Азопирам ерітіндісін дайындау ережесі кандай?



3- Азопирам ерітіндісін қолдану тәртібі қандай?

1. ерітіндіні дайындау: 100 мл ерітіндіні әзірлеу үшін 10 гр амидоприн және 0,5 грамм анилиннің тұзды қышқылын өлшеп аламыз. Құрғақ ыдыста араластырып 100 мл-ге дейін 95 % этил спиртін құямыз.

2. Дайын ерітіндіні аузы жабылып +4гр –та тоңазытқышта 2 айға дейін сақтауға болады. Жұмысшы ерітінді дайындау үшін дайын ерітінді мен 3% сүтегі асқын тотығын тең мөлшерде араластырамыз.

3. Сынама қою үшін құрал-саймандар ға 2-3 тамшы реактив тамызылады не мақта ерітіндіге малынып, онымен сүртіледі. Егер құрал-саймандарға қан қалдығы болса ол 1-1,5 минут уақыттың өзінде сия-көк түске енеді.

98. Сіз медбикенің стоматологиядағы құрал-саймандарды залалсыздандырудан алдыңғы өңдеу кезеңдерін жүргізуін бақылауға келдіңіз. Ол құрал саймандарды 1 сағатқа дезинфектантқа салып қойды, одан алып жуу ерітіндісіне бөктірді.

1- Медбике дұрыс орындап жатыр ма?.

2- Құрал –саймандарды өңдеу кезеңдері қанша?

3- Құрал –саймандарды өңдеу кезеңдерінің реттілігін айтыңыз.

1. Медбике стоматологиядағы құрал-саймандарды залалсыздандырудан алдыңғы өңдеу кезеңдерінде құрал-саймандарды 1 сағатқа дезинфектантқа салып, одан алып жуып дұрыс орындады.

2.  Құрал- саймандарды өңдеу кезеңдері 6 кезеңден тұрады.

1 – кезең )

Құрас – саймандарды, көзге көрінетін қан, дәрі, пломбалық материалдан тазалау үшін дезинфектант құйылған ыдыста механикалық жолмен жуып – тазалап аламыз.

Механикалық өңдеуден өткізілген құрал- саймандарды дезинфектант салынған 2 ыдысқа 1 сағатқа салып жібітіп қоямыз. Құрал-саймандар 2 ыдыстан алынып, ағын суда шайылып алынады.

2- кезең )

Алдын жуу ерітіндісін дайындап аламыз. Жуатын ерітіндінің құрамы : 1 литр жуатын ерітінді дайындау үшін 5 грамм жуатын ұнтақ + 20 мл. 33% пергидроль + 975 мл су құямыз. Құрал саймандар 50-60 градусқа дейін ысытылған ерітіндіге 15 минутқа салып жібітіледі. Шүберектен әр бір құралды ысқалап жуамыз.

3 – кезең )

Кейін 3-6 минут ағын суда шайылады.

4- кезең )

Бүркелген қанға азопирам сынамасы қойылады. Егер нәтиже оң болса құрал-саймандар қайта 2 кезеңе қайтарылып жалғастырылады. Егер нәтиже теріс болса , онда жуатын ерітінді қалдығын анықтау үшін фенолфталиен сынамасы қойылады. Егер нәтиже оң болса қайтадан ағын суда шайылады.

5- кезең )

Теріс нәтиже болғанда олар дистелденген суда 10 минут қайнатылады.

6 – кезең )

Құрал – саймандар құрғақтық шкафында кептіріліп, жиылып, залалсыздандыруға жіберіледі.

 

99. Стоматолог дәрігерге 36 жастағы А. есімді науқас алдын алу мақсатта тістерін көрсетуге келді. Ауыз қуысын стоматологиялық айна және зонд көмегімен объективті қарау кезінде 46,47,18-ші тістерінің табиғий ойықтарында ақ дақ пайда болғаны анықталды. Науқаста ешқандай шағым жоқ. ЭОМ 2 мкА көрсетеді. Термометрияда теріс көрсеткіш көрсетті.

1. Тіс жегісінің қай дәрежесі екенін анықтаңыз?

2. Қолданатын ем- шаралар реттілігін айтыңыз.

1. Бастапқы тіс жегісінің дақты түрі.

2. Емі. Тіс жегісінің тіс қуысына қаншалықты терең енгеніне қарай дәрігер стоматолог ем тағайындайды. Тіс жегісінің бұл түрі реминерализация әдісімен тіске кальций фтор элементтерін сіңдіру арқылы іске асады.

100. Н. есімді науқас дәрігер стоматологқа азу тістерінің қатты ауырсынуына шағымданып, түні бойы ұйықтай алмай келіп тұрғанына, соңғы кездері ыстық суыққа тістері сезімтал болып, тамақтанып болған соң ауызын шайып тастамағанша ауырсыну басылмайтынына шағымданды. Объективті қарау кезінде 16-шы тісінің мойын бөлігінде тіс жегі анықталды. Шұқып көргенде қатты ауырады, қағып қарағанда ауырмайды.

1. Науқасқа нақтама қойыңыз.

2. Бұл Блэк бойынша қай сыныпқа жатады?

3. Тісті егеп тазалап, біріншілік эндодонтиялық жолды қалай ашылады.

1. Пульпит

2. 5-ші сынып

3. Тіс жегі қуысы тістің мойын бөлігінде орналасқандықтан,ол қуыстан еніп егеп тазалау қиындық тдырғандықтан алғашқы эндодонтиялық жолды жанасу бетінен жүлгелерден бастап енеміз. Конус тәрізді бормен алғашқы енетін қуыс жасап ары қарай шар тәрізді бормен жалғастырамыз. Тазалап экстрипация жасап болған соң тістің мойын бөлігіндегі аймаққа тунел жасап пломбалаймыз.

101. Науқас 23 жаста. Ол жоғарғы оң жақта тістің ыстық - суықтан қысқа мерзімді ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде еш бір тісте тісжегі қуысы байқалмады. Рентгеногарммамен тексергенде 16 тістің дисталды бетінде қатты тіндердің дентиннің ортаңғы бөлігіне дейін зақымдануы байқалды. ЭОМ 15 мкА көрсетті.

1- Тіс жегі қуысы Блэк бойынша қай сыныпқа жатады?

2- Нақтамасын қойыңыз.

Жасалынатын ем реттілігі.

1. 5-ші сынып.

2. Орта тіс жегі.

3. Орта тіс жегісінің емі жергілікті жансыздандыру, инфильтрациялық немесе өткізгіштік анестезия арқылы іске асырылады. Шар тәрізді бор көмегімен қуысты ашып кеңейтіп,жұмсарған дентин қабаттарын жояды. Қуысты антисептиктермен өңдеп кептіріп,түбіне және тіс қабырғаларына изоляциялық төсем салып,оның үстінен тұрақты пломба қойылады.

102. 25 жастағы Т. есімді ер науқас дәрігер стоматологқа алдыңғы күрек тістерінің қарайып қалғанына шағымданады. Ешқандай ауырсыну жоқ, тек эстетикалық бұзылыс болып тұр дейді. Стоматологялық айна және зонд көмегімен қарағанда 11 және 21-ші тістің түйіскен беткейінде қарайған тіс жегі бар. Шұқып көргенде ауырмайды, қағып қарағанда да ауырмайды. ЭОМ 2 мкА көрсетеді.

1. Тіс жегісінің бұл түрін Блэк қай сыныпқа жатады?

2. Тіс жегінің емдеу реттілігін жазыңыз.

1. 3-інші сынып.

2. Емі жергілікті жансыздандыру, инфильтрациялық немесе өткізгіштік анестезия арқылы іске асырылады. Шар тәрізді бор көмегімен қуысты ашып кеңейтіп,жұмсарған дентин қабаттарын жояды. Қуысты антисептиктермен өңдеп кептіріп,түбіне және тіс қабырғаларына изоляциялық төсем салып,оның үстінен тұрақты пломба қойылады.

103. Г. есімді 18 жасар ер науқас дәрігер стоматологқа профилактикалық мақсатта сухбат алуға келген. Объективті ауыз қуысын көру кезінде, 31-ші тістің мойын бөлігінде «кіреуке тамшылары» байқалды. Тіс тіндерінің артық мөлшерде өсуі байқалып,тістерінің көлемі қалыпты жағдайдан үлкейген.

1. Сіздің нақтамаңыз?

2. Қолданатын ем – шараңыздың реттілігі

1. Гиперплазия.

2. Арнайы алмазды бор көмегімен қырып алып тастап,реминерализациялық терапия тағайындалады.

 

104. Р. есімді 16 жасар қыз бала стоматологқа келді. Күрек тістерінің ағарып қалғандығына шағымданады. Ешқандай ауырсыну сезімі жоқ, бірақ тістерінің ағарып қалуының салдарынан күлуге уялатынына шағымданады. Объективті қарау кезінде 11 және 21-ші тістерінде ақ дақтар пайда болған,ал басқа тістері мүлдем тіс жегімен зақымдалмаған. Кіреуке өзінің жылтыр қасиетін сақтап қалған. Анамнез барысында тіс жегісінен профилактикалық мақсатта құрамында фтор мөлшері көп тіс пастасын қолданған.

1. Сіздің нақтамаңыз?

2. Қолданатын ем –шараңыз.

1. флюороз.

2.Емі. Терапияның бірінші міндеті фторды сыртқы ортадан қабылдауды тоқтату. Флюороз анықтала салып бұл іс шараны жүргізу керек,себебі фтордың мөлшерінің көбею салдарынан тісті жоғалтып,ол процесс жақ сүйектерге де өтіп кетуі әбден мүмкін. Фтордан аулақ болу үшін: балықтан,теңіз өнімдерінен бастартып,судың тек тазаланған түрін ғана қолдану керек. Қолданылатын тіс пастасының құрамында фтор болмауы тиіс. Бұл міндетті орындалатын іс шаралар ауруды тоқтатып қана қояды,ал кіреукені қайта қалпына келтіре алмайды. Осы іс шаралар тізімі профилактикалық мақсатта да қолдануға ұсынылған. Тістердің эстетикалық көрінісін қалпына келтіру тек хирургтар мен ортодонттар айналасады. Ал егер флюорозды кіреуке қабатына жеткізбей тоқтатқан жағдайда ол тісті ағартып қалпына келтіруге болады. 

105. Науқас 21 жаста дәрігер стоматологқа көріну кезінде фронтальды күрек тістерінде ақ дақтар көрінеді. Сұрап сүрістіру кезінде ол науқас тұратын аймақта осындай ала, сары мүжілген, қңыр түсті тістер өте көп кездесетінін айтты. Дәлелденген мәліметтер қолданыстағы судың құрамында фтор мөлшері көбейіп кетуі анықталды.

1. Сіздің нақтамаңыз.

2. Қолданатын ем – шаралар әдісі.

3. Аурудың алдын алу іс шаралары

1. флюороз.

2. Емі. Терапияның бірінші міндеті фторды сыртқы ортадан қабылдауды тоқтату. Флюороз анықтала салып бұл іс шараны жүргізу керек,себебі фтордың мөлшерінің көбею салдарынан тісті жоғалтып,ол процесс жақ сүйектерге де өтіп кетуі әбден мүмкін. Фтордан аулақ болу үшін: балықтан,теңіз өнімдерінен бастартып,судың тек тазаланған түрін ғана қолдану керек. Қолданылатын тіс пастасының құрамында фтор болмауы тиіс. Бұл міндетті орындалатын іс шаралар ауруды тоқтатып қана қояды,ал кіреукені қайта қалпына келтіре алмайды. Осы іс шаралар тізімі профилактикалық мақсатта да қолдануға ұсынылған. Тістердің эстетикалық көрінісін қалпына келтіру тек хирургтар мен ортодонттар айналасады. Ал егер флюорозды кіреуке қабатына жеткізбей тоқтатқан жағдайда ол тісті ағартып қалпына келтіруге болады. 

3. Профилактика. Терапияның бірінші міндеті фторды сыртқы ортадан қабылдауды тоқтату. Флюороз анықтала салып бұл іс шараны жүргізу керек,себебі фтордың мөлшерінің көбею салдарынан тісті жоғалтып,ол процесс жақ сүйектерге де өтіп кетуі әбден мүмкін. Фтордан аулақ болу үшін: балықтан,теңіз өнімдерінен бастартып,судың тек тазаланған түрін ғана қолдану керек. Қолданылатын тіс пастасының құрамында фтор болмауы тиіс. Бұл міндетті орындалатын іс шаралар ауруды тоқтатып қана қояды,ал кіреукені қайта қалпына келтіре алмайды. Осы іс шаралар тізімі профилактикалық мақсатта да қолдануға ұсынылған. Тістердің эстетикалық көрінісін қалпына келтіру тек хирургтар мен ортодонттар айналасады. Ал егер флюорозды кіреуке қабатына жеткізбей тоқтатқан жағдайда ол тісті ағартып қалпына келтіруге болады. 

106. 33 жасар Р. есімді науқас дәрігер стоматологқа азу тістерінің ауырсынуына шағымыданды. Тіс ыстыққа қатты ауырсынады. Ауызынан жағымсыз иіс шығуына шағымданды. Объективті қарау кезінде 46-шы тістің дистальды беткейінде тіс жегі қуысы анықталды. Терең шұқып көргенде ауырады, қағып қарағанда шамалы сезімталдық болды.

1. Сіздің нақтамаңыз.

2. Қандай қосымша тексеру әдісін қолданасыз?

3. Біріншілік эндодонтиялық жол қалай ашылады?

1. Пульпит

2. Электроодонтодиагностика немесе ұлпа жағдайын анықтайтын электрлік тесттер. Ұлпа жүйке рецепторларының электр тоғына реакциясын анықтау.

Ұлпаның электрлік қозуы: Сау тісте 2,6 мкА;терең кариесте 10-12мкА; пульпит кезінде 20-90мкА; периодонтит кезінде 100МкА-дан жоғары. Жасы өсе келе электр қозғыштық тез өзгереді. Ұлпаның электрлік қозғыштығын коронка болған жағдайда анықтау мүмкін болмайды.

3. Біріншілік эндодонтиялық жол,тіс фиссурасынан,яғни тістің жоғары бөлігінен ашылады. Шар тәрізді бор көмегімен қуысты ашып, ұлпаны толық сақтап қала алмайтын жағадай болса,немесе жартылай сақтап қала алмасақ экстрипация жасалынып ұлпаны алып тастаймыз,кейін дистальды жаққа қарай тунел жасап тазалаймыз.

108 . Стеклоиономерлі цементтер стоматология саласының кең қолданылатын цементі болып саналады.

1. Стеклоиономерлі цементтер құрамы қандай?

2. Стеклоиономерлі цементтер жалпы қасиеттері

3. Стеклоиономерлі цементтерді қолдануға дайындау әдісін айтыңыз

1. Құрамы: - ұнтақ : өте майдаланған фторалюмосиликатты шыны. Оның негізі кремний, алюминий тотығы және кальций фториді, кальций фосфаты, алюминий фосфатынан тұрады. Ерітінді- 40-55% полиқышқылдардың сулы ерітіндісі.

2. СИЦтердің жалпы қасиеттері:

  • молекулалар деңгейінде кіреуке мен дентинге су өткізбей жақсы жабысады;
  • ұлпаны тітіркендірмейді;
  • аз мөлшерде ериді;
  • рентгеноконтрасты;
  • қатқанна кейін ұзақ уақытфтор бөледі;
  • тіс кіреукесінің түсіне сәйкес;
  • қышқылдардың әсерінен тұрақты,
  • дентинмен термиялық кеңейту коэффициенті жақын,

 Қолдану орнына қарай :

  • оқшаулайтын пломба ретінде;
  • тұрақты пломба ретінде;
  • протездері бекіту мақсатында;
  • арналарды пломбылауда;

3.Шыныполиалкенатты цементтермен жұмыс істеудің жалпы ережелері.

  • Классикалық немесе суда қатаятын шыныполиалкенатты цементтер барысында тісжегі қуысының қабырғаларын цементтің тіс тіндерімен химиялық жабысуын жақсарту үшін алдын ала кондиционерлеу керек. Бұл үшін 10-25 полиакрил қышқылының судағы ерітіндісін қолдану керек. Кондиционерлі тісжегі қуысының қабырғаларына арнайы аппликатормен жағып, 30 секундтан кейін пистолеттегі сумен жуып кептіреді. Қуысты қатты кептіріп алмау керек. Тісжегі қуысын кондиционермен өңдеу арқылы дентин бетін майланған қабаттан тазалайды және бұл кезде кіреуке және дентиннің минералсыздануы болмайды. Буданды шыныполиалкенатты цементті арнайы құрамында гидрофилді полимерлі компоненті бар жабысқақ жүйемен қоса қолданады.
  • Цементті араластыру кезінде пломбалық масса қойыртпақ тәрізді болуы керек. Даяр болған пломбалық массаның беті жылтыр болуы цементті тіс тіндерімен химялық жабысуымен қамтамасыз ететін бос радикалдардың түзілуі болып табылады. Егер массаның бетңнде жылтырлық болмаса ондай массаны қолдануға болмайды.
  • Пломбаның қатаюы дентиннің аздап ылғалды жағдайында және сырттан ешқандай ылғал түспеу жағдайында жүргізіледі, материалдың борпылдақтығын азайтады.
  • Цементтің резіңке тәрізді консистенцияға жетуі кезінде барлық мүсіндеу жұмысын доғару керек. Егер осы жағдайда мүсіндеуді жалғастыратын болса-пломба түсіп қалады.
  • Біріншілік өңдеуді және мүсіндеуді 5 минуттан кейін өткір скальпельмен немесе кіреуке пышағымен қолдана отырып жүргізеді. Кейбір жағдайларда ғана цементтің күйіп кетпеуін қадағалай отырып алмазды борлармен жүргізеді.
  • Шыныполиалкенатты цементті қойғаннан кейін оны ауыз сұйықтығынан арнайы лактарды қолдана отырып оқшаулау керек.
  • Пломбаны жылтырату келесі кезеңде- 24 сағаттан кейін жүргізіледі.
  • 2 аптадан кейін шыныполиалкенатты цементтерден қойылған пломба аздап өзінің түсін өзгертеді. Сондықтан материалдың түсін таңдау кезінде бір реңкті түс- ақшылдау етіп алу керек.

109 Сіздің қабылдауыңызға науқас келді. Шағымы бойынша 45,46 тістердің тісжегі асқынуы байқалады. Тексеру барысында 45 тіс соғып тексергенде ауырады, сезімталдығы жоқ. Ал 46 тіс қағып тексергенде ауырмайды бірақ термиялық сезимталдық бар.

      А) Қандай анестезия түрін қолданасыз?

Б) Анестетиктің дұрыс салыну ережелерін анықтап жазыңыз.

А) Мандибулярлы және инфильтрациялық анестезия түрлері қолданылады.

Б) Мандибулярлы анестезия – науқас ауызын кере ашады. Сұқ саусақпен төменгі жақ бұтасының алдыңғы қырын анықтайды. Бұл екеуінің арасында ретромоляр үшбұрышы бар. Саусақ шұңқырға орналасып, оның ұшы самай жотасына бағытталады. Шприц қарсы жақтың кіші азу тістерінің тұсына кілегей қабыққа саусақ ұшына жақын, төменгі азу тістердің шайнау бетінен 0,75-1,0 см-дей биіктікке шаншылады. Ине самай қырына тіреледі. Шамамен 0,75 см тереңдікте 0,5мл анестетикті жібереді де шприцті жансыздандыратын бетке қарай жылжытады. Әрі қарай самай жотасын иненің ұшымен айналып өтіп, сүйек бойымен сырғып тағы да 1,5-2,0 см бойлайды. Мұнда 1,5-2,0 мл анестетик жіберіп 15-20 мин уақыт күтеді.

Инфильтрациялық анестезия – Ине қатпардың кілегей қабатына 40-45 градус бұрышпен керекті тіс түбірінің ұшына иаман енгізіледі. Дәріні жібере отырып инені альвеола қырымен жылжытып, қажет тістен арғы тістің тұсына дейін апарады. Иненің киығы сүйекке қарауы шарт. Нәтижеде қатарынан үш тістің тұсына дәрі енгізіледі. Анестезия 7-10 минуттан кейін әсер етеді.

110. Науқас Д, 27 жаста, стоматолог қабылдауына келді. Қызыл иектің қанағыштығы мен кышымсу сезіміне шағымданады. Тексеру барысында 32, 31, 41, 42 тістердің мойнында тіс тастары байқалды. Науқас табиғатынан өте сезімтал екенін айтты.

Бұл жағдайда қандай анестезия түрін қолданасыз?

Апликациялық және/немесе инфильтрациялық анестезия қолданылады.

Апликациялық анестезия – дайын спрей, гель, аэрозоль түрінде болады. Немесе тампонды ерітіндіге салып, шырышты қабатқа қою арқылы жансыздандыруға болады.

Инфильтрациялық анестезия – Ине қатпардың кілегей қабатына 40-45 градус бұрышпен керекті тіс түбірінің ұшына иаман енгізіледі. Дәріні жібере отырып инені альвеола қырымен жылжытып, қажет тістен арғы тістің тұсына дейін апарады. Иненің киығы сүйекке қарауы шарт. Нәтижеде қатарынан үш тістің тұсына дәрі енгізіледі. Анестезия 7-10 минуттан кейін әсер етеді.

111 . Науқас С, қабылдауға тістерінің эстетикалық бұзылысы шағымымен келді. Тексергенде 22, 23 тістердің жанасу беткейінің кариоздық бұзылысы анықталды. 23 тістің кесу беткейіне зақым келген.

1. Бұл Блэк бойынша қай классқа жататын тісжегі?

2. 23 тістің реставрациялау барысы реттілігін жазыңыз.

1) 22 тіс Блэк бойынша III класс, 23 тіс Блэк бойынша IV класс

2) реставрация

1. Препарация жасаймыз

2. керекті аймақты өңдейміз

3. кептіру

4. протравка жағу

5. жуу, кептіру, реставрацияға дайындай

6. адгезив жағу, лампамен жарықтандыру

7. пломбаны аздан жағу арқылы тістің анатомиялық формасын калыптастыру

8. полировка

112 . Стоматолог қабылдауына науқас келді. Шағымы бойынша фронтал тістеріне соққы алған. 11, 12 тістер соққы нәтижесінде түсі күңгірттелген. Қарап тексеру нәтижесінде қағып қарағанда ыңғайсыздық сезінеді. Науқас тістерге реставрация жасап бер деп талап етуде.

1. Науқастың 11, 12 тістеріне нақтама қойыңыз

2. Тістердің біріншілік эндодонтиялық қалыптастыру жолын айтыңыз.

3. Реставрация үшін қолданатын пломбалық материалдарды таңдаңыз.

1) Жарақаттық периодонтит

2) Тістің шайнау бетінен тесип, экстирпация жасаймыз. Каналдарды тазалап, каналға арналған пломбалық материалмен толтырамыз (эндофил, эндометазон). Түбірге эндоағартқыш материал тастаймыз, аралық төсеммен жабамыз. Тістің анатомиялық формасын шыныиономерлі пломбалық материалмен қалыптастырамыз.

3) Реставрацияға қолданылатын пломбалық материалдар: Megafill, Primedent, Filtek, Xsite (шыныиономерлі, жарықпен қататын пломбалық материалдар)

113 . Науқас Б, 23 жаста, тісжегі асқынуымен келді. Ит тіс, опистогнатиялық тістем. Рентгенографиялық суретінде тістің 1 түбірі, 2 арнасы бар екені анықталды. Бір арнасы түзу, ал екіншісі тар және қисық, ұшы дистал беткейге қисайған.

 Мұндай жағдайда эндодонтиялық аспаптардың қандай түрлерімен жұмыс жасайсыз?

Эндодонтиялық аспаптар: Дриль бор, Рашпиль, К-файл, Н-файл. Осы жағдайда түбірі тар әрі қисық болса К-файл нитифлэкс (K-file niti flex) қолданылады.

114. Науқас 31 жаста, қабылдауға тісжегі асқынуымен келді. Тексеру барысында 25ші тістің ұрт беткейіндегі мойын бөліктік тіс жегі анықталды.

1. Тіс жегі қуысын егеп тазалау реттілігін айтыңыз.

2. Бұл тіске біріншілік эдодонтиялық жолды ашу тәсілін көрсетіңіз.

3. Арналарды механикалық өңдеу реттілігін айтыңыз.

1,2) Ұрт беткейін егеп тазалаймыз және эндодонтиялық жолды тістің шайнау бөлігінен ашамыз. Ұрттан таңдайға қарай анатомиялық сызаттың үстінен тесеміз.

3) Механикалық өңдеу түбірашылған соң пульпоэкстрактормен экстирпация жасаймыз, К-файлмен каналдарды кеңейтеміз. Түбір инесімен кетпіріп жуамыз, пломбалаймыз.

115. Терапиялық стоматология бөліміне 17 жастағы науқас келді. Шағымы : жоғарғы және төменгі жақ күрек тістеріндегі ашық қоңыр түсті дақтар. Зондтау кезінде беткей тегіс, эмаль жылтыр. Анемнезден: науқас 3 жастан 7 жасқа дейін су құрамында фторы көп (2,5 мг/л) мекенде өмір сүрген.

1. Нақтама қойыңыз.

2. Емін тағайындаңыз.

1) флюороз

2) Ағарту препараттары, химиялық жолмен тазарту, эстетикалық түрді калыптастыру үшін реставрация жасауға болады.

116. Науқас 47 жаста. Шағымы: Тістер сезімталдығы. Обьективті тексеру барысында тіс түбірінің 2/3 бөлігінің ашылуы, 14, 15, 24, 25 тістер мойнында тіндер жетіспеушілігі анықталды. Ақау бар жерде тіс беткейлері жылтыр, сарғайған, тегіс, шұқып көргенде ауырмайды, қағып қарағанда да ауырмайды. ЭОМ 2 мкА.

1. Нақтама қойыныз.

2. Аурудың этиологиясы.

3. Емдеу әдісі.

117. Дәрігер стоматолог қабылдауына науқастың 47 тісі тісжегі асқынуымен келді. Тіс жегі қуысы ұрт беткейінде орналасқан. Рентген суретінде тістің медиал түбірі қисық екені көрінді.

1. Тіске біріншілік эндонтиялық жолды қалай ашылады?

2. Қолданылатын эндодонтиялық құрал –саймандарды атаңыз.

118. Науқас 19 жаста, жоғарғы оң жақтағы жедел, өздігінен пайда болатын ауру сезіміне шағымданады, ауру 2 күн бұрын пайда болған. Суыққа сезімтал. Ұстама кезінде ауыру сезімі жоғарғы жақтан бет сүйегі аймағына өтеді. Беті симметриялы. Тексеру кезінде 16 тістің апроксимальді беткейлерде терең тіс жегі қуыстары байқалады. Шұқып көргенде қуыстарда қатты ауру сезімі болады. Қағып қарағанда ауырмайды.

1. Алдын ала нақтама қойыңыз.

2. Қандай қосымша тексеру әдістерін қолданасыз?

3. Ауруды емдеу реттілігін көрсетіңіз.

1.Жедел диффузды  пульпит.

2.Электроодонтодиагностика (нормада 2 мкА,пульпитте ЭОД 30-60 мкА)

3.Емі:1)Биологиялық тәсіл арқылы ұлпаны тірі қалпында сақтап емдік пломбамен жабу арқылы;

2)Хирургиялық -ұлпаны жартылай немесе толықтай жойып алып тастаумен сипатталады.Экстерпация-көп жағдайларда қолданылып,ұлпа толығымен алып тасталынады.Витальды немесе девитальды әдіспен жасалады.

Ампутация –сауыттық ұлпаны жоюмен ғана шектеледі.Ол да витальды және девитальды әдіспен жүзеге асырылады.Емдеу реттілігі:

1.кариеспен зақымданған тіс тінін алып тастаймыз;

2.ұлпаны жою(арнайы пульпожұлғыш қоданылады)

3.рентгенге түсіру-тіс арналарының формасы мен ұзындығын анықтау мақсатында

4.Тіс арнаалры мен сауытын тазарту

5.Пломбалық материалмен жабу (бірінші арналарды,сосын тістің сауытын пломбалық материалмен толтырып анатомиялық бүтіндігін қалпына келтіру)

 

119 . Терапиялық стоматология клиникасына 35 жастағы науқас келді ауыз қуысын санациялау мақсатымен келді. Қарап тексеру кезінде жоғарғы жақтың тістерінің таңдай және төменгі жақтың тістерінің тіл беткейлерінде қара- қоңыр түсті тіс кірлерімен ½ бөлігі жабылған.

1. Қандай құрал- саймандармен тіс қақтары алынады?

2. Тіс қақтарын алу кезінде дәрігер стоматолог қандай қорғаныс заттарынан пайдаланады?

3. Ауыз қуысының жеке гигиенасы бойынша қандай ұсыныстар бересіз?

1.Соңғы уақытқа дейін стоматологияда тіс тасын алудың механикалық әдісі қолданылып келді. Ол үшін әртүрлі өлшемді және пішінді экскаваторлар (аршығыштар), ілмектер (крючки), кіреуке пышақтары, кюретаждау қасықшалары, Грейси кюреткалары, орақ пішінді скалерлер, рашпильдер, имплакерлер, пародонтологиялық пышақтар, Визион кюрветтері қолданылады.Сонымен қатар ультрадыбысты аппаратттар,Air Flow аппараттары да қолданылады.

2.Стерильді қолғап,маска ,және де арнайы көзілдірік :тас ұсақтары көзге ұшпауы үшін.

3.Ауыз қуысының гигиенасын сақтауды.Күніне минимальды  2 рет тісті тамақтанып болған соң және ұйықтар алдында 3-4 минуттан тазалауды ұсынамыз.Тіс тазалауда дұрыс щеткамен таңдауға көмектесеміз және оны әр 3 айда ауыстырып отыруды ұсынамыз.Тіс тазалауда тіс аралықтарынан қалдықтарын тазалау үшін арнайы тіс жіптерін флосстарды ,ёршиктерді қолдануды ұсынамыз.Жұмсақ және тез қорытылатын көмірсуларды қолданбауға оның орнына қатты витаминге толы :алма,сәбіз сияқты тіс тіндерін нығайтатын тағамдарды қолдануға нұсқау береміз.Және де кәсіби тіс тазартудан соң құрамында жасанды бояғыш заттары бар тағамдарды қолдануға,кофеині бар сусындарды қолдануға тыйым саламыз.

 

120. Науқастың жасы 20. Аурудың алдын алу іс - шарамен қарап тексеруде 11, 12 тістердің кесу қырында, сонымен қатар 16 және 26 тістердің төмпешіктерінде ақ дақтар анықталды. Дақтар 2% метилен көгінің ерітіндісімен боялмайды және қарап тексергенде басқа тістерде анықталмайды.

1. Болжа мды диагноз қойыңыз

2. Салыстырма нақтама жасаңыз.

3. Мұндай жағдайда қандай іс –шара қолданасыз?

121. Науқас химиялық зат өндіретін заводтың жұмысшысы. Жоғарғы жақтың алдыңғы тістерінде ақаудың пайда болуына шағымданып келді. Обьективті көрінісі: 11,21,22, 12 тістерде эмаль денгейінде және дентиннің жоғарғы қабатында дөңес пішінді ойықтар анықталды, ойықтырдың қабырғалары мен табаны тегіс және тығыз. Шұқып тексергенде эмаль-дентин шекарасында сәл ғана ауру сезімі бар. Температуралық тітіркендіргіштерге реакция қысқа мерзімді.

1. Нақтама  қойыңыз .

2. Емдеу реттілігін айтыңыз.

1. Тістің қатты тіндерінің ойығы

2. Жарақаттың бастапқы сатысында қайта минералдандырып емдеген тиімді. Құрамында фтор, кальций бар арнаулы ертінділермені бастырма қою (аппликация) немесе электрофорездеу әдісімен жарақат ошағына сіңіреді. Қайта минералдандыру үшін қоскомпонентті кальций нитратының 10% ертіндісінен және аммоний қышқыл фосфатының ерітіндісінен тұратын қоспаны пайдалануға болады. Максимовский Ю.М. (1981) эрозиялық ақауларды композиттік материалдармен пломбылап, тісті реставрациялаудың алдында жарақат ошағында қайта минералдандырып емдеу шараларын жүргізіп, тістің қатты тіндерін тығыздандырып алған тиімді деген қағиданы ұстанады. Мұның өзі пломбының жиектік жабысуын жақсартып, пломба төңірегінде саңылаулар пайда болмауын қамтамасыз етеді.

122 . Науқастың жасы 36, тістерін тазалағанда жоғарғы жақ тістерінің сезімталдығының жоғарлағанына шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы жақтағы сүйір және кіші азу тістердің вестибулярлы беттерінде мойын бөлігінде ақаулары бар, қабырғалары қатты, тегіс, көлденен кесіндіде үшбұрышты пішіндес. Шұқып тексергенде сезімталдығы байқалады.

1. Нақтама қойыңыз.

2. Салыстырма нақтама жасаңыз.

3. Қолданатын ем –шаралардың реттілігін көрсетіңіз.

    

    1. Сына тәрізді ақау

2. Сынаға ұқсас ақауды тереңдігіне байланысты тісжегіден ( жоғары, орта тісжегі), кіреукенің мойын аймағында некроздануынан және кіреуке эрозиясынан ажырата білу керек. Тісжегі кезінде қуыстың қабырғаларында жұмсарған тіндер байқалады, қуыс аузындағы кіреуке жиегі тегіс емес, су шайған жарға ұқсас болады, сүңгілеп байқағанда табанында немесе кіреуке-дентин шекарасында ауыру сезімі болады. Сынаға ұқсас ақаудың ауызы кең, өзіне тән пішіні бар, қабырғалары қатты.

Кіреуке эрозиясы кезінде де тіс тіндері жұмсармай жойылады, ақаудың пішіні жарты ай немесе тостағанға ұқсас болады. Төменгі күрек тістер ешуақытта жарақаттанбайды.

3. Емі: ақаудың басталған кезінде оның әрі дамуын тоқтатуға арналған шаралар жүргізеді.

Ол үшін тістің қатты тіндерінің төзімділігін күшейтетін дәрілік препараттар қолданады (кальций глюканатының 10% ерітіндісі, фторлы натрийдің 2% ерітіндісі, 75% фторлы қойыртпақ, құрамында фтор бар гельдер және лактар). Тістерді тазалау үшін қайта минералдандырушы қасиеттері бар тіс қойыртпақтары және жұмсақ мәсуектер қолданады. Егер ақаулар тереңдеу болса, оларды композиттік материалдармен егеп-тазаламай-ақ пломбылап, тістің пішінін қалпына келтіреді. Ақау өте терең болып, тіс сауытының сынып кету қаупі болса, жасанды сауыт кигізуге тура келеді.

 Сына тәрізді ақау) кезінде міндетті түрде пигменттелген тіндер қырып алынып тасталынады, ұлпаға дейін қалың дентин қабаты болғандықтан, дентин түтіктерін жабу үшін аралық пломба қойылады. Егер адгезив жүйесімен жұмыс жасалынатын болса, онда аралық пломба  қойылмайды. Адгезивтен кейін тұрақты жарықпен қататын пломба салынады..

 

123. 20 жастағы науқас тістердегі пигменттелген дақтың болуына шағымданады. Анамнезінен – бала кезінен тіс түсінің өзгеруі анықталады, тістердің түсінің сондай өзгеруі туыстарында да кездеседі. Тіс эмальін тексергенде көптеген бор тәрізді, кейбір аймақтарда пигменттелген дақтар анықталды, олар тістің бүкіл бетінде орналасқан. Дақ аймағындағы эмаль тегіс, жалтыр, зонд зақымдалған аймақ бетінен сырғиды, дақ метилен көк ерітіндісімен боялмайды.

1. Науқасқа нақтама қойыңыз.

2. Салыстырма нақтама жасаңыз.

3. Қолданатын ем шаралар реттілігін көрсетіңіз.

1.Диагнозы –флюороз. Дақты түрі.Флюороз – құрамында фтордың мөлшері көп суды пайдалану нәтижесінде организмнің фтормен созылмалы уыттануынан туындаған эндемиялық ауру

2. Тістер флюорозының салыстырмалы диагностикасы.

Флюороздың жеңіл түрлерін (жолақты және дақты) дақты гипоплазиядан және           дақты тісжегіден ажыратады.

Тіс сауыттарында ақаулардың құрылуына әкеп соғатын ауыр түрлерін (бордақты- теңбілді, эрозиялы, деструкциялаушы) жоғарғы тісжегіден, сынаға ұқсас ақаудан, кіреуке эрозиясынан, кіреуке некрозынан, тістердің патологиялық қажалуынан ажыратады.

3. Дақты флюорозда емнің негізі –тістің тіндерін реминерализациялау,тістің ағарту және де эмаль беткейлерін тегістеумен жұзеге асырылады.

124. 55 жастағы науқас төменгі жақ тістер сауыттарының ақауына шағымданады. Объективті: 36,35,34,44,45,46 тістер вестибулярлы бетінің мойын аймағында дентин деңгейінде қабырғалары бұрыш түзетін ақаулар бар. Ақау беттері тегіс, жалтырланған. Зондтпен шұқығанда ауырмайды.

1. Науқасқа қандай қтама қоясыз?

2. Қолданатын ем шаралар реттілігін көрсетіңіз.

1.(Сына тәрізді ақау)

2.Дифференциалды диагностикасы:сынаға ұқсас ақауды тереңдігіне байланысты тісжегіден ( жоғары, орта тісжегі), кіреукенің мойын аймағында некроздануынан және кіреуке эрозиясынан ажырата білу керек. Тісжегі кезінде қуыстың қабырғаларында жұмсарған тіндер байқалады, қуыс аузындағы кіреуке жиегі тегіс емес, су шайған жарға ұқсас болады, сүңгілеп байқағанда табанында немесе кіреуке-дентин шекарасында ауыру сезімі болады. Сынаға ұқсас ақаудың ауызы кең, өзіне тән пішіні бар, қабырғалары қатты.

Кіреуке эрозиясы кезінде де тіс тіндері жұмсармай жойылады, ақаудың пішіні жарты ай немесе тостағанға ұқсас болады. Төменгі күрек тістер ешуақытта жарақаттанбайды.

-Емі: ақаудың басталған кезінде оның әрі дамуын тоқтатуға арналған шаралар жүргізеді.

Ол үшін тістің қатты тіндерінің төзімділігін күшейтетін дәрілік препараттар қолданады (кальций глюканатының 10% ерітіндісі, фторлы натрийдің 2% ерітіндісі, 75% фторлы қойыртпақ, құрамында фтор бар гельдер және лактар). Тістерді тазалау үшін қайта минералдандырушы қасиеттері бар тіс қойыртпақтары және жұмсақ мәсуектер қолданады. Егер ақаулар тереңдеу болса, оларды композиттік материалдармен егеп-тазаламай-ақ пломбылап, тістің пішінін қалпына келтіреді. Ақау өте терең болып, тіс сауытының сынып кету қаупі болса, жасанды сауыт кигізуге тура келеді.

 Сына тәрізді ақау) кезінде міндетті түрде пигменттелген тіндер қырып алынып тасталынады, ұлпаға дейін қалың дентин қабаты болғандықтан, дентин түтіктерін жабу үшін аралық пломба қойылады. Егер адгезив жүйесімен жұмыс жасалынатын болса, онда аралық пломба қойылмайды. Адгезивтен кейін тұрақты жарықпен қататын пломба салынады..

 

125. 25 жасар жігіт жоғарғы жақ тістеріндегі косметикалық ақауға шағымданады. Тісінің түсінің өзгеруін бала кезінен байқаған. Бала кезінде рахитпен ауырған. Қарап тексергенде: алдыңғы күрек тістерінің вестибулярлы бетінде және бірінші азу тістердің төмпешіктерінде симметриялы орналасқан бор тәріздес дақтар орналасқан. Дақтың беті тегіс, жылтыр, дақ 2% метилен көгінің ерітіндісімен боялмайды.

1. Науқасқа нақтама қойыңыз.

2. Аурудың этиологиясын айтыңыз.

3. Емдеу іс- шараларының реттілігін айтыңыз.

1. Нақтама: Гипоплазия.
2. Этиологиясы: Гипоплазия баланың рахитпен, ауыр жұқпалы аурулармен, диспеепсиямен, эндокрин бездерінің жеткіліксіз жұмысынан және ана мен балаының түрлі зат алмасуын бұзатын ауруларының салдарынан болады. Гипоплазия амелобласттар мен одонтобластардың қызметінің бұзылуынан келіп шығады. Ол сүт және тұрақты тістердің гипоплпзиясы жүкті әйел ағзасындағы қызметтердің бұзылуынан болма, ал тұрақты тістердің гипоплпзиясы көбіне бала туылғаннан кейін басынан кешірген ауруларына байланысты болады. Сонымен қатар гипоплазияға бала ауырған кезде қайсы топ тістерінің минерилизациясы болып жатса, сол тістердің барлығында ақау пайда болады. Олар тіс сауытының топтарына қарай түрлі жерлерінде кездеседі. Келіп шығуына қарай гипоплазияны жүйелі, ошақты және жергілікті деп бөлеміз. Клиникасына қарай - кіреукенің түсі өзгерген ( дақ түрі) , тістің қатты тіндерінің құрылысы өзгерген ( толқын сияқты, кесе тәрізді , науа тәрізді ), кіреукенің жұқаруы болып бөлінеді.
3. Емі: Клиникалық көрініске қарай пломбалайды не беткейлер қырып тасталып жарықпен қататын пломба салынады. Препараттау кезінде тістің қатты тіндерін өте шектеулі алып тасталады. Тістер көп жейілгенде жасанды тіс сауытымен қапталады.

126. 20 жасар қыз жоғарғы және төменгі алдыңғы тістерінде пигменттелген дақтарға шағымданады. Тістер түсінің өзгеруі балалық шағынан бар. Балалық кезінде асқазан ішек жолдарының ауруларымен көп ауырған. Қарап тексергенде алдыңғы тістердің тістер кіреукесі кесу беткейіне жақын жерлері сары түске боялған. Тістер жылтыр, тегіс ешқандай ауру сезімі жоқ.

1.  Алдын ала нақтама қойыңыз.

2. Салыстырма нақтама жасаңыз.

3. Емдеу іс –шараларының реттілігіне айтыңыз.

1. Нақтама: Тетрациклин
2. Салыстырма нақтамада флюрозмен салыстырамыз мұнда тұрақты тістер көп бұзылады. Тісте әр түрлі үлкендікте дақ болады. Және түрлі формаларда болады, ойықты формасы кезінде бор тәрізді дистрофия мен кіреуке пигментациясы қатты айқындалады.
3. Емі: Клиникалық көрініске қарай пломбалайды не беткейлер қырып тасталып жарықпен қататын пломба салынады. Препараттау кезінде тістің қатты тіндерін өте шектеулі алып тасталады. Тістер көп жейілгенде жасанды тіс сауытымен қапталады.

127. 20 жасар жігіт алдыңғы тістерінің косметикалық ақауына шағымданады, бұл балалық шағынан байқалады. Қарап тексергенде жоғарғы күрек тістерінің кесу қырында жартылай ай тәріздес ойығы бар, тістің пішіні бөшке тәріздес.

1. Науқасқа қандай нақтама қоясыз?

2. Емдеу іс – шараларының реттілігін айтыңыз.

1. Нақтама: Пфлюгер.
2. Емі: Егер гипоплазияның жеңіл дақты түрі болса емді талап етпейді. Эстетиканы бұзып,тістің бұзылу процесі дамитын болса емді талап етеді. Бірақ та бұл ауруды толығымен емдеу мүмкін емес. Дәрігер стоматолог косметикалық өзгерістерін дұрыстап бере алады,бірақ бірнеше уақыттан кейін қайтадан келуге тұра келеді. Негізгі ем тісті ағарту негізінде істелінеді. Бұл дақты кіреуке бетінен жоюға мүмкіндік береді. Бірақ бұл әдіс аурудың ауыр сатыларында қолданылмайды. Кей жағдайда егеп тазалау әдісін қолданады. Тағы да қосымша тістерді реминерализациялау арқылы емдейді. Бұл емдеу әдісін арнайы препараттар (Ремодент, кальций глюконат) көмегімен істейді. 

128. Түбір өзектерін өңдеудің «Step Back» әдісін қолдану реттілігі.

Step Back-(бір адым кей) әдісімен өңдеу. Бұл әдіс түбір өзегін өңдеуді өзектің ең тар түбір ұшы бөлігінен бастап, өзек сағасы бағытында жүргізуді қарастырады және аспаптарды қолдануды ең кіші өлшемнен бастап, үлкен өлшеммен аяқтайды. Орындау тәсілі: Түбір өзегін ұсақ аспаптармен өңдеу кезінде құрамында ЭДТУ бар эндолубриканттар пайдаланған жөн. Оларды қолдану дентин өзекшелерінің ауызын тазартуға көмектесіп, ұсақ аспаптардың өзекте еркін жылжуын қамтамасыз етеді. Түбір ұшына жақын өзек қабырғасында тірек жасау. Бұл тірек кертпе ретінде қалыптастырылады және гутаперчаны түбір ұшы тағылымында жақсылап нығыздау үшін, оның түбір сыртына шығып кетпеуі үшін қажет. Тіректі өзекте түбір ұшында дейін өткен және түбір ұшы деңгейінде ілініп қалған ең кіші өлшемді файлдың көмегімен жасай бастайды. Әрбір файлды өзекке енгізер алдында сұйық немесе гель түріндегі эндолубрикантпен ылғалдандырып алады. Аспаптарды алмастыру алдында өзекті жуып дентин үгінділерінен тазартады және оны арнаулы эндодонттық шприцтің көмегімен орындайды.
Түбір өзектерін Step Back әдісімен өңдеу. Аталған әдіс инфекцияланған дентинді түбір өзегі қабырғасынан алуға және түбір өзегіне конусты форма беруге бағытталған. Әдіс түбір ұшынан тіс сауытына қарай бағытталған және біріншілік позицияға қайтадан оралу немесе бір қадам артқа қайта оралу. Түбір өзегін өңдеу реттілігі:
1. Соңғы аспаптың мөлшерін анықтау (Риммер), түбір өзегі бойымен түбір ұшына дейін еркін өтіп, тістің жұмысшы бөлігін шектейтін шектеуіш қойылады;
2. Түбір өзек қабырғаларын басқа эндодонтиялық аспаптар көмегімен өңдеу (К-файл, Н-файл) сәйкес мөлшері;
3. Өзекті жуу;
4. 1, 2, 3 пункттерді бір мөлшерге үлкен аспаптарды қолдана отырып қайталау;
5. Бірінші өңдеуге қолданған аспаптарға оралу, осындай әдісте 3 мөлшердегі аспаптар ауыстырылып отырады. Бірақ 25 мөлшерінен кем емес;
6. Түбір өзекті өңдеуге алдыңғы қолданған жұмысшы ұзындығы 2-3мм аспаптар қолданылады;
7. Өзекті жуу;
8. Түбір ұшына жеткен аспапқа қайта оралу, өзекті дентин қалдықтарынан тазарту (көбіне Н-файл қолданылады);
9. 6, 7, 8 пункттерде қолданған аспаптардан 4-5мм ұзынырақ аспаптарды қолдану;
10. 9-пунктті қайталау, қолданған аспаптарға сәйкес мөлшерлі аспапты қолданып тек ұзындығы 6-8мм ұзынырақ;
11. 9-пунктте қолданылған аспаптармен қайталау, 8-10мм ұзынырақ және түбір өзегінің жоғарғы 3тен 1 бөлігінің өңделуін Gates Glidden типті аспаптармен жүргізу.

129. Түбір өзектерін өңдеудің «Crown Down» әдісін қолдану реттілігі

Crown Down –( сауыттан төмен қарай) әдісімен өңдеу. Бұл тәсіл-кең тараған тәсіл және түбір өзегін сағасынан бастап түбір ұшына қарай кеңейтуді қарастырады. Бұл үшін кеңейтуді үлкен өлшемді аспаптармен бастап,кіші өлшемді аспаптармен аяқтайды.
Crown Down тәсілімен өзекті кеңейту әдісінің жүйесі:
1. Өзек сағасын қолмен істейтін К-файлдың көмегімен тауып алу.
2. Өзектің сағалық бөлігін үлкен өлшемді 04 профайлмен кеңейту.
3. Осыдан кейін өзектің жұмысшы және оны түбір ұшына дейін өте алатын аспаптың өлшемін анықтау.
4. Алғашқы дайындық және өзектің түбірұшы бөлігінің еркін өтуін қамтамасыз ету;
5. Өзектің орта бөлігін дайындау;
6. Өзекті соңғы рет дайындау;
Түбір өзегінің өңделуін тіс сауытынан түбір ұшына қарай аспаптың үлкен мөлшерінен кіші мөлшерге қарай реттеп бағыттайды. Түбір өзегінің өңделуін аяқтау кезінде аспаптың мөлшері 25мөлшерден кем болмауы керек. Басталуында әдіс қолмен өңделетін аспаптарға даярланып жасалған, бірақ қазір машиналық қондырғылар көмегімен іске асатын әдіске ауысты. Аспап мөлшерін есептеу, өзек сағасын сол аспап мөлшеріне сай келетіндей етіп кеңейту және тістің жұмысшы бөлігін білу. Жұмысшы бөлігін 2-3ммге азайту арқылы аспаптың өзегінің 3тен1 сағасына ену мөлшерін анықтайды. Осы әдісті қолдану үшін өзекті дәстүрлі әдіс бойынша 20мөлшері қолдпнылады. Өзекті өңдеудің сатылары:
1. Өзектің 3тен1 бөлігі және өзегі есептелген мөлшерге дейін кеңейтілуі (Gates Glidden және Largo) аспаптарын қолдануға болады;
2. Өзекті жуу;
3. Жұмысша ұзындық бөлігін 2-3ммге ұлғайтады;
4. 1, 2, 3 пункттерді аспап мөлшерін азайтып қайталау;
Осы әдіспен түбір өзегін түбір ұшына дейін өңдейді. Өзекті өңдегенде 2 әдісті аралас қолдануға болады.

130. Витальді ампутация әдісінің қолдану алгоритімін айтыңыз.

     1-келу

  1. Ауыз қуысы антисептикалық ерітіндімен өңделеді;
  2. Инъекциялық жансыздандыру жасалады;
  3. Тісжегі қуысын бормен ашып, кеңейтіріледі;
  4. Тісжегі қуысын шар тәрізді бормен некротомия жасалынады;
  5. Тісжегі қуысы қалыптастырылады;
  6. Стерильді №1 шар тәрізді бормен тіс қуысы тесіледі;
  7. Фиссуралы бормен тіс ұлпасының жоғарғы бөлігі толық алып тасталады;
  8. Өткір экскаватормен тіс ұлпасының сауыт бөлігін кесіп алып тасталады;
  9. Шар тәрізді бормен арна бастауы кеңейтіледі;
  10.  Өткір экскаватормен арна бастауындағы ұлпа кесіп алынады;
  11.  Арнадан қан ағуды дәрі-дәрмектермен тоқтатылады;
  12.  Жылы ауамен қуыс кептіріледі;
  13.  Арна бастауына қабынуға қарсы әсер етуші сықпа қойылады;
  14.  Уақытша пломба материалын дайындалады;
  15.  Қуыс 2-3 тәулікке жабылады.
    2-келу
  16.  Уақытша пломба алып тасталынады;
  17.  Қуыс жылы антисептикалық ерітіндімен өңделеді;
  18.  Тіс тіндеріне емдік сықпа қайта қойылады;
  19.  Аралық пломба дайындалады;
  20.  Тегістегіш- нығыздағыш көмегімен қуысқа аралық пломба салынады;
  21.  Тұрақты пломбалық материалдар дайындалады;
  22.  Тегістегіш- нығыздағыш көмегімен тұрақты тұрақты пломбаны қуысқа енгізіліп тегістеледі.

131 . Витальді экстирпация әдісінің қолдану алгоритімін айтыңыз.

1. Инъекциялық жансыздандыру жасалынады

2. Тіс жегі қуысын бормен препаратталады

3. Фиссуралы және шар тәрізді бормен қуысты ашып, кеңейтілед

4. Шар тәрізді бормен экскаватормен ұлпа сауытын ампутация жасалынады

5. Арна ұлпасы кеңейтілед

6. Арна ұлпасын жұлғышпен экстрипация жасалындаы

7. Арна дәрі-дәрмектермен өңделінеді

8. Егер арна тар болса оны эндодонтиялық құралдармен кеңейтіріледі

9. Арна спиртпен немесе құрғақ мақта тампонмен кеңейтіріледі

10. Арна пломбасы дайындалады

11. Арна толтырғышпен және түбір инесімен арна пломбаланады

12. Аралық пломба дайындалады

13. Тегістегіш- нығыздағыш көмегімен қуысқа аралық пломба салынады

14. Тұрақты пломбалық материалдар дайындалады

15. Тегістегіш- нығыздағыш көмегімен тұрақты тұрақты пломбаны қуысқа енгізіліп тегістеледі

132. Девитальді ампутация әдісінің қолдану алгоритімін айтыңыз.

133. Девитальді экстипация әдісінің қолдану алгоритімін айтыңыз.

134. Биологиялық әдістің емдеу реттілігін айтыңыз.

135. Ауыз қуысының жеке гигиенасының стандартты әдісін қолдану реттілігін айтыңыз.

 

 


Дата добавления: 2019-11-25; просмотров: 699; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!