Фишер формуласы    Колли-Толленсу формуласы 20 страница



Көп рет қайталанатын мономерлер немесе мономерлердің негізгі бөлігінен тұратын топтар буындар деп аталады.

[− СН2 − СН2−]𝑛 → полимерлену дәрежесі буын

Буындар саны – полимерлену дәрежесі деп аталады. Буындар саны полимердің молекулярлық массасымен төмендегі теңдікпен анықталады:

 


 

Мұндағы:


n = M r /m

n – полимерлену дәрежесі;

Mr – полимердің молекулярлық массасы; m – буынның молекулярлық массасы.

n – 5000 – 10000 дейін немесе одан да жоғары болуы мүмкін.


Макромолекула – буындардан құралған үлкен молекула.

Молекулалық массасы 500 – 5000 аралығында болса, оларды олигомерлер деп атайды.

Бірдей мономерден тұратын полимерлер – гомополимерлер деп аталады.

 

 

полипропилен

гомополимерТүрлі мономерлерден тұратын полимерлерді – сополимерлер деп атайды.

 

nCH2=CH–CH=CH2 + mCH2=CH → [CH2 – CH = CH – CH2 – CH2 – CH]n

|                                                         |

CN                                                    CN

бутадиен – нитрил каучугі

Сополимерлерге ақуыздар, нуклеин қышқылдары, синтетикалық полимерлер жатады.


Полимерлердің жіктелуі

І. Шығу тегіне байланысты оларды төмендегідей жіктейді:

1. Табиғи полимерлер (биополимерлер) – оларға целлюлоза (C6H10O5)n, ақуыз, мал жүні жатады.

2.

 

Жасанды полимерлер – табиғи полимерлерді өңдеу арқылы алынған полимерлер:

 

3.

 

Синтетикалық полимерлер – мономерден синтездеу арқылы алынған полимер:

полистирол

ІІ. Негізгі тізбектің құрамына байланысты екі топқа бөлінеді:

1. Гомотізбекті – тізбегі бірдей молекулалардан тұрады. Тізбек тек көміртектен тұрса – карботізбекті деп аталады. Мысалы,

 

2. Гетеротізбекті – негізгі тізбекте әртүрлі атомдардан тұрады: Мысалы, полиэтиленгликоль – байланыс түзуде көміртек атомымен қатар оттек атомы да қатысады.

 

ІІІ. Макромолекула тізбектерінің құрылысына байланысты үш топқа бөлінеді:

1. Сызықты – асимметрия дәрежесі өте жоғары ұзын тізбекті макромолекулалар.

 

– A –A – A – A – A –


Мысалы, поливинил спирті:


– CH2 – CH – CH2 – CH – CH2 – CH –

|              |             |

OH         OH         OH


Сызықты полимерлерге целлюлоза, табиғи каучук, кейбір ақуыздар (казеин) т.б. жатады.

2. Тармақталған – негізгі тізбегі жан – жағына таралған тармақтары бар макромолекулалар.

 

 

– CH2

CH2

CH2 – CH – CH2 – CH – → негізгі тізбек

CH2

CH2 → қосалқы (бүйір) тізбек

3. Торланған немесе кеңістіктік полимерлер – бір – біріне көлденең байланыстармен қосылған полимерлер. Оларға, резинаны, фенолформальдегид шайырын т.б. жатқызуға болады. Табиғи полимерлердің ішінде алмаз, кварцты айтуға болады. Табиғи полимерлерге жүн жатады.

|                                |

CH2 – CH – CH – CH2 – CH2 – CH – CH – CH2

|                                |

S                               S

|                                |

CH2 – CH – CH – CH2 – CH2 – CH – CH – CH2

|                                |

 

Химиялық табиғатына байланысты полимерлер төмендегідей жіктеледі:

1) Органикалық полимерлер – олар көміртек, сутек, оттек, азоттан, галогендерден тұратын қосылыстар. Органикалық полимерлер гомотізбекті және гетеротізбекті болып бөлінеді.


Гомотізбекті полимерлер

полимер буын құрылысы мономер
полиэтилен – CH2 – CH2 – этилен
полипропилен – CH2 – CH – | CH3 пропилен
полибутадиен –CH2 – CH=CH – CH2– бутадиен
полиизопрен –CH2 – C=CH – CH2 – | CH3 изопрен
поливинилхлорид –CH2 – CH – | Cl винилхлорид
политетрафтор этилен F F | | –C – C – | | F F тетрафтор этилен
полиакриламид – CH2 – CH – | CONH2 акриламид

Гетеротізбекті полимерлер

полиформальдеги д –CH2 – O – формальдегид
полиамидтер –NH–(CH2)x –NH–C–(CH2)4 –C – ||            || O           O амидтер

 

2) Элементорганикалық полимерлерге тізбектері көміртек атомымен гетероатомнан (азот, күкірт, оттек) тұратын полимерлер жатады. Ең көп тараған және көп қолданылатын кремнийорганикалық полимерлер (силикондар).

R       R

|        |

– Si – O – Si – O –

|        |

R       R

R – алифаттық немесе ароматтық радикал болуы мүмкін.

 

3) Бейорганикалық полимерлер – кремний, алюминий және басқа да элемент атомдарынан тұратын қосылыстар.Мысалы, – Mg – O – Mg – O – полимері

Н Н Н Н

|  |  | |

– Si – Si – Si – Si –

|  |  | |

Н Н Н Н

полисиландар

Табиғи және синтетикалық алюмосиликаттар.

Na2O • CaO • Al2O3 • nSiO2 • mH2O


Жоғары молекулалық қосылыстар номенклатурасы

Полимерлердің номенклатурасы оның құрылымын анықтап, полимерді танып білуге мүмкіндік береді.

Тривиалды номенклатура – мамандар арасында таралған. Мысалы, тефлон, поликарбонат т.б. бұл номенклатураның түрі химиялық құрамы, құрылымы туралы мәлімет бермейді.

Рационалды номенклатура (атау) – жиі қолданылады. Мономер атауына «поли» деген сөз қосылып, полимер аталады. Мысалы,

 

     
 

CH2 – CH –                      CH2 – CH

СН3 n                           ОН n

 


Дата добавления: 2021-03-18; просмотров: 147; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!