I-ВариантЭндокринді синдромдар 17 страница



ж-1,2,5,3,4

 

36. Реттілігін табыңыз:

1. оң өкпенің жоғарғы бөлігінің

2. ауруханалық (нозокомиальді) пневмония

3. ТШ І дәр

4. фон: ішек резекциясынан кейінгі жағдай (дата)

ж-2,1,3,4

 

 

1. Науқас 15жаста келесі шағымдармен келді: массивті ісіну, шөлдеу, бас ауруы, тыныштықта ентігу. Науқас 10 күн алдын баспамен ауырған. Об-ті: бетінің, аяқтарының, бел аймағының айқын ісінуі. АҚ 180100 мм сын. бағ. Несепте: салыстырмалы тығыздығы 1029, белок 4,5 гл, лейк. 10-15 ка. эр. балғын және ескірген 3-5 ка, гиалинді цилиндрлер 3-4 ка. Тәуліктік диурез 300 мл. Клиникалық жағдайды және лабораториялық мәліметтерін бағалап, болжам диагнозын қойыңыз:

A. ++нефриттік  синдром

B. бүйректің жедел зақымдалуы

C. өзекшелік жіті  ацидоз

D. тез үдеуші гломерулонефрит (БПГН)

E. бүйректің созылмалы шамасыздығы, терминаль сатысы

 

2. 24 жастағы ер кісіде ангинаның үшінші күні ісіну, макрогематурия пайда болып, АҚ жоғарылады. Макрогематурия мен АГ белгілерін қолданып, диагнозын болжаңыз:

A. жедел гломерулонефрит

B. ++созылмалы гломерулонефрит, өршуі

C. жедел пиелонефрит

D. апостематоздық нефрит

E. бүйрек амилоидозы

 

3. Клиникалық-лабораториялық синдромдарды қамтып, дұрыс тұжырымдардытаңдаңыз: 69 жастағы әйелде 11 жылдан бері тынжы-тас ауруы, екіншілік пиелонефритпен дертті, 4 жыл бұрын операциялық емді басынан өткерген. Соңғы бір жылда АҚ 190100-200110 мм сын. бағ. дейін тұрақты жоғарылаған, бетінің ісінуі дамыған. Нв 110гл, эритр. 3,0х1012л, ТК 0,8; ЭТЖ 20 ммсағ., креатинині 200,0 мкмольл.

A. паранефрит, бүйрек айналасы клетчаткасының абсцесі, артериялық гипертензия, анемия

B. артериялық гипертензия, анемия, бүйректік ісіну, бүйректің жедел шамасыздығы

C. жедел интерстицийлік нефрит, артериялық гипертензия, бүйректің жедел шамасыздығы

D. созылмалы тубулоинтерстицийлік нефрит, артериялық гипертензия, бүйректің созылмалы шамасыздығы

E. ++артериялық гипертензия, бүйректік ісіну, анемия, гиперкреатининемия, бүйректің созылмалы шамасыздығы

 

4. Науқаста массивті ісіну мен протеинурия (6,0 гтәу.), гиперхолестеринемия (9,8 ммольл), гипопротеинемия (50гл) мен гипоальбуминемия (30%) анықталды. АҚ 12080 мм сын. бағ. Осы лабораториялық белгілерді пайдаланып, науқасқа тұжырым жасаңыз:

A. созылмалы пиелонефрит, өршу фазасы

B. жіті пиелонефрит

C. бүйректің созылмалы шамасыздығы, терминаль сатысы

D. ++нефроздық синдром

E. тынжы-тас ауруы

5. Нефроздық синдром – бес клиникалық-лабораториялық белгілерден тұратын ауыр жағдай. Осы ұғымға кірмейтін белгіні таңдаңыз:

A. массивті протеинурия

B. ++артериялық гипертензия

C. гипопротеинемия

D. гипоонкостық массивті ісіну

E. гиперхолестеринемия, липидурия

6. Протеинурия және жұлмаланған (выщелоченные) эритроцитурияның, цилиндоурияның біріге дамуында, келесі тұжырымды жасайсыз:

A. ++несептің патологиялық тұнбасы – нефриттерге тән

B. несептің патологиялық тұнбасы – дизуриялық синдромға тән

C. нефрогенді ісіну синдромы

D. несептің патологиялық тұнбасы – нефроздық синдромға тән

E. несептің патологиялық тұнбасы – пиелонефриттерге тән

7. Протеинурия лейкоцитуриямен және бактериуриямен біріге дамығанда, жасайтын тұжырымды таңдаңыз:

A. дизуриялық синдром

B. несептің патологиялық тұнбасы – нефриттерге тән

C. ++несептің патологиялық тұнбасы – пиелонефриттерге тән

D. нефрогенді ісіну синдромы

E. нефротический синдром

8. Пиелонефритке тән несептегі патологиялық өзгерістер келесі жас аралықтарында өте жиі кездеседі:

A. ++бірінші шыңы 3-7 жаста

B. ++екінші шыңы 18-35 жаста

C. ++үшінші шыңы 60 жоғары

D. жасы 40-60 аралығында

E. жасы 7-10 аралығында

F. жасы 35-40 аралығында

G. жаңа туған сәбилерде

H. жасы 1-3 аралығында

9.Несептің патологиялық тұнба синдромының гломерулонефриттердегі ерекшеліктері:

A. протеинурия, лейкоцитурия, бактериурия

B. ++протеинурия, эритроцитурия, цилиндрурия

C. жекеленген протеинурия

D. протениурия Бенс-Джонс белоктарымен

E. симптомсыз бактериурия

10. Несептің патологиялық тұнба синдромының пиелонефриттердегі ерекшеліктері:

A. симптомсыз бактериурия

B. протеинурия, эритроцитурия, цилиндрурия

C. жекеленген протеинурия

D. протеинурия Бенс-Джонс белоктарымен

E. ++протеинурия, лейкоцитурия, бактериурия

11. Несептің патологиялық тұнба синдромының бүйрек амилоидозындағы ерекшеліктері:

A. ++жекеленген протеинурия

B. протеинурия, эритроцитурия, цилиндрурия

C. протеинурия, лейкоцитурия, бактериурия

D. протеинурия Бенс-Джонс белоктарымен

E. симптомсыз бактериурия

12.Миелома ауруындағы несептің патологиялық синдромының ерекшеліктері:

A. жекеленген протеинурия

B. ++протеинурия, Бенс-Джонс белоктарымен

C. протеинурия, эритроцитурия, цилиндрурия

D. протеинурия, лейкоцитурия, бактериурия

E. симптомсыз бактериурия

 

13. Шумақтық фильтрацияның төмендеуін келесі сынамалар анықтайды:

A. үш және төрт стакандық

B. Аддис-каковский, Зимницкий

C. Нечипоренко, Зимницкий

D. преднизолонмен арандату

E. ++Кокрофт-Голт, Реберг

14. Бүйректердің интерстицийі, тостағаншалары зақымданғанда келесі белгі орын алады:

A. ++полиурия

B. олигоурия

C. анурия

D. ісінудің үдеуі

E. артериялық гипертензия

15. Гемолиздік-уремиялық синдром (Гассер ауруы) клиникасына қатысы жоқ тұжырымды белгілеңіз:

A. билирубинемия

B. микроангиопатиялық гемолиздік анемия

C. ++теміртапшылықты анемия

D. тромбоцитопения

E. бүйректің жіті шамасыздығы

16. 69 жастағы ер кісіні соңғы 7 айда құрғақ жөтел, кеудесінің оң жартысының ауыруы мазалайды. 7 кг салмақ жоғалтқан. Соңғы 4 аптада әлсіздік күшейген, жәй күйде ентігу дамыған, дене қызуы 380С жоғарылаған. Об-ті: кеудесінің оң жартысының үстінде перкуссиялық дыбыс тұйық, тынысы тек өкпе ұшында естілді, сол жағында везикулалық тыныс. Рентгендік зерттеуде: оң плевра қуысында сұйықтық анықталды, ол ІІІ қабырға даңгейіне дейін. Диагнозын нақтайтын зерттеуді белгілеңіз:

A. ++плевралық пункция, сұйықтықтың лабораторлық зерттелуімен

B. бронхоскопия

C. қақрықтың атиптік клеткаларға анализі

D. кеуде сарайының компьютерлік томографиясы

E. торакоскопия

 

 

1. Созылмалы өкпе текті жүректің ең жиі себебін табыңыз:

A.+өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы

B. өкпе рагі

C. кеуде сарайының деформациясы

D. біріншілік өкпелік гипертензия

E. өкпе артериясының рецидивтеуші тромбтық эмболиясы

 

2. Жетекші синдромын, болжам диагнозын, қолайлы фармакотерапияны таңдаңыз: 54 жастағы әйелді, соңғы бір жылда шамалы физикалық жүктемедегі ентігу, құрғақ жөтел, әлсіздік мазалайды. Об-ті: жағдайы орта ауырлықта, диффузды жылы цианоз. Кеуде сарайының төменгі бөліктерінде перкуссиялық дыбыс қысқарған, везикулалық тыныс әлсіреген және крепитациялар естілді. Өкпе КТ: «бұлыңғыр шыны» симптомы, өкпенің базаль бөліктеріндеторлыдиссеминация.

A. +өкпенің диссеминациялық синдромы, ИФА, глюкокортикоидтар

B. өкпенің тығыздалу синдромы, ауруханадан тыс пневмония, антибиотиктер

C. өкпенің тығыздалу синдромы, өкпе рагі, цитостатиктер

D. бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, бронхтық астма, бронхолитиктер

E. бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, созылмалы бронхит, муколитиктер

 

3. Жетекші симптомын, синдромын, мүмкін диагнозын таңдаңыз:46 жастағы әйел адам, аяқ веналарының варикозды кеңеюімен сырқаттанады, кенеттен төс артында ауырсыну, аралас ентігу пайда болған. ЭКГ: SІ; QІІІ тіркелген.

A. ентігу, прекардиаль аймағының аурсынуы (коронарогенді емес кардиалгия), өкпе артериясының тромбоэмболиясы

B. +коронарогенді кардиалгия (ангинозды статус), миокардтың жедел инфакті

C. плевра қуысына ауа жиналу синдромы, спонтанды пневмоторакс

D. бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, бронхтық астма

E. өкпенің тығыздалу синдромы, ошақты пневмония

4. 74 жастағы ер кісіде экспирациялық ентігу. Зиянды әдеттері жоқ. Об-ті: «алқызыл алқынғыш – розовый пыхтельшик», астеник. Эпигастрий аймағында пульсация. Үшінші тыңдау нүктесінде ІІ тонның акценті. Бауыры ұлғайған, аяқтары ісінген. ЭКГ жүректің оң бөліктерінің гипертрофиясы. Жетекші синдромдарын белгілеңіз:

A. +өкпе ауалылығының арту, өкпелік гипертензия, өкпе текті жүрек, декомпенсацияланған, жүрек шамасыздығы

B. бронх өткізгіштігінің бұзылу, өкпелік гипертензия, өкпе текті жүрек, жүрек шамасыздығы

C. бронх өткізгіштігінің бұзылу, тыныс шамасыздығы, үш жармалы қақпақ шамасыздығы, кардиомегалия

D. өкпе ауалылығының арту, тыныс шамасыздығы, өкпелік гипертензия, өкпе текті жүрек, компенсациялнған

E. бронх өткізгіштігінің бұзылу, өкпе ауалылығының арту, өкпелік гипертензия

 

5. Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, жұптасқан митральді ақау, стенозының басымдылығымен, ЖШ ФКII (NYHА) диагнозымен «Д»есепте тұратын науқаста физикалық күштемеге тұншығу ұстамасы, көп мөлшерлі қақырықты жөтел, психомоторлы қозу дамыды. Об-ті: ортопноэ, ТЖ 33 мин., өкпенің төменгі бөліктерінде – ылғалды түрлі калиберлі сырылдар, пульсі 120 мин., АҚ 110/70 мм сын.бағ. Дамыған асқынуын анықтаңыз:

A. нозокомиальді пневмония

B. бронхтық обструкциялық синдром

C. солқарыншалық жедел шамасыздық, жүректік астма

D. ангинозды статус

E. +сол қарыншалық жедел шамасыздық, өкпе шемені

 

6. 34 жастағы әйел, салауатты өмір салтын ұстанады, біртіндеп дамыған үдемелі ентігуге, жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуына, соңғы 2-3 айдағы естен тануларға шағымданды. Әпкесінде тыныс шамасыздығы бар. Об-ті: өкпесінде везикулалық тыныс, жүректің оң шекарасы кеңейген, IIІ тыңдау нүктесінде II тонның акценті және жарықшақтануы. ЭхоКГ ақаулық синдром анықталмаған. Жетекші синдромы және шешуші зерттеу тәсілі:

A. бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, тұрақты үдемелі, КТ

B. бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, тұрақты, үдеусіз, КТ

C. +біріншілік өкпелік гипертензия, ангиокардиопульмонография

D. бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, қайтымды, спирометрия

E. жүрек шамасыздығы, ЭхоКГ

 

7. 49 жастағы ер кісі, физикалық жүктемедегі ентігуге, құрғақ жөтелге, шағымданды. Өзін бір жыл науқас санайды. Об-ті: жағдайы орта ауырлықта, диффузды цианоз. Өкпенің төменгі бөліктерінде перкуссиялық дыбыс қысқарған, аускультацияда везикулалық тыныстың әлсіреуі және крепитациялар естілді. Өкпенің КТ: «бұлыңғыр шыны» симптомы, өкпенің базаль бөліктерінің екі жақты торлы өзгерістері.Жетекші синдромын, болжам диагнозын, нәтижелі дәрмекті көрсетіңіз: 

A. +өкпенің шашыраңқы ретикулярлы диссеминациялық синдромы, ИФА, глюкокортикоидтар

B. өкпенің тығыздалу синдромы, ауруханадан тыс пневмония, антибиотиктер

C. өкпенің шашыраңқы торлы диссеминациясы, гематогенді туберкулез, туберкулостатиктер

D. бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, бронхтық астма, бронхолитиктер

E. бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, созылмалы бронхит, муколитиктер

 

8. 57 жастағы аяқ веналарының варикозды кеңеюімен сырқатты, әйел адамда кенеттен төс артында ауырсыну, тұншығу ұстамасы, оң жақ ортаңғы өкпе алаңы проекциясында ысқырықты сырылдар пайда болды. ЭКГ: бірінші стандартты тіркемеде терең S тісшесі және үшінші стандартты тіркемеде терең Q тісшесі (SІ; QІІІ) тіркелген. Жетекші синдромын, мүмкін диагнозын таңдаңыз:

A. коронарогенді кардиалгия (ангинозды статус), миокардтың инфакті

B. +тұншығу, прекардиальді аймақтың ауырсынуы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы

C. плевра қуысына ауа жиналу синдромы, спонтанды пневмоторакс

D. бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, бронхтық астма

E. өкпенің тығыздалу синдромы, ошақты пневмония

 

9. 67 жастағы темекіні шамадан артық тартатын ер кісі аралас ентігуге, ұстамалы аз қақырықты жөтелге, жүрек тұсының ешқайда тарамайтын, шаншып ауырсынуына шағымданды. Об-ті: тыныс шығаруы ұзарған, шашыраңқы құрғақ сырылдар, жүректің оң шегі кеңіген, үшінші тыңдау нүктесінде ІІ тонның акценті. Жетекші синдромдарын анықтаңыз:

A. +бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, тұрақты үдемелі;екіншілік өкпелік гипертензия

B. бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, тұрақты, үдеусіз; оң қарынша гипертрофиясы

C. біріншілік өкпелік гипертензия;өкпе текті жүрек

D. бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, қайтымды 

E. жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы; өкпелік гипертензия, жүрек шамасыздығы

 

10. Пикфлоуметрия тәсіліне қатыссыз тұжырымды таңдаңыз:

A. +бронхтық астма диагнозы пикфлоуметрия көмегімен ТШЖШ (ПСВ) бронхолитик қабылдағаннан соң, оған дейінгі көрсеткішпен бірдей болғанда қойылады

B. пикфлоуметрия тәсілі тыныс шығару жылдамдығының шыңын (ТШЖШ-ПСВ) анықтайды

C. бронхтық астма диагнозы пикфлоуметрия көмегімен ТШЖШ бронхолитик қабылдағаннан соң, оған дейінгі көрсеткіштен 20% артқанда қойылады

D. пикфлоуметрия тәсілі бронхтық астманың дәлелі және емге бейілділігін арттырады

E. жынысына, жасына қатысты тыныс шығару жылдамдығы шыңының орта өлшемдері анықталған

 

11. Бронхтық астманың ІІІ сатысының емінде жол берілмейтін тұжырымды белгілеңіз: 

A. ИГКС төмен дозалары плюс антилейкотриенді дәрмектер

B ұстама уақытында, шұғыл қажеттілігіне орай қолданылатынß2-миметиктерге бір не екі бақылау дәрмектері қосылады

C. ұзақ әсерлі ингаляциялық ß2-миметиктер мен ИГКС төмен дозаларының фиксациялана біріктірілген дәрмектерімен бақылау

D. орта дозалардағы ИГКС бақылау (беклометазон 250-500 мкг/тәу., будесонид 400-800 мкг/тәу., флутиказон 250-500 мкг/тәу., циклезонид 160-320 мкг/тәу.)

E. +ұзақ әсерлі ингаляциялық ß2-агонистермен монотерапия

 

12. Астмалық статустағы өмірге қауіп төндіретін жағдайларға қатысы жоқ тұжырым:

A. брадикардия, цианоз

B. санасының бұзылуы немесе кома

C. +дистанциялық ысқырықты сырылдар

D. парадокстік торакодиафрагмалық тыныс (респирациялық әлсіздік, жігерсіздік)

E. аускультацияда сырылдардың естілмеуі «мылқау өкпе»

 

13. Бронхтық астмасы бар жүктілерді жүргізу шараларына біреуінің қатысы жоқ:


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 315; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!