Тістер эрозиясы (эрозия зубов) 11 страница



-құралдардың көлденең кесіндісінің мөлшері және пішіні

-құралдың жұмыстық бөлімінің және ұшының пішіні

-құралдың конустығы

Құралдардың ұзындығы әр түрлі болуы мүмкін.Құралдың жұмыстық бөлімінің негізгі үнемі ұзындығы-16 мм.Файл және римерлердің көлемдері түбір ұшының диаметрімен анықталады және сандық мм-мен белгіленеді-0,06-0,14мм дейін.Көлемдерінің кодталуы:сабының түсі,металдық сабының сақиналы тартқышының немесе құйрығының боялуы,құйрығында немесе жұмысшы стержінінде.

Көлемдері түспен:

· 6-қызғылт

· 8-сұр көк

· 10-күлгін

· 15,45,90-ақ

· 20,50,100-сары

· 25,55,110-қызыл

· 30,60,120-аспан көк

· 35,70,140-жасыл көк

· 40,80-қара

Геометриялық таңбалануы:

· Дрильбор немесе К-ример-үшбұрыш

· Файл К-файл –квадрат

· Иілгіш файл-ромб

· Бурав Н-файл –шеңбер

· Рашпиль-сегізбұрышты

· Пульпоэкстрактор-жұлдыз

· Түбір толтырғыш-оралған

72.Түбір өзектерін дәрі-дәрмектермен өңдеу әдістемесі.

Медикаментозды өңдеудегң препараттар келесі талаптарғы сай болуы керек:

-бактерицидті қасиетке ие болу

-апикалды тінге зиянды болмауы

-сенсибилиздеуші әсерімен көрсетпеуі және тұрақты штамты микроорганизмдердің пайда болуына қарсы болуы

-тез әсер беруі және дентинді өзекке тереңірек кіруі

-органикалық заттың болуында өзінің эффектілігін жоғалтпау керек

-мүмкіншілігінше нашар иісі және дәмі болмау керек

-химиялық тұрақты және өзінің белсенділігін ұзақ уақыт сақтауы тиіс

Түбір өзектерін өңдеуге арналған медикаментозды заттардың жіктелуі:

1.Спецификалық емес ;

1.Құрамында кислороды бар 3 пайыздық асқын сутегі ерітіндісі және т.б

2.Құрамында гологен болуы:а.хлорлы:1-2 пайыз хлорамин ерітіндісі 0,2 процент хлоргексидинбиглюконат ерітіндісі,3-5 пайыз гипохлорид натрий ерітіндісі никротизделген тіндерді ерітеді грам оң және грам теріс бактерияларды өлтіруі бактерицидтік әсері,саңырауқұлақтар вирустар б.иодты 1 пайыз йодинол ерітіндісі

3.нитрофуранан қатарындағы препараттар:0,5 пайыз фурациллин ерітіндісі (кең әсерлі спектірлі,антиэксудативті)

4. төрттік амоний байланысы:0,1 пайыз декамин(спора түзуші микроорганизмдерге,ашытқы тәрізді саңырауқұлақтарға бактерицидті әсер етеді)

5.20 пайыз диметилсульфооксид немсе димексид ерітіндісі (антисептикалық,қабынуға қарсы,аналгезирлеуші,бактериостатикалық,фунгицитті әсер көрсетеді.)

6.Протеолитикалық ферменттер:химоксин,трипсин,химотрипсин (қабынуға қарсы,ісінуге қарсы)

7.Нәруызды ферменттер:0,1 пайыз лизоцим ферменті

8.ортофен және оның анологтары

9.сутегінің асқын тотығы

Хлор;5 пайыздық натрий гипохлориді,2пайыздық хлорамин ерітіндісі жоғарғы бактерицидтік әсері газ тәріздес хлордың бөлінуіне және дентин түтікшелеріне терең еніп,оларды толық залалсыздандыру қасиетінде негізделген.Йодинол-тіндердің қайта құрылуын жылдамдатады,бактерицидтік,фунгициттік.

73. Уақытша төсемдер, олардың түрлері, пломбылау техникасы.

74. Фиссуралық герметиктерді қолдану техникасы.

Қазіргі заманда тіс жегінің алдын алу жолдарының ең ыңғайлы жолдарынынң бірі-фиссуралардың герметизацясы.Бұл әдісте тіс жегімен зақымданбаған фмссураларды арнайы органикалық қышқылдарға төзімді материалмен толтыру б.т.Герметик фиссураларға карисогенді микроорганизмдердің кіруі мен фиксациясына қарсы тұрады.Өте көп жағдайда балаларда қолданылады.Фиссуралық герметиктер (силанттар)-толықтырылмаған химиялық неемесе жарықпен қататын  композитті смола болып табылады.Табиғатынан олар гидрофобты болып табылады.Профилактикалық әсердің күшін көбейту үшін кейде оның құрамына фтор қосылыстарын қосады.Фиссуралық герметиктер түссіз және ақшыл түске ие түрлері бар.

Ақшыл түстес материалдың  құрамына титан диоксиды қосылады.

Фиссураларды герметизациялау үшін тағы эмальды-бондттар,сұйық композиттер,беткейлік герметиктер қолданылады.

Фиссуралық герметиктердің түрі:Biscover LV(Бисковер лв сұйық композит,АҚШ),Глассин ФИСС(стеклоинномерлі материал ,Ресей) ; Сиалант(АҚШ);Фиссурит Ф(жарықпен қататын фторлы пломбалық материал Германия ) жәнет.б.

Глассин ФИСС(стеклоинномерлі материал ,Ресей )қолдану техникасы: Пломбалық материалды алып шыны пластинада шпательмен комнаталаық температурада араластыамыз. Қалыпты консиситенцияға ие болу үшін 1 қасық порошок қа 1 тамшы сұйықты тамызамыз. Араластыру 30-60 сек аралығында Пломбалық материалды дайындау уақыты 1,5-2мин құрайды. Дайын болған фисссураны тазалап,құрғатып,материалды жағамыз .Қату уақыты 5-7 мин.

 

    75. Цементтерді дайындау және пломбылау әдістері, қолданатын құрал- саймандар.

Цементтер оны тұрақты пломба салу көпір тәрізді протез жасанды сауыт ортодонтиялық аппараттарды бекіту үшін арналарды пломбалау оқшаулау үшін қолданылады. Ценеттердің барлығы ерітінді мен ұнтақтан тұрады .Ұнтақтардың негізін мырыш кремний алюминий , магний кальций тотықтары түзеді.Кремний тотығы жылтыр түсті береді.Алюминий тотығы қаттылық пен мықтылықты береді .Мырыш тотығы жабысқақтық жақсы адгезия береді.

Магний тотығы жұмсақтықты береді .Тотықтардың мөлшеріне қарай пломбаның қасиеттері өзгеріп тұрады .Ал ерітіндіде орта мета парафосфар қышқылдары бар .

 Цементтердің қасиеттері талаптарға толық жауап бермегенмен олардың арзандығы ,оңай дайындалуына қарай кең қолданылады.

Цементтерді 8 топқа бөлеміз :

1. Мырыш фосфатты цементтер

2. Силикатты цементтер

3. Силикат фосфатты цементтер

4. Бактериоцидті цементтер

5. Мырыш эвгенолды цементтер

6. Поликарбоксилатты цементтер

7. Стеклоиномерлі цементтер

8. Полимерлі цементтер

 Цементтерді шыны айнада шпательмен араластырамыз 1 порцияға 1,8 2,2гр ұнтаққа 0,5 мл ерітінді алынады.Шпательді айналдырып ерітіндіге аз аздан ұнтақ қосып араластыра береміз. Оларды шыны пластинкада шпатель жәрдемінде 60 90 секунт уақыт аралығында араластыру қажет. Дайын болғанда цеметтен шпательді алғанда ол созылып, жіпшелер пайда болмайды.Қоюланып қалған қоспаға ерітінді үстінен қосылмайды .

76. Жарық пен қататын пломбалық материалдар жүйесі, құрамы, қолданылу орны.

Жарықпен қататын пломбалық материалдар бір пасталық жүйені құрайды.Олардың полимеризациялану механизмі  химиялық жолмен қататын пломбалық материалдыкындей , бірақ полимеризациялану жарық энергиясымен іске қосылады.(Фотонды энергиямен)1970 жылы композиттердің қатыруға арналған ультракүлгін сәулелі лампама,ал 1977 галогенді лампа шығарылған болатын.Қазіргі уақытта көк түсті сәуле толқын ұзындығы 400-500 нм сәуле бөлетін лапмалар қолданылады.Олардың қасиеті тіс тіндерін жылу бөлу арқылы галогенді лапмаға қарағанда қыздырып жібермейді.Пломбалық материалдардың артықшылықтары:

-араластыруды талап етпейді,

-вязкость тті не меняет жұмыс уақытында

-пломбалық материалды ұзақ уақыт модельдеуге мүмкіндік береді.

-қараймайды;

-өте жоғары деңгейдегі полимеразицаия (қату);

-жоғары эстетикалық нәтиже;

-рентгеноконтрасты;

Кемшіліктері:

-пломбалық материалды қою кезіндегі уақыттың көп жұмсалуы(орташа 40-60мин)

-Лампадағы жарықтың көзге зияндығы(міндетті түрде қорғаныс көзілдіріктерін тағып жұмыс жасау керек)

-бағасының қымбаттығы

Қолдану орны :

-Блэк бойыншаI-VI класқа жататын үлкен,кіші,орта тіс жегі қуыстарын тікелей реставрацияда;

-Тіс жегілі еемес тістің зақымдануларының реставрациясында

-Тістің формасының,түсінің,өлшемінің коррекцясында және т.б.

Қарсы көрсеткіштер:

-композициялық материалдың ішіндегі компоненттің біреуіне аллергиялық реакция болса;

-жұмыс аймағын сілекейден изоляциялау мүмкіндігі болмаса;

-науқастағы бруксизм

Толықтырғыштың бөлшектерінің мөлшеріне байланысты композиттердің төмендегі түрлерін ажыратады:

· Макротолықтырылған композиттер (бөлшектерінің мөлшері 8-45мкм), немесе макрофилдер, салмақ көлемінің 60% толықтырғыштан тұрады;

· Микротолықтырылған композиттер (бөлшектерінің мөлшері 0,04-0,4мкм) немесе микрофилдер, салмақ көлемінің 45% толықтырғыштан тұрады;

· Минитолықтырылған композиттер (бөлшектерінің мөлшері 1-5мкм) немесе минифилдер, салмақ көлемінің 70% толықтырғыштан тұрады;

· Гибридті композиттер будандастырылғаны композиттер немесе гибридтер (бөлшектерінің  мөлшері – 0,04-5мкм, орташа мөлшері 1-2мкм),салмақ көлемінің 50% толықтырғыштан тұрады;

*Микрогибридтті композиттер бөлшектерінің көлемі 0,04-1мкм, орташа көлемі 0,5-0,6мкм.

*Нанотолықтырылған-нанокомпозиттер(нанотехнологияны пайдалану нәтижесінде шығарылған):

-шынайы нанокомпозиттер;

-наногибридті композиттер;

Қолдану орнына байланысты;

· Азу тістерді пломбылауға арналған – «А» кластағы композиттер;

· Алдыңғы тістерді пломбылауға арналған – «В» кластағы композиттер,

Әмбебап композиттер.  

Макротолықтырылған композиттер.

Макротолықтырлыған композиттер (макрофилдер) құрамына бөлшектерінің  мөлшері 8-45мкм, ал кейде 100 мкм-ге дейінгі ірілендірілген кварц, шыны және керамикадан тұратын толықтырғыштар кіреді.Толықтырғыштың салмақ көлемі 60% құрайды (1-сурет).

Олардың жақсы қасиеттері: беріктік, қанағаттанарлық оптикалық қасиеттері, рентгенайқындылық.

Теріс қасиеттері: пломбыны тегістеудің қиындығы, тегістегеннен кейін де бетінің кедір-бұдырлығының сақталуы, бетіне тіс қақтарының оңай шөгуі, түсінің тұрақсыздығы.

Бұл кемшіліктердің барлығы толықтырғыш бөлшектерінің мөлшеріне байланысты. Бетінің тегіс болмауы органикалық матрицаның тез бұзылуына әкеп соғады. Олар матрицадан босап шығып, үгіліп түсе бастайды және кедір-бұдырлықты одан әрі жоғарылата түседі. Осының нәтижесінде пломба абразивтік бұзылысқа ұшырайды.

Макротолықтырылған композиттер қазіргі кезде аздап шығарыла бастады, дегенмен әлі де қолданылатын қолайлы көрсетілімдер бар:

· І кластық тісжегі қуыстарын пломбылау үшін.

· Азу тістердегі V кластық тісжегі қуыстарын пломбылау үшін.

· Алдыңғы тістердің таңдай немесе тіл жақ беттеріндегі тісжегі қуыстарын пломбылау үшін.

· Алдыңғы тістердің қатты бұзылған сауыттарын қалпына келтіріп, сыртынан микрофильді композиттермен әрлеу үшін (пломбының ядросы ретінде қолдану).

· Кіші азу тістердегі ІІ кластық тісжегі қуыстарын пломбылау үшін.

· Жасанды сауыт кигізілетін тістерді қалпына келтіру үшін.

Макротолықтырылған композиттердің өкілдері:

· бөлшектерінің мөлшері 5 мкм-ден ірілеуі–Adaptic, Evikrol, Concise, Призмафил, Nimetic, Profile, Command, Simulate, Комподент,ФолакорС.

· бөлшектерінің мөлшері 5 мкм-ден ұсақтауы – Marathon, Prisma-Fil.

Микротолықтырылған композиттер.

Пломбылық материалдарға қойылатын эстетикалық талаптар жоғары сапалы микротолықтырылған композиттердің шығарылуына мүмкіндік туғызды. Микротолықтырылған композиттердің толықтырғаштарының бөлшектерінің  мөлшері 0,04-0,4 мкм, толықтырғыштың салмақ көлемі 45%, көбінесе кремний қосоксидінен тұрады және көптеген жақсы қасиеттерге ие (2-сурет):

·  беті жақсы тегістелінеді;

·  әрленген беті тұрақтылығын ұзақ сақтайды;

·  түсі өзгермейді;

·  эстетикалық сұранысты толық қанағаттандыра алады;

·  абразивтік бұзылысқа аз ұшырайды.

Сонымен қатар теріс қасиеттері де жоқ емес. Олар: механикалық беріктігінің төмендігі, температура әсерінен кеңеюі коэффициентінің жоғарылылығы. Бұл теріс қасиеттер толықтырғыштың салмақ қатынасының аздығына байланысты. Сондықтан да соңғы кезде шығарылып жатқан микротолықтырылған композиттердің құрамында толықтырғыштардың салмақ көлемі біраз қаныққанша (80% дейін) жоғарылатылуда.

Микротолықтырылған композиттерді қолданатын кездер:

·  пломбыға жоғары эстетикалық талап қойылған кезде;

·  ІІІ кластық тісжегі қуыстарын пломбылау үшін;

·  IV кластық тісжегі қуыстарын пломбылау үшін, механикалық зақымға ұшыраған тіс сауыттарын қалпына келтіру үшін (гибридті және макротолықтырылған композиттерді, парапульпарлы штифтерді- пиндерді қатар пайдалана отырып);

·  барлық тістердегі Vкластық тісжегі қуыстарын пломбылау үшін;

·   тістердің тісжегіден басқа қатты тіндерінің жарақаттары кезінде пайда болған ақауларды (кіреуке эрозиясы, тістер гипоплазиясы және флюорозы, сынаға ұқсас ақау) пломбылау үшін;

Микротолықтырылған композиттердің өкілдері:

Beautifill, Degufill-SC, Isopast (химиялық жолмен қатаяды), Evicrol Anterior, Isopast, Estic Microfill, Silux Plus, Durafill, Durafill YS, Silar, Prisma Micro-File, Helio Progress, Evicrol-Solar ZC, Visio-Dispers, Amelogen Microfill, Micronew, Filtek A110 (сәуле әсерінен қатаяды).

Минитолықтырылған композиттер.

Минитолықтырылған композиттердің толықтырғыштарының бөлшектерінің мөлшері 0,5-10 мкм, толықтырғыштың салмақ көлемі – 70%. Өзінің негізгі қасиеттері жағынан макро және микротолықтырылған композиттердің арасынан орын алады, қанағаттанарлық механикалық және эстетикалық қасиеттерге ие. Алдыңғы және азу тістерді (аса үлкен емес қуыстарды) реставрациялау (пломбылау) үшін қолданылады.

Минитолықтырылған композиттердің өкілдері:

Permaplast, Bis-Fill II(химиялық жолмен қатаяды),Visio-Fill S, Marathon V, Prisma TPH, Z 100, Herculite XRV(сәулемен қатаяды).

Будандастырылған немесе буданды композиттер (гибридтер-гибриды).

Буданды композиттер немесе гибридтер бөлшектерінің мөлшері 0,05-50 мкм, толықтырғыштың салмақ көлемі 50%, әр топтағы композиттерді үйлестіре қосудың нәтижесінде шығарылған. Толықтырғышының химиялық құрамы әртүрлі (барий және стронций шынылары, күйдірілген кремний тотығы, фторлы қоспалар). Материалдар механикалық әсерлерге төзімді, уытты қасиеті жоқ, беттері жақсы әрленеді. Негізгі өкілдері: Alfacomp, Evicrol Posterio, Compolux, Призма (химиялық жолмен қатаяды), Pertac-Hybrid, Polofill, Призмафил, Visio molar, Polofill Molar,+ Glaster (сәуле әсерінен қатаяды).

Әмбебап микробуданды композитттер (микрогибридтер).

Қазіргі кезде құрамында өте ұсақ буданды толықтырғышы және түрлендірілген полимерлік матрицасы бар микробуданды композиттік материалдар шығарыла бастады. Оларға өте жоғары беріктік қасиет және эстетикалық сұранысты қанағаттандыра алатын мүмкіндіктер тән. Олардың толықтырғыш бөлшектерінің мөлшері 0,04-10 мкм, салмақ көлемі 85%. Негізгі өкілдері: Valux Plus, (Z-100-Universal-Composite), Filtek, Z-250, Charisma, Carisma PPF Dedufill-Ultra, Dedufill-Mineral, Prizma TPH, Spectrum TPH, Esthet-X, Tetric, Te-Econom, Pertac II, Arabesk, Arabesk TOP, Admira, SERAM Fill, Miris, Amelogen Plus, Ecusit (барлығы сәуле әсерінен қатаяды).


Дата добавления: 2019-11-25; просмотров: 229; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!