Сипап тексеру (ощупывание или пальпация - palpacio ) 2 страница



Ұлпа мен периодонт қабынулары, олардың этиопатогенезі және емдеу әдістері де назардан тыс қалған жоқ (Ш.М.Нурғалиева, С.Б.Бақтығалиев, Е.И.Гончарова).

Алматы қаласы оқушыларының арасында тісжегінің таралуы және ас суындағы микро және макроэлементтердің тісжегіні тежеудегі рөлі туралы диссертацияны ассистент В.М.Чапала қорғады.

Д.Л.Корытный кафедра меңгерушісі қызметін атқарған жылдары (1968-1984) төмен қарқынды лазерді медицина саласында қолдану бағытында тиімді ғылыми зерттеулер жүргізілді. Олар қазір дүние жүзінде қолданыла бастаған стоматологиядағы жаңа бағыт – стоматологиялық ауруларды лазермен емдеу. Көптеген ізденістердің нәтижесінде төмен қарқынды лазер сәулесінің биологиялық әсер ету механизмі анықталды және негізгі стоматологиялық ауруларды: пародонт қабынуларын (Л.Я.Зазулевская) ауыздың қайталама афталы қабынуын (С.Ж.Байгурина), тіс ұлпасы қабынуларын (А.А.Бритова) лазермен емдеу әдісі қалыптасты.

Кафедраға 1984-2003 жылдары аралығында профессор Л.Я.Зазулевская жетекшілік етті (проф.Д.Л.Корытный қайтыс болғаннан кейін).

Зазулевская Лидия Яковлевна – медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей федерациясы лазер ғылыми академиясының және Қазақстан Республикасы профилактикалық медицина академиясының академигі. Л.Я.Зазулевскаяның «Применение света гелий-неонового лазера при лечении и профилактике болезней пародонта» тақырыбында қорғалған (1986ж) диссертациясы төмен қарқынды лазер сәулесінің емдік әсерінің механизмін анықтауға және оны кең қолдануға арналған көп жылдық зерттеулерінің нәтижесі болып табылады.

Кафедраның 1985 жылдан басталған ғылыми зерттеу жұмысының бағыты – лазерлік медицина аппараттарын жасау және олардың емдік қасиеттерінің механизмін зерттеу. Осыған байланысты Үкіметтің қаулысы бойынша 1991 жылы профессор Л.Я.Зазулевскаяның жетекшілік етуімен лазерлік технология зертханасы ашылды. Нобель сыйлығының лауреаты А.И.Прохоров басқарған КСРО ғылым академиясы институты, Г.С.Седов басқаратын кванттық генераторлар шығаратын зертхана қызметкерлерімен бірге бұл жаңа лаборатория (қызметкерлері проф. Л.Я.Зазулевская, ассистент Р.А.Долгих, лаборанттар А.И.Бардаков, Н.Бледных) өнеркәсіптік үлгідегі лазерлік медицина қондырғыларын (Галомед, эрмед, Ламед-03 және б.) жасап шығарды. Бұл қондырғылар халықаралық көрмелерге қойылды және Халық шаруашылығы «Наука в СССР» жетістігі көрмесінің (ВДНХ) және Пекиндегі халықаралық көрменің алтын медальдарына ие болды. Лазер сәулесін стоматологиялық ауруларды кешенді емдеуде қолдану бойынша зерттеулер кеңінен жүргізіле бастады. Мысалы, лазер сәулесін өсімдіктерден алынған дәрілермен (лазерофорез) тұрақты магнит өрісімен қатар қолдану (Г.В.Коган, М.Т.Мустапаева), төмен жиілікті ультрадыбыспен (С.С.Жолдыбаев), озонмен (А.Ж.Сағатбаева, Ж.Ғ.Танкибаева), химиялық адаптогендермен (Ж.Х.Жумашева), энтеросорбенттермен (Т.М.Сухачева) үйлестіре қолдану әдістері кеңінен зерттелді.

Лазер сәулесінің түрлі диапозондары кеңейтіліп, олардың қабынуға, бактерияларға қарсы, антиоксиданттық, биологиялық үрдістерді ынталандырушы қасиеттеріне салыстырмалы зерттеулер жүргізілді (С.Г.Хауадамова, А.Б.Сыздықова, Б.Орымбаева, С.Ж. Абдикаримов).

Жеткіншіктер мен екіқабат әйелдер арасындағы негізгі стоматологиялық ауруларды анықтау және емдеу әдістері жетілдірілді (А.Т.Құмарбаева, Б.Орымбаева).

Стоматологиялық ауруларды емдеуді оңтайландыру үшін апипрепараттар, шунгит, АБС майы, микроэлам, қазақстан прополисі ұсынылды (И.В.Баскакова, И.А.Чапала, А.М.Суманова).

Денсаулық сақтау тәжірибесіне өсімдіктен жасалған дәрілерді енгізу қажеттілігі ескеріле отырып, кафедрада стоматологиялық ауруларды емдеу үшін көптеген өсімдіктен алынған дәрілердің (долана, қызыл май, алхидин, дала қырықбуыны, мелисса, тополин, қарағай шайыры-живица сосновая) емдік қасиеттері зерттеліп, дәрігерлік тәжірибеге енгізілді (Н.Ғ.Сапаева, А.К.Рахимова, Е.Н.Смағұлова).

Ұлттық ғылым академиясының академик Б.А.Жұбанов жетекшілік еткен полимерлер синтездеу зертханасы және Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің табиғи қоспалардың органикалық химиясы кафедрасымен (кафедра меңгерушісі проф.Ж.А.Абилов) бірлесе отырып кафедра ассистенті Г.М.Садықова пародонт қабынуларын емдеуге тиімді, құрамында гепарин және линкомицин бар синтетикалық жарғақ ойлап тапты және емдеу сынағынан өткізді. Емдеудің нәтижесі жоғары болды және автордың емдеу әдісі 4 патентке ие болды.

Профессор Л.Я.Зазулевскаяның жетекшілігімен осы уақытқа дейін зерттелген материалдар бойынша 4 докторлық, 40 тан астам кандидаттық диссертациялар қорғалды және зерттеу жұмыстарынан алынған нәтижелер 27 куәлікке ие болды.

2003-2004 оқу жылында кафедра меңгерушісі қызметін ҚаЗҰМУ-дың стоматология факультетінің түлегі профессор М.Т.Көпбаева атқарды.

2004-2005 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін м.ғ.д.С.С. Жолдыбаев атқарды. С.С. Жолдыбаев Қарағанды мемлекеттік медицина институтының түлегі, 1992 жылы АММИ-ның терапиялық стоматология кафедрасында аспирантураны, ал 1997 жылы докторантураны бітіріп, профессор Л.Я.Зазулевскаяның жетекшілік етуімен кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғады. Ғылыми жұмыстары негізінде 15 патенттің, 37 ғылыми жұмыстың, 17 рациональдық ұсыныстың иесі.

Кафедра ұжымы халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға (Мадрид, Вена, Пекин, Сан-Франциско) қатынасты және олардың стоматология ғылымына қосқан үлестері 33 авторлық куәлікпен, 37 патентпен, 112 рационализаторлық ұсыныспен бағаланды.   

 

2 ТАРАУ

2.1.Тістердің анатомиялық құрылымы

 

Адамның тістері өмірінде бір-ақ рет ауысады. Алғаш шыққан тістер белгілі бір уақыттан кейін түсіп, тұрақты тістер шығатын болғандықтан уақытша тістер (временные зубы-dentes temporarici) немесе тістердің түстері сүтке ұқсас болғандықтан сүт тістері (молочные зубы- dentes lactici) деп аталады. Уақытша тістер жас нәрестенің 6-7 айында шыға бастап, 2,5-3 жаста толық шығып бітеді де, уақытша тістем (сменный прикус) қалыптасады. Баланың 5-6 жасынан бастап тұрақты тістері (постоянные зубы-dentes permanentes) шыға бастайды (мысалы, бірінші үлкен азу тісі), ал 6-8 жасынан бастап сүт тістері түсе бастайды. Бұл үрдісті қазақтар «тісеу» деп атаған. Уақытша тістердің түсуі 12-13 жаста аяқталып, ақыл тістен немесе үшінші үлкен азу тістен басқа тұрақты тістер шығып, тұрақты тістем қалыптасады.

Уақытша тістем қатарында 20 тіс болады, жақ сүйектің әрбір жартысындағы уақытша тістердің формуласы 2.1.2. немесе 2 күрек, бір сүйір және екі азу тістер (1-сурет) болып келеді.

 

2691-сурет. Сүт тістер

 

1.Екі цифрлы жүйе. Стоматологтардың халықаралық ассоциациясы ұсынған. Осы жүйе бойынша әр тістің алдына квадрант номері қойылады.  (1-4).

2.Әріптік цифрлы жүйе. Бұл формулада әр тістің алдына ең бірінші латын әрпі қойылып белгіленеді. (I—күрек тістер, С —сүйір тістер, Р —кіші азу тістер, М —үлкен азу тістер). Тұрақты тістер бас әріппен белгіленеді. Әр әріптен кейін тістер реттілігін анықтайтын сандық белгі қойылады.

 

Тұрақты тістемде 32 тіс болады, кейде төменгі немесе жоғарғы жақ үшінші үлкен азу тістер шықпай қалса, 28 немесе 30 тіс болады (сирек жағдайларда). Олардың анатомиялық формуласы – 2.1.2.3., яғни 2 күрек, бір сүйір, 2 кіші азу, 3 үлкен азу тістер (2-сурет).

 

2-сурет. Тұрақты тістер (астыңғы және үстіңгі жақ).

 

Күрек және сүйір тістер алдыңғы (передние-фронтальные) тістер тобына, басқалары бүйір (боковые) немесе азу (коренные) тістер тобына топтасады.

Кез келген тіс үш бөліктен тұрады: ауыз ішінде тұрған бөлігін тіс сауыты (коронка зуба – corona dentis), тіс ұяшығында немесе альвеолада орналасқан бөлігін тіс түбірі (корень зуба – radix dentis), ал тіс сауытының тіс түбіріне ауысатын аймағын тіс мойыны (шейка зубы – collum dentis) деп атайды. Бұл аймақта тіс сауытын жауып тұрған кіреукеден (эмаль – enamelum) тұратын жабынды бітіп, түбір цементі (цемент – cementum) басталады.

Әрбір тістің ішінде қуысы (полость зуба – cavum dentis) болады және екі бөліктен тұрады: сауыт қуысы (коронковая полость – cavum cоronale) және түбір бөлігі немесе түбір өзегі (корневой канал – canalis radicis dentis). Түбір өзегі түбір ұшында тар тесікпен (верхушечное отверстие – foramen apicis dentis) аяқталады.

Тіс сауытының бірнеше беті болады және тістердің тіс қатарындағы орнына байланысты аталады. Алдыңғы тістер сауытының ерін жақ (губная поверхность – facies labialis), таңдай жақ (небная поверхность – facies palatinus) немесе тіл жақ (язычная поверхность – facies lingvalis), алдыңғы немесе орта сызыққа қараған беті (передняя или медиальная –facies medialis, s. Facies anterior), ал оған қарсы беті бүйір жақ беттерін (боковая поверхность – facies lateralis) ажыратады. Олардың ерін мен тіл немесе таңдай беттерінің қиылысуынан пайда болған құрылымды тістеу қыры (режущий край – margo incisalis) деп атайды.

Азу тістердің 5 бетін ажыратады: ұрт жақ (щечняя поверхность – facies vestibularis), тіл немесе таңдай, шайнау (жевательная поверхность – facies masticatoria), екі жанасу беттері (контактная поверхность – facies contactilis), орта сызыққа қараған жанасу беті алдыңғы немесе медиальды (передняя поверхность – facies anterios, s.f.medialis), оған қарсы немесе орта сызықтан қашықтау беті артқы немесе дистальды (задняя или дистальная поверхность – facies posterios, s.f. distalis) деп аталады.

Әрбір тісте топтық анатомиялық белгілер (признаки групповой принадлежности) жақсы дамыған. Оларға тіс сауытының пішіні, тістеу қырының және шайнау беттерінің ерекшеліктері, түбірлерінің саны жатады. Сонымен қатар оларда тісті әрбір жақ сүйегінің оң және сол жақ бөлігіне жатқызуға мүмкіндік беретін үш белгі дамыған. Олар: тіс сауытының дөңестік (признак кривизны коронки), бұрыштық және түбірлік белгілері (признак угла и корня).

· Тіс сауытының дөңестік белгісі: барлық тістердің ерін және ұрт беттерінің алдыңғы жақ бөлігі (медиальды) бүйір (латеральды) немесе артқы жақ (дистальды) бөлігіне қарағанда дөңестеу болады және көбіне алдыңғы жақ бетіне тіктеу бұрыш жасап, ал артқы жақ бетіне доғалдау бұрыш жасап ауысады (А-сурет).

А. Дөңестік белгі            Б. Бұрыштық белгі         В. Түбір белгісі

Сайт- vmede.org

 

· Тіс сауытының бұрыш белгісі көбінесе алдыңғы топтағы тістерге тән: тіс сауытының алдыңғы беті тістеу қырымен тік немесе сүйірлеу бұрыш, ал бүйір беті доғал бұрыш жасай қосылады (Б-cурет) .

· Түбір белгісі барлық тістерге тән: алдыңғы тістердің түбірлері олардың тік осінен көбіне бүйір бағытта, ал кіші және үлкен азу тістердің түбірлері артқа қарай иілген (В-сурет).

2.2.Тұрақты тістер

 

 

 

Күрек тістер (резцы – dentes incisivi). Жоғарғы жақ орталық күрек тістерінің пішіндері жиегі тегіс күрекке немесе қашауға (долото) ұқсас және осы топтағы тістердің ең ірісі болып табылады. Ерін және таңдай жақ беттері бір-бірімен қиылысып, тар тістеу қырын құрайды. Жаңа шыққан тұрақты тістердің тістеу қырлары өткір және онда 3 бұдырмақ орналасқан (3-сурет).                   

3-сурет. Жоғарғы жақтың ортаңғы күрек тіс. 1- вестибулярлы беті. 2-таңдай беті. 3-медиальді беті. 4-дистальді беті. 5-окклюзиялық беті . Сайт- vmede.org    
 
Жүре келе тағамды тістеп үзу әсерінен олар біртіндеп қажалып, жойылады. Ерін жақ беттері азғана дөңестеу және онда сауыттың орта бөлігінен басталып тістеу қырында аяқталатын көп байқала бермейтін аса терең емес екі-үш сай орналасады. Таңдай беті ойық және үшбұрышқа ұқсас. Үшбұрыштың бүйір қабырғалары білікке ұқсас, таңдайға қарай көтеріңкі орналасады және тістің мойын бөлігінде бірігіп барып төмпешік құрайды. Ол төмпешік «тіс төмпешігі» (зубной бугорок) деп аталады. Әр адамның тістерінде бұл төмпешіктердің көлемі де әр түрлі. Егер төмпешік ірілеу және биік болса, біліктер қосылған аймақта терең ойық немесе шұңқыр (ямка) пайда болады.

 Түбірі конус пішіндес, ерін жақ беті таңдай бетінен кеңдеу, көлденең кесіндісі үшбұрышқа ұқсайды. Алдыңғы және бүйір беттерінде аса терең емес сайлар орналасқан. Тіс сауытының дөңестік және бұрыш белгілері жақсы дамыған. Түбір белгісі аса тұрақты емес, (бірде оң, бірде теріс), тіс түбірі көбіне артқы және бүйір бағытта иіледі.

 

 

4-сурет. Жоғарғы жақ бүйір   күрек тіс. 1-вестибулярлы беті. 2-таңдай беті. 3-медиальді беті.4-дистальді беті. 5-окклюзияялық беті. 6-орталық және бүйір күрек тістердің сауыт мөлшері бойынша айырмашылығы. Сайт-vmede.org
Бүйір күрек тістер (4-сурет) орталық күрек тістерден кішілеу, ерін беті дөңес, сауытының алдыңғы бұрышы доғалданған тік бұрышқа ұқсас, ал бүйір бұрышы анық доғал бұрышқа тең. Таңдай жақ беті ойық және үшбұрышқа ұқсас, оның екі бүйір қабырғасы білікке ұқсап қалыңдаған және тістің мойын бөлігінде бірігіп, биіктеу төмпешік құрайды. Төмпешіктің ылдиында терең шұңқыр орналасқан, оны «тұйық тесік» (слепое отверстие –fоvea caеcum) деп атайды. Түбірі екі жағынан (алдыңғы және бүйір жағынан) қысыңқы келеді және беттерінде аса терең емес сайлар кездеседі, көлденең кесіндісінде сопақ пішінді. Тістердің «сауыт дөңестігі мен бұрыш белгілері» жақсы, ал түбір белгіcі нашар дамыған.

 

 

5 - Сурет Астыңғы жақ күрек тіс. 1) ерін жақ беті.2) тіл жақ беті.3-4) жанасу беттері. 5) окклюзиялық беті. Сайт-vmede.org
Төменгі жақ күрек тістер: тіс қатарында көлемі   жағынан жоғарғы күрек тістерден кішілеу. Сауыттары тік бағытта созылған, ерін жақ беттері аз ғана дөңес, таңдай беттері тік бағытта ойыс, жоғарғы тістердегідей бүйір біліктері болмағандықтан «тіс төмпешігі» жоқ. Бүйір күрек тістердің сауыттары орталық күрек тістердікіне қарағанда көлемдірек және мойын бөлігінен тістеу қырына қарай кеңейіп отырады. Түбірлері жіңішке, екі жағынан (алдыңғы және бүйір бағытта) қысылған, беттерінде сайлары бар. Түбірдің бүйір бетіндегі сайы тереңірек. Тістерде сауыт бұрышы белгілері нашар дамыған.


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 383; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!