Тістер эрозиясы (эрозия зубов) 3 страница



- Тексерудің көмекші әдісі

Тексерудің негізгі әдістеріне – сұрау (ауру тарихын және өмір тарихын), қарап тексеру (сырттай қарау), құрал – саймандармен тексеру жатады.

Тексерудің қосымша әдістеріне – рентген тексерулер, ЭОД, зертханалық, цитологиялық және т.б. жатады.

Стоматологиялық науқасты тексерудің негізгі әдістері.

Сұрау (анамнез жинау) – науқасты тексерудің ең маңызды кезеңі болып саналады. Ол ауру тарихын, өмір тарихын, аллергиялық және мамандығы бойынша тарихын жинаудан тұрады. Сұрауды науқастың шағымдарынан бастайды. Науқастан соңғы кездерде не мазасыздандырып жүргенін, ол қалай басталғанын, аурудың мінезі, ағымы, алдын емделген емделмегендігі, емделген болса оның пайда болғанын не болмағанын сұраймыз. Сұрау кезінде ең маңыздысы ол ауру сезімі жайлы мәлімет. Шағымдарын сұрау кезінде аурудың міне-зіне, ұзақтығына, ауратын жеріне, қарқынына, күн тәулігіне байланысты ма жоқ па, қимыл іс - әрекет кезінде, күн ыстық суығына бай-ланысты болатынын анықтайды.Анамнездің екі түрі бар:

1.Anamnes Morbi

2.Anamnes Vitae

Ауру мінезіне қарай себепті не себепсіз, өз - өзінен, жегілікті не жайылған, тұрақты не қысқа уақытқа, сыздап, жіті, солқылдап не беріліп ауруы мүмкін. Өз - өзінен солқылдап ауратын болса, ол іріңді қабыну үрдістеріне тиесілі болады (пульпит, периодонтит, іріңдікке айналған пародонтит, гайморит). Әр түрлі мерзімге созылған, өз - өзінен ауратын аурулар серозды қабынуларда, яғни ұлпаның ошақты қабынуында, үшкіл нерв невралгиясында кездеседі. Оның келіп шығу себебі термиялық (ыстық, суық), химиялық (қышқыл, тәтті, тұзды) және механикалық (тамақ қалдықтарының тіс жегі қуысына түсуі, тістескенде, тісті басқанда) тітіркендіргіштер болуы мүмкін.

Аурудың басталу мезгілінің де үлкен маңызы бар. Мысалы: түнгі ұстамалы аурулар ұлпа қабынуына тән болса, ал күндізгі ұстамылы аурулар үшкіл нерв невралгиясына тән белгі. Аурудың орналасуының да үлкен маңызы бар. Егер ұлпа қабынуында науқас ауырған тісін анық көрсете (ауру самайғы, құлаққа, жаққа беріледі) алмаса, ал периодонтиттерде анық көрсетеді.

Аурудың ұзақтығының маңызы үлкен. Термиялық, химиялық, механикалық тітіркендіргіштерден болатын қысқа мерзімді ауру тіс жегіге және тіс жегі емес ауруларға тән болса, тоқтамай ауратын аурулар тіс жегі мен тіс жегі емес аурулардың асқынуларына тән.

Бұл тексерулерге қоса дәрігер науқастан, алдын бүкіл ағзаның қандай аурулармен ауырғанын, олардың ұзақтығын сұрайды, қайталануын, асқынуларын сұрап біледі.

Сонымен бірге тістерді жоғалту себептерін (қозғалмалы болып па, не тістер жаймен зақымданып па), тістерді қашан жоғалытқанын, ауыздан қолаңса иіс келе ме, жоқ па, дәм сезу өзгерген бе деп сұрайды. Ауыз қуысынан келетін иіс оның гигиенасын сақталмағанда не шырышты қабық ауруларынан ба, не тыныс жолдары ауруларынан, диабет не асқазан-ішек жолдары ауруларының арқасында екенін анықтайды. Науқас өмірінің тарихы, кәсібі ағза жүйелі ауруларын анықтауға жәрдем береді.

Сұрау кезінде аллергиялық реакциялар бар жоқтығын да анықтау қажет. Дәрігер науқастан сұрақ-жауап алу кезінде этика –деонто-логия ережелерін сақтап, оны қорқытып алмауы, алдынғы қабылдаған ем-шараларды дұрыс емес деп, емдеген дәрігерді жаманатты етпеу керек.

Көбіне сұрау арқылы дәрігер алдын-ала нақтама қоя да алады.

Қарап тексеру – стоматологиялық науқастарды тексерудің негізгі кезендерінің бірі болып, тек стоматологиялық ауруларды емес, сонымен қатар басқа да ағза ауруларының белгілерін анықтаумыз мүмкін.

Қарап тексеру – сыртай және ауыз қуысын тексеруден тұрады. Ол табиғий не жасанды жарық көзін пайдалану жолымен өткізіледі.

1. Науқасты сырттай қарап тексеруде оның сырт көрінісіне, ісік, ассиметрия бар жоқтығына, теріде морфологиялық элементтердің бар жоқтығына, жыланкөз не тыртықтарға көңіл бөлінеді.

2. Ауыз қуысын тексеру – науқастың тыныштық жағдайында жақтары тістесу кезінде, еріндері босаңсып тұрғанда жоғарғы ерінді көтеріп, төменгі ерінді түсіріп, не стоматологиялық айнамен ұртты тартып қаралады. Алдымен ерін мен езуді қарайды. Шырышты қа-бықты қарау кезінде майда және ірі сілекей бездерінің жағдайы бақыланады. Шырышты қабықта , тілде тістердің ізі болуы мүмкін. Тістем түрі анықталады.

Қызыл иектің жағдайын тексереміз. Қалыпты жағдайда ол аш қызыл түсті, тіс мойнын жауып тұрады және тіс аралығын алып тұра-ды. Егер қызыл иектің аурулары болса қызыл иек емізікшелері ісінген, үлкейген болып, тіс сауытын жауып тұрады. Патологиялық қал-тасы болады, тіс тастары кездеседі. Тексеру кезінде шырышты қабығының қызарғанына, ісінгендігіне, қызыл иектің қанағыштығына көніл бөлеміз. Сонымен бірге оның түсі, біріншілік және екіншілік жарақат элементтеріне, олардын орналасу орнына, сілекей бездерінің шығу тесігіне көңіл бөлінеді.

Тілдің, ауыз қуысы түбінің, таңдайдың, азу тістердің артындағы кеңістіктердің, көмейдің артқы қабырғасы, бадамша бездер жағдайы тексеріледі.

Қарап тексеруді стоматологиялық айна және зондпен алып барылады. Тек себепші тіс емес, сонымен бірге барлық тістер қарап тексеріледі. Ол жоғарғы жақта оңнан солға және төменгі жақта солдан оңға қарай алып барылады. Айна арқылы тістің жақсы көрінбейтін жерлері, ал зонд пен барлық қарайған және ойық жерлерді шұқып тексеріледі.

Шұқып тексеру (зондтау) кезінде тіс жегі қуысы болса, сол жерде ілініп қалады. Онымен жұмсақ дентин, тіс жегі қуысының тереңдігін, тіс жегі қуысының тіс қуысымен байланысын, арна бастауларының орнын және ұлпаның бар, жоқтығын анықтаймыз. Тіс-тердің көрінісі және мөлшеріне көңіл бөлінеді.

Қағып қарау (перкуссия)-зондтың тұтқасымен қағып, периодонт жағдайын анықтайды. Тістерді вертикалды және горизонталды қағу арқылы тексеремыз. Қағуды ауырмаған тістен бастаймыз, себебі науқас өзіндегі болатын өзгерістерді ажырату керек. Соққылар бірқалыпты, жеңіл болуы тиіс. Периодонтта өзгеріс болмағанда тісте ауру сезімі байқалмайды, ал қабыну болғанда әр түрлі өлшемдегі ауру сезімі болады.

Сипап қарау – бармақтармен беткей және терең, сырттай және іштей сипап қаралады. Тіндерді сипау арқылы оның консистенциясын, ағзалар мен тіндердің қозғалмалығын, ауыратынын, былқылдақтығын анықтайды. Сипауды сау тіндерден алдын екі қолдың барлық саусақтарымен, бет – жақ аймағының терісін, жақ асты аймақтарын беткей сипалаймыз, кейінен терең сипалаймыз. Ол арқылы терең орналасқан тіндердің жағдайын, олардың ара қатнасын, жаңадан пай-да болған түйіндер мен лимфа түйіндердің жағдайын анықтаймыз. Лимфа түйіндерді зерттеуді желкеден бастап, құлақ маңы, иек асты, жақ асты, беткей мойын, терең мойын аймақтарын сипалайды. Өзгермеген лимфа түйіндері тарыдан, майда ноқаттай болып, жұмсақ консистенциялы, қозғалмалы болады және ауырмайды. Сипалау кезінде науқастың басын алдыңға және артқа қозғалту арқылы орындалады.

Ауыз қуысының түбін екі қолмен бірін ішінен, екіншісін сыртынан сипайды. Тіс түбірінің жағдайын екі сұқ саусақпен өтпелі қатпарды екі жағынан салыстырмалы түрде сипап көреміз. Сонымен қатар сипау арқылы сілекей бездерінің және олардың шығару түтіктерінің жағдайы, тістердің қозғалмалылығы анықталады.

Тістердің қозғалмалылығының дәрежелері:

1 – шамалы бір жаққа қозғалады;

2 – екі жаққа да қозғалады;

3 – горизонталды және вертикалды жазықтықтарда қозғалады.

Тістердің қозғалмалылығын тексеру күні және ем қабылдап болғаннан соң тексеріледі.

27. Терапиялық стоматологиядығы жансыздандыруды жүргізу тәсілдері.

Терапиялық стоматологияда жансыздандыру негізгі рөлді атқарады.Жансыздандырудың көмегімен түрлі ем шараларды аурусыз жүргізе аламыз.Жансыздандырудың 2 түрі жүргізіледі:

-Жалпы жансыздандыру

-Жергілікті жансыздандыру

Жалпы жансыздандыру-организмге наркотикалық дәрілер енгізу арқылы орталық жүйке жүйесінің жұмысын терең тежеу.Наркозға ауру енгенде біртіндеп есінен айырылып,ауру сезімі жойылып,бұлшықеттері босаңсып қозғалу және рефлекстер бәсеңдейді.2-түрі бар:

1.Ингаляциялық:

А.Маскалық

Ә.Эндотрахеальді

Б.Назофарингиальді

2.Ингаляциялық емес:

А.Көк тамырішілік

Ә.Бұлшықеттік

Б.Тік ішектік

В.Парентеральді

Г.Нейролептанальгезия

Д.Артральгезия

Жергілікті жансыздандыру-науқас есі қалпында бола тұра,оның денесінің белгілі бір жерінде ауырғанды сездірмеуге бағытталған іс шаралар болып табылады.

Түрлері:

1.Инъекциялық:

А.Өткізгіш:

1.Жоғарғы жаққа:Туберальді,палатенальді,күрек тістік,инфраорбитальді

2.Төменгі жаққа:мандибулярлы,торусальді,ментальды

Ә.Беткейлік ішке сіңу инфильтрациялық

2.Инъекциялық емес:гипноз,аудио,видео, т.б.

Инфильтрациялық жансыздандыру-тіс жұлғанда,альвеола өсінділеріндегі шағын оталарда,кілегей қабықты тілгенде,шағын қатерсіз өскіндерді алғанда қолданылады.Тіс ұяшық өсіндісінің бөлігін жансыздандырады,плексуал өрімді ішке сіңу жансыздандыру дейді.Тіс өрімі жансызданады. Бұл тәсілдің мәнісі дәріні өтпелі қыртысқа енгізгенде,оның борпылдақ шелге сіңіп жақ сүйектің майда тесіктері арқылы кемікке жетіп, ондағы тіс өрімдеріне әсер етуіне негізделген.Жалпы ереже:Ине қатпардың кілегей қабығына 40-45 градус бұрышпен жұлынатын тіс түбірінің ұшына таман енгізіледі.Дәріні жібере отырып инені тіс ұяшығы-альвеола қырымен жылжытып,жұлынатын тістің қасындағы тістің тұсына дейін апарады.Иненің қиығы сүйекке қарауы шарт.Нәтижесінде қатарынан үш тістің тұсына дәрі енгізіледі.Нәтижесі: 7-10 мин кейін болады.Жансыздандыру аймағы:жұлынатын тіс тұсындағы тіс ұяшығы-альвеола өсіндісі мен кілегей қабықтың кіреберіс жағы.

Туберальді жансыздандыру, нысана жоғарғы жақтың төмпешігі.Онда жоғарғы тістер өрімінің , артқы бөлігіне кіретін көптеген тесіктер бар.Нысана белгілері:876/678 тістер,өтпелі қатпар мен шықшыт-тіс ұяшығы-альвеола қыры.Ақыл тіс ұясының шетінен тесіктеріне дейін 2,0-2,5 см-ге дейін.Жансыздану аймағы:үш азу мен оның тұсындағы тіс ұяшығы өсінді,кіреберістегі кілегей қабық,жоғарғы жақ дөңесі,гаймор қуысы артқы қыбыр-ң кілегей қабығы.

Инфраорбитальды жансыздандыру,нысана көз асты тесігі,көз шарасының төменгі қырынан 0,5-0,75 см төмен жүргізілген сызық пен 2-ші жоғарғы кіші азулар мен иек тесігі арөылы жүргізілген тік сызықтар қиылысында н/е тік алға қарап тұрған көз қарашығы арқылы жүргізілген тік сызықтар қиылысында орналасқан іс кезінде көз шарасының төменгі қырындағы жоғарғы жақпен бет сүйегінің бірігуінен п.б бұдырынан 0,5-075 см төмен алады.Өзек алға,ішке қарай бағытталады.Жансыздандыру аймағы:жоғарғы алдыңғы альвеола жүйкелері мен көзасты жүйке-ң соңғы бұтақ-а дейін,күрек,сүйір тістер,тіс ұяшық өсінді мен кілегей қабық-ң босаға тұсы,төменгі қабақ пен жоғарғы жақтың алдыңғы және бүйір тұсы,көзасты тіндері,мұрынның бір беткейі мен жоғарғы ерін.

Таңдай жансыздандыру,нысана-таңдайдың үлкен тесігі,ол тіс ұяшық-альвеола өсіндісінің ішкі жағына үшінші азудың тұсында,егер үшінші азу әлі шықпаған болса,екінші азудың артына таман ішке қарай орналасады. Инені ауызды мүмкіндігінше қаттырақ ашып тесік тұсынан 1 см алға, ішке қарай шамалап шаншиды. Ине жоғары, артқа сыртқа қарай бағытталады сүйекке дейін енеді. 0,5 мл дей жансыз-у дәрісі жіберіледі, 3-5 минуттан кейін әсері білінеді.

28. Тіс жегінің пайда болу теориясы.

Тіс жегі- бұл күрделі, жай дамитын патологиялық үрдіс болып, тістің қатты тіндеріне бірлесіп әсер ететін сыртқы және ішкі, жергілікті және жалпы мәнбірлер арқылы кіреукенің бейорганикалық бөлігі ошақты деминерализацияланып, кейін келе органикалық негізі бұзылуымен қатты тіндердің құрылысында ақау пайда болатын ауру. Емделмегенде асқынып, ұлпа және периодонт қабынуына алып келеді. Ол тіс шыққаннан кейін дамиды. Көптеген ғалымдардың зерттеулерінен кейін ең басты тіс жегінің даму себебі ауыз қуысының микрофлорасы болып саналады. Ол жан жақты тәжірибе жүргізу жолымен клиникада дәлелденген. Ал қалған анықтамалар мен теориялар өз кезегінде түрлі жағдайда қосымша ретінде микроорганизмдерге тіс жегінің дамуына қолайлы жағдай жасайтын мәнбір болып саналады. Мәселен тамақпен жеңіл қорытылатын көмірсуды көптеп қабылданғанда микрофлоралардың әсерінен ферментацияға ұшырап, органикалық қышқылдардың түзілуіне көмек береді. Ал ол өз кезегінде кіреукенің бейорганикалық негізін (гидроксиапатит кристалдарын) балқытады. Ал микроорганизмдер болса кіреукенің органикалық негізін құлдыратады.

Жалпы алғанда тіс жегінің пайда болып дамуына уақыт және үш шарт қажет болады.

- тіс жегінің дамуына көмектесетін микрофлора;

- тамақпен жеңіл қорытылатын көмірсулар және олардың тіс беткейлерінде ұсталып қалуы;

- тіс тіндерінің және ағзаның тіс жегіге қарсы тұру қоғанысының бұзылуы болып саналады.

Сонда да болса тіс жегіге қарсы тұру, адам ағзасының тіс жегіге қарсы тұруына байланысты деп саналады.

Ол адамның ауыз қуысының микрофлорасына, тамақтың сипатына, тамақтану уақытына, сілкейдің мөлшері мен сапасына, ағза жүйелеріне функционалды өзгерістеріне, ауыз қуысындағы фтордың мөлшеріне, ағзаға тигізетін сыртқы ортаның әсеріне байланысты болады.

Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының номенклатурасына келісе отырып тіс жегімен зақымдануын негізгі екі көрсеткішпен анықтайды: аурудың таралу қарқындылығына және ауру қарқынының өсуіне қарай.

Көмірсуларды қабылдау – тіс жегімен зақымдануды көбейтеді деп айтамыз, оларды тамақ ортасында қабылдаса (аузында кәмпит сорып жүрсе) ол адамдарда бұл көрсеткіш өте жоғары болады. Көрсеткіштердің жоғары болуына микроорганизмдер үлкен орын алады. Тексерулердің нәтижелерінен айтуымыз мүмкін, тіс жегінің дамуына ең көп әсер ететін мәнбір, көмірсулар мен микроорганизмдердің бірге әсер етуі. Сонымен қатар тамақтың құрамындағы макро және микроэлементтерінің мөлшері, оның дағалдығы яғни қаттылығыда үлкен орын алады. Қатты тамақ шайнағанда, тіс беткейлері тістің жұмсақ кірлерімен табиғи жолмен тазаланып отырады. Ал жұмсақ тағамдар қабылдаған уақытта тістің жұмсақ кірлері тазаланбайды.


Дата добавления: 2019-11-25; просмотров: 259; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!