұқсас болғанмен, олардың өз табиғатына байланысты ерекшеліктері бар. Ауыл шаруашылығы малдары тек жынысты жолмен көбейеді. Олардан қолдан жасанды жолмен мутация алуға болмайды. Алынған жағдайда олардың тіршілік қабілеттілігі төмен және әр түрлі ауруларға бейім келеді. Жануарлар селекциясында экстерьерлік (лат.eksternus— сыртқы) белгілері бойынша сұрыптау жүргізеді, яғни олардың дене кұрылымы мен әрбір мүшесінің бір-біріне үйлесімділігі негізге алынады. Сұрыптаудың екініші түрі — ұрпақтары бойынша сынау. Бұл әдісті жануарлардың тұқымын жақсарту мақсатында қолданады. Мысалы, тауықтың жұмыртқалағыштығын арттыру үшін қоразды таңдап алып, мекиенінің (аналық) ұрпақтарының жұмыртқа әкелу өнімділігін, аналықтан алынған ұрпақпен және тұқымның орташа өнімділігімен салыстырады. Егерде мекиеннен алынған ұрпақтардың өнімділігі жоғары болса, онда қоразды аталық ретінде тұқымдарын асылдандыруға қолданады. Қазіргі жануарлар селекциясының негізін салушы ғалым М.Ф. Иванов ұрпақтары бойынша сынау арқылы жоғары өнім беретін Украинаның далалық ақ шошқа тұқымын және Аскания-1 қабанын алды. Бұдан баска жүнінің сапасы жоғары Аскания рамбульесі қойының тұқымын және сүтті бағыттағы ірі қара малдың Кострома тұқымын шығарды.

Қой тұқымдары:

Қазақтың арқар-мериносы. Бұл академик М.Ф. Ивановтың ұсынған әдісі бойынша биязы жүнді қойды таудың тағы арқарымен бұдандастыру арқылы шығарылған, дүние жүзіндегі бір ғана қой тұқымы. Қазақтың арқар-мериносын шығаруда, негізінен, шағылыстырудың сіңіре будандастыру және зауыттық будандастыру тәсілі қолданылды. Үшінші үрпақтың будан қошқарлары қандас саулықтарымен (ата жанынан қуғанда) шағылыстырылады. Осының нәтижесінде төртінші ұрпақ алынды. Бұл ұрпақтың қошқарлары да қандас саулықтармен шағылыстырылды. Бұдан бесінші ұрпақ алынды. Жұмыстағы негізгі мақсат — қойдың тұкымдық жаңа тобын, биік таулы жердің жағдайына бейімделген биязы жүнді қой түқымын шығару болды. Іріктеу және жұп таңдау, басқа да күрделі жұмыстарды орындаудың нәтижесінде қойдың отандың жаңа тұқымы — қазақтын арқар-мериносы шығарылады. Авторлары: Ж.С. Бутарин, А.И. Есенжолов, Е.В. Большакова, А.И. Жандеркин. Республика көлемінде қойлардың бір қатар асыл тұқымдары бар. Олар: қазақтың биязы жүнді қойы, авторы: В.А. Бальмонт. Дегерес қойы — авторлары: В.А. Бальмонт, Т.Б. Бөкенбаев, М.А. Атлетов, Т.С.Садықүлов, А.Б.Байжүманов, т.б. Еділбай қойы—халықтық селекциялық жолмен алынған. Құйрықты қойлардың ең жақсы тұқымы. Жергілікті құйрықты қойлардың тұқымын асылдандыру үшін Еділбай тұқымының таза көпщарларымен бұдандастыру жүргізеді. Қаракөл қойлары көп ғасыр бұрын Орталық Азияда, Бұхарада шығарылған. Қазір қаракөл қойлардың қара, көк, сұр, қызғылт, қызыл коңыр, шатурн түсті түрлері бар.

Ірі қара мал тұқымы.[өңдеу]

Қазақтың Ақ бас сиыры қазақтың жергілікті сиырын қалмақ бұқасымен бұдандастырып, одан алынған ұрпақты Герофорт тұқымымен шағылыстыру арқылы алынған. Қырдың қызыл сиыры — Солтүстік Қазақстанда шыққан бұл тұқым қазақтың жергілікті сиырын Швицкий бұқасымен бұдандастыру арқылы алынған. Симменталь ірі қара малы және Әулиеата ірі қара малы тұқымдары бар.

Жылқылардың тұқымдары:

Қостанай жылқысы — авторлары: В.А. Хитенов, А. Моторико .

Көшім жылқысы — авторлары: Ю.Н. Барминцев, А.И. Беляев, М.В. Борисов, С.С. Рзабаев.

Мұғалжар жылқысы — Ю.Н. Барминцев, И.Н. Нечаев, С.С. Рзабаев, А. Жұмағүлов, Г. Бегімбетова.

Шошқа тұқымдары.

Халықты етпен қамтамасыз етуде шошқа шаруашылығының алатын орны ерекше. Басқа үй малдарымен салыстырғанда, шошқа ұрпақ-әрбіту мерзімінің қысқалығымен, ұрпағының көп болуымен және шапшаң өсетіндігімен ерекшеленеді. Елімізде шошқаның жергілікті тұқымын жетілдіру мен жаңа тұқымын шығаруда шетелдерден әкелінген түұқымдарын (Англия, Дания, Ирландия, т.б.) англияның ірі ақ тұқымды шошқасы Беркшир шошқасын орташа ақ шошқа, ірі қара шошқа, салпаңқұлақ ақ шошқа, Ландрос, дюран шошқасы, гемпширлік шошқа, т.б. жергілікті қолтұқымдарымен бұдандастырын, шошқаның етті, етті-майлы бағыттағы тұқымдары алынды. Осымен қатар шағылыстыру процесіне шошқаның жабайы түрі — Ортаазия қабандары да қатыстырылды. Осындай әдіспен Қазақстанда алғаш рет шошқаның "Жетісу" тұқымы алынды. Жетісу шошқасы — етті-майлы тұқым. 1978 жылы Қазақ ғылым академиясының эксперименттік биология институты шығарған. Авторлары: В.А. Ли, П.А. Еськов, С. Қалдыбаев.


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 551; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!