Тістер эрозиясы (эрозия зубов) 9 страница



II сынып - үлкен және кіші азу тістердің түйіскен беткейлерінде орналасқан тіс жегі;

III сынып — кесу беткейлері бұзылмай, күрек және ит тістердің туйіскен беткейлерінде орналасқан тіс жегі;

IV сынып - күрек және ит тістердің түйіскен беткейлерінде орналасқан тіс жегі;

V сынып - барлық тіс мойнында орналасқан тіс жегі.

VI сынып - алдыңғы тістердің кесу, кіші және үлкен азу тістердің төмпешіктерінде орналасқан тіс жегі.

 

54. Беткей тіс жегінің клиникасы, нақтамасы және емі.

Беткей тіс жегіде - дақ кезеңінде тіс жегінің дамуын тоқтататын іс — шаралар қолданылмағанда, ол әрімен қарай дамып, тістің қатты тіндерінен түрлі бейорганикалық микроэлементтер шайыла береді де, айтарлықтай ошақ микроорганизмдердің шабылуына тосқауыл жасай алмай қалады. Мұнда кіреукеде қуыс пайда болады. Химиялық (қышқыл, тұзды, тәтті тағамдар) тітіркендіргіштерден қысқа уақытқа ауру пайда болады. Tic тазалағанда механикалық және термиялық тітіркендіргіштерден қысқа уақытқа ауру сезімі болады.

Қарап тексергенде — беткей тіс жегі қуысын көреміз, шұқып тексергенде қуыстың түбі тегіс емес, зонд усталып қалады, ауырмайды, қағып қарағанда да ауырмайды.

Салыстырма нақтамасы гипоплазиядан, қатты тіндердің ойық-тарынан сына тәрізді ақаудан ажырмайды.

Беткей тіс жегіні емдеу.

Емдеу оташылдық жолмен алып барылады. Патологиялық өзгерген тіндер препаратталып, қырып алып тасталады. Егер қуыс тереңдеп кетсе, онда ол пломбаланады. Ал тек дақ сияқты қарапайым за-қымданса, онда дақ кезеңіндегідей реминерализирлеуші ем шара жасалады. Қазір жаңадан шыққан, мықты пломбалар көп болғандықтан, қуыс дәрі-дәрмектермен өңделгеннен кейін (сутегі асқын тотығымен жуылады, 70% спиртпен өңделеді, құрғатылады) тістерді реставрация жасағанда қолданатын пломбалық материалдар -праймер, бонд, адгезив жүйесі бар жарықпен қататын не композициялық материалдармен пломбаланады.

55. Стоматологияда науқасты тексерудің негізгі және қосымша әдістерін жазыңыз.

Науқастарға дұрыс ем - шаралар тағайындау үшін, алдымен оны тексеріп, дұрыс нақтама қою керек.

Стоматологиялық науқастарды тексерудің 2 әдісі бар:

1. Тексерудің негізгі әдісі

2. Тексерудің көмекші әдісі

Тексерудің негізгі әдістеріне - сұрау, қарап тексеру, кұрал – саймандармен тексеру жатады.

Тексерудің қосымша әдістеріне — рентген тексерулер, ЭОД, зертханалык, цитологиялық және т.б. жатады

Сұрау (анамнез жинау) - науқасты тексерудің ең маңызды кезеңі болып саналады. Ол ауру тарихын, өмір тарихын, аллергиялық және мамандығы бойынша тарихын жинаудан тұрады. Сұрауды науқастың шағымдарынан бастайды. Науқастан соңғы кездерде не мазасыздандырып жүргенін, ол қалай басталғанын, аурудың мінезі, ағымы, алдын емделген емделмегендігі, емделген болса оның пайда болғанын не болмағанын сұраймыз. Сұрау кезінде ең маңыздысы ол ауру сезімі жайлы мәлімет. Шағымдарын сұрау кезінде аурудың мінезіне, ұзақтығына, ауратын жеріне, қарқынына, күн тәулігіне байланысты ма жоқ па, кимыл іс - әрекет кезінде, күн ыстық суыгана байланысты болатынын анықтайды.

Қарап тексеру - сыртай және ауыз қуысын тексеруден тұрады. Ол табиғий не жасанды жарық көзін пайдалану жолымен өткізіледі.

Науқасты сырттай қарап тексеруде оның сырт көрінісіне, ісік, ассиметрия бар жоқтығына, теріде морфологиялык элементтердің бар жоқтығына, жыланкөз не тыртықтарға көңіл бөлінеді.

Ауыз куысын тексеру - науқастың тыныштық жағдайында жақтары тістесу кезінде, еріндері босаңсып тұрғанда жоғарғы ерінді көтеріп, төменгі ерінді, не стоматологиялық айнамен ұртты тартып қаралады.

Рентгенологияльщ тексерулер - стоматологияда кең тарқалған болып, кейде тіндердегі өзгерістерді анықтайтын жалғыз әдіс болып табылады. Бұл әдіспен аурудың клиникасын, ошақтың орналасу орнына карай емдеуді жоспарланады Әдістің ауыз ішінен және сыртынан рентгенография жасау, панорамды рентгенография, ортопантомография, компьютерлік радио-визиография және т,б. түрлері бар. Мұнда кішкене пленканы ауыз қуысынан тістің тіл беткейіне қызыл иекке саусақпен науқас басып ұстайды да, рентген суретін түсіреді. Суретті түзу және қисық проекцияда түсіреді. Рентгенография арқылы қатты тіндердің жағдайын, жасырын тіс жегі қуыстарын, ретенцияға ұшраған тістерді, тістердегі тесілуін, сынығын, кисықтығын, түбірлерінің қалыптасу және сорыпу дәрежесін, куыстағы дентиклдерді, арнадағы бөгде заттарды аныктайды.

Сиалография - сілекей бездеріндегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін — контрасты рентгенография тәсілі колданылады

56. Ауыз қуысының сілекей бездерінің қызметі және сілекей бездердің түрлері.

Сілекей – ауыз қуысына бөлінетін сілекей бездерінің бөліндісі. Сілекей (лат. saliva) — мөлдір, түссіз сұйықтық. Сілекей ауыз қуысын ылғалдап, дәм сезу мүшелерінің қызметін қамтамассыз етіп, жеген тамақты ылғалдайды.Сонымен бірге, сілекейдің ауыз қуысын тазартып, тісті зақымданудан сақтайтын бактериалық қасиеті бар.Ауыз қуысындағы сілекей ферменттерінің әсерінен көмірсулардың ыдырауы жүзеге асады. Сілекейдің рН ортасы 5,6-дан 7,6-ға дейін болады.

Сілекей бездері.

Сілекей бездерін кіші және үлкен сілекей бездері деп бөледі. Жұпты үлкен сілекей бездері – құлақ маны, төменгі жақ асты, тіс асты және кіші сілекей бездері – ерін, ұрт, тіл ас қорыту бездері болып табылады.

Құлақ маңы сілекей безі – үш бездің ішіндегі ең ірі без болып табылады. Безде бет нервісі өрім түзеді. Бездің шығару өзегі ауыз қуысы кіре берісінде жоғары 2 – ші азу тіс деңгейінде ашылады.

Төменгі жақ асты сілекей бездер – серозды кілегейлі секрет бөліп шығарады. Шығару өзегі тіл асты еміздікшесіне ашылады. Иек асты және тіл артериялары салдарынан қанмен қамтамасыз етіледі. Төменгі жақ асты сілекей бездері жақ асты нерв түйінінің бұтақтарымен инервацияланады.

Тіл асты сілекей бездері – аралас болып табылады және серозды – кілегейлі секрет болып шығарады. Шығару өзегі тіл асты еміздікшесіне ашылады.

Кіші сілекей бездері – барлық кілегей қабаттарда орналасады. Таңдай бездері артқы бөлімде көп және жұмсақ таңдайдың бағыты бойынша олардың саны көбейеді. Тілдің түбірінде, валик тәрізді еміздікшеде серозды бездер, ал басқа жерлерде – кілегей бездер орналасады.

Сілекейдің қызметі

Сілекейдің қызметі организмнің өмірге қажеттілігі үшін маңызды болып табылады. Гипосаливация басталғанда әсіресе, ксеростомия (сілекейдің болмауы) кезінде ауыз қуысы кілегей ауруларының тез арада дамитыны белгілі, ал 3 – 6 ай өткен соң, тістердің кариеспен зақымдануы басталады. Сонымен қатар тағамды шайнап, жұтқан кезде қиындықтар туады.

Қорғаныш қызметі – ылғалдануы мен кілегей қабатпен жабылуы оны кебуден, жарылулардың түзілуінен және механикалық тітіркендіргіщтердің әсерінен сақтайды. Сонымен бірге тіс беттері мен кілегей қабаттарды микроорганизмдер мен тағам қалдықтарынан тазарту қызметін атқарады.

Ас қорыту қызметі – тағам түйіндері қалыптасып оны жұтқан кезде сілекейдің ас қорыту қызметі жүреді. Сілекейде еріген тағам өнімдері дәм сезу анализаторына әсер етіп, ас қорыту жолдарының қызметін тудырады. Осы себепті сілекей күрделі орта болып табылады. Сілекей мен ауыз қуысы сұйықтығы лабильді орта және оның санды, сапалы құрамына әр түрлі факторлар мен организмнің жалпы жағдайы әсер етеді.

 

57. Бастапқы тіс жегінің клиникасы, емі және алдын алу

Tic жегінің дақ кезеңінде кіреуке приз-маларындағы бейорганикалық заттар деминерализациялана бастайды, яғни бейорганикалық заттар кіреукеден шайыла бастайды. Демек осы жағдайға дейін алдын қатты тіндердің дисминерализациясы болған. Дисминерализацияға жоғарыда айтып кеткен көп жағдайлар себеп болады. Аурудың клиникасы анық болмағандықтан, науқастар онша көңіл бөлмейді. Олар кездейсоқ тістің түсі өзгеруіне, не дәрігерлік тексеру кезінде анықталуы мүмкін. Мұнда тісте ақ қырау шалғандай, күнгірттенген кіреуке ошағы көрінеді. Шұқып көргенде ауырмайды, беткейде шамалы бүдырлық сезінгендей болады. Люминицентті тексерулер кезінде ошақты көру-ге болады. Бояғыш затгармен бояғанда ошақ шекарасы анық байқалады. Үрдіс тез өрши бастағанда, тісте қышқыл тағамдары қабылдағанда қамасу болады. Рентгенде өзгеріс болмайды. Салыстырма нақтамалау гипоплазия мен флюороздан ажыратылады.

Tic жегінің дақ кезеңіндегі - қолданылатьш жергілікгі ем шаралар.Дақ кезінде кіреукеде микроэлементтер жойыла бастайды. Оның түсі ағарып, бор тәрізді болады, үсті ақ кірлермен жабылады.

1) Eм қолданудан алдын ақ кірлерден тазаланып, 3 % сутегі аскын тотығы мен жуылады, ауыз қуысы шайылып мақта білтелермен сілекейден оқшауланады. Құрғақ ауамен кептіріледі, дақ сол кезде ағарып көрінеді. Дақты анықгау үшін метиллен көгінің 2 % сулы ерітіндісі де жағылып, боялуына қарай анықгалады, Ошақ болса көк түске боялады.

Емдеу кезінде ошақ препаратталмайды. Тазаланған тіс беткейіне дәрі- дәрмектерді сіңдіру (аппликация) жолымен ендіріледі. Ол үшін төмендегі дәрілерді қолданамыз:

-10 % глюконат кальции ерітіндісі;

-1 - 3 % ремодент;

-2 - 10 % кальции фосфатының қышқылдандырылған ерітіндісі.

Қолдану тәсілі:

-жоғарыдағыдай тіс беткейі тазаланып, қүрғатылады;

* реминерализациялайтын ерітіндіге (кальции глюконат 10 %, ремодент, кальции фосфат) мақты тампон малынып, ошаққа 15-20 минутқа (эр 5 мин мақта ауыстырылады) қойылады;

* тіс беткейін құрғатып, 2-3 минутқа мақта тампонды 2 - 4 % натрии фтор ерітіндісіне малып қойылады.

2) Реминерализациялайтын емді фторлак не электрофорез жолымен де жасаса болады.

Электрофорез жолымен ременерализациялайтын ем жасау:

- тіс беткейі тазаланып, оқшауланып, құрғатылады;

- тіс беткейіне ерітіндіге малынған мақта тампон оң электродқа оралып қойылады, катодты науқас қолына береді.

Ток күшін 30-50 мкА ге көтереді. Емді 5-10 мин жасалады. 1 курсына 10 - 15 ем қабылдау қажет.

3) Фторлакпен тіс беткейлерін жабу

· тіс беткейлері тазаланып, шайылады;

· тіс оқигауланып, кадзғатылады;

· фторлак жағылады, 1 - 2 мин құрғатылады.

· 2 сағатқа дейін қатты тамақ және тагам жемейді, 12 сағатқа дейін тіс тазаланбайды.

58. Уақытша және емдік төсемдерге арналған материалдар дайындау және пломбылау әдісі.

Уакытша пломбалык материалдар танғыш ретінде колданылады (тісжсгі және онын асқынуларын емдеу үшін), бакылау пломба үшін (кариес пен пульпитті диагностикалағанда, уақытша тістерді пломбалауға; айырғыш төсеніш ретінде; ортопедиялык конструкцияларды уакытша бекіту үшін ем мақсатында түбір өзегін уақытша пломбалау үшін пайдаланады.

Дентин-паста цинк тотығынан, цинк сульфатынан, өсімдік майынан тұрады, бір компонентті орналастыруды кажет етпейді. Кариозды куыска шпатель немесе гладилкамен салынады. вгенолды цемент; эвгинолсыз цемент жэне жарыкпен кататын материалдар.

Емдік максатта койылған уакытша пломба, емдік айырғыш төсеніштерге койылу керек. Емдік айырғыш төсенішті терең тісжегілі куыс болғанда салады.

Емдік төсеніш кабынуға карсы, антимикробты, пластикостимулдеуші қасиеттерге ие болу керек, ұлпаны тітіркендірмеуі кажет. Олар айырғыш қасиетке де ие.

Биологиялык емдік төсеніш антимикробтык, кабынуға карсы қасиетке ие, одонтотроптық емдік төсеніш екіншілік дентиннің пайда болуына әсер етеді. Комбинирленген емдік төсеніш одонтропты әсер етеді.

Кальций гидроксиді препаратының сулы немесе полимерлі кұрамды түрлері кальций гидроксидті цементтері деп аталады. Дайын куыска салынған сулы негіздегі төсеніштің суы буланып, кальций гидроксидінің жұка кабаты калады.

Емдік төсеніштін кұрамында кальций гидроксидінін болуы екіншілік дентиннін пайда болуына әсер етеді. Ұзак, белсенді, интенсивті, антисептикалык әсердін нәтижесінде қышқылдардан корғаныс пайда болады.

Ұлпада кабыну үдерісі бар болса, ацидоз бейтараптанады, яғни, төсеніш кабынуға карсы әсер етеді. Казіргі емдік төсеніштер химиялык жолмен және жарыкпен кататын болуы мүмкін. Оларды ұлпа мүйізі проекциясы нүктесіне салу кажет. Химиялык жолмен қататын төсеніш екі паста түрінде шығарылады; олар: базалык және каталитикалык.

Биологияяық емдік төсеніш түрлі компонентерден тұрады (дәрумен, фермент, кортикостероид, салицилат, антибиотик, антисептик, сульфаниламидті пре-параттар, жансыздандырғыш майлар жэне т.б.). Колданар алдында араластырып, тісжегілі куыстын түбін 1—2 күнге жабады, себебі олар катпайды

Комбинирленген емдік төсеніштін негізгі цинк оксиді немесе жасанды дентиннің үнтағынан кең шеңберлі антибактериалды заттар, анестетик, протеолитикалык ферменттерден тұрады. Пастаны кальций тұзынын ертіндісінде араластырады (мысалы, CaCl 10% ерітіндісі). Комбинирленген емдік төсеніш антибактериалды, кабынуға карсы, пластикостимулдаушы касиеттерге ие. Емдік төсенішті ашылмаған ұлпа куысына салу, ұлпаны тікелей емес жабу деп атайды. Байкаусызда ашылған ұлпаға салынған жағдайда ұлпаны тікелей жабуда.

59. Түбір өзектерін механикалық өңдеу әдістері.

Step Back

Шегініп отыру арқылы (шаг назад).

· Түбір өзегі ұшынан өзек аузына қарай эндодонттық аспаптармен тазаланады және кеңейтіледі.

· Аспаптардың мөлшері кіші мөлшерден үлкенге қарай біртіндеп өсіп отырады.

· Түбір ұшында тірек жасалынады.

1 кезең

түбір өзектің апикальды бөлігін кеңейту.

Түбір ұшында тірек жасалғаннан кейін 25 файл “мастер-файл” деп аталады.

 2 кезең

Түбір өзектің ортаңғы бөлігін кеңейту

Файлдың мөлшері өскен сайын - ұзындығы қысқара береді. 

3 кезең

Түбір өзек аузы бөлігін кеңейту

Түбір өзектің кеңейтуін бітіру

Гейтс глидден,ларго

 Н-файл көмегімен апикальды және ортаңғы бөлігінің қабырғаларын тегістеу керек

 Н-файл көмегіменжоғары-төмен бағытта жұмыс істеуге болады. Әр аспаптан кейін түбір өзегін натрий гипохлорид ертіндісімен жуу керек

эндолубриканттарды (құрамында ЭДТА) қолдану керек

Crown Down -Сауыттан төмен қарай (от коронки вниз)

Тіс сауытынан түбір өзегі ұшына қарай кеңейту

Ең үлкен аспаптан бастап, ең кіші аспаппен аяқтайды. Ерекшеліктері:

· Түбір өзек ұшында инфекцияға ұшыраған ыдыранды заттар түбір ұшына немесе түбір сыртына шықпайды.

· Периодонт қабынуы кезінде қолдануға болады

· Өтпейтін, қисық өзектерде көбінесе қолданылады

Түбір өзегін теңестірілген күш әдісімен өңдеу- Күштерді теңестіріп өңдеу

1985 жылы Roan ұсынған

Ұштары үшкір емес аспаптарды қолданылады (флексоример, флексофайл, нитифлекс)


Дата добавления: 2019-11-25; просмотров: 268; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!