Полипропилен                поливинил спирті



ИЮПАК ұсынған жүйелі номенклатура.

Полимердың атауы «поли» деген сөзден басталады, жақша ішінде қайталанатын буын құрылымы жазылады. Мысалы,

 

     
 

CH2 – CH –                           CH2 – CH –

СООН n                                NН2 n

 

полиакрил қышқылы            поливиниламин

Жоғары молекулалық қосылыстардың төмен молекулалық қосылыстардан ерекшеліктері

Жоғары молекулалық қосылыстар төмен молекулалық қосылыстардан бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады.

1. Молекулярлық масса – жоғары молекулалық қосылыстардың молекулярлық массасы және макромолекуланың ұзындығына тәуелді болады, төмен молекулалы қосылыстардың молекулярлық массалары өте жоғары болмайды және тұрақты шама болады.

2. Полимерлер газ күйінде болмайды, оларға сұйық және қатты күй тән, ал төмен молекулалық қосылыстар барлық агрегаттық күйде бола алады.

3. Полимерлердің еру үдерісі ісінуден басталады немесе олар мүлдем ерімейді, ал төмен молекулалық қосылыстарға бұл қасиет тән емес.

4. Жоғары молекулалық қосылыстардың тұтқырлығы жоғары.

5. Полимерлерге деформация қасиеті тән.

6. Жоғары молекулалық қосылыстардың химиялық қасиеттері тізбектің құрылысына тәуелді.


8.1 Полимерлерді синтездеу әдістері

І. Полимерлену – қос байланыстардың бұзылуы нәтижесінде мономерлердің қосылу реакциясы. Полимерлену реакциясы екі түрлі болады:

1) радикалдық;

2) иондық (аниондық, катиондық);

Кез – келген полимерлену реакциясы үш сатыдан тұрады:

1. Мономерді активтендіру (қыздыру, сәулелену нәтижесінде):

 


𝜆𝜈

𝐴: 𝐴 → 2𝐴


𝑅: 𝑅 → 2𝑅


 


 

2. Тізбектің өсуі:


R• + CH2 = CH → R – CH2 – CH•

|                      |

X                    X

 

1
А + А → А А + А → А


1                      2

А   + А → А

𝑚−1                    𝑚

 


n
R – (CH2 – CH)•


– + CH2


= CH → R – (CH2


– CH)n+1


 

 

3. Тізбектің үзілуі:


|                   |                       |

X                 X                     X

 

А → А


𝑛         𝑛

 

R – (CH2 – CH ) [CH2 – CHCH2 – CH – R

|                   |                   |

X                 X                 X

 

𝑅 + 𝑅 → 𝑅 − 𝑅

 

Активтендіруді иницирлеу деп атайды - ол бос радикал алу үдерісі.

Инициирлеудің бірнеше әдісі бар:

1) термиялық – температураны жоғарылату;

2) фотохимиялық – жарық сәулесінің квант энергиясының әсерінен бос радикалдар түзілу;

3) радиациялық – радиоактивті сәулелердің әсерінен бос радикалдардың пайда болуы;

4) химиялық – арнайы қосылыстар қолдану нәтижесінде бос радикалдар түзілу. Мысалы, пероксидтер, азоқосылыстар әсерінен бос радикалдар алу.

Иондық полимерлену – полимерлену реакция үдерісінде жұмсалмайтын полимер құрамына кірмейтін катализаторлар қатысында жүреді. Иондық полимерлену карбкатион немесе карбанион түзілу үдерісімен сипатталады.

Катиондық полимерленуде – белсенді орталықтың түзілуі көміртек атомының электрон жоғалтып, карбкатион түзілуімен анықталады. Мысалы,

+

R – HC = CH2 + HX → RH2C – CH2[X–]


Мұнда инициатор НХ, ол диссоциацияланып:

 

НХ ⇄ Н+ + Х–

 

сутек катионын түзеді, ол полимерлену реакциясын иницирлейді.

 

Аниондық полимерлену – активті  орталық ретінде карбанион түзілуімен байланысты. Мысалы:

CH2 = CHCN + NaNH2 ⇄ NH2 – CH2 – CHNa+

|

CN

Инициатор:

2
NaNH2 ⇄ Na+ + NH –

 

Сополимерлену деп екі немесе одан да көп мономерден полимерлер түзілу реакциясы, түзілетін қосылыстарды сополимердер дейді.

 


 

Мысалы,


𝑛𝐴 + 𝑚𝐵 → ∙∙ −𝐴 − 𝐴 − 𝐵 − 𝐴 − 𝐵 − 𝐵 −∙∙∙

 

CH2 = CH + CH2 = CH → –CH2 – CH –[CH2 – CH]n

|              |                 |               |

CN         Cl              CN            Cl


 

Сополимерлену реакцияларын өндірісте кеңінен қолданады. Мысалы, полиакрил – нитрил талшықтарын, жасанды каучуктерді өндіруде.

 

A + B → [ A – B ]n

 

Мысалы, бутадиен – стирол каучугін бутадиен мен стиролды сополимерлену реакциясы арқылы алады.

 

Поликонденсация – деп мономерлердің функционалдық топтарының өзара әрекеттесуі нәтижесінде жоғары молекулалық қосылыстармен қатар, төмен молекулалық қосылыстар да түзіледі. Мысалы, су, аммиак, хлорсутек т.б.

Поликонденсация реакцияларына құрамында функционалдық топтары (OH; NH2; Cl; COOH т.б.) бар қосылыстар қатысады. Түзілетін полимердің құрылымдық буыны бастапқы мономердің құрамына сәйкес келмейді.

Мысалы, фенолформальдегидті шайырдың түзілуі:

 


Поликонденсация үдерісінде бірдей молекулалары қатысуы мүмкін. Бұл үдерісті

гомополиконденсация деп атайды.

Мысалы, ε – аминэнант қышқылының поликонденсация реакциясы жатады.

 

nH2N – (CH2)6 – COOH + nNH2 – (CH2)6 – COOH → H – [NH – (CH2)6 – CO]n – OH + (n –1)H2O

 

Поликонденсация реакциясына түрлі молекулалары қатысса - ондай үдерісті гетерополиконденсация деп атайды. Мысал ретінде адипин қышқылы мен гексаметилендиамин арасында жүретін реакцияны қарастыруға болады.

 

nHOOC – (CH2)4 – COOH + nNH2 – (CH2)6 – NH2 →

HO – [– OC– (CH2)4 – CONH – (CH2)6 – NH]n – H + (2n – 1)H2O

 

Поликонденсация реакцияларының өнімдері сызықты, тармақталған, торланған (үшөлшемді) болуы мүмкін.

 

8.2 Пластмассалар

Пластмассалар – өз пішінін қыздырғанда өзгертіп, салқындатқанда жаңа пішінін сақтайтын полимерлер негізінде жасалған материалдар.

Пластамассалар екі топқа бөлінеді: термопластты және термоактивті.

Термопластты полимерлердің қасиеті қыздырғанда өте баяу өзгеріп, тек белгілі температураға жеткенде тұтқыраққыш күйге ауысады. Сұйық термопластты полимерді сұйытқанда кері өзгеріс байқалады, полимер сұйық күйінен қатты күйіне ауысады. Термопластты полимерлерге полиэтилен, полистирол, поликапролактам т.б. жатады.

Полиэтилен ( СН2 — СН2 ) n , молекулалық массасы 20 мыңнан 3 млн дейін болады.

Полиэтилен түссіз, термопластикалық материал, химиялық тұрақты, жылу, электр тогын нашар өткізеді.

Этиленнің туындылары да полимерленеді.

 

nCH2 = CH → — CH2 — CH

|                          | n

X                        X

 

Х – тобының полимерде орналасуына байланысты:

1) изотамикалық;

2) синдиотактикалық;

3) атактикалық полимерлер деп бөлінеді.


пропиленнің изотамикалық (а), синдиотактикалық (ә), атактикалық (б) тізбегінің сызбанұсқасы

Полипропилен – стереобағытталған полимер. Изоляциялық материал, машина бұйымдарын, химиялық аппараттар т.б. заттарды жасауда қолданады.

 

Полистирол – термопластикалық полимер, молекулярлық массасы 50 мыңнан – 300 мыңға дейін. Қасиеттері полиэтиленге ұқсас. Көбіне оның сополимерлері қолданылады.

 

 

Поливинилхлорид – термопластикалық полимер, молекулярлық массасы 300 мыңнан – 400 мыңға дейін болады. Химиялық әсерлерге тұрақты, негіз электроизоляциялық материал.

 

Термоактивті полимерлер – қыздырғанда, артынша суытқанда өздерінің қасиеттерін бастапқы қалпына келтіре алмайды. Оларға фенолальдегидті, мочевина – альдегидті полимерлер жатады. Бұл полимерден жасаған бұйымдар өте берік болады.

 

Фенолформальдегидті шайыр – термоактивті полимер.


8.3 Талшықтар

Полимерлердің қолданылатын салалары – талшықтар мен маталар жасау.

 

 

 

             
     

 

 

Целлюлоза негізіндегі талшықтар

Целлюлозаның (этерификация) сірке қышқылымен реакциясы нәтижесінде жасанды полимерлер алынады: целлюлозаның диацетаты мен үшацетатын, оларды ацетат талшықтар даярлауда пайдаланады.

 

ОН                                                         OСОСН3

/                                    H2SO4           /

С6Н7О2 –  ОН + 2nСH3СООН               C6H7O2 – OСОСН3 + 2nH2O

\                                                               \

ОН n                                                   OН           n

 

целлюлоза диацетатының

ОН                                                           OСОСН3

/                                       H2SO4           /

С6Н7О2 –  ОН + 3nСH3СООН             C6H7O2 – OСОСН3 + 3nH2O

\                                                               \

ОН n                                                    OСОСН3 n

 

целлюлозаның үшацетаты


Синтетикалық талшықтар. Полиамидті талшықтар

Капрон – оны ε - – амионокапрон қышқылынан алады.

 

Бұл талшықтың формуласы жалпы түрде былай жазуға болады:

 

 

Н    О

|      ||

—NH — (CH2)5 — C

n

 

Капроннан техникаға қажетті бұйымдар, талшықтар даярланған. Капронды капролактамнан алады. Капролактам ішкі циклді (тұйықты) амид.

 


O

//

CH2 – CH2 – CH2 – C                          CH2 – CH2 – CH2

\

 

/                                     CH2 – CH2 – N

CH2 – CH2 – N                                                           \

\                                                           H

H                                       капролактам

ε - амионокапрон қышқылы капролактам


C = O + H2O


 

Капролактам гидролизденгенде ε - – амионокапрон қышқылы түзіледі.


Энант – ح - аминоэнат қышқылын поликонденсация реакциясы нәтижесінде алады:

 

Найлон (анид) – поликонденсация реакция нәтижесінде алады:

 

Полимердің жалпы формуласы:

 

Найлоннан талшық және техникалық бұйымдар дайындайды.

Терефталь қышқылы мен этиленгликольдың поликонденсация реакциясы нәтижесінде полиэтилентерефталаты алынады.

nHO – CH2 – CH2 – OH + nHOOC – C6H4 – COOH →

–[O – CH2 – CH2 – O – CO – C6H4 – CO]n– + H2O


Полиэтилентерефталатты лавсан алуда қолданады, ол полиэфирлі талшықтарға жатады.

Полиакрилнитрил, оның мономері акрилонитрил CH2 = CH – CH

Полмерлену нәтижесінде полиакрилнитрил алады, одан нитрон немесе орлон

талшықтарын алады.

 

nCH2 = CH → (– CH2 – CH –)n

|                   |

CN              CN

 

8.4 Каучуктар (көксағыз)

Каучуктар табиғи және синтетикалық болады.

Табиғи каучукті – кейбір тропикалық өсімдіктерден алады (гевея, ол Бразилияда өседі).

Табиғи каучук изопреннің полимері. Оның элементарлық буыны (С5Н8)n, n=2500. Салыстырмалы молекулярлық массасы 150 000 – 500 000.

 

nCH2 = C – CH = CH2 → (– CH2 – C = CH – CH2 –)n

|                                      |

CH3                                CH3

 

Синтетикалық және табиғи каучуктерді күкіртпен әрекеттестіру реакциясын

вулканизация деп атайды.

Вулканизация нәтижесінде материалдың беріктігі, майысқыштығы т.б. механикалық және химиялық қасиеттері артады.

Вулканизация нәтижесінде күкірт каучукпен химиялық байланысады:

 

|

СH3 S

|    |

– CH2 – C – CH – CH2 · · ·

| S

|

– CH2 – C – CH – CH2 · · ·

|   |

CH3 S

|

молекула тармақталады.


Синтетикалық каучуктар

1. Натрийбутадиен каучугін бутадиенді температура 600С, қысым 6 – 7 атм натрий қатысында полимерлеу арқылы алады:

 

𝑁𝑎

nCH2 = CH – CH = CH2 → (– CH2 – CH = CH – CH2 –)n

Оны синтездеуді алғаш ұсынған орыс ғалымы С.В. Лебедев. Алдымен бутадиенді алады. Оның алынуы төмендегі реакцияларға негізделген.

1) С.В.Лебедев бутадиенді алдымен мына реакция нәтижесінде алған:

 


→ CH =CH – CH=CH
2CH3 – CH2OH 𝐴𝑙2𝑂3+𝑍𝑛𝑂,400−500℃           2


2      2         2


2)

+ H
+ 2H O
өндірісте бутадиенді мұнай өнімдерінен алады:


3         2         2        3
C H  - C H  - C H  - C H  ¾¾A l2O¾3 +C¾rO3 ®


CH3 - CH = CH -CH3


¾¾Al2O¾3 +C¾rO3 ®


жоғары қысым                                                        (вакуум)

t=600 0 C                                                               t=650 0 C


® СH2


= CH - CH


= CH2


 

2. Изопрен каучугі – изопреннің полимерлену реакциясы нәтижесінде алынады:

 

Катализатор: Циглер катализаторы Al2(C2H5)3*TiCl3. Бұл каучукті шиналар жасауда қолданылады.

 

Мономерді екі жолмен алуға болады:

1) изопентанды дегидрлеу:

 

2) А.Е.Фаворовский әдісімен – ацетиленмен ацетоннан; реакция үш сатыда жүреді:

 

 


 

3. Хлоропрен каучугін – хлоропреннен алады:

 

nCH2 = C – CH = CH2 → (– CH2 – C = CH – CH2 –)n

|                                      |

Cl                                   Cl

хлоропрен

Мономерді винилацетиленнен НСІ қосу арқылы алады:

 

Хлоропрен каучугін аппараттар, машиналар бұйымдарын даярлауда қолданады.

 

4. Бутадиен – стиролды каучукті бутадиен мен стиролды саполимерлеу арқылы алады:

 

nCH2=CН + nCH2=CH – CH=CH2 → –(– CH – CH2 – CH2 – CH=CH – CH2 –)n

|                                               |

C6H5                                         C6H5

 

Каучуктерді шина, аяқ киім, электризоляторлар өндірісінде қолданады.


8.5 Тест тапсырмалары

1. Мақта талшығының орташа салыстырмалы молекулярлық массасы 753508 - ге тең. Полимерлену дәрежесі нешеге тең?

A) 4551          B) 4651        C) 4751            D) 4851              E) 4951

 

2. Берілген заттар қатарының қайсысынан каучукті алуға болады?

A) изопрен, толуол          B) хлорбензол, изопрен       C) этилен, бензол

D) дивинил, изопрен       E) дивинил, этилен

 

3. Қандай зат полимерленеді?

А) C3H8               B) C2H4                C) C4H10             D) C6H6                  E) C2H6

 

4. Бутадиен каучугінің мономері:

А) CH3 = CCl ─ CH = CH2

B) CH3 = C(CH3) ─ CH = CH2

C) CH3 = C=CH ─ CH3

D) CH3 = CH ─ CH = CH2

E) H2C = C(CH3) ─ CH2 ─ CH3

 

5. Изопрен каучугінің мономері:

А) CH3 = CCl ─ CH = CH2

B) CH3 = C(CH3) ─ CH = CH2

C) CH3 = C=CH ─ CH3

D) CH3 = CH ─ CH = CH2

E) H2C = C(CH3) ─ CH2 ─ CH3

 

6. Хлоропрен каучугінің мономері:

А) CH3 = CCl ─ CH = CH2

B) CH3 = C(CH3) ─ CH = CH2

C) CH3 = C=CH ─ CH3

D) CH3 = CH ─ CH = CH2

E) H2C = C(CH3) ─ CH2 ─ CH3

 

7. Табиғи каучук бұл:

A) полибутадиен

B) полиизопрен

C) полистирол

D) полипропилен

E) полихлоропрен

 

8. Полипропиленнің орташа салыстырмалы молекулярлық массасы 100000- ге тең. Полимерлену дәрежесі нешеге тең?

A) 2300         B) 2375        C) 2381           D) 2392             E) 2371

 

9. Химиялық талшықтарға жатады:

A) мақта         B) вискоза      C) лавсан        D) жүн         E) капрон

 

10. Лавсанды алу үшін мына заттарды пайдаланады:

A) этиленгликоль                   B) глицерин                C) адипин қышқылы

D) гексаметилендиамин         E) терефталь қышқылы


11. Найлонды алу үшін мына заттарды пайдаланады:

A) этиленгликоль

B) глицерин

C) адипин қышқылы

D) гексаметилендиамин

E) терефталь қышқылы

 

12. Табиғи жоғары молекулалық қосылысты атаңыз:

A) крахмал B) полиэтилен C) лавсан D) целлюлоза E) полистирол

 

13. Полипропиленнің құрылымдық буынын белгілеңіз:

А) ─ CH2 ─ CH2 ─  B) ─ CH2 ─ CH ─ СН3─        C) ─ CH2 ─ CH ─

│ СН3

СН3

D) ─ CH2 ─ C ─                                       E) ─CH2 ─ CH ─

│                                                               │

СН3                                                                               C2H5

 

14. Пластмассаны белгілеңіз:

A) поливинилхлорид B) полистирол C) лавсан D) целлюлоза E) капрон

 

15. Термоактивті полимерлер:

A) полиэтилен           B) фенолформальдегид шайыры           C) полипропилен

D) полистирол                                           E) поливинилхлорид

 

16. Термопластты полимерлер:

A) полиэтилен

B) фенолформальдегид шайыры

C) полипропилен
D) полистирол

E) поливинилхлорид

 

 

17. Каучукты резинаға айналдыру үшін оны:

A) гидраттайды

B) гидрлейді

C) полимерлейді
D) вулканизациялай

E) дегидрлейді

 

 

18. Синтетикалық талшық- энант мына әдіспен алынады:

A) димерлену

B) полимерлену

C) поликонденсация
D) изомерлену

E) этерефикация

 

 

19. Синтетикалық талшық- капрон мына әдіспен алынады:

A) димерлену B) полимерлену

C) поликонденсация

D) изомерлену E) этерефикация

 

       

 

20. Синтетикалық талшық- лавсан мына әдіспен алынады:

A) димерлену

B) полимерлену

C) поликонденсация

D) изомерлену

E) этерефикация

 

21. Капрон талшығын алуды мына сызбанұсқа сипаттайды:

А) NH2 ─ (CH2)6 ─ COOH + NH2 ─ (CH2)6 ─ COOH →


B) NH2 ─ (CH2)5 ─ COOH + NH2 ─ (CH2)5 ─ COOH →

C) NH2 ─ (CH2)4 ─ COOH + NH2 ─ (CH2)5 ─ COOH →

D) NH2 ─ (CH2)6 ─ NH2 + HOOC ─ (CH2)4 ─ COOH →

E) OH ─ (CH2)2 ─ OH + HOOC ─ C6H4 ─ COOH →

 

22. Энант талшығын алуды мына сызбанұсқа сипаттайды:

А) NH2 ─ (CH2)6 ─ COOH + NH2 ─ (CH2)6 ─ COOH →

B) NH2 ─ (CH2)5 ─ COOH + NH2 ─ (CH2)5 ─ COOH →

C) NH2 ─ (CH2)4 ─ COOH + NH2 ─ (CH2)5 ─ COOH →

D) NH2 ─ (CH2)6 ─ NH2 + HOOC ─ (CH2)4 ─ COOH →

E) OH ─ (CH2)2 ─ OH + HOOC ─ C6H4 ─ COOH →

 

23. Найлон талшығын алуды мына сызбанұсқа сипаттайды:

А) NH2 ─ (CH2)6 ─ COOH + NH2 ─ (CH2)6 ─ COOH →

B) NH2 ─ (CH2)5 ─ COOH + NH2 ─ (CH2)5 ─ COOH →

C) NH2 ─ (CH2)4 ─ COOH + NH2 ─ (CH2)5 ─ COOH →

D) NH2 ─ (CH2)6 ─ NH2 + HOOC ─ (CH2)4 ─ COOH →

E) OH ─ (CH2)2 ─ OH + HOOC ─ C6H4 ─ COOH →

 

24. Лавсан талшығын алуды мына сызбанұсқа сипаттайды:

А) NH2 ─ (CH2)6 ─ COOH + NH2 ─ (CH2)6 ─ COOH →

B) NH2 ─ (CH2)5 ─ COOH + NH2 ─ (CH2)5 ─ COOH →

C) NH2 ─ (CH2)4 ─ COOH + NH2 ─ (CH2)5 ─ COOH →

D) NH2 ─ (CH2)6 ─ NH2 + HOOC ─ (CH2)4 ─ COOH →

E) OH ─ (CH2)2 ─ OH + HOOC ─ C6H4 ─ COOH →

 

25. Поликонденсация реакциясымен мына талшық алынады:

A) вискоза        B) жібек     C) лавсан       D) жүн         E)ацетатты

 

26. Жоғары молекулалық қосылыстар:

А) қайнау температурасы жоғары

B) тірі организмде кездесетін зат

C) салыстырмалы молекулалық массасы жоғары

D) салыстырмалы молекулалық массасы төмен

E) қайнау температурасы төмен

 

27. Қандай полимер поликонденсация реакциясымен алынады?

A) бутадиен каучугі           B) фенолформальдегид пластмассасы   C) полиэтилен

D) полистирол                    E) изопрен каучугі

 

28. Жасанды талшықтар:

A) лавсан, найлон             B) вискоза, лавсан         C) вискоза, ацетатты талшықтар

D) жібек, капрон                                       E) нитрон, ацетатты талшықтар

 

29. Полиэфирлі талшыққа:

A) капрон         B) найлон           C) энант        D) лавсан   E) нитрон жатады.

 

30. Сополимерлену реакциясымен мына каучукті алады:

A) дивинил               B) бутадиенстиролды                  C) хлоропрен

D) изопрен                                      E) полистиролды

 

31. Лавсан талшығы түзілгенде мына функционалдық топтар әрекеттеседі:


A) – OH және  – CHO             B) – OH және – NН2               C) – COOH және – NН2

D) – COOH және – OH                      E) – CHO және – NН2

 

32. Капрон:

A) 4- аминогексан қышқылының поликонденсация реакциясының өнімі

B) 6- аминогексан қышқылының поликонденсация реакциясының өнімі

C) 5- аминогексан қышқылының поликонденсация реакциясының өнімі

D) ε- аминокапрон қышқылының полимерлену реакциясының өнімі

E) γ- аминокапрон қышқылының полимерлену реакциясының өнімі

 

33. 2 - хлорбутадиен - 1,3 молекуласы полимерленгенде қандай каучук түзіледі?

A) дивинил                                   B) изопрен                          C) хлоропрен

D) дихлоропрен                           E) бутадиен

 

34. Сахароза молекуласының құрамында неше гидроксил тобы бар?

A) 7               B) 8                 C) 10               D) 9                   E) 11

 

35. Мальтоза молекуласының құрамында неше гидроксил тобы бар?

A) 7               B) 8                 C) 10               D) 9                   E) 11


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. Химия. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық /Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Өңд., толықт. 3-бас. – Алматы: Мектеп, 2015. – 336 б., сур.

 

2. А.И. Артеменко. Органическая химия. Учеб. для 10 (11) кл. общеобразоват. учреждений с углубл. изуч. предмета и с изуч. Предмета на профильном уровне

/А.И.Артеменко. – 3-е изд., испр. и доп. – М.: АСТ-ПРЕСС ШКОЛА, 2006. – 400с.

 

3. Кузьменко Н.Е., Еремин В.В. Химия. 2400 задач для школьников и поступающих в вузы. – М.: Дрофа, 1999. – 560с.

 

4. Карцова А.А., Лёвкин А.Н. Органическая химия: задачи и практические работы. – СПб.: Авалон, Азбука-классика, 2005. – 240с

 

5. Габриелян О.С. Химия. Пособие для школьников старших классов и поступающих в вузы / О.С. Габриелян, И.Г. Остроумов. – М.: Дрофа, 2005. – 703, [1] с.

 

6. Е.Е. Ерғожин, М.Қ. Құрманәлиев. Жоғары молекулалық қосылыстар: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық /Е.Е. Ерғожин, М.Қ. Құрманәлиев. Алматы, 2008, 407 бет.


МАЗМҰНЫ

  КІРІСПЕ 3
1 ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ ПӘНІ. ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
1.1 Органикалық химияның даму кезеңдері 4
1.2 Органикалық қосылыстардың ерекшеліктері 5
1.3 Көміртек атомының электрондық құрылысы және гибридтенуі 5
1.4 Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы 7
1.5 Изомерия құбылысы 9
1.6 Органикалық қосылыстардың жіктелуі 12
1.7 Органикалық химиядағы химиялық реакциялардың түрлері 14
1.8 Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыс түрі және электрондық эффектілері 15
2 ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ТАБИҒИ КӨЗДЕРІ  
2.1 Мұнайды өңдеу 21
2.2 Кокстеу үдерісі 23
3 КӨМІРСУТЕКТЕР  
3.1 Қаныққан көмірсутектер (алкандар немесе парафиндер) 25
3.2 Алкан тақырыбына арналған есептерді шығару әдістемелері 33
3.3 Өзіндік орындауға арналған тапсырмалар 40
3.4 Циклоалкандар 42
3.5 Циклоалкандар тақырыбына есептер шығару әдістемесі 45
3.6 Өзіндік орындауға арналған тапсырмалар 46
3.7 Қанықпаған көмірсутектер 47
3.8 Алкендер тақырыбына арналған есептерді шығару әдістемесі 52
3.9 Өзіндік орындауға арналған тапсырмалар 56
3.10 Диенкөмірсутектер (алкадиендер, диолефиндер) 57
3.11 Өзіндік орындауға арналған тапсырмалар 61
3.12 Алкиндер 62
3.13 Ацетиленді көмірсутектер тақырыбына есептер шығару әдістемесі 67
3.14 Өзіндік орындауға арналған тапсырмалар 70
3.15 Көмірсутектер қоспасына арналған есептер шығару әдістемесі 71
3.16 Өзіндік орындауға арналған тапсырмалар 76
3.17 Ароматты көмірсутектер (арендер) 77
3.18 Бензол 80
3.19 Толуол 81

3.20 Ароматты көмірсутектер тақырыбына арналған есептер шығару әдістемелері 83
3.21 Өзіндік орындауға арналған тапсырмалар 86
3.22 Көмірсутектердің галогентуындылары 88
3.23 Өзіндік орындауға арналған жаттығулар мен есептер 90
3.24 Көмірсутектер тақырыптарына өзіндік орындауға арналған тапсырмалар 92
3.25 Тест тапсырмалары 96
4 ОТТЕКТІ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР  
4.1 Спирттер 101
4.1.1 Қаныққан біратомды спирттер 102
4.1.2 Көпатомды спирттер 107
4.1.3 Үшатомды спирттер. Глицерин 110
4.2 Спирттер тақырыбына арналған есептер шығару әдістемелері 112
4.3 Өзіндік орындауға арналған есептер мен жаттығулар 115
4.4 Ароматты көмірсутектердің туындылары 117
4.5 Өзіндік орындауға арналған есептер мен жаттығулар 121
4.6 Альдегидтер 122
4.6.1 Формальдегид 123
4.6.2 Ацетальдегид, сірке альдегиді 125
4.7 Кетондар 128
4.8 Альдегид және кетон тақырыбына арналған есептерді шығару әдістемесі 131
4.9 Өзіндік орындауға арналған тапсырмалар 133
4.10 Карбон қышқылдары 135
4.10.1 Құмырсқа қышқылы 140
4.10.2 Сірке қышқылы 141
4.11 Карбон қышқылдары тақырыбына арналған есептерді шығару әдістемесі 142
4.12 Өзіндік орындауға арналған тапсырмалар 146
4.13 Эфирлер 148
4.13.1 Жай эфирлер 148
4.13.2 Күрделі эфирлер 150
4.14 Майлар 153
4.15 Сабындар 155
4.16 Өзіндік орындауға арналған тапсырмалар 157
4.17 Көмірсулар 158
4.17.1 Гексозалар. Глюкоза 158
4.17.2 Фруктоза 163
4.17.3 D – Галактоза 163
4.17.4 Рибоза және дезоксирибоза 164
4.18 Дисахаридтер 165

4.18.1 Лактоза 165
4.18.2 Мальтоза 166
4.19 Полисахаридтер 167
4.19.1 Гликоген 169
4.19.2 Целлюлоза (клетчатка) 169
4.20 Көмірсулар тақырыбына арналған есептерді шығару әдістемесі 170
4.21 Өзіндік орындауға арналған тапсырмалар 178
4.22 Тест тапсырмалары 180
5 АЗОТТЫ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР  
5.1 Нитроқосылыстар 195
5.2 Аминдер 196
5.2.1 Анилин 201
5.3 Аминқышқылдары 203
5.4 Өзіндік орындауға арналған тапсырмалар 208
6 ГЕТЕРОЦИКЛДІ ҚОСЫЛЫСТАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК  
6.1 Азотты гетероциклды қосылыстар 210
6.2 Пиримидин және пурин негіздері 211
6.3 Пиридин 212
6.4 Тест тапсырмалары 214
7 АҚУЫЗДАР  
7.1 Жай және күрделі ақуыздар 216
7.2 Нуклеин қышқылдары 225
8 ЖОҒАРЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР. НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР 228
8.1 Полимерлерді синтездеу әдістері 233
8.2 Пластмассалар 235
8.3 Талшықтар 237
8.4 Каучуктар (көксағыз) 240
8.5 Тест тапсырмалары 243
  ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 247

 


Дата добавления: 2021-03-18; просмотров: 367; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!