Ми абцессі, спинальді эпидуральды абсцесс 3 страница



Ми веналарының (көк тамырларының) ерекшелігі — онда анастомоздар көп те, клапандар (қақпақтар) болмайды. Алдыңгы ми артериясы бассейнінде қан айналысының бұзылуы Алдыңғы ми артериясында қан айналысының бұзылу симптомдары: 1) патологиялық ошаққа қарама-қарсы жақта әркелкі гемипарез бен гемигипестезия және аяқтар жағында парез басымырақ болып, қол парездері тез жойылып кетуі; 2) бет бұлшық еттері мен тілдің орталықтан парезге ұшырауы; 3) сүйелді дененің зақымдануынан сол жақтан апраксия болуы; 4) парацентральдік бөліктің жұмсарып кетуіне байланысты зәр тоқтамауы; 5) маңдай-көпір-мишық жолымен үйлесетін қимыл тепе-тендігі бұзылуынан патологиялық ошаққа қарама-қарсы жақта гемиатаксияның болуы; 6) психиканың өзгеруі — "мидың маңдай бөлігі психикасы" (бағытынан адасу, ұмытшақтық, шатаса беру, мылжыңдық, тұрпайы қалжыңға үйірлік); 7) құйрықты және лентикулярлық ядролардың қызметі бұзылуынан болатын бет пен қол гиперкинездері; 8) бозғылт шардың зақымдануынан бұлшық еттердің ширығып қатаюы; 9) иіс сезудің бұзылуы. Ортаңғы ми артериясы бассейнінде қан айналысының бұзылу: Ортаңгы ми артериясы бассейнінде қан айналысының бұзылу симптомдары: 1) патологиялық, ошаққа қарама-қарсы жақта гемиплегияның (тереңдегі тармақтардың бұзылуынан біркелкі және ми қыртысы тармақтары бітеліп, бет және қол бұлшық еттерінің басымырақ әлсіреуі) болуы; 2) патологиялық ошаққа контралатералды гемигипестезия немесе гемианестезия; 3) патологиялық ошаққа қарай бастың бұрылуы мен жүз аударылуы (адверсивтік алаңның зақымдануы); 4) маңдай бөлігіндегі Брок орталығының зақымдануынан моторлық афазияның пайда болуы; 5) самай бөлігіндегі Вернике орталығы зақымдануына байланысты сенсорлық афазия немесе сөйлеу қабілетінің мүлде бұзылуы; 6) төбе бөлігінің сол жақ төменгі полюсі зақымдануынан екі жақты апраксияның болуы; 7) төбе бөлігінің жоғарғы жақтары зақымдануынан астереогноз, анозогнозия, дене үлгісінің бұзылуы; 8) самай бөлігіндегі Грациоле шоғырының зақымдануынан контра-латералдық гемианопсия; 9) алдыңғы түкті артерия бітелуінен гемиплегия, гемианестезия, гемианопсия, таламустық ауырсыну, қол-аяғы ісінуімен қатар, өрескел вазомоторлық бұзылымдар түріндегі клиникалық синдромның пайда болуы. Артқы ми артериясы бассейнінде қан айналысының бұзылуы 1) ошаққа қарама-қарсы жақта шүйде бөлігінің ішкі беті, құстың артқы тырнағы тәрізді (топшы) сала (сипеш) және тіл тәрізді қатпар зақымдануынан жартылай немесе квадрантты орталық гомонимдық гемианопсияның болуы; 2) сол жақ шүйде бөлігінің сырты зақымдануына байланысты көру агнозиясы; 3) патологиялық ошаққа қарама-қарсы жақта көру төмпешігі (таламустық) синдромы (гемианестезия, гемиатаксия, гемианопсия; таламустық ауырсынулар, трофикалық бұзылымдар); 4) төбе, самай және сол жақ шүйде бөліктерінің көршілес аймақтарының зақымдануынан амнестикалық афазия, алексияның болуы; 5) хореатетоз; 6) орталық ми зақымдануына байланысты альтернативтік синдромдар (Вебер және Бенедикт синдромдары); 7) көру трактыларының артқы бөлімдері зақымдануына байланысты патологиялық ошаққа қарама-қарсы жақта толық, жартылай гомонимдік гемианопсияның болуы және көз торының көрмейтін бөлігінен көз қарашығы реакциясының білінбеуі.   Базиллярлық (негізгі) артерия бассейнінде қан айналысыньщ бұзылуы Базиллярлық артерия бітелуінің белгілері; 1) қол мен аяқтың салдануы; 2) бір немесе екі жақтан сезімділіктің бұзылуы; 3) бет, тіл, көз қозғалтқыш, көру бас сүйек ми нервтерінің қосарлана зақымдануынан көбінесе альтерниялық ми бағандық синдромдардьщ пайда болуы; 4) бұлшық ет тонусының (қуатының) өзгеруі. Омыртқа артериясы бассейнінде қан айналысы бұзылуының симптомдары: 1) патологиялық ошаққа қарама қарсы жақта гемиплегия мен гемигипестезиянын болуы; 2) патологиялық ошақ жағында беттегі үстірт сезімділіктің бұзылуы және бас сүйек-ми нервтерінің булбар тобының зақымдану белгілері; 3) Захарченко-Валленбергтің альтернациялық синдромының даму мүмкіндігі; 4) статика мен тепе-теңдіктің бұзылуы.   1.1.18. Экстрапирамидті жүйе, қозғалыс жүйесіндегі рөлі. Экстрапирамидті жүйенің нейрофизиологиялық және нейрохимиялық реттелу механизмі, негізгі нейротрансмиттер.   1.1.19. Мишық және вестибулярлы жүйенің анатомиясы мен физиологиясы. Зақымдану семиотикасы. Мишық қозғалыстардың автоматикалық координациясын реттейтін, бұлшықет тонусын, дене тепе-теңдігін, ауырлық орталығының тұрақтылығын, агонист және антагонист бұлшықеттер әрекеттерінің үйлесімділігін, қозғалыстардың дәлдігі мен үйлесімділігін қамтамасыз ететін, жүйке жүйесінің бөлімі болып табылады. Мишық үлкен мидың шүйделік үлестерінің астында, сопақша ми мен көпірдің үстінде, артқы бассүйектік шұңқыршада орналасқан. Мишық беті оның қыртысын құрайтын сұр зат қабатымен жабылған, ол мишықты бірқатар үлесшелерге бөлетін тар қатпарлар мен жүлгелермен қапталған. Мишықтың ақ заты әртекті жүйке талшықтарынан құралған. Олар мишықтың 3 жұп аяқшаларының түзілуіне қатысады: жоғарғы, ортаңғы, төменгі. Жоғарғы мишықтық аяқшалар ортаңғы мимен байланыстырады, ортаңғы аяқшалар көпірге өтеді, төменгісі сопақша мимен байланыстырады. Мишық жартышарларының алдыңғы бөлімдері қолдардың, артқы бөлімдері – аяқтар қимылдарына жауап береді. Құртша қыртысының алдыңғы бөліктері бас пен мойынның қимылдарына, артқы бөлімдері – тұлға қимылдарына жауап береді. Құртшасы – статикалық, жартышарлары – динамикалық. Жұлынның афференттік жолдары: Говерс жолы, Флексиг жолы, ядролық-мишықтық жолдар, олива-мишықтық жол, кіреберіс-мишықтық жол, торлы-мишықтық жол. Жұлынның эфференттік жолдары: Маңдай-көпір-мишықтық жол, шүйде-самай-мишықтық жол. Зақымдану белгілері. 2 топқа бөлуге болады: арнайы қозғалысты орындау бұзылысына негізделген белгілер және тепе-теңдік бұзылысына негізделген белгілер. Мишықтық атаксия: ститикалық атаксия, динамикалық атаксия. Оларға: жанама бағыттау, дисметрия, гиперметрия, гипометрия, асинергия, дисдиахокинез, қозғалыстың баяулығы жатады. Бұлшықеттік гиппотония, интенционды тремор, астазия, абазия, дизартрия, нистагм.       1.1.20. Ми бағанасының құрылысы, әртүрлі деңгейдегі зақымдану семиотикасы. Альтернациялық синдром. Ми бағанасы сопақша ми, көпір, оның артында орналасқан мишықтан және ортаңғы мидан (ми аяқшасы) тұрады. Ақ заты жұлыннан көтерілетін және бас миынан төмен түсетін өткізгіш жолдардан құралады. Ми бағанасының анатомиялық шекаралары төменгісі С1 сегментінен шығатын жұлын-ми түбіршігі болса, жоғарғысы – көру трактысы, көру хиазмасы мен латералды тізелі денеге дейін. Ми бағанасы мишықпен 3 жұп аяқшаларымен байланысқан – жоғарғы, ортаңғы, төменгі. Ми бағанасының зақымдалуы кезіндегі альтернациялық синдромдар. Альтернациялық синдром ми бағанасындағы бас ми нервтерінің бір жақты зақымдалуынан, зақымдалған ошақ жағында гемипарез (гемиплегия) көріністері мен қарама-қарсы жақтан сезімталдылықтың немесе қимыл координациясының өткізгіш типте бұзылуы. АС-ды орналасқан ошағына байланысты: педункулярлы (ми аяқшалары зақымданса), понтинді (көпірлік), бульбарлы (сопақша ми зақымданса) деп бөледі. Педункулярлы АС: Вебер синдромы, Бенедикта синдромы, Клод синдромы. Понтинды АС: Мийяр-Гублер синдромы, Бриссо-Сикар, Фовель, Раймон-Сестан, Гасперин синдромы. Бульбарлы АС: Джексон синдромы, Авеллис, Бабинский-Нажотта, Шмидт, Валленберг-Захарченка синдромы.     1.2.21. ІV жұп – шығыршық нерві, зақымдану симптомдары. Шығыршық нерві. Оның ядросы ортаңғы мидың қақпағында төрт төмпешіктің төменгі төмпешігі маңайында орналасқан. Нерв сильвий су жолын айналып өтіп, ортаңғы мидың қақпағы тұсынан мидың ішінен шығады. Мидың алдыңғы желкенінде екі жағынан айқасып ми аяқшаларының сыртымен үлкен мидың астына түседі де, алға қарай қуыстанған қойнауды қабырғалай өтіп, көз шарасының жоғарғыы саңылауы арқылы бассүйек қуысынан шығады да көз алмасының жоғарғы қиғаш етін нервтендіреді. Зақымдануы. Көз алмасының жоғарғы қисық бұлшық етінің күшін жояды. Бұл жағдай тек төмен қарағанда ғана білінеді. Сырқат аяғының астына қарағанда онда қосарлана көрінуі (диплегия) байқалады.     1.2.22. VІ жұп - әкетуші нерві, зақымдану симптомдары. Ядросы варолий көпірдің қақппағында ромбы тәрізді шұңқырдың түбіндегі бет нерві ілмегінің ішінде орналасқан. Варолий көпірі мен сопақша мидың пирамидасы аралығында ми бетіне келеді де қуыстанғанн қойнаудың алдымен көз шарасының жоғары саңылауы арқылы бассүйек қуысынан шығып, көз алмасының сыртқы түзу бұлшықетін нервтендіреді. Зақымдануы. Көз алмасының сыртқы тік бұлшықетінің күшін жояды. Қызметі бұзылмаған көз алмасының ішкі тік бұлшықеті оны көз аясының ішіне қарай әкетеді. Егер де зақымдану қуыстану қойнауының маңайында немесе жоғары көз саңылауы тұсында болса барлық көз қозғайтын нервтердің қызметі бұзылады да көз алмасы қозғалмай қалады (офталмоплегия), көздің қарашығы кеңиді (мидриаз), қарашық жарыққа, аккомадацияға және конвергенцияға әсер етпейді, көзі бақыраяды (экзофтальм).   1.2.23. Х жұп – кезбе нерві, зақымдану симптомдары. Nervus vagus, кезбе нерв-төртінші және одан кейінгі келесі желбезек доғаларынан дамыған кең таралағандықтан осылай деп аталады. Бұл бассүйек нервтерінің ішіндегі ең ұзыны. Кезбе нерв тармақтары арқылы тынысалу ағзаларын, асқорыту жолының едәуір бөлігін сигматәрізді ток ішекке дейін нервтендіреді, сондай-ақ ол жүрекке оның соғуын баяулататын тармақтар береді. N.vagus құрамында үш түрлі талшықтар бар: Аталған ішкі ағзалар мен тамырлардың рецепторларынан, сондай-ақ мидың қатты қабығының кейбір бөлігін және құлақ қалқанын қоса сыртқы есту жолынан сезімтал ядроға nucleus solitaries-ке келетін афферентті талшықтар Жұтқыншақ, жұмсақ таңдай мен көмейдің еріткі бұлшықеттеріне баратын эфферентті талшықтар және осы бұлшықеттер рецепторыларынан шығатын талшықтар. Бұл бұлшықеттер талшықтарды қозғалыс ядросынан nucleus ambiguus-тен алады. Вегетативті ядродан, nucleus dorsalis n.vagi-ден шығатын эфферентті талшықтар. Олар жүрек миокардына және тамырлардың бұлшықет қабықшасына келеді. Сонымен қатар кезбе нервтің жүрек тармақтарына n.depressor енеді, ол жүректің бастапқы бөлігі үшін сезімтал нерв және қан қысымын рефлекстік жолмен реттеуді басқарады. Кезбе нервтің парасимпатикалқ бөлігі өте үлкен, сондықтан ол негізінен вегетативті организмнің өмірлік қызметтері үшін маңызды нерв болып есептеледі. Кезбе нервтің негізгі үш ядросымен байланысты талшықтардың барлық түрлері сопақша мидан, оның sulcus lateralis posterior-ынан, тіл-жұтқыншақ нервінен төмендеу, 10-15 түбіршек түрінде шығып, жуан сабау түзеді. Ол тіл-жұтқыншақ және қосалқы нервтермен бірге foramen jugulare арқылы бассүйектен шығады. Перифериялық немесе ортаңғы нейроны зақымданса дисфагия және дисфония пайда болады. Дауыс байламдары зақымданса афония дамиды.    1.2.24. Мидың маңдай, төбе, самай, шүйде аймақтарының зақымдану синдромдары. Үлкен жарты шар зақымданғанда сезімталдық, қозғалыс, вегетативтік неврологиялық бұзылыстар пайда болады. Патологиялық ошақ мидың белгілі бір бөлігіне орналасуына қарай сол жерді зақымдап, клиникалық көрініс береді. Маңдай бөлігі. Қозғалыс анализаторының проекциялық зонасы осы маңдай бөлігінің постцентралды ирелеңінде орналасқан. Маңдай бөлігінде әртүрлі эфферентті қозғалыс жүйесі басталады. Қыртысасты мен ми бағанасының өткізгіш жолдары кортико-спиналды, кортико-нуклеарлы жол жатыр. Бұдан бөлек жоғарғы ми қызметі де жатыр: сөйлеу, мінез құлық. Маңдай бөлігі мен прецентральды ирелеңінің бұзылыс симптомдары. Орталық параличтер мен салданулар. Бұлар прецентральды ирелеңінде ошақ болғанда пайда болады. Сыртқы беткей аймағында орналасса, қолдардың парезі, мимикалық бұлшықет пен тілдің парезі байқалады да, ирелеңнің жоғарғы медиалды бөлігі болса аяқ басының парезі орын алады. Гипокинез. Оралды автоматизм (Маринеск-Радовичи) пайда болады. Зақымдану маңдай бөлігінің экстрапирамидті бөлігінде болса қарсыласу симптомы пайда болады. Маңдай бөлігі мен мишық байланыс жолында зақымданса маңдай атаксиясы көрініс береді. Үшінші маңдай ирелеңінің артқы бөлігі зақымданғанда моторлы афазия, екінші маңдай ирелеңінің артқы бөлігі болса оқшауланған аграфия пайда болады. Өзін ұстауы мен психикасы да өзгереді: апатико-абулия. Егер маңдай бөлімін тітіркендіретін болса ұстамалар дамиды. Олар әртүрлі және орналасуына қарай көрініс береді. Джексондық фокалды ұстама. Прецентралды ирелеңнің тітіркенуінен. Қарама – қарсы жақта бір жағында пайда болады: бет бұлшықетінде немесе қолда, немесе аяқта. Одан кейін ұстама жалпылама болып естен тануы мүмкін. Адверсивті ұстама. Кенеттен басталады, эпилепсиялық ошақ маңдай бөлігіндегі экстрапирамидада болғанда пайда болады. Маңдайлық автоматизм ұстамасы, кіші эпилепсиялық ұстамалары да жатады.     1.2.25. Ми қантамыр ауруларының классификациясы. Ми қантамыр ауруларының этиологиясы.             Ми қанайналым бұзылысының классификациясы А. Ми қанайналым жеткіліксіздігінің бастапқы белгілері (мидың және жұлынның) Б. Өтпелі ми қанайналым бұзылысы   Транзиторлы ишемиялық шабуыл   Гипертониялық церебральды криз. В.Жедел ми қанайналым бұзылысы:  Субарахноидалды жарақаттық емес қан құйылу; Геморрагиялық инсульт – жарақаттық емес қан құйылу Ишемиялық инсульт (инфаркт). Г. Созылмалы (прогрессирлеуші) ми қан айналым бұзылысы Созылмалы субдуралды гематома Жедел ми қанайналым бұзылысының зардаптары Дисциркуляторлы энцефалопатия.   Қан құйылудың 3 ағымы бар: жедел, жеделдеу, созылмалы.  Этиологиялары. Атеросклероз, гипертония ауруы немесе симптоматикалық артерия гипертониясы, вегетативтік-қантамырлық дистония, артерия гипотониясы, жүрек ақаулары және оның қызметінің бұзылымдары, жүрек аномалиялары, қалталанған немесе артерия-веноздық аневризмдер, аорта коарктациясы, өкпе-жүрек қызметінің нашарлауынан мидағы веналық қан айналысының ұзылуы, сифилиске, ревматизмге, т.б. байланысты инфекция-аллергиялық васкулиттер — ми веналарының тромбофлебиттері, ми қан тамырларының уыттық зақымдануы, қант диабеті, мидың және оның қабықтарының жарақаттан зақымдануы, артериялар мен веналардың ісікке немесе омыртқа өзгерістеріне байланысты қысылуы, қан аурулары және т.б.

Дата добавления: 2018-04-15; просмотров: 537; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!