Ми абцессі, спинальді эпидуральды абсцесс 10 страница



Ми қыртысы деңгейінде ауырсыну мәліметтері оның бірнеше ай-мақтарына келеді. Ауырсынудың шеткі жүйесі. Ауырсыну тітіркендіргішіне жауап беретін қабылдағыш тері мен басқа тіндерді шырмайтып жіңішке сез-імтал талшықтардан, яғни жалаң жүйке үштарынан түрады. Қабылдағыштар орналасымына байланысты, тітіркенудің және сезімтал нейроидардың түрлеріме қарай жіктеледі. Адамның ауырсы-нутүйсігіне сәйкес жергілікті, откір, сыздататыи, шашыраңқы ауыр-сыну қабылдағыштарын ажыратады. Қабылдағыштардан қозу толқыны екі сезімтал: жуандығы 1-6 мкм, өткізу жылдамдығы секумдыпа 5-50 м (орта шамамеп секумдына 15-25 м), миелинмен қапталғам А-дельта талшықтары және диаметрі 2 мкм-ге дейін, өткізу жылдамдығы секундына 0,2-2 м миелинсіз С-талшық-тары арқылы өрістейді. Бірінші талшықтардыц қабылдау аясы теріде 8 мм2 аумақты алып жататын 3-20 пүктеден түрады. Бүл талшықтар біррай-лы және көпрайлы (механикалық жәие температуралық) ноцицептор-лармен байланысты. Механикалық қабылдағыш 1 мм2-ге 40 г-нан аса қысым түскснде, температуралық қабылдағыш +45°С-дан жоғары -15°С-ден төмеидеген жағдайда қозады. Екінші, миелинсіз С-талшықтардың қабылдау аумағы — 23 мм2. Олардың қабылдағышы салқьшдатқанда және теріні өткір түйреуішпем тескепдс тітіркенеді. Осы сияқты қабылдағыш ішкі ағзаларда және қацқа бүлшықеттерінде де табылды. Ауырсыну тудыратын барабар тітіркепдіргіштің болу, болмауы толық анықталғаи жоқ. Болжамдар бойыпша, терідегі жалаң жүйке үштары көпіршіктерінде немесе түйіршіктсріпде бірнеше химиялық заттардың қоспасы болады. Бұл арпайы қоспалар ерекше тітіркендір-гіштер әсер еткенде бөліпеді. Сөйтіп, қабылдағыштардың сыртқьт бетімен әрекеттесіп, деполяризация (керіүйектеліс) тудырады. Қос-палардың қабылдағыштарға әсері жүйке үштарыи қоршаған белгілі ферменттер аркылы тиылады. Қабылдағыштарды қоздыратын зат-тар - калий иондары, гистамип, брадикинип, соматостатин, П-заты. Ал бүлардыц кейбіреулері (соматостатин, П-заты) жүлып түйін-дерініц сезгіш пейрондары бойымен аксоидық тасымал арқылы шеткі, бәлкім орталық, синапстарға жетеді деген пікір бар. Сонымен сезім нейрондарыиың дәнекершісі жәис қабылдағыш заты екеуі бір хи-миялық тектес деп есептеледі. Жалпы кегпсісн сезім қабылдағыштарыпа тітірксндіргіш ұзақ әсср еткендс олар-дың ссзімталдығы төмсидсйді. Ал, іюцицспторлардыц ссзімталдығы, ксрісіншс арта түседі. Мұны сеисштізация (өсірсссзімталдык) дсгі атайды. Өйткені кабылдағыш тітірксндіргіштің табалдырыктан төмсн күшінс жауап бсрсді. Көптеген зсрттсушілер әсірессзімталдыкты тсрі гипералгезия (әсірсауырсыиу) себептсрінің біреуі рстінде қарайды. Сонымен бірге кейбір адамдарда ауырсыну түйсігі болмайды. Бүл қасиет тумыстан сезім жүйесінін кемістіктерінен болады. Ауырсыну қабылдағыштардың жеткілікті бейімделісі жок, сондықтан кептеген жағдайларда науқастың қасіреті үзақ азап шектіреді.   1.2.20 Ми қан тамырлары аурулары. Ми артериялары бассейндерініц зақымдану синдромдары Алдыңгы ми артериясы бассейнінде қан айналысының бұзылуы Алдыңғы ми артериясы мандай және төбе бөліктерінің іш жағынан алдыңғы және артқы орталық қатпарлардың үстіңгі (жоғарғы) бөліктерін, сүйелді денені, иіс сезу даңғылын және иіс сезу миын, құйрықты ядроның басы мен сыртқы бөлігін (сыртқы қауыз, бозғылт шар), ішкі капсуланың (оралған қабықтың) алдыңғы санын қанмен қамтамасыз етеді. Ми қыртысы тармақтары жарты шарлардың сыртынан төмен түсе орталық ми артериясымен анастомоз жасайды. Сөйтіп, алдыңғы жөне артқы орталық қатпарлардың ортаңғы бөлігі (қолдардың проекциясы) канмен екі бассейн арқылы қамтасыз етіледі. Алдыңғы ми артериясында қан айналысының бұзылу симптомдары: 1) патологиялық ошаққа қарама-қарсы жақта әркелкі гемипарез бен гемигипестезия және аяқтар жағында парез басымырақ болып, қол парездері тез жойылып кетуі; 2) бет бұлшық еттері мен тілдің орталықтан парезге ұшырауы; 3) сүйелді дененің зақымдануынан сол жақтан апраксия болуы; 4) парацентральдік бөліктің жұмсарып кетуіне байланысты зәр тоқтамауы; 5) маңдай-көпір-мишық жолымен үйлесетін қимыл тепе-тендігі бұзылуынан патологиялық ошаққа қарама-қарсы жақта гемиатаксияның болуы; 6) психиканың өзгеруі — "мидың маңдай бөлігі психикасы" (бағытынан адасу, ұмытшақтық, шатаса беру, мылжыңдық, тұрпайы қалжыңға үйірлік); 7) құйрықты және лентикулярлық ядролардың қызметі бұзылуынан болатын бет пен қол гиперкинездері; 8) бозғылт шардың зақымдануынан бұлшық еттердің ширығып қатаюы; 9) иіс сезудің бұзылуы. Ортаңғы ми артериясы бассейнінде қан айналысының бұзылу: Ортаңғы ми артериясы үлкен жарты шарлардың сыртқы бетінің көптеген бөлігіне орналасқан ми қыртысы мен қыртыс асты ақ заттарын қанмен қамтамасыз етеді. Оның ми табанында ішкі капсуланың (оралма қабық) тізесі мен артқы санының алдыңғы 2/3 бөлігі құйрықты жөне лентикулярлық ядролардың жартысын, көру төмпешігін, Грациоле шоғырын, самай бөлігіңдегі Вернике орталығын қанмен жабдықтайтын терең орналасқан тармақтары бар. Алдыңғы ми артериясынан айырмашылығы — ортағы ми артериясы ми қыртысын ғана емес, ақ заттың бірталай бөлігін, оның ішінде алдығы ми артериясының бассейніңдегі ми қыртысы астындағы орталық бөліктің жоғарғы жағын да қанмен қамтамасыз етеді. Сондықтан ортаңғы ми артериясының терендегі орталық тармағының бітелуінен бетті де, қолдарды да, аяқтарды де қамтитын біркелкі гемиплегия, ал орталық алды тармағының бұзылуынан бет пен қолда айқынырақ білінетін бұлшық еттердің әр деңгейдегі гемипарезі пайда болады. Ортаңгы ми артериясы бассейнінде қан айналысының бұзылу симптомдары: 1) патологиялық, ошаққа қарама-қарсы жақта гемиплегияның (тереңдегі тармақтардың бұзылуынан біркелкі және ми қыртысы тармақтары бітеліп, бет және қол бұлшық еттерінің басымырақ әлсіреуі) болуы; 2) патологиялық ошаққа контралатералды гемигипестезия немесе гемианестезия; 3) патологиялық ошаққа қарай бастың бұрылуы мен жүз аударылуы (адверсивтік алаңның зақымдануы); 4) маңдай бөлігіндегі Брок орталығының зақымдануынан моторлық афазияның пайда болуы; 5) самай бөлігіндегі Вернике орталығы зақымдануына байланысты сенсорлық афазия немесе сөйлеу қабілетінің мүлде бұзылуы; 6) төбе бөлігінің сол жақ төменгі полюсі зақымдануынан екі жақты апраксияның болуы; 7) төбе бөлігінің жоғарғы жақтары зақымдануынан астереогноз, анозогнозия, дене үлгісінің бұзылуы; 8) самай бөлігіндегі Грациоле шоғырының зақымдануынан контра-латералдық гемианопсия; 9) алдыңғы түкті артерия бітелуінен гемиплегия, гемианестезия, гемианопсия, таламустық ауырсыну, қол-аяғы ісінуімен қатар, өрескел вазомоторлық бұзылымдар түріндегі клиникалық синдромның пайда болуы. 1.3.1Гипоталомо-гипофизарлы жүйенің бұзылысының синдромы. Гипоталамус-гипофиз жүйесі функциясының күшеюінен де, тежелуінен де пайда болатын аурулар (Иценко-Кушинг ауруы, акромегалия, нанизм, Глинский-Симмондс ауруы, қантсыз диабет, т.б.) арыктау немесе семіру, остеопороз, аменорея, импотенция, ісінулер, тері мен бұлшық еттің семуі түрінде білінетін аса ауыр вегетативтік және трофи-калық бұзылуларға себеп болады. Иценко-Кушинг синдромы психикалық бұзылымдармен қосарлануы мүмкін. Тиреотоксикоз құбылыстары бар қалқан без ауруларыңда невроз тәрізді синдром жиі, эпилепсиялық ұстамалар, діріл және хореялық гиперкинездер сирегірек байқалады. Сіңірлік рефлекстер әдетте көтеріңкі, кейде экзофтальм мен экзофтальмоплегия арқылы білінетін офтальмопатия пайда болады. Көбінесе бұлшық ет әлсіздігі мен оның көлемінін кішіреюі түрінде тиреотоксикалық миопатия синдромы дамиды. Тиреотоксикозға тез шаршағыштық, апатия, назардың төмендеуі, сұрақ-жауап берерде іркілгіштік тән, Кейде жиі өліммен аяқталатын гапотиреоидтык. кома пайда болады. Кейбір жағдайларда дами бастаған гипотиреоидтық миопатия салмақ түскенде және бұлшык; ет ширыққанда (крампи) ауырсыыумен, креатинфосфокипаза мөлшерінің көбеюімен білінеді. Мұндайда, міндетгі түрде, сіңірлік рефлекстерді тексерген.сәтте бұлшық еттер босансуы баяулайды. Құрыспалы ұстамалар мен ұйқы кезінде абструктивтік апноэ болуы мүмкін.Көздерін алартады, бет-аузын қисайтады, "көпірде" тұрғандай, т.б. әрекеттер жасайды. Истерия парездер, салданулар, гиперкинездер, сезімділік бұзылулары, көру мен есту қабілеттерінің төмендеуі және ішкі ағзалар функциясының бұзылулары түрінде білінуі мүмкін. Истерия көбінесе ситуациялы жағдайда өтеді де, бірнеше минуттан көптеген жылдарға дейін созылады. Истерия симптомдары міндетті түрде ауру үшін аса мәнді ситуациялар кезінде пайда болып, белсенді эмоционалдық әсер туғызатын жағдайларда басылады. Истерияның клиникалық көріністерінің басталуы мен аяқталуы тез, бір мезетте, қолма-қол білінуі мүмкін. Истериялық невроздың диагностикасы психогендік ситуация мен науқастың невроздық ерекшеліктеріне негізделеді. Мұндайда истерия кезіндегі әр уақытта ауру көрністерінің "шартты ұнамдылығын немесе қажеттігін" ескерген жөн. 1.3.2 Венозды қан айналым бұзылысы. Ми веналарының тромбозыбіртіндеп дамиды да, артерия тромбозынан жайлырақ білінеді. Оған бас ауыруы, локсу, құсу, көз түбіндегі іркілу құбылыстары тән. Сонымен қатар менингеалдық симптомдар да жиі кездеседі, Осы жағдайда парез және салдық, афазия, гемианопсия және сезімділік бұзылуы байқалады. Аталған симптомдар өзгергіштігі мен олардың біліну деңгейінің тұрақсыздығы аркылы ерекшеленеді. Ми қыртысы веналарының тромбозы кезінде психомоторлық қозу, алпы немесе джексондық эпилепсия тәрізді ұстамалар, моно-, пара-:өне гемиплегиялар, көз қарашығының кеңеюі, сезімділік бұзылысы,т. б. белгілер пайда болады. Ми ішіндегі веналардың тромбозы болғанда кома, бұлшық еттер тонусының экстратпирамидтік жоғарылауы, тризм және гиперсаливация айқалады.Үлкен ми венасы зақымданса, кома, сіреспе ұстамалар, дене қызуының көтерілуі, шүйде бұлшық еттерінің сіресіп қатаюы айқын білінеді. Мишық веналарының тромбозына атония, атаксия, амнезия, т.б. тән. Тромбофлебит организмде инфекциялық ошақ (гайморит, фронтит, г.б.) болған жағдайда кобінесе мидың сыртқы веналарында пайда болады. Ауру күрт басталып, дене қызуы көтерілуі, қалтырау, жалпы милық және ми қабығы зақымдануы симптомдары және сіреспе ұстамалар байқалады. Бұл симптомдар тұрақсыз болып келеді.   1.3.3. Жұлын қан айналысының бұзылысы. Жұлын қан айналысыньщ созылмалы және шұғыл бұзылулары көбінесе ишемиялық сипатта болады, 50 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Олар көпшілік жағдайларда жұлынға қан жеткізетін тамырлардың атеросклерозына, әсіресе оның омыртқа бағанындағы зат алмасу-деструктивтік өзгерістермен (омыртқааралық дискілердің ауытқуымен қабаттасқан остехондроз,деформацяяланған спондилез, т.б.)үйлесуіне байланысты пайда болады. Кейінгілердің түбірлік-жұлындық тамырлардағы қанның жүруіне әсер ететіндігі белгілі. Көбінесе қан айналысының бұзылулары артериялық гипертония, васкулиттер, тамыр мальформациялары және жарақаттар әсерінен болуы ықтимал. Жұлын қан айналысы бытыраңқы және магистрадды типтерге бөлінеді Қан айналысының бытыраңқы типінде қан алдыңғы жұлын артериясы жүйесіне кенеттен түбірлік-жұлындық артериялардан келеді. бірақ адамдардың көпшілігіне жұлын қан айналысының магистралдык типі тән. Мұндай жағдайда түбірлік-жұлындық артериялар қызметін жұлын неритерімен қатар өтетін аздаған артериялар атқарады. Қалдықтары осы нервтер мен жұлын түбірлерін қанмен қамтамасыз ететін түбірлік артериялар ғана болып қалады. Жұлын қан айналысының жұлындық типінде тамырлардан тарайтын алдыңғы жұлындық артерия жүйесі жұлынның көптеген көлденең бөлігін (артқы бағандар жөне оларға жақын артқы мүйіздер бөліктерінен басқасы) қанмен қамтамасыз етеді, Осы артерияның жоғарғы бөлігіндегі Д3-Д4 деңгейіне дейін) қан ағысына мойын мен мойын-кеуде деңгейіндегі бірнеше түбірлік-жұлындық артериялар және омыртқа өзегіне бас сүйектің артқы шұңқырынан төмен түсетін вертебралдық артериялардың тармақтары көмектеседі. 1.3.4 Шеткі жүйке жүйесе анатомо-физиологиялық сипаттама. Шеткі жүйкелер. Құрылысы жағынан миалинді және миалинсіз болып бөлінеді. Кейбір жүйкелердің құрамында жеке жүйке жасушалар мен оны қоршаған майда глиоциттер де болады. Жүйке бағаналарының көлденең кесіндісінде біліктік цилиндрі мен оны сыртынан қоршаған глиальды қабығы көрінеді. Әрбір жүйке талшықтарының арасындағы борпылдақ талшықты дәнекер тінді қабыршақтары эндоневрий деп аталады. Ал жүйке талшықтарының топтаса орналасқан жігінің сыртын периневрий қоршайды. Периневрийдің құрамында кезектесіп орналасқан жасушалармен жіңішке фибриллалы құрылымдар бар. Фибриллалар жүйке талшықтарын бойлай өтіп жатады. Жалпы жүйке бағаналарының сыртын қоршайтын тығыз талшықты дәнекер тіні фибробластарға, макрофагтарға, май жасушаларына өте бай, мұны эпиневрий дейді. Эпиневрийдегі көптеген қан тамырлары периневрийге, одан эндоневрийге өтіп трофикалық қызмет атқарады.   1.3.5 Интеллект төмендеу синдромы Ақыл-ой кемістігі – бұл диффуздық сипатқа ие бас ми қыртысының органикалық зақымдалуымен шартталған таным іс-әрекетінің тұрақты қайтымсыз бұзылысы. Қалыпты қалыптасқан мидың зақымдалуы нәтижесінде пайда болған ақыл-ой кемістігін (3 жастан кейін) деменция деп атайды. Бас миының жарақаттарынан, әртүрлі орталық жүйке жүйесі ауруларының нәтижесінде қалыптасқан психикалық қызметтердің жойылуына және ерте қалыптасқан дағдылардың жоғалуына әкеледі. Ақыл-ой кемістігімен қатар болатын орталық жүйке жүйесінің аурулары бар адамдарды ерекше топқа жатқызуға болады: шизофрения, эпилепсия және т.б. Осы аурулардың қарқынды төмендеуі нәтижесінде, психикалық бейнелер жойылады, ақыл-ой кемістігі тереңдейді және де ауыр дәрежеге жетеді. Оларда эмоционалдық-ерік саласының, іс-әрекеттің және жалпы тұлғалықтың спецификалық ерекшеліктері пайда болады. 1.3.6 Жұлын,түбір,өрім шеткі нерв жүйесі. Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты бар. Сұр заттың сыртын ақ заты қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.

Дата добавления: 2018-04-15; просмотров: 420; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!