Ми абцессі, спинальді эпидуральды абсцесс 4 страница



  1.2.26. Ми қабықтары. Ми – жұлын сұйықтығы. Ми – жұлын сұйықтығын зерттеу.  Ми қабығы — ми мен жұлынды қаптап жатқан қабық. Ми қабығы — қатты, торлы және жұмсақ қабықтар болып үш қабатқа бөлінеді. Сыртқы қатты қабық тығыз дәнекер ұлпасынан құралған қалың қабық. Ми сауыты сүйектерімен және омыртқа өзегімен байламдар мен қатпарлар арқьшы байланысады. Мидың қатты қабығы бас сүйектің ішкі бетіндегі сүйекқаппен бірігіп кетеді. Жұлын өзегіндегі қатты қабық пен омыртқа бағанасы арасындағы эпидуральды (қаттыүсті) кеңістікте борпылдақ дәнекер ұлпасы мен май ұлпасы орналасады. Қатты қабықтың ішкі беті эндотелиймен астарланған. Ортаңғы өрмелі қабық — борпылдақ дәнекер ұлпасынан түзілген жұқа тамырсыз қабық. Қабықтың екі беті де эндотелиймен қапталған. Ол қатты қабықтан субдуральды (қаттыасты), ал ішкі жұмсақ қабықтан — субарахноидальды (өрмеліасты) кеңістіктер арқылы бөлінген. Бұл кеңістіктерде ми-жұлын сұйығы болады. Торлы қабық пен жұмсақ қабықтары арасындағы кеңістіктің ішінде ми-жұлын сұйықтығы болады. Негізінен ми қарыншаларындағы қантамыры өрімдерінде өндіріледі. Тәулігіне 500мл ми-жұлын сұйықтығы шығарылады. Ересек адамда сұйықтық орташа мөлшері 110-1145мл, оның 20-30 мл бүйір қарыншаларында, 5мл үшінші қарыншада, 30мл бас миы торлы қабыршақ асты кеңістігінде, 70-90мл жұлынның торлы қабыршақ асты кеңістігінде. Балаларда мөлшері ересектермен салыстырғанда аз, ал қартая келе мидың семуіне байланысты көбейе береді. Ми-жұлын сұйықтығы – мидың қорғаныш жүйесінің құрамдас бөлігі. Сыртқы әсерлерден қорғап, нерв элементтерін, осмотикалық қысымды реттеп отырады.    1.2.27. Ерікті қимыл және олардың бұзылыстары. Ми қыртыс-бұлшықет жолының әртүрлі деңгейінің зақымдану симптомдары. Орталық және шеткі парез. Ерікті қимылдарды іске асыру үшін ми қыртысында пайда болған импульс бұлшықетке жеткізілуі қажет. Бұл қызметті екі невроннан (орталық және шеткі) тұратын ми қыртысы – бұлшық ет шоғыры атқарады. Орталық қимылдатқыш неврондар ми қыртысының алдыңғы рталық ирелеңінен және орталық маңдай ирелеңінің артқы бөлімі мен парацентральдық бөліктен басталады. Аксондары ми жарты шарына терең бойлап, ми қыртысы – жұлын шоғырын – tructus corticospinalis құрастырады. Сопақша ми мен жұлынның арасында ми қыртысы – жұлын шоғыры талшықтарының 80 процентіне жуығы қиылысып, жұлынның бүйір бағаны арқылы қарама-қарсы жағына өтеді де оның алдыңғы мүйізіндегі мотонейрондарында аяқталады. Қиылыспаған 20 проценті жұлынның алдыңғы бағанымен төмен қарай түсіп, кеуде сегменттері тұсында аяқталады. 2ші бөлігі ми қыртысынан басталып, бассүйек-ми қимылдатқыш нервтерінің ядроларында аяқталатын талшықтардан тұратын кортико-нуклеарлық шоғыр – tructus corticonuclearis болып табылады. Бұл жол мидың алдыңғы сара ирелеңінің төменгі бөлігінде басталып, ішкі капсуланың иіні арқылы өтеді де ми бағанындағы бассйек ми қимылдатқыш нервтерінің ядроларында аяқталады. Ми қыртысы – бұлшық ет шоғырының шеткі неврондары ми бағанындағы қозғалтқыш ядролар мен жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан. Ми қыртысы – бұлшықет шоғыры әртүрлі деңгейде зақымдануы мүмкін. Орталық невроны зақымданса орталық салдану немесе парез синдромы пайда болады. Оның негізгі белгілері: бұлшықет серпімділігінің күшеюі (гипертонус), жұлын рефлекстерінің өршуі (гиперрефлексия), аяқ ұшы патологиялық рефлекстері, аяқ ұшы мен тізе клонустары және қорғаныш рефлекстері, бұлшықет трофикасы айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды. Қолда бүктіргіш бұлшықеттер, ал аяқта жазғыш бұлшықеттер тонусы күшейеді. Осының әсерінен Вернике – Манн қалпы қалыптасады. Патологиялық синкинезиялар да пайда болады: глобальды синкинезиялар, координациялық синкинезиялар, имитациялық синкинезиялар. Шеткі неврондары зақымданса шеткі сал болу (плегия) немесе әлсіреу (парез) синдромы пайда болады. Негізгі белгілері: бұлшықеттерінің сал болуы немесе әлсіреуі, бұлшықет серпімділігінің жойылуы (атония) немесе әлсіреуі (гипотония), жұлын шартсыз рефлекстерінің жойылуы (арефлексия) немесе төмендеуі (гипорефлексия).     1.2.28. Рефлекторлы доға, құрылысы мен функциясы. Рефлекстердің жұлын және ми бағанасындағы тұйықталу деңгейі, топикалық диагностикадағы маңызы. Рефлекс дегеніміз орталық нерв жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргішке беретін күрделі жауабы. Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозу импульстерін рецептордан орталыұ нерв жүйесі құрылымдарына, одан орындаушы ағзаға жеткізетін жол. Қарапайым рефлекстер доғасы екі невроннан ғана құрылады да жұлынның сегмент аппаратында тұйықталады. Рефлекстік доға орталық нерв жүйесінде неғұрлым жоғары тұйықталса соғұрлым күрделі болып келеді. Ол бес бөлімнен тұрады: 1 Қабылдауыш құрылым-рецептордан; 2 қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден; 3 аралық нейрондардан тұратын орталықтан; 4 қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден; 5 жауап беретін құрылымы – эффектордан тұрады.     1.2.29. Негізгі нейротрансмиттер: дофамин, ацетилхолин, гамма-аминомайқышқылы.   1.2.30. Стриарлы жүйенің зақымдану синдромдары (гиперкинез түрлері). Стриарлы жүйе зақымданғанда акинетиктікк-гиригдік және гиперкинездік синдромдар пайда болады. Акинетиктік-ригидтік синдромдар: бұлшықеттердің сіресіп қатайып қалуы, қимылдың кідіруі немесе жойылуы (гипокинезия немесе акинезия), пародоксалды кинезия, қимылдың шектелуі мен баяулауы, Паркинсонизм синдромы, брадипсихия, акайрия симптомдары жатады. Шектеусіз қимылдар (гиперкинез) синдромы. Құйрықты ядро, қауыз, люис денесі зақымдануына байланысты. Оның негізгі белгісі бет, қол-аяқ және дене бұлшықеттердің мейлінше еріксіз күшпен келетін шектеусіз қимылдар (гиперкинездер). Бұлшықет тонусы азаяды, гипертониясы мен дистониясы сирек кездеседі. Гиперкинездің мынадай түрлері бар: Атетоз – аяқ пен қолдың ұштары кейде бет пен дененің бұралаңдауы. Әсіресе саусақтардың атетозы жиі кездеседі. Біріне бірі бағынбай жеке қозғалып тұрады. Атетоздық қимылдар ренжіп-қуанғанда күшейеді де ұйықтағанда басылады. Хорея тәрізді гиперкинез – бұршақ іспетті ядроның сыртқы бунағының, әсіресе оның ұсақ клеткаларының зақымдануы кезінде, кейде мұнымен қоса мишықтың тісті ядросы мен қызыл ядро арасындағы байланысы үзіліп қалғанда байқалады. Бұл бет құбылысы, тілдің және қол мен аяқтың жоғарғы бөліктерінің бұлшықеттерінің шапшаң, ретсіз, екпінді, өрескел қимылдары түрінде сипатталады. Бұлшықет тонусы әлсірейді. Хореоатетоз – хорея тәрізді және атетоздық қимылдардың үйлесуі. Белдеулі дене мен көру төмпешігі зақымданғанда пайда болады. Торзион дистониясы – дене мен бастың баяу керіліп бұралуы және бастың ербеңдеуі. Сонымен қатар сырқаттың денесі мен басы шүйіле бұралады, қолы өрескел қимылдайды. Торзион дистониясы антогонист бұлшықеттердің қатая сіресіп, басқа қимыл әрекеттерге бөгет жасайтындығынан пайда болады. Гемибаллизм – дененің бір жақ жартысының өрескел қимылдауы. Мұндай қимылдар тас лақтырғандай немесе доп сілтегендей болып көрінеді. Діріл (тремор) дененің белгілі бір қимыл әрекеттеріне қатысты бұлшықеттерінен тыс бөлшектеріне де тарайтын кең ауқымды көсіле сілтейтін қимыл. Діріл мишық – ми қыртысы байланысты тізбегіне қатысты қызыл ядро зақымданғанда пайда болады. Миоклония – белгілі бір буындарды қимылдатуға қатыспайтын бұлшықеттер тобының оқыс тартқылап жыбырлауы және тұрақсыз дірілдеуі. Қызыл ядроны сопақша мидың төменгі түйіршігін және мишықтың тісті ядросын байланыстыратын жүйе зақымданғанда кездеседі. Тарту – жеке бұлшықеттердің, әсіресе бетте айқын қайталанып, тез өтіп кететін жиырылуының көрінісі. Науқас көзін қыса береді, бетін құбылта береді. Гиперкинез-эпилепсия – тұрақты экстрапирамидтік гиперкинездерге ара-тұра жалпы тырысу ұстамасы қабаттасуы. Мұндай жағдайда эпилепсия ұстамасында болатын ырғақты сіреспе болмайды да сіресе тартылу арқылы көрініс береді.   1.2.11 Қалыпты ликвор құрамы.Патологиялық ликвор сұйықтығы. Қалыпты ликвор қысымы көлденеңнен жатқан адамда су бағанымен 100-180 мм,отырғанда су бағанымен 300-400мм. Белок-0,16-0,33% Клеткалар (лимфоциттер)-саны 5-тен аспайды Қант-40-60 мг Хлоридтер 60-80-720 мг Микроэлементтер,витаминдер т.б       Патологиялық өзгерістер Ми қабығы қабынуы кезінде ми-жұлын сұйығында клеткалар саны көбейеді. Іріңді қабынуға байланысты ми-жұлын сұйығында сегментті ядролар бар нейтрофилдер көбейеді. Серозды қабыну кезінде ми-жұлын сұйығында көбіне тек қана лимфоциттер саны бірнеше жүзге дейін көбейіп кетеді,бірақ сұйықтықтың түсі өзгермейді. Туберкулезді менингитте ондағы қанттың мөлшері азаяды. 1.2.12.Паллидонигральды жүйенің зақымдануы синдромы(паркинсонизм). Паркинсонизм синдромы:Гиперсаливация,гипергидроз,вегетативтік асқынулар кездеседі.Паркинсонизм синдромының пайда болуына қара затта шығаратын дофаминнің ми қыртысы асты түбіндегі мөлшерінің азаюы үлкен әсер етеді.Сол себепті прематор қыртысының жұлын мото-нейрондарына жеңілдік жасайтын ықпалы күшейеді де тонустық рефлекстер жоғарлайды. Дірілдің басталып одан әрі дамуына белдеулі дене мен көру төмпешігі арқылы іске қосылатын парацентральды қыртысы мен қара зат арасындағы тұйық нейрон шеңберінің үзілуі себеп болады. 1.2.13 Сананың,сергектіктің,ұйқының анатомиялық-физиологиялық реттелуі. Сана-болмыс бейнелеудің ең жоғарғы сатысы. Сана арқылы адамның қоршаған әлемнен қарым-қатынасы мақсатты түрде реттеледі.Адам санасы белгі жүйесі арқылы атқарылады,логика заңдарына пайдалынады. Мұны сол жақ ми сыңары қамтамасыз етеді. Тіл-сананың материалдық көрінісі,негізі.Тілсіз сана жоқ,ал санасыз адам жоқ. Жалпы сана сезіну және сана-сезімнен құралады.   ¥йқы.Адамдар мен жануарлар тіршілігінде үйқы өте маңызды орын алады. Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тынысалу, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бэсеңдейді Алайда, ұйқы кезінде кейбір үрдістердің белсенділігі күшейеді,гипоталамус пен ми бағанында канайналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау үлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.Сергектік жэне үйқы жағдайлары мидың эралуан деңгейінде орналасқан күрделі жүйелердің әрекеттесуі арқылы жүзеге асырылады. Сергектік күйді сақтау үшін ми қыртысына белсенді эсер ететін торлы қүрылымның тұтастығы қажет. Сонымен бірге ми көпірінің алдыңғы бөлімінің ортаңғы, аралық мидың жэне лимбия жүйесінің амандыгы керек.Сергектікте гипоталамус маңызды қызмет атқарады.Оның арнайы жерлерін тітіркендіргенде ұйықтап жатқан адам оянады да, ал сергектері ұйқыға кетеді.     1.2.14 Жоғарғы ми қызметінің функциясы:гнозис,праксис,тіл,жазу,ес,назар,интеллект, және олардың бұзылыстары;афазия(моторлық,сенсорлы,амнестикалық,сементикалық).   Гнозис дегенiмiз–ол сыртқы ортаның құбылыстары мен заттарын сезiну және түйсiк алу арқылы өтетiн қоршаған ортаны бiлiп, тану.Гнозистың бұзылыстарын агнозиялар деп атайды.Сезiм мүшелерiне сәйкес көру,есту,тактильдік (соматосенсорлық),иiс сезу,дәм сезу агнозияларын ажыратады.Ерекше түрiн сөйлеу тiлi агнозиялары құрастырады.Бұл бұзылыстар затты немесе құбылысты танымауымен сипатталады.Агнозиялардың себептерi болып орталық жүйке жүйесiнiң әртүрлi жұқпалы аурулары, ми қыртысының жарақаттары,интоксикациялары табылады.Балалық шақ кезеңiнде бұл агнозиялар зият кемiстiктерiне апарады. Праксис – үйренген қүрделi қозғалыстардың орындалуы. Терең сезiмталдықтың афференттiк жолдарымен келетiн тiтiркенiстердiң барлығы мидың төбе бөлiгiнiң қыртысында қабылданады. Бұл бұлшық еттерден, сiңiрлерден, байламдардан және буындардан келетiн тiтiркенiстер қозғалыстың әрбiр мезгiлi туралы белгi берiп тұрады, ал осы қозғалыстар үйреншікті, әдеттенген бола бастайды. Төбе бөлiгi зақымдалған кезде праксис қалыптаспайды немесе бұзылады. Осы жағдай апраксия деп аталады. Апраксияның үш негiзгi түрiн ажыратады: 1) моторлық немесе эфференттiк, 2) көру-кеңiстiктік (конструктивтік), 3) кинестетикалық немесе афференттiк. Сонымен қатар сөйлеу тiлiнің апраксиясын бөледi. Моторлық апраксия кезiнде ауру адамның үйренген қозғалыстарды орындауы бұзылады. Көру-кеңiстiктік апраксия көру арқылы кеңiстiкте бағдарланудың бұзылуы салдарынан мақсатты қозғалыстарды орындай алмаумен сипатталады. Кинестетикалық апраксия қимылдарды орындайтын мүшелердiң қалыпын реттеу бұзылыстары салдарынан қозғалыстарды басқара алмаумен білінеді. Бұл түрiн кейiп апраксиясы деп атайды. Есте сақтау құбылысында келесi кезеңдердi ажыратады: жадында тұту (жатталу), сақтау, еске түсiру және ұмыту. Келесi түрлерi болады: ерікті және ерiксiз. Есте сақтау қабiлетiнiң төмендеуi (гипомнезия) жадында тұтудың бұзылыстары кезінде де, еске түсiрудiң бұзылыстары кезінде де болуы мүмкiн. Есте сақтау қабілетінен толығымен айрылуды амнезия деп атайды. Амнезияны келесi түрлерге бөледi: зейін қоюдың (белгiлеудiң) амнезиясы – жадында тұтудың кенет бұзылуы; антероградтық амнезия – жарақат алып, естен айырылғаннан кейiн болған жағдайларын есте сақтамау; ретроградтық амнезия – жарақаттан бұрын болған оқиғаларды еске түсiрмеу; амнезиялық афазия – заттардың жалпы қасиеттерiн немесе қызметтерiн бiлiп отырып, аттарын еске түсiрмеу. Кейбiр адамдардың есте сақтау қабiлеттерi өте жоғары дәрежеде болуы мүмкiн – ол гипермнезия деп аталады. Ойлау қабiлетiнiң бұзылуы зият кемiстiктерi ретiнде байқалады. Сөйлеу тiлi – адамның ми қыртысының өте манызды қызметтерiнiң бiрi. Оны iске асыру ми қыртысының және жалпы жүйке жүйесiнiң әртүрлi бөлiмдерiнiң жұмысын қажет етеді. Балалық шақ кезiнде сөйлеу тiлi бұзылыстарын олардың себептерiне қарай бөлуге болады:

Дата добавления: 2018-04-15; просмотров: 569; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!