Восстановление жизненно важных функций – симптоматические и патогенетические средства 1 страница



4. Иллюстрациялық материал: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрада алады)

5.Әдебиеттер

 Негізгі :

1. Харкевич Д.А. Фармакология оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. -608 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. 9 басылым, қайта қаралған және толықтырылғын. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006 - 736 б.

3. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. Б. 396-400.

4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004. Б. 552-558.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. – 1206 б.

2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1608 б.

3. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Учеб. / Под ред. В.Г.Кукеса, А.К.Стародубцева. – 2-е изд., испр. М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 640 б.

4. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 б.

5. Лужников Е.А., Костомарова Л.Г. Острые отравления: Руководство для врачей. 2-е изд., переработанное и дополненное. –М.: Медицина, 2000. – 434 б.

6. Бақылау сұрақтар ( кері байланыс)

1.Дәрілік заттармен жедел улануды емдеудің негізі принциптерін атау. 

2. Детоксикация әдістері.

3. Фармакологиялық антидоттардың түрлері.

 

 


 

 

МАМАНДЫҒЫ: « СТОМАТОЛОГИЯ»

ФАРМАКОЛОГИ Я  КАФЕДРА СЫ

КУРС: 3

ПРАКТИ КАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН  ӘДІСТЕМЕЛІК

НҰСҚАУЛАР

ПӘН:

ФАРМАКОЛОГИЯ

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР:

Кафедр а оқытушылары

Жыл

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілді ____ маусым 2012 ж., №__ хаттама

 

Кафедра меңгерушісі, профессор                                      Г.М.Пичхадзе

 


№1 Сабақ

1. Тақырыбы: «Жалпы рецептура. Қатты дәрілік қалыптар. Жұмсақ дәрілік қалыптар».

2. Мақсаты: Фармакология пәнінің анықтамасымен студенттерді таныстыру. Стоматологиялық практикада қатты, жұмсақ дәрілік заттарға рецептуралық жазба құрастыру және рәсімдеудің жалпы принциптерін үйрету.

3. Оқыту міндеттері:

1. Рецептуралық жазба құрастыру мен рецепт жазу жалпы принциптерін үйрету, әртүрлі дәрілік қалыптарға қалыптарға рецепт жазу, дәрілік заттардың дозасы мен концентрациясын есептеу;

2. Стоматологиялық практикада дәрілік заттарды қолдану әдістері мен дәрілік қалыптарды таңдауға үйрену.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Фармакология пәнінің анықтамасы, басқа медициналық-биологиялық ғылымдар арасында алатын орны.

2. Фармакологияның даму тарихы. Фармакология дамуының жетістіктері мен болашағы.

3. Мемлекеттік фармакопея, оның құрамы және тағайындау.

4. Фармакологиялық комитет,  оны тағайындау және қызметі.

5. Дәріхана, оның құрылымы, тағайындау, дәрілік заттарды сақтау.

6. Дәріханалық мекемелерден дәрілік заттарды жіберу және сақтауды регламенттейтін құжаттар.

7. Дәрігердің рецептінсіз жіберуге рұқсат етілген дәрілік заттар, медициналық тағайындау құралдары.

8. Рецепт және оның құрылымы, белгілеу, қысқартулар. Рецепт құрастырудың негізгі ережелері.

9. Рецептуралық бланктердің түрлері.

10. Улы, күшті әсер ететін наркотикалық және мастандыратын әсері бар заттар мен препараттарға рецепт жазу ерекшеліктері.

11. Дәрілік қалыптар және олардың жіктелуі.

12. Қатты дәрілік қалыптар: ұнтақ, таблетка, драже, капсула. Рецепт жазу ережелері.

13. жұмсақ дәрілік қалыптар: жағылма, паста. Стоматологияда пасталарға рецепт жазу ерекшеліктері.

5. Оқыту және сабақ беру әдістері: тақыртыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, рецепт жазу, бір реттік дозасын есептеу.

6. Әдебиет

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание десятое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. – 245-252 бб.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2005. – 241-247 бб.

1. Крылов Ю.Ф., Бобырев В.М. Фармакология: Учебник для студентов стоматологического факультета. –М., 1999.

2.  Руководство к лабораторным занятиям / Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, С. 2005. 156 -159, 162 бб.                               

Қосымша:

1. ҚР ДСМ бұйрығы № 38 03 ақпан 2005 ж.

2. ҚР ДСМ бұйрығы № 173 07 сәуір 2005 ж.

3. ҚР фармакопеясы 2007 жыл

1. Бақылау

7. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

8. Рецепт жазу.

9. Дозаларын есептеу.

Рецепт жазу:

1. 5,0 натрий гидрокорбонаты (Natrii hydrocarbonas) ұнтағын молочница кезінде шпательмен тіл ұшына себу.

2. 10,0 жағылма, құрамында 20% сульфацил ерітіндісі /Sulfacilum solubile/ бар. Көзге арналған жағылма.

3. Паста, құрамында натрий гидрокарбонаты /Natrii hydrocarbon as/ 2,0 бар және глицерин /Glycerinum/ қанша қажет болса. Сыртқа қолдану үшін.

4. 30,0 жағылма, құрамында әр граммында 100 000 ӘБ нистатин  /Nystatinum/ бар. Терінің зақымданған аймақтарына жағу үшін.

5. 25,0 бор /Borax/. 1 шай қасықтан 1 стақан суға шаю үшін.

6.  20 таблетка кальций глюконаты (Calcii gluconas). 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет.

7.  50 драже «Гексавит» (Hexavitum). 1 дражеден тәулігіне 1 рет.

8.  60,0 гранула амидопирин (Amidopyrinum). 1 шай қасықтан, алдын ала суда еріту керек.

9. 10 ұнтақ левомецитин  (Laevomycetinum) 0,2-ден. 1 ұнтақтан тәулігіне 3 рет.

10.  20 таблетка триоксазин /Trioxasinum/ 0,3-тен. Бір таблеткадан тәулігіне 2 рет.

№ 2 Сабақ

1. Т ақырыбы: « Жалпы рецептура. Жұмсақ дәрілік қалыптар. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптар».

2. Мақсаты: жұмсақ дәрілік заттарға рецепт жазу және рәсімдеудің жалпы принциптеріне, инъекцияға арналған дәрілік қалыптар және дозаларын есептеуге үйрету.

3. Оқыту міндеттері:

1. Жұмсақ дәрілік қалыптарға және инъекцияға арналған дәрілік қалыптарға рецепт жазуды меңгеру.

2. Дозаларын есептеу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ерітінділер, жалпы сипаттамасы. Еріткіштер. Сыртқа және ішке қолдануға арналған ерітінділер. Ішке қолдануға арналған ерітінділерді дозалау, дозаларын есептеу. Официналды ерітінділер. Рецепт жазу ережелері.

2. Тұндырмалар мен қайнатпалар, жалпы сипаттамасы. Рецепт жазу ережелері, дозалау.

3. Тұнбалар және сығындылар, дауындау ерекшеліктері, тұндырмалардан айырмашылығы, дозалау, рецепт жазу ережелері.

4. Эмульсиялар мен суспензиялар, жалпы сипаттамасы, рецепт жазу формалары.

5. Микстуралар, жалпы сипаттамасы, рецепт жазу фомалары.

6. Линименттер, рецепт жазу формалары.

7.  Аэрозолдер, түсінігі, рецепт жазу ережелері.

8. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптарға қойылатын талаптар, рецепт жазу ережелері.

5. Оқыту және сабақ беру әдістері: рецепт жазу, дозасын есептеу.

6. Әдебиет

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. -608 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- С.696 -710, 723 -728 бб.

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2005.-С. 355 -366, 379 -380 бб.

4.  Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. /Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, 2005. –С. 12 -15, 18 -20  бб.

Қосымша:

1. ҚР ДСМ бұйрығы № 38 03 ақпан 2005 ж.

2. ҚР ДСМ бұйрығы № 173 07 сәуір 2005 ж.

3. ҚР фармакопеясы 2007 жыл

7. Бақылау:

1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау;

2. Рецепт жазу. 

                                                    Тест тік тапсырмалар :

Рецепт жазу :

1.50 мл сынап оксицианиді (Hydrargyrі oxycyanіdum) ерітіндісін 1:1000 концентрацияда. Көзді жуу үшін.

2.10 мл 0,5%-тік тауреземин (Tauremіsіnm) ерітіндісін. Ішке 20 тамшыдан тәулігіне 3 рет.

3.0,5%-200 мл протаргол (Protargolum) ерітіндісін. Қуықты жуу үшін.

4.2%-10 мл этилморфин гидрохлориді (Aethylmorphіnum hydrochlorіdum) ерітіндісін. Көзге 1 тамшыдан тәулігіне 2 рет.

5.10% натрий салицилаты /Natrii salicylas/ 180 мл ерітіндіде. Назначить по 1 столовой ложке через 3 часа. 1 ас қасықтан әр 3 сағат сайын тағайындау.

6.200 мл 10% кальций хлоридінің ерітіндісі /Calcii chloridum/. 1 ас қасықтан тәулігіне 3 рет тағайындау. Препараттың бір реттік дозасын есептеу.

7.Құрамында 1,0 хонсуриді бар /Chonsuridum/ 6 флакон. Қолданар алдында флакон құрамындағыны 10 мл 0,5%-дық новокаин ерітіндісінде еріту. Аппликация үшін.

8.Құрамында 0,1 гексеналдың құрғақ ұнтағы /Hexenalum/ бар 6 флакон. Флаконның құрамындағыны 20 мл инъекцияға арналған суда еріту және көктамырға баяулатып енгізу.

9.10 мл 0,01%-дық фосфакол /Phosphacolum/ ерітіндісі. 2 тамшыдан тәулігіне 2 рет екі көзге. Бір реттік дозасын есептеу.

10. 15 ампула алоэнің сұйық сығындысы /Aloes fluidum/ 0,1-ден. Тері астына енгізу. 

№ 3 Сабақ

1. Тақырыбы: «Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы».

2. Мақсаты: фармакокинетика және фармакодинамика жалпы заңдылықтары туралы білімін қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

1. Фармакокинетика негізгі заңдылықтарын меңгеру

2. Фармакодинамика негізгі заңдылықтарын меңгеру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Фармакология анықтамасы, оның құрамдас бөліктері, мақсаты мен міндеттері, басқа медициналық- -биологиялық пәндер арасында алатын орны. Фармакологияның қысқышы тарихы.

2. Жалпы фармакология анықтамасы, міндеттері.

3. Дәрілік заттар фармакокинетикасы, анықтамасы және құрамы.

4. Дәрілік заттарды ағзаға енгізу жолдары. 

5. Әртүрлі енгізу жолдары кезіндегі дәрілік заттардың сіңірілуі. Негізгі сіңірілу механизмдері мен оларға әсер ететін факторлар.

6. ағзада дәрілік заттардың таралу жолдары және оларға әсер ететін факторлар.

7. Биологиялық тосқауылдар. Дәрілік заттардың тасымалдануы. Қорға жиналу.

8. Ағзада дәрілік заттардың өзгеріске ұшырауы (биотрансформация мен метаболизм).

9. Ағзадан дәрілік заттардың шығу жолдары. Дәрілік заттардың жүйеалды және жүйеден кейінгі элиминациясы.

10. Фармакокинетиканың негізгі көрсеткіштері. Биожеткіліктілік пен биоэквиваленттілік туралы түсінік.

11. Дәрілік заттардың фармакодинамикасы, анықтамасы және мазмұны.

12. Біріншілік фармакологиялық реакция (әсер), орналасуы мен дәрілік заттардың әсер ету механизмдері. Дәрілік заттардың әсер ету механизмінің негізгі принциптері. Арнайы рецепторлар, агонитттер мен антагонисттер туралы түсінік.

13.  Әсер ету түрлері. Фармакотерапия түрлері.

14. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына әсер ететін негізгі факторлар.

15. Фармакологиялық әсерлерінің химиялық құрылымы мен физика-химиялық қасиеттеріне тәуелділігі.

16. Дозалар түрлері. Емдік әсер кеңдігі туралы түсінік.

17. Қайталап қолдану, дәрілік заттарды жұптастырып қолдану. Дәрілік заттардың әсер ету принциптері. Дәрілік тәуелділікпен күресудің әлеуметтік және медициналық аспектілері.

18. Дәрілік заттар әсерінің ағза қасиетіне, индивидуалды ерекшеліктеріне, физиологиялық және патологиялық жағдайларға, генетикалық факторларға, қоршаған орта факторларының әсеріне тәуелділігі.

19. Хронофармакология туралы түсінік.

20. Аллергиялық табиғатты әсерлер мен ағза сезімталдылығының төмендеуімен байланысты әсерлер.

21.  Жасқа байланысты ерекшеліктер.

5. Сабақ беру әдістері: ауызша сұрау, ситуациялық есептерді және нұсқау бойынша тапсырмаларды шешу, тесттік тапсырмаларды шешу, кіші топтармен жұмыс.

6. Әдебиет

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2004.- 608б

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 39 -81 бб. 

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2005.-С. 36-79 бб.

4. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. /Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, 2005. – 20-40 бб. (задачи 35 -38,  задания II - 1 -5)

Қосымша:

1. Крылов Ю.Ф., Бобырев В.М. Фармакология: Учебник для студентов стоматологического факультета. –М., 1999 ж.- 325 б.

2. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 б.

3. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

4. В.Р. Вебер, Б.Т. Мороз. Клиническая фармакология для стоматологов.- С-П.: 2003.- 351 б.

5. Клиническая фармакология./Под ред. В.Г. Кукеса. ГЭОТАР.:  Медицина, 2004.– 517 б.

6. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.

7. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. б.

8. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000-740 б.

9. Комендантова М.В., Зорян Е.В. Фармакология. Учебное пособие.-М.: 1988.- 206 б.

7. Бақылау:

1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау;

2. Тесттік тапсырмалар.

                                                     


Тест тік тапсырмалар:

Тест №1

Фармакокинетика түсінігіне жатады:

1. Биотрансформация          

2. Қорға жиналу         

3. Әсерінің орналасуы

4. Экскреция             

5. Әсер ету механизмі

Тест №2

Дәрілік заттарды көктамырға енгізуге тән:

  1. Науқас ессіз жатқанда дәрілік затты енгізу мүмкіндігі
  2. Әсерінің тез дамуы        
  3. Әсерінің баяу дамуы
  4. Дәрілік затты дозалаудың дәлдігі     
  5. Асептиканы сақтау

Тест №3

Дұрыс тұжырым:

1. Антагонисттердің ішкі белсенділігі бар

2. Материалдық кумуляция – ағзада дәрілік заттың жиналуы

3. Абстиненция – берілген затқа сезімталдылығының төмендеуі

4. Дәрілік заттардың жанама әсерлері оларды емдік дозада қолданған кезде дамиды

5. Десенсибилизация – рецепторға субстраттың сезімталдылығының артуы

Тест №4

Бейімделудің даму механизмі байланысты:

1. Бауырдың микросомалды ферменттерінің препаратпен индукциялануы және оның метаболизмінің жылдамдауы

2. Нысана мүшелерде арнайы рецепторлар санының төмендеуі

3. Рецепторлардың сезімталдылығының төмендеуі

4. Сіңірілуінің жылдамдауы

5. Сіңіріліуінің төмендеуі

Тест №5

Дұрыс тұжырым:

1. Дәрілік заттар қан сарысуында қорға жинала алады

2. Дәрілік заттардың әсерінен бауыр ферменттерінің синтезі өзгеруі мүмкін 


Дата добавления: 2021-04-23; просмотров: 77; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!