C) Градуирленген Пирке сынамасы 1 страница



Амбулаторлы-емханалық педиатрия_каз $$$001 Балада АКДС екпесінен кейін алғашқы екі тәуліктен соң аллергиялық бөртпе, дене қызуының 38 градустан жоғарлауы, «милық айғай» пайда болған. Иммунизация жалғасуы мүмкін: А) Күнтізбе бойынша дайындықпен АДС-М анатоксинімен В) Күнтізбе бойынша дайындықпен АДС анатоксинімен С) Кеш дайындықпен АКДС-екпесімен D) Кеш дайындықсыз АКДС-екпесімен Е) Күнтізбе бойынша дайындықсыз АКДС-екпесімен {Дұрыс жауап}= Е {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(приказ № 636 Перечень временных и постоянных медицинских противопоказаний к проведению профилактических прививок) {Курс}=6 {Семестр}=11 $$$002 3 айлық бала, салмағы 5,0 кг, ЖРА басынан өткерді, қарау кезінде дене қызуы 38,9°С дейін жоғарылаған. Дене қызуын төмендету үшін, нені тағайындау қажет: А) Сулы тәртіп, парацетамол - 0,01г В) Физикалық суыту әдістері, парацетамол - 0,025г С) Сулық тәртіп, физикалық суыту әдістері, парацетамол - 0,05г D) Сулық тәртіп, физикалық суыту әдістері, к/і 0,9% физ.ерітінді, парацетамол - 0,1г Е) Сулық тәртіп, физикалық суыту әдістері, к/і 5% глюкоза ерітіндісі, парацетамол - 0,2г {Дұрыс жауап}= С {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=( Шабалов Н.П. Детские болезни. С-П., 2000 г.) {Курс}=6 {Семестр}=11 $$$003 8 айлық бала. Салмағы 9 кг. Діріл синдромына байланысты қаралуға келді. Қарау кезінде: дене қызуы 36,7 С, тері жабындылары боз, тістері жоқ. Басы  «төртбұрышты» пішінді, шүйде шаштары қырқылған, қабырға шеттері айқындалған. Балғашамен асық жіліктің басын ұрғылау кезінде табанның еріксіз бүгілуі оң болды, ол бір сәтте аяқтың сыртқа бүгілуіне әкелді және балғашамен ұру кезінде жауап ретінде бет нервісінің жиырылуы да байқалды.Осы кездегі шұғыл шаралар: А) 10% кальций глюконатыерітіндісі мөлшері 1,8 мл к/і В) 10% кальций глюконатыерітіндісі мөлшері 2,5 мл к/і С) 10% кальций глюконатыерітіндісі мөлшері 3,2 мл к/і D) 10% кальций глюконатыерітіндісі мөлшері 3,8 мл к/і Е) 10% кальций глюконатыерітіндісі мөлшері 0,5 мл peros {Дұрыс жауап}= А {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=( Шабалов Н.П. Детские болезни. С-П., 2000 г.) {Курс}=6 {Семестр}=11 $$$004 2 жастағы бала, салмағы 12 кг. Пирантелдің тәуліктік мөлшерін есептеңіз: А) 80 мг В) 100 мг С) 120 мг D) 140 мг Е) 160 мг {Дұрыс жауап}= С {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=( Шабалов Н.П. Детские болезни. С-П., 2000 г.) {Курс}=6 {Семестр}=11

Неонатология_каз

$$$005

Нәрестелердің жетілу дәрежесі қай межемен бағаланады:

A) Апгар

B) Сильверман

C) Довнес

D) Крамер

E) Баллард

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$006 Баланың туғанына 1 күн болған. Қарау кезінде тері жабындыларының сарғыштығы анықталды. Анамнезінен бала 3-ші жүктіліктен, 2- жедел босанудан екені анықталды.1-я жүктілік – медициналық аборт, 2-ші жүктілік – босану, 3-ші жүктілік – қазіргі. Анасының қан тобы А (II), резус-теріс. Осы жүктілік кезінде анти-Rh-антиденелерінің титрі 1/64 болған. Қосымша зерттеу барысында анықталды: қан анализінде – Нв 140 г/л. Эр . 4,5*1012л. Рет . – 26 %. Лейкоциттер 10*109л. Э – 2 %, т.я. – 1 %, С – 62 %, Л – 27 %, М – 8 %. Нормобласттар 2 нің 100 қатынасы. Қан анализін билирубинге тексеру: кіндік қанындағы тура емес билирубин деңгейі 80 мкмоль / л, Туғаннан кейін 6 сағаттан соң жалпы билирубин деңгейі  – 160 мкмоль / л, тура емес – 158,4 мкмоль /л, тура – 1,6 мкмоль / л.Баланың қан тобы - B(III), резус – оң. Кумбс сынамасы тура оң. Баланы жүргізудегі тактикаңыз:

A) Фототерапия, инфузионды терапия

   B) Қанды ауыстырып құю

   C) Фенобарбитал, адсорбенттер

   D) Инфузионды терапия, фенобарбитал

   E) Өт айдаушы препараттар, фенобарбитал

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$007 Нәрестенің сол жақ қолы денесіне жабысқан, шыңтағы жазылған, ішке бұрылып, иық буынында ротацияланған, білекте пронацияланған, қол басы алақандық бүгілуде артқа және сыртқа бұралған қалпында жатыр. Басы бүйіріне бұрылған, мойны қысқа сияқты, көп көлдеңен қатпарлармен, айқын суланумен. Қандай патология орын алған:

A) Дежерин—Клюмпке салдануы

B) Кофферат синдромы

C) Бернар—Горнер синдромы

D) Дюшенн—Эрб салдануы

E) Жұлынның кеуде бөлігінің зақымдануы

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$008 Нәресте кесарь тілігі операциясы арқылы жедел босанудан туған. Анасы 10 жыл бойы ревматизм ауруымен ауырады, кезеңмен аспиринді ішке қабылдап отырады. Ұл бала 3100гр. дене салмағымен асфиксиясыз туылды.Өмірінің бірінші күнінің соңында жаялықта шие тәрізді жағындылар қалтыратын күңгірт түсті нәжіс пайда болды. Клиникалық зерттеу барысында ішкі мүшелер жағынан патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. Жалпы қан анализінде аздап эритроциттер мен гемоглобиннің төмендеуі байқалады, қабыну белгілері жоқ. Бұл ауруды қандай жағдаймен ажырату керек:

A) Тромбоцитопениялармен

B) ДВС-синдроммен

C) Жұтылған қан синдромымен

D) А,В гемофилиясымен

E) Ішек инвагинациясымен

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$009 Ұл бала 32 аптасында дене массасы 1600 г. салмақпен туды.Тыныс алудың қиындау бірден басталып, біртіндеп өсе бастады.Нәрестенің анасы (3-ші жүктілік, 2-ші босану, анамнезінде қолдан түсік жасау болған жоқ) алдындағы баладан гиалинді мембраналар ауруына байланысты айырылып қалды. 6 сағат өткен соң баланың тыныс алу жиілігі минутына 60 рет болды. Қарау кезінде: сырылды тыныс алу, қабырғааралықтың ішке кірігуі, мұрын қанаттарының керілуі және айқын цианоз байқалады. Бұндай ауытқулар көрсетілген мәліметтермен қатар кездеседі:

A) өкпе серпімділігінің төмендеуі, өкпе көлемінің азаюы, сол жақ- оң жақ шунт B) өкпе серпімділігінің төмендеуі, өкпе көлемінің азаюы, оң жақ-сол жақ шунт

C) өкпе серпімділігінің төмендеуі, өкпе көлемінің көбеюі, сол жақ- оң жақ шунт   D) өкпенің серпімділігі қалыпты, өкпе көлемінің азаюын, сол жақ- оң жақ шунт

E) өкпенің серпімділігі қалыпты, өкпе көлемінің көбеюі, оң жақ-сол жақ шунт

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$010 Нәрестеде туғаннан кейін 1 минуттан соң ретсіз тыныс, ЖСЖ 100 рет минутына, қалпы жартылай флексия, акроцианоз байқалды. Табанында тітіркенуге жауап береді. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:

A) 1 балл

B) 3 балл

C) 5 балл

D) 7 балл

E) 9 балл

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

Пульмонология_каз

$$$011

Муковисцидоз кезінде бездің шығару өзегінің артық шырышының тұтқырлығы немен байланысты? 

A)Клеткаларда мукополисахаридтердің жиналуы

B)Клеткаларда гликозаминогликандардың жиналуы

C) Клеткаларда сутегі иондарының жиналуы

D)Клеткаларда калий иондарының жиналуы

E)Клеткаларда хлор иондарының жиналуы

{Дұрыс жауап}=E

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}= (Шабалов Н.П. Детские болезни.С-Петербург, 2006 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$012

Өкпенің тума ақауы дамуымен созылмалы бронхөкпелік ауруымен ауыратын 14 жастағы балада дәрігер өкпенің төменгі шекарасындағы ұсақ терілік венаның кеңеюін анықтады. Дәрігер қандай симптом анықтағанын көрсетіңіз: 

A) Дамуазо сызығы

B) Домбровский симптомы

C) Гарленд симптомы

D) Франк симптомы

E) «Медуза басы»

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Шабалов Н.П. Детские болезни.С-Петербург, 2006 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$013

Балаға 1,5 ай. Ол жөтеледі, дене температурасының 37,5 0С дейін жоғарылауы байқалады. Тыныс жиілігі 62 рет минутына. Тыныс алу кезінде кеуде клеткасының төменгі бөліктерінде тарылу барына дәрігер назар аударды. Аускультация кезінде – өкпеде айқын ылғалды сырылдар естіледі. «Сұйық нәжіс бар ма?» деген сұраққа анасы теріс жауап берді. Сіздің шараңыз: 

A) Стационарға госпитализациялау

B) Қажет антибиотикты тағайындау және үйде қалдыру

C) Парацетамол тағайындау және үйде қалдыру

D) Кеуде клеткасының рентгенографиясын жасау

E) Сальбутамол беру және үйде ем тағайындау

{Дұрыс жауап}=A

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Карманный справочник ВОЗ оказание стационарной помощи детям, 2009 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$014

Балаға 2 жас. Қазіргі салмағы 13 кг. Оральді регидратация көлемі қандай:

A) 750 мл

B) 1300 мл

C) 1000 мл

D) 1150 мл

E) 1350 мл

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Карманный справочник ВОЗ оказание стационарной помощи детям, 2009 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$015

Жаңа туған 5 күндік сәбиде өт аралас құсу байқалады. Бала мазасыз, іші кеңейген, тері жабындылары құрғақ және бозғылт. ТАЖ-70 рет минутына, тыныс алғанда кеуде клеткасының төменгі бөлігінің тарылуы байқалады. Өкпедегі тыныс әлсіреген, екі жақтан да ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Туғаннан кейін меконийдің шығуы болған жоқ, осыған байланысты тазарту клизмасы жүргізілді, нәжісі тұтқыр, жабысқақ. Осы ауруда асқазан-ішек жолының зақымдану себебі қандай:

A) Ащы ішектің шырышты қабатының ишемиясы

B) Механикалық ішек өтімсіздігі 

C) Трипсиннің болмауы

D) Қалтқы иннервациясының бұзылысы

E)Өт шығару жолдарының атрезиясы

{Дұрыс жауап}=C

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Шабалов Н.П. Детские болезни.С-Петербург, 2006 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$016

Балаға 5 жас, стационардан 4 күн бұрын шығарылған, онда 10 күн бойы пневмониямен емделген. Жөтел, ентігу, дене температурасының жоғарылауы 39 0С  дейін мазалайды. ТАЖ 40 рет минутына, ЖСЖ 100 рет минутына. Vқабырғааралығында жауырын сызығы бойынша перкураторлы дыбыстың қысқаруы, осы жерде әлсізденген тыныс, сырыл жоқ. Рентгенографияда – үшбұрыш формалы гомогенды біртекті қараю бар, синусы бос. Сіздің диагнозыңыз:  

A) Ауруханаішілік ошақты-қосылған пневмония, жедел ағым, орташа дәрежелі ауырлықта, асқынбаған. 

B) Ауруханаішілік сегментарлы пневмония, жедел ағым, орташа дәрежелі ауырлықта, асқынбаған. 

C) Ауруханаішілік сегментарлы пневмония, созылыңқы ағым, ауыр дәрежелі ауырлықта, асқынбаған. 

D) Ауруханаішілік сегментарлы пневмония, жедел ағым, ауыр дәрежелі ауырлықта, асқынбаған. 

E) Ауруханаішілік ошақты-қосылған пневмония, созылыңқы ағым, орташа дәрежелі ауырлықта, асқынбаған. 

{Дұрыс жауап}=B

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Шабалов Н.П. Детские болезни.С-Петербург, 2006 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

Гастроэнтерология_каз

$$$017

Жара ауруы бар науқаста ауырсыну ас қабылдаудан біраз уақыттан кейін байқалады, ауырсынудың орналасуыөсемсе тәрізді өсіндісінің астында,сонымен қатар осы жерде Мендель симптомы оң. Құсу байқалмайды. Жараның орналасу жерін көрсет:

A) Асқазанның кардиальді бөлімі

B) Асқазанның антральді бөлімі

C) Ұлтабар буылтығы

D) Он екі елі ішектің постбульбарлы бөлімі

E) Асқазанның кіші иілімі

{Дұрыс жауап}= A

{Қүрделілігі}=2

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$018

Іш өткен баланың аш ішек биоптатын қарағанда лимфагиэктазиялар, интерстициальді ісік, май тамшылары және лимфа тамырларында макрофагтар табылған. Бұл көріністер сәйкес келеді:

A) Муковисцидозға

B) Лактаза жетіспеушілігіне

C) Целиакияға

D) Экссудативті энтеропатияға

E) Созылмалы энтероколитке

{Дұрыс жауап}=D

{Қүрделілігі}=2

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$019

10 жастағы қыз балаға асқазанды фракционды зондтау зерттеуін жүргізді. тұз қышқылы базальді секрециясының дебит уақыты- 3,5 ммоль/л, қоздырушы фракциялары – 4,0 ммоль/л. Асқазанның қышқыл түзу қызметін бағала:

A) Сақталған

B) Жоғарлаған

C) Төмендеген

D) Базальді фракцияларында төмендеген, қоздырушы фракцияларында

сақталған

E) Осы сұраққа жауап беру үшін берілген мағлұматтар аз болып келеді

{Дұрыс жауап}=B

{Қүрделілігі}=2

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$020

Созылмалы панкреатитпен ауыратын 13 жастағы балада стрессті жағдайдан кейін (мектептегі бақылау жұмысы), іштің жоғарғы бөлігінде кенеттен белдемелі ауырсыну,жеңілдік әкелмейтін құсу болды. Іштің пальпациясында Керте, Мейо-Робсон, Шоффар симптомдары оң болды. Биохимиялық қан анализінде амилаза мөлшері жоғарлаған. Патологиялық процесстің негізінде жатқан маңызды патогенетикалық механизмі болып не табылады:

A) Асқазан сөлінің гиперсекрециясы

B) Протеолитикалық ферменттердің активациясы

C) Өттің гиперпродукциясы

D) Май қышқылдар синтезінің жоғарлауы

E) Гюкагонның гиперпродукциясы

{Дұрыс жауап}=B

{Қүрделілігі}=3

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$021

13 жастағы қыз бала іштің өтуі- күніне 4-5 рет, қан араласқан, жалған сезім, дене салмағының төмендеуі, тізе және жамбас-сан буындарының ауырсынуына шағымданады. Ауырғанына 2 ай болды. Бала тітіркеніш, эмоциональді тұрақты емес, осы симптомдары байқалады. Іш пальпациясында сол жақ мықын аймағында алдыңғы құрсақ қабырға бұлшықеттерінің ауырсынуы мен қатаюы байқалады. Фиброколоноскопияда: шырышты қабаты қызарған, ісінген, аздап қанайды, тамыр суреті жоқ, фибринмен жабылған эрозиялар, жалған полиптер, жаралар. Бұл ауруды гранулематозды колиттен ажырататын басты симптом:

A) Эрозиялардың болуы

B) Қабынулық процесстің жайылмалығы

C) Шырышты қабаттың лимфоциттермен инфильтрациясы

D) Тамырлар васкулиті

E) Шырыш түзілуінің тежелуі

{Дұрыс жауап}=B

{Қүрделілігі}=3

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

Эндокринология_каз

$$$022

Глюкозо-толерантты стандартты тест жасау кезінде. (ГТСТ) 14 жастағы балада келесі нәтиже алынды: аш қарында қанда қант – 5,5ммоль/л, 30мин кейін – 11,2ммоль/л, 60мин кейін – 12,5ммоль/л, 120мин кейін – 9,6ммоль/л. Баладағы қанттың қисық сызықтық типі:

A) Нормогликемиялық

B) Гипергликемиялық

C) Гипогликемиялық

D) Күмәнді

E) Гиперинсулинемиялық

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Детские болезни. Шабалов Н.П., 2004 г.)


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 521; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!