IV ТАРАУ. ЗООНОЗДЫ ИНФЕКЦИЯЛАР 6 страница



 

Бастапқы кезең 1-3 күнге созылады, регионарлы лимфаденит пайда болғанша дейін. Ауру жай дамиды.

Қоздырғыш жарақаттанған тері арқылы жұққанда біріншілік терілік аффектпайдаболады. Біріншеден дақпайда болады, оның ауру сезімі, қышуы байқалады. Бір тәүелік арасында дақ папулаға айналады: гиперемия, инфильтрация, орташа ауру сезімі анықталады. Геморрагиялық өзгерістер қалыптасып папуланың көлемі 1-2,5 см дейін жетеді. Некрозға ұшыраған кезде папула тесіледі. Іріңді пустула жараға аусады, жара терең, «қазылған» шеттерімен, іріңді-геморрагиялық бөлінделерімен сипатталады. Улану симптомдары қалыптасады. Температура субфебрилді, фебрилді болуы мүмкін. Қоздырғыштың енген жері саусақтар болса, жараның шеті қызарып, ісіп, аз мөлшерлі ірің болуы мүмкін. Бұл жағдайда біріншілік терілік аффект инфицирленген жараға ұқсайды. Практикада осындай науқастарға – панариций, абсцесс, флегмона диагноздары қойылады.

Өршу кезеңі. Регионалді лимфаденит (бубон) дамиды. Бубоның көлемі 3-5 см, орташа ауру сезімі бар, тығыздығы қаттылау, орташа қозғалыс қасиеті бар. Бубон үстіндегі тері қызарып ысып тұрады. Периаденит көп байқалмайды. Бірақ теріасты шел қабатының ісінүі байқалады. Ісік көрші аймақтарға дейін созылып, үсті қызарып, тығыздығы іркілдек сипатта болады. 1-2 күн арасында қолтық аймағында лимфа түйіндері ұлғаяды. Науқастың жағдайы нашарлайды, жоғары қызба, айқын интоксикация байқалады. Бұл жағдайда дәрігерлер лимфаденит, гидроаденит, абсцесс, флегмона деген диагноздарды қойады.

Біріншілік жайылмалы түрі бактериемия, септицемия әсерінен инфекциялық– токсикалық шок ретінде өтеді. Біріншілік регионалді ошақтар болмайды. Екіншілік ошақтық турлері (бубонды, өкпелік, баспалы, абдоминалді, менинго-энцефалиттік, аралас, септикалық) гематогенді диссеминация арқылы қоздырғыш ағзаларға тарап қалыптасады. Бұл жағдайда улану белгілірімен бірге зақымдалған ағзалар бойынша клиникалық симптомдар байқалады.

 Асқынулары :

1. Инфекциялық – токсикалық шок. 

2. ТШҰ – синдромы – 1-2 сатысында тек қана лабораториялық өзгерістерімен байқалады.

3. Өкпенің ісінүі.

4. Бүйректің жедел жетіспеушілігі.

5. Мидың ісінуі

6. Уотерхаузен-Фридериксен синдромы

Диагностикасы.

Пастереллез диагнозын анықтау стандарты №8 кестеде келтірілген.

Пастереллез диагнозын келесі әдістер арқылы дәлелдеу болады.

1. Микроскопиялық әдіс – патологиялық материалдардан (өлген адамдардың, жануарлардың ішкі ағзаларынан, мидан, лимфа түйіндерінен, қаннан, біріншілік терілік аффекткен) жағынды алып, Романовский-Гимзе бойынша бояп микроскоп арқылы қарайды. Биполярлы боярған таяқшалар анықталады. Бұл әдіс пастереллездің болжам диагнозын қоюға пайдаланады.

2. Бактериологиялық әдіс – папула, пустула бөлінділерін, лимфа түйіннің, абсцесстің, флегмонаның пунктатын, жұлын сұйықтығын, қанды, қақырықты, анқаның жағындысын Эритрит-агарға себеді (Хоттингер, Мартен орталарына 1% глюкоза ертіндісі, 3-5% гемолизденген қан қосылады). Термостатта 3-4 күн сақталады.

3. Серологиялық реакциялар: ТеГАР (диагностикалық титрі 1:200), ИФА, ПТР.

4. Биологиялық әдіс – патологиялық материалды ақ тышқандарға, теңіз шошқаларына енгізіледі. Бір пробаға 2 жануарды қолданады.

 

№8 кесте

Пастереллез диагнозын анықтау стандарты

Пастереллезге күмәндану Пастереллездің болуы ықтимал Дәлелденген пастереллез
¨Жедел немесе баяу басталатын ауру, келесі клиникалық көріністерімен сипатталған: Жалпы нышандар: қызба, қалтырау, бас ауру, жалпы әлсіздік  Жергілікті көріністер: біріншілік терілік аффектің дамуы, регионарлы лимфаденит Эпидемиологиялық мәліметтер: Øауылдық жерде тұру, инкубациялық кезең ұзақтығына сәйкес мерзімде пастерреллез бойынша қолайсыз аймақтарда тұруØ Және ¨келесінің біреуі: Ø малды сою, шикі етті бөлшектеу Øауылшаруашылық жануарлады күту Øәбден өнделмеген етті тағамдарды қабылдау Øүйде иттерді,мысықтарды ұстау, Øмалшаруашылдық өндірістігінде жұмыс істеу ¨ Күмәндану жағдайға сәйкес ауру Және ¨келесі эпидемиологиялық белгілердің біреуі: Ø пастереллез диагнозы дәлелденген ауру жануарлармен эпидемиологиялық байланыс; Ø пастереллез диагнозы дәлелденген науқастармен эпидемиологиялық байланыс; Ø ТГАР және АР «оң» нәтижесі   ¨ Күмәндану жағдайға сәйкес ауру Және ¨келесі эпидемиологиялық белгілердің біреуі: Ø пастереллез диагнозы дәлелденген ауру жануарлармен эпидемиологиялық байланыс; Ø пастереллез диагнозы дәлелденген науқастармен эпидемиологиялық байланыс; Ø ТГАР және АР «оң» нәтижесі ØИФА «оң» нәтижесі Ø ПТР «оң» нәтижесі

Емдеуі 2 тактикалық жағдайда жүргізіледі.

1. ИТШ-сыз өтетін пастереллез

2. ИТШ мен өтетін пастереллез

1-ші жағдайда этиотропты препараттарды тағайындайды: цефалоспориндер (цефтриаксон, цефтизоксим, цефамезин, цефазолин, цефалотин), пенициллиндер (пенициллин, ампициллин, карбенициллин), аминогликозидтер (гентамицин, амикацин). 2 препараттың комбинациясы, орташа терапевтикалық дозасында қолданылады. Жергілікті антибактериалді мазьдерді қолдануға болады.

2-ші жағдайда науқасты шоктан шығару керек - тамыр ішіне полиионды ертінділер (хлосоль, трисоль, ацесоль, және дестран ертінділері – полиглюкин, реополиглюкин). Полиионды ертіндердің коллоидты ертінделерге салыстырмасы 2:1- 3:1 болуы керек. Анурия кезінде коллоидты ертінділерді пайдалануға болмайды. Күніне 3-6 л ертінділер енгізіліп, адекватты зәр бөлінуі керек. Анурия кезінде – фуросемид 20-40-80 мг. Науқасты шоктан шығарғаннан соң этиотропты емін бастауға болады – тамыр ішіне цефалоспориндер мен ампициллин, немесе цефалоспориндер мен аминогликозид орташа дозада (3-4 млн ҚБ) енгізіледі. 1 г антибиотиктерге – 1 л сұйықтықтар енгізіледі. Антибиотиктердің курсының ұзақтығы - температура қалыпқа келгенге дейін және қалыпты темепратура кезеңінде 5-7 күн. Преднизолон 3 мг/кг, тәулік дозасы 4-ке бөлініп тамыр арқылы енгізіледі, қысқа курс (1-2 күн) қолданылады, 3 күннен артық қолданғанған жағдайда септикалық асқынулар қалыптасуы мүмкін.ТШҰ-синдромының I,II-ші (гиперкоагуляция) сатыларында гепарин тағайындау керек, ал III-ші (гипокоагуляция) сатысында гепариндді қолдануға болмайды.

Хирургиялық емге тиым салынады, себебі сетикалық асқынулар дамуы мүмкін.

Диспансеризация.

Ауруханаданшыққаннауқастар1 жыл бойы диспансерлік бақылауда тұрады 1,3,6,12 ай сайын.

Алдын алу шаралары.

1. Аурудың көзін жою керек. Үй жануарларын пастереллезге қарсы егу керек. Кеміргіштермен күресу мақсатымен дератизация жүргізіледі. Мал тұратын жерлерде дезинфекция, дезинсекция шаралары жүргізіледі. Ауру малды оңашалап емдеу немесе жою қажет.

2. Аурудың берілу жолдарын үзу барысында ауру малдың етін және басқа өнімдерін пайдалануға тиым салынады. Шыбын, шіркейлерден қорғану керек. Санитарлы – ағарту жұмыс жүргізу керек. Қауіпті топтарға (ветеринарлар) вакцина егіледі.

БРУЦЕЛЛЕЗ (САРЫП)

Анықтамасы. Бруцеллёз - Brucella бактериясымен қоздырылатын, зооноздар тобына жататын, жедел және созылмалы түрлерінде өтетін инфекциялық-аллергиялық ауру. Аурудың жедел түрі токсико-бактериемиялық инфекция ретінде, созылмалы түрі – полиморфты клиникалық көріністерімен, көбінесе сүйек-буын, орталық және перифериялық жүйке жуйелерін, жыныс мүшелерін және басқа ішкі ағзаларды зақымдаумен, хрониосепсис тәрізді ұзаққа созылуымен және рецидивті ағымымен сипатталады.

Тақырыптың өзектілігі. Бруцеллез кең таралған инфекция. Барлық елдерде кездеседі, әсіресе мал шаруашылығы дамыған аймақтарда. Қазақстан республикасы үшін бұл инфекция өлкелік патология деп саналады. Жыл сайын 2-2,5 мың адам бруцеллезбен ауырады. Әсіресе, оң түстік аймақтарда ауру кең таралған. Бұның бір себебі - Қырғызстан және Өзбекістаннан әкелінген, тексерілмеген малды арзан бағамен сату. 

1. Соңғы жылдары эпизоотикалық жағдайдың нашарлануына байланысты қалалық бруцеллез жиі кездесіп, соның ішінде балалардың саны көбейіп жатыр. Мысалға, Оң-түстік Қазақстан облысында жыл сайын 100 мың тұрғынға 30,9% жаңа ауру тіркелсе, оның ішінде 53% - 14-ке дейін жастағы балалар.

2. Жедел бруцеллез 40-60% жағдайда созылмалы бруцеллезге ауысады да, 2,7-37% дейінге адамдардың еңбекке қабілетін төмендетіп мүгедектік жағдайға әкелу қаупін туғызады. Бұл өте күрделі әлеуметтік мәселе.

3. Өкінішке орай, дәрігерлердің үлесіне тек ауруға дер кезінде диагноз қою және емдеп жазып шығару тиіп отыр. Ауруды тарататын малдар, осыған жауапты ветеринария қызметкерлері. Адамдарда 1995 жылдан бастап ауруға қарсы вакцина қолданбайды, себебі „вакциналық патергия” пайда болады. Жануарлар да вакцинациядан кейін ауырып, инфекция көзі болып табылады. Бұл күрделі ветеринарлық мәселе.

4. Бруцеллездің диагностикасы өте күрделі іс. Клиникалық көріністері полиморфты. Лабораторлық диагностикасы да қанағатсыз болып келеді, себебі аурудың серонегативті жасырын варианттары жиі кездеседі. Бруцеллездің емі де көңілден шықпайды. Ш. Николь айтуы бойынша: «Бруцеллез – адамға бақытсыздық, дәрігерлерге абыройсыздық әкелетін сырқат.”

Тарихи мәліметтер.  Адамның буын буынын кеміріп, сай сүйегін сырқырататын, қара –терге түсіріп тынышын алатын осы ауру жайында Гипократта білген екен (б.э.д. 4 ғасыр бұрын өмір сүрген). Қазақша оны «селсоқ ауру», «жел ауру», «сарып» десе, түркпендер «ешкінің безгегі» деп атапты. 19 ғасырдың соңында Жерорта теңізінің Мальта аралында әскери қызметте жүрген солдаттардың арасында осы індет көптен кездесіп, оны «Жерорта теңізінің безгегі» деп Мэрстон (1831) атаған. Давид Брюс сол безгектен қайтыс болған әскердің көк бауырынан осы аурудың қоздырғышын тауып, оған Micrococcus melitensis деген атақ берген.

Заммит (1906 ж.) бұл ауру ешкінің сүті арқылы жұғатынын анықтаған. 1897 ж. Дания ғалымдары Банг пен Стрибольт (1896-1897) түсігі болған сиырдан тапқан коздырғышты Bact. abortus bovis деп, америкалық Траум (1914) түсігі болған шошқадан тапқан қоздырғышты Bact. abortus suis деп атаған. Ал 1916-1918 жж. Алиса Ивенс осы 3 микробтың бір бірене өте ұқсас екенін дәлелдеп, оларды бір топқа кіргізіп, К. Майер мен М. Фезье (1920) бірінші ашқан Брюстің құрметіне “Brucella” деп атайды. Содан бері ауру бруцеллез деп аталады. Сөйтіп, бруцеллез ауруы ұсақ және ірі қара малдан, шошқадан жұғатыны, оның кәсіби ауруларға жататынын анықталды.

Кеңес одағының П. Ф. Здродовский, П. А. Вершилова, Н. И. Рагоза, Г. А. Пандиков, А. Ф. Билибин, Г. П. Руднев деген ғалымдардың еңбектері белгілі. Қазақстанда И.К.Каракулов, Г.Н.Удинцев, П.П.Очкур, Н.Д.Беклемишев, М.М.Ременцова, И.Л.Касаткина, К.Б.Курманова, С.А.Амиреев, Е.С.Белозеров еңбектері бүкіл Кеңес Одағына белгілі. Солармен бірге М. С. Сыздыков, К.Д.Дүйсенов, К. А. Жуманбаев, Л. А. Муковозова, К. Б. Садыков, Л. Е. Цирельсон және басқа ғалымдардың улесіде зор.

Этиологиясы. Бруцеллездің қоздырғышы Brucella тұқымдастығына жатады. 1985 жылы Женева қаласында бактериялардың номенклатурасын бақылайтын Халықаралық комитетінің жіктелуі бойынша Brucella тұқымдастығынын 6 түрін ажырату қажет: B. melitensis, B. abortus, B. suis. B. ovis, B. canis и B. neotomae. Осы жіктелудің  қазіргі заманға дейін күші бар (M. J. Corbel, 1997).

Соңғы жылдары молекулярлы-генетикалық зерттеудің нәтижелері бойынша Brucella тұқымдастығының 1 түрі  B. melitensis және оның көп биоварлары бар деген гипотеза талқыланып жатыр (J. M. Verger, 1985).

Қоздырғыштың әр түріне тән ие организмдері бар.

1. B. melitensis иесі ұсақ мүйізді қара мал: қой, ешкі (3 биовары бар). Бруцелланың бұл түрі ірі қара малды, түйені, итті зақымдауы мүмкін.

B. melitensis – патогенділігі жоғары, адамдардың арасында эпидемия, малдың арасында эпизоотия шақыратын қоздырғыш.

2. B. abortus иесі - сиыр (9 биовары бар). Адамдар арасында спорадикалық ауру шақырады. Осы қоздырғыштан тірі вакцина жасалған (ВА-19).

3. B. suis иелері - шошқа (1, 2 және 3 биоварлары), қоян (2 биовар), бұғылар (4 биовар). Бірақ бұл қоздырғыш ірі және ұсақ қара малды зақымдауы мүмкін (5 биовар). Қазақстанда сирек кездеседі.

4. B. ovis – қойдың инфекциялық эпидидимитінің қоздырғышы. Адам үшін патогендік әсері бар.

5. B. canis иесі – ит. Адам үшін патогендік әсері бар.

6. B. neotomae иесі – далалық тышқандар, адам үшін патогенділігі зерттелмеген. Сонғы екі түрі Америка Құрама Штаттарында бөлінген.

Соңғы жылдары бруцелланың жаңа түрі анықталған - B.rаngiferi. Адам үшін патогенділігі зерттелмеген.

Бруцеллалар – ұсақ кокк тәрізді қозмалмайтын, грам теріс, спора, капсула түзбейтін бактериялар. Көлемі 0,5 - 0,7 мкм х 0,6 - 1,5 мкм.. Қоздырғыштың өсуіне оптимальды температура қажет - 37 °С (20°С - 40°С).  Антиденелер түзілуіне жауап беретін антигені болып липополисахарид (ЛПС) саналады. Бруцелла антигенінің Escherichia hermanni, Escherichia coli 0:157, Salmonella 0:30, Stenotrophomonas maltophilia, Vibrio cholerae 0:1 и Yersinia enterocolitica 0:9 антигендерімен ұқсастығы бар (M. B. Perry, D. R. Bundle, 1990).

Бруцелла – жасушалардың ішінде мекендейтін қоздырғыш.

Бруцеллалар сыртқы ортаға өте төзімді болып келеді: ылғалды жерде – 72 күн, суда – 90 күн, құрғақ топырақта - 3-4 ай, малдың жүнінде және терісінде - 1- 4,5 ай сақталады. Оның әлсіз жағы – ыстықтан қатты қорқады. Күннің тура түскен сәулесінен 30 мин. – 1сағатта, 50° температурада - 1 сағатта, 60°- 30 мин., 70° - 10 мин.арсында тіршілігін жояды, қайнатқанда (100°) тез өледі. Дезинфекциялық ертінділеріне (0,2–1% хлорлы әк, 0,5% - лизол, 0,2% - формалин, 1% - креолин) төзімсіз.

Бруцеллаларға құбылмалық тән: физикалық, химиялық қолайсыз жағдайлардың, антибиотиктердің, бактериофагтардың әсерінен өзінің морфологиялық, культуралді, тинкториалді қасиеттерін, антигендік құрылымын, вируленттігін өзгертеді. Бруцеллезбен ауыратын науқастардың бактериологиялық, серологиялық зерттеулердің теріс болуын осы жағдайлармен түсіндіруге болады. Бруцеллалалар S- түрінен R-түріне жиі ауысады. Сондықтан бруцеллаланың турін анықтау үшін адам немесе жануар организмінен бөліп алынғаннан кейін кідірмей дифференциация жүргізу қажет.

Эпидемиологиясы.

Бруцеллез - нағыз зооноз. Адамдардың ауыруы жануар популяциясында өтетін эпизоотиялық процестің үздіксіз тізбегіне енуі нәтижесінде және адам мен жануардың немесе жануар тектес тағамдардың өндірістік, тұрмыстық жағдайда әсерлесуі нәтижесінде дамиды (С.Ә. Әміреев, 1988). Соңғы кездері, эпизоотикалық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты адамдардың арасында сырқаттанушылық жоғары деңгейде. Қазақстан Республикасы бойынша бұл көрсеткіш 30-ға жетті (100 мың тұрғынға шаққанда). Бірақ бұл көрсеткіш тек бірінші рет анықталып, есепке алынған науқастардың санын көрсетеді.


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 442; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!