Тістер эрозиясы (эрозия зубов) 10 страница



Аспаптарды түбір өзек ішіне еңгізгеннен кейін аспап сағат тілі бағытымен 90° бұралады да алға жылжытылады. Шығарарда 120° кері қарай бұралады да өзек ішінен шығарылады.

60. Терең тіс жегінің созылмалы түрінің клиникасы, нақтамасы және емі.

Орта тісжегі ауыру сезімі аса мазаламағандықтан немесе қуыстың тістердің жанасу бетінде орналасуынан көп жағдайда байқаусыз қала беруі мүмкін. Сондықтан тісжегі қуысы тереңдеп ұлпа маңындағы дентин бұзылады және қуыс табанында жұмсарған жұқа дентин қабаты ғана сақталады(тісжегі қарқынды дамыған кезде) немесе пигменттелген жылтыр дентин қабаты (баяу дамыған кезде) пайда болады. Бұл кезде қуыстың табаны тіс мойыны деңгейінен аз ғана жоғары орналасады. Кейде қуыстың тереңдегені соншалық, біріншілік дентин қабаттары жойылып, екіншілік дентин қабаты бұзыла бастайды. Терең тісжегі кезінде болатын негізгі шағымдар- бұзылған тісте механикалық, температуралық және химиялық әсерлерден пайда болатын ауыру сезімі және оның әсер етуші ықпал жойылған кезде тез басылуы. Тісжегінің басқа сатыларына қарағанда мұнда ауыру сезімі күштірек және тіс көбінесе суықтан қақсап ауырады.

Қарап тексергенде терең және кең тісжегі қуысы анықталады, ішінде ас қалдықтары, ыдыраған дентин сақталған, қабырғасында пигменттелген кейде пигменттелмеген ақшыл-сары түсті жұмсақ дентин қабаттары анықталады (4-cурет).

Қуыстың табаны бірде өте жұмсақ, байқап сүңгілемесе ұлпа мүйізшесі ашылып кетуі мүмкін, әлсіз сүңгілегеннің өзінде табанында ауыру сезімі байқалады (қарқынды дамыған тісжегі кезінде). Кейде қуыстың табаны пигменттелген, қаттылау, қаттырақ сүңгілеп байқағанда ғана ауыру сезімі туындайды (баяу дамыған тісжегі кезінде). Терең тісжегі кезінде ұлпаның электр қозғыштығы 6-8 мка тең, кейде аздап төмендеуі де мүмкін (10-15 мка шамасында). Ескере кететін жағдай, терең тісжегі қуысы тістердің жанасу беттерінде орналасқан кезде әртүрлі тітіркендіргіштерден ауыру сезімі мазалай бермейді. Тісжегі қуысы кеңейіп, қуыстың шайнау беті немесе еріндер жақ беттері қабырғаларындағы дентин толығымен минералсызданып, жабынды кіреуке шайнау күштері әсерінен бұзылған кезде ғана сырқат тіс мазалай бастайды және тісжегі қуысы анықталады. Бұндай жағдай көбінесе жоғарғы жақ тістерінде жиі орын алады.

61. Түбір өзектерін толтыруға арналған силлерлер, пломбалық материалдардың жіктелуі.

62. Штифтер түрлері, қасиеті, қолданылу әдісі.

Анкерлі штифтті - тіс сауыты жартылай немесе толықтай жойылған кезде тісті сақтап қайта қалпына келтіру мақсатында, тіс түбірін берік ұстап
тұру үшін қолданылады. Анкерлі штифтің бір жағы тіс түбірінде, екінші жағы реставрация жасалатын жақта, яғни сауыт бөлігінде орналасады.

АНКЕРЛІ ШТИФТІҢ ТҮРЛЕРІ
металды
-алтын-платинапаллади құймасы
-титан және оның
құймасы
Металсыз
-Шыны
талшықты
-Углепластик

Активті- өзек ішінде цементпен бекітіледі және бұрамасы болғандықтан өзек ішіне бұралып енгізіледі.
Пассивті-тек қана цемент көмегімен бекітіледі.

Штифтер дентинмен тиіспей, барлық бойы цементпен бекітілген болса әрекетсіз (пассивті) штифт деп атайды.
Штифтер, егер түбірдің каналынацементпен бекітілуімен қатар, кетіктері арқылы каналдың дентиніне бұралып кірсе әрекетті (активті) штифт деп аталады.

Түбір өзектерін толтыру үшін гуттаперчадан штифтер (ISO-стандартына сай) және стандартқа сай емес гуттаперча конустар дайындайды.

Гуттаперча штифтердің құрамы:

1. гуттаперча -18, 9 -21, 8% (штифтің формасының тұрақтылығын, көлемін, серпі нділігін сақтайды)

2. мырыш тотығы-59, 175, 3%(минералды толықтырғыш)

3. балауыз немесе шайыр-1, 0 -4, 1% (жақсы нығыздалғыштық, созымталдық береді)

4. металдар тұздары (барий тұзыбарий сульфаты)рентгенайқындық береді.

5. биологиялық бояғыш заттар және тотығуды тежегіш заттар.

Гуттаперчаның қасиеттері:

• Биологиялық инертті

• Түбір ұшы маңындағы тіндерді тітіркендірмейді

• Түбір өзегіне еркін кіреді

• Бірқалыпты мөлщері бар

• Рентгенконтрасты

• Ылғалдарға төзімді

• Тістің түсін өзгертпейді.

Гуттаперчаның кемшіліктері:

• Залалсыздандыруға болмайды

· Түбір өзегін өз бетімен бітеуге болмайды

· Силлерлермен бірге қолданады

Штифтердің көлемі эндодонттық сызғыш көмегімен өлшенеді

63. Түбір өзектерін тік конденсация әдісімен пломбылау.

Қыздырылған гуттаперчамен вертикалды конденсациялау әдісімен түбір өзегін пломбалау. Гуттаперча әр түрлі әдістермен жұмсартылады: термиялық қыздырылады, гуттаконденсормен пломбалағанда механикалық қыздырылады. Қыздырылып жұмсартылған плагермен вертикальды конденсациялау жүргізу үшін гуттаперчаны аспаппен нығыздайды.

64. Эндодонтиялық емдеу кезіндегі қателіктер және олардың алдын-алу.

Эндодонттық ем кезінде диагностикалау, сонымен бірге ем кезінде де қателіктер жіберілуі мүмкін. Асқынулар емдеу және одан кейін де пайда болуы мүмкін.

Диагностикалау сатысындағы қателіктер:

· Диагнозды дұрыс қоймау;

· Рентген суретті дұрыс оқымау;

· Тістің жұмыс ұзындығын дұрыс анықтамау.

Емдеу сатысындағы қателіктер:

· Ашылмаған тіс қуысына девитализдеуші сықпаны салу;

· Девитализдеуші сықпаны майлы дентинмен жабу;

· Девитализдеуші заттардың дозасының шамадан көп болуы;

· Тіс қуысын толық ашпау;

· Тіс қуысын ашу кезінде тіс қабырғасын тесіп алу;

· Тіс қуысының түбін тесіп алу,

· Түбір өзегінің және тіс сауыты бөлігінің қабырғаларын жұқартып жіберу;

· Түбір өзекті механикалық толық өңдемеу;

· Түбір өзегінде аспаптың сынуы.

· Эндодонтиялық құрал-жабдықтарды ретсіз қолдану;

· Түбір өзегін өңдеуде медикаментозды заттарды шамадан тыс қолдану;

· Түбір өзегін кептіру кезінде ауа екпінін қолдану;

· Түбір өзегін өңдеу үшін пломбалық материалды қате таңдау;

· Түбір өзегін толықтай толтырмау;

· Пломбалық материалды түбір ұшынан шығарып толтыру.

65. Түбір өзектерін кеңейтудің химиялық , физикалық әдістері.

67. Түбір өзектерін гуттаперчаның бір ғана штифтін қолдану әдісімен пломбылау.

Түбір өзегін пломбалауға дайындағаннан кейін,штифті өлшеміне байланысты таңдап,эндодонтиялық инструмент штифтік көлеміне сәйкес келу керек.Сықпаны инструкциядағыдай араластырып және өзекке барлық қабырға бойымен және ұзындығына енгіземіз.Содан кейін штифті барлық түбір жұмысшы ұзындығын ұштық өзегіне дейін енгіземіз. Штифтіде сықпаны жасалған материалдар құрамына байланысты сәйкес болуы өте маңызды.Түбір өзегін суық гуттаперчамен латералды компакция әдісімен пломбылау ең әйгілі тәсіл болып табылады,себебі оны орындағанда ол түбір өзегінің герметикалық жабылуын қамтамасыз етеді. Гуттаперча химиялық құрамы жағынан каучукке ұқсас болып келеді.Гуттаперчаның 3 түрі бар:альфа-пішін,бета-пішін және гамма пішін. Гуттаперчаның оң қасиеттері: ол биоинертті,антибактериалды қасиетке ие,токсикалық емес,периапикалды тіндерді қоздырмайды,жеңіл салынып және алынады, ылғалға бейімдеу жоқ, рентгеноконтрастты, тістің түсіне әсер етпейді.Гуттаперчаның жетіспеушілігі:Қаттылықтың жетіспеушілігі оны қолдану қиындау,бірақ өзекті 30-дан жоғары өлшемді кеңейтпесе,түбір өзегінің қабырғаларына жеткіліксіз жабысуы,көмекші материал толтырғыш міндетті түрде қолдану(силлер),қысыммен жеңіл орын ауысып,апикалды өзектен шығып кетуі мүмкін,өзек өабырғасының кедір бұдырларын толтырмацды,ол дентинмен және гуттаперчалы штиф арасында макрокеңістік түзеді,эвгенолда ериді.

68. Созылмалы гипертрофиялық ұлпа қабынуын емдеудің витальді аралас әдісінің реттілігі.

69. Жедел жайылған ұлпа қабынуын емдеудің витальді экстирпация әдісінің реттілігі.

Тіс ұлпасын жансыздандырып экстирпация жолымен емдеу реттілігі.

Бұндай емдеудің ең басты мақсаты барлық ұлпаны алып тастау.

Экстирпация жолымен мына ауруларды емдейді: жедел іріңді тіс ұлпасының қабынуы, созылмалы фиброзды ұлпа қабынуын, созылмалы гипертрофиялық, созылмалы гангренозды ұлпа қабынуларын, жартылай алынған ұлпа қабынуын, конкрементті ұлпа қабынуын, ұлпаның қайта дамуынан келіп шығатын ұлпа қабынуын, барлық пародонтиттердегі ұлпа қабынуын, тіс мойнындағы тіс жегіде, ортопедиялық көрсеткіштермен сау тістерді, биологиялық әдіс көмек бермегенде қолданады.

ІV. Ұлпаны жансыздандырып экстирпация жасау жолымен емдеу реттілігі.

- инъекциялық жансыздандыру жасалады;

- тіс жегі қуысын бормен препаратталады;

- фиссуралы және шар тәрізді бормен қуысты ашып, кеңейтіледі;

- шар тәрізді бор және экскаватормен ұлпа сауытына ампутация жасалынады;

- арна ұлпасы күйдіріледі;

- арна ұлпасын ұлпа жұлғышпен экстирпация жасалынады;

- арна дәрі- дәрмектермен өңделінеді;

- егер арна тар болса оны эндодонтиялық құралдармен кеңейтіріледі;

- арна антисептик ерітінділермен өңделініп, құрғатылады;

- арна пломбасы дайындалады;

- арна толтырғышпен, штифтермен арна пломбаланады;

- аралық пломба дайындалады;

- қуысқа тегістегіш және нығыздағыш көмегімен аралық пломба салынады;

- тұрақты пломбаның түрін таңдап, қажетті заттар дайындалады;

- тегістегіш және нығыздағыш көмегімен қуысқа пломбаны енгізіп, тегістеледі;

- окклюзия тексеріледі.

70. Мышьяк сықпасын қоюдың негізгі ережесі және қолдану әдісі

Ұлпаны өлеттендіріп емдеу әдісі.

Тіс ұлпасын өлеттендіру үшін мышьяк препараттары қолданады. Ол ұлпаның жасушалы элементтерінің газ және зат алмасуын бұзады, қан тамыр мен жүйкелерін өлеттендіреді. Мышьяк сықпасын бір түбірлік тістерге 24 сағатқа, ал көп түбірлік тістерге 48 сағатқа қойылады.

V. Ұлпаны өлеттендіріп экстирпация жолымен емдеу реттілігі.

І келу

- тіс қуысына аппликациялық жансыздандыру жасалады;

- тіс жегі қуысы экскаватордың көмегімен тамақ қалдығы, өлеттенген дентиннен тазаланылады;

- №1 шар тәрізді бормен немесе өткір зондпен тіс қуысы тесіледі;

- қуыс құрғақ мақта тампонмен құрғатылады;

- №1 шар тәрізді бордың көлеміндей мышьяк сықпасын қуыс мүйізіне қойылады;

- құрғақ мақта тампонды эвгенол немесе камфорафенолға малып, қуысқа қойылады;

- тіс жегі қуысы уақытша пломба сықпасымен жабылады.

ІІ келу

- экскаватормен дентин сықпасы алынады;

- тістің ауруға сезімталдығын зондпен тексеріледі;

- тіс жегі қуысы бормен қалыптастырылады;

- стерил шар тәрізді және фиссуралы бормен тіс қуысы ашылады;

- шар тәрізді бормен немесе өткір экскаватормен ұлпа сауыты ампутация жасалынады;

- антисептикалық ерітіндіні тамыза отырып, арна ұлпасы ұлпа жұлғышпен экстирпация жасалынады;

- егер арна тар болса эндодонтиялық құралдармен кеңейтіріледі;

- арна дәрі-дәрмектермен өңделеді;

- құрғақ мақта білтесімен арна құрғатылады;

- арнаға арналған пломбалық материал дайындалады;

- арна толтырғышпен және штифтермен арна пломбаланады;

- тіс қуысы дәрі –дәрмектермен өңделеді, құрғатылады;

- аралық пломба дайындалады;

- тегістегіш - нығыздағыш көмегімен аралық пломба қуысқа салынады;

- тұрақты пломбаның түрін таңдап, қажетті заттар дайындалады;

- тегістегіш және нығыздағыш көмегімен қуысқа пломбаны енгізіп, тегістеледі;

- окклюзия тексеріледі.

 

Тіс ұлпасын өлеттендіру әдісімен ампутация жасау – бұл балалар тәжірибесінде тіс түбірлерінің сорыла бастауында, ал ересектерде тар арналарда және ауыр жағдайдағы науқастарға қолданылады.

VІ. Ұлпаны өлеттендіріп ампутация жолымен емдеу реттілігі.

І келу

- тіс қуысына аппликациялық жансыздандыру жасалады;

- тіс жегі қуысы экскаватордың көмегімен тамақ қалдығы, өлеттенген дентиннен тазаланылады;

- №1 шар тәрізді бормен немесе өткір зондпен тіс қуысы тесіледі;

- қуыс құрғақ мақта тампонмен құрғатылады;

- №1 шар тәрізді бордың көлеміндей мышьяк сықпасын қуыс мүйізіне қойылады;

- құрғақ мақта тампонды эвгенол немесе камфорафенолға малып, қуысқа қойылады;

- тіс жегі қуысы уақытша пломба сықпасымен жабылады.

ІІ келу

- экскаватормен уақытша пломба алып тасталынады;

- тістің сезімталдығын зондпен тексеріп көріледі;

- тіс жегі қуысын стерильді бормен ашып, кеңейтріледі;

- тіс жегі қуысынан шар тәрізді бормен некротомия жасалады;

- тіс жегі қуысы қалыптастырылады;

- стерильді шар тәрізді бормен тіс қуысы тесіледі;

- фиссуралы бормен тіс ұлпасының жоғарғы бөлігі толық алып тасталады;

- өткір экскаватормен тіс ұлпасының сауыт бөлігі кесіп алып тасталады;

- шар тәрізді бормен арна бастауы кеңейтіледі;

- өткір экскаватормен арна бастауындағы ұлпа кесіп алынады;

- арнадан қан ағуды дәрі -дәрмектермен немесе диатермакоагуляция әдісімен тоқтатылады;

- тіс жегі қуысы мен тіс қуысы кеңейтіріліп, дәрі –дәрмектермен өңделіп, кептіріледі;

- резорцин –формалин ерітіндісіне малынған тампон қатты сығылып, тіс түбіне қойылады ;

- уақытша пломба материалын дайындалады;

- қуыс 2 – 3 тәулікке жабылады.

ІІІ келу

- экскаватормен уақытша пломба, мақта тампон алып тасталынады;

- қуыс дәрі- дәрмектермен өңделеді;

- резорцин – формалин, не «Резодент» сықпасы дайындалады;

- тегістегішпен сықпа қуысқа енгізіліп, нығыздалады;

- аралық пломба дайындалады;

- тегістегіш-нығыздағыш көмегімен аралық пломбаны қуысқа енгізіп, нығыздалады;

- тұрақты пломба дайындалады;

- тегістегіш-нығыздағыш көмегімен тұрақты пломбаны қуысқа енгізіп, тегістеледі;

- окклюзия тексеріледі.

71. Эндодонтиялық құрал- саймандардың жуандығының түрлі- түсті белгісі.

Эндодонтиялық құрал-саймандардың жіктелуінің критерийлері:

-құралдың тағайындалуы бойынша

-дайындалу әдісі

-құралдардың жасалған материалдары

-құралдардың иілгіштігі

-құралдардың ұзындығы


Дата добавления: 2019-11-25; просмотров: 245; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!