Бондингтеу техникасы (бондинг техника). 15 страница



Бірінші қабылдау. Тісжегі қуысын егеп тазалап, сауыт қуысын ашып, өтетін өзектен ұлпа ыдырандысын алып, антисептиктер ертіндісімен жуып кептіреді және эндодонттық аспаптармен өңдеу арқылы өзек қабырғасындағы жұмсарған және толық минералданбаған дентин қабатын (предентин) қырып алып, өзекке конусқа ұқсас пішін береді. Түбір ұшы тесігін ашып кеңейткен соң, өтетін өзекті уақытша пломбылауға болады, өтпейтін өзектердегі ұлпа ыдырандысын зарарсыздандыру үшін өзек сағаларында антисептиктер ерітінділерімен мақта анжы қалдырып, уақытша пломбымен жабады.

Екінші қабылдау. Емделуші адам екінші қабылдауға 2-3 күннен кейін келеді. Егер ешқандай шағымы болмаса, уақытша пломбыны алып, нашар өтетін өзектердің өтетін бөліктерін ұлпа ыдырандысынан тазартады және кеңейтуге әрекет жасайды. Нашар өтетін өзектердің түбір ұшы тесігі деңгейіне дейін өтетіндігін тереңдік өлшегіштің (глубиномер) көмегімен немесе түбір инесімен анықтайды (түбір инесінің ұшы периодонтқа жеткенде ине кіріп кеткендей ауыру сезімі пайда болады).

Қажет болса өзекте ине қалдырып, тістің рентген суретін жасау арқылы немесе «Foramatron» типтес электрондық апекслокаторды қолданып анықтайды. Қазіргі таңда барлық стоматологиялық емдеу мекемелерінің ондай аппаратқа қолдары жете бермейді. Эндодонттық аспаптармен кеңейтілген және антисептиктермен өңделіп, кептірілген өзектерді пломбылайды және олардың қатарына бірінші қабылдауда уақытша пломбыланған өзектер де кіреді. Бұл қабылдауда өту және кеңейту мүмкіндігі жоқ өзектерді импрегнациялау әдісімен өңдейді немесе электрофорездеу, депофорездеу әдістерін жүргізіп уаөытша пломбы қояды.

Ұлпа қабынуына қарағанда, периодонт қабынуы кезінде өзектер инфекцияға өте бай болғандықтан электрофорездеу әдісін бірнеше қабат (кем дегенде 3-4 рет) жүргізген тиімді болады.

Үшінші қабылдау. Тісі сырқат адам үшінші қабылдауға да 2-3 күннен кейін келеді (импрегнизациялау әдісі жүргізілген жағдайда). Бұл кезде нашар өтетін өзектерде қайтадан импрегнациялау немесе электрофорездеу әдісі жүргізілгеннен кейін өтетін бөліктері пломбыланады, ал тіптен өтпейтін өзектердің аузына антисептикалық қойыртпақтардың (резорцин-формалин қойыртпағы және б.) шамалы мөлшері қойылып нығыздалады, аралық төсем төселген соң, тісжегі қуысы тұрақты пломбымен жабылады.

Көптүбірлі тістердің қисық түбірлерде орналасқан өте тар және өңдеу жағдайы қиын (аузы нашар ашылады, алыс орналасқан тістер) өзектерін кеңейту және пломбылау мүмкіндігі ылғи бола бермейді. Сондықтан мұндай тістерде және көпке дейін уақытша пломбымен жабуды көтермейтін тістерде (зубы не выдерживающих герметизм) трипсинмен электрофорездеу әдісін жүргізген жөн. Ол үшін кристалды трипсиннің 0,5% ерітіндісін қолданады және оны 5 мг трипсинді сілтілі буферлі сұйыққа еріту арқылы дайындайды. Бұл сұйықтың құрамына 6,2 г бор қышқылы, 7,4 г калий хлориді, 3,0 г NaOH (едкий натрий – натрий сілтісі), 500 мл дистилденген су кіреді. Сұйық pH-ның оңтайлы көрсеткішіне байланысты трипсин тіс тіндеріне қарқынды түрде және терең сіңеді.

Дәрігер-стоматологтың емдеу тәжрибесінде периодонттың созылмалы қабынуымен қатар оның өршуі де жиі кездеседі. Сондықтан өршу үрдісін периодонттың жедел қабынуынан ажыратып, емдеу тактикасын дұрыс қолдана білу керек. Бірінші қабылдауда түбір өзегі арқылы периодонтта жиналған жалқыққа жол ашу қажет. Қажет болса ауыспалы қатпарға тілік жасап, жалпылай ем тағайындайды. Өршу үрдісі басылғаннан кейінгі емдеу кезеңдерін жүзеге асыру үшін периодонттың созылмалы қабынуын емдеу тактикасын ұстанады.

Түбір өзектерін өту мүмкіндігі болмаған жағдайда (түбірлері қисық, ертеректе өзектер металл штифтермен, цементтермен пломбыланған) хирургиялық әдістер қолданады.

Периодонттың созылмалы қабынуын консервативтік емдеудің барысы көбінесе түбір өзегін пломбылаудың сапалылығына байланысты. Өзек жақсы пломбыланған жағдайда периодонттағы қабыну үрдісі біртіндеп жойылып, сорылған сүйек тіні қалпына келе бастайды. Жүргізілген емнің нәтижесін 3- 6-9 және 12 ай өткен соң анықтау қажет (оған дейін өршу белгілері мазаламаса), себебі, бұзылған сүйек тіні баяу қалпына келеді және көп жағдайда организмнің жалпы жағдайына да байланысты. Периодонттағы созылмалы қабыну ошағы организмнің созылмалы сенсибилизациялануының көзі болып саналатындықтан, сырқат тісті емдей бастаған уақыттан бастап және әрбір үш айдан соң периодонтты қоршаған сүйек тіні қалпына келгенге дейін десенсибилизациялаушы, организмнің реактивтілігін, иммундық қорғанысын күшейтетін дәрілермен және кальцийқұрамды препараттармен жалпылай емдеу курсын жүргізіп тұрған тиімді болады.

Кейбір жағдайларда консервативтік емдеу әдісі нәтижесіз болуы мүмкін. Олардың себептері төмендегідей:

· түбір өзектері сапасыз және жартылай пломбыланған;

· шайнау кезінде тіске қысым көбірек түседі (патологиялық тістем немесе көп тістері жұлынған, протез қойылған);

· түбір ұшындағы қабыну ошағы пародонтальдық қалтамен байланысқан;

· егер көрші тісте ұлпа өліеттенген болса, кистогранулема және киста кезінде сүйек тіні қалпына келмейді;

· жалпы иммундық реактивтілік төмен.

Периодонт қабынуын консервативтік-хирургиялық әдіспен емдеу.

Периодонттың қабынуын емдеу шараларының ішінде консервативтік әдістің жақсы қалыптасқанына қарамай, оның әлі де әлсіз тұстары бар. Себебі, кейбір түбір өзектерін өту және кеңейту мүмкіндігі болмағандықтан (жасы ұлғайған адамдар тістерінде және түбір қисық кезде), жүргізілген емдік шаралар жақсы нәтиже бере қоймайды. Бұл кезде консервативтік-хирургиялық әдістерді қолданады. Және олардың төмендегідей түрлері бар: түбір ұшын резекциялау, сауыт- түбірлік сепарациялау (коронорадикулярная сепарация), гемисекциялау, түбірді ампутациялау, тісті орнына қайта отырғызу (реплантация зуба).

Аталған емдеу әдістерін қолданар алдында емделетін тістің барлық өтетін өзектерін эндодонттық аспаптармен кеңейтіп, дәрілермен өңдеп пломбылап алады. Бұл әдістерді орындау тәсілдері хирургиялық стоматология мәселелерін қамтитын оқу құралдарында берілген.

 

Периодонт қабынуын емдеу кезінде жіберілетін қателіктер мен асқынулар, оларды жою және алдын алу.

Асқыну үрдістері периодонт қабынуын емдеу кезінде және түбір өзегін пломбылағаннан кейін де орын алуы мүмкін. Түбір өзектерін күшті антисептиктер ерітіндісімен (формалин, фенол, резорцин-формалин) өңдеген кезде периодонтта уыттану үрдісі байқалуы мүмкін. Бұл үрдісті тежеу үшін түбір өзегінде периодонтты аса тітіркендірмейтін дәрілермен (эвгенол, қалампыр майы, фурацилин 1:5000 қатынастағы ерітіндісі, гидрокортизон) білік қалдырған немесе электрофорездеу әдісін жүргізген тиімді болады.

Түбір өзектерін эндодонттық аспаптармен өңдеген кезде олардың сынып қалуы мүмкін. Оны сындырып алмау үшін аспап өзек қабырғасына ілініп, жылжыту немесе айналдыру қиындаған болса, оны бірнеше рет кері айналдырып, болмаса кері жылжытып босатып алып барып, өңдеуді әрі жалғастырады.

Егер ұсақ аспап өзекте сынып қалса, оны алуға әрекет жасау керек. Егер ұсақ аспаптың сынығы өзек сағасынан сыртқа шығып тұрса, кішкентай шарға ұқсас бордың көмегімен сынықтың төңірегіндегі дентинді егеп алып тастап, ұшын босатады да, кішкентай қысқыштың немесе көз шымшуырының көмегімен қысып алуға тырысады. Бұл әдіс нәтижесіз болса, өзек сағасын ЭДТА-ның көмегімен кеңейтіп барып, алуға әрекет жасайды. Егер аспап сынығын алу мүмкіндігі болмаса, сынықпен қатарласа отырып түбір өзегін түбір ұшына дейін кеңейтуге тырысады. Бұл әрекет те нәтиже бермесе, сынық қалған өзекте импрегнациялау немесе электрофорездеу әдісін жүргізеді.

Жиі орын алатын асқынулардың бір түрі - өзекте ұштықпен айналатын өткіш бұрғымен жұмыс істеген кезде өзек қабырғасын тесіп алу.

  Бұның себебі, тіс қуысын толық ашпау (біріншілік эндодонттық жолды дұрыс қалыптастырмау). Бұндай жағдайды болдырмау үшін сауыт қуысын дұрыс ашу керек және бұрғыны баяу айналыспен пайдалану керек, оның жылжу бағыты мен тіс осінің бағыты бір-бірін еай болуын қадағалау керек. Рентгендік тексеру арқылы кеңейткіш аспаптың өту деңгейін және бағытын анықтап отырған жөн. Кеңейту кезінде жоспарланған деңгейге жетпей-ақ ауыру сезімі байқалса, кеңейтуді дереу тоқтатып, аспаптың тереңдеу деңгейін анықтау керек (рентгенсуретін жасау арқылы). Пайда болған ауыру сезімі аспаптың ұшы түбір ұшы сыртындағы периодонтқа жеткендіктен немесе өзек қабырғасын тесіп алған кезде периодонттың жарақаттануынан туындайды.

Егер өзек қабырғасы тесіліп қалған болса, негізгі өзекті өту қиындайды және тесік аймағындағы периодонтта қабыну ошағы пайда болады. Өзек қабырғасы тесілген тістің функциональдық маңызы өте зор болса (ортопедиялық емдеу мақсатында қажеттілігі жоғары), оны сақтауға тырысады. Жалған өзекте электрофорездеу әдісін жүргізгеннен кейін, қатаятын материалмен немесе композитпен пломбылап, негізгі өзекті өңдеуді жалғастырады. Үлкен азу тістердің сауыт қуысының қабырғасын немесе табанын тесіп алған кезде тесікті Сафорайтпен өңдеп, композиттік материалмен жабуға болады.

Периодонт қабынуын емдеу кезінде тіс уақытша пломбымен жабуды көтере алмай ( не выдерживает герметизма) жиі ауыратын кездері де болады. Бұндай жағдай түбір өзегін толық өте алмаған және дұрыс өңдемеген кезде туындайды. Түбір өзегін мүмкіндігінше ұсақ аспаптармен, антисептиктермен өңдегеннен кейін аса көп ауыру сезімі қайталанбайды. Осындай кезде түбір өзегін озонмен өңдеп жіберсе немесе электрофорездеу әдісін жүргізсе өте жақсы нәтиже береді.

Кейбір жағдайда емдеу барысында түбір өзегін пломбылағаннан кейін де созылмалы қабынудың өршуі мүмкін. Бұндай жағдайда емдеу шаралары периодонтта жиналған жалқықты түбір өзегі арқылы шығаруды қарастырады ( түбір өзегінен пломбылық материлды алу, түбір ұшы тесігін кеңейтіп, тісті ашық қалдыру) және физиотерапиялық емшараларды(УЖЖ айнымалы-ток, электромагниттік өріс өріс, флюктуоризациялау, диадинамотерапия, лазер сәулесі) жүргізіп, ауыруды басатын дәрілерді тағайындайды. Жалқықты түбір өзегі арқылы шығару үшін қатайып кеткен плымбылық материалдарды ерітіп барып алуға болады.

Эндогерметиктерді (түбірішілік пломбыны) ерітуге арналған препараттар -еріткіштер.

Фенопласты немесе резорцин-формалинді шайырды ерітуге арналған еріткіштер: Endosolv, Resosolv, Jen-Desobturatоr, Сольвадент-жидкость, Сольвадент-гель, Фенопласт.

Эвгенаттарды ерітуге арналған препараттар: Eugedent Desobturator, Endosolv E, Desoclusol, Root Canal Resin Remover, Сольвадент-жидкость, Сольвадент-гель, Эвгенат.  

Түбір өзегін пломбылағаннан кейін туындаған өршу үрдісін физиотерапиялық емшара қолданып немесе ауыспалы қатпарға гидрокортизонмен, антибиотиктер ерітіндісімен иниекция жасау арқылы тежейді. Қажет болса ауыспалы қатпарға тілік жасайды.

Түбір өзегін пломбылаған кезде пломбылық материал түбір сыртына біраз мөлшерде шығып кеткен болса, көпке дейін тіс өз бетімен немесе ас шайнағанда ауырып мазалайды. Кейде емделген тіс тұсындағы қызылиекте жыланкөз пайда болады. Бірінші жағдайда ауыруды басатын дәрілер мен физиотерапиялық емшара (микротолқынмен емдеу, ҰЖЖ-ток, флюкуоризациялау) тағайындайды. Жыланкөзді жабу үшін осы аймақта ферменттермен, иодты калий ерітіндісімен (3%) электрофорездеу әдісін қолданады. Кейде жыланкөз арқылы шыққан пломбылық материалды кішкене қасықшалардың көмегімен қырып алып тастайды, болмаса қызыл иекте арнаулы тілік жасап барып тазалауға (апексотомия) да болады.

Көп жағдайда периодонттағы созылмалы үрдістің өршу себебі – түбір өзегін толық пломбыламау. Бұл кезде рентгендік әдістің көмегімен өзекті пломбылау деңгейін және пломбылық материалдың табиғатын анықтайды. Өзек қатаймайтын материалдармен пломбыланған болса, оны алу қиынға соқпайды. Ал қатаятын материалдармен (резорцин-формалин қойыртпағы, фосфатты-цемент, шыныиономерлі цемент, эвгенаттар) өзектің ¼-⅓ бөлігі пломбыланған жағдайда оны өзектен шығарып алуға болады (жоғарыда келтірілген еріткіштердің көмегімен). Бір түбірлі тістердің өзектерінің ⅔ немесе ¾ бөлігі пломбыланған болса, түбір ұшын резекциялауға болады. Қисық және өтпейтін өзектері бар көптүбірлі тістерде өршу үрдісі жиі қайталанса, гемисекциялау әдісін қолдануға болады, ал оны жасауға мүмкіндік болмаса, тісті жұлуға тура келеді.

 

 

7.5.Тіс қуыстарының топографиясы.

 

Жоғарғы орта күрек тіс (1-сурет). Орташа ұзындығы – 22,5 мм, түбір саны – 1 (100%), көлденең кесіндісі – сопақ пішінді (алдан бүйірге қарай созылған), жақсы өтеді. Түбірінің ұшына жақын бөлігі бүйір бағытында аздап иілген, түбір өзегін өңдеуге арналған бұрғыларды өлшемі – 50-90.

 

Сурет-1. Жоғары жақтың орталық күрек тіс.сайт-http://www.edentworld.ru/

 

Жоғарғы бүйір күрек тіс (2-сурет) . Орташа ұзындығы – 22 мм, түбір саны – 1 (99%); 2 (1%); түбір өзектерінің саны – 1 (99%); 2 (1%); көлденең кесіндісі сопақ пішінді (ерін таңдай бағытында), түбірінің ұшына жақын бөлігі бүйір бағытта аздап иілген. Түбір өзегі көбінесе жақсы өтеді және сауыт қуысының жалғасы болып табылады, оны өңдеуге арналған бұрғылардың өлшемі – 35-40 (өзек қисық болғанда); өзек тік болған жағдайда – 50-70.

Сурет-2. Жоғары жақтың бүйір күрек тіс.сайт-http://www.edentworld.ru/

 

 

 

Жоғарғы сүйір тіс (3-сурет). Орташа ұзындығы – 26, 5 мм, түбір саны – 1 (99%), 2 (1%), түбір өзектерінің саны – 1 (99%); 2 (1%): көлденең кесіндісі – сопақ пішінді (ерін-таңдай бағытында); түбір ұшы аздап таңдай және бүйір бағыттарында иілген; өңдеуге арналған файлдар өлшемі – 50-70.

1-сурет. Жоғырғы жақ алдыңғы тістердің тігінен, сагитальды және көлденең кесінділері


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 514; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!