Гельминтоспориозды тамыр шірік ауруы 16 страница



Кейбір тағам қоспаларының тізіміне созылмалы аурумен ауыратын науқастарға, балаларға және т.б. тыйым салынған. Аллергияға душар адамдарға келесідей қоспалары бар тағамдардан алшақ болған жөн: Е131,Е132, Е210, Е214, Е217, Е230, Е231, Е232, Е239, Е311, Е951; Тыныс демікпесін қоздырғыш қоспалар: Е102, Е107, Е122, Е123, Е124, Е155;, Е214, Е217; Жүкті әйелдерге Е223 қоспасы бар тағамдарды қолдануға болмайды. Бүлдіршіндерге Е249,Е262, Е310, Е311-312, Е320, Е514, Е623, Е626-635 қоспаларын қолданбағаны жөн. Қосымшада Е тобындағы адам ағзасына зиянды Е қоспаларының тізімі келтірілген. Төменде тағам қоспалары бар кейбір өнімдер тізімі берілген: Кока-кола.Фруктайм:Е952, Е850, Е951; «Дирол» сағызы: Е414,Е422,Е466,Е470,Е171,Е903,Е321, Е951; Жартылай сүрлі шұжық: Е450, Е471, Е300, Е330, Е621, Е250. Кейбір қоспалар көп мөлшерде арасында да зиян – мысалға, Е250 (шұжықтағы натрий нитриті), дегенмен тәжірибеде оларға тыйым салынбаған, өтйкені бқл тауардың сатылым түрін қамтамасыз ететін «аз жамандық», және оның жұшықтағы мөлшері де көп емес. Жоғары сұрыпты сүрленген шұжықтарға пісірілген шұжықтарға қарағанда нитрит деңгейі біршама жоғары – оларды аз жейді деп нәтиже шығарылған. Көптеген тұтынушылар йогурттың қызғылт түсіне кептірілген құрт-құмырсқа ұнтағы – кошенил (Е120) арқылы қол жеткізетінін естіп ыза болар. Өзге қоспаларды біршама қауіпсіз деп есетеуге тұрарлық (лимон қышқылы, сүт қышқылы, сазароза және т.б.). Дгенемен белгілі бір қоспаларың синтезі әр елде әр түрлі екенін ескеру керек, соныдқтан қауіпте де біршама айырмашылық болады. Мысалға, микробиологиялық әдіспен алынған синтетикалық сірке қышқылында ауыр металдардың қосындылары болуы мүмкін, оның мқлшері әр елді түрліше белгіленеді. Назарға алу керек, бұрын қауіпсіз деп есептелген өоспалардың бір бөлігі (мысалға, шоколадтағы формальдегид Е240 немесе газдалған судағы Е121), кейін қауіпті деп саналып, тыйым салынған болатын. Кейбір өндірушілер маркетингтік мақсаттарда құрамындағы өнімдерді Е әріптік белгісімен көрсетпейді. Олар оны қоспалардың атауына ауыстырады, мысалға «натрий глутаматы», ал бұл беймәлім тұтынушыны шатастырады. Минералды судың барлық түрлері, сүттің, кілегейдің, майсудың, өсімдік және жануар майларының, қанттың, қызанақ тағамдарының, балықтар мен теңіз тағамдарыныңғ како және шоклад өнімдерінің, кофе, шайдың, шараптың, балалар тағамдарының, ірімшіктердің, қой және ешкі майларының боялуына тыйым салынған. Синтетикалық консерванттарды жаппай тұтыну тауарларына қолдануға тыйым салынған: сүт, ұн, нан. Нәрлі ет, арнайы диеталық өнімдер, балалар тағамдары және «табиғи» деп көрсетілген өнімдер. Ең қауіпті деп консерванттар мен тотықтырғаштарды санауға болады. Консерванттар биохимиялық реакцияны бұзады, нәтижесінде мұндай ортада тіршілік ету мүмкін емес болады, сондықтан бактериялар құрдымға ұшырап, өнімнің сақталу мерзімі ұзарады. Адам әр түрлі жасушалардың көптеген түрлерінен құралған, және едәуір үлкен массаға ие (біржасушалылармен салыстырғанда), сондықтан, біржасушалы ағзамен салыстырғанда консервантты қолданудан мерт болмайды (және де асқазандағы тұз қышқылы консерванттарды бұзады!, дегенмен, адам ағзасына консерванттардың көп мөлшері түссе, онда оқиғаның аяғы аянышты болуы мүмкін. Консерванттар мен тұрақтандырғышатр (стабилизатор) антибиотиктерге ұқсас. Бояуыштар арасында көптеген зиянды қоспалар бар, өтйкені бояуыштар өздігінен 100 % синтетикалық заттек болып табылады. Мұнда абай болу керек – кейбір бояуыштар қауіпті не болмаса зиянды! Жеке алғанда, Е121 және Е123 қоспаларына тыйым салынған. Стабилизаторлар көбінесе өсімдік не жануар заттектері болып табылады. Мысалға, Е406 – агар-агар (су өсімдіктерінен алынтаны өнім, іркілдікке ұқсас). Бірақ стабилизаторлардың көбі табиғи негзіде болса да, химиялық бапталған№ эмульгаторлар жиі минералды заттармен көрсетілген, сыалға: Е500 – сода(натрий гидрокарбонаты); Е507 – тұз қышқылы; Е513 – күкірт қышқылы. Минералды заттар – табиғи өінмдер, сәйкесінше, олар біздің ағзамыхға үйреншікті, ал көп жағдайда ағза минерлдарды қажетсінеді және өздерінің құрамында сақтайды (мысалға, қойылтылған тұз қышқылы асқазанда рН 0,9-1,5). Эмульгаторлар қауіпсіз деп ойлаған қате. Табиғатта у немесе уытты болып табылатын минералды заттар кездеседі. Есте сақтаған жөн – кез-келен тағам өнімдерінің модификациялануы мен жақсартылуы бқл өнімдердің сапасын түсіреді, ал модификациялар мен жақсартулар ағзаның бұзылуына йкеліп соқтырады. Сонлықтан мүмкіндігінше синтетикалық заттектері жоқ таби,и өнімдерді қолданған дұрыс, өз ағзаңызды дәм, түс жақсартушыларынан, қант ауыстыруышлармен алдуыдан бас тартыңыз. . Тағам қоспаларының топтары 2.1. Өнімдердің сырт келбетін жақсартушы заттектер. Өнімдердің сырт келбетіне (тартымдылығына) жауап беретін заттектердің негізгі тобына азық-түлік бояулары, түстің саұталуына жауап беретін заттектер, және ағартқыштар жатады. Тағам өнімдерінің түсі тұтынушылар үшін оның танымдылығы, нәрлілігі, сапасы, бәсекеге қабілеттілігі скеілді қисеттердің мінездемесі болып табылады. Дегенмен, заманауи тағам технологиясын жүзеге асырғанда азық-түлікт өнімдері жиі бастапқы, тұтынушы үшін үйреншікті бояуын жоғалтады, ал кейде ұсқынсық түрге ие болып, тартымсыз болады. Азық-түлік бояулары. Тағам өнімдерінің сырт келбетін жақсартушы заттектердің арасында маңызды орынға азық-түлік бояуыштары ие. Бұл химиялық жасанды заттектер немесе табиғи қосындылар, олар азық-түлік тағамдарына түс береді не болмаса она қанық қылады. Тағам өінмдеріне немесе жартылай фабрикаттарға түрлі реңк беру үшін табиғи немесе жасанды (органикалық немесе бейорганикалық) бояуыштар қолданылады.(Қосымша 2) Оларды кондитер өнімдерін, сусындарды, маргаринді, кейбір консервліре түрелірн және т.б. өнідргенде кең қолданады. Табиғи бояуыштарды әдетте табиғи көздерден өзінің химиялық табиғаты бойынша әр түрлі қоспалар түрінде алады, онаң құрамы алу көзімен технлогиясына байланысты, соған байланысты тұрақтылықты қамтамасыз ету қиынға соқтырады. Табиғи бояуыштардың арасында каротиноидтар, антоциандар, флавоноидтар мен хлорофилдерді атап өту керек. Олардыңғ әдеттеғ уыттылығы жоқ, бірақ кейбіреулеріне мүмкін тәуліктік мөлшері белгіленген. Кейбір табиғи бояуыштар немес олардың қосындылары мен композицияларыбиологиялық белсенділікке ие, боялатын тағамның құндылығын арттырады. Табиғи бояуыштарды алу көздері ретінде мәдени және жабайы өсімдіктер бөліктері, оларды шарап, шырын және консерві өндіруден кейінгі қалдықтары болып табылады, сонымен қатар, кейбіреулерін химиялық немес микробиологиялық синтез нәтижесінде алады. Табиғи бояуыштар, сонымен бірге жақсартылғандар, ауадағы оттегіге, қышқылдар мен тұздарға, температураға сезімтал, микробиологиялық бұзылуға ұшырайды. Синтетикалық бояуыштар табиғи бояыштармен салыстырғанда біраз технологиялық артықшылықтарға ие. Олар ашық, қанық, жеңіл жасалатын түстер береді және материал технлоогиялық ағын жолында душар болатын әр-түрлі әсерлерге сезімталдылығы төмен. Синтетикалық азық-түлік бояуыштары - бірнеше органикалық класс өкілдері: азобояуыштар(тартразин – Е102; сары «күн батысы» - Е110; кармуазин – Е122; ал-қызыл 4К – Е124; қара жылтыр – Е151); триарилметанды бояуыштар ( көк патенттелген V – Е131; жылтыр көк – Е133; жасыл 5 – Е142); хинолинді(сары хинолинді – Е104); индигоидті(индигокармин – Е132). Осы қосылыстардың барлығы суда ерігіш, көбісі металл иондарымен ерімейтін кешендер құрады, және осы формада ұнтақ тектес өнімдерді бояғанда қолданылады. Минералды (органикалық емес) бояуыштар. Бояуыштар ретінде минералды пигменттер мен металлдар қолданылады. Тағам бояуыштарының жеке топтарын қарастырып өтейік: Кармин – қызыл табиғи бояуыш, антрахионның туындысы. Тағам өнідірісіснде 100 жылдан астам қолданылып келе жатыр. Карминді кептірілген кошенил денелрінен алады – Оңтүстік Амрика мен Африкада өсетін кактуста өмір сүретін жәндік. Алканнин – 1,4-нафтохинон туындысы. Алканнин бояуыш ретінде көне заманнан бері белгілі, оны Alkanna tinctoria атты өсімдік тамырынан алады. Күрең-қызыл реңк береді. Куркума – сары табиғи бояуыш, Зімбір тұқымдас өсімдіктерден алынады – curruma longa. Спиртті ерітінді ретінде қолднылады, өйткені куркума суда нашар ериді. Энобояуышты жүзімнің қызыл сұрыптарының және аю бадам жидектерінің сығындысынан ал-қызыл сұйықтық ретінде алынады. Оның құрамына қосындылар қсопасынан тұрады, соның ішінде антициан мен кахетиндер. Өнімдерді энобояуышпен бояған кезде түсі рН ортаға байланысты. Қышқылдатылған, бейтарап және азсілтілі орада энобояуыштың қызыл реңкі көк түске бояйды. Сондықтан энобояуыш кондитер өндіріснде оны қажетті рН ортаны қлыптастыру мақсатында органикалық қышқылдармен бірге қолданады. Қант колері (карамель) – қантты карамелизациялаудан пайда болған күңгірт боялған өнім. Оның сулы ерітінділері тартымды иісі бар қара-қоңыр сұйықтық болып табылады. Кулинарияда, сусындарды бояуда және кондитер өнімдерінде қолданылады. Жасанды бояуыштардың арасында келесідей рұқсат етілгендерін атап өту керек : Индогокармин(индиигодисульфоқышқылдың динатриилі тұзы). Индигокармин суда еріткенде қанық көк түс береді. Кондитер өнеркәсібінде және шақпақ қант өнідіріснде қолданылады. Сары татразин – азибояуыштың натрий тұзы. Татоазин суда жақсы ериді, сарғылт түсті ерітінді береді. Кондитер өнеркәсібінде, сусындар өндірісінде қолданылады. Кейбір жеке бояуыштарды қолдану шарттарында тағам түрі және олар нақты өнімдегі бояуыштың қолданылуының ең жоғарғы шегі анықталады, егер мұндай шектер қойылатын болса. Гигиеналық көзқарас тұрғысынан, өнімдерді бояу үшін қолданылатын бояуыштардың арасында жасанды бояуыштарға аса зор назар бөлінеді. Олардың уытты, мутагенді және канцерогенді әсері бағаланады. Табиғи бояуыштардың уыттылығын бағалау кезінде оның алынған обьектісінің мінез-сипаты, оны қолдану деңгейлері анықталады. Модификацияланған табиғи бояуыштар, сонымен қатар азықтық емес шикізаттан алынған бояуыштар уыттылық бағасын жасандылар секілді алады. Түс реттеуші материалдар. Оларға азық шикізаттары мен дайын өнім компоненттерімен әрекеттескенде тағам түсін өзгертетін қосындылар жатады. Оның ңшңнңде ағартушы заттектерді атап айтқан жөн – табиғи пигменттерді бқзатын қоспалар немесе тағам өнімдерін алу кезінде пайда болатын боялған өнімдер. Мысалға, кұкірт диоксиді. ерітінділері және оның тұздары ағартқыш және консервілеу әсерін тударыда, нәтижесінде көкөністер мен жемістердің ферментативті қараюын тежейді, сонымен бірге, меланоидтардың пайда болуын баяулатады. Күкірт диоксиді В1 дәруменнін бұзады және ақуыз молекулаларына әсер етіп келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.   8 Зиянды заттардың (улардың) жіктеулерінің негізгі типтері Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі –дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр. Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі: · өнеркәсіп улы — өндірісте қолданылатын заттар; · улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар; · дәрі-дәрмектер; · тұрмыс химикаты; · өсімдіктер және жануарларда, саңырауқұлақтарда, құрт-құмырсқаларда болатын заттар; · әскери улаушы заттектер. · Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді: · жалпылама улылар – организмді жалпы улайтын, жеке органдарды ауру етіп, істен шығаратын улы заттар; · қоздырғыштар – тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын, көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар; · аллергия тудыратын заттар; · мутагендер – генетикалық кодты бұзатын заттар; · канцерогендер – қауіпті ісіктер тудыратын заттар; · бала жасау қызметін жоятындар – қорғасын, сынап, стирол, радиоактивті басқа да заттар. · Зиянды заттардың әсер етуі және организмге енудің жолдары.Зиянды заттар адам органтзміне тыныс алу жолдары, тері және ас қорыту жолдары арқылы енеді. Көп жағдайда(80-90 пайыз)кәсіпке байланысты ауруларжәне уланулар организмге улы газдардың, булардың, тұмандардың енуіне байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі улы зат бірден қанмен араласып бүкіл денеге тарап кетеді. · Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен, қолдың кірімен асқорту жолдары арқылы организмге енеді. Улы заттар ауыз қуысында – ақ сіңіп, қанға өтіп кетуі мүмкін. Ондай заттарға фенол, циянит сияқты улар жатады. Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен бірігіп, заттың улылығын одан ары арттырып түсуі мүмкін. · · Улы заттар адам организіміне тері арқылы енеді. Улы булар, сұйық заттар теріге еніп, сол арқылы қанға кетеді. Бұндай заттарға суда, майда жеңіл еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, анелиндер және т.б. жатады. Егер теріде жара немесе сызат болса, организмге енуі жеңілдейді. Бірінші кезеңде улы заттардың бөлінуі қан айналымының қарқындылығына байлынысты болады. Улы заттардың жиналатын үш басты орны бар: клетканың сыртындағы сұйық, клетканың ішіндегі сұйық және майлы (ткань). Улы заттың тарауы үш негізгі физикалық – химиялық қасиетке байланысты болады: суда ерігіштігі, майда ерігіштігі, реакцияға енгіштігі. Кейбір металдар (күміс, мырыш, хром, ванвдий, кадмий және басқалары) қаннан тез шығады, бірақ бауыр мен өкпеде жиналып қалады. Барий, бериллия, қорғасын қосындылары кальцимен, фосформен бірігіп өте мықты қосынды жасай алады және сүйекте жиналады. Улану екі түрде жүреді: өткір және созылмалы. Уланудың өткір түрі – бұлай улану апат болғанда, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғанда болады әрі у тез арада әсер етеді және көп мөлшерде организмге енеді, өткір уланудың екі фазасы болады: біріншісі — өзіне тән емес көрінуі (бас ауыруы, әлсіреу, жүрегі айну және т.с.с.) Өндірістің барлық салаларындағы және транспорттағы техникалық прогресс техникалық құрылғылардың қуатының артуына және өндіргіштік қабілетінің артуына,көлік құралының жылдамдығына және қозғалыс интенсивтілігіне, қалалық құрылыстың дауына және т.б. байланысты адам өндірісте және тұрмыста әрдайым шудың үлкен интенсивтілігінің әсерінде болуына алып келді. Шу адам ағзасына және бірінші кезекте орталық нерв жүйесіне және жүрек-қантамыр жүйесіне зиянды әсерін тигізеді. Интенсивті шудың ұзақ уақыттық әсері есту қабілетін нашарлатуы мүмкін, жеке жағдайларда есту қабілетінен мүлде айырылуы мумкін. Шудың қауіптілігі оның біртіндеп әсер етуінде,зардап шегуші оның әсерін бірден түсінбейді. Шу еңбек қабілеттілігінің төмендеуі,еңбек сапасы,қателік және т.б. салдарынан экономикалық жоғалтулардың себепшісі болады. Жұмыс жасап отырған адам ойлау қабілетіне көп күш түсірген сайын оған әсер ететін шудың зияны соғұрлым жоғары болады. Дамыту және ағымдағы ұзақтығы сипаттмасы бойынша улануды екі негізгі формаға ажыратады: – өткір және созылмалы интоксикациялар. Өткір интоксикация аз уақыт арасында жоғары концентрациялы улы заттың жоғары қатысты әсерінен кейін пайда болады және біршама немесе аз спецификалық клиникалық белгілермен анықталады. Бәрінен жиі өткір интоксикацияны зиянды және қауіпті заттарды қолданумен байланысты технологиялық циклдардың кәсіпорындарды жарылысынан кейін бақыланады. Созылмалы интоксикация, ереже сияқты, болмашы концентрациялы заттардың адам ағзасына ұзақ уақыт (жыл аралығында) әсеерінен шақырылады. Улы заттан ерекше уланулар басқа организмді ортақ әлсіретуге мүмкіндік туғыза алады, мысалы, әр түрлі инфекцияларға қарсы түрінгіштіктер төмендетуге.

Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 358; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!