Сипап тексеру (ощупывание или пальпация - palpacio ) 4 страница



Төменгі екінші үлкен азу тіс бірінші үлкен азу тіске қарағанда кішілеу (тіс қатарында)және пішіні кубқа ұқсас. Шайнау бетінде төрт төмпешігі бар, олар қосу белгісіне (+) ұқсас сайлар арқылы бөлінген. Көпшілік жағдайда шайнау бетіндегі көлденең сай тістің ұрт жақ бетіне ауысып, оны екіге бөліп, сауыттың экватор деңгейінде әртүрлі тереңдікте ойықпен аяқталады. Тістің екі түбірі бар (қатар орналасқан алдыңғы және артқы түбірлер), сирек жағдайда олар бірігіп барып бір түбірге айналып кетеді. Төменгі екінші азу тіс бір түбірлі болатын жағдайлар да кездеседі. Тістің «сауыт және түбір белгілері» жақсы дамыған.

Төменгі үшінші үлкен азу тістің пішіні әр түрлі болады (-сурет). Бір жағдайда бірінші үлкен азу тіске, кейде екінші азу тіске ұқсас, шайнау беттерінде төмпешіктер саны 4-7 болуы мүмкін. Түбірлері көбіне екеу және арт жаққа қатты иілген, кейде олар бірігіп бір түбір құрауы мүмкін. Сирек жағдайда онша жақсы дамымаған бірнеше түбір болуы мүмкін. Тіс қуыстары көбінесе тістердің пішінін қайталайды, бір жағдайда сауыт қуысы төртбұрышқа немесе табаны тістің алдыңғы бетіне қараған трапецияға, ал екінші үлкен азу тістікі текшеге ([i]re,0) ұқсас болады. Тістер қуыстарының төбесі тістердің мойын деңгейінде орналасады және төмпешіктерінің санына сай ұлпа мүйізшелері орналасатын шығыңқы томпақ жерлері бар. Өзектері үшеу (бір артқы, екі алдыңғы өзектер) және олардың ауыздары тең қабырғалы үшбұрыш жасай орналасады. Үшбұрыштың табан қабырғасында алдыңғы өзектердің, ал шыңында артқы өзектің аузы орналасады. Өзек ауыздары көбінесе тар саңылауға ұқсайды және керек кезінде жақсы кеңейтуді қажет етеді.

Артқы өзектері кең, жақсы өтеді, ал алдыңғы өзектері тарлау және нашар өтеді. Кейде артқы түбірінде екі өзек болуы мүмкін, олар орта бөлігінде бірігіп, түбір ұшында бір тесікпен, ал кейде жеке-жеке тесіктермен аяқталуы мүмкін.

Екінші үлкен азу тістің көлемі кішірек және сауыт қуысы текшеге ұқсаған кезде өзек ауыздары тең қабырғалы үшбұрыш жасай, бір-біріне өте жақын орналасады. Ал түбірі біреу болған жағдайда сауыт қуысы табансыз болады және тарыла отырып, түбір өзегіне ауысады.

Жоғарғы және төменгі үлкен азу тістердің сауыт қуыстарының табандары көбінесе ойықтау келеді және онда бас сүйектерін қосатын тігіске (шов – sutura) ұқсас жіңішке сайлар орналасқан. Жоғарғы үлкен азу тістердің сауыт пішіндеріне қарай бір сай екі ұрт өзегінің аузын қоса орналасқан, оның орта бөлігінен бастап бір сай таңдай өзегінің сағасына қарай созылған. Төменгі үлкен азу тістерде бұл сайлар алдыңғы екі өзектің (тіл және ұрт) сағаларын қоса орналасқан, оның ортасынан бір сай артқы өзек (дистальный канал) сағасына қарай созылған. Бұл сайлар жеке-жеке дамыған түбірлерді немесе түбір бөліктерін біріктіретін тігіс болып табылады.

1-Кесте. Тістер ұзындығының I. Ingle, Z. Blaclind ұсынған кестесі,1994

 

Ең үлкен 25,6 25,1 28,9 23,8 23 22,5 21,6       21,2 22,6 22,2 21,3
Орташа 23,3 22,8 26 21,8 21 20,6 19,9      19,4 20,8 20,2 19,4
Ең кіші 21,0 20,5 23,1 18,8 19 17,5 18,2      17,6 19,0 18,2 17,5
Тіс формуласы 1 2 3 4 5 Таңд. ал-ұрт  арт-ұрт 6 Алд.                  Арт. Таңд. Ал-ұрт арт-ұрт 7 Алд.                Арт.
Ең үлкен 23,4 24,6 27,5 24,1 23,7 22,7                22,6 22,6           22,8
Орташа 21,5 22,4 25,2 22,1 21,4 20,9                20,0 20,9           20,9
Ең кіші 19,6 20,2 22,9 20,1 19,1 19,1                19,2 19,2           19,0

 

2.3. Тістердің ауытқулары (аномалиялары).

Тістердің аномалияларының (қалыптан ауытқуларының) бірнеше түрлерін ажыратады. Олар: санының, көлемінің, түсінің, пішінінің, шыққан орнының ауытқулары. Тістердің ауытқуларын тіс-жақ сүйек жүйесінің дамуындағы бұзылыстардың нәтижесі деп санайды.

Тістердің санының ауытқулары. Бұл ауытқуларға тістер санының қалыптан азаюын немесе көбеюін жатқызады.

Тістер санының азаюы тіс ұрығының болмау салдары (ұрық дамымай қалған немесе жойылған) немесе толық қалыптасқан тістің шықпай жақ сүйегінде қалып қоюы.

Тістердің болмауы – адентия, ал тістің шықпай,жақ сүйегінде қалып қоюын ретенция деп атайды.

Тіс қатарында бір немесе бірнеше тістің болмауы (жартылай болмауы-частичная адентия), кейде барлық тістердің болмауы (толық болмауы-полная адентия) мүмкін.

Біріншілік адентия тістердің шықпауы нәтижесінде, ал екіншілік адентия тістердің жұлынуы нәтижесінде қалыптасады.

Ретенция – тістердің шықпай жақ сүйегінде қалып қоюы. Көпшілік жағдайда мұндай тістер толық қалыптасқан тістер болады, кейде түбірлері толық қалыптаспауы мүмкін.

Қалыптан артық тістер (сверхкомплектные зубы) тіс доғасынан сырт орналасады, кейде тіс қатарында тіс доғасының пішінін бұзбай орналасады. Көпшілік жағдайда қалыптан артық тістердің түбірі ауытқи дамыған немесе дамымай қалады.

Тіс сауыттарының пішіні мен көлемінің ауытқулары. Тіс көлемінің үлкен немесе кіші болуы- тістің ауытқуы (аномалия) деп аталады.

Барлық тістердің үлкен болуын гигантизм – алып тістілік деп атайды. Мұндай патологиялық үрдіс гипофиздің қызметі бұзылып, акромегалия дамыған кезде орын алады.

Тістердің көлемі кішкентай болған кезде (микродентия) тіс қатарында олардың арасында бос кеңістіктер (диастемалар, тремалар) қалыптасады.

Жекелеген тістердің орнынан ауытқуы жиі кездесетін аномалиялар қатарына жатады. Тістер таңдай, тіл, ұрт бағытында, алға және артқа қарай ауытқуы мүмкін.

Тістердің таңдайға, тілге және ұртқа қарай ауытқуы тіс қатары тарылған кезде немесе қалыптан артық тіс шаққан кезде байқалады.

Тістердің өз осінен айналуы тістер қатарының тарлығы кезінде орын алады және орнының ауысуымен, қисаюымен қатар кездеседі.

Тістер транспозияциясы – көршілес тістердің орындарын ауыстыра орналасуымен сипатталатын аномалия.

Түбірлер аномалиясы. Мұндай ауытқулар жиі кездеседі, қалыпты түбірлер саны аз немесе көп болып, әр түрлі бағытта қатты иілуі (кейде 90о-қа дейін бұрышпен) мүмкін. Мұндай ауытқулар рентгендік тексеру әдісінің көмегімен ғана анықталады.

 

2.4.Тістің қатты тіндерінің гистологиялық құрылысы,

химиялық құрамы және қызметі

12-сурет. Тістің кестелік құрылымы. 1-кіреуке, 2-дентин, 3-цемент, 4-тіс ұлпасы, 5-периодонт, 6-қызылиек, 7-альвеоласүйегі, 8-тіс сауыты, 9-мойыны, 10-түбірі, 11-қан тамырлары.сайт-http://slovare.coolreferat.com/

Кіреуке (эмаль - enamelum) – тістің ең қатты тіндерінің бірі (қаттылығы 250-800 Виккерс бірлігіне тең) және тіс сауытын мойнына дейін жауып тұрады. Азу тістердің төмпешіктер шыңындағы кіреукенің қалыңдығы – 2,0-2,5мм, табиғи сайларындағы қалыңдығы – 0,50-0,62 мм, мойын бөлігінде – 0,01-0,1 мм (цементке ауысар жерінде), орталық күрек тістердің қырларында 2,0-2,5мм. Кодола Н.А.(1964) келтірген мәліметтерге сүйенсек, кіреукенің мойын бөлігіндегі қалыңдығы – 0,01-0,05 мм, үлкен азу тістер шайнау төмпешіктерінде – 3,5 мм, сайларында – 1,3 мм.

Кіреукенің ең негізгі құрылымдық бірлігі ұзындау цилиндрге немесе ромбыға ұқсас кристалдар өте қатал, тығыз реттілікпен тор (решетка) жасай орналасып, диаметрі 4-6 мкм призмалар құрайды және призманың осіне 45 градус бұрышпен орын тебеді. Призмалардың ұзындығы кіреуке қабатынан ұзын, себебі олардың бағыты түзу емес, көптеген призмалар қосыла отырып (10-20) S әрпіне ұқсас иілімдер жасайтын шоғырлар құрайды, кіреуке-дентин шекарасынан басталып, кіреуке бетіне қарай радиальды бағытта орналасады. Кіреукенің сыртқы және ішкі қабаттарында (кіреуке-дентин шекарасына жақын) призмалар болмайды (призмасыз кіреуке). Бұл қабаттарда ұсақ және ірі немесе жалпақ кристалдар орналасқан. Сондықтан да тістерден алынған шлифтердің кіреуке қабатында оптикалық біртектілік байқалмайды (жарық немесе қараңғы жолақтар алмаса орналасады); себебі бір жерде призмалар ұзынынан, ал екінші жерде көлденеңінен кесіледі (Гунтер-Шрегер жолақтары). Ұзынынан кесілген призма шоғырлары парозони, ал көлденең кесілгендері – диазони деп аталады. Қышқылмен өңделген тістердің ұзын шлифтерінде кіреуке-дентин шекарасынан тіс бетіне қарай қиғаш орналасқан қоңыр-қошқыл түсті жолақтарды(бурые полосы) көруге болады. Көлденең жасалған шлифтерде олар кіреукеде концентриялық шеңбер түрінде орналасады (ағаш кесінділеріндегі шеңберлер қабаттары секілді). Бұлар Ретциус жолақтары деп аталады және олардың пайда болуын тістердің даму кезінде кіреукенің белгілі бір циклмен минералдануымен байланыстырады. Бұл жолақтардың минералдануы төменгі тістерде анық көрінеді. Тіс бетінде аяқтала отырып, бұл жолақтар тіс сауытын қоршаған көлденең жолақтар құрайды және олар «перикиматалар» деп аталады. Кіреукеде бұлардан басқа құрылымдар бар. Кіреуке призмаларының көлденең кесінділері аркадаға немесе балық терісінің мүйізді қабыршақтарына (рыбья чешуя) ұқсас болады (өте тығыз орналасқандықтан). Себебі, аркаданың ашық қабырғасы арқылы көршілес призмалар өз кристалдары арқылы бір-бірімен қосылып, кіреукенің беріктігін қамтамасыз етеді.

Призмалар көбінесе домалақ пішінді, бесқырлы болып келеді, кейде көпқырлы (полигональды) болуы да мүмкін. Ертеректе әрбір призманың сыртында органикалық заттан тұратын қабығы бар деп санаған. Электронды-микроскопиялық зерттеулердің нәтижесінде призмаралық зат призмалар сияқты кристалдардан тұратыны, бірақ олардың ретсіз орналасқаны дәлелденді. Кіреукенің структуралық құрылымы молекулярлық елеуішке немесе торға ұқсас, кристалдар аралық кеңістікке тек шағын молекулалар ғана өте алады. Қалыпты кіреукенің микрокеңістіктерінің жалпы аумағы 0,1-0,2% тең.

Кіреукенің әр қабаттары әр түрлі дәрежеде минералданған. Жақсы минералданған ең жоғарғы (қалыңдығы 3 микрон) қабаты мен дентин – кіреуке шекарасы аймағы. Пахомов Г.Н. (1968) рентгенструктуралық анализдеу әдісі арқылы кіреукенің жоғарғы қабатындағы кристалдар решеткасы (торы) төменгі қабатқа қарағанда өте тығыз екенін анықтаған.

Кіреукенің микроқаттылығы 397,6 кг/мм2, барлық қабатында бірдей емес, сыртқы қабатында өте жоғары, сайлар табанында, мойын бөлігінде және кіреуке-дентин шекарасында төмендеу.

Кіреукеде органикалық заттар өте жіңішке фибриллярлы (талшықты) құрылымдар түрінде анықталған: олар кіреуке призмасындағы кристаллдардың орналасу бағытын қамтамасыз етеді деген көзқарас бар. Кіреукеде жоғарыда айтылғандардан басқа да құрылымдар бар. Олар кіреуке қабатын толығымен қуалай орналақан ламеллалар (эмальевые пластины), кіреуке-дентин шекарасына жақын орналасқан кіреуке шоғырлары (эмальевые пучки) және кіреуке-дентин шекарасынан өтіп барып бітетін одонтобласттардың өсінділері – кіреуке ұршықтары (эмальевые веретена).

Кіреуке призмаларының ең ұсақ құрылымдық бірлігі – апатит текті кристалдар. Олар призма осіне 450 бұрыш жасап, бір-бірімен тығыз жанасып, қаланған кірпіштер сияқты орналасады. Жас ұлғайған сайын кристалдардың көлемі үлкейе береді. Кристалдардың құрылысы мен табиғаты элементтік ұяның өлшеміне (көлеміне) байланысты. Гидроксиапатит пен фторапатиттің кристалдарына өзіндік параметрлер тән.

Кіреукенің құрамына әр түрлі апатиттер кіреді, оның басым көпшілігі – гидроксиапатит Са10(Ро4)6(ОН)2. Boves және Murray анықтауларына сүйенсек, кіреукенің құрамында гидроксиапатит 75,04; карбонатапатит 12,06; хлорапатит 4,397; фторапатит 0,663; көмірқышқылды кальций (СаСо3) 1,33; көмірқышқылды магний (MgCo3) 1,62 пайыз құрайды. Бейорганикалық құрылымдардың құрамында кальций – 37%, ал фосфор – 17% құрайды.

Кіреукенің тұрақтылығын сақтауда оның негізін қалайтын элементтер кальций мен фосфор қатынасының (Са/Р) үлкен маңызы бар. Бұл қатынас әр түрлі әсерлерден өзгеріп тұруы мүмкін. Ересек адамдарға қарағанда жастар тістерінің кіреукесінде Са/Р коэффициенті төмен және бұл көрсеткіш кіреукеде деминерализациялану (минералсыздану) үрдісі кезінде азая береді. Кіреуке кристалды апатиттерінің Са/Р коэффициенті 1,67 тең. Қазіргі кезде дәлелденгендей, бұл көрсеткіш төмен қарай (1,33-ке дейін) және жоғары қарай (2,0-ге дейін) ауытқуы мүмкін. Егер бұл көрсеткіш 1,67 тең болса, кристаллдың бұзыла бастауы кальцийдің екі ионының шығуы кезінде байқалады. Ал бұл көрсеткіш 2,0-ге тең болса, кристалл кальцийдің 4 ионы ауысқанша бұзылмайды. Қристалл құрылымының бұзылуы бұл көрсеткіш 1,33 тең болған кезде байқалады. Қорыта келгенде Са/Р коэффициенті тіс кіреукесінің тұрақтылығын анықтайтын көрсеткіш деп санауға болады.

Көптеген шетел ғалымдарының зерттеулеріне сүйенетін болсақ, кіреукеде микроэлементтердің орналасуы біркелкі емес. Оның сыртқы қабатында көбінесе фтор, қорғасын, мырыш, темір шоғырланған, аз мөлшерде натрий, магний, карбонат бар. Ал стронций, мыс, алюминий, калий барлық қабаттарында бірдей орналасқан.

Кіреукенің әрбір кристалының байланысқан ОН иондарынан тұратын гидратты (сулы) қабығы бар. Оның көмегімен иондық алмасу жүреді деген ұғым бар. Егер кристалл ионы ортаның басқа ионымен алмасса, оны гетероиондық, ал аттас ионмен алмасса изотопты иондық алмасу деп атайды.

Қазіргі кезде кристаллдардың гидратты қабатындағы байланысқан судан (связанная вода) басқа кіреуке призмааралық микрокеңістіктерде орналасқан “еркін” (свободная вода) суды ажыратады. Кіреукеде жалпы судың мөлшері 3,8%, оның ішінде еркін судың мөлшері 2-3% құрайды.

Кіреукедегі органикалық заттардың мөлшері 1,0-1,2%. Олар белоктардан, липидтерден және көмірсулардан тұрады. Белоктардың мөлшері 0,5%, аминқышқылдық құрамы бойынша кератин типтілерге жатады және төмендегі фракциялардан тұрады: қышқылда еритін белок (этилендиаминтетрауксус қышқылында – ЭДТА-да) – 0,17%; ерімейтін белок– 0,18%; пептидтер мен еркін аминқышқылдары – 0,15%. Қалыпты кіреукеде глицин, валин, пролин, оксипролин анықталған. Тісжегі ауруына ұшыраған тістерде бұл қышқылдардың мөлшері жоғары және олармен қатар аланин, серин, глютамин және аспарагин қышқылдары да кездеседі. Қорыта келгенде, кіреукенің құрамында бейорганикалық заттар – 95%, органикалық заттар – 1,2%, су – 3,8% құрайды. Жаңа шыққан тістердің кіреукесі органикалық қабықпен немесе Насмит қабығымен жабылған.


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 301; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!