C) Градуирленген Пирке сынамасы 2 страница



{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$023

Бала 13 жаста стационарға дене салмағын жылдам қосуға, бой өсуінің тоқтауына, бетінің қызаруына, денесінде жыртылу жолақтары пайда болуына және менструацияның жоқ болуына шағымданып түсті. Қарау кезінде терісі құрғақ, жұқарған, сыдырылған. Беті мен аяқ-қолдарын шектен тыс түктелген. Санының цианозы, ішінің терісінде қызғылт стриялар анықталады. Теріасты май қабаты жоғары дамыған, әсіресе, кеудесі мен ішінде көп тараған. АҚҚ 140/100 мм с.б.б. Қанында: гипокалиемия, гипернатриемия, гиперхолестеринемия. Зәрмен 17-ОКС бөлінуі 36,5 мкмоль/с (қалыпты жағдайда 10,8 мкмоль/с), 17-КС экскрециясы — 21,6 мкмоль/с (қалыпты жағдайда 18,4 + 2,6 мкмоль/с). Болжам диагнозыңыз:
A) Иценко-Кушинг синдромы

B) Иценко-Кушинга ауруы

C) Адиссон ауруы

D) Гипоталамиялық синдром

E) Крон синдромы

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Детские болезни. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$024

Қыз бала 14 жаста бойдың артта қалуы мен менструальды циклдың болмауына шағымданып келді. Қарау кезінде: дене бітімінің феминизациясының болмауы, мойны қысқа, шашы қысқа, емізіктерінің гипертелоризмы, құлақ қалқанының диспластикалығы мен төмен орналасуы, тістенуінің дұрыс болмауы. Жүрек шекарасы 1,0 см оңға ығысқан, жүрек тондары ырғақты, систоликалық шу төстің сол жақ қырымен II – III қабырғааралықта. Сыртқы жыныс ағзалары дұрыс қалыптасқан, қыз бала типті. Екіншілік жыныс белгілері жоқ. Бұл ауру патогенезінің негізінде не жатыр:

A) Тестостеронның дегидротестостеронға айналуының бұзылуы

B) Глюкокортикоидтар мен минералокортикоидтардың синтезінің толық

тежелуі

C) Жыныс хромосомаларының сандық және сапалық ақаулары

D) Лютеинизирлеуші гормонның рецепторлық байланысуының ақауы

E) Гормондарға сезімталдықтың және пролактин мөлшерінің төмендеуі

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Детские болезни. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$025

Науқас 14 жаста, тұрақты шөлдеу, ауырсынатын зәр зындыру, зәрді ұстамау эпизодтарымен қаралған. Анамнезінен 2 жыл бұрын бассүйек-ми жарақатын өткерген. Қарау кезінде тері жабындылары құрғақ, апатиялық. Зерттеу кезінде: Зимницкий сынамасы кезінде тәуліктік диурез - 4000 мл,максимальды тығыздығы 1.005. Аш қарынға гликемия 3,5 ммоль/л, тамақтан кейін- 5,6 ммоль/л. Бассүйек-түрік ертоқымы рентгенографиясы кеңіген.Науқастағы су-электролитті алмасу бұзылысының дамуы механизмі және себептерін көрсетіңіз:

A) Қантты емес диабет; антидиуретикалық гормонға дистальды бүйрек

каналшаларының эпителиінің сезімталдығы төмендеген

B) Қантты емес диабет; антидиуретикалық гормонға проксимальды бүйрек

каналшаларының эпителиінің сезімталдығы жоғарылаған

C) Қантты емес диабет; антидиуретикалық гормон синтезі төмендеген

D) Бүйректік қантты емес диабет; вазопрессинге рецепторлардың болмауы

E) Қантты емес диабет; антидиуретикалық гормон синтезі жоғарылаған

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Детские болезни. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

Кардиология_каз

$$$026

Қан айналу жетіспеушілігінің ерте белгісі:

A) Ентігу

B) Цианоз

C) Гепатомегалия

D) Көпіршікті қақырықпен жөтел

E) Тахикардия

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}= (Детские болезни, том 2, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$027

6 жасар ұл балада – шаршағыштық, сол қарынша түрткісінің күшеюі, сол жақтан 2-ші қабырғааралықта діріл, төстен солға қарай 2-ші қабырғааралықта систоло-диастолиялық шуыл, ЭКГ- да сол жақ қарыншаның жүктемесі, рентгенограммада - кіші қанайналым шеңберінің гиперволемиясы, сол жақ қарыншаның ұлғаюы. Сіздің болжам диагнозыныз:

A) Өкпе артериясы стенозы

B) Қарыншааралық перде дефектісі

C) Жүрекше аралық перде дефектісі

D) Субаортальды стеноз

E) Ашық артериальды өзек

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Кардиология и ревматология детского возраста, под ред. Самсыгиной Г.А. и проф. Щербаковой М.Ю., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$028

5 жастар бала кардиология бөлімінде емделуде. Объективті қарау кезінде жүрек бүкірі, ұйқы артерияларының пульсациясы байқалады. Перкуторлы жүрек шекарасы солға кеңейген, аускультация кезінде жүрек ұшында систоликалық шуыл және бірен-сараң эксрасистолалар естіледі. Жоғарыда айтылғанның қайсысы бала жүрегінің органикалық зақымдануының абсолютті белгісі болады:

A) Кардиомегалия

B) Жүрек ұшындағы систоликалық шуыл

C) Жүрек бүкірі

D) Тамырдың патологиялық пульсациясы

E) Жүрек ырғағының бұзылысы

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Детские болезни, том 2, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$029

Бала 1 айда. Өмірінің 15 күнің пневмониямен ауырды. Түскен кездегі шағымы еңтігу, цианоз және жөтел ұстамасы. Объективті: өкпеде ылғалды сырылдар, жалпы цианоз, бауырдың ұлғаюы, аяқтарының ісінуі. Жүрек шекарасы ұлғайған, солға қарай көбірек, тондары тұйықталған, систоликалық шуыл, тахикардия. Рентгенограммада жүрек көлеңкесі ұлғайған, өкпе сіретінің күшеюі, тоқырау белгілері. ЭКГ - да QRS комплексінің жоғары вольтажы, сол жақ қарынша миокардының гипертрофиясы, теріс Т тісшесімен SТ сегментінің төмендеуі, тахикардия. Қандай препаратты және қандай мақсатпен тағайындау керек:

A) Магнеротты миокард клеткаларының қызметін жақсарту үшін

B) Дигоксинді миокардтың жиырылуын жақсарту үшін

C) Рибоксинді миокардтағы алмасу процестерін жақсарту үшін

D) Капотенді өкпелік тамырлық кедергіні азайту үшін

E) Анаприлинді жүрек ырғағын жақсарту үшін

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Детские болезни, том 2, Шабалов Н.П., 2004 г.; Кардиология и ревматология детского возраста, под ред. Самсыгиной Г.А. и проф. Щербаковой М.Ю., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$030

Шала туған 3 күндік нәресте, салмағы - 2100 г. Терісі бозғылт. Еңтігу 70 рет/мин, пульс – 170 рет/мин, қолы мен аяғында жақсы анықталады, биік және тез. Жүрек ұшы түрткісі күшейген, таралған. Жүрек шекарасы көлдеңен кеңейген. Төстен солға қарай II-ші қабырғааралықта дөрекі систолодиастоликалық шуыл естіледі, жауырынаралық аймаққа беріледі. ЭКГ-да жүректің электрлік осінің солға қарай ауытқуы байқалады. Сол жақ қарынша миокардының гипертрофиясы анықталады. Балаға қандай препарат және неліктен тағайындау керек:

A) Индометацинді артериальды өзекті жабу үшін

B) Простогландиндерді коммуникациялар қызметін жақсарту үшін

C) Дигоксинді миокардтың жиырылуын жақсарту үшін

D) Фуросемидті айналымдағы қан көлемін азайту үшін

E) Рибоксинді миокардтағы алмасу процестерін жақсарту үшін

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Детские болезни, том 2, Шабалов Н.П., 2004 г.; Кардиология и ревматология детского возраста, под ред. Самсыгиной Г.А. и проф. Щербаковой М.Ю., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$031

6 жасар балада аяқ астынан қорқыныш сезімі, мазасыздану, айқын әлсіздік, суық тер пайда болған. Жағдайы ауыр, бозғылт, мойын тамырлары пульсациясы көрінеді. Пульс 180 рет/ минутына. Жүрек тондары қатты, 180 рет/ минутына жиілеген. Жүрек, бауыр өлшемі қалыпты. Ісіну жоқ. Науқастқа тез арада қалай және қандай мақсатпен көмек көрсету керек:

A) Дигоксин беру, жүректің жиырылу қабілетін жақсарту үшін

B) Анаприлин беру, жүрек ырғағын жақсарту үшін

C) Милдронат ішкізу, миокард жиырылуын жақсарту үшін

D) Ашнер сынамасын жүргізу, кезбе нервті қоздыру үшін

E) Рибоксин беру, миокардтағы алмасу процестерін жақсарту үшін

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Детские болезни, том 2, Шабалов Н.П., 2004 г.; Кардиология и ревматология детского возраста, под ред. Самсыгиной Г.А. и проф. Щербаковой М.Ю., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

Нефрология_каз

$$$032

Ұл бала 5 жаста. Бірінші рет ауырған. Бетінде, сирақ пен ұмасында айқын ісіну. Ішін пальпациялау кезінде оң флюктуация белгісі, бауыры қабарға доғасынан 3,5 см шығып орналасқан. Зәр шығаруы сирек, зәр түсі қою сары түсті. Жалпы қан анализінде: Нв- 90 г/л, эритроциттер- 3,2×1012/л, лейкоциттер- 10,2×109/л, ЭТЖ- 55 мм/с. Жалпы зәр анализінде: түсі- қою сары тұсті, салыстырмалы тығыздығы- 1032, белок- 2,35 г/л, эритроциттер- 2-3 к/а, балауызды цилиндрлер- 6-8 к/а. Биохимиялық қан анализі: жалпы белок- 51 г/л, альбуминдер- 42%, мочевина- 8,2 ммоль/л, креатинин- 55,0 мкмоль/л, СРБ +++. Сіздің ем тактикаңыз:

A) Преднизолон 60 мг/м2 /24 сағат парентеральды 4-8апта

B) Преднизолон 40 мг/м2 /24 сағат энтеральды 6-8 апта

C) Преднизолон 60 мг/м2 /48 сағат энтеральды 4-6 апта

D) Преднизолон 40 мг/м2 /48 сағат энтеральды 4-6 апта

E) Преднизолон 60 мг/м2/24 сағат энтеральды 4-6 апта

{Дұрыс жауап}=E

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004г.; Основы нефрологии детского возраста, Возианов А.Ф. и др., 2002г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$033

Науқас 2 жаста. Қарау кезінде: қозғыштық, бұлшық ет гипотониясы, аяқтарының О-тәрізді деформациясы. Биохимиялық қан анализінде: жалпы кальций- 2,25 ммоль/л, фосфор- 0,60 ммоль/л, калий- 3,8 ммоль/л. Биохимиялық зәр анализінде: глюкоза- 5 мг/тәу, фосфаттар- 244 ммоль/тәу, кальций- 1,2 ммоль/тәу, калий- 36 ммоль/тәу, натрий- 65 ммоль/тәу. Рентгенограммада: метафизарлы өсу зонасының зақымдалуымен остеопороз. Сіздің диагнозыңыз:

A) Де Тони – Дебре – Фанкони синдромы

B) Тұқым қуалаушы фосфат-диабет

C) Витамин «Д» - дефицитті рахит

D) Витамин «Д» - тәуелді рахит

E) Бүйректік тубулярлы ацидоз

{Дұрыс жауап}=B

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004г.; Основы нефрологии детского возраста, Возианов А.Ф. и др., 2002г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$034

Науқас 14 жаста. Қабағы мен сирағының ісінуі байқалады. ҚҚ- 165/110 мм.с.б, гипотензивті терапияға дурыс көнбейді. Жалпы зәр анализінде: түсі- сарғыш, салыстырмалы тығыздығы- 1020, белок- 0,65 г/л, эритроциттер- 10-12 к/а. Биохимиялық қан анализінде: жалпы белок- 72 г/л, мочевина- 10 ммоль/л, креатинин- 130,0 мкмоль/л. Кіндіктің оң жақ және сол жағынан мезогастрий аймағында систолалық шу естіледі. Допплерографияда екі жақтанда екі бүйректің қан айналымы төмендеген. Сцинтиграммада изотоптың екі жақ бүйрекке түсуі төмендеген және шығарылуы да төмендеген. Емінде келесі препаратты тағайындауға болмайды:

A) Нифедипин

B) Атенолол

C) Моноприл

D) Дилтиазем

E) Миноксидил

{Дұрыс жауап}=C

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004г.; Основы нефрологии детского возраста, Возианов А.Ф. и др., 2002г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$035

Науқас 5 жаста. Шағымдары дене қызуының 380С дейін жоғарлауы, жүрек айну, ішінің ауруы. Қарау кезінде: әлсіз, тәбетенің жоғалуы, денесінде папулезді-дақты бөртпе, сирағының ісінуі, ҚҚ- 80/50 мм.с.б.. Жалпы қан анализінде: Нв- 102 г/л, эритроциттер- 3,34х1012/л, ТК- 0,92, лейкоциттер- 12,2х109/л, сегменттер- 37%, эозинофилдер- 9%, лимфоциттер- 54%, СОЭ- 36 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы- 1004, глюкоза++, белок- 0,99 г/л, лейкоциттер- 14-16 к/а, эритроциттер- 20-25 к/а, бактериялар+. Уроцитограммада: лимфоцитарлы лейкоциттер- 60%. Осы ауру мен пиелонефритті ажырататын лабораторлы белгіні атаңыз:

A) Энзимурия

B) Зәр тұңбасында нейтрофилдер

C) Анти-Tamm-Horsfall антидене

D) Зәрде β2- микроглобулиндер жоғарлауы

E) Зәр осмолярлығының төмендеуі

{Дұрыс жауап}=B

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004г.; Основы нефрологии детского возраста, Возианов А.Ф. и др., 2002г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$036

Науқас 14 жаста. Қарау барысында: іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, кіші дәретке ауырсынумен жиі отыру. Жалпы қан анализінде: Нв- 126 г/л, эритроциттер- 3,68х1012/л, лейкоциттер- 8,6х109/л, с/я- 84%, лимфоциттер- 16%, ЭТЖ- 15 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде: түсі - сары, мөлдірлігі - лайлы, салыстырмалы тығыздығы - 1027, лейкоциттер – көп мөлшерде, бактериялар +++. УДЗ: қуықтың қабырғасы қалыңдаған, тегіс емес, қуық ішінде гомогенді емес қоспа. Аталған аурумен созылмалы пиелонефритке тән ортақ белігіні табыңыз:

A) Гипостенурия

B) Реттелмейтін лейкоцитурия

C) Антиденелермен қапталған бактериялар

D) Ацидоамонигенездің бұзылуы

E) Нейтрофиллез

{Дұрыс жауап}=E

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004г.; Основы нефрологии детского возраста, Возианов А.Ф. и др., 2002г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

02_01_08_Гематология_каз

$$$037

Дені сау балалардың лейкограммасындағы екінші физиологиялық «қиылысу» қай жаста байқалады:

A) 5 күнде

B) 1,5 аптада

C) 5 аптада

D) 1,5 айында

E) 5 жаста

{Дұрыс жауап}= Е

{Қүрделілігі}=1

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$038

Науқас 8 жаста. Екі апта бұрын фолликулярлы баспамен ауырған, содан кейін тобық буындарында ауырсыну, тізе және табандарында симметриялы петехиальды геморрагиялық бөртпе, ішін пальпациялаған кезде кіндік маңайындағы ауырсыну пайда болды. Қан анализінде: гемоглобин - 105 г/л, эритроциттер - 3,55 х 1012/л, лейкоциттер - 11,2 х 109/л, тромбоциттер - 412 х 109/л, ЭТЖ - 29 мм/сағ, Дьюке бойынша қан ағу ұзақтығы – 2 мин 30 сек. Емдік ұстанымдарды анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер қажет:

A) Қан ұйындысының ретракциясын анықтау

B) Сүйек-милы пункцияны жасау

C) Антистрептолизин-О анықтау                                                      

D) Ли – Уайт сынамасын жасау

E)Буындардың УДЗ жүргізу

{Дұрыс жауап}= D

{Қүрделілігі}=2

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$039

Стационарға жаңа туған нәресте жеткізілді. Қарау кезінде кеудесінде бірен-саран геморрагиялық петехиальды бөртпе бар. Қабылдау бөлімінде қанның кеңейтілген анализі жасалынды және тромбоцитопения анықталды. Баладағы бұл жағдай келесі факторлармен байланысты болуы мүмкін, ТЕК:

A) Анасындағы идиопатиялық тромбоцитопениялық теңбіл

B) Жаңа туған нәрестеде шыбык сүйегінің болмауы

C) Туа пайда болған цитомегаловирусты инфекция

D) Перинатальды аспирациялық синдром

E) Анасының аспиринді қабылдауы

{Дұрыс жауап}= E

{Қүрделілігі}=2

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$040

Науқас 4 жаста. Анамнезінде: тағамдық аллергия. Қараған кезде: бөксе, сан, балтыр және табандарында симметриялы дақты-папуллезді және петихиальды геморрагиялық бөртпелері бар, қолдары және табандарының сыртқы беткейлері ісінген, ішін пальпациялаған кезде кіндік маңайында ауырсыну сезімі байқаладыҚан анализінде: лейкоциттер - 18 х 109/л, тромбоциттер - 528 х 109/л, ЭТЖ - 35 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде: белок – 0,33 г\л, эритроциттер – 3-5-7 к/а. Ли-Уайт сынамасы: 3 мин 15 сек. Нәжісті жасырын қанға тексеру сынамасы: оң. Сіздің клиникалық диагнозыңыз:


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 516; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!