IV ТАРАУ. ЗООНОЗДЫ ИНФЕКЦИЯЛАР 1 страница



Қоздырғыштары жануарлардан жұғатын және адамды зақымдайтын ауруларды зооноздар деп атайды.  Зооноздар (зооантропоноздар) ( zoon – хайуан, nozos – ауру) – қоздырғыш резервуары хайуанаттар болып есептелетін аурулар. Зооноздар кезінде адам организмі көп жағдайда биологиялық тұйық болады. Сонғы жылдары қоздырғыштың экологиясы өзгерді: барлық жұқпалы аурулардың арасында 51,8% зооноздар құрайды (Б.В.Черкасский, 2005). Зооноздар антропургиялық және табиғи ошақтық түрлеріне бөлінеді. Антропургиялық зооноздарға бруцеллез, иерсиниоз, листериоз, түйнеме, пастереллез жатады. Бұл аурулар мал шаруашылық дамыған аймақтарда кең таралады. Табиғи ошақты зооноздарға оба, туляремия, лептоспироз, Ку қызбасы жатады. Оба, туляремия, түйнеме, бруцеллез аса қауіпті инфекциялар тобына кіреді. 

Е.Н. Павловский табиғи ошақтылықпен сипатталатын аурулардың ерекше тобын бөлген. Табиғи-ошақтыларға табиғи жағдайлар комплексіне байланысты аурулар жатады. Олар белгілі бір биогеоценоздарда адамнан тәуелсіз тіршілік етеді, бірақ адам бұл биогеоценоздарға кірсе залалдануы мүмкін. Табиғи ошақтық аурулардың қоздырғыштары жабайы аңдар арасында тараған және шынайы биогеоценоздардың мүшелері болып табылады.

Мұндай ошақтардың болуын организмдердің үш тобы қамтамасыз етеді:         

1. ауру қоздырғышы;

2. ие ағзасы (ауру қоздырғышының табиғи резервуары);

3. егер ауру трансмиссивті жолмен берілсе - тасымалдаушылар.

Табиғи ошақтық аурулардың алдын алу шараларын жүргізгенде, қоздырғышты тасымалдаушының және қоздырғыштың резервуары болатын жануарлардың биологиялық ерекшеліктерін білу керек. Табиғи - ошақтық аурулардың таралуын тоқтату үшін, қоздырғыштың айналым тізбегінің бір буынын алып тастау қажет.       Табиғи-ошақтық аурулардың басым көп түрі трансмиссивті жолмен беріледі.

Облигатты-трансмиссивті жолмен берілетін табиғи ошақтық аурулар оларды тасымалдаушылар ареалының ішінде кездесуі мүмкін. Табиғи-ошақтық аурулардың таралуының шектелуі басқа да жағдайларға (мысалы, климаттық жағдайларға) да тәуелді. Трансмиссивті және табиғи-ошақтық аурулардың ерекшеліктерін диагноз қою және алдын алу шараларын жүргізу кезінде ескеру қажет.

ОБА

Аны қтамасы . Оба - Iersinia pestis қоздыратын, трансмиссивті механизммен берілетін, жоғары қызбамен, айқын улану нышандарымен, лимфа түйіндердің, өкпенің және басқа ағзалардың геморрагиялық - некрозды қабынуымен сипатталатын аса қауіпті, табиғи ошақты жедел жұқпалы ауру.

Тақырыптың өзектілігі. Адамзат тарихында обадан қатерлі, обадан қырғын, одан асқан қанды шеңгелді апат болмаған. Оба – табиғи ошақты зооноз. Табиғи ошақтарда жануарлардың арасында аурудың таралуы энзоотия деп аталады. Обаның энзоотикалық ошақтары (қоздырғыштың ұзақ уақыт бойы айналымы сақталатын аймақтар) Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Оң түстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстары болып саналады. Аурудың маңызды ошақтары Каспий, Арал, Алматы облыстарында орналасқан. Табиғи ошақта адам обаны жұқтыруы мүмкін. Обаның өкпелік түрі дамыған кезде бұл спорадикалық ауру аз уақытта індетке айналуы мүмкін.

Тарихи мәліметтері

Аурудың 1-пандемиясы«Юстиниан обасы»542 ж Египетте, Еуропада, Үндіcтанда өткенде 100 000 адам қаза тапты. Аурудың 2-ші пандемиясы - «Қара ажал» кезінде (1333-1369 жж) Еуропа тұрғындарының 1/3 өлімге ұшырады. Аурудың 3-ші пандемиясы (1894ж) Қытай мен Үндістанда өткен. 10 жыл аралығында 12 миллион адам зардап шекті. Аурудың қоздырғышын 1894 ж. Қытайда науқастардан Alexander Yersin бөліп алды.

Этиологиясы. Обаның қоздырғышы - Iersinia pestis, Enterobacteriaceae тұқымдастығына, Iersinia тобына жатады. Бояғанда биполярлы грам «теріс» ұсақ таяқша тәрізді, спора түзбейтін, факультативті анаэроб. Қоздырғыш қарапайым қоректі орталарда өседі. Құрамында оксидаза, фибринолизин және т.б. ферменттер бар. Антигендік құрамы күрделі - соматикалық термостабилді, капсулалық термолабилді және 30-ға жақын антигендері бар. Гиалуронидаза, коагулаза, гемолизин, фибринолизин түзеді. Жоғары темпертураға төзімсіз – 50-70°С- та 30 мин.,100°С-та 1 мин. аралығында жойылады. Төменгі температурада жақсы сақталады: мұз болып қатқан өлікте 7 айдан 1 жылға дейін, аш бүргенің ішінде 396 күн, таскенеде 509 күн сақталады. Залалсыздандырушы ертінделірге (сулема 1:1000, 3-5% лизол ертіндісі, 3% карбол қышқылы) сезімтал.

Эпидемиологиясы. Оба кезіндегі эпизоотикалық және эпидемиологиялық процестер толқын тәрізді өтеді. Соңғы аурудың өршу кезеңі 1997-2003жж аралығында болған. Ресми көрсеткіштер бойынша Қазақстанда обамен 17 адам ауырған (1-Атырау, 2-Ақтөбе, 8-Қызылорда, 6-Манғыстау облыстарында). Аурудың өршуі кеміргіштермен бүргелердің санымен байланысты. Оба кеміргіштердің санын тексеріп тұратын ауру деп айтуға болады.

Оба қоздырғышын биологиялық қару ретінде қолдануы мүмкін. 

Табиғи ошақтарда спорадикалық оба кездеседі. Эпидемиологиялық процестің бұл түріндегі ерекшіліктері: бір немесе бірнеше адам ауырады, аурудың полиморфты клиникалық түрлері дамиды, диагностикаға қиыншылық түседі, адам эпидемиологиялық процеске байқамай кіріп кетеді. Табиғи ошақтарда аурудың көзі - ауру жануарлар (жабайы кеміргіштер – құм тышқан, сұр тышқан, шақылдақ тышқан, егеуқұйрық, сарышұнақ, тарбаган). Бұл аурудың негізгі көзі. Аурудың қосымша көзі - жыртқыштар (қасқыр, койот, қарсақ, түлкі) кеміргіштермен, өліктермен қоректенеді. Осылармен бірге қоян, ондатра, тиін, кузен, кірпі, борсық, жабайы шошқа, сайғақ, үй кеміргіштері аурудың резервуары болып табылады. Үй жануарларынан обамен түйе және мысық аурады. Мысықтар кеміргіштерді аулап, үйге әкеліп олармен қоректенеді. Обаның ауру көзі ретінде түйелердің ролі маңызды. Зақымдалған түйені сойғанда 3-7 адам қатысады, тоңазытқыш жоқтығынан түйенің етін таратып жібереді. Осындай жағдайда топтасқан адамдар ауруға шалдығыды. Жануарлардың арасында берілу механизмі және жолы –трансмиссивті, қан сорғыштар арқылы. Тасымалдаушы – бүргелер және кенелер (сирек). Бүргенің ағзасында қоздырғыштан блок пайда болады, сау адамды шаққанда бүргелер ішіндегі қоздырғышты қанға енгізеді.

Адамдар  обаны келесі жолдармен жұқтырады:

1. трансмиссивті – бүрге, немесе кенелер арқылы;

2. контактілі-жарақатты (жанасу) – ауру жануарларды бауыздап сойғанда, терімен жұмыс істегенде, етін бөлшектегенде;

3. алиментарлы – ауру жануарлардың шикі немесе піспеген етін, немесе жануарлардың зәрімен, нәжісімен заладанған су, тағам арқылы;

4. аэрогенді – ауа-шаңды (заладанған шаң арқылы).

Эпидемиялы қ оба кезіндегі эпидемиологиялық процестің ерекшелігі: аурудың көзі -өкпелік түрімен ауыратын адам; берілужолдары – ауа тамшылы, жанасу арқылы. Қабылдаушы макроорганизм – барлық адамдар сезімтал. Ауру өрт сияқты таралу мүмкін. Адамдарда аурудың өкпелік түрі дамиды. Эпидемиялық оба мономорфты, ал спорадикалық оба полиморфты клиникалық түрлерімен сипатталады.

Патогенез сатылары:

1. Жұқтыру сатысы.

2. Регионалді инфекция және көбею сатысы - қоздырғыштың жұғу жолына және кіру қақпасына байланысты дамиды.

3. Бактериемия сатысы.

4. Септицемия сатысы.

Клиникасы. Инкубациялық кезең – 2-6 күн. Обаның клиникасына жедел басталуы (қалтырау, жоғары қызба), айқын улану (бас ауыруы, бас айналуы, миалгиялар, орталық жүйке жүйесінің улану симптомдары: қозу немесе тежелу, галлюцинациялар, координацияның бұзылуы, «Гиппократ беті») тән. Шеткі қанда нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖның жоғарлауы және жергілікті симптомдар тән. Лейкоциттердің саны 25 мың. жоғары болса, аурудың болжамы қолайсыз болады. Вьетнамдағы науқастарда лейкоциттердің саны 90 мың. жеткен (А.М. Дмитровский, 1995)

 

Обаның жіктелуі

(А.М. Дмитровский бойынша, 1995)

1.Біріншілік-ошақтық түрлері

· Жаралы

· Бубонды

· Баспалы

· Абдоминальды

· Пневмониялық (өкпелік)

· Аралас

2. Жайылмалы түрлері

· Екіншілік-жайылмалы

· Біріншілік-жайылмалы

3. Екіншілік-ошақтық түрлері

· Бубонды

· Баспалы

· Абдоминальды

· Пневмониялық

· Менингоэнцефалиттік

· Септикалық

 

Обаға арналған әдебиеттер бойынша бубонды түрі ең жиі (90%) кездеседі. Бірақ Қазақстанда сонғы жылдары бубонды түрі - 50% жағдайда, жаралы түрі - 25%, пневмониялық түрі - 15% , абдоминальды түрі - 15% кездеседі.

Аурудың біріншілік-ошақтық түрлері кезінде қабыну процестер қоздырғыштың кіру қақпалары аймағында дамиды.

Жаралы түрі ауруконтактілі жол арқылы берілгенде дамиды. Теріде біріншілік терілік аффект пайда болады: дақ, везикула, пустула (іріңде немесе геморрагиялық) тез жараға айналады. Пустула дамыған кезде қатты ауру сезімі байқалады. Жара терең болады, қызғылт қазылған шеттерімен, инфильтрацияланған түбімен сипатталады. 1-3 күннен кейін региональды лимфаденит қалыптасады – бубон. Лимфангоиттың дамуы обаға тән емес. Жаралар ұзақ уақытқа созылады, орнында тыртық қалады. Жаралардың орналасатын жерлері: қол, аяқ, бел.

Бубонды түріауру трансмиссивті және контактілі жол арқылы берілгенде дамиды.Трансмиссивті жол арқылы берілгенде бубон шап аймағында, ал контактілі жол арқылы берілгенде – қолтық астында, сирек шынтақ аймағында орналасады. Бүрге шаққан жерде біріншілік терілік аффект болмайды, бірақ сол жерде әр түрлі жарақаттанулар пайда болса, сонда ғана жара пайда болады.

Оба бубонының сипаттамасы: бір немесе бірнеше бубон дамиды; бубондар шап аймағында, қолтық астында, мойында орналасады; ауыр ағымымен мойын аймағында орналасқан бубондар сипатталады, сосын қолтық астындағы мен шап аймағындағы орналасқан бубондар. Өте қауіптісі қолтық астында орналасқан бубондар, себебі екіншілік обалық пневмония дамуы мүмкін. Аурудың ерте симптомы: без шошымай тұрып айқын ауру сезімі байқалады. Бубонның тығыздығы қатты; периаденит дамиды (бөлек лимфа түйіндерді пальпациямен ажырату қиын); бубон үстендегі тері ортасынан бастап ысып, қызарып тұрады; лимфангоит болмайды. Бубон іріңдеп жарылуы, склерозға айналуы және өзімен жойылып кетуі мүмкін.

Обаның баспалы (ангинозды) және абдоминальды түрлері сирек кездеседі, ауру алиментарлы жол арқылы берілгенде дамиды. Оба баспасы кезінде ауру сезімімен сипатталатын бір жақтық немесе екі жақтық процесс және региональды лимфаденит дамиды (жақ астындағы, бұғана үстіндегі, мойын аймағындағы лимфа түйіндері зақымданады). Қабынудың сипаты катаральды, іріңді-некрозды болуы мүмкін. Лимфаденитке обалық бубонның барлық қасиеттері тән. Интоксикация көріністері айқын, дене қызуы жоғары деңгейде болады.

Абдоминальды түрі кезіндеинтоксикация айқын, температура жоғары, құсу, оң жақ мықын аймағының қатты ауру сезімі, шырыш пен қан қосылған диарея және мезентериалды лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады. Бауыр мен көкбауыр ұлғаяды. Бұл түрі 0,5-1,0% науқастарда кездесіп ауыр ағымымен сипатталады. Инфекциялық-токсикалық шок (3-4 дәрежесі), бүйректің жедел жетіспеушілігі, өкпенің, мидың ісінуі, ТШҰ-синдромы (3-4 дәрежесі) дамуынан науқас өлімге ұшырауы мүмкін. Ауру жиі балаларда (3-13 жас) және әйелдерде (22-48 жас) кездеседі. 

Оба пневмониясы жедел басталып, жоғары қызбамен, қалтыраумен, бастың ауруымен, миалгиялармен сипаттталады. Кеуде аймағында ауру сезімі қалыптасып, тахикардия дамып, жөтел пайда болады. Қақырық серозды, іріңді, геморрагиялық болуы мүмкін. Процесс алдынан бір жақтық, ошақты болуы мүмкін, сосын жедел дамып қақырыққа қан қосылады.

Рентгенологиялық зерттеу арқылы лобарлы қабыну, плевралды экссудат, альвеолярлы инфильтраттар анықталады. ИТШ мен ТШҰ-синдромдарының көріністері пневмония көріністерден басым болады.

 Аурудың ағымында ауырлық дәрежесі бойынша 3 түрін ажырату керек: гипертоксикалық, нормотоксикалық және гипотоксикалық. Аурудың өкпелік гипертоксикалық түрі 40-50 жастағы ер адамдарда жиі кездескен. Ауру жедел басталып, жағдай күрт нашарлап, инфекциялық-токсикалық шок (ИТШ), тамыр ішіне шашыраңды қан ұю (ТШҰ)-синдромы, ағзалардың жетіспеушілігі 48-72 сағаттың ішінде өліммен аяқталған. Өлім-жітімділігі 100%-ға жетеді.

Аурудың нормотоксикалық түрінде науқастың жағдай біртіндеп нашарлайды, ошақты пневмония көріністері басым болады: жөтел, қан қосылған қақырық, ентігу. ИТШ аурудың 4-5 күндері дамиды, пневмонияның ағымымен байланысты болады. 

Аурудың гипотоксикалық түрінде ИТШ 3-4 дәрежесі дамымайды, қақырықта қан анықталмайды, ауру сезімі айқын емес, өкпеде сырылдар анықталады.

Сезімтал антибиотиктерді аурудың алғашқы сағаттарында қолданған жағдайда өлімнің алдын алуға болады.

Оба менингитікезінде ликвор тұнбалы, нейтрофилді-лимфоцитарлы цитозбен, белоктың жоғары көрсеткішімен сипатталады. Менигоэнцефалиттік түрі кезінде ми заты зақымдалып ошақтық жүйке симптомдар дамиды - 12 жұп ми жүйкелерінің ядролары зақымданған көріністері байқалады.

Септикалықтүрі бірнеше екіншілік ошақтармен: өкпе, ми, ішек зақымдалуымен және гепатолиеналды синдромымен сипатталады.

Аурудың біріншілік-жайылмалы түрінде қоздырғыштың гематогенді диссеминациясы және біріншілік ошақтардың болмауы тән. ИТШ көріністерімен сипатталып, жергілікті көріністер анықталмайды. Сепсис, ТШҰ, естің бұзылуы, менингит, ағзалардың жетіспеушілігі дамып, 3-5 күн аралығында өлімге әкеледі. Ауру өлімнен аман қалса, аурудың екіншілік-ошақтық түрлері қалыптасады (летальді ақыры 5 күннен кейін дамиды).

Ас қынулары:

1. инфекциялық- токсикалық шок 

2. тамыр ішіне шашыраңды қан ұю синдромы 

3. септикалық асқынулары (екіншілік-ошақтық турлері).    

Диагностикасы :

1. Бактериоскопиялық әдіс. Биологиялық субстраттардан (қан, қақырық, бубонның пунктатынан, жарадан шығатын сұйықтықтан, өлген адамның өкпесінің, бауырының, көк бауырының, лимфа түйіндерінің кесінділерінен) жағынды дайындалып, Грам тәсілімен боялып, микроскопия арқылы биполярлы боялған грам «теріс» таяқшалар анықталады.

2. Бактериологиялық әдіс тек қана аса қауіпті инфекциялар зертханасында қолданылады (№ 16 а, б сүреттер).


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 739; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!