IV ТАРАУ. ЗООНОЗДЫ ИНФЕКЦИЯЛАР 8 страница



 

№ 9 кесте

Бруцеллездегі инфекциялық процесстің сатылары

 

      ЗАЛАЛДАНУ

ß

Арнайы иммуноаллергиялық қайта құрылу

I жол II жол III жол
Иммунизация Біріншілік латенция Жасырын кезең
қоздырғышты аластауы – салыстырмалы иммунитет жағдайы біріншілік- созылмалы бруцеллёз қанға жайылуы (генерализация) – жедел бруцеллёз

 

I жол . Макроорганизмнің қалыпты иммундық жауабы кезінде енген қоздырғыштың вируленттілігі әлсіз және дозасы аз болса организм бруцеллаларды аластап инфекциялық процесс алғашқы сатысында аяқталады – иммунитет қалыптасады. Бірақ, иммунитет тұрақты емес. Серологиялық және/немесе аллергиялық реакциялар 6 айдан кейін төмендеп жойылады. Сосын бұл адамдар бруцеллезді қайтадан жұқтыруы мүмкін.

II жол. Егер организмнің қоздырғышты аластатуға күші жетпесе, бруцеллалар фагоциттер және тағы басқа иммунокомпетентті жасушалармен қоршалып - гранулемалардың ішінде сақталады. Гранулема түзуі организмнің қорғаныс қасиетіне жатады. Бірақ аяқталмаған фагоцитоз әсірінен гранулеманың ішінде қоздырғыш тірі қалады. Организм қоздырғышты жоя алмайды. Бірақ клиникалық көріністері де болмайды. Организмде қоздырғыш болғаннан соң сау адамда бруцеллезге қарсы серологиялық және аллергиялық реакциялар оң болып табылады. Инфекциялық процестің бұл турін „латенция” деп атаймыз. Бұл процесс тұрақты емес. Әртүрлі қолайсыз жағдайларда, әсіресе иммунитеттің күші төмендегенде, қоздырғыш аз мөлшерде қанға түсіп, қан арқылы тарап залалданған ағзаларда баяу қабыну процесі дамиды. Осымен бірге қоздырғыштың әсірінен дамыған аллергиялық өзгерістердің нәтижесінде клиникалық көріністерде байқала бастайды. Бұл инфекциялық процестің түрін біріншілік-созылмалы бруцеллез деп атаймыз. Себебі қоздырғыштың жұқтырған уақыты белгісіз болады, ал ағзалардағы қабыну процесі созылмалы кезеңінде анықталады (артроз, остеохондроз, т.б. ).     

III жол.Макрорганизмнің иммунды жауабының күші төмен болса, немесе қоздырғыштың патогенділігі, вируленттілігі және мөлшері жоғары болса, бруцеллалар фагоциттердің ішінде көбейіп, лимфо-гематогенді тосқауылдан өтіп қанға түседі. Жайылмалы сатысы дамып аурудың клиникалық көріністерінің айқын басталуына себеп болады. Сонда жоғары атап кеткен иммуно-аллергиялық қайта құрылу жағдайы аурудың жасырын (инкубациялық) кезеңі болып, ал дамыған процесс жедел бруцеллезге сәйкес келеді. 

Сонымен, бруцеллез ауруының ерекшелігі – қоздырғышты жұқтырғаннан кейінгі уақытты анықтау қиындыққа түсуі. Бруцеллездің турін немесе кезеңін анықтауда уақыт факторының ролі шамалы, өйткені жедел бруцеллез латенттік бруцеллездің үстіне, ал созылмалы процесс аурудың ең басынан дамуы да мүмкін.

Клиникасы

Қазақстан республикасында Н.Д.Беклемишевтің жіктелуін қолданамыз.

Бруцеллездің жіктелуі (Н.Д.Беклемишев, 1957)

1. Латенттік бруцеллез: біріншілік-латенттік және екіншілік-латенттік

2.  Жедел бруцеллез: жеңіл, орташа ауыр, ауыр ағымы

3.  Баяу немесе жеделдеу бруцеллез: жеңіл, орташа ауыр, ауыр ағымы

4. Созылмалы бруцеллез: біріншілік–созылмалы  және екіншілік

созылмалы (декомпенсация, субкомпенсация және компенсация сатысы).

5. Бруцеллездің қалдықтары.

  Е.С.Белозеров (1985), К.Б.Құрманова, А.Қ.Дүйсенова (2002) ұсынысы бойынша бұл жіктелуге тағы да бір түрін енгізу қажет, себебі эндемиялық аймақтарда бруцеллезге қарсы иммунитеттің әлсіздігіне байланысы ауруды қайтадан жұқтыру жағдайлары жиі кездеседі.

6. Қайталанған бруцеллез (суперинфекция және реинфекция).

   

 Латенттік бруцеллез кезінде сау адамда бруцеллаларға қарсы серологиялық және/немесе аллергиялық реакциялар «оң» болып табылады.

Біріншілік-латенттік бруцеллез кезінде «оң»реакциялар бұрын бруцеллезбен ауырмаған адамдарда табылады.

Екіншілік-латенттік бруцеллез кезінде «оң» реакциялар бұрын бруцеллезбен ауырған адамдарда табылады.

Жедел бруцеллез кезінде ауруды жұқтырған кезден 3 айға дейін науқаста қызба, қалтырау, терлеу, полиартронейромиалгиялар пайда болады.

Баяу немесе жеделдеу бруцеллез кезінде аурудың көріністері 3 аймен 6 ай арасында сақталып, науқаста жергілікті қабыну процестер қалыптасады.

Созылмалы бруцеллез кезінде аурудың көріністері 6 айдан артық сақталады.

Екіншілік-созылмалы бруцеллезкезіндебұрын жедел бруцеллезбен ауырған науқаста 6 ай өткеннен кейін аурудың клиникалық нышандары анықталады.

Біріншілік-созылмалы бруцеллезкезіндебұрын жедел бруцеллезбен ауырмаған науқаста созылмалы бруцеллездің клиникалық көріністері анықталады.

Бруцеллездің қалдықтары кезінде организмде қоздырғыш жоқ, активті инфекцияның клиникалық көріністері жоқ, серологиялық реакциялар теріс, бірақ бұрын бруцеллалармен зақымданған ағзаларда анатомиялық дегенеративті деструктивті өзгерістер қалған – анкилоз, спондилез, деформация, атрофиялар, бедеулік және т.б. 

Суперинфекция созылмалы бруцеллезбен ауырып жүріп науқас бруцеллезды қайтадан жұқтырады.

Реинфекция бруцеллезден жазылғаннан кейін ауруды қайта жұқтырады.

 Диагноздың мысалдары:

1. Латентті бруцеллез (Райт реакциясы 1:50, Хеддльсон реакциясы –айқын оң).

2. Жедел бруцеллез. Орташа ауыр ағымы. (Райт реакциясы 1:200, Хаддлсон реакциясы –айқын оң).

3. Жедел бруцеллез. Ауыр ағымы. Миокардит. Оң жақтық сакроилеит. (Райт реакциясы 1:800, Хеддльсон реакциясы –айқын оң).

4. Жеделдеу бруцеллез. Орташа ауыр ағымы. Сол жақ тобықтың артриті. (Райт реакциясы 1:400, Хеддльсон реакциясы –айқын оң).

5. Екіншілік-созылмалы бруцеллез. Декомпенсация сатысы. Увеонейрохориоретинит. Оң жақ шынтағының бурситі. (Райт реакциясы 1:100, Хеддльсон реакциясы –айқын оң).

6.  Біріншілік-созылмалы бруцеллез. Декомпенсация сатысы. Жайылмалы остеохондроз. Вертебро-базилярлы жетіспеушілік. Гипертензионды синдром. Дисциркуляторлы энцефалопатия. Ми қантамырларының васкулиті. (бруцеллездік спецификалық антиген байланыстырушы лимфоциттердің оң нәтижесі, ИФА IgG).

7. Бруцеллездің қалдықты өзгерістері. Спондилез. Тізе буындарының артрозы.

8. Жедел бруцеллез. Ауыр ағымы. Біріншілік созылмалы бруцеллез үстіне суперинфекция. Менингоэнцефалит. Сол жақ жанбас буының артрозы. Сегіз –көз-бел аймағының остеохондрозы. (Райт реакциясы 1: 200, Хеддльсон реакциясы –айқын оң).

9.  Жеделдеу бруцеллез. Ауыр ағымы. Реинфекция. Екі-жақтық орхоэпидидимит. Солжақтық ахиллит. (Райт реакциясы 1:800, Хеддльсон реакциясы –айқын оң).

 

Жедел бруцеллездің жасырын кезеңі – 7-30 күн. Жиі бруцеллез жедел басталады.

Клиникалық нышандары токсико-бактериемиялық, жайылмалы инфекциялық процестің көріністері болып табылады: қалтырау, қызу, терлеу, полиартронейромиалгиялар, лимфаденопатия, гепато- спленомегалия.

Аурудың негізгі нышаны – қызба. Қызбаның сипаты ремиттерлеуші (танғы температурамен кешкі температураның айырмашылығы 1,5-2,0ºС). Дене қызуы тәүліктің екінші жартысында айқын қалтыраудан кейін жоғарлайды, сосын терлеумен сипатталып төмендейді. Науқастың жалпы жағдайы қанағатты болады да, дәрігерлерге қаралмай жүре береді. Бірақ, бұл жағдай ұзаққа созылып (бір неше аптадан 3 айға дейін), науқас дене салмағын жоғалтады.

Екінші маңызды синдром - полиартронейромиалгиялар (сүйек, буын, бұлшық еттер, жүйке тамырлардың ауру сезімі пайда болады). Бұл кезде қабыну процестер дамымайды. Бруцеллездің қазіргі ағымының ерекшелігі- ағзалардың қабынуы ерте (3 айдан бұрын) қалыптасуы. Бұл адамдардың организмінің арнайы жоғары сезімталдылығының өршуінің белгісі.

Науқасты тексеріп қарағанда ұлғайған барлық топтар лимфа түйіндерді (көбінесе жақ астылық, қолтық астылық, шаптық), бауырды, көк бауырды анықтауға болады. Лимфа түйіндердің көлемі майда, ауыр сезімсіз, қоршаған тіндерге жабыспаған.

Жеделдеу бруцеллез аурудың жедел сатысының жалғасы. Жедел бруцеллез кезіндегі көріністерге зақымданған ағзалардың қабыну процестері қосылады - артрит, неврит, орхит және т.б.

Созылмалы бруцеллез кезіндеаурудың жалпы токсико - бактериемияның әсерінен пайда болған нышандар бәсеңдеіді. Бірінші орынға әртүрлі ағзалардың қабыну процестердің белгілері шығады. Бұл кезеңде дене қызуы қалыпты немесе субфебрилді, тершеңдік айқын емес болады. Бірақ лимфаденопатия, гепатомегалия сақталуы мүмкін.

 

Бруцеллез кезінде дамитын органопатология:

Сүйек - буын жүйесі бойынша

Ø Артралгиялар

Ø Артрит

Ø Сакроилеит

Ø Пери- және параартрит

Ø Периостит

Ø Бурсит 

Ø Тендовагинит

Ø Артрозо-артрит, артроз

Ø Спондилит, спондилодисцит

Ø Остеохондроз, спондилоартроз, спондилез

Ø Остеомиелит

Ø Фиброзит

Ø Целлюлит

Жиі ірі буындар (жанбас, тізе, тобық, иық, шынтақ буындары), омыртқалар және омыртқа арасындағы дискілер зақымдалады. Олар ісіп, ауырып, қимыл қасиетін жоғалтады.   

Жүйкелік жүйе бойынша (нейробруцеллез)

Ø Орталық жүйке жүйесі (менингит, энцефалит, миелит, диэнцефалит)

Ø Шеткі жүйке жүйесі (невралгия, неврит,  радикулит, солярит, плексит)

Ø Вегетативті жүйке жүйесі (метеосезімталдық, тершеңдік, тоңғыштық, және т.б.)

Ø Ми тамырларының васкулиті (арахноидит)

Ø Психобруцеллёз (қозу, сандырақтау, астено-депрессивті жағдайлар және т.б.)

Жыныс жүйе бойынша

Ø Менструальды циклдың бұзылыстары

Ø Сальпингит, оофорит, сальпиногоофорит

Ø Орхит, орхоэпидидимит

Ø Импотенция

Ø Бедеулік

З әр шығару жүйе бойынша

Ø Альбуминурия, протеинурия, гематурия

Ø Гломерулонефрит

Қан - тамыр жүйесі бойынша

Ø Кардиалгия

Ø Жүрек тондарының бәсеңдеуі, систоликалық шу

Ø Аритмиялар, брадикардия, тахикардия

Ø Гипотония

Ø Миокардиодистрофия

Ø Ошақты миокардит

Ø Эндокардит

Ø Миокардит пен эндокардит аурудың ауыр түрінде дамуы мүмкін.

Шеткі қан өзгерістері

Ø Лейкопения

Ø Салыстырмалы лимфоцитоз

Ø ЭТЖ -ның жоғарлауы

 

Қайталамалы бруцеллез.

Нашар эпизоотикалық жағдайлары бар аумақтарда қайталамалы бруцеллез өзекті мәселе болып табылады. Бруцеллезден емделген науқастар кәсіптік және тұрмыстық жұмыстарына оралып, екінші, кейде бірнеше рет инфицирленеді. Бұрын бруцелезбен ауырғандарда клиникалық көріністердің дамуы рецидив (асқыну), суперинфекция және реинфекция болуы мүмкін.

Бруцеллездің рецидивтері, суперинфекция мен реинфекцияның арасында салыстырмалы диагноз жүргізу қиынға соғады. Бруцеллездің рецидиві – бұл аурудың айығу кезеңінен кейін (1-2-3-5-8 айлар өткенде, кейде бұдан да кеш кезеңде) белгілі клиникалық түрінің өршуі болып табылады. Рецидивтертердің себебі эндогенді және экзогенді факторлардың әсері болуы мүмкін (қосымша созылмалы аурулардың асқынуы, суықтау, интеркуррентті инфекциялардың қосылуы, кейбір физикалық емдеу әдістерін ерте қабылдау - балшықпен емдеу, ыстық ванна, сауна қабылдау, тоқпен емдеу және вакциналарды, қан препараттарын, пиррогеналды, т.б. қабылдау. Аурудың рецидиві – бұл процестің компенсация сатысынан суб- және декомпенсация сатыларына ауысуы. Бруцеллездің рецидивінің себебі гранулемалардың ішінде мекендеген бруцеллалардың қайталама эндогенді генерализациясы.

Суперинфекция – организмдегібіріншілікинфекциялық процесі аяқталмай тұрып бруцеллаларды қайтадан жұқтыру. Бруцеллездің суперинфекциясы біріншілік инфекцияның клиникасының айқындауымен жүреді. Суперинфекция кезінде серологиялық реакциялардың титрі және организмнің арнайы сенсибилизация дәрежесі жоғарлайды.

Аурудан сауыққан соң (организмде бруцеллалар жоқ, серологиялық және аллериялық реакциялар теріс болғанда) бруцеллезді қайтадан жұқтыру реинфекция деп бағаланады. Бруцеллезбен зақымдалған теңіз шошқалары бруцеллалардың жоғары мөлшерімен суперинфекцияға резистенттілігін көрсетеді, бірақ инфицирлеуші мөлшердің одан әрі жоғарлауы иммунитеттің төмендеуіне әкеледі (П.А.Вершилова, 1961). Реинфекция шақыру үшін, зақымдалған сәттен бастап ұзаруының өлшеміне қарай, неғұрлым аз мөлшерде және неғұрлым аз вирулентті штамм керек. Суперинфекция ауыр клиникасымен сипатталатын жоғары мөлшерлі вирулентті қоздырғышпен немесе сенсибилизация денгейінің жоғарлауына және процестің асқынуына әкеліп соғатын қоздырғыштың аз мөлшерімен шақыралыды.

Сонғы жылдары бруцеллездің біріншілік ауруында, бруцеллез ұзақтығы 3-5 жылға дейін созылатына анықталды. Сонан соң сероаллергиялық реакциялардың жойылғанша төмендеуімен сипатталатын екіншілік латенция кезеңі дамиды. Бруцеллездің эндемиялық ошақтарында инфекция көзімен жанасқан адамдар міндетті түрде бруцеллезбен қайта зақымданады. Бұл науқастың сенсибилизация дәрежесін жоғарлатады және процестің компенсациясының бұзылуын шақыруы мүмкін. Бұрын бруцеллезбен ауырған және бруцеллезге қарсы оң реакциялары болған адамдағы осындай декомпенсация реинфекция немесе суперинфекция деп бағаланбайды. Ол бұрынғы бруцеллездің асқынуы деп есептелген соң, дәрегерлік көмекке келген көптеген науқастарда бруцеллез ұзақтығы өте үлкен сияқты болып көрінеді (Н.Д.Беклемишев, 1975).

Х.А.Касымова (1979) бруцеллез бойынша эндемиялық аудандарда инфекция көзі, берілу факторларымен тұрақты жанасқан 68 науқаста бруцеллездің супер- және реинфекциясының клиникасын және иммунологиялық реакциялардың динамикасын бақылаған. Инфекциялық және постинфекциялық иммунитет төмендеуі әсерінен, екіншілік зақымдану біріншілік бруцеллезден 3-30 жыл өткен соң басталады. Қайталама бруцеллез жедел немесе созылмалы түрде серологиялық реакция титрінің төмендеуімен бірақ гиперсенсибилизациямен өтеді. Кейбір науқастарда аурудың жедел түрі (реинфекция) ауыр сипатта және ағзалардың ерте зақымдануымен өтеді. Сонғы жылдары кәсіптік топтарда қайталама бруцеллезбен ауыру көбейді.

Бруцеллездің реинфекция кезінде эпидемиологиялық мәліметтер

Реинфекция дамыған науқастардың мамандығы - ет өндейтін, бөлшектейтін, сататын адамдар, мал шаруашылығымен айналысатын, сүт комбинаттарында жұмыс істеітін адамдар және малдың жеке иелері. Ет өндейтін кәсіптегі адамдардың мал шаруашығымен айналысатындарға қарағанда реинфекцияның жиілігі жоғары болуы бруцеллардың ет комбинаттардың көп мөлшерде залалдануымен байланысты. Жұмысшылар әр түрлі терілік, сүйек тінінің жарақатын (кесетін заттармен) алады, бұл бруцелланың жоғары мөлшерімен залалдануға оңай жағдай түғызады. Мал шаруашылығында, бруцеллалар жануар организмінде жоғары вируленттігі арқылы жұмысшылар арасында инфекция таратады. Қоршаған орта бруцеллезбен ауырған мал арқылы заладанып, тек кәсіптік топты ғана емес, малға қатысы жоқ адамдарды да зақымдайды. Бруцеллездің реинфекциясында жеке малдың эпидемиялық ролі маңызды, олар бруцеллезді ет-сүт тағамдары, жанасу арқылы жұқтырады.


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 604; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!