Ми абцессі, спинальді эпидуральды абсцесс 12 страница



4.Қимыл-әрекеттің шектелуі немесе баяулауына қарамастан кейбір ырғақты әрекеттерді тоқтата алмай діріл пайда болуы мүмкін. 5.Паркинсонизм синдром кезінде бет терісі майланып,сілекейі ағуы және тершең болып кетуі т.б вегетативті ауытқулар кедеседі.   1.3.12 Жоғарғы ми қызметінің бұзылысына: гнозис,праксис,фазис,есте сақтау, ойлау жатады.   Гнозис дегенiмiз–ол сыртқы ортаның құбылыстары мен заттарын сезiну және түйсiк алу арқылы өтетiн қоршаған ортаны бiлiп, тану.Гнозистың бұзылыстарын агнозиялар деп атайды.Сезiм мүшелерiне сәйкес көру,есту,тактильдік (соматосенсорлық),иiс сезу,дәм сезу агнозияларын ажыратады.Ерекше түрiн сөйлеу тiлi агнозиялары құрастырады.Бұл бұзылыстар затты немесе құбылысты танымауымен сипатталады.Агнозиялардың себептерi болып орталық жүйке жүйесiнiң әртүрлi жұқпалы аурулары, ми қыртысының жарақаттары,интоксикациялары табылады.Балалық шақ кезеңiнде бұл агнозиялар зият кемiстiктерiне апарады. Праксис – үйренген қүрделi қозғалыстардың орындалуы. Терең сезiмталдықтың афференттiк жолдарымен келетiн тiтiркенiстердiң барлығы мидың төбе бөлiгiнiң қыртысында қабылданады. Бұл бұлшық еттерден, сiңiрлерден, байламдардан және буындардан келетiн тiтiркенiстер қозғалыстың әрбiр мезгiлi туралы белгi берiп тұрады, ал осы қозғалыстар үйреншікті, әдеттенген бола бастайды. Төбе бөлiгi зақымдалған кезде праксис қалыптаспайды немесе бұзылады. Осы жағдай апраксия деп аталады. Апраксияның үш негiзгi түрiн ажыратады: 1) моторлық немесе эфференттiк, 2) көру-кеңiстiктік (конструктивтік), 3) кинестетикалық немесе афференттiк. Сонымен қатар сөйлеу тiлiнің апраксиясын бөледi. Моторлық апраксия кезiнде ауру адамның үйренген қозғалыстарды орындауы бұзылады. Көру-кеңiстiктік апраксия көру арқылы кеңiстiкте бағдарланудың бұзылуы салдарынан мақсатты қозғалыстарды орындай алмаумен сипатталады. Кинестетикалық апраксия қимылдарды орындайтын мүшелердiң қалыпын реттеу бұзылыстары салдарынан қозғалыстарды басқара алмаумен білінеді. Бұл түрiн кейiп апраксиясы деп атайды. Есте сақтау құбылысында келесi кезеңдердi ажыратады: жадында тұту (жатталу), сақтау, еске түсiру және ұмыту. Келесi түрлерi болады: ерікті және ерiксiз. Есте сақтау қабiлетiнiң төмендеуi (гипомнезия) жадында тұтудың бұзылыстары кезінде де, еске түсiрудiң бұзылыстары кезінде де болуы мүмкiн. Есте сақтау қабілетінен толығымен айрылуды амнезия деп атайды. Амнезияны келесi түрлерге бөледi: зейін қоюдың (белгiлеудiң) амнезиясы – жадында тұтудың кенет бұзылуы; антероградтық амнезия – жарақат алып, естен айырылғаннан кейiн болған жағдайларын есте сақтамау; ретроградтық амнезия – жарақаттан бұрын болған оқиғаларды еске түсiрмеу; амнезиялық афазия – заттардың жалпы қасиеттерiн немесе қызметтерiн бiлiп отырып, аттарын еске түсiрмеу. Кейбiр адамдардың есте сақтау қабiлеттерi өте жоғары дәрежеде болуы мүмкiн – ол гипермнезия деп аталады. Ойлау қабiлетiнiң бұзылуы зият кемiстiктерi ретiнде байқалады. Сөйлеу тiлi – адамның ми қыртысының өте манызды қызметтерiнiң бiрi. Оны iске асыру ми қыртысының және жалпы жүйке жүйесiнiң әртүрлi бөлiмдерiнiң жұмысын қажет етеді. Балалық шақ кезiнде сөйлеу тiлi бұзылыстарын олардың себептерiне қарай бөлуге болады: I. Орталық жүйке жүйесiнiң органикалық зақымдалуымен байланысты сөйлеу тiлiнiң бұзылыстары. Олардың өздерiн келесi топтарға бөлуге болады: афазия – ми қыртысының сөйлеу зоналарының зақымдалуы салдарынан болатын сөйлеудiң барлық компоненттерiнiң бұзылуы (моторлық және сенсорлық афазия); алалия – ми қыртысының сөйлеу зоналарының сөйлеуге дейiнгi кезеңдегi зақымдалуының салдарынан сөйлеу тiлiнiң жалпы дамымауы (моторлық және сенсорлық алалия); дизартриялар – сөйлеуге қатысатын бұлшық еттердiң иннервациясы бұзылғаннан болатын дыбыс шығарудың бұзылуы. II. Орталық жүйке жүйесiнiң функциональдық өзгеруiмен байланысты сөйлеу тiлiнiң бұзылыстары: кекештену (тұтықпа) – сөйлеу ырғағының, екпінінің, жатықтығының бұзылыстары; мутизм, сурдомутизм. III. Артикуляциялық аппараттың кемiстiктерiмен байланысты сөйлеу бұзылыстары (механикалық дислалия, ринолалия). IV. Әртүрлi себептерден болатын сөйлеу тілі дамуының кiдiруi (шала туылғаннан, iшкi мүшелерiнiң күрделi ауырларынан, тәрбие берудың дұрыс болмауынан және т.с.с.).  Интеллект деп адамның немесе тірі ағзалардың жаңа жағдайларға бейімделуге, өз білімі арқасында үйренуге, абстрактілі концепцияларды түсіну және қолдануға көмектесетін психика қасиеті. Деменция – жүре пайда болған кем ақылыдылық. Олигофрения – туа пайда болған кем ақылдылық. Сөйлеу әрекетінің бұзылуы мидың белгілі алабының зақымдауына байланысты, осындай зақымдану салдарынан адам сөзінің жүйесі және бірізділігі жойылып, афазиялық жағдайға ұшырайды. Афазиялар үлкен ми жарты шарларының белгілі бір алаптары жарақаттанып, ісік пайда болғанда, не түрлі ауруларға ұшырағанда пайда болады. Афазия түрлері: моторлы.сенсорлы,амнестикалық,семантикалық. Моторлы афазия – өздігімен сөйлей алмайды. Науқас өзінің есінде қалған жеке сөздермен буындарды қайталайды. Моторлы афазия сол жақ маңдай иірімінің артқы төменгі бөліктерінің (Брок зонасы) зақымдалу кезінде дамиды. Сенсорлы афазия – науқас өзінің және басқалардың да сөйлегенін түсінбейді. Сенсорлы афазия сол жақ самай бөлігінің (жоғарғы самай иірімінің ортаңғы және артқы бөлігінде – Вернике зонасы) зақымдалуы кезінде дамиды Амнестикалық афазия – төбе мен самай бөлігінің төменгі және артқы бөліктері зақымдалған кезде дамиды және науқастың заттардың атын ұмытуымен сипатталады. Семантикалық афазия темпералис аймағының – ми қыртысының сол жақты жартышарының шүйде-төбе бөліктерінің зақымдалуының салдарынан пайда болады.Құрылысы жай сөйлемдерді қолданалады, жай құрылған тілді түсінеді, бірақ сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қиындатқан кезде науқас оны түсінбейді, абыржиды.     1.3.13 Ми қыртысыныің әр түрлі деңгейде зақымдануы.   Ми қыртысы зақымдануына байланыста оның қызметінің жойылуы немесе қозу симтомдары пайда болады. Жойылу симптомдары ми қыртысы белгілі бөлігінің бүлінуі кезінде кездеседі,ал қозу симптомдары оның тітіркенуіне байланысты болады. Алдыңғы ирелең зақымданса дененің қарама-қарсы жағында гемиплегия немесе гемипарез,ал оның қозуы кезінде Гагарин-Джексон құстамалы қимыл әрекеттері болады. Артқы орталық ирелең зақымдануына байланысты қарама-қарсы жақты гемианестезия немесе гемигипестезия,ал тітіркену кезінде қстамалы парестезия болады. Көру анализаторының ми қыртысы қшының желке бөлімдерінің ішкі бетінде зақымдануы:бүлінуі кезінде көру аясының қарамақарсы жағының жартысы көрінбейді,ал тітіркенуіне байланысты қарама-қарсы көру аясына жоқ нарсенің елестеуі,түрлі-түсті сәулелер көрінгендей юолады. Есту анализаторының Гешле ирелеңіне жеткен қшы бір жағынан зақымданса есту мүмкіндігі соншалықты өзгермейді,ал егер тітіркенсе жоқ дыбыстар елестейді.   1.3.14 Вегетативті жүйке жүйесінің құрлысы. Вегетативтік жүйке жүйесі жұлын мен мидың әртүрлі деңгейінде орналаса отырып, ішкі мүшелердің қызметін реттейді. Ол симпатикалық және парасимпатикалық жүйелерден тұрады. Симпатикалық орталықтар жұлынның бүйір мүйіздерінде кеуде және бел бөлімдері деңгейінде сегментарлы түрде орналасқан. Жұлынан шығып, симпатикалық жүйке талшықтары басты өрімді (күн өрімі мен құрсақ асты өрімі), сонымен қатар жоғарғы мойын, жоғарғы және төменгі шыжырқай түйіндерін түзеді. Симпатикалық жоғарғы мойын түйінінен көз алмасына қарай талшықтар келіп, көз қарашығының реакциясын қамтамасыз етеді, сонымен қатар шықшыт және басқа сілекей бездеріне де талшықтар барады. Жұлдызша түйінінен талшықтар өңешке, көмекейге, жұтқыншаққа, тыныс бұлшық еттеріне және жүрек бұлшық етіне барады. Күн немесе құрсақ өрімінен және жоғарғы шажырқай түйінінен талшықтар бауырға, асқазанға, тоқ және аш ішекке барады. Төменгі шыжырқай түйінінен және құрсақ асты өрімінен біріккен симпатикалық талшықтар ішектерді, жатырды, қуықты жүйкелендіреді. Осында жұлынның сегізкөз бөлімінен шығатын парасимпатикалық талшықтар да келеді. Парасимпатикалық иннервацияны ми бағанасында және жұлынның сегізкөз бөлімінде орналасқан орталықтар қамтамасыз етеді. Ми бағанасында өмірлік маңызы бар жүрек-қантамыр және тыныс алу орталықтары болады (кезбе жүйке нің парасимпатикалық жүйесіне жататын). Симпатикалық және парсимпатикалық жүйкелер барлық ішкі мүшелер мен қан тамырларға (тегіс бұлшық еттерге) келіп, бір-бірін өзара теңестіреді де, ішкі мүшелер қызметінің және зат алмасудың шебер реттелуін қамтамасыз етеді. Жоғарғы вегетативтік орталықтар гипоталамуста және ми қыртысының лимбикалық аймағында орналасады. Гипоталамустың алдыңғы бөлімдері парасимпатикалық, ал артқы бөлімдері симпатикалық жүйені реттейді. Гипоталамустың біртұтас қызметі дене қызуын реттеумен, жүрек-қан тамыр жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының, несеп шығарудың, жыныстық қызметтің, зат алмасудың барлық түрлерінің, эндокриндік жүйенің, гомеостаздың, ми қыртысының тонусының (ретикулярлы формациямен бірге) жағдайын реттеумен білінеді. 1.3.15 Бульбарлы және псевдобульбарлы синдром.   Тіл жұтқыншақ,кезбе және тіласты жүйенің зақымдануы.Сопақша мидағы тіл жұтқыншақ,кезбе және тіласты жүйке ядросының зақымдануынан түзіледі. Бұл шеткі алолотрофиялық склерозынан,сопақша ми аймағының қан айналуының бұзылуынан т.б салдарынан пайда болады. Бұл синдромда:таңдай салбырап кетеді,қимылы шектеледі немесе жоғалады;маңқаланып сөйлейді,сөйлеуі анық емес,жқтыну қабілетінің қиындауы;сұйық тамақ мұрынан шығады,шашалып қалады. Псевдобульбарлы синдром. Жұтыну,сөйлеудің фонациясы және артикуляциясының бқзылуы,ядролар үстіндегі байланыстар 2 жағынан бірдей зақымданғанда пайда болады. Бульбар синдромынан ерекшелігі тілдің еті солмайды,талшықтары жабысып дірілдемейді. Тіл асты жүйкенің немесе оның ми бағанасындағы ядросы зақымдалса,зақымдалған жаққа сәйкес тілдің бөлігі солып,әлсіреп немесе қимылдамай қалады,тілді аузынан шығармақшы болса ,ол әлсіреген жаққа қисаяды.   1.3.16 Сөйлеу және оның бұзылысы Сөйлеу-адамдардың қатынас құралы ретінде қалыптасты. Ол еңбектену нәтижесінде адамдар бірімен-бірі түсінісу үшін қажет болды. Тіл сөз арқылы ақпарат қабылдау,өңдеу және жеткізу түрінде сипатталады.   Сөйлеудің бұзылуы-әртүрлі себептерден болатын тілдің дағдыларының бұзылуы. Сенсорлық афазия-сырқат өзіне қойылған сұрақтарға естісе де дұрыс жауап бере алмайды. Ол мидың қарақұс,самай және желке бөлімдерінің сол жағынан зақымдануы. Моторлық афазия-естіген сөздерін ұқса да жауабын сөзбен жеткізе алмайды. Төменгі маңдай ирелеңінің артқы бөлігі сол жағынан зақымдануы.   1.3.17 Жұлын миының зақымдану белгілері.   Жұлынның көлденең кескінінің жеке аймақтарындағы зақымдалу синдромдары Алдыңғы мүйіздік синдром сәйкес сегменттің зақымдалған мотонейрондармен иннервацияланатын бұлшықет атрофиясы мен перифериялық салданумен сегменттік немесе миотомды салдану сипатталады. Жиі оларда фасцикулярлы тартылулар байқалады. Ошақтан жоғары және төмен аймақтарда бұлшықеттер зақымдалмайды. Артқы мүйіз синдромы зақымдалған ошақ жағында сезімталдықтың диссоцирленген бұзылуымен көрінеді (буын – бұлшықеттік тактильді және вибрациялық сезімталдық сақталса ауырсыну мен температуралық сезімдері төмендейді ), ал өзінің дерматомалық аймақта (сезімталдықтың сегментарлы түрі бұзылады).     1.3.18 Жұлын нервінің зақымдалу белгілері.   Жұлындық нервтің зақымдалуында, жұлынның алдыңғы түбірі және алдыңғы мүйізін құрайтын бұлшықеттердің қызметі бұзылады. Нерв жүйесінің құрылысының топикалық диагностикасында бұлшықеттік салданумен сеззімталдық бұзылады. Жұлынның алдыңғы мүйізі мен алдыңғы түбірінің локализациялық процесінде сезімталдық бұзылады. Симпатикалық жүйеде бұлшықеттің тұйық белгісіз ауырсыну болуы мүмкін.+ Жұлын нервісінің зақымдалуы бұлшеқеттің салдануына және тиісті дерматомадағы сезімталдықтың барлық түрлерінің бұзылыстарын қамтиды, сонымен қатар, түбірлік зақымданудың пайда болуына алып келеді. Сезімталдық иннервация аймағының қатарлас артқы түбірінің жабылуына байланысты анестезиялық аймақтың дерматомаларының барлық аумақтарын алып жатады. Ең жиі кездесетін синдромдар. Жұлынның алдыңғы түбірінің зақымдалу синдромы сәйкес бұлшықеттің шеттік салдануымен сипатталады, салданған бұлшықеттерде тұйық ауырсыну сезімі болуы мүмкін.Жұлынның артқы түбірінің зақымдалу синдромы дерматомалық аймақтың интенсивті, атқылайтын ауырсынумен көрінеді; дерматомалық аймақтың барлық сезімталдық түрлері бұзылады, беткей және терең рефлекстер төмендейді. Омыртқааралық саңылау түбірдің шығуы ауырсыну нүктесі болып табылады, түбірлік созылу симптомы анықталады. Жұлын нервісінің бағанасы бұзылу симптомының ішіне жұлынның алдыңғы және жұлынның артқы түбірі кіреді, сәйкес барлық сезімталдық бұзылады. «Ат құйрығы» зақымдану синдромы ( L11-SV) төменгі бөліктің, аралықтың жансыздануымен, өте қатты түбірлік ауырсынумен, шеттік салданумен тізе, ахилл, өкше рефлекстерінің жоғалуымен, кіші жамбас мүшелерінің зақымдалуымен, аналь рефлекісінің төмендеуімен және сегізкөз аймағында трофикалық бұзылыстармен сипатталады.   1.3.19 Мидың қыртыс асты бөлігінің зақымдану белгілері. Қыртыс асты құрылымдар зақымдануы гиперкинез, гипотимия, бұлшық ет тонусының экстрапирамидтік типте жоғарылауы түрінде білінеді. Қыртыс асты құрылымдар зақымдануы: селк ету, бұлшық ет тонусы бұзылуы, хорея тәрізді , миоклониялық, атетоидтық гиперкинездер көрініс береді. Гиперкинез- қимыл-қозғалыс өршуі

Дата добавления: 2018-04-15; просмотров: 661; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!