Фишер формуласы    Колли-Толленсу формуласы 16 страница



|                                         |

СН3 – N : +     H+ → CH3 – N : H

|                                         |

H                                       H

 

Сутектің қосылуы донорлы – акцепторлы механизммен жүреді.

Тұздарға сілтілермен әсер еткенде аминдер түзіледі:

 

[CH3NH3]Cl + NaOH → CH3NH2 + NaCl + H2O

 


3) аминдер жанады:


 

4CH3NH2 + 9O2 → 4CO2 + 2N2 + 10H2O


 

4) азотты қышқылмен HNO2 әрекеттеседі:

а) біріншілік аминмен әрекетескенде спирттер түзіледі:

 

2
СH3 – NH2 + HO – NO → [CH3 – NH +]Cl–→ CH3 – OH + N2

диазонит тұзы

Реакцияны жүргізу үшін NaNO2 мен HCl қоспасы алынады:

 

NaNO2 + HCl → HO – NO + NaCl

 

Температура: 0 – 100С

 

ә) екіншілік аминмен әрекеттескенде нитрозоаминдер түзіледі:


H3C                                  H3C

\                                        \

NH + HO – NO   →   N – N = O + H2O

/                                        /

H3C                                   H3C

нитрозоамин

б) үшіншілік аминдер әрекеттеспейді.

 

5.2.1 Анилин

Анилин – ароматтық аминдердің бірінші өкілі.

·

Алу әдістері

1. Анилинді нитробензолдан Зинин реакциясымен алады:

C6H5 – NO2 + 3H2 → C6H5NH2 + 2H2O

Катализатор: Pt Температура: 3000С

 

2. Темірмен нитробензолды тотықсыздандыру:

4C6H5NO2 + 9Fe + 4H2O → 4C6H5NH2 + 3Fe3O4

 

3. Нитробензолды тотықсыздандыру үшін Зинин аммоний сульфидін пайдалануды ұсынған:

C6H5NO2 + 3(NH4)2S → C6H5NH2 + 3S + 6NH3 + 2H2O

 

Физикалық қасиеттері

NH2 – ерекше иісті, суда нашар еритін сұйық, 200С, м.ү. 3,4%. бірақ органикалық еріткіштерде ериді, улы.

Қайнау температурасы: 184,40С

 

Химиялық қасиеттері

Анилиннің химиялық қасиеттеріне бензол сақинасы әсер ететін болғандықтан, ол басқа алифаттық аминдерге қарағанда ерекше қасиет көрсетеді:

1) оның негіздік қасиеті алифаттық аминдерге қарағанда төмен. Анилин лакмусты түссіздендірмейді.

2) тұздар түзеді:

C6H5 – NH2 + H – Cl → [C6H5NH3]Cl

фениламмоний хлориді

Фениламмоний хлориді суда жақсы ериді, егер бұл тұзға NaOH – пен әсер етсе қайта анилин түзіледі:

[C6H5NH3]Cl + NaOH → C6H5NH2 + H2O + NaCl

3) орынбасу реакциясына қатысады. NH2 орынбасушы реагенттің І – тобына жататын болғандықтан, ол бензол сақинасында келесі орынбасушыларды орто- және пара- орындарға бағыттайды:

а) броммен әрекеттеседі:


NH2                                   NH2

 

Br             Br

+ 3Br2 →                              + 3HBr

 

Br

2,4,6 – үшброманилин

ә) күкірт қышқылымен сульфанил қышқылын береді:

 

NH2                                   NH2

 

 

+ HO – SO3H →                 + H2O

 

 

SO3H

 

4) алифаттық аминдерге қарағанда оңай тотығады:

 

NH2                                     O

 

 

+ [O]  →                     + NH3

 

 

O

хинон

5) анилиннің сапалық реакциясы CaCl2O (хлор ізвесі) тотығуы реакция нәтижесінде күлгін түс пайда болады, ол қара түске айналады.

 

Қолданылуы

1) анилин бояғыштарды жасауда;

2) дәрі-дәрмектерді (сульфамидтер, антигистамин) жасауда;

3) қопарғыш заттарды жасауда;

4) жоғары молекулалық заттар өндірісінде (полиуретан, полиамидтер, нейлон);

5) коррозия ингибиторларын жасауда;

Алифаттық аминдер жүйке жүйесіне теріс әсерін тигізеді. Ароматтық аминдер канцерогендер, қатерлі ісік ауыруын туғызады.


5.3 Аминқышқылдары

Аминқышқылдары – құрамында карбоксил – СООН және NH2 амин топтары бар органикалық қосылыстар.

 

– CH2

 

 

Жіктелуі

1. Амин тобының орналасуына байланысты α–, β–, γ–, δ–, ε– ... аминқышқылдары.

2. Көмірсутектің радикалының табиғатына байланысы: алифаттық, ароматтық.

3. Карбонил – тобының санына байланысты: моно–, дикарбонаминқышқылдары.

4. Амин – тобының санына байланысты: моно –, ди – карбонаминқышқылдары.

Аталуы

Аталуы карбон қышқылдарының аталуына негізделеді. Амин тобымен, басқа топтардың орнын цифрамен немесе грек алфавитінің әрпімен белгіленеді.

 

 

Изомерия

1. Көміртек қаңқасының:

 


2. Амин тобының орналасуы:

 

3. Класаралық:

4. Оптикалық:

     
 


Алу әдістері

1. Ақуызды гидролиздеу нәтижесінде.

2. Қышқылдардан алады:

 

 

 

3. Қанықпаған қышқылдарды аммиакпен әрекеттестіру арқылы:

 

O

//                               γ    β  α

CH2 = CH – CH2 – C + NH3 → NH2 – CH2 – CH2 – CH2 – COOH

\                              γ – амин бутан қышқылы

OH

 

4. Нитрокарбон қышқылдарын тотықсыздандыру нәтижесінде:

 

𝐹𝑒,𝐻𝐶𝑙

O2N – CH2 – COOH + 6[H] → H2N – CH2 – COOH + 2H2O

 

Физикалық қасиеттері

Амин қышқылдары кристалдық заттар, суда жақсы ериді. D – қатары амин қышқылдарының дәмі тәтті, L – қатары амин қышқылдарының дәмі жоқ. Глицин гомологтарының көміртек атом саны өскен сайын балқу температурасы өседі:

глицин +2920С аланин +2970С валин +3150С лейцин +3370С

Химиялық қасиеттері

Амин қышқылдары – екідайлы (амфотерлі) қосылыстар, себебі олардың құрамында карбоксил қышқылдық және амин негіздік қасиетті топтар бар. Сулы ерітіндіде олар екі күйде тепе-теңдікте болады:

 


Мұндай ионның түзілуі ішкімолекулалық әрекет нәтижесінде пайда болады, оны ішкі тұз деп те атайды (биполюсті ион). Биполюсті ионды цвиттер – ион деп те атайды.

Моноаминдиқышқылының құрамында бір амин (NH2-) тобы болса, онда сулы ерітіндінің ортасы – әлсіз қышқылдық болады:

 

Егер диаминмонокарбонқышқылы болса, онда орта – әлсіз сілтілік болады.

 

 

1. Аминқышқылдары екідайлы болғандықтан олар: а) НСІ – мен әрекеттесіп тұз түзеді:

α

NH2 – CH2 – COOH + HCl → [NH3 – CH2 – COOH]Cl

α – аминсірке қышқылының хлориді

ә) NaOH – пен әрекеттеседі:

NH2 – CH2 – COOH + NaOH → NH2 – CH2 – COONa + H2О

α – аминсірке қышқылының натрий тұзы

2. Металдармен әрекеттеседі:

 

2NH2 – CH2 – COOH + 2Na → 2NH2 – CH2COONa + H2

 

3. Металл оксидтерімен:

 

2NH2 – CH2 – COOH + Na2O → 2NH2 – CH2COONa + H2O

 

4. Спирттермен күрделі эфирлер түзеді:

 

5. Аминқышқылдары мыс (ІІ) гидроксидімен тұрақты көк түсті комплекстер түзеді:

 

2NH2 – CH2 – COOH + Cu(OH)2 → (NH2 – CH2 – COO)2Cu + 2H2O


Комплекстің құрылымдық формуласы:

H2C – NH2                    – O – C = O

|               Cu2+                           |

O = C – O –                                   NH2 – CH2

Молекула иондық және донорлы-акцепторлық байланыс арқылы түзіледі. Бұл реакция аминқышқылдарының сапалық реакциясы болып табылады.

6. Амин қышқылдары өзара әрекеттеседі, реакция нәтижесінде полимерлер түзіледі, оларды полипептидтер деп атайды:

О Н

|| |

NH2 – CH2 –COOH + H – N–CH2–COOH → NH2 – CH2 – C – N– CH2 – COOH

Бірінші сатыда дипептид түзіледі.

 

– C – N – тобын пептидті немесе амидті тобы немесе пептидтік байланыс

|| | деп атайды.

O H

7. Аминқышқылдары азотты қышқылмен (HNO2) әрекеттеседі:

О                                              О

//                                               //

NH2 – CH2 – C + HO – NO → HO – CH2 – C + N2 + H2O

\                                                \

OH                                          ОН

2 – гидроксисірке қышқылы

Бұл реакция аминқышқылдарын сандық анықтау реакциясының негізін құрайды, бөлінген азоттың көлемі бойынша аминқышқылдарының мөлшерін анықтайды.

 

8. γ – аминқышқылдар су молекуласын бөліп лактам түзеді (циклденеді).

 

Қолданылуы

1. Аминоқышқылдар адам организмінің ақуыздарының құрамына кіреді.

2. Адам гормондарының құрамына кіреді.

3. Жүйке жүйесінің биосинтезіне қатысады.

4. Дәрі - дәрмек ретінде (глицин; глутамин қышқылы; метионин; гистимин: γ – аминмай қышқылы) қолданылады.

5. Кейбір амин қышқылдары адам организмінің дұрыс жұмыс жасауына әсерін тигізеді, сондықтан олар түрлі тағамдармен организмге барып тұру қажет. Оларға валин, лейцин, изолейцин, фемилаланмн, аргинин, треанин, метионин, лизин, триптофан, гистидин жатады – оларды алмастырылмайтын деп атайды.


5.4 Өзіндік орындауға арналған тапсырмалар

1. Амин құрамы 61% – С; 15,3% – Н; 23,7% – N тұрады. Қосылыстың формуласын анықтап, изомерлерін жазыңыз.

Жауабы: С3Н9N

2. Біріншілік амин бромсутекпен тұз түзеді. Тұз құрамында 71,4% бром бар. Аминнің формуласын анықтаңыз.

3. Массасы 0,9 г этиламин жанғанда 2,7 г азот бөлінген. Өнім шығымын есептеңіз.

Жауабы: 96,4%

4. Массасы 24,6 г метиламин жанғанда азоттың қандай көлемі (қ.ж.) бөлінеді.

5. Массасы 35,4 г аминді жандырғанда 40,32 л (қ.ж.) көміртек (IV) оксиді, 48,6 г су, 13,44 л (қ.ж.) азот түзілген. Аминнің буының ауа бойынша тығыздығы 2,0345 тең. Аминнің формуласын анықтап, құрылымдық формулаларын жазыңыз.

6. Массасы 46,5 г органикалық зат жанғанда 6,7 г л (қ.ж.) көміртек (IV) оксиді, 3,15 г су және 0,56 л (қ.ж.) азот бөлінген. Аминнің сутек бойынша тығыздығы 46,5 тең. Заттың молекулярлық формуласын анықтаңыз.

7. Массасы 15,6 г бензолды нитрлеуге 75% шығыммен нитробензол алынған. Түзілген өнімнен қанша анилин алуға болады, егер өнім шығымы 80% болса?

Жауабы: 11,16 г

8. Массасы 36,3 г нитробензолды тотықсыздандырғанда 22,3 г анилин алынған. Өнім шығымын анықтаңыз.

Жауабы: 80%

9. Массасы 74,4 г анилин алу үшін нитробензолдың қандай массасын алу қажет? Өнім шығымы 80%.

Жауабы: 123 г

10. Массасы 50 г анилин ерітіндісін бромдау нәтижесінде 66 г тұнба түзілген. Бастапқы ерітіндідегі анилиннің м.ү. есептеңіз.

Жауабы: 37,2%

11. Құрамында 1,6% қоспа бар массасы 50 г нитробензолдан қанша анилин алуға болады?

Жауабы: 37,2 г

12. Массасы 67,5 г этиламинді жаққанда бөлінген азот температура 350С қысым 105 кПа болғанда қандай көлем алады?

Жауабы: 18,3 л

13. Массасы 27,9 г анилин жанғанда бөлінген азот температура 300 К және қысым 110 кПа болғанда қандай көлем алады?

Жауабы: 3,4 л

14. Массасы 27,9 г анилинмен массасы 156 г бром әрекеттескенде 2,4,6 - үшброманилиннің қандай массасы алынады?


Дата добавления: 2021-03-18; просмотров: 316; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!