Тістер эрозиясы (эрозия зубов) 12 страница



Аталған материалдардың ішінде өте кең тарағаны – «Z-100» («ЗМ» атты АҚШ фирмасы шығарады). Шығыс Еуропа елдеріне «Valux Plus» деген атпен жіберіледі. Ең бір ерекшелігі – толықтырғышы синтетикалық әдіспен алынған цирконий мен кремний қоспасынан тұрады. Мұндай толықтырғыш жоғары беріктік, қажалмаушылық, оңай тегістелу, табиғи жылтырлығын сақтау, түсін өзгертпеу сияқты қасиеттер береді.

 

 

77. Орта тіс жегінің клиникасы, нақтамасы және емі.

Орта тіс жегіде кіреуке –дентин шекарасының бүтіндігі бұзылып,патологиялық үрдіс жабынды дентин қабатында дамиды.Орта тіс жегі кезінде науқас ешқандай шағым айтпауы мүмкін.Себебі біртіндеп пайда болған жылтыр дентин және үшіншілік дентин қабаты ұлпаның әртүрлә тітіркендіргіштерге жауабын төмендетеді.Ал қарқынды дамыған түрінде ауыр сезімі көбінесе мехпникалық,температуралық тітіркендіргіштерден тез пайда болып тез басылады.Тіс қатарын тексеріп қарағанда бұзылған тісте орта тереңдікте тіс жегі қуысы анықталады.Тіс жегі қарқынды дамыған кезде қуыстың кірер ауызы тар ,іші ақ түсті ыдыраған дентинге және ас қалдықтарына толған ,қабырғасында ақшыл-сұр түсті оңай ажыраиылатын жұмсарған дентин қабаты бар.Зондтау барысында кіреуке-дентин шекарасында ауыру сезімі бар.

Тісжегі баяу қарқынмен дамыған кезде қуыстың ауызы үлкендеу ,ішінде ыдыраған дентин аз мөлшерде кезлеседі,көбіне қабырғалары сары ,сары-қоңыр түсті жүмсарған дентиннің қалың қабаты анықталады және оңайлықпен алына қоймайды.Зондтау барысында кіреуке-дентин шекарасында ,табанында ауыру сезімі болмайды .Ауыру сезімі кіреуке-дентин шекарасында қуысты егеп-тазалап жатқанда немсе тазалағаннан кейін сүңгілеп тексергенде байқалуы мүмкін.Ас қалдықтарынан ,ыдыраған және жұмсарған дентиннен тазаланбаған қуыстың тереңдігін көрер көзбен немесе сүңгілеп анықтау қиын.Кейде жұмсарған дентиннің қалыңдығы соншалық орта тіс жегіге санап тұрған қуыс тазалағаннна кейін терең тіс жегіге айналады және жұмсарған қалың дентин қабаты тітіркендіргіштер әсерін ұлпаға өткізбейді.Орта тіс жегіде тіс қуысын егеп –тазалаған кезде ауыру сезімі көп болмайды,сирек жағдайда қабырғаларында кіреуке-дентин шекарасында жақын аймақта ауыру сезімі п.б. мүмкін.Тістердің электр қозғыштығы 10-12 мкА тең.Диф.диагностика :сына тәрізді ақаудан,кіреуке эрозиясынан,терең тіс жегіден ,периодонттың созылмалы қабынунан ажыратамыз.Сынаға ұқсас ақау мен кіреуке эрозиясында жарақат ошақтары олардың тек өздеріне тән аймақтарында дамиды және қабырғалары қатты ,тісжегімен асқынбаса жұмсарған дентин болмайды.Терең тіс жегіден науқастың шағымы мен обьективті белгілері бойынша ажыратамыз.Орта тіс жегімен созылмалы периодонттың қабынуының ұқсастығы –тіс жегі қуыстары бола тұра ауыру сезімінің болмауы.Периодонттың созылмалы қабынуы кезінде сауыт қуысы кейде жабық болғанымен оңай ашылады және тазалау кезінде сауыт қуысы ашылған кезде де ауыру сезімі болмайды.Периодонттың қабынуы кезінде ешқандай тітіркендіргіштер ауыру сезімін туғызбайды және тіс ұлпасының электр қозғыштығы 100 мкА.Орта тіс жегіні емдеу барысында міндетті түрде пигменттелген тіндер алып таслаынады,ұлпаға дейін қалың дентин қабаты болғандықтан ,дентин түтіктерін жабу үшін аралық пломба қойылады.Егер адгезив жүйесімен жұмыс жасалатын болса аралық пломба қойылады.Адгезивтен кейін тұрақты жарықпен қататын пломба салынады.

Емі:Жергілікті этиотропты ем негізінде оташылдық жолмен ем жүргіземіз.

-жансыздандыруы

-қуысты ашу;

-қуысты кеңейту;

-өліеттенген тіндерді алып-тастаау(некротомия);

-қуысты қалыптастыру;

-кіреуке шетін тегітеу;

-тіс жегі қуысын антисептикалық ерітінділермен шаю;

-құрғату ;

-аралық пломба қою(емдік ,оқшаулайтын)

-Тұрақты пломба салу

-Пломбаны тегістеу ,жылтырату.

 

78. Терең тіс жегінің жедел түрінің клиникасы, нақтамасы және емі.

Орта тісжегі ауыру сезімі аса мазаламағандықтан немесе қуыстың тістердің жанасу бетінде орналасуынан көп жағдайда байқаусыз қала беруі мүмкін. Сондықтан тісжегі қуысы тереңдеп ұлпа маңындағы дентин бұзылады және қуыс табанында жұмсарған жұқа дентин қабаты ғана сақталады(тісжегі қарқынды дамыған кезде) немесе пигменттелген жылтыр дентин қабаты (баяу дамыған кезде) пайда болады. Бұл кезде қуыстың табаны тіс мойыны деңгейінен аз ғана жоғары орналасады. Кейде қуыстың тереңдегені соншалық, біріншілік дентин қабаттары жойылып, екіншілік дентин қабаты бұзыла бастайды. Терең тісжегі кезінде болатын негізгі шағымдар- бұзылған тісте механикалық, температуралық және химиялық әсерлерден пайда болатын ауыру сезімі және оның әсер етуші ықпал жойылған кезде тез басылуы. Тісжегінің басқа сатыларына қарағанда мұнда ауыру сезімі күштірек және тіс көбінесе суықтан қақсап ауырады.

Қарап тексергенде терең және кең тісжегі қуысы анықталады, ішінде ас қалдықтары, ыдыраған дентин сақталған, қабырғасында пигменттелген кейде пигменттелмеген ақшыл-сары түсті жұмсақ дентин қабаттары анықталады (4-cурет).

Қуыстың табаны бірде өте жұмсақ, байқап сүңгілемесе ұлпа мүйізшесі ашылып кетуі мүмкін, әлсіз сүңгілегеннің өзінде табанында ауыру сезімі байқалады (қарқынды дамыған тісжегі кезінде). Кейде қуыстың табаны пигменттелген, қаттылау, қаттырақ сүңгілеп байқағанда ғана ауыру сезімі туындайды (баяу дамыған тісжегі кезінде). Терең тісжегі кезінде ұлпаның электр қозғыштығы 6-8 мка тең, кейде аздап төмендеуі де мүмкін (10-15 мка шамасында). Ескере кететін жағдай, терең тісжегі қуысы тістердің жанасу беттерінде орналасқан кезде әртүрлі тітіркендіргіштерден ауыру сезімі мазалай бермейді. Тісжегі қуысы кеңейіп, қуыстың шайнау беті немесе еріндер жақ беттері қабырғаларындағы дентин толығымен минералсызданып, жабынды кіреуке шайнау күштері әсерінен бұзылған кезде ғана сырқат тіс мазалай бастайды және тісжегі қуысы анықталады. Бұндай жағдай көбінесе жоғарғы жақ тістерінде жиі орын алады.

Терең тісжегіні орта тісжегіден, ұлпаның жартылай жедел қабынуынан (острый частичный пульпит), созылмалы жай (фиброзды) қабынуынан, периодонттың созылмалы қабынуынан ажырата білу керек. Ұлпаның жартылай жедел қабынуына өз бетімен пайда болатын қстамалы, бірақ ұзаққа созылмайтын, сырқат тіспен ғана шектелетін ауыру сезімі тән. Әртүрлі тітіркендіргіштер ауыру сезімін туындатады немесе күшейте түседі. Тістің электрқозғыштығы 20-25 мка, кейде бұл көрсеткіштер одан да жоғары болуы мүмкін. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы кезінде ауыру сезімі әртүрлі тітіркендіргіштер әсерін туындайды, қарқындылығы аса күшті емес (сыздап ауырады) және ұзаққа созылып барып басылады. Сауыт қуысы көбіне тісжегі қуысымен байланысып жатады кейде сауыт қуысы жабық болуы мүмкін. Тістің электрқозыштығы 30-40 мкА. Баяу дамыған терең тісжегіні кейде периодонттың созылмалы қабынуынан (сауыт қуысы ашылмаған кезде) ажыратуға тура келеді.

Кейде тісжегі қуысының ауызы тар болған жағдайда астың қалдығы мен ыдыраған дентин ұзақ сақталып, тісте түн кезінде өз бетімен мазалайтын ауыру сезімі пайда болады және күндіз мазаламайды. Ауыру сезімі бірнеше түн қатарынан қайталануы мүмкін. Ауыру сезімі түнге қарай көбінесе тәтті тағамдар жеген кезде жиірек қайталанады. Мұндай жағдайдағы ауыру сезімі көбіне көмірсулы ас қалдықтарының ыдырап, қышқылдар құрылуы нәтижесінде және жұмсарған дентиннің ыдырауынан пайда болған уытты заттар мен микроорганизмдердің уыттарының ұлпаны тітіркендіруі әсерінен дамиды. Көптеген авторлар мұны ұлпа гиперемиясы (гиперемия пульпы) cимптомы деп түсіндіреді (Бұл кездегі ұлпаның жағдайын анықтау үшін тісжегі қуысын егеп-тазалап, жылы ертінділермен жуып-кептіріп, 7-10 күнге уақытша пломбымен жабады. Белгіленген уақыт ішінде өз бетімен ауыру сезімі туындамаса – терең тісжегі деген диагноздың дәлелдегені. Емі:Жергілікті этиотропты ем негізінде оташылдық жолмен ем жүргіземіз.

-жансыздандыруы

-қуысты ашу;

-қуысты кеңейту;

-өліеттенген тіндерді алып-тастаау(некротомия);

-қуысты қалыптастыру;

-кіреуке шетін тегітеу;

-тіс жегі қуысын антисептикалық ерітінділермен шаю;

-құрғату ;

-аралық пломба қою(емдік ,оқшаулайтын)

-Тұрақты пломба салу

-Пломбаны тегістеу ,жылтырату.

 

                                                                                       

79. Тістің қатты тіндерінің жүре пайда болған тіс жегі емес зақымдануларының этиологиясы.

Тістердің қатты тіндерінің тіс жегілі емес зақымдары екіге бөлініп қарастырылады.Туа пайда болған және жүре пайда болған ақаулар деп.Соның ішінде жүре пада болған ақауларған мына аурулар жатады:

· сынаға ұқсас ақау;

· тістер эрозиясы;

· тістердің қатты тіндерінің некроздануы;

· тістердің пигментациялануы және қақтары;

· тістер зақымы;

· қатты тіндерінің қажалуы,

· тістердің жоғары сезімталдығы.

Этиологиялары:

Тістердің сынаға ұқсас ақауы (клиновидный дефект зубов)

Сынаға ұқсас ақау тістің қатты тіндерінің біртіндеп жойылуынан пайда болады және тістердің мойын бөліктерінің ерін және ұрт жақ беттерінде орналасады. Сынаға ұқсас ақау орта жастағы және жасы ұлғайған және пародонт тіндері өзгеріске ұшыраған адамдарда жиірек кездеседі. Сондықтан оны пародонт ауруларының бір белгісі деп те қарастырады. Қазіргі кезде бұл жарақат 20-30 жастағы адамдар арасында да кездесе бастады.

Сынаға ұқсас ақаудың себептері туралы әртүрлі көзқарастар бар. Біраз зерттеушілер оны тіс тазалау кезінде мәсуектің (зубная щетка) көрсететін механикалық әсерінен болады деп түсіндіреді. Оның дәлелі - ақаудың тіс қатарында шығыңқы орналасқан тістердің (сүйір тістер мен кіші азу тістер) мойын бөлігінде, солақай адамдардың (левша) оң жақ тістерінде, ал оңқай адамдардың (правша) сол жақ тістерінде жиірек кездесуі. Бірақ тіс мәсуегін пайдаланатын адамдардың бәрінде бұл ақау кездесе бермейді.

Енді біраз зерттеушілер ақаудың пайда болуын ас қабылдау кезінде түзілетін қышқылдардың әсері деп тұжырымдайды. Бірақ ақаудың қышқылдардың ең көп құрылатын аймағы – тістердің жанасу беттері мен шайнау беттерінде пайда болмауы, бұл тұжырымның дәлелсіз екенін көрсетеді.

Сынаға ұқсас ақау көбінесе ересек және жасы ұлғая бастаған адамдарда тіс қуысында конкремент құрылған кезде, екіншілік дентин белсенді құрылып тіс қуыстары тарылған, кейде тіпті жабылған адамдарда жиі кездеседі. Мұның өзі тістің қатты тіндерінің трофикасының бұзылып, атрофиялық өзгерістерге ұшырауынан деген ой келтіреді. Ал тіс тазалайтын мәсуек көрсететін механикалық әсер – тек қосымша ықпал деп түйіндеуге болады


Дата добавления: 2019-11-25; просмотров: 326; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!