Восстановление жизненно важных функций – симптоматические и патогенетические средства 3 страница



3. Дәрілік заттар емдік дозада жанама әсер көрсетпейді

4. Аллергиялық реаация енгізілген дозаға тәуелсіз дамиды

5. Бастапқы биологиялық әсер шақыратын дәрілік заттың дозасы табалдырықты деп аталады

Тест №17

Ауыз арқылы дәрілік заттарды енгізу артықшылықтары:

1. 100% биожеткіліктілік

2. Дозалау оңай

3. Науқастың кез келген жағдайында барлық заттарды енгізуге болады

4. Әсері тез дамиды

5. Енгізу жолы физиологиялық болып табылады

Тест №18

Бүйректік клиренс тәуелді:

1. Фильтрацияға

2. Секрецияға

3. Экскрецияға

4. Реабсорбцияға

5. Биотрансформацияға

Тест №19

ГӘТ-дан жеңіл өтетін заттар:

1. Полярлы емес

2. Гидрофилді

3. Полярлы

4. Липофилді

5. Үшіншілік

Тест №20

Жетілген ұрыққа дәрілік заттардың әсері (жүктіліктің 12 аптасынан кейін):

  1. Эмбриотоксикалық
  2. Фетотоксикалық
  3. Мутагенді
  4. Тератогенді
  5. Канцерогенді

Тест №21

Препараттың әсерінің күшеюі байланысты болады:

1. Тахифилаксияға

2. Тәуелділікке

3. Бейімделуге

4. Кумуляцияға

5. Биотрансформацияға

Тест №22

Сәйкестікті анықта:

Фармакокинетика ерекшеліктері:

А- жалпы клиренс

Б- элиминация коэффициенті

В- жартылай шығарылу кезеңі

Г- биожеткіліктілік

Д- жүйеалды элиминациясы

Анықтамасы:

1. Дәрілік заттың окнцентрациясы жартысына дейін төмендейтін (немесе шығарылатын) уақыт

2. Ағзадағы дәрілік заттың тәулік бойына шығарылатын %-бен берілген препараттың мөлшері 

3. Уақыт бірлігінде дәрілік заттан толық тазаратын қан сарысуының жалпы көлемі

4. Белсенді түрде қанға түсетін енгізілген дәрілік заттың бөлігі (немесе қан сарысуында болатын көлемі)

5. Дәрілік заттың оның үлкен қанайналым артерияларына түскенге дейін шығарылуы

Тест №23

Дәрілік заттың оның концентрация градиентіне тәуелсіз тасымалдану түрі:

1. Белсенді транспорт

2. Пассивті диффузия

3. Жеңілдетілген диффузия

4. Пиноцитоз

5. Абсорбция

Тест №24

«Емдік индекс» - бұл:

1. Минималды емдік және минималды уытты дозалары арасындағы аралық

2. Орташа емдік және орташа тиімді дозалары арасындағы аралық

3. Орташа емдік және орташа тиімді дозалары арасындағы аралық

4. Жоғарғы бір реттік және жоғарғы тәуліктік дозалары арасындағы қатынас

5. Препараттарды қабылдау арасындағы уақытпен берілген аралық

Тест №25

Жартылай агонисттер:

1. Аффинитетке ие

2. Ішкі белсенділігі бар

3. Ішкі белсенділігі жоқ

4. Антагонисттік қасиетке ие

5. Агонисттердің әсер етуіне кедергі жасайды                                              

Тест №26

Қандай да бір затты қайталап енгізуге деген құштарлық тән:

1. Сенсибилизацияға

2. Тахифилаксияға

3. Дәрілік тәуелділікке

4. Бейімделуге

5. Сенсибилизацияға

Тест №27

Дұрыс тұжырымды таңда:

6. Липофилді заттар капилляр қабырғасы арқылы жеңіл өтеді

7. Гидрофилді заттар капилляр қабырғасы арқылы жеңіл өтеді

8. Полярлы заттар жасуша мембранасы арқылы жеңіл өтеді

9. Липофилді заттар ми тініне өтеді

10. Полярлы емес қосылыстар плаценталық тосқауыл арқылы өтеді

Тест №28

Ішкі белсенділік –бұл:

1. Онымен кешен түзуге алып келетін дәрілік заттың рецептормен туыстастығы

2. Рецептор макромолекуласының әртүрлі аймағымен екі агонисттің байланысуы

3. Затқа сезімталдылықтың артуы

4. Рецептормен байланысқан кездегі заттың сол немесе басқа әсерді шақыру мүмкіндігі                     

5. рецепторға сезімталдылықтың төмендеуі

Тест №29

Дәрілік заттар фармакодинамикасына жатады:

1. Қандағы дәрілік заттың тасымалдануы

2. Бауырда дәрілік заттың биотрансформациясы

3. Біріншілік фармакологиялық реакция

4. Жүйеалды элиминация

5. Пассивті диффузия

Тест №30

Дәрілік затты енгізу жолына тәуелді:

1. Әсерінің пайда болу жылдамдығы

2. Препараттың уыттығы мен әсерінің күші

3. Әсерінің ұзақтығы

4. Әсерінің сипаты

5. Кумуляция жылдамдығы

Тест №31

Бүйректегі қандай үрдістің өзгерісі аздаған дәрежеде дәрінің экскрециясына әсер етеді:

1. Фильтрация

2. Секреция

3. Бүйректік қанайналымның күшеюі

4. Реабсорбция

5. Диссоциация дәрежесіне

Тест №32

Сәйкестікті анықта:

Препараттарды жұптастырып қолданғанда олардың өзара әсерлесуі:

А - фармакодинамикалық 

Б - фармакокинетикалық 

Түсінік:

1. Фенобарбитал бауырдағы микросомалды ферменттерді индуцирлей отырып,  неодикумариндің әсерін әлсіретеді

2. Фуросемид экскрециясына қатыса отырып, көптеген дәрілік заттардың әсерін төмендетеді және қысқартады

3. Барбитал + дазепам комбинациясының жалпы фармакологиялық әсері осы екеуінің әсерінің қосындысынан артық

3. Прозазин қантамырларының альфа-адренорецепторларын тежей отырып, қантамырлары қабырғасындағы альфа-адренорецепторларды ынталандырып, қантамырларын тарылтатын адреналиннің әсерін төмендетеді

4. Хлорсутегі мен аскорбин қышқылы асқазан ішек жолынан темірдің сіңірілуіне мүмкіндік береді

Тест №33

Бауырдың микросомалды ферменттерінің препараттармен индукциясы алып келеді:

Бейімделудің дамуына

Әсерінің күшеюіне

Әсерінің әлсіреуіне

Эндогенді заттардың бұзылуына

Сенсибилизацияға

Тест №34

Аурудың дамуын ескертетін фармакотерапия:

1. Патогенетикалық

2. Симптоматикалық

3. Орынбасушы

4. Этиологиялық

5. Профилактикалық

Тест №35

Дәрілік затты анықта: пассивті диффузия жолымен гематоэнцефалдық, плацентарлық тосқауылдан жеңіл өтеді. Бүйрек өзекшелерінде қайта реабсорбциялнады. Бауырда биотранформаияға ұшырайдыжәне ағзадан метаболит түрнде шығарылады:

1. Ионданған

2. Гидрофилді

3. Липофилді

4. Төртіншілік

5. Майда ерімейтін

Тест №36

Екі агонисттің рецептор макрмолекуласының әртүрлі аймақтарымен байланысуы - бұл:

1. Ішкі белсенділік

2. Аффинитет

3. Аллостерикалық өзара әсерлесу

4. Сенсибилизация

5. Идиосинкразия

                                                               Тест №37

Дәріік зат жанама әсер көрсетеді:

1. Уытты доза

2. Өлім шақыратын дозада

3. Леталді дозада

4. Емдік дозада

5. Жоғары уытты дозада

Тест №38

Фармакологиялық өзара әсерлесу негізделген:

1. Дәрілік зат фармакокинетикасының өзгерісіне

2. Дәрілік зат фамакодинамикасының өзгерісіне

3. Еріткіште дәрілік заттың еткіліксіздігінде немесе толық ерімеуіне

4. Ағза ортасында дәілік заттың химиялық және физика-химиялық өзара әсерлесуіне

5. Олардың гигроскопиялылығына байланысты ұнтақтарды еріту мен шикізаттандыруға

Тест №39

Қарт және егде жасқа тән:

1. Дәрілік зат сіңірілуінің әлсіреуі

2. Дәрілік зат метаболизмінің күшеюі

3. Дәрілік зат метаболизмінің әлсіреуі

4. Бүйрек арқылы дәрілік зат экскрециясының күшеюі

5. Бүйрек арқылы дәрілік зат экскурециясының баяулауы

Тест № 40.

Препаратты ингаляциялық енгізу жолының кемшіліктрі:

1. Әсері тез жойылады

2. Биожеткіліктілігі төмен

3. Дозлау қиын

4. Тек газдар, ұшқыш заттар, арозолдер енгізіледі

5. Әсері таңдамалы емес

Ескерту: дұрыс жауаптар эталны оқытушыларда.

 

№ 5 сабақ

7. Афферентті иннервацияға әеср ететін заттар (жергілікті анестетиктер, қармаушы, қаптаушы, сорып алушы және тітіркендіруші заттар).

8. Мақсаты: әртүрлі патологиялық жағдайларда препаратты тиімді таңдау үшін жергілікті анестетиктердің, қармаушы, қаптаушы, сорып алушы және тітіркендіруші заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.

9. Оқытудың мақсаты:

Жергілікті анестетиктердің, қармаушы, қаптаушы сорып алушы және тітіркендіруші заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарын оқыту.

Қандай да бір патологиялық жағдайларда қажетті препаратты таңдап білуді үйрету.

Жергілікті анестетиктердің, қармаушы, қаптаушы және сорып алушы заттардың негізгі қолдануға көрсетілулерін, жанама әсерлерін және қолдануға қарсы көрсетілулерін оқыту.

Берілген топтардың негізгі препараттарына рецепт жазуды үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жергілікті анестетиктердің жіктелуі, әсер ету механизмі, негізгі препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

2. Жергілікті анестетиктердің қолданылуы, негізгі жанама әсерлері.

3. Қармаушы, қаптаушы және сорып алушы заттардың жіктелуі, әсер ету механизмі.

4. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

5. Қармаушы, қаптаушы және сорып алушы заттардың жанама әсерлері.

6. Қолдануға көрсетулері.

5.Оқытудың түрлері: ауызша сұрау, жетекші оқулық бойынша жағдайлық есептерді шығару және тапсырмаларды орындау, кестелерді, сызбаларды, суреттерді талдау.

6. Әдебиет:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2004.- 608б

2. Харкевич Д.А. Фармакология. – М.: ГЭОТАР-Мед, 2005. Б. 189-208, 513-523.

3. Харкевич Д.А. Фармакология. – М.: ГЭОТАР-Мед, 2002.

4. Руководство к лабораторным занятиям /Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005. Б. 129-136, 331-333.

5. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. – М.: Новая волна, 2007. т 1. – Б.

6. Фармакология /под ред. Р.Н. Аляутдина 2-е изд., исправл. М.: ГЭОТАР-Мед, 2004. Б. 192-206.

7. Оқу құралы.

 

Рецепт жазатын препараттар: инфильтрациялық анестезияға арналған новокаин ертіндісі, инфильтрациялық және өткізгіштік анестезияға арналған лидокаин ертіндісі, танин (ауызды шаюға арналған ертінді), анестезин.

6. Бақылау (сұрақтар, тесттер, тапсырмалар т.б.)

1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

2. Жергілікті анестетиктер, қармаушы, қаптаушы, сорып алушы және тітіркендіруші заттардың негізгі препараттарына рецепт жазу және талдау жасау. Талдауда препараттың тобын, негізгі фармакологиялық әсерлерін, қолданылуын және жанама әсерлерін көрсету.

3. Тесттік тапсырмаларды орындау.

Тесттік тапсырмалар

Тест №1. Сульфаниламидтiк препараттың бактерияға қарсы белсендiлiгiн төмендететiн анестетик:

Новокаин

2. тримекаин   

3. лидокаин

4. анестезин        

5. маркаин.

Тест №2.

Молекуласы амидпен ауыстырылған жергiлiктi анестетиктердiң күрделi эфирлерден айырмашылығы:

1. қанның, бауырдың, тiн сұйықтарының эстеразаларымен ыдырамайды

2. ұзақтау әсер етедi

3. кумуляцияға қабiлеттi

4. уыттылығы басым                                                                                 

5. орын басылған амидтер қан эстеразаларымен ыдырайды

Тест №3. Қаптаушы заттардың негiзгi қолданылуы:

1. АIЖ-ның қабыну үрдiстерiнде

2. бас ауырғанда

3. қуыстарды жуу үшiн

4. тiтiркендiргiш заттармен қосып

5. уланғанда токсиндердiң антагонисi ретiнде

Тест №4. Сәйкестендiру

Препараттар:

1.новокаин 

2. дикаин

3. кокаин  

Олардың шақыратын жанама әсерлері:

1. Көздің қасаң қабығының тітіркенуі

2. Аллергиялық реакциялар, сульфаниламидті препараттардың микробқа қарсы әсерінің төмендеуі, ОЖЖ тежелуі

3. Эйфория, психомоторлық қозу, галлюцинация 

1……., 2……., 3…….

Тест №5.

Препаратты анықтау: сорып алушы беті үлкен инертті ұнтақ метеоризмде, улануларда уды сорып алу үшін қолданылады:

1. анестезин

2. белсендірілген көмір

3. танин

4. висмуттың негізгі нитраты

5. ақ саз

Тест №6.

Беткейлiк анестезияда қолданылатын заттар:

1. дикаин

2. кокаин

3. новокаин

4. анестезин

5. тримекаин

Тест №7.

Ағзаға жалпы әсерi үшiн көк тамырға енгiзiлетiн препарат:

1. дикаин

2. анестезин

3. пиромекаин

4. лидокаин

5. кокаин

Тест №8.

Сорып алушы зат:

1. белсендірілген көмір

2. танин

3. ментол

4. еменнің қабығы

5. тальк

Тальк

Тест №9 .

Қармаушы зат

1. пиромекаин

2. бупивокаин

3. белсендірілген көмір

4. танин

Тест №10.

Толықтыру

Белсендірілген көмір жатада____ және қолданылады_____________

А. улануда

Б. біріншілік хирургиялық өңдеуде

В. операцияда

Г. гипертонияда

Ескерту: Тесттік тапсырмалардың  жауаптары оқытушыда.

№ 6 сабақ

1. Тақырыбы: «Эфферентті иннервацияға әсер ететін заттар: холиномиметиктер және холиноблокаторлар».

2. Сабақтың мақсаты: белгілі патологиялық жағдайларда препараттар таңдауын қамтамасыз ету үшін, соның ішінде стоматология практикасында да, холинергиялық заттардың фармакокинетика және фармакодинамикасының жалпы заңдылықтар білімін қалыптастыру, рецепт жазуды білу.

3. Оқыту міндеттері:

1. Холинергиялық заттардың жіктелуімен танысу

2. Холинергиялық заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдалықтарын оқу.

3. Клиникалық практикада соның ішінде стоматолог-дәрігердің тәжірибесінде холинергиялық заттардың қолдануға көрсеткіштерін оқып білу.

4. Холинергиялық заттардың рецептте жазылуын, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерді санауды үйрену, соның ішінде стоматологияда.

5. Препараттың жеке ерекшеліктерін және қасиеттерін ескере отырып, холинергиялық заттардың енгізу жолдарын, мөлшерлеу режимінің принциптерін оқып білу.

6. Холинергиялық заттардың комбинирлеу мүмкіншіліктерін оқып білу.

7. Жанама әсерлерін және оларды алдын алуды білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. М- және Н- холинергиялық заттардың жіктелуі, әсер ету мехаизмі, негізгі препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

2. Холинергиялық заттардың қолданылуы және қолдануға қарсы көрсеткіштері, негізгі жанама әсерлері.

3. М-холинергиялық заттардың жіктелуі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.


Дата добавления: 2021-04-23; просмотров: 108; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!