Тістер эрозиясы (эрозия зубов) 7 страница
Ауыз қуысы гигиенасына үйрету стоматологтың, оның көмекшісі мен гигиенисттің санитарлы-ағарту жұмысының негізін құрайды. Стоматологиялық қызметкерлер науқастарды ғана үйретпей, сонымен қатар басқа маман дәрігерлерді, мұғалімдерді, тәрбиешілерді, ата-аналарды гигиеналық үйретеді. Үйрету әр түрлі әдістермен және тәсілдермен жүргізілуі мүмкін (жекелік те, топтық та, кеңселік де, коммунальды да), бірақ барлық жағдайда – әр түрлі жастық топтарға бағытталған психология мен педагогика ережелері негізінде жүзеге асады.
Ауыз қуысына күтім жасау ережелерінің ішінен үйретудің ең таралмалы формаларға гигиена сабағы болып табылады. Гигиена сабағының принципиальды құрылымы оқыту мақсаттарына сәйкес құрылады: І саты- мотивация, ІІ саты-гигиенаның әдістері мен тәсілдерін таңдау, ІІІ саты- таңдалған гигиена әдісін тәжірибелі оқыту.
Осы сатылардың нәтижесінде науқаста тіс жұғындыларынан дәл қазір құтылу ынтасының пайда болуы болып табылады.
Гигиена әдістері мен заттарын таңдау. Осы сатыда дәрігер науқасқа қандай щетканың, сықпаның, флоссалар мен басқа да гигиеналық заттардың жеке жағдайында тістердің тиімді тазаруына қажет екенін айтады. Кабинетте гигиеналық заттардың үлгілерінің болуы, науқасқа оның үйіндегісімен салыстыруға мүмкіндік береді, керекті заттар көріп тұрғанда мотивацияны бекітеді. Егер дәрігер науқасқа қажетті щетканы, сықпаны, флоссаны ұсына алатын мүмкіндігі болса, бұл өте жақсы.
Тісті тазарту әдістеріне үйрету.
Оқыту үшін 2 негізгі әдісті қолданады:
а) үлгіде демонстрацияны оқып үйрету;
б) ауыз қуысында тәжірибелік үйрету (бақыланып отыратын тістерді тазалау). Оптимальды жағдайда оқытуды үлгіде демонстрациялаудан бастайды, кейін оны тәжірибелік оқыту кезінде бекітеді.
Тіс және ауыз қуысы күтіміне мына төмендегілер жатады.
1. Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасы өте қолайлы болуы керек. Ол синтетикалық материалдардан жасалған болуы тиіс. 3-4 айда жаңа щеткалар сатып алып, ескілерін тастау керек.
2. Қызыл иекті де қолмен ысқылап массажды үнемі жасап отырған дұрыс. Ерінбеу керек.
3. Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы керек.
4. Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы керек. (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып түруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың оның әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді.
5. Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуу керек. Спиртпен дезинфекциялаған жаман болмайды.
37. Тіс шөгінділері жайлы мәлімет.
Тісті шөгінділерден тазалау ауыз кілегей қабығы мен пародонт ауруларын емдеудің алғашқы және тиімді кезеңі болып саналады. Дегенмен көптеген дәрігер-стоматологтар бұл емдеу шараларының мәнімен маңызын түсіне бермейді және ауыздың мамандық гигиеналық әдістерін жүзеге асырмайды. «Ауыздың мамандық гигиенасы (профессиональная гигиена полости рта)» термині тістердің барлық беттерінен, қызылиек және пародонтальдық қалталардан жұмсақ және қатты тіс шөгінділерін алып, тістер мен қызылиекті антисептикалық ертінділермен өңдеу сияқты шараларды қамтиды.
Жұмсақ шөгінділерді немесе қақаты (налет) сутегінің асқын тотығының 1-3% ертіндісімен немесе марганецқышқылды калийдің 0,05% ертіндісімен суланған антымен сүрту арқылы, болмаса аршығышпен (экскаватор) қырып алады. Тіс бетіне жақсы бекіген жұмсақ шөгіндіні және шылым шегушілер қағын аршығыштың көмегімен алып, соңынан тістерді арнаулы ағартушы қойыртпақтармен (пастел) щетканың, резіңке шәшкелердің, полирлердің көмегімен тазалайды. «Септодонт» фирмасы кремнезем негізінде абразивті қойыртпақтар «Detartrine» цирконий оксиді және иондалған фтор негізінде «Detartrine fluorec» ұнтақталған кремнезем және цирконий негізінде «Detarrine Z» қойыртпақтарын шығарады.
Соңғы уақытқа дейін стоматологияда тіс тасын алудың механикалық әдіс қолданылады. Ол үшін әртүрлі өлшемді және пішінде экскаваторлар (аршығыштар), ілмектер (крючки), кіреуке пышақтары, кюретаждық қасықшалар, Грейси кюреткалары, орақ пішінді скалерлер, рашпильдер, имплакерлер, пародонтологиялық пышақтар. Визион кюрветтері қолданылады. Тіс тасын алған кезде төмендегі ережелер сақталуы тиіс:
1) барлық аспаптар жеткілікті зарасыздандырылуы керек;
2) тіс тасын алар алдында емдеу жүргізілетін аймақты (тістер беті, қызылиек) сутегінің 1-2% асқын тотығының, 2-3 % иодтың спиртті ертінділерімен өңдеу керек.
3) Тіс тасын алушы аспапты қатты қозғауға болмайды, оны еркін тасты қыра немесе рычагты қимылмен қозғау керек.
4) Аршығышты немесе басқа аспапты ұстап тұрған қол көрші тістерге немесе науқастың иегіне тіреліп бекітілуі қажет (аспапты тайдырып алып, жұмсақ тіндерді жарақаттамау үшін).
5) Қозғалмалы тістерді солқолдың саусақтарымен ұстап бекітеді.
6) Тас алатын аспапты тастың жиегі астына жіберіп, сындыра отырып алады.
7) Дәрігер-стоматолог көздерін арнаулы көзілдірікпен қорғайды (тас ұсақтары көзге түспеу үшін).
Тіс тасын тиімділікпен алу үшін, ең алдымен қызылиекүсті тіс тасын тістің алдыңғы бетінен (ерін және ұрт), одан кейін жанасу беттерінен, ең соңында тіл-таңдай беттерінен алады. Осыдан кейін ғана қызылиекасты тасын алып, пародонтальдық қалталар грануляциялық тіннін тазартады. Тістерді тіс тасынан мұқият тазалау және көп күш жұмсамау үшін, дәрігер-стоматолог науқасқа байланысты белгілі бір орын таңдап алу керек.
І – дәрігер науқастың алдында жайғасады, 13 12 11 21 22 23 тістердің барлық беттері, сол жақ азу тістердің тіл жақ беттері, оң жақ азу тістердің ұрт жақ беттері өңделеді.
ІІ – дәрігер науқастың артына жайғасады, 43 42 41 31 32 33 тістердің барлық беттерін өңдейді;
ІІІ – дәрігер науқастың сыртында, емдеушінің басы оңға бұрылған. Жоғарғы және төменгі солжақ кіші және үлкен азу тістердің ұртжақ беттері, жоғарғы оңжақ кіші-үлкен азу тістердің таңдай беттері, төменгі оңжақ кіші-үлкен азу тістерінің тілжақ беттері өңделеді.
IV – дәрігер науқастың сыртында, емдеушінің басы солға бұрылған, жоғарғы оңжақ кіші-үлкен азу тістердің ұртжақ, жоғарғы солжақ кіші-үлкен азу тістердің таңдайжақ беттері өңделеді.
Қызылиекасты тасы толық алынуы керек және оның толық алынуын сүңгінің көмегімен анықтайды. Тастан толық тазарған тістің түбір беттері тегіс және қатты болып келеді. Қызылиекасты тастарын алу үшін қазіргі кезде арнаулы әртүрлі пішінді айналмалы аспаптар шығарыла бастады.
Тіс тасын ультрадыбыстың көмегімен де алуға болады. Ол үшін арнаулы ұштықтары бар аппараттар қолданылады. Тіс тасын ультрадыбысты аппаратпен алған кезде төменгі ережелерді сақтау керек:
1) аспаптың ұшын тіс өсіне тік қоюға болмайды;
2) тіс бетіне қатты қысым көрсетілмеуі керек;
3) аппаратпен сусыз жұмыс істеуге болмайды. Себебі, белгілі қысыммен берілген су шоғыры ультрадыбыстың әсерінен тербелісті қозғалыс жасап, дыбыспен бірлесе отырып қатты тіс тасын бөлшектеп, ұшырады.
38. Тұрақты пломбылық материалдардың жіктелуі.
Стоматологияда қолданылуына қарай пломбалық материалдар бірнеше топқа бөлінеді:
1. Уақытша пломбалық материалдар;
2. Аралық пломбалық материалдар (емдік және оқшаулағыш );
3. Арналық пломбалық материалдар;
4. Тұрақты пломбалық материалдар.
Тұрақты пломбалық материалдар – тістің анатомиялық формасын және қызметін қайта қалпына келтіруде қолданылатын пломбалық материалдар.
Тұрақты пломбалық материалдарға қойылатын талаптар:
- тіске шайнау кезінде түсетін механикалық әсерге, қысымға, үйкелуге қарсы тұратын болуы керек;
- ауыз қуысының сұйықтықтарының, сілекейдің әсеріне химиялық тұрақты болуы керек;
- көлемін және көрінісін, түсін ұзақ уақытқа өзгертпеуі керек;
- ағзаға, шырышты қабыққа және ті тіндеріне зиянды әсері болмауы керек;
- ұлпаны термиялық жолмен тітіркендірмеуі үшін төмен жылу өткізетін болуы керек;
- термиялық кеңеюдің жылулық коэффиценті тістің қатты тіндеріне жақын болуы керек;
- пломбаны қуысқа енгізу, оны мүсіндеу кезінде оңай болуы үшін ол жұмсақ болуы керек;
- ол тіс қуысының қабырғаларына өте жақсы жабысуы керек;
- тістің түсіне сәйкес болуы керек.
Көп жылдарға дейін осы талаптарға жауап беретін пломбалар болмай жүрген еді. Соңғы кездерде компомерлердің шығарылуына байланысты, бұл талаптардың барлығына толық жауап беретін пломбалық материалдар шықты. Тұрақты пломба үшін қолданылатын материадардың бірнеше топтары бар:
1. Цементтер;
2. Композициялық материалдар;
3. Пластмасса кезіндегі пломбалар;
4. Амальгамалар;
5. Компомерлер.
Цементтер – оны тұрақты пломба салу, көпір тәрізді протез, жасанды сауыт, ортодонтиялық аппараттарды бекіту үшін, арналарды пломбалау, оқшаулау үшін қолданылады. Цементтердің барлығы ерітінді мен ұнтақтардан тұрады. Ұнтақтардың негізін мырыш, кремний, аллюминий, магний, кальций тотықтары түзеді. Кремний тотығы жылтыр түсті береді. Аллюминий тотығы қаттылық пен мықтылық береді. Мырыш тотығы жабысқақтық және жақсы адгезия береді, ал магний тотығы жұмсақтық қасиет береді. Тотықтардың мөлшеріне қарай, пломбалық қасиеттері де өзгеріп тұрады. Ал ерітіндіде орта, мета, парафосфор қышқылдары бар. Цементтердің қаситеттері талаптарға толық жауап бермегенмен, олардың арзандығы, оңай дайындалуына қарай кең қолданылады. Цементтерді 8 топқа бөлеміз:
1. Мырыш-фосфатты цементтер;
2. Силикатты цементтер;
3. Силикатты-фосфатты цементтер;
4. Бактериоцидті цементтер;
5. Мырыш эвгенолды цементтер;
6. Поликарбоксилатты цементтер;
7. Стеклоиономерлі цементтер;
8. Полимерлі цементтер.
Цементерді шыны айнада шпательмен араластырамыз. 1 пропорцияға 1,8-2,2гр ұнтаққа 0,5мл ерітінді алынады. Шпательді айналдырып ерітіндіге аз-аздан ұнтақ қосып араластыра береміз. Оларды шыны пластинкада шпатель жәрдемінде 60-90сек уақыт аралығында араластыру қажет. Дайын болған цементтен шпательді алғанда ол созылып жіпшелер пайда болмайды. Қоюланып қалған қоспаға ерітінді үстінен қосылмайды.
Композиттер – бейорганикалық бөлшектердің органикалық негіздегі қоспасы болып, ол үшін мономерлер жүйесін БИСГМА (бисфенол-А-глицил-метакрилат) қолданылады. Ол өте жоғары тұтқырлықта болғандықтан таза күйде қолданбайды да төмен тұтқырлықтағы мономерлермен, мәселен ТЭГДМА (триэтилен-гликоль-диметак-рилат) мен бірге қолданылады. Композиттер қолданылуына қарай бірнеше сыныптарға жіктеледі:
І сынып – макрофильдер;
ІІ сынып – микрофильдер;
ІІІ сынып – гибридтер;
Пластмассалық пломбалық материалдар – ұнтақ пен ерітіндіден тұрады, полимеризацияланып қатады, араластыруды қажет етпейді. Жақсы жақтары:
- тістің түсіне түседі;
- механикалық қатты;
- химиялық агенттердің әсеріне тұрақты.
Кемшіліктері:
- тірі ұлпаға уландырушы әсер етеді;
- түсін уақыт өте өзгертеді;
- температура жоғарылағанда көлемі күрт кеңейеді;
- бірталай отырады;
- мономерлер қалдығы қалады.
Амальгамалар – металл мен сынап қоспасы болып, ол өте мықты және сенімді.
Жақсы қасиеттері:
- дайын болғанда жұмсақ болады;
- қатқаннан кейін өте мықты болады;
- химиялық төзімді (37градуста қатады)
- пломбаның ұзақ уақыт қызмет етуі;
- бактериоцидті қасиеті бар.
Кемшіліктері:
- жоғары жылуды өткізгіштігі;
- сынап кем болғанда бірталай шөгеді;
- алтыннан жасалған протез коррозияға ұшырайды;
- тістің түсіне түспейді;
- тістің қатты тіндеріне жақсы жабыспайды.
Амальгамалар қолмен ауа сору шкафында немесе амальгама араластырғышта дайындалады.
Компомерлер – гибридті композиттер мен стеклоиономерлі цементтерден тұратын эстетикалық, химиялық жақсы жабысатын, биологиялық үйлесімді, өзінен фтор бөлетін және оны тістің қатты тіндеріне жинайтын желінуге төзімді материал. Бұл жүйедегі материалдар екі компоненттен тұрады: композитті-иономерлі пломбалық материалдардан және ерітінді (праймерлер-адгезивтер).
39. Флюороз туралы түсінік.
Флюороз – құрамында фтордың мөлшері көп суды пайдалану нәтижесінде организмнің фтормен созылмалы уыттануынан туындаған эндемиялық ауру. Флюороздың ең ерте дамитын белгілерінің бірі – тістердің жарақаттануы. Ең алғаш тістердегі флюорозға тән өзгерістерді сипаттап жазған және оларды “күйік шалған немесе қара тістер” (подгорелые зубы) деп атаған итальян дәрігері Чиия (1900ж). Кейінірек тістер «ойықты тістер» («испещренные зубы»), «шұбар кіреуке» (рябая эмаль), «дақты кіреуке» (пятнистая эмаль) деп атала бастады. Блек 1916 жылы ұсынған «дақты кіреуке» (пятнистая эмаль) деген ат арнаулы әдебиетте кең орын алды. Тек 1931 жылы ғана флюороздың ауыз судағы фтор мөлшерінің жоғары болуы нәтижесінде дамитыны дәлелденді (химия ғылымының дамуы нәтижесінде). Флюороз кезінде тіс тіндері ғана жарақаттанбайды, фтордың мөлшері жоғарылаған сайын сүйек қанқасы да өзгеріске ұшырайды.
Фтор – табиғатта кең тараған микроэлемент, жер қыртысында оның мөлшері – 1,06*10%. Фтор организмдегі биологиялық үрдістерге қатысатын маңызды элемент, оның организмге күнделікті қажет мөлшері 3мг жақын. Фтор адамның барлық ағзаларының құрамында бар, ал тістер мен сүйектерде көбірек қорланған.
Ересек адам күніне ас тағамдарымен бірге 0,5-1,1 мг, ал сумен 2,2-2,5 мг фтор қабылдайды. Фтор барлық тамақтық заттарда кездеседі, оның ішінде теңіз балықтарының, еттік тағамдардың құрамында (қой еті, іріқара мал және шошқа майларында, сүйек майында), жұмыртқаның сарысында, кейбір өсімдіктерде (бидай, қара бидай, шай, қызылша, қырық қабат) мөлшері көбірек болады. Қазіргі кезде фтордың мемлекеттік стандарт (ГОСТ) қабылдаған ауыз суындағы мөлшері бар: а) тиімді мөлшері (оптимальная концентрация) – 0,8-1,2 мг/л; шектеулі мөлшері (предельно-допустимая концентрация- ПДК) – 1,5 мг/л.
Тістер флюорозы дамуының дәлелді механизмі әлі анықталған жоқ. Көбірек негізделген болжам – тіс құрушы эпителийлі ағзаның дамуы кезінде энамелобласттарға фтордың жоғары мөлшерінің гематогендік жолмен көрсеткен токсикалық (уытты) әсерінен кіреукенің дұрыс қалыптаспауы.
Дата добавления: 2019-11-25; просмотров: 236; Мы поможем в написании вашей работы! |
Мы поможем в написании ваших работ!
