Тест тілеу - максималь ды 7 балл



 86-100 % - 5,25 - 7 балл

75-85% - 3,5 – 5,24 балл

50-74% - 1,75 – 3,49 балл

 50 % төмен - 1,74 балл және одан төмен

 

Аралық бақылаудың баллы мына формула бойынша есептеледі:

ЖР ( жіберілу рейтингі) = күнделікті бақылаудың ор. баллы (дәрістер + пр.сабақтар) + ор. балл СӨЖ ор. баллы СОӨЖ+ аралық бақылаудың ор. баллы

Ескерту:Семестрдің максимальды баллының санынан 50% төмен емес алғанда студент қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберіледі, яғни 30 баллдан төмен емес.

ҚБР (қорытынды бақылаудың рейтингі) - макс. 40б.

= тестілеу баллы немесе ауызша емтихан баллы

Студенттің қорытынды бақылаудағы білімін бағалау шкаласы (емтихан)

Бағалау балл түрінде Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
40 Үздік
30 Жақсы
20 Қанағаттанарлық
10 Қанағаттанғысыз
Қорытынды бақылаудың максималь ды  балл саны ( емтихан) = 40 бал л

Ескерту:

«Қанағаттанарлық емес» бағасы (10 балл) - аталған тақырып бойынша білімі жеткіліксіз болған және тапсырмаларды орындағанда қате жіберген студентке қойылады.

«Қанағаттанарлық» бағасы (20 балл) аталған тақырыпта ары қарай оқу үшін қажет білімді көрсеткен, бірақ жауап бергенде және тапсырмалар орындағанда қателер жіберген студент жинайды.

«Жақсы» бағасы (30 балл) тақырыптың материалдарын толығымен білетін, бірақ жауап бергенде және тапсырманы орындағанда аздаған қателер жіберген студент жинайды.

«Үздік» бағасы (40 балл) тақырыптың материалдарын жан жақты білетін және терең білім көрсеткен, тапсырманы қатесіз және шығармашылықпен орындаған студент жинайды.

 

 ҚР (қорытынды рейтинг) = ЖР (жіберілу рейтингі ) + ҚБР (қорытынды бақылаудың рейтингі)

Макс.- 100 балл

ҚР = бағаның құрылымдық пайызы.

Емтихандық ведомстьқа пән бойынша қорытынды баға төменде келтірілген кестедегі сандық және әріптік эквивалентте жазылады.

Әріп жүйесі бойынша баға Сандық эквивалент Балл дар Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 100

Үздік

 А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89

Жақсы

В 3,0 80-84
 В- 2,67 75-79
 С+ 2,33 70-74

Қанағаттанарлық

С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0 0-49 Қанағаттанарлық емес

26.08.2006 ж. 5.03.06-2006  ҚР МЖБС негізінде білімді бағалау критерийлері « Қазақстан республик асындағы білім жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы білімді бақылау»

1. Білім, білу, дағдылар және компетенциялар, бақылаудың барлық түрлері бойынша оқылатын, онда баға пропорциональды қатынастан тұратын бальды-рейтингтік әріптік жүйе бойынша анықталады.

2. «Үздік» бағасы А бағасына, сандық эквивалент 4,0 және пайыздық құрамы 95-100% және А-, сандық эквиваленті 3,67 және пайыздық құрамы 90-94% сәйкес келеді.

Аталған баға, егер оқушы бағдарламалық материалды меңгергенін көрсетсе және ешқандай қате жібермесе, бақылауларды және лабораторлық жұмыстарды дұрыс орындаса және олар бойынша есепті тапсырса, бұл кезде ерекше ойлауды көрсетсе, өз уақытында және ешқандай қатесіз қорытынды сабақты және үй тапсырмасын тапсырса, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысса, пәнді оқығанда өз бетінше қосымша ғылыми әдебиеттерді қолданса, өз бетінше бағдарламалық материалды жүйелі жинақтай білгенде қойылады.    

3. «Жақсы» бағасы В+, сандық эквиваленті 3,33 және пайыздық құрамы 85-89 % сәйкес келеді; В сандық эквиваленті 3,0 және пайыздық құрамы 80-84% және В -, сандық  эквивалент 2,67 және пайыздық құрамы 75-79% сәйкес келеді.

Бағдарламалық материалды студент 75% кем емес және жауап беру кезінде дөрекі қателер жібермеген жағдайда, лабораторлық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындағанда және оларды ескертусіз тапсырған кезде, дұрыс орындағанда және қорытынды сабақты және үй тапсырмасын уақытында, ескертусіз тапсырғанда, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиетті қолданғанда, ғылыми зерттеу жұмысымен айналысқанда, студенттің өзімен түзетілген аздаған нақты емес және біршама қателер жібергенде, бағдарламалық материалды оқытушының көмегімен жүйеге келтіргенде.

4. «Қанағаттанарлық» С+ бағаға сандық эквиваленті 2,33 және пайыздық құрамы 70-74%; С, сандық эквивалент 2,0 және пайыздық құрамы 65-69%;   С-, сандық эквивалент 1,67 және пайыздық құрамы 60-64%; Д+, сандық эквивалент 1,33 және пайыздық құрамы 55-59%; және Д, сандық эквивалент 1,0 және пайыздық құрамы 50-54% сәйкес келеді.

Аталған баға, егер студент оқу материалын 50% кем емес меңгергенде, бақылау жұмысын орындағанда, үй тапсырмасын оқытушының көмегіне сүйене отырып орындағанда, қорытынды сабақ тапсыру кезінде біршама қателер жіберген кезде, зерттеу жұмысында белсенділік көрсетпегенде, оқытушы нұсқаған оқу әдебиетімен ғана шектелгенде, материалды жүйелендіру кезінде үлкен қиыншылқтарды сезінген кезде қойылады.

5. «Қанағаттанарлық емес» бағасы F, сандық эквиваленті 0 және пайыздық құрамы 0-49% сәйкес келеді.

Аталған баға, егер студент бағдарламма бойынша негізгі материалда білмеген жағдайда, бағдарламаның жартысынан көбін меңгермегенде, жауаптарында қателеді көп жібергенде, аралық және қорытынды бақылау қалпында қарастырылған бөлек тапсырмаларды орындамағанда, бағдарлама бойынша қарастырылған негізгі әдебиетпен жұмыс жасамаған кезде қойылады. 

 

 

МАМАНДЫҚ: СТОМАТОЛОГИЯ

КАФЕДРА:      ФАРМАКОЛОГИЯ

1.3.ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

КУРС: 3

ПӘН:Фармакология

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Кафедраның ПОҚ

Ж.

 

 

Кафедра мәжілісінде бекітілген

№ _________хаттама “____” ____________2012 ж.

 

Бекітілген

каф. мең., профессор                                                                 Г.М.Пичхадзе

 

 

№1 дәріс

1. Тақырыбы: «Фармакологияға    кіріспе». :  Дәрілік заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамикасы.

2. Мақсаты: Жалпы жүйеде дәрігерді дайындауда фармакологияның орнын және маңызын, сонымен қатар оның даму тарихын, жетістіктерін және алдына қойылған мақсатын анықтау және студенттерді дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының жалпы заңдылықтарымен таныстыру.

3. Дәрістің тезисі:

       Фармакология - (pharmacon- дәрі, белсенді бастама және logos – сөз, оқып үйрену) – дәрілік зат ретінде қолданылатын химиялық қосылыстардың тірі ағзамен өзара әсерлесуі, және де жаңа тиімді дәрілік заттарды іздестіру жолындағы ғылым.

Жаңа дәрілік заттарды іздестірудің негізгі бағыттары;

Препараттарды химиялық жолмен синтездеу:

А. Эмпериялық жол: 1) Кездейсоқ табылу, 2) «Іріктеу»;

Б. Бағыттап синтездеу: 1. биогенді заттарды жасау; 2. антиметаболиттерді түзу.

3. биологиялық белсенділігі белгілі қосылыстардың молекуласын модификациялау;

4. ағзада заттардың химиялық өзгеріске ұшырауын зерттеуге енгізделген синтез.

В. Кванттық механикалық есептеу көмегімен жаңа дәрілік заттарды компьютермен моделдеу жолы.

2. Дәрілік шикі заттардың препараттарды алу және жеке заттарды бөліп алу: 1) Жануар тектес, 2) Өсімдік тектес, 3) Минералдардан.

3. Саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің тіршілік қызметі өнімдерінен дәрілік заттардың бөлініп алынуы.

4. Дәрілік заттардың биотехнология көмегімен алу (жасушалық және гендік инженерия).

Фармакология екі бөлімнен тұрады: фармакокинетика және фармакодинамика.

Фармакокинетика дәрілік заттардың енгізілу жолдары, сіңуі, ағзада таралуы, метаболизмі және шығуы жөнінде фармакологияның бөлімі.

Фармакодинамика дәрілік заттардың биологиялық әсері, олардың әсер ету орны және механизмі жөнінде фармакологияның бөлімі:

Дәрілік заттарды енгізу жолдары: 1. Энтеральды – АІЖ арқылы: пероральды (per OSS), сублингвальды (тіл астына), ұртқа (трансбуккальды), тік ішекке (per rectym), 12 елі ішекке (per duodenum); 2. Парентеральды – АІЖ – тыс: А) егу (инъекциялық), Б) инъекциялық емес: теріге және шырышты қабатқа жағу, тыныс жолына бүрку, электрофорез т.с. сіңудің негізгі механизмі: жәй диффузия: а) жәй диффузия: пассивті диффузия, сүзілу; б) жеңілдетілген диффузия, в) белсенді тасымалдау, г) пиноцитоз.

Дәрілік заттардың өзгеріске ұшырауының негізгі екі түрі бар: метоболиттік трансформация және конъюгация. Дәрілік заттардың ағзадан шығуының негізгі жолдары – зәрмен және өтпен (нәжіспен) және т.б.

Дәрілік заттар үшін нысаналар – рецепторлар, иондық каналдар, ферменттер, тасымалдаушы жүйелер, гендер.

Дәрілік заттардың ішкі белсенділігінің болуына байланысты оларды бөледі: агонистерге, антагонистерге және агонист – антогонистерге. Дәрілік заттардың әсер ету түрлері: жергілікті және резорбтивті; тікелей және жанама; жалпы және таңдамалы; негізгі және жағымсыз; қайтымды және қайтымсыз; емдік және уытты әсерлер және т.б.

Фармакокинетика және фармакодинамикаға әсер ететін факторлар:

дәрілік заттардың қасиетімен және олардың қолданылу ерекшеліктерімен негізделген факторлар;

ағзаның физиологиялық ерекшеліктерімен және функционалдық жағдайымен (негізделген ішкі факторлар) факторлар.

сыртқы ортаның әсер етуінен болатын факторлар.

4. Иллюстрациялы қ материал: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрадан алады)

5. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. -608 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 9-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006. -Б.15-38.

3. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. -Б. 4-6.

4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004. - Б.12-25.

Қосымша:

Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. -1206 б.

Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. -704 б.

Мирошниченко И.И. Основы фармакокинетики. – М.: ГЭОТАР. –Мед. 2002. -192 б.

Каркищенко Н.Н., Хоронько В.В., Сергеева С.А., Каркищенко В.Н. Фармакокинетика.-Ростов-на-Дону: Феникс, 2001. –384 б.

6.Бақылауға арналған сұрақтар (кері байланыс)

1.Фармакокинетика нені оқытады?

2.Фармакодинамиканың мақсатын атау.

3.Дәрілік заттардың мөлшері, концентрациясы.

4.Дәрілік заттарды қайталап енгізгенде байқалатын құбылыстар.

Дәрілік заттарды жұптастырып қолданғанда байқалатын құбылыстар.  

 

№2 дәріс.

А фференттік иннервацияға әсер ететін заттар

№3 дәріс.

1.Тақырыбы: Холинергиялық заттар.

2.Мақсаты: Студенттерді холинергиялық заттардыңжіктелуімен, әсер ету механизмдерімен және препараттардың сипаттамасымен таныстыру.

3.Дәріс тезистері:

Холинергиялық заттар – холинергиялық синапста импульстардың берілуіне әсер ететін дәрілік заттар. Холинергиялық синапстың медиаторы ацетилхолин болып табылады.

М - Н холинорецепторларға әсер ететін заттарға жатады: 1. М-, Н-холиномиметиктер; 2. М-, Н-холиноблокаторлар 3. Қайтымды және қайтымсыз әсер ететін антихолинэстеразалық заттар (ФОҚ) – армин.

Ацетилхолин, карбохолин негізінен глаукоманы емдеу үшін қолданылады. Антихолинэстеразалық заттар вегетативті және қозғалыс иннервацияны белсендіреді. Негізгі қолданылуы миастенияда, парез, параличтерде, ішек және қуық атониясында, глаукомада, антидеполяризациялаушы кураре тәрізді заттардың антагонисті ретінде, М-холиноблокаторлармен уланғанда. Армин препраты – тек глаукоманы емдеу үшін. Антагонистері – М-холиноблокаторлар, холинэстеразаның реактиваторлары. Циклодол паркинсонға қарсы зат ретінде қолданылады.

М-холинорецепторларға әсер ететін заттар жіктеледі: 1.М-холиномиметиктер; 2. М-холиноблокаторлар. М-холиномиметиктер парасимпатикалық жүйкелердің белсенуін имитациялайды. Негізгі қолданылуы – глаукома, ішек және қуық атониясы. Антагонистері – М-холиноблокаторлар. М-холиноблокаторлар – холинергиялық (парасимпатикалық) иннервацияның ішкі ағзаларға әсерін тежейді. Офтальмологиялық  практикада қолданылады (көз түбін зерттеуінде қарашықты кеңейту, көзілдірік таңдағанда, аккомодацияның параличі), ас қорыту (гиперсаливация, асқазанның ойық жарасы), трахеобронхиалды (наркоздың алдында премедикация) бездердің секрециясын төмендету үшін, бронхоспазмды алдын алу және жою үшін, жүрекке вагустық әсерін азайту үшін, іш қуысының ағзаларының тегіс салалы бұлшық еттердің спазмында. Мөлшерден тыс қолданғанда  – қайтымды әсерлі антихолинэстеразалық заттар енгізіледі.

Н-холинорецепторларға әсер ететін заттарға Н-холиномиметиктер мен Н-холиноблокаторлар жатады. Н-холиномиметиктер симпатоадреналды жүйені белсендіреді, тыныс және тамыр қозғалтқыш орталықтарын рефлекторлы ынталандырады. Осымен олардың негізгі қолданылуы түсіндіріледі. Н-холиноблокаторлар ганлиоблокаторларға және шеткі әсерлі миорелаксантарға бөлінеді. Ганглиоблокаторлар симпатикалық, сонымен қатар парасимпатикалық вегетативті ганглийлерде импульстардың өтуін тежейді. Негізгі қолданылуы – гипертониялық криз, басқарылатын гипотония, ми ісінуі, артериялық қысымының жоғарылауына байланысты өкпе ісінуі. Шеткі әсерлі миорелаксанттар жүйке–бұлшық еттік берілуін таңдамалы тежейді және барлық қаңқа бұлшық еттерді, соның ішінде тыныс бұлшық еттерін, босансытады. Негізгі қолданылуы хирургиялық операция кезінде, буынды орнына салғанда, сүйек сынықтардың репозициясында және т.б. Мөлшерден тыс қолданғанда: антидеполяризациялаушы миорелаксанттарды – қайтымды әсер ететін антихолинэстеразалық заттар, деполяризациялаушы миорелоксанттарды – жаңа цитратталған қан және электролиттік балансты коррекциялау.

4. Иллюстративті материал: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрадан алады)

5. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2004.- 608 б.

2. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001.Б.33-47

3. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004. Б. 98-128.

Қосымша:

1. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е басылым, қайта қаралған, толықтырылған: оқу құралы. М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006, 144-187 б.

2. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ В.Г.Кукес и проф. А.К. Стародубцева.- М.: Издательский дом ГЭОТАР- МЕД., 2004. – 631 б.

3. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.

4. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – Пресс, 2002. т. 1-2.

5. Федюкович Н.И. Фармакология. Учебное пособие для медицинских училищ и колледжей. Р. – Д., 2001.- 147 б.

6. Лужников Е.А., Костомарова Л.Г. Острые отравления: Руководство для врачей. 2-е изд., переработанное и дополненное. –М.: Медицина, 2000. – 434 б.

6. Бақылау сұрақтар:

1.Антихолинэстеразалық заттар. Қайтымды және қайтымсыз әсер ететін препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Антагонистер.

2.М-холиномиметиктер. Препарат. Қолданылуы, жанама әсерлер. Мөлшерден тыс қолданғанда көмек шаралары.

3.М-холиноблокаторлар. Препараттар. Қолданылуы, жанама әсерлер. Мөлшерден тыс қолданғанда көмек шаралары.

4.Шеткі әсерлі миорелаксанттардың әсер етуінің ерекшеліктері. Мөлшерден тыс қолданғанда көмек шаралары.

№4 дәріс

1. Тақырыбы: «Адренорецепторларға әсер ететін заттар».

2. Мақсаты: Студенттерді адренергиялық заттардыңжіктелуімен, әсер ету механизмдерімен және препараттардың сипаттамасымен таныстыру.

3. Дәріс тезистері

Адренергиялық синапстар ОЖЖ, сонымен қатар постганглионарлық симпатикалық талшықтармен иннервацияланатын шеткі тіндерде орналасады. Бұл синапстарда қозудың берілуі норадреналин медиаторының көмегімен жүзеге асады. 

       Адренергиялық синапсқа ынталандырғыш әсер ететін заттар 2 топқа бөлінеді: 1) адреномиметиктер (адренорецепторларды тікелей ынталандыратын заттар) және 2) симпатомиметиктер (симпатикалық нерв ұштарынан норадреналиннің бөлінуін ынталандыратын заттар). Адреномиметиктердің практикалық маңызды әсерлеріне қан тамырларын тарылту (α- және α,- β-адреномиметиктер), атриовентрикулярлық өткізгіштікті жақсарту (β1, β2), миокардтың жиырылғыштығын жоғарылату (β1-адреномиметиктер), жүрек тоқтап қалғанда қызметін қалпына келтіру (α,β-адреномиметиктер), бронхоспазмды тоқтату немесе жою (β1 , β 2 -, β1, β2  және α1, α2 - адреномиметиктер), сонымен қатар, жүктілік кезінде және туу барысында жатырдың жиырылғыштық белсенділігін төмендету (β2-адреномиметиктер) жатады. Симпатомиметиктер қан тамырларының тонусын жоғарлату, атриовентрикулярлық өткізгіштікті жақсарту, бронхоспазмды тоқтату және алдын алу үшін қолданылады. Адренергиялық синапсқа тежегіш әсер ететін заттар 2 топқа бөлінеді: 1) адреноблокаторлар (адренорецепторларды тежейді) және 2) симпатолитиктер (симпатикалық жүйке ұшынан норадреналиннің бөлінуін тежейді). Адреноблокаторлардың негізгі әсерлеріне артериалдық қысымды төмендету (α1,β- және α11-адреноблокаторлар), жүректің жұмысын және стенокардияда миокардтың өттегіне қажеттілігін төмендету (β12- және β1-адреноблокаторлар), тахиаритмия және экстрасистолияда жүректің жиырылу ритімін қалпына келтіру (β12- және β1-адреноблокаторлар), көз ішілік қысымды төмендету (β12-адреноблокаторлар) жатады. Симпатолитиктер гипертониялық ауруды жүйелік емдеу үшін қолданылады.

4. Иллюстрациялық материал: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы   (студент кафедрада алады)

5. Әдебиеттер

Негізгі :

1.Харкевич Д.А. Фармакология оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. -608 б.

2.Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 9 басылым., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006. Б. 133-159.

3.Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. Б.48-68.

4.Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.

Б. 128-155.

Қосымша :

1.Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. – М.: Новая

волна, 2007 – 1206 б.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

3.Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 б.

4.Клиническая фармакология /под ред. В.Г. Кукеса. М., 1999. – 517 с.

5.Базисная и клиническая фармакология /под ред. Бертрама Г. Катцунга. – С.-П., 1998. – 1043 б.

6.Кафедрада шығарылған құралдар.

6. Бақылау сұрақтары ( кері байланыс)

1. Адреналиннің негізгі әсерлері, норадреналиннің әсер ету ерекшеліктері.

2. Адреналиннің қолдануға көрсетілулері.

3. Симпатомиметиктердің әсер ету механизмдері.

4. β-адреноблокаторлардың қолдануға көрсетілулері.

№ 5 Дәріс

1. Тақырып: Анальгетик тер.

2.Мақсаты: Студенттерді наркотикалық аналгетиктердіңжіктелуімен, әсер ету механизмдерімен және препараттардың сипаттамасымен таныстыру.

3. Дәрістің тезистері

Ауру сезімін басатын заттар резорбтивті әсер еткенде ауру сезімін таңдамалы тежейді. Сезімталдықтың басқа түрлеріне әсер етпейді. Ауру сезімін басатын заттар әртүрлі себептерден пайда болған ауру сезімін жою және алдын алу үшін қолданылады: жарақаттардың салдарынан, сонымен қатар операциялық, ішкі ағзалар ауруларының, жүйке жүйенің шеткі және орталық құрылыстар бұзылыстарының салдарынан пайда болған. Ауру сезімін басатын заттар орталыққа және шетке әсер ететін заттарға бөлінеді.

Шетке айрықша әсер ететін ауру сезімін басатын заттар

I. Опиоидты (наркотикалық) анальгетиктер

Опиоидты (көбінесе мю-) рецепторлардың агонистері: Морфин, Промедол,

Агонисттер- антагонисттер және опиоидты рецеп­торларлың жартылай агонистері: Бупренорфин, Буторфанол

II. Анальгетикалық белсенділігі бар опиоидты емес препараттар

Опиоидты (наркотикалық емес) анальгетиктер, көбінесе ОЖЖ циклооксигеназа-3 (ЦОГ-3) ингибиторлары (парааминофенол туындылары) - Парацетамол

Әсерінде анальгетикалық компоненті бар әртүрлі фармакологиялық топтардың препараттары

Натрий каналдарының тежегіштері (эпилепсияға қарсы заттар) - Карбамазепин

Моноаминдердің нейроналды ұсталуының ингибиторлары (антидепрессанттар) - Амитриптилин Адреномиметики - Клофелин

Наркозға арналған заттар – Азоттың шала тотығы

 III.Әсер механизмі аралас анальгетиктер (опиоидты + опиоидты емес)

Трамадол

Шетке айрықша әсер ететін ауру сезімін басатын заттар

Ацетилсацлицил қышқылы, Метамизол (анальгин), Кеторолак

4. Иллюстративті материал: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрадан алады)

 

5. Әдебиеттер:

Негізгі.

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2004.- 608 бет.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 9-ші бас –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – б.189-208

3.Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001.б.91-98

4.Аляутдин Р.Н. Фармакология. Оқулық.. Москва. «ГЭОТАР-МЕД». 2004. б. 192-203.

Қосымша .

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – М., 2007. 1206 б.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-ші басылым: оқу құралы – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

3. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М., 2000. – 740 б.

4.Кудьярова Г.М. және т.б. Опийная наркомания. Алматы, 2002.

6. Бақылау сұрақтар (кері байланыс):

1. Наркотикалық анальгетиктердің қолдануға көрсетілулері.

3. Наркотикалық анальгетиктер қандай жанама әсерлер шақыру мүмкін?

4. Наркотикалық анальгетиктермен уланғанда қандай шаралар қолданады?

№ 6 Дәріс

1. Тақырыбы: «Микробқа қарсы заттар. Антисептикалық және дизенфекциялаушы заттар».

2. Мақсаты: Студенттерді антисептикалық және дизенфекциялаушы заттардың жіктелуімен, әсер ету механизмімен және препараттардың сипаттамаларымен таныстыру.

3. Дәріс тезисі

Антисептиктер  – жұқпалы үрдістің дамуын алдын алу мақсатында теріні, шырышты қабықты, жара бетін және дене қуыстарын (әдетте, сыртқы ортамен жанасатын) зазалсыздандыру үшін қолданылатын заттар. Яғни, адамның жабындыларын микробтардан деконтаминациялау үшін қолданылатын заттар.

Дезинфекциялаушы заттар – жұқпалы үрдістің дамуын алдын алу мақсатында адамды қоршаған ортадағы (бөлмедегі, киім-кешектегі, науқастың күтетін заттардағы, жұқпалы аурумен ауырған науқастың бөлінділерін т.с.с) микроорганизмдерді жою үшін қолданылатын заттар. Яғни, сыртқы ортаның нысандарын таңдамалы түрде деконтаминациялау үшін (инфекция көзінен қабылдағыш ағзаға қоздырғыштың берілуі жолын үзу мақсатында) қолданылатын дәрілік заттар.

Антисептиктерді әдетте жабын тіндерге (теріге, шарышты қабаттарға) сыртқа жағуға пайдаланылады. Кейбір антисептиктерді асқазан-ішек жолында ж/е зәр шығару жолдарында орналасқан микроорганизмдерге әсер ету үшін қолданылады. Олар концентрациясына байланысты бактериостатикалық немесе бактерицидтік әсер етеді. Дезинфекциялаушы заттар медициналық құрал-жабдықтарды, аппараттарды, бөлмелерді, науқастың бөлінділерін ж/е пайдаланған ыдыстарын залалсыздандыруға қажет. Олар бактерицидтік концентрацияда инфекция таралуының алдын алуға қолданылады. ЖІКТЕЛУІ (алу жолы, химиялық құрылысы, әсер ету механизмі бойынша

Құрамында галогендер бар қосылыстар: хлор препараттары (хлорлы әк, хлорамин Б), йод препараттары (йодтың  спиртті ерітіндісі, Люголь ерітіндісі, йодинол, йодоформ)

Тотықтырғыштар: сутегінің асқын тотығы, калий перманганаты

Қышқылдар мен сілтілер: бор қышқылы, аммиак ерітіндісі

Металл қосылыстары: сынаппрепараттары - сынап дихлориді, сынап оксицианиді, сынаптың сары тотығы; мыс препараттары – мыс сульфаты; күміс препараттары – күміс нитраты, колларгол, протаргол; мырыш препараттары – мырыш тотығы, мырыш сульфаты; висмут препараттары - дерматол, ксероформ

Фенол және оның туындылары: тазафенол, лизол, резорцин, қайыңның қара майы

Альдегид тер және спирттер: формальдегид ерітіндісі, этил спирті

Бояғыштар: бриллиант жасылы, этакридин лактаты

Нитрофуран туындылары: фурацилин

Детергент тер: церигель, роккал, этоний

Бигуанид тер: хлоргексидин

Табиғи тектес әртүрлі антибактери ялық заттар: лизоцим, календула тұнбасы, натрий уснинаты, новоиманин

4. Иллюстрациялық материал: дәрістің мультимедиялық электрондық нұсқасы (студент кафедрада алады)

5. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Харкевич Д.А. Фармакология оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. -608 б.
  2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание десятое – М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. – 750 с.
  3. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое – М.: Медицина ГЭОТАР, 2005. – 735 с.

Қ осымша :

  1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – М., 2007. -1206 с.
  2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – С.208 – 239.
  3. Базисная и клиническая фармакология /под ред. Бертрама Г. Катцунга. – С.-П., 1998,т.1.
  4. Красильников А.П. Справочник по антисептике. Минск, 1995.
  5. Гудькова Е.И., Красильников А.П. Контроль за микробной контаминацией антисептиков дезинфектантов. Лаб. дело, 1991, № 1.
  6. Красильников А.П. и др. Современные проблемы антисептики. Здравоохр. Белоруссии, 1990, № 11.
  7. Лужников Е.А., Костомарова Л.Г. Острые отравления: Руководство для врачей. 2-е изд., переработанное и дополненное. –М.: Медицина, 2000. – 434 с.
  8. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии»-Издательство «Мегаполис» Харьков 2002. -782с.

 

6. Бақылау сұрақтары ( кері байланыс)

1. Антисептиктер мен  дезинфекциялаушы заттарға қойылатын талаптар.

2. Құрамында галогендері бар антисептиктер мен  дезинфекциялаушы заттарды атаңыздар.

3 Тотықтырғыштар тобына жататын антисептиктер мен дезинфекциялаушы заттардың әсер ету механизмін атаңыздар.

№ 7 Дәріс

1. Тақырыбы: " Химиятерапиялық заттар. Антибиотиктер»

2. Мақсаты: студенттерді антибиотиктердің жіктелуімен, әсер ету механизмі және сипаттамасымен таныстыру

3. Дәріс тезисі

Антибиотиктер биологиялық және синтетикалық текті химиялық қосылыстар болып табылады, олардың бактериостатикалық және бактерицидтік әсер көрсететін қабілеті бар. Антибиотиктерді алыну көзі бойынша биосинтетикалық, жартылай синтетикалық және синтетикалық препараттарға бөледі. Антибиотиктер микробтарға қарсы әсер ету спектрі бойынша бөлінеді. Олардың кейбіреулері грамоң микроорганизмдерге айрықша әсер көрсетеді, екіншілері грамтеріс бактериялар жөнінде тиімді препараттар (азтреонам, полимиксиндер). Сонымен қатар, көптеген антибиотиктердің әсер ету спектрі кең (тетрациклиндер, левомицетин, цефалоспориндер, аминогликозидтер). Оларға грамоң, грамтеріс бактериялар, сонымен қатар басқа да жұқпалы аурулар қоздырғыштары жатады. Микробқа қарсы әсерінің сипаты бойынша бактериостатикалық немесе бактерицидті типті әсер ететін, клиникада қолданылуы бойынша – негізгі және резервтегі антибиотиктерді ажыратады. 

 

4. Иллюстрациялық материал: дәрістің мультимедиялық электрондық нұсқасы (студент кафедрада алады)

5. Ә дебиеттер:

Негізгі:

  1. Харкевич Д.А. Фармакология оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. -608 б.
  2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание десятое – М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. – 750 с.
  3. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое – М.: Медицина ГЭОТАР, 2005. – 735 с.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – М., 2007. -1206 с.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – С.208 – 239.

3. Базисная и клиническая фармакология /под ред. Бертрама Г. Катцунга. – С.-П., 1998,т.1.

Красильников А.П. Справочник по антисептике. Минск, 1995.

3.Гудькова Е.И., Красильников А.П. Контроль за микробной контаминацией антисептиков дезинфектантов. Лаб. дело, 1991, № 1.

4. Красильников А.П. и др. Современные проблемы антисептики. Здравоохр. Белоруссии, 1990, № 11.

5. Лужников Е.А., Костомарова Л.Г. Острые отравления: Руководство для врачей. 2-е изд., переработанное и дополненное. –М.: Медицина, 2000. – 434 с.

6. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии»-Издательство «Мегаполис» Харьков 2002. -782с.

 

6. Бақылау сұрақтары ( кері байланыс)

1. Антибиотиктердің әсер ету механизмдері. 

2. Антибиотиктердің әсер ету спектрі бойынша жіктелуі

3. Антибиотиктерге резистенттілік дамуына әсер ететін факторлар.

№8 дәріс

1. Тақырып « Ауыз қуысы шырышты қабатына және тіс ұлпасына әсер ететін заттар».

2. Мақсаты: Ауыз қуысы шырышты қабатына және тіс ұлпасына әсер ететін заттардың жіктелуі, әсер ету механизмі және заттардың сипаттамасын студенттерге таныстыру.

3. Дәрістер тезистері

1. Қабынуға қарсы заттар:

· Жергілікті әсер ететін : қармаушы заттар (органикалық және неорганикалық),  

· Қаптаушы заттар, ферменттік препараттары.

·  жергілікті әсер ететін глюкокортикостероидтар препараттары.

· Резорбтивті әсер ететін: стероид ты және стероидты емес  қабынуға қарсы заттар.

·  Кальций тұздары..

2. Аллергияға қарсы заттар:

· Гистаминге қарсы заттар.

· глюкокортикостероидтар.

3. Ауыз қуысы шырышты қабатының саңырауқұлақпен жұқтыратын және жұқпалы ауруларды емдеу үшін қолданатын заттар:

· антисептикалық заттар ( хлор қосылыстары, йод, тотыұтырғыштар және бояғыштар)

·  нитрофуран туындылары;

· жергілікті әсер ететін антибиотиктер;

·  резорбтивті әсер ететін антибиотиктер;

· сульфаниламидтік препараттар;

· саңырауқұлаққа қарсы заттар (нистатин, леворин, декамин).

4. Ауыз қуысы шырышты қабатының және тіс ұлпасының қабынуында ауру сезімін басу үшін қолданатын заттар:

· жергілікті анестетиктер;

· наркотикалық емес анальгетиктер.

5. Некрозданған тіндердегі итеруге ықпал ететін затар.

· ферменттік препараттар

· протеаза - трипсин, химотрипсин.

· нуклеаза – рибонуклеаза, дезоксирибонуклеаза.

  Әсер ету принциптері, қолданылуы..

6. Ауыз қуысы шырышты қабатының регенерациясын және тіс тінінің  реминерализациясын жақсартатын заттар:

· витаминдік препараттар, кальций препараттары, фосфор, фтор препараттары.

· Лейкопоэз стимуляторлары – пентоксил, натрий нуклеинаты..

· биогендік стимуляторлар: өсімдік тектес препараттар– алоэ экстракты, жануар тектес препараттары – стекловид тело, лимандық балшық – ФИБС, араның клейі – прополис, пропасол.

· анаболикалық стероидтар.

7. Дегидратациялық және күйдіретін заттар – этил спирті.

8. Тіс ұлпасының  некрозында қолданатын заттар: мышьяк қышқылы, параформальдегид.

9. Дезодорациялық заттар: сутегігің асқын тотығы, перманганат калий перманганаты, борқышқылы.   

Натрий бораты, натрий гидрокарбонаты.

4. Иллюстрациялық материал: дәрістің мультимедиялық электрондық нұсқасы (студент кафедрада алады)

5. Әдебиеттер:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. –. С. 529-558.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2005. – С. 241-247.

 

1.Қосымша:

2.Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. – 1206 с.

3.Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 с.

4.Клиническая фармакология и фармакотерапия. Учеб. / Под ред. В.Г.Кукеса, А.К.Стародубцева. – 2-е изд., испр. М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 640 с.

5.Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 с.

6.Лужников Е.А., Костомарова Л.Г. Острые отравления: Руководство для врачей. 2-е изд., переработанное и дополненное. – М.: Медицина, 2000. – 434 с.

6. Бақылау сұрақтар ( кері байланыс)

1.Ауыз қуысы шырышты қабатының регенерациясын және тіс тінінің  реминерализациясын жақсартатын заттар.

2. Некрозданған тіндердегі итеруге ықпал ететін затар.

3. Тіс ұлпасының  некрозында қолданатын заттар.

 

№ 9 дәріс

1.Тақырыбы: «Дәрілік заттармен улануды емдеудің жалпы принциптері»

2.Максаты: студенттерде дәрілік заттармен улануды емдеудің жалпы принциптері түсініктерін қалыптастыру

3. Дәріс тезистері

Улану- адам денсаулығына және өміріне қауып төндіретін және ағзасына улы мөлшерде химиялық заттардың және басқа заттардың (оның ішінде дәрілік заттармен) түсуіне байланысты дамитын патологиялық үрдістер.   

Уланудың клиникалық көріністері және дәрілік заттармен улану ауырлығы ағзаның жауабына, уытты заттың санына және қасиетіне, енгізу жолдарына, уды қабылдау уақытына, сонымен қатар, жедел көмек көрсету шараларының уақытында басталуына байланысты. Жедел улануды емдеудің негізгі әдістеріне ағзаның табиғи тазарту үрдістерін ынталандыру, жасанды физико-химиялық детоксикациялық шараны қолдану, антидоттық терапия (антидоттық терапияның түрлері), симптоматикалық ем жатады. Ағзаның табиғи тазарту үрдісін ынталандыратын әдістерге уды ағзадан шығару, сіңірілуін төмендету, дәрілік заттың биотрансформациясын ынталандыру, қанның иммундық жүйесінің белсенділігін арттыру жатады. Жасанды физико-химиялық детоксикацияға аферитикалық, диализдік, фильтрациялық, сорбциялық әдістер жатады. Антидоттық детоксикация жедел улануды емдеуде үлкен орын алады және бұл терапияның бірнеше түрін анықтайды: химиялық уға қарсы зат (токсикотропты), биохимиялық уға қарсы зат (токсикокинетикалық), фармакологиялық антагонистер (симптоматикалық), антитоксикалық иммунотерапия. Жедел улануды емдеудің негізгі бағыттарының бірі уыттылық көріністерін басуға бағытталған симпатоматикалық ем.

Улануды емдеудің жалпы принциптері:

1.   Дәрілік заттармен улану сіңірілу орнынан ағзаға түсуі және қанға сіңірілуін баяулату.

2.   Улы сіңірілген заттардың концентрациясын  төмендету және оларды ағзадан шығару.

Ағзадан улы заттардың шығарылуын жылдамдату үшін:: а) форсирленген диурез; б) перитонеальды диализ; в) плазмаферез(гравитациялық қан хирургиясы); г) гемодиализ және гемосорбция (жасанды бүйрек); д) қанды алмастыру; е) гипербариялық оксигенация.

3. Улы заттардың қанға сіңірілгеннен кейінгі әсерін жою:

Залалсыздандыру антидоттардың көмегімен жүргізіледі— химиялық заттармен улануда арнайы қолданатын дәрілік заттар.

А) Антидоттар, связывающие токсические вещества и спо­собствующие их выведению из организма.

Б) Фармакологические антагонисты. Механизм действия этой группы антидотов — конкурентный антагонизм.


Дата добавления: 2021-04-23; просмотров: 130; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!