Стейнтон-Капдепон дисплазиясы (дисплазия Стейнтона-Капдепона) .



Бұл ауруды алғаш 1892 жылы Стейнтон, ал 1905 жылы Капдепон сипаттап жазған, себебі мен патогенезі әлі анықталмаған. Көпшілік зерттеушілердің ұйғаруынша, мезенхимальды құрылымдардың даму үрдісінің бұзылуы әсерінен дамитын және тұқым қуалайтын аурулар тобына жатады. Тұрақты тістермен қатар сүт тістері де жарақаттануы мүмкін. Тістер шыға салысымен кіреуке біртіндеп сынып, дентиннен ажырай бастайды, оның шағын қалдықтары тек тістердің мойын бөліктерінде және жанасу беттерінде сақталады. Жалаңаштанған дентин қоңыр түсті және мөлдір, тығыздығы төмен болғандықтан тез арада қажалуға ұшырап жойыла бастайды. Тістер уақытында және толық шығады. Тіс сауыттары мен түбірлерінің пішіндері аса өзгеріске ұшырамаған. Рентгендік тексеру кезінде кейбір тістердің қысқа және жіңішке, ал кейде керісінше жуан болып келуі, тіс қуыстары тарылып, бітеле бастаған.

Эктодермальды дисплазия (эктодермальная дисплазия)

Бұл – тұқым қуалайтын, эктодермальдық құрылымдардың даму үрдісінің бұзылуы әсерінен дамитын ауру. Сондықтан ол эктодермальдық құрылымдардың – тырнақтардың, шаштың дамып жетілмеуімен, сілекей және жас бездерінің нашар дамуымен, кейде толық дамымай қалуымен сипатталады. Мұндай сырқаты бар науқастарға өзіндік клиникалық белгілер тән: маңдай сүйек шығыңқы, ерге ұқсас мұрын, екі ерні қалың, біраз тістері немесе барлық тістері шықпаған. Сүт тістері мен тұрақты тістердің кіреукесі дұрыс дамымаған, өте жұқа және нәзік, оңай сынғыш. Дентин жалаңаштанған, қара-қоңыр түсті және тез қажалуға ұшырайды.

Жетілмеген амелогенез (несовершенный амелогенез)

Жетілмеген амелогенез (тұқым қуалаушылықтан дамыған тістер гипоплазиясы)тістер кіреукесінің әртүрлі дәрежедегі құрылымдық бұзылыстарымен сипатталатын ауру. Патологиялық үрдістің негізі – эктодермальдық жасушалық құрылымдардың функциональдық қызметтерінің ауытқуларымен байланысты. Ерлер мен әйелдер арасында бірдей кездесе береді . Жетілмеген амелогенез кезінде адам организімінде белгілі бір патологиялық үрдіс анықталмайды . Патологиялық үрдістің ауырлығына қарай аурудың үш дәрежесін ажыратады .

Жетілмеген дентиногенез (несовершенный дентиногенез).

Бұл ауру тістің сауыт бөлігіндегі және көбінесе түбір бөлігіндегі дентиннің нашар дамуынан туындайды және тістердің жедел қажалуға ұщырап және қозғалмалы болып, ерте түсіп қалуына әкеп соғады.

Мұндай тістердің пішіні мен көлемі көп өзгеріске ұшырамайды, бірақ температуралық тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық байқалады.

Рентгендік суретте мұндай тістердің түбірлері қысқа, түбір ұштары қалыптаспаған және төңірегіндегі сүйек тінінде құрылымы бұзылған ошақтар (очаги деструкции) анықталады. Кіреуке-дентин шекарасы ойлы-қырлы, тіс қуысы екіншілік дентинмен жабылған.

Жетілмеген остеогенез (несовершенный остеогенез)

Жетілмеген остеогенез мезенхиманың дұрыс қалыптаспауынан тіс тіндерінде коллагеннің жетіспеушілігінен дамитын және жиі тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатады. Сүт тістері мен тұрақты тістер бірдей жарақаттанады, тістер шыққаннан кейін тіс кіреукесі дентиннен тез ажырайды. Беті ашылған дентин тез арада қажалуға ұшырап, тістердің көлемі кішірейе бастайды.

Гипофосфатезия.

Бұл ауру сілтілі фосфатазаның құрылуының туа дамыған ауытқуы әсерінен дамиды. Ауру күрделі клиникалық белгілермен сипатталады: бас сүйегі күмбезінің сүйектену уақытының бұзылуы; аяқ-қолдың деформациялануы және жиі сынуы; шаш және тырнақтардың сынғыштығы, көкшілденуі (цианоз); жиі жүрек айнуы мен құсу; іш жүрмеуі; бұлшық еттердің тырысып тартылуы. Сонымен қатар тіс түбірлерінің толық дамымауы, кіреуке гипоплазиясы, уақытша тістер түбірлерінің ерте сорылып, уақытынан бұрын тісеуі байқалады.

 

81. Дәрігерлік гигиенаның әдістемесі және реттілігі.

Ауыз қуысының дәрігерлік гигиенасы – кезекпен кезек орындалатын шараларды өз ішіне алады:
 - науқаспен ауыз қуысына дәрігерлік гигиена шараларын өткізудің қажеттілігін, тіс шөгінділері мен тіс қақтарының, тістің қатты тіндері мен қызыл иекке тигізетін зияны жайлы әңгімелесу;
 - науқаспен жеке гигиена сабақтарын өткізу және оны қадағалау;
 - ауыз қуысын әлсіз антисептикалық ерітінділермен шаю;
 - тіс шөгінділерін, яғни тіс тастарын, кірлерін алу, тістің беткейін тегістеу, жылтырату;
 - тіс беткейлерін құрамындафторы бар лакпен жабу.
Тіс шөгінділерін толығымен алу үшін, оны стоматологиялық клиникада арнайы аппараттарды және құралдарды қолданады.
Дәрігерлік гигиенаны өткізу ол әр науқастың жеке ауыз қуысының ерекшеліктеріне байланысты болады. Оған алып келуші мәнбірлерге төмендегілер жатады:
 - тіс шөгінділері мен қақтарының пайда болып, таралуына алып келетін ауыз қуысының қанағаттанарлықсыз тазалығы;
 - ауыз қуысындағы микрофлораның әсерінен тіс қақтарының минерализацияланып, тіс тастарына айналуы.
Тіс тастарын тазалау әдістерін пародонтты жарақаттаушы мәнбірлерді жою мақсатында қолданады. Пародонт қабынуын тіс шөгінділерін тазалап алмай жатып емдеуге болмайды. Тіс шөгінділерін толық алмаса, пародонт қабынуының саябырсуына, яғни аурудың уақытша бәсеңдеуіне әкеліп соғады. Тіс тастарын тазалаудың 3 түрі бар:
1. Механикалық – аспаптар көмегімен;
2. Химиялық – дәрілік препараттар көмегімен;
3. Ультрадыбыс арқылы.
Тіс тастарын механикалық әдіспен алып тастау. Механикалық әдіспен тіс тастарын тазалау, арнаулы аспаптар жиынтығы көмегімен, ілмектер, экскаваторлар, тегістегіш, тіке долото, рашпильдер, қырнағыш (кюреттік) және т.б. аспаптармен орындалады. Аспаптар тіс мойнындағы, тіс түбіріндегі немесе бетіндегі тастарды алуға байланысты таңдалады. Аспаптардың жұмыс жасайтын бөлігі өткір, үшкір және тіс түбірлерінің қисаюына байланысты болуы керек.
Химиялық жолмен тіс шөгінділерін алу. Тіс шөгінділері тіске қатты жабысып тұрғанда және тістер қозғалмалы болғанда қолданылады. Тіс шөгінділерін алдын жұмсартып, соңынан арнайы құрал-саймандармен тазаланады. Химиялық препараттардың әсер етуші агенті органикалық қышқылдар не тұз қышқылы. Препарат тіс беткейіне 30-60с жағылады, толығымен сүртіп, шайылады, соңынан механикалық жолмен алынады.

82. Периодонтиттерді емдеу міндеті мен мақсаты.

Периодонтитті емдеу әдісі жедел периодонтиттің клиникасына және келіп шығу себебіне байланысты болады.Емдеудің мақсаты ауруды басу периодонтиттегі қабыну үрдісін жою және оның әрмен қарай жақ бет аймағына тралуын тоқтату.
1 келу. Жедел ұштық периодонтиттің 1 кезеңінде экссудат шамалы аз жиналған кезде тіс қуысын ашып арнадан өлеттенген тіндерді шығарып тастап антисептиктермен өңдеп ферменттермен ауру қалдыратын дәрілерге білтені малып арнада қалдырып 1-2 күнге уақытша жауып қойса болады. Аурудың өршіген екінші кезеңінде тісті жабуға болмайды. Мұнда міндетті түрде экуссудат периодонттан арна, өтпелі қатпар, парадонт қалтасы не тісті жұлу арқылы шығарып жіберіледі.
2 келу. Қабыну басылғаннан бірнеше күннен кейін барлық белгілер жойылғанда арнайы антисептиктермен өңдеп 3% сутегі асқын тотығы, паркан, йодинол, фурацилин, ферменттер, эфир майлары т.б.уақытша жауып жібереміз. Арнада дәрі дәрмектерден қалампыр майы, комфорофенол, хлорагексидин, Рокль 4 бәлте қалдырылады. Көп түбірлі арналары жақсы өтпейтін тістерді резорцин формалин әдісімен импрегнациялап, не электрофорез жасап, не күмістеп тісті 3-4 күнге герметик жауып қоямыз.
3 келу. Уақытша пломба алынып, арналарды тазартырып, дәрі дәрмектермен өңдеп болған соң тұрақты пломбалық материалмен пломбаланады

83. Ұлпа қабынуын емдеу әдістері.

Тіс ұлпасының қабынуын емдеу 2 әдісі бар:
 - Кертартпалық әдісі;
 - Оташылдық әдісі.
Кертартпалық әдіске биологиялық әдіс кіреді, ал оташылдыққа жансыздандыру әдісі (витальды) және өлеттендіру (девитальды) әдіс жатады.
Биологиялық әдіс тіс ұлпасын тірі күйде сақтап емдеу болып табылады. Биологиялық әдіспен емдеу бұл ұлпа қабынуын ауру басталған шағында, дәлірек айтсақ жедел ошақты ұлпа қабынуында, созылмалы талшықты ұлпа қабынуында, жарақаттық ұлпа қабынуын емдеуге болады. Биологиялық әдіспен емдеудің ең басты ерекшелігі тіс жегі қуысын ашып, өңдеп болғаннан кейін қуысқа, яғни ұлпаға жақын жерге патологияға қарсы тұрушы емдік сықпа қоямыз. Емдік сықпаны қуыста қалдырамыз. Ол қабыну үрдісін жою керек. Биологиялық әдіспен емдегенде 2 келуде пломба қойылады. Кейде сауыт ұлпасын толық сақтап қалу мүмкін болмаған жағдайда, биологиялық ампутация әдісімен де емделеді. Ол арна ұлпасын тірі күйінде сақтап қалады. Ампутациялық жолмен мына ауруларды емдейміз : жедел ошақты ұлпа қабынуы, жарақатты ұлпа қабынуында, созылмалы фиброзды (талшықты) ұлпа қабынуында, созылмалы гипретрофиялық ұлпа қабынуында .
І. Ұлпа қабынуын емдеуде ұлпаны толық биологиялық әдіспен емдеп, сақтап қалу реттілігі.
І келу
- ауыз қуысын антисептик ерітінділермен өңделеді;
- жансыздандыру жасалады;
- тіс жегі қуысын стерильді бормен ашып, кеңейтіріледі;
- шар тәрізді бормен қуыстан некротомия жасалады;
- тіс жегі қуысы қалыптастырылады;
- қуыс жылы антисептикалық ерітіндімен өңделеді;
- тіс жегі қуысын жылы ауамен құрғатылады;
- қуыс түбіне қабынуға қарсы әсер етуші емдік сықпа қойылады;
- уақытша пломбалық материал дайындалады;
- тіс 2 – 3 тәулікке жабылады.
ІІ келу
- уақытша пломбаны экскаватормен алынады;
- тіс жегі қуысы жылы антисептикалық ерітіндімен өңделеді;
- қуыс түбіне тіс тіндерін қайта қалпына келтіретін одонтотропты емдік сықпа қойылады;
- аралық пломба дайындалады;
- тегістегіш пен нығыздағыштың көмегімен қуысқа аралық пломба қойылады;
- тұрақты пломбалық материал дайындалады;
- тегістегіш және нығыздағыш көмегімен тұрақты пломбаны қуысқа енгізіп, тегістеледі.
ІІ. Ұлпаны жансыздандырып, биологиялық ампутация әдісімен емдеу реттілігі.
І келу
- ауыз қуысы антисептикалық ерітіндімен өңделеді;
- инъекциялық жансыздандыру жасалады;
- тіс жегі қуысын стерильді бормен ашып, кеңейтріледі;
- тіс жегі қуысынан шар тәрізді бормен некротомия жасалады;
- тіс жегі қуысы қалыптастырылады;
- стерильді №1 шар тәрізді бормен тіс қуысы тесіледі;
- фиссуралы бормен тіс ұлпасының жоғарғы бөлігі толық алып тасталады;
- өткір экскаватормен тіс ұлпасының сауыт бөлігі кесіп алып тасталады;
- шар тәрізді бормен арна бастауы кеңейтіледі;
- өткір экскаватормен арна бастауындағы ұлпа кесіп алынады;
- арнадан қан ағуды дәрі –дәрмектермен тоқтатылады;
- жылы ауамен қуыс кептіріледі;
- арна бастауына қабынуға қарсы күрделі әсер етуші сықпа қойылады;
- уақытша пломба материалын дайындалады;
- қуыс 7-10 тәулікке жабылады.
ІІ келу
- экскаватормен уақытша пломба алып тасталынады;
- қуыс жылы антисептикалық ерітіндімен өңделінеді;
- тіс тіндерін қайта қалпына келтіретін одонтотропты емдік сықпа қойылады;
- аралық пломба дайындалады;
- тегістегіш - нығыздағыш көмегімен қуысқа аралық пломба салынады;
- тұрақты пломбалық материал дайындалады;
- тегістегіш - нығыздағыш көмегімен тұрақты пломбаны қуысқа енгізіп, тегістелінеді;
- окклюзия тексеріледі.
Ұлпа қабынуын виталді, яғни жансыздандыру әдісімен емдеу.
Жансыздандырып емдеу әдісінің 2 түрі бар:
1. Түбір ұлпасын ампутация әдісімен емдеу.
2. Түбір ұлпасын экстирпация жасау арқылы емдеу.
 Сауыт ұлпасын экскаватор не стерил бор арқылы кесіп алып тастауға ампутация дейілсе, ал арналардағы тіс ұлпасын арнайы құралдармен ұлпажұлғышпен алып тастайтын болса, оны экстирпация дейміз.
Ұлпаны ампутациялық жолмен емдеу биологиялық әдіске ұқсас болып келеді. Бірақ бірінші келуде жансыздандырып ампутация жасалады да, ал сауыт ұлпасын мумификация жасайды.
ІІІ. Ұлпаны жансыздандырып, ампутация әдісімен емдеу реттілігі.
І келу
- ауыз қуысы антисептикалық ерітіндімен өңделеді;
- инъекциялық жансыздандыру жасалады;
- тіс жегі қуысын стерильді бормен ашып, кеңейтріледі;
- тіс жегі қуысынан шар тәрізді бормен некротомия жасалады;
- тіс жегі қуысы қалыптастырылады;
- стерильді №1 шар тәрізді бормен тіс қуысы тесіледі;
- фиссуралы бормен тіс ұлпасының жоғарғы бөлігі толық алып тасталады;
- өткір экскаватормен тіс ұлпасының сауыт бөлігі кесіп алып тасталады;
- шар тәрізді бормен арна бастауы кеңейтіледі;
- өткір экскаватормен арна бастауындағы ұлпа кесіп алынады;
- арнадан қан ағуды дәрі -дәрмектермен немесе диатермакоагуляция әдісімен тоқтатылады;
- тіс жегі қуысы мен тіс қуысы кеңейтіріліп, дәрі –дәрмектермен өңделіп, кептіріледі;
- резорцин –формалин ерітіндісіне малынған тампон қатты сығылып, тіс түбіне қойылады ;
- уақытша пломба материалын дайындалады;
- қуыс 2 – 3 тәулікке жабылады.
ІІ келу
- экскаватормен уақытша пломба алып тасталынады;
- қуыс антисептикалық ерітіндімен өңделіп, кептіріледі;
- тіс түбіне резорцин- формалин сықпасы қойылады;
- қуыс жақсылап тазаланып, кептіріледі;
- аралық пломба дайындалады;
- тегістегіш - нығыздағыш көмегімен қуысқа аралық пломба салынады;
- тұрақты пломбалық материал дайындалады;
- тегістегіш - нығыздағыш көмегімен тұрақты пломбаны қуысқа енгізіп, тегістелінеді;
- окклюзия тексеріледі.
Тіс ұлпасын жансыздандырып экстирпация жолымен емдеу реттілігі
.
Бұндай емдеудің ең басты мақсаты барлық ұлпаны алып тастау.
Экстирпация жолымен мына ауруларды емдейді: жедел іріңді тіс ұлпасының қабынуы, созылмалы фиброзды ұлпа қабынуын, созылмалы гипертрофиялық, созылмалы гангренозды ұлпа қабынуларын, жартылай алынған ұлпа қабынуын, конкрементті ұлпа қабынуын, ұлпаның қайта дамуынан келіп шығатын ұлпа қабынуын, барлық пародонтиттердегі ұлпа қабынуын, тіс мойнындағы тіс жегіде, ортопедиялық көрсеткіштермен сау тістерді, биологиялық әдіс көмек бермегенде қолданады.
ІV. Ұлпаны жансыздандырып экстирпация жасау жолымен емдеу реттілігі.
- инъекциялық жансыздандыру жасалады;
- тіс жегі қуысын бормен препаратталады;
- фиссуралы және шар тәрізді бормен қуысты ашып, кеңейтіледі;
- шар тәрізді бор және экскаватормен ұлпа сауытына ампутация жасалынады;
- арна ұлпасы күйдіріледі;
- арна ұлпасын ұлпа жұлғышпен экстирпация жасалынады;
- арна дәрі- дәрмектермен өңделінеді;
- егер арна тар болса оны эндодонтиялық құралдармен кеңейтіріледі;
- арна антисептик ерітінділермен өңделініп, құрғатылады;
- арна пломбасы дайындалады;
- арна толтырғышпен, штифтермен арна пломбаланады;
- аралық пломба дайындалады;
- қуысқа тегістегіш және нығыздағыш көмегімен аралық пломба салынады;
- тұрақты пломбаның түрін таңдап, қажетті заттар дайындалады;
- тегістегіш және нығыздағыш көмегімен қуысқа пломбаны енгізіп, тегістеледі;
- окклюзия тексеріледі.
Ұлпаны өлеттендіріп емдеу әдісі.
Тіс ұлпасын өлеттендіру үшін мышьяк препараттары қолданады. Ол ұлпаның жасушалы элементтерінің газ және зат алмасуын бұзады, қан тамыр мен жүйкелерін өлеттендіреді. Мышьяк сықпасын бір түбірлік тістерге 24 сағатқа, ал көп түбірлік тістерге 48 сағатқа қойылады.
V. Ұлпаны өлеттендіріп экстирпация жолымен емдеу реттілігі.
І келу
- тіс қуысына аппликациялық жансыздандыру жасалады;
- тіс жегі қуысы экскаватордың көмегімен тамақ қалдығы, өлеттенген дентиннен тазаланылады;
- №1 шар тәрізді бормен немесе өткір зондпен тіс қуысы тесіледі;
- қуыс құрғақ мақта тампонмен құрғатылады;
- №1 шар тәрізді бордың көлеміндей мышьяк сықпасын қуыс мүйізіне қойылады;
- құрғақ мақта тампонды эвгенол немесе камфорафенолға малып, қуысқа қойылады;
- тіс жегі қуысы уақытша пломба сықпасымен жабылады.
ІІ келу
- экскаватормен дентин сықпасы алынады;
- тістің ауруға сезімталдығын зондпен тексеріледі;
- тіс жегі қуысы бормен қалыптастырылады;
- стерил шар тәрізді және фиссуралы бормен тіс қуысы ашылады;
- шар тәрізді бормен немесе өткір экскаватормен ұлпа сауыты ампутация жасалынады;
- антисептикалық ерітіндіні тамыза отырып, арна ұлпасы ұлпа жұлғышпен экстирпация жасалынады;
- егер арна тар болса эндодонтиялық құралдармен кеңейтіріледі;
- арна дәрі-дәрмектермен өңделеді;
- құрғақ мақта білтесімен арна құрғатылады;
- арнаға арналған пломбалық материал дайындалады;
- арна толтырғышпен және штифтермен арна пломбаланады;
- тіс қуысы дәрі –дәрмектермен өңделеді, құрғатылады;
- аралық пломба дайындалады;
- тегістегіш - нығыздағыш көмегімен аралық пломба қуысқа салынады;
- тұрақты пломбаның түрін таңдап, қажетті заттар дайындалады;
- тегістегіш және нығыздағыш көмегімен қуысқа пломбаны енгізіп, тегістеледі;
- окклюзия тексеріледі.
Тіс ұлпасын өлеттендіру әдісімен ампутация жасау – бұл балалар тәжірибесінде тіс түбірлерінің сорыла бастауында, ал ересектерде тар арналарда және ауыр жағдайдағы науқастарға қолданылады.
VІ. Ұлпаны өлеттендіріп ампутация жолымен емдеу реттілігі.
І келу
- тіс қуысына аппликациялық жансыздандыру жасалады;
- тіс жегі қуысы экскаватордың көмегімен тамақ қалдығы, өлеттенген дентиннен тазаланылады;
- №1 шар тәрізді бормен немесе өткір зондпен тіс қуысы тесіледі;
- қуыс құрғақ мақта тампонмен құрғатылады;
- №1 шар тәрізді бордың көлеміндей мышьяк сықпасын қуыс мүйізіне қойылады;
- құрғақ мақта тампонды эвгенол немесе камфорафенолға малып, қуысқа қойылады;
- тіс жегі қуысы уақытша пломба сықпасымен жабылады.
ІІ келу
- экскаватормен уақытша пломба алып тасталынады;
- тістің сезімталдығын зондпен тексеріп көріледі;
- тіс жегі қуысын стерильді бормен ашып, кеңейтріледі;
- тіс жегі қуысынан шар тәрізді бормен некротомия жасалады;
- тіс жегі қуысы қалыптастырылады;
- стерильді шар тәрізді бормен тіс қуысы тесіледі;
- фиссуралы бормен тіс ұлпасының жоғарғы бөлігі толық алып тасталады;
- өткір экскаватормен тіс ұлпасының сауыт бөлігі кесіп алып тасталады;
- шар тәрізді бормен арна бастауы кеңейтіледі;
- өткір экскаватормен арна бастауындағы ұлпа кесіп алынады;
- арнадан қан ағуды дәрі -дәрмектермен немесе диатермакоагуляция әдісімен тоқтатылады;
- тіс жегі қуысы мен тіс қуысы кеңейтіріліп, дәрі –дәрмектермен өңделіп, кептіріледі;
- резорцин –формалин ерітіндісіне малынған тампон қатты сығылып, тіс түбіне қойылады ;
- уақытша пломба материалын дайындалады;
- қуыс 2 – 3 тәулікке жабылады.
ІІІ келу
- экскаватормен уақытша пломба, мақта тампон алып тасталынады;
- қуыс дәрі- дәрмектермен өңделеді;
- резорцин – формалин, не «Резодент» сықпасы дайындалады;
- тегістегішпен сықпа қуысқа енгізіліп, нығыздалады;
- аралық пломба дайындалады;
- тегістегіш-нығыздағыш көмегімен аралық пломбаны қуысқа енгізіп, нығыздалады;
- тұрақты пломба дайындалады;
- тегістегіш-нығыздағыш көмегімен тұрақты пломбаны қуысқа енгізіп, тегістеледі;
- окклюзия тексеріледі.

84. Төменгі кіші және үлкен азу тістердің түбір өзектерінің ерекшеліктері.

Бірінші кіші азу тіс. Бұл тіс сауытының кіре беріске қараған беті ит тіс беткейіне ұқсас, бірақ биіктігі қысқа, ені үлкендеу. Орта және бұрыш төмпешіктері үшбұрыш түрінде табиғи ойықтармен ажратылған. Тіс сауытының ауыз қуысына қараған беті, ауыз кіребе-рісіне қараған беткейден кіші және қысқа, вертикал бағытталушы орта табиғи ойыққа ие. Шайнау бетінде жақсы білініп тұратын ұрт және тіл төмпешіктері болады. Тіл төмпешігі кіші, ұрт төмпешігі үлкен. Тісте бір түбір, бір арна бар.
Тістің сауыттық қуысы сопақша пішінді, алды-артқы бағытқа қарай тартыған. Қуыс күмбезінде 2 ойық бар, үлкені үлкен ұрт бұдырына, кішісі тілдік бұдырына сай келеді. Қуыстың үлкендеу өлшемі тіс мойнынан төмен байқалады. Біртіндеп тарылып тіс қуысы бір өзектен өтетін болады. Екі түбір өзегі болуы мүмкін (ұрттық және тілдік). Қосылуы және бір немесе екі түбір ұшының тесігіне ашылады.
Екінші кіші азу тіс. Бұл тістің сауыт бөлігі бірінші кіші азу тіс өлшемінен үлкен. Ауыз қуысына қараған бетінде вертикал және медиодистал бағытталған бөртпелар болып, беткей көрінісін онша түзбейді. Шайнау бетінде ойықтар бар, олар кейде қосылған болады. Беткей түзілісі домалақ, және онда екі немесе үш төмпешік болады. Ауыз қуысына қараған беттің төмпешігі үшкір және жақсы көрінеде, кіре беріске қараған бетіндегі төмпешік тегістеу болады. Тісте бір түбір, бір арна бар.
Тістің сауыттық қуысы сопақша пішінді. Қуыс күмбезінде ұрттық және тілдік бұдырға сай біркелкі екі ойық бар. Біртіндеп тарылып, тістің сауыттық қуысы жақсы өтетін бір өзекке өтеді. 

85. Төменгі күрек және сүйір тістердің түбір өзектерінің ерекшеліктері.

Орталық және бүйір күрек тістер. Бұл тістер ең кіші тістер болып есептелінеді. Бұл тістердің сауыт бөлігі медиодистал бағытта енсіз және кесуші бүйір тіс сауыты, орталық кесуші тіс сауыты өлшемінен үлкен. Тіс сауытының ауыз кіре берісіне қараған беткейі аздап бұдыр, ортасында вертикал түрде бағытталушы екі табиғи ойық орташа көрінген. Тіс сауытының ауыз қуысына қараған беткейі тегіс, аздап ойықтау болады. Тістерде бір түбір, бір арна бар.
 Орталық күрек тіс.Тіс қуысы үшбұрышты еске түсіреді. Тіс қуысының күмбезі кеу қырына жақын орналасқан. қуыстың сауыттық бөлігі түбір өзегіне жайлап өтеді. Тіс түбірі медио-латеральды бағтта біршама қысылған. Көлденең кескенде тістің қуысы сопақша немесе саңылау тәрізді пішінде болады. Өзегі тар, жиі қиын өтетін болады.
Бүйір күрек тіс.Тіс қуысы орталық күрек тістің қуысына қарағанда үлкен болады. Өзегі сопақша пішінді, вестибулярлы-тілдік бағытта тартылған. Орталық күрек тістен негізгі айырмашылығы бүйір күрек тіс өзегі кеңдеу, сирек емес екі өзек – вестибулярлы және тілдік анықталады.
Ит тістер. Бұл тістер күрек тстерден үлкендеу. Үшкірленген төмпешік көріністегі кесу ұштары бар. Тіс сауытының ауыз кіре берісіне қараған беті кесу төмпешігінен тіс мойнына бағытталған кішкене бүртікпен тең екі бөлікке бөлінеді. Ауыз қуысына қараған тіс сауыты бетінде жақсы көрінген тіс төмпешігі бар. Төменгі жақ ит тістері бүйір беткейлері жоғарғы жақ тістеріне ұқсас. Тісте бір кең арна болады.
тіс қуысы және тістің өзі желпуіш тәрізді пішінде болады. Күмбезде кесу бұдырына сәйкес саңылау бар. Сауыттың орталық деңгейінде қуыс кеңейеді. Тістің үлкен бөлігі мойын аймағында орналасады, түбір өзегіне жайлап өтеді. Көлденең кесіндісінде өзек сопақша пішінді болады, мезио-латеральды бағытта қысылған. Сирек емес екі өзек – ұрттық және тілдік кездеседі.

86. Жоғары кіші және үлкен тістердің сауыты, түбір өзектерінің ерекшелігі және біріншілік эндодонтиялық жолды қалыптастыру.

Кіші азу тістер. Олар жоғары жақта төртеу болып тамақты ұсатып беру қызметін орындайды. Бірінші кіші азу тістер екіншісіне қарағанда үлкендеу, оның 2 түбірі, 2 арнасы, 2 төмпешігі бар. Төмпешіктер ұрт және таңдай, түбірлер де ұрт және таңдай болып екіге бөлінеді. Кіреберіс не ұрт беткейінен қарағанда олар ит тістерге ұқсап кетеді. Бірақ көлемі жағынан шамалы кішілеу келеді. Сауыт бөлігі призмаға ұқсас, шеттері бұдырлы болады. Кіші азу тістердің ауыз қуысына қараған беті тегіс, медиодистал тіс радиусы бағытында екі төмпешік болып, вертикал бағыттағысы кішілеу. Ең үлкен төмпешік экватор ұзындығының орта бөлігінде орналасқан.
Түбір өзектерін ашу. Әрбір тіс топтарының тіс қуысын ашу және толық ашу өз ерекшеліктері бойынша жүреді. Жиі осы іс-шаралар тіс жегі қуысы арқылы манипуляциясы жүргізіледі. Бірақ кейде сау тістердің сауыт трепанациясы қажет болады. Тіс жегі қуысын жалпы қабылдаған талаптарға сай егейді.
Жоғарғы жақтың кіші азу тісінің қуысын ашу кезінде ұлпаға жақын орналасқан тіс жегі қуысы түбі аймағында жүргізіледі. Бұл кезде тіс жегі қуысының екінші класын шайнау бетейінде жүргізеді. Сау тісте және 5-класс тіс жегі қуысы борды кезінде тіс сауытын фиссура ортасына трепанизациялайды. Айқын төмпешікке борды бағыттайды. Тіс қуысын ашу өзек сағасына сай орналасқан ұрт-таңдай бағытында жүргізіледі. Сонымен қатар, қызыл иек астында және тіс мойнынан жоғары орналасқан тіс қуысы түбінің орналасуын ескеру қажет. Кейде тіс қуысы күмбезінде екі тесік жасайды және оларды өзек сағасы ретінде қабылдайды. Тіс қуысын алды-артқы бағытта ашу дұрыс емес болып табылады. Бұл кейде жанасқан тіс қабырғасының перфорациясына алып келеді.
Екінші кіші азу тіс түрі біріншіге ұқсас, бірақ көлемі кішілеу және бірінші кіші азу тістен барлық беттердегі көріністер тегістелген, төмпешіктері, медиал және дистал бұрыштары домалақтанған, ауыз кіре берісіне қараған беттегі табиғи ойықтар аз көрінуімен айырмашылық болады. Тісте көбіне 75 % 1 арна, 25 % 2 арна болады. Түблер бірігіп кеткен болады.
Түбір өзектерін ашу. Жоғарғы жақтың екінші кіші азу тісінде көбінесе екі өзек болады. Тіс қуысын ашу фиссура ортасында, ал кеңейту ұрт-таңдай бағытта жүргізіледі.
Бірінші үлкен азу тіс. Тіс сауытының ұрт беткейі шайнау бетіндегі кішілеу ойықшадан бағытталушы орта табиғи ойықтармен тең екі бөлікке бөлінген. Табиғи ойық көбіне сауыттың ұшынан мойын бөлігіне дейін жалғасады, медиал және дистал бағыттарда екіге ажралып мойын сызығына жетеді. Ұрт беткейінің көрінісі екі кіші азу тістен түзілгенге ұқсайды. Сол себептен беткейде табиғи ойықтардан бөлек, екі вертикал бағытталушы бөртпе төмпешіктермен бітеді. Бірінші үлкен азу тіс сауытының кіре беріс беткейдегі медиал төмпешік, дистал төмпешіктен үлкендігі және ұзындығымен ажырап тұрады. Тісте үш арна бар. 2 ұрт, 1 таңдай арнасы болып, ол ұзын және кең болады. Арналар бір- бірінен алшақ орналасады.
Түбір өзектерін ашу. Жоғарғы жақтың сау бірінші үлкен азу тіс қуысын ашу алдыңғы таңдай және артқы ұрт төмпешігін байланыстыратын мүмкіндігінше білікке тиіспей алдыңғы ұрт төмпегі бағыты бойынша алдыңғы фиссурада жүргізеді. Алмастырушы дентиннің біршама түзілісі кезінде тіс қуысын ашу кеңейген таңдай өзек бағыты бойынша жүргізуге болады. Тіс қуысын кеңейту ұрт және өзек сағасының таңдай жағына сай борды ұрт-таңдай бағытында жүргізіледі. Кеңейтілген тіс қуысы сопақша немесе домалақ пішінді болады.
Екінші үлкен азу тіс. Бұл тіс сауыты көбіне бірінші үлкен азу тіске ұқсайды. Оның көлемі біріншісінен кішілеу. Дистал, ұрт және таңдай төмпешіктері аздау көрінеді. Тіс сауыты, шайнау беткейінің түріне ұқсап әр түрлі болуы мүмкін. Медиал және дистал беткейлердегі шайнау беті көрінісін түзуші төмпешіктер қиялығы және олардың тармақтары, төмпешіктер табиғи ойықтармен ажратылған болып, 3 бірлесуші жарты овал түрге ие болады. Тісте үш арна бар. 2 ұрт, 1 таңдай арнасы болып, ол ұзын және кең болады. Арналар бір- біріне жақын орналасады.
Үшінші үлкен азу тіс (ақыл тіс). Бұл тіс түрлі көріністегі түрге және көлемге ие. Ол жақтағы үлкен азу тістердің ең кіші болып есептелінеді. Көбіне үш төмпешікті, кейде төрт төмпешікті болуы да мүмкін. Арналар да түрлі болады.
Түбір өзектерін ашу. Екінші үлкен азу тіс сауытының құрылымының 4 нұсқасын сте сақтау қажет, яғни төмпекке алдыңғы-артқы бағытта қарама-қарсы бағытта тартылады. Сау төменгі үлкен азу тіс қуысын ашу алдыңғы ұрт төмпегі бағыты бойынша фиссуралық ортаңғы 3тен 1 бөлігіне жүргізіледі. Облитерация кезінде тіс қуысын ашу артқы өзек бағытында жүргізуге болады. Төменгі үлкен азу тістердің қуысын ашу алдыңғы-артқы бағытта жүргізіледі. Тіс қуысын ұрт-таңдай бағытында кеңейту қателік болып табылады.

 

87. Жоғары күрек және сүйір тістердің сауыты, түбір өзектерінің ерекшелігі және біріншілік эндодонтиялық жолды қалыптастыру.

Орталық күрек тістер. Олардың сауыт бөлігі істік күрекке ұқсаған, мойнына қарай ұшбұрыш не трапеция көрінісінде болуы мүмкін. Барлық күрек тістер ішінде ең үлкені болып саналады. Тістің кіреберіс беткейі аздап шығыңқы келеді, кесу беткейден мойынға қарай вертикал сызықтар бар. Жаңа шыққан кезде олардың кесу беткейінде 2-3 тісшелері болады, кейін келе олар жейіліп кетеді. Әдетте күрек тістердің сауытының кесу медиал бұрышы тік, ал дистал бұрышы дөңгелек келеді. Тістердің ауыз қуысына қараған беткейлері батыңқы, дөңгелектелген ұшбұрыш тәрізді болып, тіс мойнына қараған тарақшалар болады. Олар қосылып төмпешік түзеді. Төмпешіктің астында екі ойық бар. Тіс мойнына қарай жуандап, беткей, таңдай, медиал және дистал беткейлерге бөлінеді. Тістің бүйір жанынан қарағанда беткейлер ұшбұрыш көрінісінде болады. Тіс сауыты тістің 1/3 бөлігін түзеді, ал түбірі 2/3 бөлігін түзеді. Тіс қуысы тістің сыртқы көрінісін қайталайды. Тіс мойны проекциясында ол шамалы тарайып, түбір арнасына өтеді. Түбір дистал жаққа қисайған болады.
Бүйір күрек тістер.
Орталық күрек тістерге қарағанда шамалы мөлшері кішірек, сауыты олардан 1 мм дей қысқа болады. Медиал кесу беткейі тік болмай дөңгелектеу, ал дистал бұрышы дөңгелек болады. Ол тура орталық күрек тістердің формасын қайталайды. Мұның да түбірі дистал жаққа қисайған.
Ит тістер. Алдыңғы тістер ит тістермен шектеліп, олардың сауыты конус тәрізді, үшкірленген төмпешік көрінісінде болады. Кіреберіс беткейі ромб сияқты дөңес болып, беткейлері тең болмаған екі бөлікке бөлінеді. Кішісі медиал бөлігі, үлкені дистал бөлігі. Таңдай беткейінде кесу беткейден тараққа ұқсаған сызаттары бар, олар қосылған кезде ойық пайда болады. Ауыз қуысына қараған беткейі кемдеу болып, ағзадағы ең ұзын тіс саналады. Түбірі күрек тістердегідей біреу және ол дистал беткейге қарай еңкейген.
Түбір өзектерін ашу. Әрбір тіс топтарының тіс қуысын ашу және толық ашу өз ерекшеліктері бойынша жүреді. Жиі осы іс-шаралар тіс жегі қуысы арқылы манипуляциясы жүргізіледі. Бірақ кейде сау тістердің сауыт трепанациясы қажет болады. Тіс жегі қуысын жалпы қабылдаған талаптарға сай егейді. Тіс қуысын №1шар тәрізді бормен немесе зондтың жұқа ұшымен ашады. Осы кезде тіс қуысына кіріп кету сезімі сезіледі. Күрек және ит тістердің контактті беткейінде тіс жегі қуысының (3-ң кластар) болуы кезінде оларды таңдай немесе тіл беткейіне шығарады, сосын тіс қуысын ашады. Мойын маңында немесе сау тістер аймағында тіс жегі қусы болуы кезінде тіс қуысын таңдай немесе тілбеткейінде ашады. Тіс сауытына трепанацияны алмазды және қатты балқитын бормен турбинді бормашина көмегімен жүргізеді. Сауытты оның беткейінең ортасына трепанациялайды. Күрек тістердің кесу қырына трепанациялау мүмкін емес, вестибулярлы және тіл қабырғасының сынуын акелуі мүмкін. Тіс қуысын ашу кезінде бордың бағыты таңдай немесе тілдік беткейәне перпендикулярлы. Содан кейін тіс қуысын кеңейту кезінде бор бағытын тіс осін параллельді бағытқа ауыстырады.

88. Эндодонтиялық ұсақ аспаптардың жіктелуі, қолдану орны, жұмыс істеу ережелері.

Эндодонтия – бұл тіс арнасында жұмыс істеу болып, ол арнаны механикалық тазалау, оны пломбалауға дайындау және пломбалауға айтылады.

Ол үшін бір неше түрдегі эндодонтиялық құрал – саймандар қолданылады.

1.Ұлпа жұлғыш (пульпаэкстрактор) – бұл құрал өзектен және тұтқасынан тұрады. Өзекте өткір тістері болып, шыршаға ұқсап орналасқан. Оған ұлпаны орап, жұлып алынады (экстирпация) – не өлеттенген тіндерді некротомия жасайды. Онымен арнадағы мақта турунданы, емдік сықпаларды және толық толтырылмаған арналардағы пломбаны шығарып тастайды. Ұлпа жұлғыштардың екі түрі бар.

- ұзын ұлпа жұлғыштар – жоғарғы жақ үшін 50 мм

- қысқа ұлпа жұлғыштар – төменгі жақ үшін 30 мм

Олар 5 мөлшерде болады.

1. Түбір инесі (Миллер инесі) – қатты қырлары бар не тегіс қара түсті ине. Қалыңдығына қарай №1, №2, №3 мөлшері болады. Түбір инесімен арнаның ұзындығы, арнаның өтуін және мақта турунда-мен арнаны дәрі – дәрмектермен өңдейді. Пломбалық материалдарды нығыздайды.

2. Дриль борлар – арналарды кеңейтуде, пломбалық материалдарды арнадан шығаруда қолданады. Қолмен және бор машинаға орнатылып жұмыс істейтін түрлері бар.

3. Түбір ұңғылары (буравы корневые) – түбір арналарын өтіп, кеңейтуде және арналарды тегістеуде қолданады.

4. Арна толтырғыштар – арнаны пломбалық материалдармен толтыру үшін қолданылады. Ол бор машинаға орнатылады.

5. Эндодонтиялық ұштықтар – қисық, тар арналарды өтіп, кеңейтуде қолданатын және қолмен жұмыс істеуге ыңғайлы, жаңадан шыққан құралдар. Олардың төмендегі топтары бар:

· Арна бастауын кеңейтетін құралдар. Оларға: «Largo» , «Gates Glidden», « Оrifice opener» жатады.

· Арналарды өтуге арналған құралдар. Олар: «K – Remer», «K – Flexorеmer», «K – Flexorеmer Golden Medium», «K – Nitiflex».

· Арналарды кеңейтіп, қабырғаларын тегістейтін құралдар: «K– File»,

· «K – Flexsofile», «K – Flexsofile Golden Medium», «Heolstroem File».

· Арналарды пломбалауда қолданатын құралдар. Оларға: пломбалық материалдарды және арна герметиктерін арнаға енгізуде қолданатын арнатолтырғыштар «Lentola», гуттаперчаны нығыздайтын (конденсация) құралдар спрадерлер, пелагерлер, конденсерлер жатады.

Жаңадан шыққан эндодонтиялық құрал - саймандар.

1. Арналарды өтуге арналған құралдар- «Rаеmer» (дрил).

Арналардың қисықтығы мен кеңдігіне қарай төмендегі түрлері қолданады.

- «K – reamer».

- «K – Flexoremer» « K-raemer»ге қарағанда көбірек иілгіш болып, ол жіңішке және қисық арналарға қолданылады.

- «K – Flexoremer Golden Medium» кідіріссіз жіңішке құралдан жуанына өтуде қолданылады. Нөмері көбеюіне қарай жуандайды.

- Риммерлермен жұмыс істегенде сағат тілін жүргізуге ұқсаған қимыл жасалады. Құралдардың ең жіңішкесі «K – File Nitiflex». Олар қисық және жіңішке арнаны өтуде қолданады.

- Арналарды кеңейтіруде «K – File»ды қолданамыз. Ол риммерлерге қарағанда майсқақ болып, қадамдары жиі болады.

2. Тегістейтін құралдарға «Hedstroem File» немесе арна ұңғысы жатады. Бұл құралмен жұмыс істегенде оны бұрауға болмайды, тек арнаға ендіріп-шығару керек болады. Себебі ол сынып қалуы мүмкін.

3. Арналарды толтыратын құралдар: конус тәрізді спиралдан тұратын құрал болып, оның 2 түрі болады.

- қолмен жұмыс істейтін,

- бормашинамен жұмыс істейтін.

Бормашинамен жұмыс істеу кезінде айналу жылдамдығы мину-тына 100-120дан аспау керек. Жылдамдық көбейтірілгенде ол сынуы мүмкін.

4. Пломбалық материалдарды нығыздауда қолданатын құралдар:

- спредерлер – қолмен жұмыс істейді, ол гуттаперчаны арнаның жанына енгізіп, қарама – қарсы қабырғаға қарай ығыстырады;

- пелагрлер – қолмен жұмыс істейтін вертикальды нығыздайтын құрал, ол цилиндр тәрізді болып, басып нығыздайды;

- конденсерлер – бормашинаға орнатылып гуттаперчаны нығыздайды

89. Ауыз қуысының жеке гигиенасы кезінде қолданылатын тазалау әдістері.

Ауыз қуысының ауруларын алдын алуда ең маңызды шаралардың бірі болып ауыз қуысының гигиенасы саналады.

Ол өз кезегінде 2-ге бөлінеді:

- ауыз қуысының жеке гигиенасы;

- ауыз қуысының дәрігерлік гигиенасы.

Тіс пен ауыз қуысы ауруларын алдын алуда ең қолайлы, қарапайым және тиімді болып ауыз қуысының жеке гигиенасы саналады.

Ол өз ішіне төмендегілерді қамтиды:

1.әр дайым жылына кемінде 2 рет стоматолог–гигиенист қабылдауына бару;

2.күніне 2 рет тіс мәсуегі мен сықпа жәрдемінде мұқият тазалау;

3.әр бір тамақ қабылдауынан кейін ауыз қуысын тазалау;

4.тіс аралықтарын тазалап тұру;

5.тамақ құрамын реттеу;

6. жағымсыз әдеттерден өзін тыйу.

Ауыз қуысының жеке гигиенасы бұл - әр дайым арнайы гигиеналық құрал–жабдықтармен ауыз қуысын, тістер, қызыл иекті тамақ қалдықтарынан және жұмсақ кірлерден тазалауға айтылады. Ауыз қуысының жеке гигиена құрал-жабдықтарына тіс мәсуегі, тіс сықпалары, тіс шұқығыштар, флостар, ауыз шайғыштар, тіс ұнтағы және т.б. жатады.

Тіс мәсуегі – ауыз қуысына күтім жасауды тіс мәсуегін таңдаудан басталады. Олар қолмен жұмыс істейтін және автоматталған (электрлік, дыбыспен, ультрадыбыспен) болады.

Тісті тазалау әдістері.

Стандартты әдіс. Тіс қатары бірнеше бөліктерге бөлінеді: үлкен азу тістер, кіші азу тістер, алдыңғы тістер. Тістерді түйістірместен мәсуекті 45 градус бұрыш астында орналастырылады. Тістердің алдын ұрт беткейінен бастап тазаланады. Сол жақтың бір бөлігіне 10 сыпырушы әрекет жасаймыз, кейін басқа бөліктеріне өтеміз. Екінші болып таңдай беткейлері сыпырушы әрекеттермен тазаланады. Үшінші болып азу тістердің шайнау беткейлері қыру әрекеттері жасалып, әр жақта 10 – 15 қимыл жасалады. Соңында ұқалау қимылдары жасалады. Мұнда тістер тістеседі, солдан – оңға қарай айнала әрекеттер-мен тазаланады. Төменгі жақта да сол әрекеттер жасалады.

Леонард әдісі. Мәсуекті тіс беткейіне перпендикуляр орналастырып, тіс мойынынан төмен қарай қимылдар жасалады. Кіреберіс беткейді тістесу уақытында, ал таңдайды ауызды ашып тұрып тазаланады. Шайнау беткейлерін алдына – артына қозғалыстар жасау арқылы тазаланады.

Басс әдісі. Бұл әдіспен үлкен азу тістердің мойындарын жақсы тазаласа болады, себебі мәсуек тіс өсіне 45 градус бұрыш астында орналастырылады. Ол көбіне қызыл иек жүлгесіне кіріп тұрады. Кіреберіс және тіл – таңдай беткейлерін дірілдеуіш қимыл жолымен, ал шайнау беткейлерін алға – артқа қарай қимылдар жасалу жолымен тазаланады.

Фонес әдісі. Тістер тістесуі кезінде мәсуек тіс беткейлеріне перпендикуляр орналастырылып, айнала әрекеттер жасау арқылы жоғарғы және төменгі жақтар тазаланады. Бұл пародонт ауруымен ауырған науқастарда қолданады.

Рейт әдісі. Мәсуек алдын тіс өсіне паралель, кейін 90 градус бұрыш астында орналастырылып, қызыл иектен сауытқа қарай сырғанау қимылдарын жасайды.

Смит – Белла әдісі. Мәсуекті шайнау бетіне перпендикуляр орналастырып, мәсуекті қызыл иекке басып – айналдыру қимылдарын жасайды да кейінгі тіске өтеді.

Стильман әдісі. Мәсуекті тіс өсіне 45 градус бұрыш астында орналастырып, оны қатты басады, соңынан айнала қимылдармен қызыл иектің түсі қайта қалпына келгенше ұқалайды, ал тіл не таңдай беткейіне мәсуекті тіс өсіне паралель орналастырып тазалайды.

Чартер әдісі. Қызыл иек шетіне мәсуекті 45 градус бұрыш астында орналастырып түрлі қимылдармен айландырып, қағып, дірілдетіп тіс аралықтарына ендіріп тазалайды.

    90.   Сіз жаңадан терапиялық бөлме ашқыңыз келеді. Бөлме талапқа сәйкес жасалынуы қажет.

1. Бөлмеге қойылатын талаптар қандай?

2. Бөлмені жабдықтаңыз.

3. Дәрігердің жұмыс орнын ұйымдастырыңыз.

91. Дәрігер стоматолог науқас қабылдау кезінде медициналық картаны толтыру кезінде картадағы    реттілік , яғни диагноз деген жерге алдын ала диагнозды толығымен жазудан бастады.          

          1-Дәрігер тура жазды ма?

2- Стоматологиялық науқастың амбулаториялық картасын толтыру реттілігін жазыңыз.

92. 1. Стоматологиялық поликлиниканың терапевт дәрігер стоматологы айлық есеп тапсыру кезінде қандай құжаттармен жұмыс жасайды?

2 . Құжаттары толтыру реттілігін жазыңыз.

93. Науқастың жасы 20, ол тамақ ішкенде қысқа уақытпен ауырып басылатын ауру сезімге шағынданады. Қарап тексергенде: 27 тістің дисталды бетінде кіре берісі үлкен емес, бірақ терең тісжегі қуысы бар. Қуыс ақ түсті, жұмсарған дентинмен толы. Шұқып тексергенде тіс жегі қуысы түбінде ауру сезімі бар, қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Суық температураға 10-15 секунтай ауру сезімі байқалды.

1 Қандай қосымша тексеру әдістерін қолданасыз?

   2- Сіздің нақтамаңыз қандай?

3- Қолданылатын ем реттілігі.

94. Науқастың жасы 32де, қышқыл, қантты тағамдарды жегенде қысқа уақытпен ауырып басылатын ауру сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: 17 тістің мойын бетінде эмаль деңгейде тісжегі анықталды. Шұқып тексергенде қуыстық табанында ауру сезімі жоқ. Қағып қарағанда ауру сезімі жоқ.

1- Тексерудің қосымша әдістерін көрсетіңіз.

2- Сіздің нақтамаңыз.

Жасалынатын ем реттілігі

95. Науқасты қарап тексергенде 14 тістің мойын бөлігінде тісжегі қуысы бар, дентин-эмаль шекарасынан тереңірек орналасқан. Тістің түсі өзгермеген. Шұқып тексергенде табаны ауырмайды, қабырғаларында ауру сезімі бар. Қағып тексергенде ауру сезімі жоқ.

1- Тексерудің қосымша әдістерін қолданасыз ба?

2- Сіздің нақтамаңыз.

Жасалынатын ем реттілігі

96. Науқас 34 жаста. 15 тістің қатты тағамдар қабылдағанда ауру сезімі бар екеніне шағымданды. Ауру сезімі 1 ай бұрын пайда болған. Қарап тексергенде 15 тістің шайнау бетінде тісжегі қуысы бар. Қуысты сүңгілеп көргенде ауру сезімі болды. Ұуысқа суық сумен тампон енгізгенде қысқа мерзімді ауру сезімі байқалды. ЭОМ 12 мкА көрсетеді.

1- Тіс жегі қуысы Блэк бойынша қай сыныпқа жатады?

2- Нақтамасын қойыңыз.

Жасалынатын ем реттілігі.

97. Стоматологиядағы құрал-саймандарды залалсыздандырудан алдыңғы өңдеу кезінде бүркелген қанды анықтау үшін азопирам сынамасын дайындау қажет.

1- Азопирам сынамасының құрамына қандай заттар кіреді?


Дата добавления: 2019-11-25; просмотров: 365; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!