Ми абцессі, спинальді эпидуральды абсцесс 7 страница



І-ІУ мойын жұлын нервтерінің алдыңғы бұтақтары арқылы мойын өрімі пайда болады. Аталған өрімнен көптеген сездіргіш және қимылдатушы бұтақтар шығады. Мойын өрімінің ең ұзын тармағы – көк етті нервтендіретін диафрагма нерві. У-ҮПІ мойын және I кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтары қолдың бұлшық еттері мен терісін, кеуде мен арқа бұлшық еттерін нервтендіретін иық өрімін калыптастырады. Иық өріміндегі ең үлкен нервтер — қолтық нерві, бұлшық-тері нерві, ортанғы нерв, кәрі жілік нерві және шынтақ нерві. Аталған нервтердің бәрі де қоспа нервтер. Қабырғалар арасы бұлшық еттері мен терісін, плевра мен диафрагманы нервтендіретін он екі кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтары — қабырғааралық нервтер өрімдер құрастырмайды. І-ІУ бел және XII кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтары арқылы бел өрімі пайда болады. Ол үлкен бел бұлшық етінің бойлай орналасқан құрсақ (іш) және жартылай аяқ бұлшық еттерін нервтендіреді. Бел өрімнің ең ірі тармағы - жая сан нерві тізені создыратын санның алдыңғы бұлшық еттер тобын нервтендіреді. Жартылай IV бел, V бел және сегізкөз нервтерінің алдыңғы тармақтары кіші (төменгі) жамбас қуысында сегізкөз өрімін - құрастырады. Оның тармақтары бөксе мен кіші жамбас қуысы, санды ішкі жаққа қозғайтын, сирақ пен аяқ ұшын қимылдататын бұлшық еттерді нервтендіреді. Сегізкөз өрімінің ең ұзын нерві, санның артындағы шонданай нерві.Тақым шұңқыры тұсында аталған нерв екіге бөлінеді: оның біріншісі сирақтың бүйірі мен алдыңғы жағын нервтендіретін кіші жіліншік нерві, екіншісі - сирақтың артқы жағы мен аяқ ұшын нервтендіретін үлкен жіліншік нерві. Сегізкөз (жая) бен құйымшақ нервтерінің алдыңғы тармақтары кіші жамбас қуысына орналасқан жыныстық және құйымшақ өрімдерін қалыптастырады. Олар кіші жамбас қуысындағы ағзалар мен бұтарасы терісін нерв-тендіреді.     1.3.7 Альтернирлеуші синдром Альтернирлеуші синдром-ми бағаасындағы бас ми нервтерінің бір жақты зақымдалуынан,зақымдалған ошақ жағында геипарез көріністері мен қарама-қарсы жақтан сезімталдықтың немесе қимыл координациясының өткізгіш типте бұзылуы. АС дамуына алып келетін патологиялық жағдайлар көп,оларды 4 үлкен топқа бөледі:қан айналым бұзылысы,қабыну,травмалар және ісіктер.АС ми бағанасында орналасқан ошағына байланысты педункулярлы( ми аяқшасы зақымдалса ); понтинді,немесе көпірлік( ми көпірі зақымдалса);бульбарлы (сопақша ми зақвмдалса)деп бөледі. 1.3.8 Мишықтың зақымдану синдромы. Мишықтың зақымдалу синдромы тепе-теңдіктің, қозғалыс үйлесімділігінің және мишық тонусының бұзылыстарынан байқалады.   Тепе-теңдік бұзылысы статикалық атаксия болып табылады. Статиканың бұзылысы кезінде науқас Ромберг қалпына тұрған кезде мишықтың зақымдалған жарты шары жағына қарай ауып кетеді. Ауыр жағдайда статикалық бұзылыстың қатты білінгені сонша, ауру адам тіпті екі аяғын бір бірінен алыстатып тұра да алмайды, отыра да алмайды.   Қозғалыс кезіндегі тепе-теңдік пен үйлесімділіктің бұзылуы динамикалық атаксия деп аталады. Динамикалық атаксия жүру кезінде көрінеді, оны “саусақ-мұрын” және “тізе-өкше” сынағын жүргізу арқылы табуға болады. Сонымен қатар қарқынды дірілдеу байқалады. Мишықтың зақымдалуы нәтижесінде гиперметрия байқалады—қозғалыстың шамадан артық орындалуы түріндегі сәйкессіздігі. Гиперметрия пронаторлы сынама өткізу арқылы анықталады. Ауру адамға қолын алдына созып тұрып, алақанының жайылған немесе жоғары қараған (супинация) жағдайынан тез арада төмен қараған (пронация) жағдайына ауыстыруын сұрайды. Мишықтың бұзылу себебінен, зақымдалған жақтағы қол алақанының шамадан артық айналып кетуі байқалады.    Қарама-қарсы қозғалыстардың алмасып орындалуының бұзылысы адиадохокинез деп аталады. Адиадохокинез қол буынының супинациясы мен пронациясының кезекпен-кезек тез жасалуынан көрінеді. Ауру адамда бұл қозғалыстар баяу, біртүрлі икемсіз болады, калыптан тыс қозғалыс байқалады.    Мишықтың зақымдалу себебінен сөз баяулап, буындарға бөлініп шығатын болады.    Көз алмасының қозғалысы кезінде көздің қағып тұруы —нистагм байқалады.    Тремор мен майда қимылдар үйлесімінің бұзылуы нәтижесінде науқастың жазуы өзгереді. Ол тегіс және біркелкі болмайды, әріптердің сызығы қисық болып келеді. Ал әріптердің өзі өте үлкен болып жазылады.Мишықтың зақымдалуы бұлшық ет гипотониясына әкеп соқтырады. 1.3.9 Орталық және шеткі салдану. Салдар орталық және перифериялық болуы мүмкiн. Орталық қимылдатқыш нейрон мен перифериялық нейрон арасындағы байланыс бұзылса орталық сал байқалады. Орталық салдарға тән белгілер: бұлшық еттердiң тонусының күшейюi (гипертония), сiңiр және периостальдық рефлекстердiң жоғарылауы (гиперрефлексия), Бабинский және Россолимо сияқты патологиялық рефлекстердiң пайда болуы, мүшенiң семуі. Перифериялық қимылдатқыш нейрон мен бұлшық еттiң арасындағы байланыс бұзылған кезде перифериялық сал пайда болады. Перифериялық салдарға керiсiнше сiңiр және периостальдық рефлекстердiң төмендеуi (гипо- немесе арефлексия), бұлшық еттердiң әлсiреуi (гипотония немесе атония), бұлшық еттердiң семуі (атрофия) тән. Сонымен қатар сал болған бұлшық ет пен жүйке бұзылыстарында қалпына келмейтін реакция деп аталатын электрлік қоздырудағы өзгерістер дамиды. Электрлік қозудың өзгеріс тереңдігі перифериялық салдың ауырлығын білуге көмектеседі. Рефлекстердің жоғалуы мен атония рефлекторлық доғаның үзілісімен түсіндіріледі. Мұндай үзіліс бұлшық ет тонусының жоғалуына әкеледі. Осы себептен қалыпты рефлекс жоғалады. Бұлшық ет атрофиясы немесе тез арада кішірейіп, семуі бұлшық еттің жұлын нейронымен байланысы үзілгенде көрінеді. Осы нейрондардан перифериялық жүйке мен бұлшық етке импульстар барады, олар бұлшық ет тініндегі қалыпты зат алмасуды реттейді. Перифериялық сал ауруы кезінде атрофияланған бұлшық етте жүйке талшықтары мен бұлшық ет талшығы шоғында тез жиырылу түріндегі фибриллярлы дірілдеу байқалады. Олар перифериялық қозғалтқыш нейрон жасушаларындағы созылмалы үдемелі патологиялық процесте байқалады. Перифериялық жүйке бұзылуы сол жүйкемен жүйкелендірілетін бұлшықеттің перифериялық сал ауруына әкеледі. Сол аймақта сезімталдық және вегетативті бұзылыстар болады,өйткені перифериялық жүйке аралас болып, оның құрамында қозғалтқыш және сезімтал талшықтар өтеді.Алдыңғы түбірлердің бұзылуы нәтижесінде сол түбірмен жүйкеленетін бұлшық еттің перифериялық сал ауруы туындайды. Жұлынның алдыңғы мүйізшелерінің бұзылуы сәйкес сегменттегі бұлшықетте перифериялық сал ауруын тудырады. Мойын аймағындағы жұлынның алдыңғы мүйізшелері бұзылысында қолдың перифериялық сал ауруы туындайды. Бел аймағындағы жұлынның алдыңғы мүйізшелері бұзылысы аяқтың перифериялық сал ауруын тудырады. Егер мойын немесе бел аймақтарында жұлынның екі жақты зақымдануы орын алса, онда жоғары немесе төменгі параплегия пайда болады. Аяқтың перифериялық сал ауруына мысал: полиомиелит ауруындағы жұқпалы вирустың жүйкеге әсері. Полиомиелит кезінде аяқ, қол, тыныс алу бұлшықеттерінің салдануы байқалады. Жұлынның кеуде және мойын сегменттері бұзылысында диафрагма және қабырғааралық бұлшықеттің перифериялық салдануы тыныс алу өзгерісіне әкеледі. Жұлынның жоғарғы бөлімдерінің зақымдалуы қолдың перифериялық сал ауруына, ал төменгілерінің зақымдануы аяқтың сал ауруына әкеледі.   1.3.10 Вегетативті нерв жүйесінің зақымдану синдромы Вегетативтік нерв жүйесінің құрылымы күрделі, атқаратын қызметі жан-жақты. Ол эмоционалдық сфера мен жоғары психикалық функцияларға жауапты құрылымдармен қатар, организмнің ішкі ортасы тұрақтылығының сақталуына (гомеостаз) ықпалын тигізеді. Сол себепті вегетативтік бүлінулердің клиникалық көрінісі ерекше полиморфті болады. Бұған невроздарда, барлық дерлік ішкі ағзалар зақымдануларыңда вегетативтік дистония сиңдромының пайда болуы, сонымен бірге шеткі және орталық нерв жүйесі аурулары клиникасының негізгі белгілерінің бірі - вегетативті-трофикалық бұзылымдар дәлел. Көптеген ауырсыну сиңдромдарыңца, сирингомиелияда, жұлын семуінде және нерв жүйесі жарақаттануында вегетативтік белгілер айқын білінеді. Нерв жүйесі ауруларында байқалатын вегетативті-қан тамырлық және трофикалық бұзылулар қан ауруларына байланысты басқа тарауларда баяндалған. Сол себепті бұл тарауда клиникасьшда вегетативтік бұзылымдар басым патологиялық жағдайларға көңіл бөлмекпіз.  Вегетативтік дистония синдромы:Вегетативтік дистония вегетативтік нерв жүйесінің сегмент үсті бөлімінің дисфункциясы әсерінен пайда болады. Оған аралық ми мен үлкен жарты шарлардың ішкі-алдыңғы бөліктеріне кірігетін, мишық қақпағының үстіне орналасқан құрылымдардың туа біткен, оның ішінде тұқым қуалайтын ерекшеліктері, бала кезінен бергі инфекциялық, уыттану, жарақаттану, т.б. үрдістердің зардаптары себеп болады. Вегетативтік дистония пубертаттық пен климактериялық кезендерге тән эндокриндік дисбаланстың, сонымен қатар шамадан тыс дене және психоэмоционалдық зорланулардың көрінісі болуы мүмкін. Вегетативтік дисбаланс организмнің бейімделу үрдістерінің бұзылуына ықпал жасайтын төтенше жағдайлар әсерінен де болуы ықтимал. Сондықтан вегетативтік дистония патологиялық жағдайлардың зардабы бола бермейді. Дегенмен, вегетативтік дистония айқын білініп, ұзаққа созылғанда гипертония ауруы, ойық жара, гиперткреоз, әр түрлі ағзалар мен жүйелердің вегетативтік нервтенуі бұзылуынан көптеген аурулар пайда болатынын есте сақтаған жөн. Вегетативтік дистонияның клиникасы вегетативтік криздерді (күрт асқынулар), қорқыныш пен депрессияга әкеліп соғатын эмоциональды-астениялық жағдайларды, оған қоса кітаптың бірінші бөлімінде сипатталған вегетативтік нерв жүйесінің барлық деңгейлерінің зақымдану симптомдарын қамтиды. Мұндайда кейбір ағзалар мен тканьдердің қызметінде вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің, ал басқаларында парасимпатикалық бөлігінің ықпалы басым болады. 1.3.11 Экстрапирамидтік жүйенің зақымдану синдромы. Экстрапирамидтік жүйе зақымданғанда акинетиктік-ригидтік синдром-боз шар мен қара зат зақымданғанда пайда болады.Бұл синдромның негізгі белгілері: 1.Бұлшық еттердің сіресіп қатайып қалуы-қол мен аяқты ырықсыз бүгіп созғанда осы қимылдарға қатысты бұлшықеттер біркелкі кедергі жасайды. 2.Қимыл ыңғайының кідіруі немесе жойылуы-мәнерлі қимыл. Сырқаттың беті құбылмайды,көбіне қайғырып немесе таңданып тұрғандай кейіп білдереді.Сөйлегенде ойын білдіргісі келгенде қол бұлғау бас изеу т.б қосалқы қимылдар жасайды.Басы мен денесі алғға қарай еңкіш,қолдары білегінен жартылай бүгілген,шынтағы денесіне жуық,аяқтары жамбас және тәзе буындарында біріне-бірі тиіп жүреді. 3.Сырқатта әдеттен тыс оғаш қимылдар.Күні бойы науқас орындықта отырып қатты ренжісе немесе қуанса орнынан тұра сала жүгіріп кетуі,секіруі,билеуі мүмкін. 4.Қимыл-әрекеттің шектелуі немесе баяулауына қарамастан кейбір ырғақты әрекеттерді тоқтата алмай діріл пайда болуы мүмкін. 5.Паркинсонизм синдром кезінде бет терісі майланып,сілекейі ағуы және тершең болып кетуі т.б вегетативті ауытқулар кедеседі.   1.3.12 Жоғарғы ми қызметінің бұзылысына: гнозис,праксис,фазис,есте сақтау, ойлау жатады.   Гнозис дегенiмiз–ол сыртқы ортаның құбылыстары мен заттарын сезiну және түйсiк алу арқылы өтетiн қоршаған ортаны бiлiп, тану.Гнозистың бұзылыстарын агнозиялар деп атайды.Сезiм мүшелерiне сәйкес көру,есту,тактильдік (соматосенсорлық),иiс сезу,дәм сезу агнозияларын ажыратады.Ерекше түрiн сөйлеу тiлi агнозиялары құрастырады.Бұл бұзылыстар затты немесе құбылысты танымауымен сипатталады.Агнозиялардың себептерi болып орталық жүйке жүйесiнiң әртүрлi жұқпалы аурулары, ми қыртысының жарақаттары,интоксикациялары табылады.Балалық шақ кезеңiнде бұл агнозиялар зият кемiстiктерiне апарады. Праксис – үйренген қүрделi қозғалыстардың орындалуы. Терең сезiмталдықтың афференттiк жолдарымен келетiн тiтiркенiстердiң барлығы мидың төбе бөлiгiнiң қыртысында қабылданады. Бұл бұлшық еттерден, сiңiрлерден, байламдардан және буындардан келетiн тiтiркенiстер қозғалыстың әрбiр мезгiлi туралы белгi берiп тұрады, ал осы қозғалыстар үйреншікті, әдеттенген бола бастайды. Төбе бөлiгi зақымдалған кезде праксис қалыптаспайды немесе бұзылады. Осы жағдай апраксия деп аталады. Апраксияның үш негiзгi түрiн ажыратады: 1) моторлық немесе эфференттiк, 2) көру-кеңiстiктік (конструктивтік), 3) кинестетикалық немесе афференттiк. Сонымен қатар сөйлеу тiлiнің апраксиясын бөледi. Моторлық апраксия кезiнде ауру адамның үйренген қозғалыстарды орындауы бұзылады. Көру-кеңiстiктік апраксия көру арқылы кеңiстiкте бағдарланудың бұзылуы салдарынан мақсатты қозғалыстарды орындай алмаумен сипатталады. Кинестетикалық апраксия қимылдарды орындайтын мүшелердiң қалыпын реттеу бұзылыстары салдарынан қозғалыстарды басқара алмаумен білінеді. Бұл түрiн кейiп апраксиясы деп атайды. Есте сақтау құбылысында келесi кезеңдердi ажыратады: жадында тұту (жатталу), сақтау, еске түсiру және ұмыту. Келесi түрлерi болады: ерікті және ерiксiз. Есте сақтау қабiлетiнiң төмендеуi (гипомнезия) жадында тұтудың бұзылыстары кезінде де, еске түсiрудiң бұзылыстары кезінде де болуы мүмкiн. Есте сақтау қабілетінен толығымен айрылуды амнезия деп атайды. Амнезияны келесi түрлерге бөледi: зейін қоюдың (белгiлеудiң) амнезиясы – жадында тұтудың кенет бұзылуы; антероградтық амнезия – жарақат алып, естен айырылғаннан кейiн болған жағдайларын есте сақтамау; ретроградтық амнезия – жарақаттан бұрын болған оқиғаларды еске түсiрмеу; амнезиялық афазия – заттардың жалпы қасиеттерiн немесе қызметтерiн бiлiп отырып, аттарын еске түсiрмеу. Кейбiр адамдардың есте сақтау қабiлеттерi өте жоғары дәрежеде болуы мүмкiн – ол гипермнезия деп аталады. Ойлау қабiлетiнiң бұзылуы зият кемiстiктерi ретiнде байқалады. Сөйлеу тiлi – адамның ми қыртысының өте манызды қызметтерiнiң бiрi. Оны iске асыру ми қыртысының және жалпы жүйке жүйесiнiң әртүрлi бөлiмдерiнiң жұмысын қажет етеді. Балалық шақ кезiнде сөйлеу тiлi бұзылыстарын олардың себептерiне қарай бөлуге болады:

Дата добавления: 2018-04-15; просмотров: 502; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!