Ми абцессі, спинальді эпидуральды абсцесс 5 страница



I. Орталық жүйке жүйесiнiң органикалық зақымдалуымен байланысты сөйлеу тiлiнiң бұзылыстары. Олардың өздерiн келесi топтарға бөлуге болады: афазия – ми қыртысының сөйлеу зоналарының зақымдалуы салдарынан болатын сөйлеудiң барлық компоненттерiнiң бұзылуы (моторлық және сенсорлық афазия); алалия – ми қыртысының сөйлеу зоналарының сөйлеуге дейiнгi кезеңдегi зақымдалуының салдарынан сөйлеу тiлiнiң жалпы дамымауы (моторлық және сенсорлық алалия); дизартриялар – сөйлеуге қатысатын бұлшық еттердiң иннервациясы бұзылғаннан болатын дыбыс шығарудың бұзылуы. II. Орталық жүйке жүйесiнiң функциональдық өзгеруiмен байланысты сөйлеу тiлiнiң бұзылыстары: кекештену (тұтықпа) – сөйлеу ырғағының, екпінінің, жатықтығының бұзылыстары; мутизм, сурдомутизм. III. Артикуляциялық аппараттың кемiстiктерiмен байланысты сөйлеу бұзылыстары (механикалық дислалия, ринолалия). IV. Әртүрлi себептерден болатын сөйлеу тілі дамуының кiдiруi (шала туылғаннан, iшкi мүшелерiнiң күрделi ауырларынан, тәрбие берудың дұрыс болмауынан және т.с.с.).  Интеллект деп адамның немесе тірі ағзалардың жаңа жағдайларға бейімделуге, өз білімі арқасында үйренуге, абстрактілі концепцияларды түсіну және қолдануға көмектесетін психика қасиеті. Деменция – жүре пайда болған кем ақылыдылық. Олигофрения – туа пайда болған кем ақылдылық. Сөйлеу әрекетінің бұзылуы мидың белгілі алабының зақымдауына байланысты, осындай зақымдану салдарынан адам сөзінің жүйесі және бірізділігі жойылып, афазиялық жағдайға ұшырайды. Афазиялар үлкен ми жарты шарларының белгілі бір алаптары жарақаттанып, ісік пайда болғанда, не түрлі ауруларға ұшырағанда пайда болады. Афазия түрлері: моторлы.сенсорлы,амнестикалық,семантикалық. Моторлы афазия – өздігімен сөйлей алмайды. Науқас өзінің есінде қалған жеке сөздермен буындарды қайталайды. Моторлы афазия сол жақ маңдай иірімінің артқы төменгі бөліктерінің (Брок зонасы) зақымдалу кезінде дамиды. Сенсорлы афазия – науқас өзінің және басқалардың да сөйлегенін түсінбейді. Сенсорлы афазия сол жақ самай бөлігінің (жоғарғы самай иірімінің ортаңғы және артқы бөлігінде – Вернике зонасы) зақымдалуы кезінде дамиды Амнестикалық афазия – төбе мен самай бөлігінің төменгі және артқы бөліктері зақымдалған кезде дамиды және науқастың заттардың атын ұмытуымен сипатталады. Семантикалық афазия темпералис аймағының – ми қыртысының сол жақты жартышарының шүйде-төбе бөліктерінің зақымдалуының салдарынан пайда болады.Құрылысы жай сөйлемдерді қолданалады, жай құрылған тілді түсінеді, бірақ сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қиындатқан кезде науқас оны түсінбейді, абыржиды. 1.2.15 Дисмнестикалық синдром,корсаков синдром:деменция,олигофрения Корсаков синдромы-корсаков алкогольдік психозының психопатологиялық суретін көрсететін амнестикалық синдром.Синдром псхопатологиялық триададан тұрады:Фиксациялық амнезия,ретроградты амнезия,Конфабуляциялар.Ауыр ес бұзылуының салдары болып жатқан оқиғаларға,орынға,уақытқа,адамдарға қатысты бағдардың бұзылуы болып табылады.Корсаков синдромында алкогольді психоздың белгілері көрініс береді.Корсаков синдромында ес бұзылумен бірге полинейропатия қатар жүреді.Бұл кезде бұрынғы оқиғалар есте сақталып,кейінгі оқиғалар естен шығады. Олигофрения, немесе ақыл-ой кемістігі – бұл туа біткен және туғаннан кейінгі бірінші жылдарда пайда болған кем ақылдық, жалпы алғанда психикалық дамымаған әлеуметтік бейімделудің қиындауынан интеллектуалды кемшіліктің басым болып көрінуі. Ақыл-ой қабілетінің мешеулік дәрежесіне қарай олигофрения: идиотиялық олигофрения, имбециалдық олигофрения және дебильдік олигофрения деп бөлінеді. Идиотиялық олигофрения (грек. іdіoteіa – надан) – олигофренияның ауыр түрі; ақыл-ойдың мүлдем дамымауы. Бұл жағдайда ойлау, сөйлеу қабілеті дамымайды; науқас міңгірлеген дыбыстар ғана шығарады, оларға айтылған сөздің мағынасын түсінбейді. Имбециалдық (лат. іmbecіllus – ақыл-ойы әлсіз) олигофрения – олигофренияның орташа түрі; алдыңғы жағдаймен салыстырғанда, науқас қарапайым сөздерді анық айтып, аздап санай да біледі. Дебильдік (лат. debіlіs – әлсіз) олигофрения – олигофренияның әлсіз түрі; орташа түріне қарағанда науқастың сөйлеу қабілеті біраз дамыған, бірақ сөз қоры аз, көбіне жаттап алған сөздерін айтады. Олигофрениямен ауырған науқастардың барлығы да психиатрдың бақылауында болады, негізінен оларға психикалық ой-өрісінің дамуына себепші болатын емдік шаралар жүргізіледі.   1.2.16 Жұлын және перифериялық жүйке жүйесі.Анатомия және физиологиясы. Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты бар. Сұр заттың сыртын ақ заты қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлынның қызметі: жұлын екі түрлі қызмет атқарады: рефлекстік және өткізгіштік Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде және т.б. Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді. Жұлынның бөлімдері: Жұлын 31 сегментке бөлінген. Әрбір сегмент бір-бірімен тығыз байланысқан, алайда араларында бірашама алшақтық байқалады. Себебі, жұлынның бір түбірі бұзылса не кесілсе оған сәйкес дене сегментінде сезім және қозғалыс функциялары толығынан жойылмайды. Белла-Мажанди заңы брйынша жұлынның артқы түбірлері афференттік жүйкелерден, ал алдыңғы түбірлері эфференттік жүйкелерден тұрады. Шеткі жүйкелер. Құрылысы жағынан миалинді және миалинсіз болып бөлінеді. Кейбір жүйкелердің құрамында жеке жүйке жасушалар мен оны қоршаған майда глиоциттер де болады. Жүйке бағаналарының көлденең кесіндісінде біліктік цилиндрі мен оны сыртынан қоршаған глиальды қабығы көрінеді. Әрбір жүйке талшықтарының арасындағы борпылдақ талшықты дәнекер тінді қабыршақтары эндоневрий деп аталады. Ал жүйке талшықтарының топтаса орналасқан жігінің сыртын периневрий қоршайды. Периневрийдің құрамында кезектесіп орналасқан жасушалармен жіңішке фибриллалы құрылымдар бар. Фибриллалар жүйке талшықтарын бойлай өтіп жатады. Жалпы жүйке бағаналарының сыртын қоршайтын тығыз талшықты дәнекер тіні фибробластарға, макрофагтарға, май жасушаларына өте бай, мұны эпиневрий дейді. Эпиневрийдегі көптеген қан тамырлары периневрийге, одан эндоневрийге өтіп трофикалық қызмет атқарады.   1.2.17 Әртүрлі деңгейдегі жұлынның сегменттерінің зақымдануы семиотикасы,алдыңғы,артқы түбіршік,өрім,периферикалық жүйке.   Жұлынның көлденең кескінінің жеке аймақтарындағы зақымдалу синдромдары  Алдыңғы мүйіздік синдром сәйкес сегменттің зақымдалған мотонейрондармен иннервацияланатын бұлшықет атрофиясы мен перифериялық салданумен сегменттік немесе миотомды салдану сипатталады. Жиі оларда фасцикулярлы тартылулар байқалады. Ошақтан жоғары және төмен аймақтарда бұлшықеттер зақымдалмайды. Артқы мүйіз синдромы зақымдалған ошақ жағында сезімталдықтың диссоцирленген бұзылуымен көрінеді (буын – бұлшықеттік тактильді және вибрациялық сезімталдық сақталса ауырсыну мен температуралық сезімдері төмендейді ), ал өзінің дерматомалық аймақта (сезімталдықтың сегментарлы түрі бұзылады). Жұлынның артқы түбірлері афференттік жүйкелерден, ал алдыңғы түбірлері эфференттік жүйкелерден тұрады. Шеткі нерв жүйесі ауруларының жікгемесі ең алдымен анатомиялық принципке негізделген. Сондықтан оларды патологиялық үрдістің шеткі нерв жүйесінің жекелеген құрылымдарында басым орналасуына байланысты ажыратады. Олар: 1) радикулит — алдыңғы немесе артқы түбіршектердің зақымдануы; 2) ганглионит - омыртқааралық түйіндердің зақымдануы; 3) плексит - нерв өрімдерінің зақымдануы; 4) неврит — нерв бағанының зақымдануы; 5) нейромиозит - бұлшық еттердегі нерв ұштарының зақымдануы; 6) полиневрит - шеткі нервтердің дисталдық (ақырғы) бөліктерінің көптеп зақымдануы.   1.2.18 Ұйқы және сергектіктің бұзылысы:инсомния,парасомния,сомнилоквия,бруксизм,айкезбе,түнгі энурез,түнгі қорқыныш,гиперсомния,ұйқы апное синдромы,   1.2.19 Орталық және шеткі ауырсыну механизмі.Жедел және созылмалы ауырсыну.Орталық ауырсыну.   Ауырсынудың орталық жүйесі.Ауырсыну сигналдарын қабыл-дайтын қүрылымдар орталық жүйке жүйесінің әртүрлі деңгейінде ор-наласады. Алдымен ауырсыну сигналдарын миға өтпестен бүрын, жүлынның артқы ашасындағы жалпақ тіліктерінің (пластина) орта-лық нейрондары қабылдайды және өндейді. Ауырсыну сезімінің өткізгіш жүйелеріне жүлын-таламус, жүлын торлы қүрылым, жүлын-орталық ми жүйкесі жолдары және орталық мидың проприорецептор жүйесі жатады. Бүлар арқылы өрлеме ауыр-сыну мәліметтері мидың бірнеше орталық қүрылымында өңделеді. Олар: жүлын, торлы қүрылым, ортаңғы ми, сүр зат, таламус, гипота-ламус, лимбия жүйесі, ми қыртысының әртүрлі аймақтары. Нейрофизиологиялық зерттеулер бойынша, ауырсыну тітіркенісі әсерінен жүлын арқылы қозғалыс және симпатикалық жүйке сигнал-дарының алғашқы рет өнделетіндігі дәлелденді. Сол сияқты торлы қүрылым ауырсыну аппараттарын түйсінуде мол әрекет жасайтыны көрсетілді. Ол жүлын рефлекстерін қадағалайды, вегетативтік жүйкені кірістіреді (қанайналымы, тынысалу, т.б.). Ортаңғы миға бағынатьш күрделі қорғ-аныш рефлекстерін қатыстырады (ояну, сақтану, сезіктену т.с.с). Ортаңғы мидың жоғарғы бүдырмақтары ауырсыну тасқындарын өндеп, ауыртатын тітіркендіргіш әсер еткен кезде, көру бағдарланы-сын жеңілдетеді. Ал ондағы сүр зат пен сопақша мидың тігіс ядрола-ры ауырсынуды басып отырады. Өйткені олардың нейрондарында ауыртпайтын нейропептидтер (энкефалин, эндорфин) мен моноамид-тер (серотонин, норадреналин) түзіледі. Таламустың қапталдас қүрылымы ауырсынудың сапасын (сомато-топикасы, үзақтығы, қарқыны, т.б.) анықтайды, ал ішкерілес аймағы ауырсынудың меселдік және ашыну көріністеріне қатысады. Гипоталамус қүрылымына келетін ауырсыну ақпараты нейрогор-мондық жүйелерді белсендіреді. Олар күрделі үзақ вегетативтік және соматикалық әсерленістер тудырады. Лимбия жүйесі ауырсыну тітіркендіргішіне жауап ретінде орга-низмнің эмоциялық реніктерін (қорғаныш, қашу, шабуыл) әрекеттерін жасайды. Ми қыртысы деңгейінде ауырсыну мәліметтері оның бірнеше ай-мақтарына келеді. Ауырсынудың шеткі жүйесі. Ауырсыну тітіркендіргішіне жауап беретін қабылдағыш тері мен басқа тіндерді шырмайтып жіңішке сез-імтал талшықтардан, яғни жалаң жүйке үштарынан түрады. Қабылдағыштар орналасымына байланысты, тітіркенудің және сезімтал нейроидардың түрлеріме қарай жіктеледі. Адамның ауырсы-нутүйсігіне сәйкес жергілікті, откір, сыздататыи, шашыраңқы ауыр-сыну қабылдағыштарын ажыратады. Қабылдағыштардан қозу толқыны екі сезімтал: жуандығы 1-6 мкм, өткізу жылдамдығы секумдыпа 5-50 м (орта шамамеп секумдына 15-25 м), миелинмен қапталғам А-дельта талшықтары және диаметрі 2 мкм-ге дейін, өткізу жылдамдығы секундына 0,2-2 м миелинсіз С-талшық-тары арқылы өрістейді. Бірінші талшықтардыц қабылдау аясы теріде 8 мм2 аумақты алып жататын 3-20 пүктеден түрады. Бүл талшықтар біррай-лы және көпрайлы (механикалық жәие температуралық) ноцицептор-лармен байланысты. Механикалық қабылдағыш 1 мм2-ге 40 г-нан аса қысым түскснде, температуралық қабылдағыш +45°С-дан жоғары -15°С-ден төмеидеген жағдайда қозады. Екінші, миелинсіз С-талшықтардың қабылдау аумағы — 23 мм2. Олардың қабылдағышы салқьшдатқанда және теріні өткір түйреуішпем тескепдс тітіркенеді. Осы сияқты қабылдағыш ішкі ағзаларда және қацқа бүлшықеттерінде де табылды. Ауырсыну тудыратын барабар тітіркепдіргіштің болу, болмауы толық анықталғаи жоқ. Болжамдар бойыпша, терідегі жалаң жүйке үштары көпіршіктерінде немесе түйіршіктсріпде бірнеше химиялық заттардың қоспасы болады. Бұл арпайы қоспалар ерекше тітіркендір-гіштер әсер еткенде бөліпеді. Сөйтіп, қабылдағыштардың сыртқьт бетімен әрекеттесіп, деполяризация (керіүйектеліс) тудырады. Қос-палардың қабылдағыштарға әсері жүйке үштарыи қоршаған белгілі ферменттер аркылы тиылады. Қабылдағыштарды қоздыратын зат-тар - калий иондары, гистамип, брадикинип, соматостатин, П-заты. Ал бүлардыц кейбіреулері (соматостатин, П-заты) жүлып түйін-дерініц сезгіш пейрондары бойымен аксоидық тасымал арқылы шеткі, бәлкім орталық, синапстарға жетеді деген пікір бар. Сонымен сезім нейрондарыиың дәнекершісі жәис қабылдағыш заты екеуі бір хи-миялық тектес деп есептеледі. Жалпы кегпсісн сезім қабылдағыштарыпа тітірксндіргіш ұзақ әсср еткендс олар-дың ссзімталдығы төмсидсйді. Ал, іюцицспторлардыц ссзімталдығы, ксрісіншс арта түседі. Мұны сеисштізация (өсірсссзімталдык) дсгі атайды. Өйткені кабылдағыш тітірксндіргіштің табалдырыктан төмсн күшінс жауап бсрсді. Көптеген зсрттсушілер әсірессзімталдыкты тсрі гипералгезия (әсірсауырсыиу) себептсрінің біреуі рстінде қарайды. Сонымен бірге кейбір адамдарда ауырсыну түйсігі болмайды. Бүл қасиет тумыстан сезім жүйесінін кемістіктерінен болады. Ауырсыну қабылдағыштардың жеткілікті бейімделісі жок, сондықтан кептеген жағдайларда науқастың қасіреті үзақ азап шектіреді.   1.2.20 Ми қан тамырлары аурулары. Ми артериялары бассейндерініц зақымдану синдромдары Алдыңгы ми артериясы бассейнінде қан айналысының бұзылуы Алдыңғы ми артериясы мандай және төбе бөліктерінің іш жағынан алдыңғы және артқы орталық қатпарлардың үстіңгі (жоғарғы) бөліктерін, сүйелді денені, иіс сезу даңғылын және иіс сезу миын, құйрықты ядроның басы мен сыртқы бөлігін (сыртқы қауыз, бозғылт шар), ішкі капсуланың (оралған қабықтың) алдыңғы санын қанмен қамтамасыз етеді.

Дата добавления: 2018-04-15; просмотров: 474; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!