IV ТАРАУ. ЗООНОЗДЫ ИНФЕКЦИЯЛАР 9 страница



Реинфекция кезінде бруцеллездің клиникалық ерекшеліктері

 Бруцеллезбен екінші рет ауырған адамдарда аурудың әртүрлі клиникалық түрлері дамиды – жедел, жеделдеу, біріншілік және екіншілік созылмалы түрлері. Қайталама бруцеллез клиникасы негізінен біріншілік аурудың сәйкес түрін қайталайды және екі түрде өтуі мүмкін. Қайталама бруцеллез ағымы алдынғы инфицирлену нәтижесінде пайда болған иммунитетке байланысты жеңіл және қысқа мерзімде өтуі мүмкін немесе жүйке, сүйек-буын, урогениталді және басқа жүйелердің зақымдануы және гиперсенсибилизацияның әсерінен ауыр және ұзақ өтуі мүмкін.

Жедел бруцеллез түріндегі реинфекция жедел басталады, қызба 3-5 күннен 10-15 аптаға дейін созылады. Қызба қисығы көбінесе интермиттерлеуші немесе ремиттерлеуші сипатта болады. Қызба қалтыраудан басталып, қатты тершеңдікпен бітеді. Науқастарда ірі буындарында, бұлшық еттерінде, жүйке талшықтарында ауру сезімі болады, лимфа түйіндері, бауыр, кейде көкбауыр ұлғаяды. Науқастардың 1/3 қан айналым, тыныс алу, асқорыту және тірек-қимыл жүйелерінде алдынғы ауруға қарағанда өзгерістер аз болады. Бірақ науқастардың көбінде (2/3) екінші аптадан бастап ошақтық зақымданулар дамиды, бұл аурудың ауыр ағымына себепші болады. Мұндай жағдайларда жедел кезең аурудың созылмалы түріне өтіп, көбінесе қалдықты процесстер дамиды, және олар мүгедектікке алып келеді.

Реинфекция кезіндегі бруцеллездің жеделдеу түрі жедел кезеңнің жалғасы. Ұзақтығы 1-3 апта толқын тәрізді қызбамен өтеді және қалтырау, тершеңдікпен, әртүрлі ағзалар мен жүйелердің зақымдануымен сипатталады. Патологиялық процесс прогрессивті ағымымен өтіп созылмалы түріне ауысады.

Екіншілік-созылмалы бруцеллез реинфекция кезінде айқын клиникалық белгілерімен немесе әлсіз белгілерімен өтеді. Аурудың декомпенсация кезінде қызба фебрилді, субфебрилді немесе қалыпты болуы мүмкін, аздаған қалтыраумен және кезкекті тершеңдікпен өтеді. Аурудың мұндай клиникалық түрлерінде тірек-қимыл аппаратының, жүйке, жүрек-қан-тамыр, жыныс, зәр шығару, асқорыту жүйелерінің зақымданулары өршиді.

Реинфекцияның біріншілік-созылмалы бруцеллезі барлық клиникалық түрлерінің 2/3-құрайды, ең жиі кездеседі. Біріншілік-созылмалы бруцеллезге әртүрлі ағзалар мен жүйелердің зақымдануы әсерінен клиникалық көріністердің полиморфизмі және рецидивтік ағымы тән. Инфекциялық процестің компенсация және декомпенсация сатылары бір бірін ауыстырып дамиды. Бруцеллез процесінің декомпенсациясы субфебрилитет, тоңғыштық, жүйке жүйесінің өзгергіштігімен, тершеңдік, полиаронейромиалгиямен және біріншілік ауырғанмен салыстырғанда ауыр өтеді. Осыған байланысты, біріншілік-созылмалы бруцеллез тірек-қимыл аппаратының, жүйке, жүрек-қан-тамыр, жыныс, зәр шығару, асқорыту жүйелерінің күрделі зақымдалуларымен және серологиялық реакциялардың теріс немесе әлсіз оң нәтижелерімен ерекшеленеді.

Бруцеллездің рецидиві, суперинфекция және реинфекциясы кезінде салыстырмалы диагнозды тек эпидемиологиялық мәліметтерге, клинико-лабораториялық зерттеулерге қарап қана анықтауға болады. Егер екі жыл ішінде ауру рецидиві болмаса, қанда арнайы антиген және антиденелер табылмаса аурудың сауығуы туралы айтуға болады.

Реинфекция кезінде бруцеллез диагностикасы үшін келесі сұрақтарды анықтау керек: а) біріншілік бруцеллездің өткен кезеңін; б) біріншілік және қайталама аурудың арасындағы ремиссия ұзақтығы; в) ремиссия кезіндегі серологиялық реакциялардың көрсеткіштері және Бюрне сынамасының нәтижесі; г) екіншілік жұқтыру кезеңіндегі науқастың тұратын және жұмыс істейтін аудандардағы эпизоотиялық және эпидемиологиялық жағдайларын. Біріншілік және қайталама ауру арасындағы ремиссия 3-8 жылға (91,8%), кейде 9-20 жылға (8,3%) дейін созылуы мүмкін, бұл кезде серологиялық реакциялар көрсеткіштері теріс болады. Бруцеллез кезіндегі реинфекция жиілігі мекен ететін эндемиялық ошақтағы микроорганизмнің түріне байланысты екенін ескеру кажет. Сиыр бруцеллезі ошағына қарағанда, ұсақ қара малдар ошағында қайталама жұқтыру жоғары. Ірі қара мал инфекция ошағына (B.abortus - жұқтырған) қарағанда, ешкі-қой бруцеллез қоздырғышының ірі қара малға миграциялағанда реинфекция жиілігі 2-3 есе жоғары. Реинфекция кезіндегі бруцеллез диагностикасындағы лабраториялық зерттеу әдістері жеткіліксіз. Райт және Хаддлсон реакциялары 59,5% және 36,7% жағдайларда теріс, әлсіз оң - 32,9% және 12,6%; оң - 7,6% және 50,7% сәйкес келеді. Көптеген науқастар серологиялық реакциялары теріс болған кезеңнен соң, қайта жоғары титрі оң нәтижелермен тіркеледі. Мұндай жағдайда реинфекция дамуы күмәнсіз. ТГАР және ИФА көрсеткіштері бруцеллездің реинфекциясы кезінде жиі оң болады (58, 5% және 62,7% сәйкес келеді). Тері ішілік аллергиялық Бюрне сынамасы реинфекция кезінде бруцеллезбен ауырған науқастарда жиі арнайы антигенге жоғары сезімталдықты көрсетеді.

Эндемиялық ошақтарда бруцеллезбен қайталама жұқтырып ауыру аз емес. Мұндай жағдайда аурудың клиникалық көріністері жиі бұрынғы аурудың декомпенсациясы деп қателеседі, ошақта эпидемиологиялық зерттеу жүргізілмейді, ал қайта дамыған ауру ескерілмейді. Реинфекциямен ауыратын науқастар мүгедектік дамитын қатерлі топтарға жатады және олар толық реабилитациялық емді қажет етеді.

Диагноз қою үшін аурудың пайда болған клиникалық көріністері:

Ø бруцеллезбен ауырған және толық емес емделгеннен соң 3-8 ай өткен соң қатерлі факторлар әсер еткенде және серологиялық реакциялар оң нәтижелі болғанда аурудың рецидивін көрсетеді;

Ø бруцеллезбен ауырған соң 2 жылдан артық серологиялық реакциялар теріс нәтижелі ашық аралық табылғанда және тікелей эпиданамнез анықталғанда реинфекцияны көрсетеді.

 Бруцеллезбен бірнеше рет суперинфицирлену мүмкін екендігін ескеру қажет, сондықтан бұрын бруцеллезбен ауырған науқастар аурудың барлық алдын алу шараларын сақтау керек.  

Диагностикасы.

Бруцеллездің диагностикасы өте күрделі ізденіс процесс, себебі ауруға клиникалық полиморфизм тән. Бруцеллездің клиникалық критерийлері №10 кестеде, бруцеллезді анықтау стандарты №11 кестеде келтірілген.

№10кесте

Бруцеллез диагнозын анықтайтын клиникалық критерийлері

Жалпы нышандар Аса тән көріністері
Ø Жедел бруцеллез - ауру жедел басталады: дене қызуы алғашқы күндері жоғары деңгейге (39ºС және жоғары) дейін жетеді; - қызба ремиттирлеуші, толқын тәрізді, гектикалық сипатта (2 толқынның арасындағы қызбасыз өтетін кезеңнің ұзақтығы бір неше күннен бір неше аптаға дейін созылуы мүмкін; өршу толқындардың саны  2 -10 болуы мүмкін); - үлану симптомдары (әлсіздік, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, бас ауруы) айқын емес, ауру ұзаққа созылғанда қалыптасады; - дене салмағын жоғалту     Ø Жеделдеу бруцеллез -қызба қисығының дұрыс емес сипаты (тәулік бойы өзгеруі мүмкін); - қызба кезеңі апирексия кезеңіне (қысқы мерзімді) аусуы мүмкін; - көңіл күйінің төмендеуі, тез өзгеруі (лабильность), тәбетінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы; ауыздың кебуі, шөл, улкен дәреттің жүрмеуі     Ø Созылмалы бруцеллез* - қызба  фебрилді және субфебрилді (суб- және декомпенсация сатыларында); қалыпты (компенсация сатысында); - қызба кезеңі апирексия кезеңіне (ұзақ мерзімді) аусады; - аурудың өршуі әр түрлі қолайсыз жағдайлардың әсерінен дамиды (салқын тигізу, жоғары физикалық және ойлық күш түсіру, күнге қыздыру, сауна қабылдау, термиялық әсері бар физиотерапевтикалық емін қабылдау, жүктілік, жүктіліктен босану, қосымша аурулардың қалыптасуы, стрессті жағдайлар, белок жетіспеітін тамақтану және т.б.); - әлсіздік, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы; - көңіл күйінің төмендеуі, тез өзгеруі (лабильность), естіліктің төмендеуі;  
  • Қызба кезінде науқастың жалпы жағдайы қанағатты;
  • Температура түстен кейін, тәуеліктің 2-ші жартысында көтеріледі;
  • Айқын қалтырау тершеңдікке аусады (әсіресе түнде);
· Полиартронейромиалгиялар, оссеалгиялар (әр түрлі интенсивтілігінде және орналасуында); ·  Лимфаденопатия (барлық топтағы лимфа түйіндердің ұлғаюы: олар майда, ауру сезімсіз, қозғалыс қасиеті бар) ·  Гепатомегалия және спленомегалия   · Кей бір науқастарда қайталама генерализацияланған жағдайларда организмнің сенсибилизациясы өршігенде әр түрлі ошақты қабыну процесстердің қалыптасуы мүмкін, олар  инфекциялық-аллергиялық және септико-метастатикалық сипатта болады · Лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы   · Симпатикалық вегетативті өзгерістер: - әр түрлі интенсивтілігінде және орналасуында ауру сезімі; - тершеңдік немесе тері жабынларының ылғалдылығы (жалпы немесе локалді – алақандардың, табандардың гипергидрозы); - айқын емес қалтырау немесе тоңғыштық (ыстықтау мен жауру сезімдерінің алмасуы); · Лимфаденопатия · Гепато- и спленомегалия · Барлық нақастарда әр түрлі ошақты қабыну процесстердің қалыптасуы , олар  инфекциялық-аллергиялық және септико-метастатикалық сипатта болады ·  Лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы · Парасимпатикалық вегетативті өзгерістер (гипотония, тері жабындыларының құрғақтығы немесе майлығы, тері трофикасының, терморегуляцияның бұзылыстары, дермографизм өзгерістері, аяқ, қол ұштарының дірілі, вегетативті-тамырлық сынамалардың бұзылыстары – ортостатикалық, көз-жүректік, Бирбаир вегетативті нүктелердің ауру сезімі, вагоинсулярлы криздер және т.б.) - Метеосезімталдық - алақандардың, табандардың гипергидрозы · Лимфаденопатия · Гепато- и спленомегалия · пролиферативті, дегенеративті-дистрофиялық сипаттағы ошақты көріністер · Лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы (инфекциялық процесстің өршу кезінде), анемия.  

Лабораторлық әдістер:

1. Бактериологиялық әдіс.

Бруцелла дақылын қаннан бөліп алу үшін Castaneda (1947) бифазды әдісімен қолдану қажет. Зерттеуханаға қан (5 мл) транспорртық ортаға (Т.А.Грушина, М.М.Ременцова, 1991) салынып жеткізіледі. Осымен қатар, қоздырғышты лимфа түйіндердің, сүйек кемігінің пунктаттарынан, зақымдалған буынның синовиалді сұйықтықтан бөліп алуға болады. Бұл әдістің нәтижесі 30-45 күннен кейін дайын болады, себебі қоздырғыш қоректі ортада өте жай өседі. «Оң» гемокультура аурудың жедел кезеңінде - 17,5%, жеделдеу кезеңінде -4,4%, созылмалы кезеңінде –2,7-4,3% жағдайда анықталады (Құрманова К.Б., 1990).  

2. Серологялық реакциялар:

А) бруцеллезге қарсы түзелетін антиделерді анықтайтын реакциялар

Райт реакциясы – агглютинация реакциясы, диагностикалық титрі -1:200. Бұл әдістің нәтижесі 7-10 күннен бастап анықталады. Бірақ, соңғы кездерде Райт реакцияның титрлері төмен деңгейде анықталады -1:25, 1:50, 1:100, немесе теріс болып келеді: 3,5% - жедел, 6,8% - жеделдеу, 45,1% - біріншілік-созылмалы, 32,8% - екіншілік-созылмалы бруцеллезде (Құрманова К.Б., 1990).

Хеддльсон реакциясы- агглютинация реакцияның сапалы түрі, әйнек үстінде өткізіледі. Бұл реакцияның сезімталдылығы жоғары, тез пайда болады, ұзаққа сақталады, бірақ спецификалық қасиеті төмен – себебі жиі жалған «оң» нәтиже беруі мүмкін (жүкті әйелдерде, ревматизммен ауыратын адамдарда, криоглобулинемия кезінде және т.б.).

Тікелей емес гемагглютинация реакциясы (ТГАР) 1:100 –жедел түрінде 90% кездеседі, бірақ созылмалы түрінде сиректеу анықталады.

Роз-Бенгал тест (РБТ) – сапалы реакция, өте сезімтал.

Кумбс реакциясы (РК) - 1:200, толық емес антиденелерді анықтайды, созылмалы бруцеллезді анықтауға ынғайлы

Иммуноферментт і анализ (ИФА) - өте сезімтал

В) бруцеллезді антигенді анықтайтын реакциялар

Жаңадан енгізлген бруцеллезд ік  антигенді байланыстырушы лимфоциттерді анықтау әдісі – иммундық диагностикаға жатады, жоғары сезімталдық пен арнайлығымен сипатталады. Жедел және жеделдеу бруцеллез кезінде 100% - оң нәтижеде, созылмалы бруцеллез кезінде - 78,3% (93% - декомпенсация сатысында, 92% - субкомпенсация и 13,3% - компенсация) (Дүйсенова А.Қ., 2003 ж).

Полимеразды тізбелі реакция (ПТР)

3. Терілік–аллергиялық сынама (Бюрне сынамасы) – теріге бруцеллездік сұйық аллерген енгізілгеннен 24-48 сағаттан кейін теріде жергілікті реакция пайда болады – папуланың көлемін өлшеп жауап береді

- гипореактивтік (1 см дейін)

- нормореактивтік (1-3 см дейін)

- гиперреактивтік (3 см жоғары)

Бруцеллез диагнозын анықтау үшін серологиялық реакциялардың комплексін пайдалану қажет. Біріншіден Райт және Хеддльсон реакцияларын, бактериологиялық әдісті. Бұл әдістер теріс нәтижеде болса, басқа әдістермен зерттеу қажет.   

№11 кесте

Бруцеллез диагнозын анықтау стандарты


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 456; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!