Бондингтеу техникасы (бондинг техника). 12 страница



Ұзаққа созылған қабыну үрдісі кезінде сырқат тіс жақтағы аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғайғандығы және аздап ауыратындығы байқалады.

Рентгендік тексеру кезінде созылмалы қабыну үрдісі аймағында тіс альвеоласының қатты сүйек пластинкасы мен кеуек сүйектің сорылуы нәтижесінде сырқат тістің түбір ұшында жиегі тегіс емес иір-қиырлы шекара құрайтын, кейде от жалынына ұқсас әртүрлі көлемді қаракөлеңкелі ошақ анықталады.

Сорылу үрдісіне кейде түбір ұшын жауып жатқан цемет пен түбір дентині де ұшырауы мүмкін. Бұл кезде тістің түбір ұшы жойылып, шекарасы ойлы-қырлы болып көрінеді және түбір ұзындығы біршама қысқарады.

Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы кезінде өршу үрдісі жиірек кездеседі (басқа қабыну түрлеріне қарағанда) және көбіне жыланкөз пайда болып басылады. Егер жыланкөз бітіп қалмай, ұзақ сақталатын болса, өршу үрдісі де жиі қайталанбайды.

Патологиялық анатомисы. Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы кезінде ұзақ қабыну әсерінен бұзылып, ыдырауға ұшыраған периодонттың орнын грануляциялық тін басады. Бұл тіннің құрамы капиллярларға (қылтамырларға), фибробласттарға, домалақ плазматикалық жасушаларға және лейкоциттерге бай болады. Жас грануляциялық тіннің қалыптасуы кезінде оның құрамында гликогеннің, бейтарап және қышқыл мукополисахаридтердің мөлшері жоғарылайды. Түбір ұшы периодонтының орнын грануляциялық тін басқан кезде, осы аймақтағы қатты тіндер (альвеоланың қатты сүйек пластинкасы, кемік сүйек, кейде цемент және дентин) остеокласттар мен грануляциялық тіннің қатысуымен сорылуға ұшырайды. Грануляциялық тін сүйек майы қуыстарын қуалай өсіп, қызыл иекте іріңді жыланкөздің пайда болуымен толастайды, кейде кілегей қабық немесе теріасты гранулемасына (подслизистая или подкожная гранулема) айналады. Мұндай гранулемалардың қабыну ошағынан қашық орналасуына байланысты кей жағдайларда себепкер тісті анықтау дәрігер-стоматологқа біраз қиындықтар тудыруы мүмкін.

Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы кезінде альвеола өсіндісіндегі ыдырау және сорылу үрдісіне және көптеген тіндердің ыдырауына байланысты қабыну ошағында пайда болған уытты заттар қанға сіңіп, организмнің созылмалы уыттануын туындатады. Сондықтан созылмалы қабынудың бұл түрі – ең белсенді патологиялық үрдіс деп саналады. Осыған қарамай, емдеу шараларын дұрыс жүргізген жағдайда оның нәтижелелігі жоғары болады және қабынудың тиімді түріне – созылмалы фиброздана қабынуымен алмасады.

Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы ( түбір гранулемасы ) .

Периодонт қабынуының бұл түрі кезінде өршу сатысы болмаса, ешқандай клиникалық белгілер орын алмайды. Тек сирек жағдайда ғана периодонттың гранулдене қабынуына тән белгілер (қызылиектің аздап қызарып, ісінуі, жыланкөз) болуы мүмкін.

Тіс қатарын әртүрлі мақсатпен қарап тексергенде, себепкер тісте терең тісжегі қуысы немесе пломбы анықталады. Сүңгілеп және қағып тексергенде

 

 4-сурет. Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы. 1-1кіреукедегі тісжегі қуысы. 2-бұзылған дентин. 3-Диффузды қабыну. 4-Түбір периодонтындағы гранулема.  a-фиброзды капсула. b- ыдырау аймағы. с - контаминация аймағы. d-сорылу аймағы. e-ынталандыру аймағы.сайт-http://www.ruzanadent.ru/
Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуының немесе түбір гранулемасының қорытынды диагнозын рентгендік тексеру арқылы анықтайды. Бұл кезде сырқат тістің түбір ұшында немесе бүйір бетіне жақын домалақ немесе сопақ пішінді шекарасы тегіс және анық диаметрі 0,5 см шамасында қара-көлеңке ошақ анықталады (4-сурет). Егер қара-көлеңке ошақтың диаметрі 0,5-0,8 см болса кистогранулема (cystаgranuloma), ал одан үлкен болса түбір кистасы (корневая киста – cysta radicularis) деген диагноз қойылады. Дегенмен гранулема мен кистогранулеманы толық ажырату үшін гистологиялық зерттеудің қорытындысы қажет. Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы кезінде қызылиекте өзгеріс байқалмайды, тек кистогранулема немесе киста кезінде тістің түбір ұшы проекциясындағы қызылиекастындағы сүйек тінінде сипап басқан кезде ауырмайтын томпақ құрылым анықталады. Кейде кистаның үлкею бағытындағы жақ сүйегінің қатты сүйек пластинкасының жұқарғаны соншалықты, сипап тексергенде томпиған сүйек аймағы пергамент қағазын уқалаған кезде шығатын қытырға ұқсас дыбыс береді (симптом хруста).

Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы өршіген кезде қызылиекте жыланкөз пайда болуы мүмкін.

Түбір гранулемалары көбінесе жоғарғы жақ тістерінің периодонтында (63%), сирек жағдайда (37%) төменгі жақ тістерінің периодонтында дамиды. Сонымен қатар кіші азу тістер аймағына қарағанда (38%), үлкен азу тістер аймағында көбірек (54%) анықталады.

Патологиялық анатомиясы. Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы – созылмалы үрдістің тұрақтанған және аса белсенділікпен дамымайтын түрі, себебі, бұл кезде қабынбалық қызару мен ісіну пролиферативтену үрдісімен алмасады. Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы кезіндегідей, гранулеманың қалыптасуы кезінде жойыла бастаған периодонттың орнын грануляциялық тін басады, жас және жаңа тін сорыла қоршаған сүйек тінінен талшықтары периодонт тінімен байланыса орналасқан фиброзды қапшық арқылы бөлінеді.

Гранулеманың орта бөлігінде біраз мөлшерде плазматикалық, гистиогендік және гематогендік жасушалар орналасады.

Көпшілік гранулемалардың құрамында жас грануляциялық тіннен басқа Маляссе эпителиальды аралшықтардан дамыған құрылымдар (тартпалар- тяждер) кездеседі, кейде фиброзды қапшықтың ішкі беті эпителийден тұратын қабықпен төселеді. Осыған байланысты гистологиялық құрылымының күрделілігіне байланысты түбір гранулемалары қарапайым (простые- эпителиальные) және күрделі (сложные- эпителиальные) болып екіге бөлінеді. Қарапайым гранулемалар 8-10% жағдайда кездеседі.

Гистиохимиялық зерттеулер кезінде гранулемада аз мөлшерде гиалурон қышқылы, ал эпителиальдық жасушалардың протоплазмасында сульфатталған мукополисахаридтер анықталады.

Көптеген гистологиялық зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып, Ficһ жетілген гранулеманың құрамында бірнеше белдеуді анықтады:

· Өліеттенген белдеу. Бұл белдеуде өліеттенген тіндер мен бактериялар орын тепкен.

· Контаминациялық белдеу. Бұл белдеуде лейкоциттер, лимфоциттер және остеокласттар анықталған.

· Тітіркеніс белдеуі. Бұл белдеу тек грануляциялық тіндерден тұрады және микроорганизмдер анықталмайды.

· Ынталану белдеуі. Бұл белдеуде коллаген талшықтарын құратын остеобласттар мен фибробластардың белсенділігінің жоғарылағаны байқалған .

Эпителиальдық құрылымдардың арасында дегенеративтік үрдістердің әсерінен қуыстар пайда болып, оларда бұзылған эпителий жасушаларының қалдықтары, эозинофильді қабыну жалқығы, белокты және майлы детрит жиналады. Детрит ыдыраған кезде кистогранулема мен киста сұйығының құрамына кіретін холестерин кристалдары пайда болады.

Дұрыс емделген периодонттың гранулемаланып қабынуы да көбінесе фиброзданып қабынуға ауысады. Ал емделмеген және түбір өзегі дұрыс өңделіп, пломбыланбаған жағдайда кистогранулемаға немесе түбір кистасына ауысады, кейде бет-жақ сүйегі аймағының одонтогендік қабыну үрдістерімен асқынады.

Периодонттың созылмалы қабынуының әр түрлерін бір-бірінен, орта тісжегіден, ұлпаның созылмалы шіри қабынуынан ажырата білу керек.

Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі.

Көбірек өршуге ұшырайтын – периодонттың созылмалы гранулденіп және гранулемаланып қабынулары. Периодонттың жедел қабынуына қарағанда өрши қабынуы жиірек кездеседі. Өршудің басты себептері – организмнің қорғаныс қасиетінің төмендеуі (жедел жұқпалы аурулармен ауру, бойындағы созылмалы аурулардың өршуі, суыққа шалдығу), тіске шайнау күшінің көбірек түсуі, периодонттың созылмалы қабынуының емін дұрыс жүргізбеу.

Периодонт қабынуының өршуінің клиникалық белгілерінің ерекшеліктенуі созылмалы қабыну кезіндегі түбір ұшы төңірегіндегі тіндердегі деструкциялану үрдісінің деңгейіне байланысты. Сондықтан сырқат тісте ауыру сезімі қабыну ошағында біраз мөлшерде жалқық жиналғаннан кейін ғана мазалай бастайды.

Бұл кезде сырқат тістің толассыз сыздап, немесе солқылдап ауыруы, тістің тез арада қозғалмалы болуы, жұмсақ тіндердегі коллатеральды домбығу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, тіс тұсындағы ауыспалы қатпардың тегістелуі, сипап тексергенде ауыратындығы сияқты белгілер пайда болады. Кейбір жағдайларда сырқат тіс аса қатты мазаламай-ақ, бірінші кезектегі белгілер қатарына сырқат тіс төңірегіндегі және алыстау аймақтардағы жұмсақ тіндерде коллатеральды домбығу және ісіну белгілерінің орын алуын жатқызуға болады.

Бұл кезде сырқат тісті қағып тексергенде, аса көп ауыру сезімі болмайды, керісінше көрші тұрған тістер көбірек ауырсынады, тіс аздап қана қозғалуы мүмкін. Сырттай қарап тексергенде, бет аймағында асимметриялану белгілерін көруге болады. Сонымен қатар дымкәстік, бас ауруы, ұйқының қашуы, дене қызуының көтерілуі, асқа тәбеттің шаппауы сияқты белгілермен қатар, қанда анықталатын лейкоцитоз, ЭШЖ (эритроциттердің шөгу жылдамдығының) жеделдеуі периодонт қабынуының өршуіне де тән. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі (әр түрлерінің) 37% жағдайда жақсүйек аймақтарындағы абсцесстер және флегмоналармен асқынады екен (Боровский Е.В., 2002). Рентгендік тексеру кезінде периодонтта әртүрлі көлемді деструкциялану ошақтары байқалады. Сондықтан, периодонттың фиброзды қабынуы болмаса, гранулденіп және гранулемаланып қабынуының өршуін бір-бірінен ажырату қиындау болады.

Патологиялық анатомиясы.Периодонттың созылмалы қабынуының әр түрлерінің өршуі кезіндегі патоморфологиялық өзгерістер қабыну үрдісінің қарқындылығына және организмнің иммундық реактивтілігіне байланысты болады. Көбінесе қабыну ошағында жалқық мөлшерінің жоғарылауы, нейтрофильді лейкоциттер, жасушалар және талшықтар санының көбеюімен сипатталады.

Периодонттың созылмалы қабынуының өршуін периодонттың жедел қабынуынан, ұлпаның толық жедел қабынуынан, ұлпаның жедел іріңді қабынуынан, Гаймор қуысының қабынуынан, үштік нерв тармақтарының қабынуынан, плексалгиядан, периостың және сүйек майының қабынуынан (остеомиелит) ажырата білу керек.

Периодоннттың созылмалы қабынуының өршуі кезінде тағам шайнағанда сырқат тісте аса қатты ауыру сезімі болмайды (периодонттың жедел қабынуына қарағанда). Түбір ұшы аймағындағы альвеоланың қатты сүйек қабатының ертеректе бұзылуына байланысты жиналған жалқық кедергісіз сүйек қабы астына өтіп, жақын орналасқан жұмсақ тіндерде коллатеральды домбығуды ертерек туындатады.

 

7.4.5.Периодонттың қабынуын емдеу.

Ертеде өмір сүрген римдіктердің «адамға өлім ауыз арқылы келеді»,– деп айтуына қарағанда көптеген адам ағзалары мен жүйелерінің ауруларының бұзылған тістер арқылы өтетін инфекциямен байланысты екендігі ертеректе-ақ мәлім болған. Асқынған тісжегіге жататын периодонттағы қабыну ошағы- организмнің сенсибилизациялануының көзі. Сондықтан периодонт қабынуы кезінде жүргізілетін емдеу шаралары тек себепкер тісті ғана қамтымай, организмнің сенсибилизациялануының алдын алуға мүмкіндік беретін инфекция ошағын жоюға да бағытталуы тиіс.

Түбір ұшы периодонты қабынуын тиімді және сақтап емдеу қағидаларын ұсынған Ресей ғалымдары Л.А. Лимберг және Ф.А. Звержховский. Бұл қағидалар инфекцияға бай түбір өзектерін механикалық әдіспен және дәрілермен өңдеуді, түбір ұшы сыртындағы қабыну ошағына әсер етуді (периодонттың жедел ұабынуы кезінде жалқықтану үрдісі басылғанға дейін) және түбір өзегін пломбылауды қарастырады.

Түбір өзектерін эндодонттық ұсақ аспаптармен және дәрілермен өңдеуге периодонт қабынуын емдеу кезінде үлкен көңіл бөлінеді. Эндодонттық ұсақ аспаптар жайлы кейінірек айтылады, ал қазір түбір өзектерін өңдеуге арналған дәрілермен таныстыру қажеттілігі бар.

Көптеген лабораториялық зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, түбір ұшы аймағындағы қабыну үрдісін тежеу үшін левомицетин, эритромицин және пенициллин сияқты антибиотиктер қолданған тиімді. Сонымен қатар протеолиздеуші ферменттердің де рөлін атауға болады. Некролиздеуші және муколиздеуші ферменттер түбір өзегіндегі ыдыранды заттарды шығаруға оңтайлы жағдай туғызады, соның арқасында антибактериальды препараттар микроб клеткасына тікелей әсер етеді және түбір өзегінде микробтардың вегетациялануына ыңғайсыз жағдай туады.

Периодонт қабынуын емдеу үшін әсер ету спектрі (аясы) кең антибиотиктер (микроцид, мономицин, неомицин) мен трипсин және химотрипсиннің леофильденген, зарарсыздандырылған препараттарын қосарландыра пайдаланған тиімді. Түбір өзектерін өңдеу үшін панкреатин, иммобилизденген ферменттер профезима және имозиманы да өолдануға болады.

Трипсиннің бактериостатикалық қасиеті бар, фагоцитозды жеделтеді, гиалуронидазаның әсерін тежейді, бактериальдық уыттарды бейтараптандырып, тіндердің регенерациялық қасиетін жоғарылатады.

Егер фермент пен антибиотикті түбір өзегінде ұзақ уақыт қалдыру қажет болатын болса, олардың «Е» витаминінің 30% майлы ертіндісіндегі эмульсиясын дайындайды. Уақытша пломбымен тісжегі қуысын жапқан кезде ауыратын немесе герметизациялауды көтермейтін тістерді (зуб не выдерживающий герметизации) емдеген кезде және түбір өзегіне жалқық көп бөлінгенде эмульсияны түбір ұшы сыртына шығарып емдеген тиімді болады.

Түбір өзегін өңдеуге лизоцимнің 0,1% изотониялық ертіндісін қолданған өте пайдалы. Бұл фермент граммоң және граммтеріс микроорганизмдерді ыдыратумен қатар, организмнің гуморальдық қорғанысын күшейтеді, қабынуға қарсы және ауырусыздандырушы әсер көрсетеді.

Периодонт қабынуын емдеу үшін құрамында хлор бар антисептиктер (хлоргексидин, хлорамин Т, хлорацид, натрий гипохлориді) кең қолданылады. Құрамында хлор бар препараттардың ішінде шет елдерде натрий гипохлоридінің 3-5% ерітіндісі (өкілі «Паркан») кең пайдаланылады. Бұл ерітінді өліеттенген тіндерді жақсы ыдыратып ерітеді және бактерицидтік қасиеті өте жоғары. Өзектегі органикалық қалдықтарды ыдырату үшін карбамидтің (мочевинаның) 30 % ерітіндісін және карбамидтің асқын тотығының сусыздандырылған глицериндегі 10% ерітіндісін де қолдануға болады. Дәрігерлік тәжірибеде түбір өзектерін өңдеу үшін құрамында йод бар препараттарды (йодинол, йодонат, бетадине) да қолданады.


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 504; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!