Фишер формуласы    Колли-Толленсу формуласы 15 страница



A) рибоза B) дезоксирибоза C) сахароза D) глюкоза E) фруктоза

 

167. Сахарозаның жалпы формуласы:

A) C6H12O6   B) C12H24O12      C) C12H22O11   D) C12H20O10     E) C12H20O12

 

168. Сахароза гидролизденгенде мына өнімдер түзіледі:


A) глюкоза және галактоза                             B) галактоза және фруктоза

C) глюкоза және фруктоза                              D) рибоза және фруктоза

E) глюкоза және дезоксирибоза

 

169. Қандай дисахарид гидролизденгенде тек глюкоза түзеді?

A) сахароза  B) лактоза   C) мальтоза    D) глюкоза  E) фруктоза

 

170. Целлюлозаға қандай реакциялар тән?

A) оттекпен жану B) этерификация C) ашу D) гидролиз E) полимерлену

 

171. Целлюлоза мына заттармен күрделі эфирлер түзеді:

А) азот қышқылымен     B) тұз қышқылымен    C) сірке ангидридімен

D) спиртпен                     E) сірке қышқылымен

 

172. Сахарозаға мына реакциялар тән?

A) гидролиз B) этерификация C) тотығу D) сахараттар түзу    E) полимерлену

 

173. Целлюлоза азот қышқылымен әрекеттескенде мына өнім түзіледі:

A) күрделі эфир B) нитритоқосылыс C) жай эфир  D)аминоқосылыс E)ацетальдегид

 

174. Крахмалдың гидролизі нәтижесінде түзілетін соңғы өнім:

A) декстриндер B) желім  C) α- глюкоза D) мальтоза E) фруктоза

 

175. Крахмалдың элементарлық буынында неше гидроксил тобы бар?

A) 1               B) 2                 C) 3               D) 4                   E) 5

 

176. Целлюлозаның элементарлық буынында неше гидроксил тобы бар?

A) 1               B) 2                 C) 3               D) 4                   E) 5

 

177. Крахмалды мына затпен анықтауға болады:

A) күміс(І) оксидімен

B) мыс(ІІ) оксидімен

C) йод ерітіндісімен

D) спирт ерітіндісімен

E) қышқыл ерітіндісімен

 

178. Сахароза, крахмал және целлюлозаға қандай реакция ортақ?

A) гидрлеу B) хлорлау C) дегидрлеу D) гидролиз E) йодпен әрекеттесу

 

179. Целлюлозаның гидролизі нәтижесінде түзілетін соңғы өнім:

A) фруктоза B) α- глюктоза C) β- глюктоза D) рибоза E) дезоксирибоза


5 Азотты органикалық қосылыстар

5.1 Нитроқосылыстар

Нитроқосылыстар көмірсутек молекуласында бір немесе бірнеше сутек атомы нитро – тобына (–NO2 ) орынбасқан көмірсутек туындылары.

Радикал табиғатына байланысты:

1) алифаттық нитро қосылыстар. Мысалы, қаныққан көмірсутек нитроқосылыстары.

 

CH3 – NO2                               C2H5 – NO2

нитрометан                                         нитроэтан

2) нитротобы бензол сақинасымен байланысса, онда ароматты нитро қосылыстар

деп аталады.

 

NO2                                          CH2 – NO2

 

 

нитробензол                                               фенилнитрометан

Алу әдістері

1. Алкандарды нитрлеу арқылы алады, нитрлеу қоспасы қатысында:

 


СН – СН


+ НО – NO


𝐻2𝑆𝑂4 CH


– CH


– NO


+ H O


3         3                          2 →                        3          2          2      2

 

2. Бензолды нитрлеу арқылы алады. Нитрлеу үшін HNO3 + H2SO4 қоспасын қолданады,

нитрлеуші қоспасы деп атайды. Нитрлеуді 40–500С жүргізеді:

 

Нитробензол анилинді алуда қолданылады, суда ерімейді, улы.

 

3. Толуолды нитрлеуде үшнитротолуол алынады.

 

 


Физикалық қасиеттері

Алифаттық нитроқосылыстардың қайнау температурасы жоғары, суда нашар ериді, тығыздығы бірден жоғары.

Ароматтық нитроқосылыстар – сұйықтар немесе қатты заттар, өткір иісті, улы, суда ерімейді, жақсы еріткіштер.

 

Химиялық қасиеттері

1. Тотықсызданады. Реакция нәтижесінде аминдер түзіледі:

 

CH3 – NO2 + 3H2 → CH3 – NH2 + 2H2O C6H5 – NO2 + 3H2 → C6H5NH2 + 2H2O

 

Бұл реакцияны 1842 ж. орыс ғалымы Н.Н.Зинин ашқан.

 

2. Орынбасу реакциясына қатысады. NO2 – орынбасушы реагенттің ІІ тобына жататын болғандықтан, ол бензол сақинасында келесі реагентті мета-орынға бағыттайды.

 

NO2                                                 NO2

 

[H+]

+ HO – NO2                                              + H2O

NO2

1,3 динитробензол

𝐵𝑟,𝐾𝑂𝐻

CH3 – CH2 – NO2 → CH3 – CH – NO2 + KBr + H2O

|

Br

 

Қолданылуы

Нитрометанды еріткіш ретінде қолданады, туындылары зиянкестермен күресу препараттары ретінде қолданылады. Нитробензолды анилин өндіруде қолданады.

 

5.2 Аминдер

Аминдер – аммиактың туындылары. Оларды аммиак молекуласында органикалық радикалдардың сутекатомдарының орынбасу нәтижесінде түзілген қосылыстар деп қарастырады.

 

H – N – H

| H

Аммиак


R1 – N – H          органикалық радикал бір сутек атомының

|                  орнын басса – біріншілік амин;

H

 

R1 – N – R2         органикалық радикалдар екі сутек атомының

|                  орнын басса – екіншілік амин;

H

 

R1 – N – R2         барлық сутек атомдарының орнын

|                  радикалдар басса – үшіншілік амин;

R3

Аминдерді радикалдардың табиғатына байланысты төмендегідей бөледі:

 

 

 

Ароматтық
Алифаттық
Құрамында алифаттық радикал болады.        Құрамында ароматтық радикал болады.

CH3 – NH2                                             C6H5 – NH2

метиламин                                                                анилин

Аталуы

Радикал бойынша аталып, амин деген сөз қосылады.

CH3 – NH2 метиламин

CH3 – NH – СН3 диметиламин

CH3 – N – СН3 диметилэтиламин

| C2H5

Ароматтық аминдерді көбіне эмперикалық түрде атайды.

C6H5 – NH2анилин, аминобензол

C6H4(СН3) – NH2толуидин, оның үш изомері бар: орто-, мета-,пара-.

Сонымен қатар, құрамында екі амин тобы бар қосылыстары болады:

NH2 – CH2 – CH2 – NH2этилендиамин

Халықаралық атауы бойынша оларды төмендегідей атайды:

1    2        3

Н3С – СН – СН3

|

NH2          2 пропанамин

Аминдердің құрылысы аммиактың құрылысына өте ұқсас. Аммиак молекуласында жұп электроны болғандықтан, ол негіздік қасиет көрсетеді.

Аммиактан алифаттық аминдерге ауысқанда органикалық қосылыстардың негіздік қасиеттері артады. Себебі, азот атомының электракцепторлық қасиеті жоғары


болғандықтан, молекуланың электрондық бұлтының тығыздығы азот атомына қарай ығысады, осының әсерінен аминдердің негіздік қасиеттері жоғарылайды:

 

H                                       H

|                                         |     +

R – N : +     H+                       R – N : H          немесе

|                                         |

Н                                       H

 

H

|                                                 +

R – N : + НСІ               R – NН3 СІ –

| H

 

Алифаттық аминдердің негіздік қасиеті мына қатарда артады:

 

CH3–NH2 → CH3–N–CH3 → CH3–N–CH3

|                   |

 

H                CH3

негіздік қасиет артады

Ароматтық аминдердің негіздік қасиеттері алифаттық аминдерге қарағанда төмен. Себебі бензол сақинасындағы бос π – электрондар азот атомындағы жұп электронды өзіне қарай тартады, сондықтан оның негіздік қасиеті төмендейді.

 

 

(анилин, фениламин, аминобензол)

Ароматты аминдердің негіздік қасиеті алифаттық аминдерге қарағанда төмен.

Алифаттық аминдер сумен әрекеттеседі:

 

CH3–NH2 + НОН → [CH3NH3]OH

 

Ароматтық аминдер сумен әрекеттеспейді.

 

С6Н5–NH2 + НОН →


Аминдерді алу әдістері

1. Нитроқосылыстарды тотықсыздандыру арқылы:

 

СH3 – NO2 + 6H → CH3 – NH2 + 2H2O

 

2. Аммиакты алкилдеу арқылы:

 

NH3 +

C2H5 – J + NH3 →    |    J– → C2H5–NH2 + HJ C2H5

 

3. Қышқылдар амидтерін тотықтырып, бұзу арқылы:

O

//

H3C – CH2 – C + NaOBr → H3C – CH2 – NH2 + CO2 + NaBr

тотықтырғыш          этиламин

NH2

пропион қышқылының амиді

4. Нитрилдерді гидрлеу реакциясымен:

CH3 – C≡N + 2H2 → CH3 – CH2 – NH2

Катализатор: Pt, Ni

 

5. Спирттерді аммиакпен әрекеттестіру арқылы:

С2Н5 – ОН + NH3 → С2Н5 – NH2 + Н2О

Катализатор: Al2O3 Температура: 3000С

Физикалық қасиеттері

Төмен молекулалық CH3NH2, (CH3)2NH, (CH3)3–N – жағымсыз иісті газдар,

пропиламиннен бастап – сұйықтар, С>10 – иіссіз қатты заттар.

Төмен молекулалық массасы бар аминдер суда жақсы ериді. Жоғары молекулалық аминдер суда ерімейді.

Спирттермен салыстырса қайнау, балқу температуралары төмен.

 

  t қайн, 0 C t бал, 0 C   t қайн, 0 C t бал, 0 C
Этиламин 16,6 –80,6 Этанол 78,3 –117,3
Пропиламин 48,7 –83 Пропанол 97,2 –127

 

Химиялық қасиеттері

Аминдердің қасиеттері аммиак (NH3) қасиеттеріне ұқсас, аминдер – органикалық негіздер.

1) сумен әрекеттеседі:

 

СН3 – NH2 + HOH → [CH3 – NH3]OH

этиламмоний гидроксиді, оларды органикалық негіздер деп атайды.


2) қышқылдармен әрекеттеседі, реакция нәтижесінде тұздар түзіледі:

+

СН3 – NH2 + H – Cl → [CH3 NH3]Cl–

метиламмоний хлориді

+

(CH3)2 – NH + H – Cl → [(CH3)2NH2]Cl–

диметиламмоний хлориді

+

(CH3)3N + H – Cl → [(CH3)3NH]Cl–

үшметиламмоний хлориді

Түзілген тұздар диссоциацияланады:

+

[CH3NH3]Cl– ⇄ [CH3NH3]+ + Cl–

 

Сутек ионының қосылуы азот атомының электрондық құрылысымен түсіндіріледі:

Н                                       Н    +


Дата добавления: 2021-03-18; просмотров: 145; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!