Тістер эрозиясы (эрозия зубов) 8 страница



 

40. Тістің қатты тіндерінің гиперплазиясы.

Кіреуке гиперплазиясы даму кезінде тістің қатты тідерінің оның ішінде кіреукенің шамадан тыс дамуымен сипатталатын үрдіс.

 Кіреуке гиперплазиясы немесе кіреуке тамшылары 1,5% жағдайда кездеседі. Кіреуке тамшылары көбінесе домалақ пішінді, диаметрі 1-3мм, тамшыға ұқсас құрылым, тістің мойын бөлігінде орналасады. Кіреуке тамшылары негізінде беті кіреуке қабатымен жабылған дентиннен тұрады. Тамшыны тіліп байқағанда іші ауаға толы бос кеңістіктен немесе ұлпа ұлпа орналасқан қуыстан тұратыны анықталған. Кейде бұл құрылым жақсы қалыптасқан тістердің сауыты мен түбінің бір-бірімен бітісуінен пайда болған және ол тістер ұрығының тіс құрушы пластинаға жақын орналасуы әсерінен дамиды деген болжам бар. Кіреуке гиперплазиясы көбінесе азу тістерде орын алатындықтан аса көп байқалмайды және ешқандай шағым тудырмайды.

 Тістер гипоплазиясын алдын алудың ең тиімді жолы өсіп келе жатқан нәрестені әр түрлі жұқпалы аурудан сақтандыру.

41. Терең тісжегінің клиникасы.

Кариес – бұл күрделі жай дамитын, патологиялық үрдіс болып, тістің қатты тіндеріне бірлесіп әсер ететін сыртқы және ішкі, жергілікті және жалпы мәнбірлер арқылы кіреукенің бейорганикалық бөлігі ошақты деминерализацияланып, кейін келе органикалық негізгі бұзылуымен қатты тіндердің құрылысында ақау пайда болатын ауру. Емделмегенде асқынып ұлпа және периодонт қабынуына алып келеді. ол тіс шыққаннан кейін дамиды.         

                 Тіс жегінің зақымдану тереңдігіне қарай топографиялық жіктелуі:
1. Тіс жегінің дақ кезеңі;
2. Беткей тіс жегі;
3. Орта тіс жегі;
4. Терең тіс жегі.


Терең тіс жегі – орта тіс жегіде ауру сезімі аса мазаламағандықтан немесе қуыстың тістердің жанасу бетінде орналасуынан көп жағдайда байқаусыз қала беруі мүмкін, сондықтан тіс жегі қуысы тереңдеп ұлпа маңындағы дентин бұзылады. Тіс жегі қарқынды дамыған кезде қуыс табанында жұмсарған жұқа дентин қабаты ғана сақталады, ал баяу дамыған кезде пигменттелген жылтыр дентин қабаты пайда болады. Бұл кезде қуыстың табаны тіс мойны деңгейінен аз ғана жоғары орналасады. Кейде қуыстың тереңдегенң соншалық, біріншілік дентин қабаттары жойылып, екіншілік дентин қабаты бұзыла бастайды. Терең тісжегі кезінде болатын негізгі шағымдар – бұзылған тісте механикалық, температуралық және химиялық әсерлерден пайда болатын ауру сезімі және оның әсер етуші ықпалы жойылған кезде тез басылуы. Тіс жегінің басқа сатыларына қарағанда, мұнда ауру сезімі күштірек және тіс көбінесе суықтан қақсап ауырады. Қарап тексергенде терең және кең тісжегі қуысы анықталады, ішінде ас қалдықтары, ыдыраған дентин сақталған, қабырғасында пигменттелген кейде пигменттелмеген ақшыл-сары түсті жұмсақ дентин қабаттары анықталады. Қуыстың табаны бірде өте жұмсақ, байқап сүңгілемесе, ұлпа мүйізшесі ашылып кетуі мүмкін, қарқынды дамыған тісжегі кезінде әлсіз сүңгілегеннің өзінде табанында ауру сезімі байқалады. Баяу дамыған тісжегі кезінде қуыстың табаны пигменттелген, қаттылау, қаттырақ сүңгілеп байқағанда ғана ауру сезімі туындайды. Терең тісжегі кезінде ұлпаның электр қозғыштығы 12-18мка тең. Тісжегі қуысы кеңейіп, қуыстың шайнау беті немесе еріндер жақ беттері қабырғаларындағы дентин толығымен минералсызданып, жабынды кіреуке шайнау күштері әсерінен бұзылған кезде ғана сырқат тіс мазалай бастайды және тісжегі қуысы анықталады. Мұндай жағдайда көбінесе жоғарғы жақ тістерінде жиі орын алады. Терең тісжегіні орта тісжегіден, ұлпаның жартылай жедел қабынуынан созылмалы жай талшықты қабынуынан, периодонттың созылмалы қабынуынан ажырата білу керек. Ұлпаның жартылай жедел қабынуына өз бетімен пайда болатын ұстамалы, бірақ ұзаққа созылмайтын сырқат тіс пен ғана шектелетін ауру сезімі тән. Әр түрлі тітіркендіргіштер ауру сезімін туындатады немесе күшейе түседі. Тістің электр қозғыштығы 20-25мка, кейде бұл көрсеткіштер одан да жоғары болуы мүмкін. Ұлпаның созылмалы жай талшықты қабынуы кезінде ауру сезімі әртүрлі тітіркендіргіштердің әсерінен туындайды, қарқындылығы аса күшті емес, сыздап ауырады және ұзаққа созылып барып басылады. Кейде тісжегі қуысының аузы тар болған жағдайда астың қалдығы мен ыдыраған дентин ұзақ сақталып, тісте түн кезінде өз бетімен мазалайтын ауру сезімі пайда болады, ал күндіз мазаламайды. Ауру сезімі бірнеше түн қатарынан қайталануы мүмкін. Ауру сезімі түнге қарай көбінесе тәтті тағамдар жеген кезде жиірек қайталанады. Мұндай жайдайдағы ауру сезімі көбіне көмірсулы ас қалдықтарының ыдырап, қышқылдар құрылуы нәтижесінде және жұмсарған дентиннің ыдырауынан пайда болған уытты заттар мен микроорганизмдердің уыттарының ұлпаны тітіркендіруі әсерінен дамиды. 

41. Орта тісжегінің клиникасы.

Тісжегінің бұл түрінде кіреуке-сызықша шекарасының бүтіндігі бұзылып, патологиялық үрдіс жабынды дентин қабатында дамиды. Орта тісжегі кезінде науқас ешқандай шағым айтпауы мүмкін. Себебі біртіндеп пайда болған жылтыр дентин және үшіншілік дентин қабаттары ұлпаның әртүрлі тітіркендіргіштерге жауабын төмендетеді. Ал қарқынды дамыған түрінде ауру сезімі көбінесе механикалық, температуралық тітіркендіргіштерден тез пайда болып, тез басылады. Тіс қатарын тексеріп қарағанда бұзылған тісте орта тереңдіктегі тізжегі қуысы анықталады. Тісжегі қарқынды амыған кезде қуыстың кірер аузы тар, іші ақ түсті ыдыраған дентинге және ас қалдықтарына толған, қабырғассында ақшыл-сұр түсті оңай аршылатын жұмсарған дентин қабаты бар. Сүңгілеп тексергенде кіреуке-дентин шекарасында ауру сезімі бар. Тісжегі баяу дамыған кезде қуыстың аузы үлкендеу болады, ішінде ыдыраған дентин аз мөлшерде кездеседі, көбіне қабырғаларында сары, сары-қоңыр түсті жұмсарған дентиннің қалың қабаты анықталады және оңайлықпен алына қоймайды. Сүңгілеп байқағанда кіреуке-дентин шекарасында, табанында ауру сезімі болмайды. Ауру сезімі кіреуке-дентин шекарасында қуысы егеп тазалап жатқанда немесе тазалағаннан соң сүңгілеп тексергенде байқалуы мүмкін. Ас қалдықтарынан ыдыраған және жұмсарған дентиннен тазаланбаған қуыстың тереңдігін көрер көзбен немесе сүңгілеп анықтау қиын. Кейде жұмсарған дентиннің қалыңдығы соншалық, орта тісжегіге санап тұрған қуыс тазалағаннан кейін терең тісжегі қуысына айналады және жұмсарған қалың дентин қабаты да тітіркендіргіштер әсерін ұлпаға өткізбейді. Тісжегі қуысын егеп-тазалаған кезде де ауыру сезімі көп болмайды, сирек жағдайда қабырғаларында кіреуке-дентин шекарасына жақын аймақта ауру сезімі пайда блуы мүмкін. Тістің электр қозғыштығы 10-12мка тең. Орта тісжегінің сынаға ұқсас ақаудан, кіреуке эрозиясынан, терең тісжегіден және периодонттың созылмалы қабынуынан ажыратады. Сынаға ұқсас ақау мен кіреуке эрозиясы кезінде жарақат ошақтары олардың тек өздеріне тән аймақтарында дамиды және қабырғалары қатты, тісжегімен асқынбаса жұмсарған дентин болмайды. Терең тіс жегіден науқастың шағымы және объективтік белгілері бойынша ажыратады. Орта тісжегінің периодонттың созылмалы қабынуымен ұқсастығы – тісжегі қуыстары бола тұра, ауру сезімінің болмауы. Периодонттың созылмалы қабынуы кезінде сауыт қуысы кейде жабық болғанымен, кейде егеп-тазалаған кезде оңай ашылады және тазалау кезінде, сауыт қуысы ашылған кезде де ауыру сезімі болмайды. Периодонттың қабынуы кезінде ешқандай тітіркенгіштер ауыру сезімін туындатпайды және тіс ұлпасының электр қозғыштығы 100мка жоғары.

42. Бастапқы тісжегінің клиникасы.

Тісжегінің дақ кезеңінде ешқандай шағым болмайды және ұзақ уақыт байқалмауы мүмкін. Кейде тәтті және қышқыл тағамдардан тістер қармалып қалған сияқты ыңғайсыз сезім туындауы немесе алдыңғы тістере орналасқан дақтар болса эстетикалық шағым болуы мүмкін. Көпшілік жағдайда басқа тістеріне шағымданып келген адамдардың тіс қатарларын мұқият қарап тексеру және тіс беттерінің күмән туғызған аймақтарын сүңгілеу арқасында анықталады. Қарап тексергенде бастапқы тісжегі немесе тісжегі дағы аймағында жылтырлығы жойылған мұнарланған ақ бор түсті немесе ашық қоңыр, қою қоңыр, ал кейде қара қоңыр түсті ошақ түрінде байқалады. Бастапқы тісжегі кезінде кіреукедегі минералсыздану ошағының қоңыр, қою қоңыр түстері патологиялық үрдістің баяу дамыған кезінде призмааралық шағын кеңістіктердің көлемдері үлкейгендіктен органикалық бояғыштардың сіңуі арқылы қалыптасады. Алғашқы кезде тісжегі дағы ошағында алмаспайтын аминқышқылы триктофан құрылады да кейіннен меланинге айналады. Бор түстес ақ дақты ошақты сүңгілеп қарағанда беті бірде тегіс, кейде кедір-бұдырлау және сау аймақтарға қарағанда жұмсақтау көрінеді. Пигменттелген дақты ошақтарды сүңгілеп тексергенде бірде беті тығыздау, бірде кіреукенің жоғарғы қабатының жұмсарғаны соншалықты сүңгі ұшы біраз тереңдікке еніп кетеді. Тісжегі дақтарын тіс гипоплазиясы мен флюорозы кезіндегі дақтардан ажырата білу керек. Гипоплазия кезіндегі дақтар аттас тістердің беттерінде симметриялы түрде орналасады, шекаралары анық, беттері тегіс және жылтыр болады, метилен көгінің ерітіндісімен боялмайды. Өмір бойы өзгермей сол қалпында сақталады. Тіс флюорозы кезіндегі дақтар саны көп, түстері әртүрлі, шекаралары анық емес, көптеген тістер беттерінде орналасады және фторға бай ауыз суды эндемиялық аймақта кездеседі. Жоғары тісжегі ақ немесе пигменттелген дақтар аймағында кіреукедегі құрылымдық өзгерістер нәтижесінде дамиды және кіреукенің бүтіндігі бұзылып патологиялық үрдіс күреуке-дентин шекарасына жетеді. Бұл кезде бұзылған тісте механикалық және химиялық тітіркенгіштерден ауру сезімі пайда болып, ықпал етуші әсер тоқтағаннан кейін тез басылады. Ауру сезімінің пайда болуын кіреуке-дентин шекарасынддағы нерв ұштарының тітіркенуімен түсіндіріледі. Тіс қатарын қарап тексергенде көбінесе азу тістердің шайнау беттерінде таяз тісжегі қуысы анықталады, көбінесе ас қалдықтарымен жабылған. Сүңгілеп байқағанда қуыс табанында ауру сезімі тіс мойындарында орналасқан тіс жегі қуыстарында күштірек сезіледі. Тіс ұлпасының электр қозғыштығы 2-6мка тең. Жоғары тісжегіні сына тәрізді ақаудан, тістер гипоплазиясының нүктелі, шашкаға ұқсас түрлерінен, флюороздың эрозиялы түрлерінен ажырата білу керек.  

43.Тұрақты пломбылық материалдарға қойылатын талаптар.

44. Стоматологиялық клиниканың терапия бөлімін ұйымдастырудың эргономикалық негіздері.

45. Ятрогенді және жұқпалы аурулардың алдын алу.

46. Құрал саймандарды залалсыздандырудан алдыңғы өңдеу және оны бақылау.

47. Құралдармен стоматологиялық қондарғылардың күтімі, қауіпсіздік техникасы.

48. Ауыз қуысының шарышты қабатының анатомиялық -физиологиялық ерекшеліктері.

Ауыз қуысы ас қорыту жүйесінің бастапқы бөлімі,ауыз қуысында тағам майдаланып,сілекеймен өңделіп,жұтқыншаққа бағытталады.Ауыз қуысы ауыз кіреберісінен (vestibulum oris) меншікті ауыз қуысынан (cavitas oris proria) тұрады.

Ауыз кіреберісі сырт жағынан ерін мен ұртпен ,ішкі жағынан тістермен шектелген саңылау тәрізі.Ауыз кіреберісі ауыз саңылауы арқылы сыртқы ортамен байланысып,төменгі және жоғарғы еріндермен шектеледі.Еріннің негізін ауыздың дөңгелек бұлшықеттері түзеді.Еріннің сыртқы беті терімен қапталған ,ішкі жағы шырышты қабықпен қапталады.Жоғарғы ерін мен төменгі еріннің қиылысатын жерін езу деп атаймыз.Жоғарғы еріннің сыртқы жағында мұрын-ерін жүлгесі,төменгі еріннің сыртқы жағында иек –ерін жүлгесі орналасады.Ал еріндердің ішкі беттерінде жоғарғы және төменгі ерін жүлгесі орналасады.

Ауыз қуысының шырышты қабаты эпителиалды қабаттан және меншікті табақшадан құралған (cсоединительнотканная).Ауыз қуысының шырышты қабатының бір ерекшелігі меншікті табақшамен эпителий қабатын бөліп тұратын бұлшық ет қабатының болмауында .Ауыз қуысының шырышты қабаты сыртқы әртүрлі механикалық,термиялық,химиялық факторларға төзімді және жоғары регенераторлы қасиетке ие.Және де инфекцияға қарсы тұру қасиеті де жоғары.Бұл шырышты қабаттың құрылысымен тығыз байланысты.Осыған баланысты ауыз қуысының шырыты қабатының бірнеше функцияларын ажыратамыз:

-қорғаныс қызметі-ауыз қуысының эпителий қабатындағы эпителиоциттер бактерецидтты әсері микроорганизмдердің енуіне қарсы әсер етеді.

-Өткізгіштік қасиеті –шырышты қабат йод,калийнатрий сияқты бірқатар заттарды сіңііп өткізе алады.

-сенсорлық қызметі-ол тактильі,ауру,дәм сезу және температуралық тітіркендіргіштерді қабаылдайтын рецепторлармен байланысты.

Және де ауыз қуысының шырышты қабаты, төменде орналасқан ас-қорыту жүйесі мүшелері қызыметіне өз әсер тигізетін, өте күшті рефлексогенді алаң болып табылады.Ауыз қуысы шырышты қабаты көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған,оның қалыңдығы шырыщты қабықтың әртүрлі бөлігінде әрқалай орналасып,қалыңдығы 200-500мкм дейін құрайды.

Ауыз қуысы шырышты қабатының иннервациясы:

Ауыз қуысы шырышты қабаты өте көп нерв талшықтары мен нерв аяқшаларынан құралған.Олар жүйке жүйесінің орталық бөлігіне импульс беретін афферентті сезімтал талшықтардан тұрады.Бұл талшықтар үшкіл нервтің,кезбе,тіл-жұтқыншақ және бет нервтері құрамында болады.

 

 

49. Тістердің клиникалық анатомиясы және формулаларын жазыңыз.

50. Терапиялық стоматологияда қолданылатын өткішгіштік жансыздандыру түрлері және қолдану орны.

51. Пломбылық материалдардың жіктелуі, олардың құрамы мен қасиеттері.

52. Тіс жегінің жіктелу түрлері.

53.Тіс жегі қуыстарын Блэк бойынша жіктелуі.

I сынып –барлық тістердің табиғи ойықтарында орналасқан тіс жегі;


Дата добавления: 2019-11-25; просмотров: 377; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!