Гельминтоспориозды тамыр шірік ауруы 9 страница



нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша. Тұрақты түрі – адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты. Уақытша түрі – адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық қалпына тәуелді болады. Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді. Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі . Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын , түрін, көлемін қате қабылдау. Кеңістікті және уақытты қабылдау. Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте қабылдау деп – дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты. Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады. Уақытша қабылдау. Уақыт дегеніміз – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан, екінші қалыпқа көшіп, ескі заттардың өшіп жаңа заттардың оның рпнын басып отыратынын айтамыз. Уақыттың кеңістік сияқты шегі болмайды. Уақыт – өткен шақ, осы шақ, келкр шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты түрлі сөздерді қолданамыз: кеше, бүгін, ертең. Адамдардың адамды қабылдауы адам өмірінде үлкен роль атқарады. Адамның бет әлпетіне сүйене отырып оның қоршаған ортаға, оқиғаға қатынасы қандай екендігін айтуға болады. Қимыл-қозғалыс ерекшеліктері жеке адамның кейбір қасиеттерін көрсетеді. Сөйлеу ерекшел іктері де адам туралы көп мәлімет береді. 25. Түйсік пен қабылдаудың ерекшеліктерін көрсетіңіз. Түйсік туралы жалпы түсініктер, түрлері. Таным процесстерінің жалпы адам өміріндегі алатын орны мен атқаратын рөлі. Түйсік заттардың жекеленген қасиеттірінің сезімдік бейнеленуі ретінде. Түйсіктің физиологиялық механизмдері. Анализаторлар туралы түсінік Түісік туралы ілімдер. И.Мюллердің “арнайы энергия” жайлы заңы. Г.Гельмгольцтың “белгілер” концепциясы.. Түйсік адамдардың тарихи даму өнімі ретінде. Түйсіктердің классификациясы жайлы жалпы түсініктер. А.Р. Луриның түйсіктердің жүйелік классификациясы. Интероцептивті, проприоцептивті және экстероцептивті түйсіктер. Контактылы және дистанттылы түйсіктер. Түйсіктердің генетикалық классификациясы: протопатикалық және эпикритикалық түйсіктер. Б.М.Тепловтың түйсіктер классификациясы. Түйсіктердің модальдығы түсінігі. Түйсіктерді модальдығы бойынша классификациялау. Түйсіктің негізгі қасиеттері мен сипаттары.Түйсік қасиеттері: сапасы, иньенсивтілігі, ұзақтығы, кеңістіктік локализация. Абсолюттік сезімталдық және айырмашылыққа деген сезімталдық. Түйсіктердің абсолюттік және салыстырмалы табалдырықтары. “Субсенсорлық аймақ” Г.В.Ганушкин. Вебер –Бугер заңы. Вебер –Фехнгердің негізіг психофизиологиялық заңы. Стивенс заңы. Ю.М. Забродинаның жалпылыанған психофизмкалық заңы. Қабылдаудың жалпы сипаттамасы. Қабылдау түсінігі. Түйсік пен қабылдаудың өзара байланысы. Қабылдау заттардың тұтастай бейнеленуі ретінде. Бейнелерді тану теориясы. Қабылдау күрделі перцептивті процесс ретінде. Қабылдаудың негізігі қасиеттері мен түрлері. Қабылдаудың негізгі қасиеттері:заттылық, тұтастық, құрылымдық, мағыналық, апперцепция, белсенділік. Апперцепция құүбылысы. Қабылдау иллюзиясы жайлы түсінік. Қабылдаудың мәнділігі. Қабылдаудың негізгі классификациясы. Модальдылық бойынша классификациялау. Материяның тіршілік ету формасы бойынша классификациялау: кеңістік, уақыт және қозғалыс Түйсік – қоршаған орта заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерін бейнелейтін қарапайым процесс. Басқа сөзбен айтқанда, адам қоршаған ортаның барлығын түйсінеді. Түйсік пен қабылдау бір-бірімен өте тығыз байланысты. Кез-келген түйсінуді қабылдауға, бүтіндей қабылдауға дейін жеткізуге болады. Қабылдау – қоршаған орта заттары мен құбылыстарының барлық қасиеттерінің жиынтығын кешенді бейнелеу процесі. Қалыпты жағдайда адамда түйсінудің бес негізгі түрін бөліп көрсетуге болады: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, сипап сезу – адамның сыртқы ортада бағдарлануына мүмкіндік береді. Көру және есту қалыпты жағдайда қабылдау ретінде болады. Көру және есту анализаторлардың көмегімен жүзеге асатын жалпы физиологиялық механизмдерге ие. А.Н. Леонтьевтің концепциясына сәйкес, түйсік психиканың тарихи бірінші түрі. Түйсіктің пайда болуы жүйке ұлпалары тітіркенуінің дамуымен байланысты. Эволюциялық процестің белгілі бір деңгейінде ағзадағы қарапайым тітіркену сезімталдылыққа ұласады, яғни тек өмір үшін маңызды тітіркендіргіштерге ғана емес, сигналдық мәні бар тітіркендіргіштерге де әсер етуге қабілеттілік. Бұл мүмкін болатын жалғыз көзқарас емес. К.К. Платонов психиканың қарапайым тарихи бірінші түрі эмоция екендігін дәлелдеуге тырысқан. Түйсіктің даму теориясында түйсінудің пайда болуына эффекторлық процестердің қатысуы туралы да зерттеулер маңызды орынға ие. Бұл зерттеулердің жалпы қорытындысы мынадай: түйсік психикалық құбылыс ретінде жауап реакциясы адекватты емес жағдайда немесе мүлдем болмаған кезде түйсінудің болуы мүмкін емес; қозғалмайтын көз соқырлық белгісі, ол қозғалмайтын қол астереогностикалық сияқты (А.Н. Леонтьев, П.И. Зинченко, В.П. Зинченко, Т.П. Зинченко және т.б. жұмыстарында). А.Н. Леонтьев түйсінудің механизмдерін зерттей келе мынадай жалпы қорытындыға келеді, ортақ принциптік механизм сыртқы әсер етуге тән сезім мүшелерінде процестердің бір біріне ұқсау механизмі болып табылады. Психикалық процестер жүйесіндегі түйсік. Түйсік тірі материяның жалпы биологиялық қасиеті- сезгіштіктің ең маңызды көрінісі. Ол, организмнің ортамен психикалық байланысы орнығатын бастапқы форма б.т. Түйсікте психиканың танымдық, эмоциялық және реттегіштік жақтары ажырамастай тығыз байланысқан. Сезімдік тану негізінде түйсік жатады. Түйсіктің өмірлік мәні оның әрқашан сезімдік, эмоциялық реңктегі сипатта болатындығымен байланысты. Түстердің адамдарға әр түрлі әсер ететіні ( жасыл түс жайбырақаттандырады, қызыл түс қоздырады) тәжірибеде дәлелденген. Ақ және қара түсті бояулармен боялған, салмағы бірдей екі жәшіктің алғашқысы жеңілірек, екнішісі ауырырақ болып көрінеді. Ерекше түйсіктер (органикалық) адамның көңіл-күйін, оның эмоциялық реңкін анықтайды. Тіліміздегі сезгіштік және сезім деген сөздердің түбірінің бір болуы тегін емес. Ішкі және сыртқы әсер түйсіктері бас қосып, тілек туғызады, ерік импульсының бастауы болады. Мақсатқа жетуге бағытталған қимылдар мен әрекеттер түйсіктер арқылы реттеліп отырады. Қимыл-қозғалыс түйсіктері әрекет акцепторының ең қажетті элементі. Сөйтіп, түйсіктер адамның тіршілік әрекетімен кең мағыналы байланыста. Шағын тәжірибе жасап көріңіз. Жолдасыңыздан көзін жұмуын өтініп, алақанына белгісіз затты тигізіңіз, содан кейін одан сол зат туралы не айта алатынын сұраңыз. Егер ол оның не екенін біле алмаса: «қатты, жылтыр, суық бір нәрсе» немесе «жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Осы сөздер адамның бастан кешкен түйсіктерін білдіреді. Түйсіктер заттардың жеке қасиеттерін сәулелендіретін бейнелер ретінде пайда болады. Түйсік дегеніміз- заттар сезім мүшелеріне тікелей әсер еткенде олардың жеке қасиеттерінің бейнеленуі. «Түйсік арқылы болмаса,- деп жазды В.И.Ленин ,- біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары туралы да, қозғалыстың ешқандай формалары туралы да ештеңе біле алмаймыз.» В.И.Ленин осы қысқа тұжырымында түйсіктің таным әрекетіндегі ролін терең ашып берді. Түйсік дүниені бейнелеудің жалғыз ғана формасы емес. Сезімдік танудың біршама жоғарғы формаларын ешқашанда түйсіктердің қосындысы немесе қисындасуы деп түсінуге болмайды. Бейнеленудің әр формасының өзіндік сапалық ерекшелігі бар , бірақ, бейнеленуінің алғашқы формасы болып саналатын түйсіксіз ешқандай таным әрекетінің өмір сүруі мүмкін емес. Тіпті ересек адамның рухани өмір белсенділігінің өзінде түйсіктің ерекше маңызы бар. Түйсіктің физиологиялық негіздері. Түйсік заттың сезім мүшелеріне әсер еткен кезінде ғана пайда болады. Сезім мүшесі – дененің шет аймақтары немесе ішкі мүшелерінде орналасқан, сыртқы және ішкі ортадағы белгілі бір тітіркендіргіштердің әсерін қабылдауға маманданған анотамиялық-физиологиялық аппарат. Сезгіш нервтердің ұштары әр сезім мүшесінің басты бөлігі болып табылады, ол рецептор деп аталынады. Көз, құлақ, тәрізді сезім мүшелері ондаған рецепторлық ұштықты білдіреді. Тітіркендіргіштің рецепторға әсер етуі сезгіш нерв арқылы үлкен ми сыңары қыртысының белгілі бір бөліміне баратын нервтік импульстың пайда болуына әкеледі. Жауап қайыру реакциясы эфференттік нерв арқылы беріледі. 26. Темперамент және мінез типологиясына салыстырмалы талдау жасаңыз Көп жағдайда мiнез жəне темперамент салыстырылып түсiндiрiледi, кейде бiрiнiң орнына бiрi қолданылады. Ал iс жүзiнде олай болмауы керек. Мiнез бен темперамент ұқсастығы адамның физио-логиялық ерекшелiктерiне, яғни жүйке жүйесiне болған тəуелдiлiктен. Қандай да мiнездiң қалыптасуында белгiлi жүйкелiк сипатты темперамент үлкен маңызға ие. Темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип–адамның дене құрылмына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген–конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде, және т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген: 1. Лептосоматик–бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол–аяғы ұзын, сидыйған. 2. Пикник–мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын. 3. Атлетик–бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойылы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған. 4. Диспластик–дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар-әрқилы мүшелік зақым–сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ– қолы кемістер). И.П. Павлов негіздеген типология темперамент психология саласындағы көптеген лабораториялық зерттеулерге бастама берді. 50–жылдары жүргізілген осындай ізденістер нәтижесінде И.П. Павловтың шәкірттері В.М. Теплов, кейін В.Д. Небылицын темперамент типологиясын жаңа элементтермен толықтырды. Ересек адамның жүйке жүйесін эксперименталды талдауға ала отырып, жүйке процесіне байланысты екі қасиеті: лабильдік және динамикалық–ашты. Жүйке жүйесінің лабильдігі– жүйке процесінің туындау және сөну шапшаңдығында көрінеді де, ал динамикалылығы–қоздырғыш, ұнамды және кері әсерлі, тежегіш шартты рефлекстердің оңай және жылдам түзілуінен байқалады. А.Е.Личко бойынша мінездің жасөспірімдерге арналған типологиясы: 1.Гипертимді тип. Бұл типті адамдардың қарым-қатынасы жоғары, қимыл – қозғалысы ширақ, қалжыңға бейім. Өздерінің ортасында шулы, көңіл – күйі жоғары. Өте жоғары қабілеті бар, бірақ тұрақсыздығының нәтижесінде сабаққа дайындығы біркелкі емес. Көңіл – күйі үнемі көтеріңкі жүреді. Ересектермен, ата – аналарымен, ұстаздарымен қарым – қатынас барысында әртүрлі қақтығыстарға түседі. 2.Циклойдты тип. Апатияға бейім, өте қызба. Көбіне үйде жалғыз қалғанды ұнатады, өздерінің құрбыларымен қарым – қатыныас жасамайды. Айналадағылардың ескетпелерін қабылдамайды, қабылдаған күнде өте қызба, жағымсыз түрде өтеді. Сәл болатын өзгерістерді қапаланып қабылдайды. Көңіл – күйі жоғарыдан өте төмен деңгейге тез ауысып отырады. Көңіл –күиінің ауысу мерзімі 2-3 апта. 3.Лабильді тип. Мінезі тұрақсыз, көңіл – күйі жиі өзгергіш. Көңіл – күйінің өзгеруіне кез – келген ұсақ – түйек әсер етуі мүмкін. Мұндай адамдардың көңіл – күйі жабырқау кезінде өздерінің жанын түсінетін адамдардың көмегін қажет етеді. Олар басқа адамдардың өздеріне деген қатынасын аса сезімталдықпен сезінеді. 4.Астенал – невротикалық тип. Бұл типті адамдар аса жоғары көңілге алушылығымен, тез шаршап, болдыруымен, қырсықтығымен көзге түседі. 5.Сензитивті тип. Аса сезімталдық: біреудің қуанышына да, қайғысына да ортақтасады. Аса үлкен ортаны, қатты қимыл-қозғалыс орындарын аса ұнатпайды. Олар танымайтын, бөтен адамдармен қарым – қатынасқа көп түсе бермейді. Өздерінің қабілет саласындағы кемшіліктерді аса ұқыптылық, кез – келген істі орындаумен толтырады. 6.Психастеникалық тип. Секем алғыштық, көңілшек, барлық жаңалықтан қорқатын, сезімі нәзік келеді. Болашақта қауіп пен сәтсіздікті сезінеді. Интеллектісі жоғары. Бірақ оқуы нашар, себебі, ауызша жауап бергенде мазасызданып, білгенін жеткізе алмай қиналады. 7.Шизойдты тип. Тұйық, айналасындағылармен қарым – қатынасқа түсуге ынта –ықыласы жоқ, оқшау жүреді, ішкі жан –дүниесі бай, бірақ сырт келбеті кедей адам. Ақыл – ой дарындылығы бола тұра, икемсіз. 8.Эпилептойдты тип. Бұл типті адамдар ызақор, өте қозғалғыш, әсіресе бұл белгілер 2-3 жас арасында корінеді. Личконың айтуынша бұл типті адамдар жан – жануарларды азаптап, қинауды, өздерінен әлсіз адамдарды мазақ етуді жақсы көреді. Аса қатыгез, өздерін аса жақсы көреді. Басшылыққа ұмтылады. 9.Истероидты тип. Бұл типке тән белгілер: үнемі назарда болуға тырысу, өзін көрсетуге және үнемі таңқалдыруға әуестік. 10. Тұрақсыз тип. Бұл типті адамдар болашақты тіпті де ойламайды. Олардың әрекеттері белгілі бір мақсатпен, міндетпен байланысты болмайды, тұрақсыз және өзгермелі. 11. Комформды тип. Кез – келген өзіне тиімді жағдайларға тез бейімделеді[8]. Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған – ертедегі грек философы Теофраст. Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Лабрюйер де «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған.

Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 480; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!