Гельминтоспориозды тамыр шірік ауруы 13 страница



Қоршаған ортаға түсетін ауыр металдардың көздерін екі топқа бөлуге болады: · Ауыр металдарды өндіретін немесе пайдаланатын өнеркәсіп кешендерінен шығатын жергілікті шығарылымдар; · Жер бетінде диффуздық түрде таралғанауыр металдардың көздері, жылу энергетикалық құрылғылар мен мотордан бастап, минералды тыңайтқыштар мен темекі буына дейін.     Ауыр металдардың қоршаған ортаға көптен түсуінің нәтижесінде олардың тірі организмдерге тигізетін жағымсыз әсері мәселесі туындап отыр. Улылығы және қоректік тізбектерде жинақталуы жағынан олардың оннан астамы биосфераның проритетті ластаушыларының қатарына жатады.олардың ішінде – сынап, кадмий және қорғасын аса қауіпті. Ауыр металдардың тірі организмдерге улы әсері.Ауыр металдарды улылығы жағынан жоғары, орташа, шамалы улы деп бөледі. Кадмий өте жоғары улы қосылыс болып есептеледі. Ол ашық және созылмалы әсер тудыра алады. Кадмийдің микромөлшерде тірі организмдерге керек екендігі және биологиялық процестердің стимуляторы ретінде болатындығы белгілі. Ауыр металдардың адам мен жануарларға улылығының көрсеткіштері болып физиологиялық параметрлердің, бұзылуы, дамудың артта қалуы, денсаулықтың нашарлауы, ойлау, көбею қабілеттерінің төмендігі, өлімнің артуы, ісік ауруларының пайда болуы, түрлі деңгейде – организмдік, клеткалық, субклеткалық деңгейлерде созылмалы аурулардың болуы табылады. Отандық ғалымдардың айтуы бойынша аталған үш металдың әсер ету механизмдері – олар тікелей митохондрияның мембранасына әсер ете отырып, оның ішкі жағында орналасқан цитохромоксидазаны босатады, немесе лизосомаларды бұзылуы салдарынан мито­хондриялардың мембранасын бұзылуы.  Ауыр металдардың мутагенді әсері кадмийдің мысалында. Ауыр металдарға деген қызығушылық олардың улылығы мен канцерогендік әсерімен қоса мутагендік әсерінің болуында. Бұл ауыр металдардың қоршаған ортада болуына аса көңіл бөлуді түсіндіреді. Өсімдік организмдерінде ауыр металдардың – кадмий, қорғасын, никель, алюминий, мыс және мырыштың фитотоксинділігімен қоса айқын білінетін цитогенетикалық әсер де байқалды. Шетел авторлары кадмийдің оның әсерін дұшар болған 40 жұмысшыға (негізгі топ), және бақылаудың 40 адамына әсерін хромосомалық аберрация мен сестринские хроматидтік алмасуларды тіркеу арқылы және кадмийдің қан мен зәрдегі мөлшерін анықтау арқылы зерттеді. Негізгі топтағыхромосомалық аберрациялар темекі шегуге, оның қан мен зәрдегі мөлшеріне байланыссыз кездесті. Хромосомалық аберрациялар кадмийдің мутагендік әсерінің ерте көрсеткіші екені көрсетілді. Кейбір металлургиялық зауыттарда ауыр металдармен көп әсерлесетін жұмысшылардың лимфоциттерінде хромосомалық аберрациялар деңгейі жоғары екендігі көрсетілді. Кадмий тұздарымен ұзақ уақыт бойы байланыста болу ісік ауруларына, соның ішінде өкпе ісігіне әкелетіні белгілі. Мысалы, темекі шеккен кезде өкпе ісігінің пайда болуы белгілі мөлшерде кадмий тұздарының болуымен байланысты кадмийдің классикалық мутагендердің әсерін жоғарылататындығы белгілі, яғни комутагендік әсері бар. Комутагендер мутациялақ процестің түрлі кезеңд­ерінде әсер етеді. Металл иондарының комутагендік әсері тікелей мутаген туғызған ДНҚ-ның бұзылуының репарациясын тежеуімен байланысты. Комутагендік факторлардың көпшілігі клетканың репарациялық жүйе­сіне әсер ете отырып өзінің әсерін жүргізеді. 5.Қоршаған орта ластануының физика-химиялық, биологиялық әдістері. Қоршаған ортаның ластану түрлері. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ТІРІ ОРГАНИЗМДЕРІНІҢ ИНДИКАТОРЛЫҚ САПАСЫ РЕТІНДЕ   Биоиндикация- қоршаған ортаның жағдайын тірі ағзалардың реакциясы бойыншы бағалау. Биоиндикаторлар ретінде жануарлар, өсімдіктер, бактериялар, вирустар қолданылады. Инфузориялары қоршаған ортаның ластаушыларының улылық дәрежесін анықтауда өте қолайлы объект болып табылады. Себебі, оарды зертхана жағдайында өсіру, тәжірбиені жүргізу салыстырмалы түрде арзан, жылдам және дәлдігі жоғары нәтижелер алып, зерттелетін заттардың улы әсері туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Түрлердің алуантүрлілігінің кемуінің әсіресе екі салдары ерекше назар аударуды қажет етеді. Біріншіден,бір түрдің жойылуы,әдетте онымен қоректік немесе басқа да байланыстармен тығыз байланысты ,бірнеше түрдің тіршілік әрекетін бұзуға әкеліп соқтырады. Екіншіден, қандайда бір түрді толық жоюдың қажеті жоқ. Олардың саны белгілі бір шамадан төмендеп кетсе, олар қайта қалпына келе алмайды. Ірі омыртқалы жануарлар үшін шекті деңгей 500-100 дара, ұсақ омыртқалылар үшін шамамен 10 мың дара омыртқасыздар үшін шамамен 50 мың дара өсімдіктер үшін бірнеше мың дана.   ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ТІРІ ОРГАНИЗМДЕРІНІҢ ИНДИКАТОРЛЫҚ САПАСЫ РЕТІНДЕ Қоршаған орта жағдайының өзгеру дәрежесіне байланысты, тірі организмдердің жағдайын және санына байланысты, ластаушы заттардың қандай мөлшерде болатынын зерттеу. Тірі индикаторлар негізіне өзіне тән қасиеттерге байланысты қоршаған ортаның ластану дәрежесін физика-химиялық әдістермен анықтайды: - Олар биологиялық ең негізгі ластаушылардан;  - Өзгерістердің түзілу жылдамдығын көрсетеді;  - Экожүйеге әр топтағы токсиканттардың жиналу орны мен жолдары;  - Адамның және тірі табиғатқа осы және басқа залалды заттардың дәрежесі; «Биоиндикаторлар» - атты халықаралық бағдарлама әзірленген, қазіргі  кезде халықаралық симпозумдар биоиндикациялық антропогенді ластану. Биоиндикацияға негізінен жоғары және төменгі өсімдіктер,  микроорганизмдер, жануарлардың әр түрлері (кәмшат, кемірушілер және т.б.)қолданылады. Адам ластайтын өте сезімтал индикаторлар қыналар мен мүктер (лишайниктер, мохтар) олардың биологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін қосаотырғанда. Сонымен, өте кішкене ауаны ластаушы күкірттің диоксидді(күкіртті газ), жоғарыөсімдіктердің көбіне әсер етпейді,   бірақ қыналардың жаппай жойылуына әкеп соғады. Қазіргі кезде Батыс Европалық мемлекеттердің ірі өндірісті қалаларының  аймақтарында қыналардың (лишайниктердің) көптеген түрлері толықтай жоғалып кеткен. Скандинавиялық мемлекеттерде ауыр металдармен атмосфера ластануыныңиндикаторы ретінде сфагнов мүктерінен (мох)алады. Мүктер мен қыналардан радионуклидтердің жиналғандығы байқалады. Мысалы:  Муктерді зерттеу нәтижесі бойынша:  Арменияда: стронций – 10-26 есе, уран – 1,5-6 есе жоғары;  Егістктегі шөпті өсімдіктерге қарағандаГерманияда өндірістік қалдықтарды бактерияларды қолданудазаттардың ластану индикациясымен әдістері әзірленеді. Атмосфераның антропогенді ластануы көбіне жоғары өсімдіктерге әсер етедіде, келесідегідей:  - Жапырақтардың түсінің өзгеруі;  - Өсу формасының өзгеруі, т.б.. Атмосфераның күкірттің диоксидімен біртіндеп ластануы мынандай өзгеріскеәкеліп соғады:  - Қарағайдың жапырағының ұштары мен инелері күлгін тартады.  - Кейбір ағаштардың жапырақтары түссіз күйге енеді. Атмосфералық ауаныластаушы индикаторларәр түрлі компоненттерді (күкірт диоксиді, фторлы сутегі, аммиакжәне т.б.) негізге алуға болады. Онда өте сезімтал атмосфералық ауаны ластаушылар қарағайлы тектестер,олар күкірт диоксидімен ластанған болып келеді. Декоративтік өсімдіктердің индикаторы фторлы сутекке гладиолус, жауқазын, норцисс (нарқыз), ландыш. Өте жақсы озон индикаторлары темекі сорттары, томатты, цитрусты өсімдіктерде (жемістерде). Жоғарыда келтірілген биоиндикаторлардың қоршаған орта жағдайына бақылаужасай отырып табиғатты қорғау және оларды сақтау шараларында, орманшаруашылығында, ауа атмосферасының антропогенді ластануының әсерін есепкеала отырып қолдануға болады.   Жер беті мен жер асты суларына зиянды заттектерді, микроорганизмдерді және жылуды енгізетін көзді ластаушы көз деп, ал судың сапалық нормасын бұзатын компоненттерді ластағыш заттар деп атайды. Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық және физикалық химиялық қаситтеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді: физикалық күйіне байланысты- ерімейтін, коллойдты, еритін; табиғатына қарай-минералды, органикалық, биологиялық немесе бактериялық. Минералды компоненттерге анорганикалық қосылыстар, яғни суда еритін жәнеонда молекулалық пен иондық түрде болатын заттектер жатады. Органикалық компоненттерге өсімдіктерден немесе жан-жануарлардан, т.б. жолмен пайда болған органикалық заттар жатады. Өсімдіктен пайда болған заттарға олардың қалдықтары, өсімдік майлары, қағаз т.б., алжануарларданпайда болған заттарға, мысалы мал ткандары, желім заттар, қижәне организмнен шығатын басқа да заттар жатады. Биологиялық немесе бактериялық компоненттерге- бактериялар, вирустар, балдырлар, ең төменгі сатыдағы жәндіктер, құрттар, микробиологиялық зауыттардың қалдықтары т.б. кіреді. Әр түрлі мақсатта қолданылған судың 80-85% ластанған ақаба су түрінде табиғатқа қайтып оралып отырады. Жыл сайын бүкіл әлемде 420 км3 қалдық сулар төгіледі, бұл сулар 7000 км2 таза суды ластандыра алады. Суды ластайтын заттектердің саны 500 мыңның үстінде, ал гидросферадағы ластағыштардың жалпы массасы шамамен 15 млрд.т/жылына, олардың ішінде ең қауіптілігі жоғары қосылыстар деп фенолды, мұнай мен мұнай өнімдерін, беттік активті заттар, ауыр металдардың тұздарын, радионуклейдтерді, пестицидтерді және басқа да органикалық және анорганикалық улы заттарды, биогенді атауға болады. Жоғарыда қарастырылған улы заттектердің ішінен суперэкотоксикантты мұнай мен мұнай өнімдерін жатқызуға болады. Сулы ортада олардың концентрациясы 1мг/м3ке жеткеннен бастап улылық қасиетін көрсетеді. Мұнай мөлшерінің шамасы 200-300 мг/м3 жеткенде экологиялық тепе теңдік бұзылып, балықтың және судағы басқа да ағзалар түрінің реттегіш механизмі өз мүмкіндігінің ең төменгі шегіне жетеді де, одан әрі қарай олар ортаның кез келген қолайсыз факторларына төзімсіз бола бастайды, яғни экологиялық тұрақтылық жойылады. 1тонна мұнай суға төгілсе, аумағы 2,6 км2 шамасында судың беткі көлемінде тұтас үлпек түзеді. Суда ерімейтін кейбір пестицидтер мұнай өңдейтін өндіріс қалдықтарында ерігіш келеді, еру нәтижесінде бір түрден екінші ластаушы түрге айналады. Осының нәтижесінде олар бірте бірте су түбіне шөгудің орнына тұщы су көздерінің не теңіздердің бетіне жиналады. Жылына гидросфераны ластайтын антропогендік ластағыштардың жалпы массасы 15 млрд тоннаға жетіп отыр. Сулардың радиоактивті заттармен ластануы үлкен қауіптілік туғызады. Мысалы, тіршілік белгісінен ада болған Маңғыстау жеріндегі Қошқар ата көлі өлі көл деп аталады, оның түбінде радиоактивтілігі бар 104 млн тонна көлеміндегі өндіріс қалдықтары шөгіп жатыр. Табиғи сулар жылуэнергетика өндірістерінен шығатын жылы ақаба суларымен де ластанады, су объектілеріндегі температуралық режим өзгереді, бұл санитарлық талапқа сәйкессіздіктің орын алуына әкеп соғады. Суаттарда су температурасы көтерілген сайын еріген оттектің мөлшері төмендеп отырады, суды ластайтын қоспалардың улылығы жоғарылайды, биологиялық тепе теңдік бұзылады, организмдердің түрлік құрамы ауысады, мысалы балдырлардың. Атмосфераның ластануымен салыстырғанда су жүйелерінің ластануы үлкен қауіп төндіреді, оның себебі: ауадын гөрі сулы ортада өздігінен тазалану, яғни регенерация процесі өте баяу жүреді; су қоймаларын ластайтын көздердің қатары да көбейе түседі. Оның мысалы ретінде Қазақстанның кейбір ірі су ресурстары көздерін- Арал мен Балқаш көлдерінің жағдайын келтіруге болады. Қазіргі кезде экологиялық ауыр апат зардаптарының салдарынан Арал теңізі жағалаудан 100 шақырымның үстінде шегініп кеткені белгілі. Осыған байланысты теңіз табанында көлемі 2 млн га астам Аққұм атты кеңістік пайда болды. Сол маңнан әр жыл сайын 75 млн.т тұзды дауыл көтеріп әкетіп Қостанай, Солт Қазақстан, Павлодар тағы басқа облыстардың жеріне таратылуда. Балқаш көлін тілге тиек етсек, ол республика экономикасы мен экологиясына орасан зор зиян келтіруде. Ақаба сулар - деп өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылғын, сондай-ақ бір лас аймақ оның ішінде елді мекен арқылы өткен су. Қазіргі уақытта қоршаған ортадағы ластаушы заттардың МШК көмегімен су сапасын білуге болады.Су үшін 960 химиялық қосылыстардың МШК бекітілген. Ауыз , табиғи, тоқтау, ағынды, ақаба сулар үшін судың стандарты болады. 1. Санитарлы          2. Жалпы санитарлы          3. Органолептикалық Судың мөлшері стандарт бойынша 0,25мг/л (1-категория), 0,75 мг/л (2- категория), ал иіс қарқындылығына байланысты 5 балдық жүйе бойынша бағалайды. Ауыз су үшін 20-60 температурада, 2 балдан аспау керек. Су құбырларындағы ауыз су температурасы да қатаң қадағаланады. (рН=6,5-8,5) . Енді әр типтегі табиғи суларға экологиялық баға берсек, мына диограммада судың ластанған мөлшерін Тұма суы - 31 Сары-ағаш суы - 35 Құдық суы (40км) - 38 Шетіндегі құдық суы - 40 Краннан - 45 Ертіс суын (киров аймағы) - 79 Ертіс суын (тері зауыты) - 93 Ертіс суын ішуге қолдануға болмайды.Субъектілеріне көптеп көңіл бөліп әрқашан тазартулар жүргізіп отыру қажет. Судың ластануларының алдын алу шараларын және әдістерін білу керек.   6.Қоршаған ортаның мутагенді ластануын анықтайтын және деңгейін бағалайтын негізгі тест-жүйелер Түрлі факторлардың мутагендігін бағалау тест-жүйелердің көмегімен жүргізу қажет. Көптеген жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, қазіргі кезде бар тест-жүйелердің біреуі де зерттеліп отырған қосылыстардың адамға қатысты мутаген екендігін немесе еместігін көрстетеін 100%-тік тиімділігі жоқ. Қазіргі кезде жүздеген тест-жүйелердің белгілі болуына қарамастан, биотестілеу кезінде олардың жақсы сипатталған онға жуығы ғана қолданылады. Әрбір тест-объектіде қоршаған ортаның күйін анықтайтын көрсеткіштердің біреуі ғана қолданылады. Бұл көп жағдайда хромосома аберрациясы, сестринские хроматидтік алмасулар, анеуплоидты клеткалардың жиілігін бағалау және микроядролық тест. Алайда айтылған көрсеткіштер барлық жағдайда қолданылмайды және олар қымбат. Сондықтан оларға қосымша жаңа көрсеткіштерді интегралды бағалау үшін қолдану қажет. Осындай көрстекіштерді бірге бір тест-жүйеде пайдалану оның сезімталдығын жоғарылатуға көмектеседі. Сонымен қатар бірнеше тест-жүйелерді пайдалан­бауға да әкелуі мүмкін. Қоршаған ортаның мутагендігін анықтау және бағалау үшін микроорганизмдерді қолдану.Қоршаған ортаның мутагендігін анықтау үшін қолданылатын ондаған тест-жүйелердің ішінде ең сезімталдары және репрезантивтілері болып микроорганизмдер болып табылады. 1. Микроорганизмдер кезкелген экожүйенің тұрақты компоненті болып табылады. 2. Микроорганизмдердің репродуктивті периодыминималды, генотиптердің алмасуы қысқа уақытта өтеді.

Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 520; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!