Сипап тексеру (ощупывание или пальпация - palpacio ) 1 страница



Ысқартылған сөздер тізімі АММИ – Алматы мемлекеттік медицина институты ММСИ – москва дәрігерлік стоматология институты ҚазҰМУ –Қазақ ұлттық медицина университеті CPJTN  - (Community Periodontal Index of Treutment Needs) ЖИТС (СПИД) – жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы ДДҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ТПЖ – Тісжегі, пломба, жұлынған МАЗМҰНЫ Алғы сөз .................................................................................................................7 I тарау С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің терапиялық стоматология кафедрасының даму кезеңдері..................................................................................................................8 2 тарау 2.1.Тістердің анатомиялық құрылымы..........................................................12 2.2.Тұрақты тістер ..............................................................................................15 2.3.Тістердің ауытқулары (аномалиялары)...................................................23 2.4.Тістің қатты тіндерінің гистологиялық құрылысы,химиялық құрамы және қызметі.........................................................................................24

Т арау

3.1.Терапиялық стоматологияда с томатологиялық науқасты тексеру әдістер і...................................................................................................................

3.2.Нағыз ауыз ішін көріп тексеру________________________________39

3.3.Тістерді көріп тексеру________________________________________42

3.4.Қағып тексеру (перкуссия - percussio )__________________________45

3.5.Сипап тексеру (ощупывание или пальпация - palpacio )__________46

3.6.Тістердің температуралық тітіркендіргіштерге жауабын анықтау

(температурная диагностика – термотест)____________________47

3.7.Тістердің электрқозғыштығын анықтау________________________48

3.8.Рентгендік тексеру әдісі (рентгенологическое исследование)_______50

3.9.Трансиллюминациялық әдіс___________________________________51

3.10. Люминесценттік әдіс________________________________________51

3.11.Түбір өзегінің ұзындығын электрометриялық әдіспен анықтау___52

3.12.Биологиялық әдіс____________________________________________53

3.13.Серологиялық зерттеу әдістері________________________________54

3.14.Аллергиялық зерттеулер_____________________________________54

3.15.Стоматологиялық науқастың медициналық картасы____________56

3.16.Ауыз кілегей қабығына шығатын бөрткендер__________________58

Тарау

4.0.Тістердің тісжегіден басқа аурулары._____________________69

4.1.Тістердің шыққанға дейінгі аурулары.Тістер гипоплазиясы (Гипоплазия зубов).____________________________________________70

4.2.Тістердің шықаннан кейінгі жарақаттары_____________________84

Тарау

 5.1.Тісжегі (кариес зубов)____________________________________101

5.2.Тісжегінің даму себептері туралы теориялар__________________114

5.3.Тісжегіні емдеу____________________________________________122

Таруау

Пломбылық материал___________________________________134

6.1.Уақытша қойылатын пломбылар (временные пломбы)________134

6.2.Пломбылық төсемдер_____________________________________137

6.3.Емдік төсемдер____________________________________________140

6.4.Тұрақты пломбылық материалдар_________________________143

7 тарау_________________________________________________________173

7.1.Тіс ұлпасының құрылысы________________________________173

7.2.Ұлпа қабынуының жүйесі____________________________________177

7.3.Ұлпа қабынуын емдеу_______________________________________190

7.4. Периодонттың қабынуы (воспаление периодонта)_______________210

7.4.1.Периодонттың анатомо-гистологиялық құрылымының ерекшеліктері мен физиологиясы_________________________________210

7.4.2.Периодонт қабынуының этиологиясы________________________218

7.4.3.Периодонт қабынуының жүйесі______________________________221

7.4.4.Периодонт қабынуының клиникалық сипаттамасы.Периодонттың жедел қабынуы_________________________________________________222

7.4.5.Периодонттың қабынуын емдеу______________________________230

7.5.Тіс қуыстарының топографиясы______________________________247

7.6.Эндодонттық ұсақ аспаптар___________________________________253

8 тарау_________________________________________________________263

8.0.Пародонт аурулары __________________________________________263

8.1.Пародонттың құрылысы_____________________________________263

8.2. Пародонты сырқат науқасты тексеру ерекшеліктері_____________270

8.3.Пародонт ауруларының жүйесі_______________________________278

8.4.Қызылиек қабынуы_________________________________________279

8.5.Пародонттың қабынуы______________________________________287

8.6.Пародонтоз__________________________________________________293

8.7.Пародонттың идиопатиялық аурулары.................................................294

Пародонтомалар.........................................................................................297

8.9.Пародонт аурулары кезінде болатын әртүрлі асқыну үрдістері........299

8.10.Пародонт ауруларын емдеу ....................................................................306

8.11. Тіс шөгінділері … .....................................................................................

9 тарау_________________________________________________________

Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурулары_________________

9.0.Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегі ауруларының жүйесі_______

9.1Ауыз кілегей қабығы және еріндер жиегі ауруларының жүйесі______

9.2.Кілегей қабықтың жарақаттаушы әсерлерден зақымдануы_________

9.3.Лейкоплакия___________________________________________________

9.4.Жұқпалы аурулар______________________________________________

9.5.Вирустық аурулар______________________________________________

9.6.Спецификалық инфекциялар. Туберкулез_________________________

9.7.Мерез__________________________________________________________

9.8.Ауыз кандидозы________________________________________________

9.9.Аллергиялық аурулар__________________________________________

9.10.Көптүрлі жалқықты эритема___________________________________

9.11.Ауыздың қайталанбалы афталы қабынуы_______________________

9.12.Бехчет синдромы___________________________________________

9.13.Тұлғаның экзогендік уыттануы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер_________________________________________________________

9.14.Жүйелі аурулар мен зат алмасуы бұзылыстары әсерінен дамитын аурулар кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер_____________

9.15.Глоссалгия (стомалгия)________________________________________

9.16.Дәм сезудің бұзылуы__________________________________________

9.17.Сілекей бөлінуінің бұзылуы____________________________________

9.18. Ауыз кілегей қабығының дерматоздар кезінде өзгеруі____________

 

 

КІРІСПЕ

Мен саған үміт артам келер ұрпақ

(Қасым Аманжолов)

Алғы сөз

Қазіргі заман талаптарына сай Қазақстанда тұрғындарға жоғары санатты стоматологиялық көмек көрсетілуіне үлкен мән берілуде. Осыған байланысты стоматологиялық клиникалар мен кабинеттердің медициналық техниканың соңғы жетістіктеріне сай жабдықталуымен қатар білікті стоматолог-мамандар дайындаудың үлкен маңызы бар.

Мамандықты игеруде негізгі пән болып саналатын терапиялық стоматология пәні бойынша арнайы оқулық – болашақ дәрігер-стоматологтар үшін негізгі білім көзі болып табылады. ҚазҰМУ-да медицина мамандығы бойынша қазақ тілінде білім беру 1989-1990 оқу жылынан бастап жүзеге асырыла басталды. Бұл игі бастама биылғы жылы 50 жылдығы тойланған стоматология факультетінде де қолға алынған. Осы уақытқа дейін әртүрлі белгілі және белгісіз себептерге байланысты терапиялық стоматологиядан қазақ тілінде оқулық басылып шығарылмады, тек оның жеке бөлімдері бойынша дайындалған оқу құралдары ескіре бастады. Осыған байланысты ұсынылып отырған қазақ тілінде жазылған оқулық терапиялық стоматологияның негізгі бөлімдерін толық қамтиды. Олар – ауыз іші ағзалары мен тіндерінің анатомиясы, гистологиялық құрылымы және қызметі, негізгі стоматологиялық аурулар, олардың этиопатогенезі, диагнозын нақтылау және емдеу шаралары. Сонымен қатар қазіргі кезде тістерді реставрациялауға арналған заманауи материалдар туралы да толық мәлімет берілген. Алғы сөздің басында қазақтың ақыны Қасым Аманжоловтың болашақ ұрпаққа деген үміті бекер келтірілген жоқ. Бізде ақиық ақын сияқты болашақ стоматолог-мамандарға үлкен үміт артамыз, ҚазҰМУ-дың стоматология факультеті елін-жерін, өз ұлтын, тәуелсіз мемлекеті Қазақстанды сүйетін білікті, білімді өз істерінің шебер мамандарын дайындайтынына сенеміз.

 

 

I ТАРАУ

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің терапиялық стоматология кафедрасының даму кезеңдері

 

Стоматология грек тілінен алынған (stoma – ауыз, logos-ілім) – жалпы медицинаның бір саласы болса, ал оның негізі бір үлкен бөлімі – терапиялық стоматология (терапевтическая стоматология). Ол тістердің, ауыз іші ағзалары мен тіндері ауруларының этиологиясы мен патогенезін анықтау, диагнозын нақтылау, емдеу және аурудың алдын алуымен айналысады.

Қазақстанда стоматологияның даму кезеңі өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан басталды. Оған тікелей себеп – 1959 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі кезде Қазақ Ұлттық медицина университеті) биыл 55 жылдық мерейтойы аталайын деп отырған стоматология факультетінің ашылуы. Институтта стоматология факультеті 1958 жылы ашылуға тиіс болған, бірақ оқу базасының және оқытушы мамандардың жетіспеушілігінен факультетке қабылданған алғашқы 40 абитуриент Ресейдің үш қаласына (Калинин, Пермь және Омск) оқуға жіберілді. Стоматология мамандығы бойынша алғаш Ресейде білім алған түлектердің біразы қазір ҚазҰМУ-де еңбек етуде. Олар – профессорлар Тулеуов Қ.Т., Уразалин Ж.Б., Мезгілбаева Д.М., доцент Телебаева Г.Т.

Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрлігінің 1959 жылғы тамыз айындағы № 245-ші бұйрығына сай стоматология факультеті ашылып, оған алғаш рет 100 студент қабылданды. Бұл оқиға Республикада стоматология ғылымының қалыптасуының негізгі арқауы болды.

Құрылғаннан кейінгі 55 жыл ішінде факультет 040400-стоматология мамандығы бойынша 7250 дәрігер-стоматологтарды дайындап шығарды.

1989/1990 оқу жылында факультетте стоматологияны мемлекеттік тілде оқытатын бөлім ашылды, 2012/2013 оқу жылында факультет негізінде стоматология институты құрылды.

Бүгінгі таңда стоматология институтының құрамында факультеті 4 кафедрадан тұрады: терапиялық стоматология, хирургиялық стоматология, ортопедиялық стоматология, балалар жасындағы стоматология.

Терапиялық стоматология кафедрасы Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрлігінің 07.05.1962 жылғы № -203 бұйрығы негізінде құрылды.

Кафедраның тұңғыш меңгерушісі м.ғ.к. доцент Фефелев А.И.болды.

Кафедраның алғашқы ұстаздары Алматы қаласының стоматологиялық емханаларынан шақырылған Е.Н.Житковская, Э.С.Никурадзе (Бритова), Л.А.Бузникова, В.М.Чапала, және оларды осы кафедраның негізін қалаушылар деп санауға болады.

1963-1964 оқу жылында кафедра ұжымы Е.И.Гончарова (Ташкент медицина институтында істеген), С.З.Зихерман (Қазан медицина институтында істеген), ММСИ аспирантурасының түлектері В.М.Купцова, И.И.Жукова, Омск мемлекеттік медицина институтының түлегі Д.М.Мезгілбаева (институттың алғашқы стоматологиялық емханасының ең бірінші дәрігер-стоматологы), Мұқашев Т.Қ. (Қазан мемлекеттік медицина институтының аспирантурасын бітірген) сияқты ассистенттермен толықтырылды.

1968 жылы кафедра меңгерушісі болып бұрын хирургиялық стоматология кафедрасының доценті қызметін атқарған м.ғ.д. Корытный Д.Л. тағайындалды және өмірінің соңына дейін (1984 жылдың шілдесіне дейін) бұл қызметті үлкен абыроймен атқарды.

Алғаш рет Д.Л.Корытныйдың басқаруымен оқытушы-мамандарды ординатура, аспирантура арқылы дайындау кезеңі басталды.

Кафедраның алғашқы ординаторы Омск мемлекеттік медицина институтының түлегі Ташимова Б.Ғ., ал аспиранттары АММИ стоматология факультетінің түлектері Құнанбаева Т.С., Асқарова Ш.Н. болды. Оқу мерзімі аяқталып, кандидаттық диссертацияларын жемісті қорғаннан кейін олар кафедраға оқытушылық қызметке қабылданды. Келесі жылдары кафедраға Сулейменова Р.А., Стародубцев Е.Н., Мергембаева Х.С., Никитина К.П., Уразалина Е.А., Қабылбеков А.А., Нурғалиева Ш.М., оқытушылық қызметке алынды. Кафедра штатын толықтыру үшін тәжірибелік салада қызмет атқарып жүрген дәрігер-стоматологтар Бритова А.А., Долгих Р.А., Құлманбетов И.А., Климова С.В., Баяхметова Ә.А., Үмбетаелиев Ғ.А., Пилат Т.Л., қызметке шақырылды.

Профессор Д.Л.Корытныйдың жетекшілік етуімен кафедрада ғылыми жұмыстар жоғары деңгейде жүргізілді. Тісжегі ауруы стоматологияда осы күнге дейін шешімін таппаған мәселелердің бірі. Ассистенттер Э.С.Бритованың, Т.С.Құнанбаеваның, Б.Ғ.Ташимованың ғылыми зерттеулері әртүрлі сыртқы және ішкі факторлардың (ортаның жоғарғы температурасы, аллергизацияланудың, жыныс бездері қызметінің бұзылуы) тістің тісжегімен жарақаттануындағы патогенездік рөлін анықтады. Ғылыми зерттеулердің біразы (Р.С.Стародубцева, Р.А.Сулейменова) созылмалы одонтогендік ошақтар көзінің адам организмінде созылмалы аурулардың туындауындағы рөлін анықтауға арналды. Профессор Д.Л.Корытныйдың жетекшілік етуімен республикада өнеркәсіптік стоматологияға көңіл бөліне бастады. Өнеркәсіптің зиянды факторларының стоматологиялық аурулардың жиілеуіндегі маңыздылығы, бұл ауруларды емдеу және алдын алу жолдары шешімін таба бастады (Л.Я.Зазулевская, Д.М.Мезгілбаева).


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 239; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!