Восстановление жизненно важных функций – симптоматические и патогенетические средства 5 страница



Рецепт жазуға арналған препараттар: прозерин, пилокарпин гидрохлориді, атропин сульфаты, платифиллин гидротартраты, цититон, метацин, скополамин гидробромиді, бензогексоний, адреналин гидрохлориді, мезатон, изадрин, эфедрин гидрохлориді, пропранолол, резерпин, инфильтрациялық анестезия үшін новокаин ерітіндісі, дикаин, инфильтрациялық және өткізгіштік анестезия үшін лидокаин ерітіндісі, танин (ауыз қуысын шаю үшін арналған ерітінді), анестезин

7. Бақылау

1.Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

2.ШЖЖ-не әсер ететін негізгі препараттарды рецептте жазу және талдау жасау. Талдауда тобын, негізгі фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсеткіштерін, жанама әсерлерін жазу. Бір реттік мөлшерін есептеу.

3.Тесттік түрде тапсырмаларды орындау.

Тесттік тапсырмалар

Тест № 1.

Холинэстеразаға қарсы заттар қолданылады:

1.Бронх демікпесінде

2.Атриовентрикулярлы бөгемеде

3.Брадикардияларда

4.Асқазанның және 12 елі ішектің ойық жара ауруында

5.Глаукомада

Тест №2

М-холиноблокаторлардың жанама әсерлері:

1.Гиперсаливация

2.Брадикардия

3.Миоз

4.Обстипация

5.Диарея

Тест №3

Толықтырыңыз

Ацеклидин __________________жатады және  _____________________қолданылады

Тест №4

Ганглиоблокаторлардың қолдануға қарсы көрсеткіштері:

1.Жоғарлаған артериялық қысымның фонында өкпе ісінуі

2.Тамырлық коллапс

3.Эндоартериит кезіндегі тамырлардың спастикалық жиырылуы

4.Гипертониялық кризах

5.Рейно ауруы

Тест №5

Әсері қысқа кураретәрізді заттар:

1.Тубокурарин

2.Пипекуроний

3.Дитилин

4.Бензогексоний

5.Гигроний   

Тест №6.

М- және Н-холиномиметиктер:

1.Платифиллин

2.Карбахолин

3.Ацеклидин

4.Циклодол

5.Пилокарпин

Тест №7

Препаратты анықтау: көлденең-жолақты бұлшықеттерді босаңсыту үшін қолданылады. Жүйке-бұлшықеттік берілуді тежейді, апноэні тез шақырады, әсер ету ұзақтығы 20-40 минут. Жанама әсерлері: артериялық қысымның төмендеуі, бронхоспазм. Антагонисті холинэстеразаға қарсы заттар болып табылады.

1.Мелликтин

2.Тубокурарин

3.Дитилин

4.Диоксоний

5.Бензогексоний

Тест №8

Вегетативті ганглийлердің Н-холинорецепторларын талғамды тежейтін зат:

1.Бензогексоний

2.Ацеклидин

3.Цититон

4.Пилокарпин

5.Лобелин

Тест №9

Толықтырыңыз

Прозерин __________________жатады және _____________________қолданылады.

 

Тест №10

Заттың тобын анықтау: глаукомада, полиомиелиттен кейінгі қалдық неврологиялық бұзылыстарда, миастенияда, ішектің және қуықтың атониясында және деполяризацияға қарсы миорелаксанттардың антагонисті ретінде қолданылады.

1.М-холиномиметиктер

2.Н-холиномиметиктер

3.М-холиноблокаторлар

4.Холинэстеразаға қарсы заттар

5.М, Н-холиномиметиктер

Тест №11

Альфа-адренорецепторларды ынталандыратын заттар:

1.Норадреналин, мезатон

2.Изадрин, галазолин

3.Мезатон, нафтизин

4.Нафтизин, сальбутамол

5.Галазолин, адреналин

Тест №12

Селективті емес бета-адреноблокатор:

1.Метапролол

2.Пропранолол

3.Лабеталол

4.Талинолол

5.атенолол

Тест №13

Стенокардия кезінде пропранолол:

1.Тәждік артерияларды кеңейтеді 

2.Жүректің жұмысын күшейтеді

3.Миокардтың оттегіге қажеттілігін арттырады

4.Миокардта метаболизмді жоғарлатады

5.Миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендетеді

 

Тест №14

Адреналинді жергілікті анестетиктермен бірге тағайындайды:

1.Аллергиялық реакцияларды алдын алу үшін

2.Жергілікті анестетиктердің әсерін ұзарту үшін

3.Жергілікті анестетиктердің әсерін күшейту үшін

4.Қан қысымын жоғарлату үшін

5.Жүректің жұмысын жоғарлату үшін

Тест №15

Анестезиннің қолдануға қарсы көрсеткіштері:

1.Қышымамен жүретін терілік аурулар

2.Ауру сезімді жарақаттық және жаралы беттер

3.Тік ішектің сызаттары

4.Хирургиялық операциялар

5.Асқазанның ойық жара ауруы

Тест №16

Препаратты анықтау: ПАБҚ туындысының тобына жатады, нашар еритіндіктен жағылма, суппозитория, паста түрінде терминалды анестезия үшін қолданылады, асқазанда ауру сезімі болғанда және құсу кезінде ішке ұнтақ, таблетка түрінде тағайындалады.

1.Танин                   

2.Новокаин                  

3.Анестезин

4.Лидокаин             

5.Дикаин

Тест №17

Сульфаниламидтік препараттардың антибактериалды белсенділігін төмендететін анестетик:

1.Новокаин     

2.Тримекаин   

3.Лидокаин

4.Пиромикаин        

5.Маркаин.

Тест №18

Жергілікті анестетиктердің әсерін күшейтетін және ұзартатын фактор:

1. Қышқыл орта

2. Бейтарапты орта

3. Тамыр тарылтқыш заттар

4. Анестетиктерді қолданған жерде қабынудың болуы

5. Парааминобензой қышқылының болуы

Тест №19

Затты анықтау: тамырларды тарылтады, артериялық қысымды жоғарлатады. Бронх бұлшықеттерінің тонусына әсер етпейді. Альфа-адреноблокаторлармен прессорлық әсері «бұрмаланбайды». Гипотензия, коллапс кезінде қолданылады:

1.Адреналин

2.Фенотерол

3.Галазолин

4.Мезатон

5.Нафтизин

Тест №20

Сорып алушы заттар:

1.Белсендірілген көмір, тальк

2.Висмуттың негізгі нитраты, магний трисиликаты

3.Ментол, қыша қағазы, аммиак ерітіндісі

4.Танин, емен қабығының қайнатпасы

5.Крахмал шырышы

Тест №21

Сорып алушы заттардың әсер ету механизмі:

1.Рецепторлық түзілістерді тежеу

2.Шырышты қабаттың беткей қабатының белоктарының коагуляциясы

3.Шырышты қабаттарда қорғаныс қабатының түзілуі

4.Жүйке ұштарының талғамды қозуы

5.Химиялық қосылыстарды сорып алу, ол сезімтел жүйке ұштарын қорғайды

Тест №22

Атропинді қолдануға қарсы көрсеткіштері:

1.Сілекей бездерінің гиперсекрециясы

2.Гиперацидті гастрит

3.Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы

4.Ішектің атониясы

5.Бронхоспазм

Тест №23

Басқармалы гипотензияда қолданылады:

1.Гигроний

2.Дитилин

3.Празозин

4.Тубокурарин

5.Атропин

Тест №24

Көз түбін зерттеу үшін, ішектік, бүйректік және бауырлық шаншулар, бронх демікпесінде, асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасында, гиперсаливация және премедикаиця үшін қолданылады:

1.Сальбутамол

2.Атропин

3.Ипратропиум бромиді

4.Пирензепин

5.Изадрин

Тест №25

Ұзақ уақыт әсер ететін анестетик:

1.Лидокаин

2.Дикаин

3.Бупивакаин

4.Тримекаин

5.Новокаин

Тест №26

Тек беткей анестезияда қолданылатын анестетиктер:

1. Анестезин, тримекаин

2. Лидокаин, новокаин

3. Тримекаин, кокаин

4. Дикаин, анестезин

Новокаин, анестезин

Тест №27

Дикаинді инфильтрациялық және өткізгіштік анестезия үшін қолданылмайды, себебі:

1.Тітіркендіргіш әсері бар

2.Нашар ериді

3.Улылығы жоғары

4.Анестезиялаушы белсенділігі төмен

5.Тез бұзылады

Тест №28

Сульфаниламидтік препараттармен бірге тағайындауға болатын жергілікті анестетиктер:

1. Новокаин, тримекаин

2. Лидокаин, тримекаин

3. Тримекаин, новокин

4. Дикаин, бупивакаин

5. Анестезин, новокаин

Тест №29

Препаратты анықтау: тікелей емес адреномиметик. Жүрек жұмысын ынталандырады, артериялық қысымды жоғарлатады, бронхолитикалық әсер шақырады, ішек перистальтикасын тежейді, қарашықты кеңейтеді, гипергликемия шақырады. Бронх демікпесінде, гипотензияда қолданылады:

1.Адреналин

2.Резерпин

3.Прозерин

4.Эфедрин

5.Пропранолол

Тест №30

Пропранололдың қарсы көрсеткіштері:

1. Қан қысымының жоғарлауы

2. ОЖЖ қозуы

3. Бронхоспастикалық жағдай

4. Тахикардия

5. Бүйректік гипертония

Тест №31

Бета2 -адреномиметиктерді қолдануға көрсеткіштер:

1.Артериалды гипотензия

2.Артериалды гипертензия

3.Жүректік тахиаритмиялар

4.Ашық бұрышты глаукома

5.Бронх демікпесі

Тест №32

Холинэстеразаға қарсы заттарды қолдануға көрсеткіштер:

1.Қарашықтың тарылуы, брадикардия

2.Бронх демікпесі, артериялық қысымның жоғарлауы

3.Ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшықеттерінің тонусының жоғарлауы, бауырлық және бүйректік шаншу, тырысулық синдром

4.Асқазанның және 12 елі ішектің ойық жара ауруы, гиперацидті гастрит, бронх бездерінің секрециясының жоғарлауы, гиперсаливация

5.Қаңқалық бұлшықеттерінің тонусының төмендеуі, параличтер, парездер, ішек және қуықтың атониясы, глаукома

Тест №33

Бета-2-адренорецепторлар ынталанған кезде байқалады:

1. Жүректің жұмысы күшейеді

2. Артериолалардың тарылуы

3. Бронхтардың кеңеюі

4. Гликогенолиздің төмендеуі

5.Инсулиннің секрециясы төмендейді

Тест №34

Дитилиннің әсер ету механизмі:

1. Қозғалтқыш жүйке ұштарында ацетилхолиннің синтезінің бұзылуы

2. Постсинапстық мембрананың гиперполяризациясы

3. Постсинапстық мембрананың тұрақты деполяризациясы

4. Постсинапстық мембрананың тұрақтануы

5. Ацетилхолиннің гидролиз жылдамдығының жоғарлауы

Тест №35.

Н-холиномиметиктердің әсер ету механизмі:

1.М және Н-холинорецепторлардың ынталануы

2.М-холинорецепторлардың тежелуі

3.Ацетилхолинэстеразаның тежелуі

4.Н-холинорецепторлардың ынталануы

5.М және Н-холинорецепторлардың тежелуі

Тест №36

Сәйкестікті табыңыз

Тобы:

Н-холиномиметиктер

Ганглиоблокаторлар

Препараттар:

А) лобелин  

Б) пирилен

В) бензогексоний

Г) цититон

Д) гигроний

Е) пентамин  

 

1……., 2……., 3…….

Тест № 37.

«Табекс» және «Лобесил» қолданылады:

1.Антигипотензивті заттар ретінде

2.Шылым шегуді тастау кезінде

3.Деполяризацияға қарсы миорелаксанттардың антагонисті ретінде

4.Тыныс алу орталығын ынталандыратын заттар ретінде

5.Антигипертензивті заттар ретінде

Тест №38.

Затты анықтау: Алколоид, үшіншілік аминдерге жатады. Каротидті шумақтардың, симпатикалық ганглийлердің, бүйрек үсті безінің милы қабатының Н-холинорецепторларын ынталандырады, тыныс алу орталығын рефлекторно қоздырады.

1.Цититон

2.Гигроний

3.Пентамин

4.Лобелин

5.Бензогексоний     

Тест № 39.

 Ганглиоблокаторлардың гипотензивті әсерінің механизмі байланысты:

1.Симпатикалық ганглийлердің тежелуімен

2.Парасимпатикалық ганглийлердің тежелуімен

3.Қан тамырлардың адренорецепторларын тежеумен

4.Тамыр қозғалтқыш орталықтың тежелуімен

5.М-холинорецецепторлардың қозуымен

Тест № 40

Симпатолитиктер:

1.Қан қысымын жоғарлатады

2.Қан қысымын төмендетеді

3.Постсинапстық рецепторларға әсер етеді

4.Альфа-адренорецепторларды тежейді

5.Бета-адренорецепторларды тежейді

Ескерту: Тесттік тапсырмалардың жауаптары оқытушыда.

№9 сабақ

1.Тақырыбы: Наркоздық заттар. Этил спирті. Ұйықтатқыш заттар.

2. Мақсаты: Стоматологиядағы кейбір патологиялық жағыдайларда препараттарды тиімді таңдау үшін наркозға арналған заттардың, этил спиртінің, ұйықтатқыш заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтарына арналған білімдерін біріктіру, оларға рецепт жаза білу.

3. Оқыту міндеттері:

1. Наркозға арналған, ұйықтатқыш заттардың, этил спиртінің жіктелуімен танысу

2. Наркозға арналған заттардың, этил спиртінің, ұйықтатқыш заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтарын оқыту. 

3. Клиникалық практикада наркозға арналған заттарды, этил спиртін, ұйықтатқыш заттарды қолдануға болатын негізгі көрсетулерді оқу, соның ішінде, врач –стоматологтың практикасында.

4. Негізгі ұйықтатқыш заттарды, этил спиртін рецептте жазуға үйрену, соның ішінде стоматологияда қолданатын, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерін есептеу.

5. Ағзаның жеке дара ерекшеліктерін, аурудың сипатын және препараттың қасиеттерін ескере отырып аталған заттардың енгізу жолдарын, мөлшерлеу тәртібін және принциптерін меңгеру, соның ішінде стоматологияда.

6. Наркозға арналған заттарды, этил спиртін, ұйықтатқыш заттарды жұптастыру мүмкіндіктері, жағымсыз жанама әсерлерін оқу және олардың алдын алу.

 

4 Тақырыпың негізгі сұақтары:

1.ОЖЖ медиаторлары –модуляторлары

2.Наркозға арналған заттардың жіктелуі. Мүмкін болатын әсер ету механизмі

3.Наркоз жағыдайының жалпы сипаттамасы. Наркотикалық әсердің кеңдігі туралы түсінік

4. Эфирлік наркоздың сипаттамасы.

5. Ингаляциялық наркоз үшін кеңінен қолданатын заттардың әсер ету бағасының салыстырмалы сипаттамасы.

6. Ингаляциялық емес наркоз үшін қолдантын заттар, олардың әсер ету ерекшеліктері. Кеңінен қолданатын заттардың салыстырмалы сипаттамасы.

7. Ингаляциялық жән ингаляциялық емес наркозға арналған заттарды қолдануға көрсетулер, асқынулар, стоматологияда қолдану мүмкіндіктері

8. Этил спиртінің жергілікті және резорбтивті әсерлері, жедел улану, көмек көлемі, созылмалы алкоголизмді емдеу

9. Ұйықтатқыш заттардың жіктелуі, әсер ету механизмі, фармакологиялық әсерлері

10. Барбитураттардың және бензодиазепин туындыларының салыстырмалы сипаттамасы

11. Ұйықтатқыш заттарды қолдануға көсетулер және қарсы көрсетулер, жедел улану, көмек көлемі. Дәріге тәуелділік даму мүмкіндігі.

5. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтарын ауызша сұрау, жағыдайлық есептерді шешу, тесттік тапсырмаларды орындау, аз топтармен жұмыс істеу, кестелерді, суреттерді, сызбаларды сараптау, қорытындылау, рецепт жазып оны фармокологиялық талдау, бір реттік мөлшерін есептеу.

6. Әдебиеттер

Негізгі:

1.Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2004.- 608б

2.Харкевич Д.А. Фармакология. Сезгізінші басылым –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. – С. 166-179,182-192.


Дата добавления: 2021-04-23; просмотров: 95; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!