Бондингтеу техникасы (бондинг техника). 11 страница



· периодонттың жедел іріңді қабынуы (острый гнойный периодонтит – periodontitis acuta purulenta)

II.периодонттың созылмалы қабынуы (хронический периодонтит – pеriodontitis chronica)

· периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы (хронический фиброзный периодонтит – periodontitis chronica fibrosa)

· периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы (хронический гранулирующий периодонтит – periodontitis chronica granulans)

· периодонттың созылмалы гарнулемаланып қабынуы (хронический гранулематозный периодонтит – periodontitis chronica granulomatosa, s. granuloma).

· периодонттың созылмалы қабынуының өршуі (хронический периодонтита в стадии обострения – periodontitis chronica exacerbata)

Көптеген авторлар периодонттың жедел қабынуын сарысулы (серозды) және іріңді қабынуға бөлетін болса, М.И. Грошиков (1960) периодонт қабынуының бұл түрлерін аурудың субъективті белгілеріне сүйене отырып ажыратудың қиындығына байланысты, жедел қабынудың екі сатысын (фазасын) ажыратуды ұсынды: бірінші сатысы – уыттану сатысы (фаза интоксикации – fasae intoxicationis), екінші – жалқықтану сатысы (фаза экссудации – fasae exudativa).

7.4.4. Периодонт қабынуының клиникалық сипаттамасы.

Периодонттың жедел қабынуы.

 

Қабынудың бұл түрі жедел дамиды және клиникалық белгілері тез ауысып отырады. Осыған байланысты қабыну үрдісінің дамуын екі кезеңге бөлу (уыттану және жалқықтану) негізді деп келісуге болады.

Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы неесе алғашқы сатысы (фаза интоксикации). Уыттану сатысы қабыну үрдісінің алғашқы кезеңінде байқалады және сырқат тістің өз бетімен сыздап толассыз ауыруымен сипатталады. Сырқат тіспен ас шайнағанда, қарсы тісі тигенде ауыру сезімі күшейе түседі. Бастапқы кезде тісі сырқат адам мазаландырған тісін анық көрсете алады. Температуралық тітіркендіргіштер ауыру сезімін күшейте немесе бәсеңдете әсер ете алмайды. Қарап тексергенде, сырқат тісте тісжегі қуысы анықталады және ол сауыт қуысымен байланысқан. Сүңгілеп байқағанда ауыру сезімі жоқ, тік қағып байқағанда ауыру сезімі бар. Тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндер ешқандай өзгеріске ұшырамаған. Кейде тіс қуысы жабық болуы мүмкін және тістің ЭҚ 100 мка жоғары болады. Химиялық заттар немесе дәріден дамыған периодонттың жедел қабынуы кезінде сырқат тісте уақытша немесе тұрақты пломбы тұруы мүмкін.

Патологиялық анатомиясы. Микроскопиялық зерттеу кезінде периодонт тінінде қан тамырлардың кеңейіп, қанға толғаны (воспалительная гиперемия) байқалады. Тамырлар төңірегіндегі тінде сарысулы жалқықтың сіңуіне байланысты домбығу байқалады (воспалительный отек). Сонымен қатар бірлі-жарымды полинуклеарлармен бірге лимфоциттерден және гистоциттерден тұратын қантамырларға жақын орналасқан жасушалар шоғыры (клеточные инфильтраты) анықталады.

Қабыну үрдісінің толастамай, одан әрі күшеюіне байланысты жасушалық метаболизм бұзылып, сүт қышқылы жиналуы әсерінен тіндерде ацидоз дамиды. Мұның өзі қантамырларының өткізгіштігін жоғарылатып, жалқықтануды күшейтеді және лейкоциттердің сыртқа шығуына жағдай туғызады.

1-сурет. Периодонттың жедел қабынуы, жалу сатысы .сайт-http://mnogozubov.ru/
Жалқықтану сатысы (фаза экссудации – вторая фаза). Бұл кезде периодонтта жалқықтану үрдісінің күшейіп, периодонт саңылауында қысымның артуына байланысты солқылдап толассыз мазалайтын ауыру сезімі пайда болады. Ауыру сезімі көпке дейін бір деңгейде сақталады немесе бірте-бірте күшейе түседі және көрші тістерге аймағына тарлады. Тіспен ас шайнағанда, қарсы жақ тіс немесе тіл тиіп кеткенде қатты ауырады. Кейде тісі сырқат адам тісін «өсіп» немесе «ұзарып» кеткендей сезінеді және қозғалмалы бола бастағанын байқайды. Мұның себебі – түбір ұшы периодонты аймағындағы коллаген талшықтарының домбығуы және жартылай ыдырап бұзылуы нәтижесінде периодонттың тісті ұясынан шығармай ұстап тұру қызметінің бұзылуына байланысты қабыну аймағында жиналған сарысуылы немесе іріңді жалқық тісті итере бастайды.

Қарап тексергенде сырқат тісте тісжегі қуысы анықталады, сүңгілеп байқағанда ауыру сезімі болмайды, сауыт қуысы көбінесе ашық. Температуралық тітіркендіргіштер ауыру деңгейіне ешқандай әсер етпейді. Сауыт қуысы жабық болған сирек жағдайда тістің ЭҚ 100 мка жоғары. Кейде тісте ұлпа қабынуын емдеу сатысында қойылған уақытша пломбы болуы да мүмкін. Қағып тексергенде сырқат тіс қатты ауырады (барлық бағытта), аздап қозғалмалылы боладыар. Тіс төңірегіндегі қызыл иектің кейде қызарып домбыққаны байқалады, түбір ұшы аймағындағы ауыспалы қатпарды сипап тексергенде ауырады.

Кейбір жағдайларда жақ сүйегін қоршаған жұмсақ тіндерде коллалатеральды домбығу байқалады, ауыспалы қатпар тығызданып (жасушалық инфильтрат пайда болуы нәтижесінде) тегістелгені анықталады. Осыған орай дер кезінде стоматологиялық көмек көрсетілмесе, тіс аймағындағы периостың жедел қабыну белгілері дамиды. Бұл кезде организмнің реактивтілігіне байланысты дене қызуы көтеріліп, тісі сырқат адамның басы ауырып, жалпы жағдайы нашарлайды. Кейде қанда да өзгерістер орын алуы мүмкін (лейкоцитоз – 15-20*109/л, ЭШЖ-жоғарылайды). Сырқат тіс жақтағы төменгіжақ асты, кейде иекасты лимфа түйіндері ұлғайаяды жіне ауырады.

Жоғарғы кіші және үлкен азу тістер периодонтындағы жалқық Гаймор қуысына өтіп, онда қабыну үрдісін туындатуы мүмкін.

Периодонттың жедел қабынуы 2-3 тәуліктен екі аптаға дейін созылады және диагнозын нақтылау аса қиындық тудырмайды. Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысын пародонттың жедел шектеле қабынуынан, қызылиек бүртігінің жедел қабынуынан (папиллит) ажырата білу керек. Ал жалқықтану сатысын ұлпаның жедел іріңді қабынуынан, периодонттың созылмалы қабынуының өршуінен, пародонтальдық абсцесстен ажырату керек. Бұл аурулардың сараптамалық диагностикасын студенттер өз беттерімен құру керек. Пародонттальдық абсцесс туралы мәлімет беруге болады. Бұл кезде абсцесс дами бастаған қызылиек қатты сыздап немесе солқылдап ауырады (кейде тісі ауырғандай болады), тіс аздап қозғалмалы болады. Қарап тексергенде тіс сауыты көбіне бұзылмаған (кейде тісжегі қуысы болуы мүмкін), көлденең қағып тексергенде ауыру сезімі бар, температуралық тітіркендіргіштерге жауап береді, төңірегінде әр түрлі тереңдікте пародонтальдық қалта болады. Қызыиек қатты қызарып, томпиып ісінеді, сипап тексергенде қатты ауырады, консистенциясы тығыз немесе орталық аймағында жұмсарғаны және “былқылдау”белгісі (симптом флюктуации) байқалады. Кейде пародонтальдық қалтадан іріңді жалқық шығады. Тістің рентгенсуретінде абсцесс аймағындағы альвеола өсіндісінде пародонттың қабынуына тән өзгерістер анықталады. Ал периодонттың жедел қабынуы кезінде рентген суретте 1-2 тәуліктен кейін-ақ өзгерістер байқалады және олар тісті қоршаған кемік сүйектің рентгенайқындылығының төмендеуімен сипатталады (сүйек майындағы инфильтраттану үрдісіне байланысты).

Патологиялық анатомиясы. Периодонт қабынуының жалқықтану сатысы кезінде қабыну ошағындағы тіндерде лейкоцитарлық инфильтраттану үдей береді. Микроскопиялық зерттеу кезінде қабыну белгілерімен қатар тінде полиморфты-ядролы лейкоциттермен жаппай инфильтраттану байқалады. Лейкоциттердің қан тамырларынан көптеп периодонт тініне ауысуы оның ыдырауға ұшырап, іріңді ошақтың (бір немесе бірнешеу) пайда болуына әкеп соғады. Іріңді ошаққа (іріңдікке) жақын жатқан периодонт, сүйек және қызылиек аймақтарында реактивті қабыну үрдісі (қызару және домбығу) анықталады. Сүйек қабы (периост) қалыңдаған, кейде іріңді жалқықтың әсерінен сылынып кеткен, сүйек майында қанға толу және ошақты іріңдеу үрдістері орын алған).

Сонымен қатар қабыну ошағының төңірегіндегі альвеола сүйегінің сорылуға ұшыраған аймақтарында жасушалы-талшықты құрылымдардың пайда болғаны байқалады. Қабыну ошағынан алыстау орналасқан сүйек тінінде жасушалы элементтердің көбеюі орын алған. Жедел қабыну ошағында қышқыл мукополисахаридтің мөлшері көбейеді, керісінше бейтарап мукополисахаридтің мөлшері өзгеріске ұшырамайды. Ал қалыпты және қабыну инфильтратындағы жасушаларда рибонуклеопротеиндердің мөлшері бастапқы кезде жоғарылап барып, кейінірек төмендейді.

Периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысы кезінде дәрігерлік жәрдем дер кезінде көрсетілмесе, жиналған жалқық шығуға жол іздей бастайды. Ең тиімді жолы түбір өзегі арқылы өтіп, жалқықтың сауыт қуысына жиналуы (түбір ұшы тесігі кең болған жағдайда), периодонт саңылауы арқылы өтіп, қызылиек сайымен сыртқа бөлінуі (сурет), тіс ұясының түбір ұшы аймағындағы қатты сүйек қабатын бұзып, кемік сүйек арқылы өтіп, сүйек қабығы астына жиналуы немесе жұмсақ тіндерге өтіп, қабыну үрдісін туындатуы (одонтогендік қабынбалы үрдістер).

Периодонттың созылмалы қабынуы.

Периодонттың созылмалы қабынуы клиникалық белгілерге аса бай емес. Сондықтан созылмалы қабыну өршу сатысымен асқынбаған жағдайда, тісі сырқат адам көпке дейін стоматолог-дәрігерге көрінуге келе бермейді.

Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы.

2-сурет . Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы. 1-кіреукедегі тісжегі қуысы. 2-бұзылған    дентин. 3-өліеттенген ұлпа. 4- іріталшықты периодонт тіні. Сайт-http://www.ruzanadent.ru/
Қабынудың бұл түрі өз бетімен дамыған жедел қабынудың барысы ретінде және дұрыс емделген созылмалы қабынулардың басқа түрлерінің (гранулденіп және гранулемаланып) дұрыс емделу нәтижесі ретінде дамуы мүмкін. Периодонттың фиброзды қабынуы көптеген тістер жұлынған кезде тіс қатарында қалған тістерге шайнау күшінің шамадан тыс түсуіне байланысты дамуы да мүмкін. Бұл кезде тіс сауыты бұзылмаған болады және периодонт тінінің фиброздануға ұшырауына байланысты түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы біркелкі

кеңейеді. Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы кезінде тісі бұзылған адам ешқандай ауыру сезіміне шағымданбайды, тек тісінің түсінің өзгергенін, тісінде қуыс пайда болып, ас қалдықтарына толып, нашар иіс туындатқанын, ыңғайсыздық сезімін байқағанын айтады. Егер тісінде тісжегі қуысы анықталған болса, беткей немесе терең сүңгілеп және қағып тексергенде ауыру сезімі болмайды, сауыт қуысы көбінесес ашық болады. Температуралық және химиялық тітіркендіргіштерге ешқандай жауап туындамайды, тіс күші 100 мка дейінгі электр тогына жауап бермейді. Тіс төңірегіндегі қызылиек өзгеріске ұшырамайды. Қорытынды диагноз тек рентгендік тексеру әдісінің көмегімен қойылады. Тістің рентген суретінде түбір ұшы төңірегіндегі периодонт саңылауы аздап кеңеюі нәтижесінде деформациялануға ұшыраған, бірақ тіс альвеоласының қатты сүйек қабаты аздап қалыңдағанымен онда сорылу үрдісі байқалмайды (2-сурет). Кейбір жағдайларда периодонт саңылауы тарылып, тіпті анық көрінуі қиын болады. Бұндай жағдай түбір ұшында цементтің шамадан тыс құрылуы нәтижесінде туындайды және түбір ұшы үшкір конус пішінді болмай, түйреуіш басына ұқсас болып келеді, кемік сүйек бағаналары қалыңдап, склероздану үрдісі орын алады.

Патологиялық анатомиясы. Периодонттың фиброзды қабынуы кезінде жасушалық құрылымдардың азайып, коллаген талшықтарының жуандап, фиброзды тінге айналғаны байқалады. Талшықтар шоғырларының арасында көбінесе склероздануға ұшыраған қантамырлар төңірегінде орналасқан домалақжасушалы қабыну инфильтраттарының ошақтары кездеседі. Ретсіз орналасқан жуанталшықты құрылымдар периодонтқа тыртық тініне тән қасиет береді және периодонттың түбір ұшы аймағындағы бөлігінің тұтас қалыңдауын қамтамасыз етеді.

Ескере жүретін жағдай, ертеректе асқынған тісжегімен емделген тістің түбір өзектері жақсы пломбыланған жағдайда, бірақ тістің рентген суретінде түбір ұшы периодонтында фиброзды қабынуға тән өзгерістер анықталғанса, мұндай тісті қайта емдеудің қажеті жоқ.

Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы.

Периодонт қабынуының бұл түрі де уақытында емделмеген жедел қабынудан дамиды немесе біріншілік созылмалы қабыну үрдісінің белгілі бір сатысына жатады. Көп жағдайда ешбір клиникалық белгісіз дамиды, ал кейде сырқат тісте әлсіз ауыру сезімдері (тіс түбірі ұшы тұсында ыңғайсыздық, ауырсыну, кернеу сияқты) мазалауы мүмкін. Оқта-текте сырқат тіспен ас шайнағанда аздаған ауырусыну белгісі біліну мүмкін. Ауық-ауық қызыл иектің түбір ұшы проекциясы деңгейінде жыланкөз пайда болып, мазалауы да мүмкін.

3-сурет. Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы. 1-кіреукедегі тісжегі қуысы. 2-бұзылған дентин. 3-өліеттенген ұлпа.4-қабыну ошағындағы грануляциялық тін .сайт-http://www.ruzanadent.ru/
Қарап тексергенде, сырқат тісте үлкен тісжегі қуысы анықталады, көбінде сауыт қуысымен байланысқан. Беткей және терең сүңгілеп байқағанда ауыру сезімі болмайды. Температуралық тітіркендіргіштерге ешқандай жауап болмайды, тістің ЭҚ. 100 мка. жоғары. Тісте кейде тұрақты пломбы тұруы да мүмкін (ертеректе асқынбаған немесе асқынған тісжегімен емделген болса).

Кейде тіс тұсындағы қызылиекте ауыспалы қатпарға жақын жыланкөз анықталады, аузынан бүршіктеніп жас грануляциялық тін немесе іріңді жалқық шығып тұруы мүмкін немесе бітіп кеткен жыланкөз орнында ақшыл-сұр түсті тары дәніндей тыртық анықталады (мұның бәрі тұрақты белгілер емес). Жыланкөз аймағын сипап тексергенде альвеола сүйегінің беті тегіс емес, кедір-бұдырлы екені анықталады (қатты сүйек қабатының сорылып, бүтіндігінің бұзылуы нәтижесінде).

Жыланкөз болмайтын көпшілік жағдайда тіс тұсындағы қызылиек аздап қызарыңқырағанын байқауға болады; нығыздағыштың домалақ ұшымен басып көргенде бозғылт түсті ойық пайда болып, баяу тегістеледі (вазопарез симптомы) және ашық қызыл түске боялады. Ал саусақпен басып сипағанда ыңғайсыздық немесе аздаған ауырсыну сезімі білінеді. Тісті салыстырмалы әдіспен қағып тексергенде, сау тіске қарағанда ыңғайсыздық немесе аздап ауырғандай сезім анықталады.


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 560; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!